Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»



бет5/11
Дата21.07.2016
өлшемі2.84 Mb.
#214084
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Дәріс тезистері: Жалпақ құрттар типі трематодтар класына жататын (Trematoda), дигенетикалық сорғыштар (Digenea). Ересек түрі адам мен омыртқалы жануарларда, ал дернәсілдерінің көпшілігі моллюскаларда кейде басқа да омыртқасыздарда паразитті тіршілік етеді. Олардың 7000-нан астам түрі кең таралған. Дене пішіні әдетте созылыңқы, жазылыңқы, жапырақ тәрізді, сирегірек цилиндрлі немесе алмұрттәрізді. Кәдімгі трематодтарға 2 сорғыш тән, ауыздық (денесінің алдыңғы бөлігінде) және құрсақтық (жиі дененің ортаңғы бөлігінің құрсақ жағында). Ауыз қуысы алдыңғы бөлігіндегі сорғыштың астыңғы жағында, ал кейбір түрлерінде құрсақ бөлігінде орналасқан. Терілері оларға жақын орналасқан бұлшықет қабаттарымен бірігіп, тері – бұлшықет қапшығын құрайды, оның астыңғы жағында ішкі ағзалар орналасады. Дене қуысы жоқ; асқорыту, шығару, жүйке және жыныс жүйелері бар. Қан айналу жүйесі мен тыныс алу мүшелері жоқ.


Жыныс жүйесі дененің көп бөлігін алады. Трематодтардың (Schistosomatida, Didymozaidata отрядтары) кейбір түрлерінен басқалары қосжынысты (гермафродит) болып келеді. Жалпы трематодтардың барлығы жұмыртқалайды, кейбіреулері тірілей туады, олардың дернәсілдері жұмыртқадан жатырда жатқанда шығады. Келесідегідей дернәсілдік кезеңдер тән: кірпікшелі дернәсіл - мирацидий, қаптәрізді қозғалмайтын спороциста, редии, церкарии — құйрықты қозғалмайтын дернәсіл. Трематодтардың жекелеген түрлерінде даму циклі күрделі (спороциста мен редиилер сіңлілік ұрпақ беруі мүмкін), ал кейбірінде қарапайымдау (кейбір сатылары болмайды). Айналымға резервуарлы ие кірісуі мүмкін. Трематодтардаң көпшілігі трематоздарды тудыруымен белгілі. Адамдар мен жануарлардың трематодтармен зарарлануы бойынша ескерту шаралары олардың тіршілік циклын білуге негізделеді.

Таспа құрттар (Cestoda) – паразитті жалпақ құрттар классы (Platyhelmithes). Осы таксон өкілдері асқорыту жүйесін толық жоғалтқан. Кейбір түрлері адамға қауіпті паразиттер; олар тудыратын аурулар цестодоздар деген атауға ие.


Цестодалардың дәстүрлі тіршілік циклы бірнеше қожайын алмастыратын бір дараның онтогенезі болып табылады. Дефинитивті сатыдағылары су және құрлық омыртқалыларының ішегінде паразитті тіршілік етеді. Аралық қожайында тіршілік етушілер сатысы дене қуысы мен ұлпаларда (омыртқалылар және омыртқасыздар), шоғырлануы мүмкін. могут локализоваться в тканях и полостях тела.

Тіршілік циклды 3-4 этаптан тұрады. Алғашқы деңгейде ересек құрттар негізгі қожайынның ішегінде тіршілік етеді, жұмыртқалау арқылы көбейеді. Екінші деңгейде жұмыртқалар сыртқы ортаға топырақ немесе суға шығады. Құрлықта жұмыртқаларда аралық иеге ену фазасын қалыптастыратын дернәсіл немесе ұрық пайда болады. Жұмыртқасы суда дамитын кейбір түрлерде жұмыртқадан еркін жүзетін кірпікшелі дернәсіл шығады, онда екінші дернәсілдік фаза қалыптасады. Үшінші деңгейде дернәсілдер аралық қожайын денесінде көпіршікті дернәсіл – финнаға айналады. Финна өзінің ары қарай дамуы үшін негізгі қожайын ішегіне түсуі керек, онда финнадағы бас ішек қабырғасына жабысады да ары қарай құрттың өсу процесі басталады.

Паразитизмге байланысты таспа құрттардың көпшілігінде асқорыту жүйесі жойылған, сезім мүшелері мен жүйке жүйесі нашар дамыған. Аталған класс дене пішінінің таспа тәрізді созылыңқы (бірнеше миллиметрден 10 метрге дейін) болуымен сипатталады, дененің алдыңғы бөлігінде «бас» - жабысу мүшелерімен сколекс (сорғыштар, кейде хитинді тұмсықпен толыққан) орналасады. Бастан ары қарай мойын орналасады, ол таспа құрттың өсу аймағы болып табылады. Мойыннан үнемі жаңа бөліктер өсіп отырады. Дененің соңғы жағында жұмыртқалы аймақ болады, ондағы жұмыртқалар үзіліп, адам нәжісімен сыртқа шығады.

Бұл құрттар гермафродитті болып келеді және әрбір өлігінде қайталанады.


Кең тараған өкілдер:


   Жалған аяқтылар отряды (Pseudophyllidea)

   Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum)

   Циклофиллид отряды (Cyclophyllidea):

   Бұқа цепені (Taeniarhynchus saginatus)

   Шошқа солитері (Taenia solium)

   Эхинококк (Echinococcus)

   Қой құрты (Multiceps multiceps)

4. Иллюстрациялы материалдар:

Цепеннің бас бөлігі

Цепеннің сыртқы түрі



Трематодтардың сыртқы көрінісі Трематодтардың дернәсілдік кезеңі
5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.



Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

  1. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы?

  2. Трематодтар класына сипаттама?

  3. Мирацидий, спороциста деген не?

  4. Церкарий және метацеркарий қандай қызмет атқарады?

  5. Бірқожайынды және екі қожайынды сорғыштарды атаңыздар?

3



1. Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және алдын алу.

2. Мақсаты: Знакомство с паразитами, относящимися к круглым червям.

Характеристика теоретических основ, патогенного действия, диагностики и гигиены паразитических представителей типы класса круглых червей.



3. Дәріс тезистері: Нематодоздар  (Nematodoses) — жұмыр құрттар Nematoda класы тудыратын гельминтоздар. Басқа гельминтоздар арасында нематодалар адам патологиясында айтарлықтай маңызы бар, олардың көпшілігі – геогельминтоздар; жұмыртқаларының немесе дернәсілдік дамуы топырақта өтетін түрлер. Филяриатоздар — трансмиссивті биогельминтоздар; олардың қоздырғыштарының жұғуы бунақденелі тасымалдаушылармен байланысты (маса, шіркей, слепнями)

    Аскаридоз бен трихоцефалез жылы және қоңыржай климатты елдерде тараған. Анкилостомидоздар мен стронгилоидоздар ылғалды субтропиктік және тропикалық белдеулерге тән, стронгилоидоз қоңыржай климаттық белдеуде де кездеседі. Трихинеллез — биогельминтоз, бұл да энтеробиоз сияқты адам қатысында болатын гельминтоз экватордан полярлық кеңістікті қамтитын шошқа етіндегі инвазивті дернәсілдік сатыдағы трихонеллалар арқылы жұғу жиі кездеседі.

    Бұрынғы КСРО елдерінде келесі нематодоздар байқалады: аскаридоз, энтеробиоз, трихоцефалез, токсокароз, жекелеген аймақтарда —анкилостомидоздар, трихинеллез, стронгилоидоз.

    Нематодоздардың ішінде адам кездейсоқ (факультативті) қожайын болып табылатын трихостронгилоидоздар да жатады. Трихостронгилоидоздар жүрек айну, аппетиттің болмауы, кейде іш өту, жалпы әлсіздікпен, дене салмағының азаюы сияқты көріністермен сипатталады.

        Ішектік нематодоздар (аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидоз) созылмалы түрінде ұқсас клиникалық көріністерге ие. Көптеген нематодоздарды емдеу аса қиындық тудырмайды. Ішектік нематодоздарды емдеуде отандық медамин және шетелдік мебендазол (вермокс)пр епараттары әмбебап болып табылады. Соңғысы стронгилоидозды емдеуде тиімді емес. Аскаридоз, энтеробиоз, анкилостомидоз, трихостронгилидоз кезінде левамизол (декарис) және пирантела памоат тағайындалады. Трихинеллезды емдеуде мебендазол, токсокароз — мебендазолом және тиабендазолом (минтезолом) қолданады.

   Әсіресе жас балаларда массивті инвазиялы ішектік нематодоздарды өз уақытында емдемеу қолайсыздыққа алып келеді. Нематодоз кезінде дамуы болжамды төмендетеді (мысалы, вухериоз кезінде - слоновость, анхоцеркоз кезінде — көздің зақымдалуы ).

   Геогельминтоздардың алдын алу үшін халықты гигиеналық бағытта тәрбиелеу және жабайы жануарлар мен шошқа етін пайдаланар алдынада өңдеу жұмыстары кезіндегі ережені қатаң сақтауы қажет. Трансмиссивті биогельминтоздарда қоздырғыштардың тасымалдаушыларымен күрес жүргізеді. Алдын алу іс шараларының ең маңыздысы ауруды айқындау және емдеу, тұрғылықты орынның қолайлылығы, коммунальдық шаруашылықтың жолға қойылғандығы – сумен қамтамасыз етілу, канализациялар, лас жерлерді тазалау, аулада жеке немесе біріккен шаруашылықта мал өсіру және егін егу мәдениетінің жоғарылауы.

 4. Иллюстрациялы материалдар:





Үшкір құрт Аскарида


Қылбас құрт

Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покровский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.



Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6. Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

1. Адам аскаридасының биологиясының, тіршілік циклының ерекшелігі неде?

2. Үшкір құрттың алдын алу ерекшеліктері неде?

3. Аутреинвазия және реинвазия дегеніміз не?

4. Трихинелланың патогендік әрекеті немен байланысты?

5. Влагославты диагностикалау немен байланысты?


4

1. Тақырыбы: Буынаяқтылар типі паразиттік өкілдерінің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, диагностикасы және өрмекшітәрізділер класы, кенелер отряды, бунақденелілер класы паразиттік өкілдерінің алдын алу.

2. Мақсаты: кенелер отрядының паразитті өкілдерінің биологиясы мен эпидемиологиялық рөлінің теориялық негіздерін оқып үйрену.

3. Дәріс тезистері:  Өрмекшітәрізділер – омыртқасыз буынаяқтылар арахнидалар класы. Өрмекшітәрізділер аңыздық фигура – Арахнаның құрметіне аталған. Олар әдетте құрғақ жерде тіршілік ететін артроподтар, өрмекшілер, сарышаяндар, пішендіктер және кенелер қосқанда шамамен 65 000 – 73 000 түрлері бар. Өрмекшітәрізділерді бунақденелілерден оңай ажыратуға болады, өрмекшітәрізділерде сегіз аяқ ал бунақденелілерде алты аяқ болады. Хелицерлер тамақ бөліктерін жұмсартуға қатысады. Ауыздан кейін алғашқы жұп аяқтары – педипальталар орналасқан (аяққа ұқсас ауыз мүшелері), ол кейбір түрлерінде тамақ табу мен репродуктивтік қызмет атқарады. Кенелердің дернәсілдерінде тек алты аяқ болады, төртінші жұп аяқтары олар нимфаға айналғанда түзіледі. Сонымен қоса өрмекшітәрізділерді басқалардан мұртшалары мен қанаттарының болмауы да ерекшелендіреді. Олардың денесі қоссегментті, баскөкірек және құрсақ: баскөкірек цефаллон (бас) және көкірек жасушаларының бірігуі нәтижесінде пайда болған. Кенелер ( Acarina) – 2-3 отряд немесе отряд үстінен тұратын өрмекшітәрізділер таксоны: Акаритәрізділер, Паразиттәрізділер және Опилоакаритәрізділер. Кенеледің көпшілігі кіші өлшемді (шамамен 0.080-1.00 мм), бірақ ол кенелер арасындағы гиганттары (кейбір иксодалық кенелер мен қызыл барқыт кенелер) 10-20 мм ұзындыққа жетуі мүмкін.
     Кенелерде біріншілік сегменттелудің өте әлсіз іздері қалған. Құрсағы мен денесі хелицера мен педипальтаны дененің басқа бөліктерінен ажырататын иілгіш кутикула арқылы байланысқан. Дененің алдыңғы бөлігі бас деп аталады. Дененің қалған бөлігі идиосома деп аталады және ол кенелерде бірқалыпты. Көптеген ересек кенелерде төрт жұп аятары болады, бірақ кейбіреулерінде кішірек болады. Мысалы, өт кенесі немесе Phyllocoptes variabilis (Eriophyioideaтұқымдас үсті) құрттәрізді екі жұп аяқты денеге ие; олардың кейбір паразиттік ересек дарабастарында тек бір немесе үш жұп аяқтары болады. Дернәсілдік кезеңдерде көп дегенде үш жұп аяқтары болады; үш жұп аяғы бар ересек кенелерді larviform (дернәсілдік пішінге ие) деп атауға болады.     Кенелердің онтогенезі жұмыртқадан, дернсілалды (жиі болмайтын) кезеңінен, дернәсілдік (тек екі жұп аяғы болатын Eriophyoidea бунақденелілерінен басқа) кезеңнен және нимфалық кезеңнен тұрады. Кенелер табиғи ортаның әрбірінде құрлықта да суда да тіршілік етеді. Олар басқа артроподтарға қарағанда көптігімен еркшеленеді. Көпшілігі омыртқалы және омыртқасыз жануарларда паразитті тіршілік етеді. Көптеген паразиттік түрлері – сыртқы паразиттер, сонымен қатар еркін тіршілік етушілері жыртқыш болып келеді. Басқалары - detritivores, орман жабындыларын бүлдіреді және өлі органикалық заттарды жейді, мысалы тері жасушасы. Кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді және өскіндерге зиян келтіруі мүмкін. Кейбір паразиттік түрлер адамдарға және де сүтқоректілерге еніп, олардың аппетитін бұзып, бөртпе сүзегі және риккетсиозды сифиллис ауруын тудыратын тасымалдаушылар болады. Кенелердің адам үшін қауіптілігі белгілі жайт, олар респираторлық ауруларының және астма ауруының қоздырғыштары болып табылады. Сонымен қоса үй жануарларында тіршілік ететін кенелер де қауіпті болып табылады. Олардың кейбіреулері адамға да енеді. Бұл барлық Европа, Қырым және Кавказда тіршілік ететін ит кенесі және Оңтүстік тайга мен Евразия бойынша тіршілік ететін тайга кенесі. Ол көптеген омыртқалылар мен адамға қанға тою шін енеді. Кенелер өсімдіктер арасынан да өз құрбандарын тапқан. Ит кенесі қан сору барысында адамды кенелік бөртпе сүзегі және басқа да қауіпті аурулармен, кене энцефалитімен зарарландырады, бұл жүйке жүйесінің ауыр ауруы. Тайга кенесі кене энцефалиті қоздырығышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Табиғатта бұл аурудың қоздырғышы түрлі жабайы тұяқты жануарлардың денесінде тіршілік етеді әрі олар үшін қауіпті болмайды. Ол бір жануардан келесі жануарға олардың қанын соратын кенелер арқылы жұғады. Сонымен, табиғатта энцефалиттің адам қатысынсыз да ошақтары бар екендігі белгілі. Ол адамдар үшін де қауіпті. Ауру қоздырғышымен залалданған кене адамға шабуылдағанда ол ауырады.

4. Иллюстрациялы материалдар:


Иксода кенесі Ауыл кенесі



Қотыр қышымасы


5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

3. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

4. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

5. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

6. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-

ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

7. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.

Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.

6.Қорытынды сұрақтары: (кері байланысы)

1. Өздеріңізге белгілі кенелерді атаңыздар. Оларды қандай белгілер бір топқа топтастырады.  
2. Кенелердің табиғаттағы рөлі?


3. Қандай кенелер адам денсаулығына зиян келтіреді? 
3. Олармен күрес шаралары қандай? 
4. Тасымалдаушылары кенелер болып табылатын ауруларды атаңыздар?

5

1. Тақырыбы: Тропикалық паразитология негіздері.

2. Мақсаты: Түсініктеме беру: 1) тропикалық паразитология пәні, мақсаты мен мәні; 2) тропикалық негізгі паразитті ағзалар биологиясына.

3. Дәріс тезистері: Жер шарында тропикалық климат паразиттер тіршілігіне аса қолайлы аймақ. Қоршаған ортаның басқа ылғалды көптеген аудандарымен қоса маусымдық температурасының төмендемеуі паразиттік түрлердің жоғары өміршеңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан да тропикалық белдеудің паразитофаунасы аса көп әрі сан алуан. Паразиттік қарапайымдылардың, гельминттер мен буынаяқтылардың көптеген түрлері тек осы аймаққа ғана тән және одан басқа жерлерде кездеспейді.
Бұл бөлімде медицина үшін маңызды тропикалық белдеуге тән паразиттер қарастырылатын болады. Тропикалық аймаққа тән адам паразиттері кірпікшелілер класы, трипаносома тұқымдастығы,
Trypanosoma және Leishmania туыстығына жататын қарапайымдылар болып табылады. Патогенді түрлері Африкада, Оңтүстік және Орталық Америкада таралған. Трипаносомалар тудыратын ауру трипаносомоздар деп аталады. Адам үшін африка континентінде ауыр ауру ұйқы ауруы деген атаумен белгілі, американдық аталуы Trypanosoma Cruzi; Tr. brucei gambiense және Tr. brucei rhodesiense патогенді.  Шоғырлануы: қан, лимфа,лимфа түйіндері, жұлын сұйықтығы, бас ми және жұлын ұлпалары, серозды қуыстар. Географиялық таралуы: Батыс африканың бірқатар аудандары.

Адам және басқа сүтқоректілерде паразитті тіршілік етеді (қой, ешкі, шошқа, кейде ит). Тасымалдаушы це-це шыбыны болып табылады (Glossina palpalis). Трипаносоманың шыбын ағзасында дамуының толық циклі 20 күн уақыт аралығын қамтиды. Шистосомалар (лат. Schistosoma) — күрделі тіршілік цикліне ие облигатты паразит болып табылатын трематодтар. Шистосомдардың партеногенетикалық ұрпақтары кейбір пресноводных брюхоногих моллюскаларда дамиды. Соңғы қожайын сүтқоректілер болып табылады, оларды еркін жүзетін дернәсілдер тері арқылы еніп жарақаттайды. Жыныстық жетілген кезеңдегі шистосомдарда жыныстық айырмашылық пен айқын жыныстық диморфизммен сипатталады: өте кішкентай аналық аталықтың құрсақ бөлігіндегі қатпарға бекінеді. Адам үшін қауіпті шистосомоз тудыратын кейбір паразиттік түрлері ағзаның түрлі ауыр зақымдарын, әсіресе қуық сонымен қатар тоқ ішектің жұмысының бұзылуына алып келеді.

4. Иллюстрацтиялы материалдар:



Трипаносома

Лейшмания



Шистосома
5. Әдебиет:

Негізгі

1. Биология.Под ред. В.Н.Ярыгина. Кн.1,2.М., Высшая школа, 2004,

320с.

2. Биология. А.П.Пехов. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-



Медиа,2012.-656с.

2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина,-1985,-

416с.,ил.

5. Инфекционные болезни и эпидемиология:Учебник /В.И.Покров-

ский и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа,2004 – 816с.:ил.

6. Тропические болезни:Учебник/ Под ред.Е.П.Шуваловой. –

М.:Медицина,1996. – 544с.ил.

Қосымша

1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных, «Высшая школа», М.,1981

г., 315с.

2. Догель В.А. Курс общей паразитологии. «Учпедгиз» , М.,1941 г.

3. Атлас по зоопаразитологии. : Чебышев Н.В., Далин М.В., Гусев

В.К. и др. –М.: Интерхим, 1997. 161с.

4. Инфекционные и паразитарные болезни (в 3-х томах). Возианова

Ж.И., М.:Изд.«Здоровье»,2002,2500с.

5. Иксодовые клещи - паразиты и переносчики инфекций. Балашов



Ю.С.,Изд. «Наука», 1998,330с.

6. Членистоногие, опасные для жизни и здоровья человека. Изд.
КазНУ, 2004, 197с.

7. Экологическая паразитология. Кеннеди К.,Изд. «Мир», 1978,

233с.

8. Учебник паразитологии с энтомологией. Осиповский А.И.


Изд. «Мед. Литература», 1959, 222с.

9. Руководство по паразитологии человека. Павловский Е.Н.


Изд. «АН СССР», 1949, 1022с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет