Ситуациялық есептер
1. Науқасты тексеру кезінде субъективті тексеруді объективті тексеруден
қалай ажыратасыз ? Айырмашылығын атаңыз.
2. Науқасқа медбикелік диагноз қою кезінде қандай мәселерді анықтау керек ?
3. Күтуді жоспарлауда медбикелік процесске қол жеткізу үшін қандай мәселелерді анықтау керек ?
4. Науқастың күтімінде мақсатқа жету үшін, науқастың мәселелерін шешу үшін көмекке кімді шақырасыз.
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
8 – cабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Оксигенотерапия.
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, оксигенотерапиямен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, оксигенотерапия жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |