Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет57/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152
med is neg 3k kz

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  1. енжар науқастарды тамақтандыру

  2. ауыр науқасты тамақтандыру

  3. келушілердің тамақтарын бақылау

  4. зонд, гастростома аркылы тамақтандыру

  5. тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы

  6. парентеральды тамақтандыру

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:

  • қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

  • қарапайым физиопроцедурапың түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстердің әсер ету принциптері, емдік эффекті

  • компресстердің түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстерге көрсетілімдер және кері көрсетілімдер

  • процедураны жүгізу үшін қажетті көрнекілер

  • процедураны қабылдау кезінде пайда болатын асқынулар және техника қаіпсіздігі

  • құралдарды өңдеу

Қарапайым физиотерапияның әсер ету механизмі капиллярлардың кеңейіп, патологиялық аймақта қан айналымның күшеюіне байланысты.
Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.
Кыздырушы компресс қою
Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.
Көрсетілімі:Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.
Қарсы көрсетілімі:Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.
Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.
Парафин қою мақсаты: қанайналымды күшейту, босаңсыту, ауыруды басу. Парафинді көбінесе буын ауыруларында негізгі қабынуға қарсы ем қабылдағаннан кейін қолдануға болады
Сүлік қою.
Мақсаты: жергілікті қан алу, қанның қоюлануын төмендету
Көрсетілімі: артериялық гипертензия, бауырда венозды қалдықтың тұрып қалуы, ЖИА, венаның тромбозы және тромбофлебит, геморрой.
Құрал-жабдықтар: стерильді: лоток; пинцет; тампондар; салфеткалар; таңу материалы, медициналық банка, 70% спирт, 40% глюкоза ерітіндісі, мүсәтір спирті немесе натрий хлориді; ыстық су; 6-8 сүлік.
Қыша қағазын қоюға көрсетілімдер:
Миозит, бронхит, бұлшықеттердің физикалық шаршаудан кейін ауыруы;
Қыша қағазын қоюға қарсы көрсетілімдер:
Теріде іріңді процесстер, аллергиялық немесе басқа қышымалар, қызба, жүрек аритмиялары.
Емдік ванна- сумен емдеудің негізгі түрі болып табылады. Жалпы, жартылай және жергілікті ванна түрлерін ажыратады. Ұзақтығы: 10-20 минутқа дейін, қабылдау курсы 10-15 ванна. Емдік ваннаны күн ара немесе екі күн қатар сосын бір күн үзіліс жасайды. Ванналарды сумен емдеу бөлімінде немесе арнайы емдік және алдын-алу мекемелерінде қолданылады. Жанұя бір мүшесінің бақылауымен дәрігер тағайындауы бойынша емдік ваннаның белгілі бір түрін үй жағдайында қолдануға болады; егде жастағы науқастар және жас сәбиле ванна қабылдаса оларды ерекше бақылау қажет. Ваннаға түсіп болған соң құрғақ және жылы сүлгімен сүртініп, одан соң 30 минут демалу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет