Тақырып 3.4
Бөлмелерді жинуға қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар.
Палаталық , функциональды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта, таңу бөлмесінде, босанатын залда, егу кабинетінде, манипуляциялық және залалсыздандыру бөлмелерінде қарқынды терапиялық палаталарда, асептикалық тәртібі бар бөлмелерде, жаңа және шала туған балалар , 1 жасқа дейінгі балалар палаталарында, жұқпалы аурулар бокстарында тазарту түрлерін жүргізу, олардын реттілігі. Ультрафиолетті сәулелендіргішті қолдану. Бастапқы тазартуды жүргізу ерекшеліктері. Науқастарға, босанатын әйелдерге ішкі киімін ауыстыру реттілігі. Лас киімдерді жинау және уақытша сақтау, таза киімдерді сақтау, тасымалдау.
Тақырып 3.5
Медициналық мекемелеріндегі санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар. Залалсыздандыру.
«Антисептика», «асептика», «залалсыздандыру» анықтамасы. Залалсыздандыру әдістері. Орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылысы. Медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыруды жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар. Жуушы ерітіндінің құрамы және температурасы, ұстау уақыты, қолдану реттілігі.Залалсыздандыру алдындағы тазарту сапасына бақылау жүргізу. Залалсыздандыру үшін медициналық тағайындау бұйымдарды орау. Залалсыздандыру қораптарының (бикстердің) түрлері және оларды залалсыздандыруға дайындау. Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістері ( универсалды, түрлік).
Бөлім 4
Науқасқа және қызметкерлерге арналған қауіпсіз ауруханалық орта.
Тақырып 4.1
Жұмыс орнындағы медбикенің қауіпсіздігі. (кәсіптік қауіпсіздік).
Медбикелердің денсаулығына зиянды әсер ететін факторларды:
ауыр заттарды сонын ішінде науқастарды тасмалдаумен байланысты физикалық жүктеме;
улы заттар, сонын ішінде зарарсыздандыру заттары, кейбір фармакологиялық заттар, жуушы заттар және қолғаптар (кәсіптік дерматит)
жұқпа жұқтырған науқастармен олардың бөліністерімен, жарақат бөлінісі мен таңғыштармен, төсек орынмен жанасқанда;
радиация -әртүрлі сәулелер көздерімен жанасқанда; - рентгенаппараттары, сканерлер, электронды микроскоптар, радиоактивті изотоптармен және науқастардың радиоактивті бөліністерімен (құсық, зәр, нәжіс);
стресс және жүйкенің тозуы. Эмоционалды күю «Burnout» синдромы түсінігі.
Достарыңызбен бөлісу: |