Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет59/152
Дата15.06.2023
өлшемі416.12 Kb.
#475117
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152
med is neg 3k kz

Ситуациялық есептер

  1. Дәрігер науқасқа операциядан кейінгі кезеңде мұзды мұйықты операция болған орынға қоюды бұйырды. Медбике алдын мұздатқышқа қойылған мұз мұйықты алып сүлгіге орап, жарақатқа қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.

  2. Медбике науқас баланың тамағына қыздырушы компрессті төмендегіше қойды: дәке салфетканы 70 градус температурадағы ыстық суға малып, тамағына қойып, полиэтиленді пакетпен жапты, сосын қатты бинтпен таңып қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Науқас балаға компрессті қалай қою керек ?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет
12 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Тамыр соғуын анықтау және сипаттау. АҚҚ өлшеу техникасы. Тыныс алу жиілігін есептеу
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға науқастың функционалдық жағдайын бағалауды, науқасты бақылауды, тамыр соғуын анықтау және сипаттауды, АҚҚ өлшеуді, тыныс алу жиілігін есептеуді үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет