Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медициналық паразитология» Мамандық: «Дәрігерлік емдеу ісі»


Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



бет3/11
Дата21.07.2016
өлшемі2.84 Mb.
#214084
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)




Кредит №1

1 семестр

1

Паразитологияның негізгі түсініктері.

Семинар

2

2

Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

3

Қарапайымдылар типі. Талшықтылар және инфузориялар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

4

Қарапайымдылар типі. Споралылар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

5

Жалпақ құрттар типі. Адамда паразиттік тіршілік ететін сорғыштар.

Тәжірибелік сабақ

2




Барлығы:




10




Кредит №2

1 семестр




1

Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы.

Тәжірибелік сабақ

2

2

Адамда паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар.

Тәжірибелік сабақ

2

3

Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы. Кенелер отряды.

Тәжірибелік сабақ

2

4

Буынаяқтылар типі. Бунақденелілер класы.

Тәжірибелік сабақ

2

5

Тропикалық аумақтардың паразитофаунасы.

Тәжірибелік сабақ

2




Барлығы:




10




Барлығы:




20


Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар



Тақырыбы

Тапсыру түрі

Бақылау кестесі (мерзімі көсетіледі)

Сағат саны




Кредит №1

2 семестр

1

2


Медициналық протозоология. Паразиттік қарапайымдылардың патогенді әсері, залалдану жолдары, даму циклдары, морфологиясы және экологиялық ерекшеліктері. Диагностикалау әдістері. Протозойлық аурулардың емдеу принциптері мен жеке және көпшілік профилактикасы.

Тамыраяқтылар (Sarcodina) класы паразиттік өкілдерінің эпидемиеологиялық маңызы.



Презентация

Реферат


Глоссарий

Тест


Буклет

Ситуациялық сұрақтар

Баяндама


1 апта

4

3
4

Кокцидий (Coccidiida) отряды өкілдерінің биологиясы, патогенді әсері. Токсоплазмоздың диагностикасы және профилактикасы.

Трипаносома (Trypanosomatidae) тұқымдасы паразиттік өкілдерінің патогенді әсері, биологиясы және эпидемиелогиялық маңызы. Лейшманиоз және трипаномосоздың диагностикасы мен профилактикасы.



2 апта

4

5

6


Көпталшықтылардың (Polimastigida) биологиясы, патогенді әсері.

Гемоспоридий (Haemosporidia) отряды паразиттік өкілдерінің биологиясы, патогенді әсері. Безгек ауруының диагностикасы және профилактикасы.



3 апта

4

7
8

Инфузория (Infusoria) класы паразиттік өкілдерінің биологиясы және патогенді әсері. Балантидиаздың диагностикасы және профилактикасы.

Паразиттік аурулар туралы жалпы түсінік (инфекциялық, инвазиялық, зоонозалық, антропонозалық, транмиссивті, табиғи-ошақтық). Адамның паразиттік ауруларының алдын алудың биологиялық негізі.



4 апта

4

9

10


Сорғыштар (Trematodes) класы паразиттік өкілдерінің зақымдау, даму циклы, морфологиясы, экологияялық ерекшеліктері. Адам гельминттерінің географиялық таралуы.

Бауыр сорғышы мен фасциолипсистің патогенді әрекеті мен биологиясы. Фасциолез ауруының диагностикасы мен профилактикасы.






5 апта

4

11

12


Қытай, мысық, ланцет тәрізді сорғыштардың патогенді әрекеті мен биологиясы. Описторхоз, дикроцелиоз және клонорхоз диагностикасы мен профилактикасы.

Өкпе сорғышы шистостомның патогенеді әрекеті, биологиясы. Парагонимоз және шистоматоздың диагностикасы мен профилактикасы



6 апта

4

13

14


Таспа құрттар класы паразиттік өкілдерінің географиялық таралуы, эпидемиологиялық жіктелуі, зақымдауы, даму циклы, морфологиясы, экологиялық ерекшеліктері.

Адам гельминттерін диагностикалау әдістері (макроскопиялық, овоскопиялық, иммунологиялық, ПТР-әдісі). Адам гельминтоздарының жалпы профилактикасы мен емдеу жолдары.



7 апта

4

15

«Теориялық паразитология негіздері» және «Медициналық протозоо-логия» тараулары бойынша аралық бақылау.

Тест

Кеспе сұрақтар



8 апта

2




Барлығы







30 с.




Кредит №2

2 семестр

1
2

Сиыр және шошқа цепенінің патогенді әрекеті мен биологиясы. Цистицеркоз, тениоринхоз және тениоз ауруларының диагностикасы мен профилактикасы.

Жалпақ лентец пен ергежейлі цепеннің патогенді әрекеті мен биологиясы. Гименолепидоз және дифиллиботриоздыңпрофилактикасы мен диагностикасы.



Презентация

Реферат


Глоссарий

Тест


Буклет

Ситуациялық сұрақтар

Баяндама


8 апта

4

3

4


Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы. Эхинококкоздың профилактикасы мен диагностикасы. Бұл аурудың Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы.

Альвеококтың патогенді әрекеті мен биологиясы. Альвеококкоздың профилактикасы мен диагностикасы.



9 апта

4

5

6


Жұмыр құрттар класы паразиттік өкілдерінің географиялық таралуы, эпидемиологиялық жіктелуі, зақымдауы, даму циклы, морфологиясы, экологиялық ерекшеліктері.

Адам аскаридасы мен үшкір құрттың патогенді әрекеті мен биологиясы. Аскаридоз және энтериобиоздың профилактикасы мен диагностикасы.




10 апта

4

7

8


Қылбас құрт пен риштаның патогенді әрекеті мен биологиясы.

Трихоцефалез және дракункулездің профилактикасы мен диагностикасы.

Анкилостома және угрицаның патогенді әрекеті және биологиясы. Анкилостомидоз және стронгилоидоз профилактикасы мен диагностикасы.


11 апта

4

9
10

Трихинелла мен филярийдің паогенді әрекеті мен биологиясы. Трихинеллез және филяритоздың профилактикасы мен диагностикасы.

Дернәсілдері адам ағзасында миграцияланатын паразиттердің патогенді әсері мен биологиясы (larva migrans):спарганоз, цистицеркоз, ценуроз, токсокароз, анизакидоз, ангиостронгилез. Экологиясы, морфологиясы, зақымдауы, даму циклының ерекшеліктері.



12 апта

4

11

12


Адам терісінің эктопаразиттері, әрі адамның трансмиссивті ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы ретіндегі кенелердің эпидемиологиялық маңызы. Биологиясы, патогенді әсері, профилактикасы.

Бунақденелілер класы өкілдерінің медициналық маңызы мен биологиясы: таракандар, биттер, бүргелер, қандалалар.



13 апта

4

13
14

Қос қанатты бунақденелілер өкілдерінің биологиясы мен медициналық маңызы: масалар, шыбындар, бәкене шыбын, шіркей, ақбас құмыты, сона, оқолақ.

Паразиттік бунақденелілер-мен күресудің әдістері мен жеке әрі қоғамдық профилактикасы.



14 апта

4

8

«Медициналық гельминтология» және «Медициналық арахноэнто-мология» тараулары бойынша аралық бақылау.

Тест

Кеспе сұрақтар



15 апта

2




Барлығы:







30




Барлығы:







60

9) Әдебиет:

Негізгі:

1. Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. Кн.1,2. М., Высшая школа, 2004, 320 с.

2. Биология. Пехов А.П. Учебник для ВУЗов. – М.:ГЭОТАР-

Медиа, 2012. -656 с.

2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для

студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.ред. Куандыкова Е.У.,

Алматы, 2004

4. Паразитарные болезни. Найт Р. Пер.с англ.-М.:Медицина, -1985, - 416 с.

5. Инфекционные болезни и эпидемиология: Учебник / Покров-

ский В.И. и др.-2-е изд. – М.:ГЭОТАР-Медиа, 2004 – 816 с.

Қосымша:

1. Иванов В.П., Гребенник Л.А. и др. Биология, Курск, 2003, 374 с.



2. Вопросы и задачи по общей биологии и общей медицинской генетике. Под ред. Иткеса В.А.М.: Гоэтар-Мед., 2004, 444 с.

10) Оқытудың және сабақ берудің әдістері:

  • Дәріс: шолу және презентация

  • Тәжірибелік сабақ: жағдайлық есептер шығару, мультимедиялық жүйемен жұмыс, компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, ситуацялық модельдеу

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы: жағдайлық есептер шығару, кеңес беру, дискуссия, рефераттардың презентациясы, топтық және индивидуальдық тапсырмалардың қорытындыларын талқылау

  • Студенттің өзіндік жұмысы: әдебиетпен жұмыс, электронды және компьютерлік оқыту бағдарламалары, жағдайлық есептер шығару; глоссарий дайындау, ауырудың профилактикасы және алгоритмдік диагностикалау, тест сұрақтарына жауап, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау.

11) Білімдерін бағалау белгілері мен ережелері: тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шығару, генетикалық есептерді шығару, кеспе сұрақтарын толтыру, жағдайды модельдеу.
Балдық-рейтингті әріптік жүйемен бағалау

Әріптік жүйемен бағалау

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы %

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері:

Ағымдық бақылау тәжірибелік сабақ және оқытушылардың басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) үлгерімі бойынша сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Аралық бақылау 8-15 аптада сабақ кестесі бойынша өткізіліп үлгерімі анықталынады.
Бағалау критерилері:



Бақылау формасы

Баға

Бағалау критериялары

1

Ауызша сұрау, тесттер, карточкалар

Өте жақсы

А (4,0;95-100%)

А-(3,67;90-94%)


Егер студент тақырыпты үздік біліп, басқа да тақырыптар мен, тараулармен, ұтымды байланыстырып, ешбір қателіксіз жауап берсе қойылады







Өте жақсы

А; (3,77:90-94%)



Егер студент тақырыпты үздік біліп, басқа да тақырыптар мен тараулар мен ұтымды байланыстыра білсе, бірақ азды көпті қателікке бой алдырса қойылады







Жақсы

В; (3,33:85-89%)



Егер студент тақырыпты жақсы игеріп, айтарлықтай қате жібермей, ал қателіктерін дер кезінде түзетіп, тапсырмаларды дұрыс орындаса қойылады







Жақсы

В; (3,0:80-84% )



Егер студент тақырыпты жақсы игеріп, болар болмас қателіктерге бой алдырса, бірақ оқытушы көмегімен түзете алса, тапсырмаларды қиындықпен орындаса қойылады







Қанағаттанарлық

С+; (2,33:70-74%)



Егер студент тақырыпты толық игере алмай, айтарлықтай қателіктерге бой алдырса, бірақ оқытушы көмегімен оларды түзете алса қойылады. Тапсырмалардың тең жартысын ғана дұрыс орындайды.







Қанағаттанарлық

С; (2,0:65-69%)



Егер студент тақырыпты толық игермей, айтарлықтай қателіктерге бой алдырып, оларды түзете алмаса, тапсырмалардың 1/3 бөлігін ғана дұрыс орындаса қойылады







Қанағаттанарлық

С-; (1,67:60-64%)



Егер студент тақырыпты шала игеріп, өз бетінше дұрыс жауап бере алмай қиналып, тек оқытушының көмегімен ғана жауап берсе; тапсырмалардың тек 1/3 бөлігін орындаса қойылады







Қанағаттанарлық

сыз


Ғ; (0-1,0;0-50%)

Егер студент сабаққа келмесе, не сабаққа мүлдем дайын болмаса, тақырыпты дұрыс игере алмаса, тапсырмаларды орындамаса қойылады

Әрбір сабақта білімін бағалау үшін мынадай түрлері қолданылады: тесттер, жағдайлық есептер, кеспе сұрақтары және ауызша сұрау.

Оқу журналына орташа бағасы қойылады.
СӨЖ формалары және олардың орындалу сапасына қойылатын талаптар

Тақырыпты таныстыру (презентация)- жаңадан, енді ғана пайда болған, қалыптасқан, ғылым жетістіктерді, мыс. кітаптарда, оқулықтарда, журналдарда т.б., қоғамдық таныстыру болып табылады. Сол сияқты, техникалық ІТ-құралдарды қолданып, белгілі –бір тақырыпты таныстыру.

Таныстыру (презентация) – компьютерлік анимацияларды, график, видео, ән және дыбыс қатарларын бір жүйеге топтастыратын ерекше оқыту технологиясының бірі болып саналады.

Таныстырудың ерекшеліктерінің бірі-оның интерактивтілігі, яғни компьютерлік құралдардың көмегімен бейнекөріністер мен түрліше араласу мүмкіншіліктерін туғызуы болып табылады.

Таныстыру - әдетте, бірегей стильге сәйкестірілген мәтіннен және оған арналған суреттер, графиктер, кестелер сияқты көріністерден (иллюстрация) тұрады.



Глоссарий –басқа бір тілге аударылған, кеңірек түсініктеме берілген, белгілі бір білім саласының арнайы терминдер сөздігі болып табылады.

Глосс – грек не латын тілдерінен келіп шыққан, белгісіз не ерекше сөздерді түсіндіруді көздейтін термин болып саналады, ал глоссарий – глосс тізбесі.

Глоссарийде -1) терминнің биологиялық мағынасы; 2)терминді пайдалану аясы туралы түсіндірме; 3)терминдерді алфавит бойынша орналастырып жазу; 4) терминнің этимологиясы – шығу тегі туралы деректер, болуы қажет.

Буклет белгілі бір формада болмайтын, бірақ жалпы сипаттамалы болып келетін, мысалы - көпжолақты (4-рет бүктелетін және тиесілі ақпаратқа ие лифлет) жазба өнімі болып табылады. Буклеттер – 1) А4 не А3 форматтардағы парақтарда жасалынады; 2) суреттер-түрлі-түсті не түссіз болуы мүмкін; 3) фотошоп арқылы салынған; 4) суреттер сауатты және толық бейнеленіп жазылулары қажет.

Реферат – белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердегі ақпараттарды қорытындылап, жазба не ауызша күйінде баяндау болып табылады. Рефераттарда – ғылыми жұмыстардың мазмұны баяндалуы мүмкін.

Доклад – тақырыптың өзекті мәселелерін 3-5 минут аралығында қысқаша баяндау.
Рефераттың өздеріне тән композициясы болады және олар төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1) Кіріспе. Кіріспеде тақырыпты таңдау қажеттілігі, автор туралы деректер, тақырыптың өзектілігі, маңызы көрсетіледі.

2) Рефераттың негізгі бөлігі. Рефераттың мәтіні көрсетіледі.

3) Қорытынды.

4)Алфавит бойынша орналастырылған, қолданылған әдебиеттер тізбесі.

Студент рефератты өз тілімен, түсінікті етіп компьютерде теріп жазуы қажет. Оның көлемі 10 беттен кем емес, ал қолданылған әдебиеттер тізбесі 10-нан аз болмауы тиіс. Студент рефератты өз тілімен, түсінікті етіп компьютерде теріп жазуы қажет. Реферат әдетте «маңызды мағынаға ие», «аса назар аударылады», «келесідегідей қорытынды жасауға болады», «көтеріліп отырған мәселе», «қаралып отырған мәселе» және сол типтегі тіл мақамдарын қолдана отырып стандартты түрде жазылады.



Студент төменде келтірілген СӨЖ формаларының жиынтығының бір нұсқасын пайдаланып, СӨЖ тапсырмаларын орындауы қажет.

1) реферат + глоссарий.

2) доклад + глоссарий.

3) презентация+ глоссарий.

4) буклет + глоссарий.

СӨЖ тапсырмаларын бағалау – оның әрбір формаларының бағасының қосындысының орташа бағасы болып табылады. Мысалы: нұсқалар 1: орташа балл 3,15, реферат (3,3) + глоссарий (3,0). Жалпы баға 3,3+3,0= 3,15.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет