13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет
10 – cабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Клизмалар
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен, клизмалармен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)
-жүрек дүрсілі кезіндегі медбикелік процесс;
-жүрек түсында ауырсыну кезіндегі медбикелік процесс;
-ентігу кезіндегі медбикелік процесс;
-түншығу (жүрек астмасы) кезіндегі медбикелік процесс,
- перифериялық ісіктер, асцит кезіндегі медбикелік процесс;
-АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскенде, талмада медбикелік процесс;
Достарыңызбен бөлісу: |