Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру



бет151/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
med is neg 3k kz

Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру.
Сырқаттың өлімін дәрігер белгілейді. Ол ауру тарихына өлімінің уақытын дәл жазады. Мәйітті шешіндіріп, аяқ – қолын созып, шалқасынан жатқызады. Аяқтарын байлап, көзін жауып, ақ жаймамен жабады да 2 сағаттай төсекте қалдырады. Тек өлім дақтары пайда болғаннан кейін ғана медбике мәйіттің санына оның аты – жөнін, ауру тариханың нөмірін, диагнозын, өлген мерзімін жазады. Ал мәйіттің аяғына мәйіт туралы мәліметтердің қайда жазылғаны туралы бағыттама жапсырады. Туыстарына қайтыс болғаны туралы хабарлайды, бағалы заттарын туыстарына не кезекші дәрігерге береді.
Өлікті сойып тексеруге патологиялық – анатомиялық бөлімшеге тек мәйіттің дақ пен сіресу пайда болғаннан 1 сағаттан соң жіберіледі.
Егер үйде қайтыс болса, онда бөлімшелік дәрігер келіп, клиникалық диагноз бен өлімнің себебі туралы анықтама жазып беоеді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)


Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс жасау ережелерін үйрену
12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)
Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. шок кезінде Альговер индексі:
а) систолалық АҚ : ОВҚ
б) тыныс жиілігі : ОВҚ
с) жүректің жиырылу жиілігі : ОВҚ
д) жүректің жиырылу жиілігі : систолалық АҚ
е) систолалық АҚ : жүректің жиырылу жиілігі
2. Жарақаттық шокты түсіндірудегі қан және плазма жоғалту теориясының авторын атаңыз:
а) Крайль
б) Кохер
с) Павлов
д) Блелок
е) Пирогов
3. Шок кезінде қан айналымының «орталықтануы» ... қан айналымын сақтау үшін бағытталған.
а) бауыр мен бүйректің
б) ұйқы безінің
с) ми, жүрек және өкпенің
д) өкпе, бүйрек үсті безі мен бүйректің
е) ұйқы безі, бауыр мен бүйректің
4. Жүрек қызметі тоқтағанда ОНЖ қайтымсыз бұзылыстары ... минуттан кейін дамиды.
а) 1-2
б) 15
с) 5 - 6
д) 10 – 12
е) 30
5. «Үштік тәсілді» орындау үшін ... қажет.
а) басын артқа шалқайту
б) төменгі жақты алдыға ығыстыру
с) ауызды ашу
д) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
е) «ауыздан ауызға» ӨЖД
6. Жүрекке жабық массаж жасаудың тиімділігін ... арттырады.
а) науқасты жылыту
б) массажды қатты жазықтықта орындау
с) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
д) плазма алмастырушыларды венаға енгізу
7. Реанимациялық шараларды жүргізгенде адреналинді ... енгізеді.
а) шөп дәрісін пайдалану;
б) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;
с) тазалау клизмасын жасау
д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;
е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.
8. Қарқынды емдеу бөлімінде:
а) порционник құрастырады
б) электрофорез қолданады
с) емдік дене шынықтыру сабақтары өтеді
д) рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет