Қажетті заттар:
стерильді: катетер , анатомиялық (2 дана) пинцеттер, корнцанг, лоток, латексті қолғаптар;
Процедура алдында медбике қолын сабындап жылы сумен жақсылап жуып, тырнақтарын спиртпен немесе йод тұндырмасымен сүртеді. Сырқат алдын ала дәрет алады, ал қынабынан бөлінулер бөлінсе бүркіп жуады. Медбике немесе дәрігер оның оң жағында болады. Сол қолымен жыныстық еріндерін ашып, оң қолымен жоғарыдан төмен( тік ішекке қарай бағыттап) сыртқы жыныс мүшелерін , несеп шығаратын тесікті қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндімен (1: 1000 сулема ерітіндісімен, фурациллинмен, оксицианды сынап ерітіндісімен ) мұқият сүртеді. Содан кейін зарарсызданған вазелинмен майланған әйел катетерін алып, несеп шығаратын каналдың сыртқы тесігін тауып, ептеп катетер енгізеді. Катетердің жоғарғы тесігінен несеп шықса , катетер дұрыс түскен болып саналады.
Несеп өзінен өзі бөлінбесе жайлап қуықтың тұсынан басып, қалған несепті шығарады, ал содан кейін шамалы қалған несеп катетерді шығарған соң , несеп жүретін каналды жуып өтетіндей етіп, жайлап катетерді суырып шығарады. Әйелдің несеп бөлетін каналы онша ұзын емес(4-6см), сондықтан катетер енгізу онша қиын емес.
Егер несепті тексеруге алу қажет болса, зарарсызданған прбирканың аузын несеп жолының үстіне ұстап,ол толған соң зарарсызданған мақта тампонмен жабады. Егер катетер енгізу зарарсызданбаған катетермен немесе кір қолмен жасалса қуыққа инфекция түседі де, қабыну пайда болады, бұл сырқат күйін қиындатады, сондықтан медбике асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Еркекке катетер енгізу.
Мақсаты:несеп қуығынан зәрді уақытылы шығару.
Көрсеткіші: жедел зәр тоқталу; несеп қуығын жуу және оған дәрілік заттарды енгізу; бүйрек және несеп мүшелеріне операциядан кейінгі кезеңде.
Достарыңызбен бөлісу: |