ЖҰмыс бағдарламасы пән, пән коды Фармацевтикалық гигиена негізі, ofg 3213 Мамандық 051103- фармация



бет4/13
Дата17.06.2016
өлшемі3.08 Mb.
#141455
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

-студентің өзіндік жұмысы бағалау:



Пән 1 кредитті құрайды, онда студент 1 СӨЖ орындайды. СӨЖ-на максималды балл – 100, тапсырманы толығымен, қойылатын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсыруы тиіс.

СӨЖ-ді орындау түрлеріне қойылатын талаптар:

1. Реферат - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспеде 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

2.Презентация - Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек, негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес; Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

3. Тест сұрағын құрастыру:

адекваттылық, мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болу қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды. Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.



4. Кроссворд:

Мазмұны қысқа сөз бен терминдерді қолдану, Сөздер аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек, негізгі ақпарат ортасында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес, ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; тақырып атауы кроссвордтың үстіне жазылады. Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгілер қолданылады; Ақпарат көлемі - көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; бір тақырыпқа 20 сөзден кем болмауы керек.

4.Глоссарий

Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, глоссарийден көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтіннен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек, негізгі ақпарат бетте бірінші орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес; Ақпараттар үшін – 18 кем емес, ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгілер қолданылады; Талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда алфавит реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см; Ақпарат көлемі - көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; бір тақырыпқа 20 сөзден асық дайындау керек.

Бағалау критерийлері

Рефераты дайындау және қорғау

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау критерийлері

Рефераты дайындау және қорғау безендірілуі

Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Қорғау кезінде ешқандай қателер, түсінбеушіліктер жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйеніп, оларды бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса.

Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, мазмұны мен

безендірілуі рефератты жазу талаптарына сай, қолданылған әдебиеттер көлемі жеткілікті және соңғы жылғы шығарылымдағы болса қойылады.


Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Студент қорғау кезінде дөрекі қате жібермей, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады. Текстті компьютерде басып, тақырып бойынша глоссарий жазса, рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде болмашы қателіктер жіберілген болса қойылады.

Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Рефератты жазуда мазмұны мен безендірілуінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе, текстті қолмен жазса, реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе және пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Реферат мазмұны алынған тақырыбына мүлдем сай келмесе пайдаланылған әдебиеттер тізімі өте аз немесе интернет желісінен дайын материалды алған болса қойылады.

Презентация

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тақырып бойынша презентация

безендіру



Өте жақсы:

А (4,0; 95-100%);

А- (3,67; 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде ешқандай қателік пән дәлсіздік жібермесе. Тақырып бойынша теорияларды, концепция мен бағыттарды білсе және оларға баға бере білсе, ғылыми жетістіктерді келтіргенде. Мазмұны мен безендірілуі презентацияға қойылатын талапқа сай болғанда.

Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.


Жақсы:

В+(3,33; 85-89%);

В (3,0; 80-84%);

В- (2,67; 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер де студент

Презентация кезінде айтарлықтай емес қателік пен айтарлықтай емес дәлсіздік жіберсе немесе қағидалық қателік жіберіп, оны студент өзі түзесе, материалды оқытушының көмегімен жүйелей білгенде. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан сәл ғана ауытқу болғанда. Тақырып бойынша дайындалған слайдтар саны 15-тен кем емес болғанда.



Қанағаттанарлық:

С+ (2,33; 70-74%);

С (2,0; 65-69%);

С-(1,67; 60-64%);

D+(1,0; 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай дәлсіздік жібергенде немесе қағидалық қателік жіберіп, оқытушы айтқан негізгі әдебиттермен ғана шектелгенде,

материалды жйелей алмағанда,

Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан айтарлықтай ауытқушылық болғанда. Презентацияның мазмұны тақырыпқа сай келмегенде. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.



Қанағаттанар-лықсыз

F (0; 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер де студент

презентация кезінде айтарлықтай қағидалық қателік жіберіп, ғылыми терминологияны қолдана алмаса, жауап бергенде айтарлықтай логикалық қателіктер жібергенде. Тақырыптың мазмұны толық ашылмағанда. Мазмұны мен безендірілуінде презентацияға қойылатын талаптан ауытқушылық болғанда. Дайындалған слайдтар саны 15-тен кем болғанда.





Тест тапсырмасын дайындау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийі

Тест тапсырмасын дайындау


Өте жақсы:

А (4,0; 95-100%);

А- (3,67; 90-94%)

бағаға сәйкес




Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. 1Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Берілген жауаптары бір типті және адекватты. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Жақсы:

В+(3,33; 85-89%);

В (3,0; 80-84%);

В- (2,67; 75-79%).

бағаға сәйкес


Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20-дан кем емес, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мәні мазмұнды. Тест тапсырмалары нақты, дұрыс, әрі дәл құрастырылған. Кейбір берілген жауаптары бір типті және адекватты емес. Алайда студент өз қателігін өзі анықтады. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленген.

Қанағаттанарлық:

С+ (2,33; 70-74%);

С (2,0; 65-69%);

С-(1,67; 60-64%);

D+(1,0; 50-54%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20, мерзімге сай өткізілгенде. Тесттің мазмұнды қате. Тест тапсырмалары дұрыс емес, әрі нақты құрастырылмаған. Кейбір берілген жауаптары бір типті емес. Жауабының алгоритмі бар, жауабы дұрыс белгіленбеген.

Қанағаттанар-

лықсыз

F (0; 0-49%)

бағаға сәйкес



Баға қойылады: егер тест тапсырмаларының саны 20 аз болғанда, тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған, мазмұнсыз, жауап варианттары бір типті емес, жауап алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50% дұрыс белгіленбеген.


Кроссворд құрастыру

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Кроссворд құрастыру


Өте жақсы

95-100


90-94

баллға сәйкес



Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, ұқыпты, қате-лерсіз кроссворд құрастырды, кө-лемі 20 сөзден кем емес, түсінік-терді дұрыс құрастырды.

Жақсы

85-89


80-84

75-79


баллға сәйкес

Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, ұқыпты крос-сворд құрастырды, көлемі 20 сөз-ден кем емес, түсініктерді дұрыс құрастырды, кроссворд құрастыр-ғанда принципиалды емес қателер-ді жіберді.

Қанағаттанарлық

70-74


65-69

60-64


50-54

баллға сәйкес



Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, бірақ ұқыпты емес кроссворд құрастырды, көле-мі 20 сөзден кем емес, кроссворд құрастырғанда принципиалды қа-телерді жіберді.

Қанағаттанарлықсыз

0-49


баллға сәйкес

Студент уақытында, тақырыбына сәйкес кроссворд құрастырмады немесе оны уақытында құрастыр-ды,бірақ өз ойымен емес, ұқыпты емес, көлемі 20 сөзден кем, крос-сворд құрастырғанда маңызды қа-телерді жіберді.


Глоссарий құрастыру

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Глоссарий құрастыру


Өте жақсы

95-100


90-94

баллға сәйкес



Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, ұқыпты, қате-лерсіз глоссарий құрастырды, кө-лемі 20 сөзден кем емес, түсінік-терді дұрыс құрастырды.

Жақсы

85-89


80-84

75-79


баллға сәйкес

Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, ұқыпты крос-сворд құрастырды, көлемі 20 сөз-ден кем емес, түсініктерді дұрыс құрастырды, глоссарий құрастыр-ғанда принципиалды емес қателер-ді жіберді.

Қанағаттанарлық

70-74


65-69

60-64


50-54

баллға сәйкес



Студент уақытында, тақырыбына сәйкес, өз ойымен, бірақ ұқыпты емес глоссарий құрастырды, көле-мі 20 сөзден кем емес, глоссарий құрастырғанда принципиалды қа-телерді жіберді.

Қанағаттанарлықсыз

0-49


баллға сәйкес

Студент уақытында, тақырыбына сәйкес глоссарий құрастырмады немесе оны уақытында құрастыр-ды,бірақ өз ойымен емес, ұқыпты емес, көлемі 20 сөзден кем, глоссарий құрастырғанда маңызды қа-телерді жіберді.


-Аралық бақылау:

Бақылау түрі


Бағалау


Бағалау критерийлері

Тестілеу/сұқбаттасу


Өте жақсы

Бағалауға сай:

А (95-100);

А- (90-94)




Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық бағалап, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.

Тест бойынша 86-100% дұрыс белгіленген.



Жақсы

Бағалауға сай:

В+(85-89);

В (80-84);

В- (75-79).


Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.

Тест бойынша 75-85% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлық

Бағалауға сай:

С+ ( 70-74);

С ( 65-69);

С-(60-64);

D+( 50-54)



Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.

Тест бойынша 50-74% дұрыс белгіленген.



Қанағаттанарлықсыз

Бағалауға сай:

Р (0-49)


Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

Тест бойынша дұрыс жауабы 50%-дан кем.




-Қорытынды бақылау:

Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

20 сәүір 2011жылы бекітілген №152 «Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесіне» сай білім алушылардың қорытынды оқу жетістіктері 100 балдық шкаламен бағаланады, балдың цифралық эквиваленті 4 балға теңеледі.


Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың цифралық эквиваленті

%-дық құрылымы

Дәстүрлік жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

233

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Жіберу рейтингін есептеу мысалы:

ЖРБ (жіберу рейтингін бағалау) = 80 +90 + 95 = 88,3

мұндағы 80 – тәжірибелік сабақтың орта бағасы;



90 – аралық бақылаудың орта бағасы;

95 - СӨЖ орта бағасы.


Жіберу рейтингінің пайызын мына жолмен анықтайды:

88,3х60% = 52,8 % (максимум 60%, минимум 30%)



ҚБ (қорытынды баға)

ЖРБ+ҚББ

50( 40%) – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша компьютерлік тестілеу).


Қорытынды баға құрамының пайызын мына жолмен анықтайды:

52,8%+ 40% = 92,8%

Барлығы:

1. қорытынды бақылау пайыздық құрамы 92 %

2. балдың сандық баламасы 92

3. балдың әріптік баламасы А-

4. дәстүрлік жүйе бойынша бағалау өте жақсы
Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:

• Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде тексеріп отыру, оны оқытушы пәннің силлабусына сәйкес күнделікті сабақ үстінде жүргізіп отырады. Онда сабақтың барлық түрлері мен үлгілері ескеріледі (аудиториялық, ОЖСӨЖ, СӨЖ, тәжірибелік дағдылары және т.б.).

Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау барысында оқу жетістіктері әрбір орындаған тапсырмасы 100 балдық шкала бойынша бағаланады (ағымдық сабақтарда жауап беруі, үй тапсырмасын орындауы, СӨЖ, аралық бақылау) және студенттер үлгерімін ағымдық бақылаудың қорытындысы академиялық кезең бойына жинаған бағаларының орта балымен есептеледі.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай әдісі аралық және қорытынды аттестация кезінде қолданылады.

• Аралық бақылау – бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде екі рет ОЖСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 8 және 15 апталары) жүргізіледі, аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына және электронды журналға қойылады. Аралық бақылау қорытындысы деканатқа баянат түрінде аттестациялық аптадан кейінгі келесі дүйсенбіден кешіктірмей тапсырылады. Аралық бақылау саны пәннің силлабуста және ОЖСӨЖ кестесінде көрсетілген. Аралық бақылау қорытындысы бойынша орта балл шығарылып, ол жіберу рейтінгісін есептеу барысында ескеріледі.

• Қорытынды бақылау - компьютерлік тестілеу. Емтиханға тек қана пән бағдарламасын толық меңгерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

рейтингін жинаған студенттер жіберіледі.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Гигиена-1, дене шынықтыру және валеология» кафедрасы


Дәріс кешені
Пән – Фармацевтік гигиена негіздері

Мамандық: 051103 Фармация


Курс: 3

2014-15жыл
Әдістемелік өңдеу кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент____________ Долтаева Б.З.

1



1.Тақырыбы: Еңбек гигиенасы-профилактикалық медицина бөлімі, оның мақсаттары мен міндеттері, негізгі бөлімдері.

2.Мақсаты: Студенттерді еңбек гигиенасы және профилактикалық медицина туралы теориясымен таныстыру. Еңбек гигиенасы мақсаты мен міндеттерімен танысу.

3.Дәріс тезистері:

Еңбек гигиенасы ғылымының бір саласы, адамның атқаратын қызметіне байланысты жұмыстың зиянды әсерін, мамандыққа байланысты аурудың алдын алу, жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тәрбиелік шаралар дайындайды.

Еңбек – адамның қалыптасуының, дамуынының және өзіне матриалдық жағдай жасаудың негізі болып табылады. Еңбек адам ағзасында биологиялық процестердің қалыпты жағдайда жүруі үшін және әлеуметтік қызмет атқару үшін қажет. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек адамдардың физикалық, интеллектуалдық және рухани жағынан жақсы жетілуіне ықпал етеді.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеті – жұмысты ұйымдастыруда және жұмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.

Еңбек гигиенасы бойынша заңдылық және нормативтік базаларға:


  • ҚР Еңбек кодексінің (15.05.2007 ж.) “Еңбек қауісіздігі және еңбекті қорғау” бөлімі;

  • “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы” туралы заңы (04.12.2002 ж.);

  • ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы;

  • ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы;

  • ҚР ДСМ 8.07.2005 ж. № 334 «Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы» бұйрығы;

  • ҚР ДСМ 21 мамыр 2009 ж № 911 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм эпидемиологии" бұйрығы;

  • ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж № 9 "Дәріхана ұйымдарын жабдықтау, эксплуатациялау және негізгі санитарлық ережелер мен нормалар;

  • Санитарлық ережелер, санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет