Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»



бет69/80
Дата24.01.2024
өлшемі303.85 Kb.
#489599
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80
med is neg 2k kz (1)

Диета 4.
Белгілеудің қолданылатын кезі; гастроэнтероколиттер(қарын мен аш ішек, тоқ ішектердің қабынуы), жедел энтероколиттер мен созылмалы энтероколит асқынуы. Ішекке операция жасалғаннан кейін жедел дизентерия. Емдеудің мақсаты: ішекті механикалық және химиялық сақтау : перистальтика мен ішектің кебу процесін кұшейтетін тағамдар бермеу.
Жалпы силаттамасы: көмір сутегі мен майдың есебінен калориясы шектелген, белогы физиологиялық норманың төменгі шегіндегі диета.Сүт пен өсімдік клеткалы азықтар берілмейді. Бұл диета 5-7 күннен көбірек мерзімге белгіленеді.
Калориясы мен құрамы; 80 г белок, 70г май, 50 г көмірсутегі , 2000 калорий , ІООмг С витамині, тағамда В жөне басқа топтардың жетіспейтін витамині, препараттармен толықтырылады.
Тамақтану режимі; 5-6 рет тамақтанады, 1,5л сүйық-ыстық шай, қара кофе, сорпа , шиповниктің қайнатпасы ретінде беріледі.
Диета 5
Белгілеудің қолданылатын кезі бауыр мен өт шығаратын жолдардың созылмалы аурулары( холецистит, гепатит, бауыр циррозы) асқынбаған және асқазан мен ішектің аурулары болмаған кезде.Боткин ауруынан сауығып келе жатқаңда
Белгілеудің мақсаты; бауырдың бұзылған қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. а) оған гликогеннің жиналуына; б)тамақ майын (әсіресе, қиын балқитын ) шектеу жолымен май алмасуын нормаға келтіруген липотрондық ұйқы безіне әсер ететін заттарды енгізуге ; в) ішектің қызметін реттей отырып , бауырдың улануын азайтуға : г) өттің бөлінуін жылдамдату; д) бауырды тітіркеңдіріп , ауруды асқындыратын тағамдык заттарға әсерін тигізеді. Жалпы сипаттамасы белок физиологиялық нормада , көмірсутегі мол, май шектелген диета бойынша.
Холестерині мол тағамдар берілмейді. Липотроңдық факторлар мен витаминдердің мөлшері көбейтілген. Ас түзы 10-12г дейін Калориясы мен құрамы; 80-І00г белок, 60-70г май, 450-500г көмірсутегі, 2800-ЗОООг калорий. Май алмасуы бұзылған сырқатқа сутегі жеткізеді. Тамақтану режимі; әрбір 2-2,5 сағатта тамақтандырады. жөне жылы күйінде көп сусын ішеді( күніне 2л дейін)
Диета 6.
Белгілеудің қолданылатын кезі; қүяң мен несеп қышкылдары диатезі. Эритемия және ет пен балық тағамдарын жеуге болмайтын басқа да жағдайларда Белгілеудің мақсаты; пуриндік алмасуды нормаға келтіруге және несеп қышқылының эндогендік жасауларын азайтуға көмектесу.
Жалпы сипаттамасы; пуриндік косылыстары көп азыктар пайдаланбайды. Сілті радикалдары бар азықтар енгізіледі, ас түзы бойынша шектеледі. Калориясы мен қүрамы ; 80-100г белок , 80г май, 400г көмірсутегі, 2700 калорий. Шамадан тыс толық сырқаттарға көмірсутегі шектеледі.
Тамақтану режимі; күніне 5 рет тамақтанады. Сүйықтықты (күніне 2-2,5 л) шай, жеміс-жидек, морс, сілтілі су ретінде көп ішеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет