Кеуде тұсында ауырсыну плевра қабынуы кезінде дамиды, өкпеде қабыну дамығанда және плевриттерде дамиды. Плевральды ауырсынуға дем алған кезде ауырсыну тән. Ауырсынуды басу үшін науқас беткейлі тыныс алуға мәжбүр болады және жөтелуге қорқады. Ол өзіне ыңғайлы жағдайда, ауырсынатын жағында жатады, бұл кезде плевра үйкелісі төмендеп ауырсыну басылады.
Қан түкіру - қақырықта жіпше тәрізді немесе ал қызыл қан пайда болуы өкпеден қан кетуді көрсетеді.
Өкпеден қан кету кезінде жөтелгенде қан шығады, ол ал қызыл түсті, көпіршікті, сілтілі реакциялы болады. Өкпеден кеткен қаннан асқазан қаны ерекше болады: қан тағаммен араласқан, қошқыл түсті, қышқыл реакциялы, кейде ұйып қалған болады. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан қан кетуден ажырату үшін ауыз қуысын, тамағын мұқият қарау керек. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан, бадамша безінен кеткенг қанды сұйықтық қоңыр түсті болады.
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)- емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организмде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40-50 % оттегі бар газ коспасын жұту кан тамырындағы канды бюіршама тез толтьырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сыркаттың көңіл- күйі көтеріліп, көгеруін азайтады, тыныс алуы неғұрлым сирек әрі терендей түседі, ентікпесі кетіп, жақсарады. Атмосфералык ауамен белгілі бюір катынаста оттегі ылғалдануы титіс. Оттегімен емдеу үзақ та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін кеп беруден қашык болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70 % жоғары) оттегі жүрек- қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
Оттегін мұрын катетрлері аркылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей балоннан немесе орталык оттегі станциясынан беруге болады.
Оксигендік терапия көрсеткіштері:
Науқастарды гипоксимия уланған жағдайда (артериялык қан кысымды оттектік денгейі төмендеген) оксигендік терапия тағайындалады. Тыныс алу булшық еті паралич жөне окпенің желденуі, бузылуы кезінде, дәрілік заттардың мөлшерін көп кабылдағанда, өкпе ісігінде ауыр инфекциялық ауруларда, жүректің әр түрлі этиологиялык зақымдануына гипоксия дамиды. Тыныс алғанда оттектін 40-50 % құрамына газдык қоспаны косқанда артериялық кан кысымы жағдайға дейін жоғарлайды. Оттектік терапия қолданылғаннан соң науқас жағдайы жақсарып, көгеру төмендеп терең тыныс алу сирейді. Ентігу азайьщ жүрек соққысы жақсарады.
Оттегін ингаляциялық өдіспен енгізу. Оттегін қолданудын алдында тыныс жолдарыньщ өткізгіштігіне, онда қакырықтың немесе күсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.
Оттегін ингаляциялык жолмен енгізу үшін мынадай аппаратуралар: редуктормен қамтамасыз етілген оггегі бар баллон, оттегі жастығы шүмегі және мундштукті резеңке түтік болуы қажет. Оттегін жастыққа былайша толтырады: мундштугын шығарып, резеңке түтікті оттегі баллонының редукторына қосады, вентильді баяу ашады да жастықты толтырады. Жастыкты толтырған кезде редуктордың вентилі мен жастыктың шүмегін жабады, ауызды қүрғатпау және оттегін ылғалдау үшін дымқыл дәкемен ораған мундштук кигізеді. Мундштукты сырқат аузынан 4-5 см қашықтау үстап, резенке түтікке жіберетін клапанды біртіндеп ашу керек. Жоғары кысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтіктегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыкканша жастықтың бұрыш- бүрышын басу жолымен реттейді. Әдетте сырқаттар минутьына 4-5 л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4-7 минутқа жетеді, ал содан сон оны артық сақталған жастықпен ауыстырады немесе қайтадан оттегімен толтырады.
Берілген тәсілмен ендіру кезінде отгегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз куысы мен мұрынның шырышты кабатын кептіреді, сондықтан оттегін мүрын катетрлері арқылы енгізу дүрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |