ЖҰмыс бағдарламасы семей 2013 глоссарий аллювий өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т б



бет7/22
Дата09.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#124545
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Тау жыныстарының үгітілуі

Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі

Тау жыныстары және минералдар өздерінің түзілу жағдайларынан өзгеше ортаға түскен кезде өзгере бастайды. Массивті-кристалдық, шөгінді және метаморфтық тау жыныстары жер бетіне шығысымен механикалық ұсақтануға, химиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Жердің беткі қабағында (қыртысында) өтетін осы процесті үгітілуі деп атайды. Үгітілуге ықпал жасайтындар температура, су, көмір қышқылы, оттегі, әртүрлі тірі организмдер. Жер қабығының минералдық бөлігіне осы факторлардың барлығы бір мезгілде және бірлескен түрде әсер етеді. Сондықтан олардың әрқайсысының қаншалықты әсер ететінін тап басып айту қиын. Әйтседе ең басты факторды әрқашан анықтауға болады.

Үгітілуідің: физикалық, химиялық және биологиялық сияқты үш түрін анықтайды. Олардың барлығы бір мезгілде жүріп жатады.

Физикалық үгітілу – тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертпей, тек қана механикалық жолмен өлшемдері әртүрлі бөлшектерге бөлінуін айтады.

Химиялық үгітілу кезінде тау жыныстарының құрамы өзгеріп жаңа минералдар түзіледі, көп жағдайда, алғашқы минералдарға қарағанда, олардың химиялық құрамы қарапайымдау болады.

Биологиялық үгітілу – тау жыныстарының тірі организмдердің әсерінен өздерінің химиялық құрамын өзгерте отырып, мүжіліп ұсақтануы.

Мұндай үгітілудің ең негізгі себебі – жер бетіндегі температуралардың тәуліктік және маусымдық өзгеруі. Күн сәулесінің әсерінен тау жыныстарының жоғарғы қабаттары өздерінің бұрынғы қабаттары қатты қызады, ал төменгі қабаттары көлемін ұлғайтады, осының әсерінен кернеу пайда болып жарықшақтар мен параллель беттерге бөлінуге әкеп соғады. Тау жыныстары жату сипатына және қызыну жағдайларына байланысты бұл жарықшақтардың тереңдігі әр түрлі болып, 2 мм-ден 10 мм-ге дейін жетеді. Күн сәулесі жынысты қыздыруын тоқтасымен жоғарғы қабат суына бастайды да сығылу процесі басталады. Жыныстардың ішкі бөліктері өзінің температурасын ұзағырақ сақтайды. Сондықтан оның көлемі де көп өзгеріске ұшырамайды. Осындай жағдайда жыныстың жоғарғы қабатында пайда болған кернеу радиальдық бағыттағы жарықшаралардың құралуына әкеп соғады. Жарықшаларға түскен су қатқан кезде өзінің көлемін үлкейтіп, жарықшаларды керіп кеңейтеді.

Жыныстардағы көлденең және тік бағыттағы жарықшақтардың саны біртіндеп көбейіп, соңында әртүрлі мөлшердегі тау жыныстарың сынықтары пайда болады. Бұл сынықтардың құрамында үлкен тастардан бастап майда түйіршіктерге дейін кездеседі. Кесектердің пайда болуына жеке жыныстардың және оларды құрайтын минералдардың көлемдік ұлғаюы коэффиценттері мынадай: кварц – 0,00031, ортоклаз – 0,00017, кальцит – 0,00020.

Күрделі жыныстар минералдарының ұлғаю коэффиценттері әртүрлі болғандықтан олар қарапайым жыныстарға қарағанда, жылдамырақ үгітіледі.

Физикалық үгітілу

Физикалық үгітілу процесі түйіршіктердің өлшемдері 0,001 мм-ге жеткенше жүреді. Үгітілуге ұшыраған түйіршіктердің өлшемдері 0,001 мм-ден кемігенде физикалық үгітілу тоқтатылады. Себебі 0,001 мм-ден кіші түйіршіктер бірқалыпты қызынып, суынатындықтан өздерінің өлшемдерін өзгертпейді, физикалық үгітілуге ұшырамайды.

Физикалық үгітілу, республика көлемінде алғанда, құрғақ, ыстық аймақтарда немесе өте суық жерлерде, таулы аудандарда айқын байқалады. Құрғақ шөл далалық аудандарда күн мен түннің температураларының ауытқуы 600С, ал қыс пен жаздың температураларының ауытқуы 500С-ге жетеді. Мұнымен қатар күшті желмен көтеріліп ұшатын құм, тасты жыныстарлы қайрап, тегістеп оларды физикалық бұзылуға әкеп соғады. Сондықтан шөл жерлерінде сынған тастардың, шағал тастардың, құмның үйінді түрінде жиналуы көптеп байқалады.

Физикалық үгітілу топырақ түзілу процесінде маңызды орын алады. Осы үгітілу нәтижесінде химиялық және биологиялық үгітілуге негіз жасалынады. Жыныс бөліктері уатылғанда беттерінің үлестік ауданы артады да осы себепті олар химиялық және биологиялық үгітілу факторларымен оңай әрекеттеседі.
Химиялық үгітілу

Химиялық үгітілу кезінде минералдар бұзылып бөлшектенеді және синтезделінеді. Сөйтіп бастапқы жыныста кездеспейтін жаңа минералдар түзіледі. Химиялық үгітілудің негізгі факторлары – су, оттегі, көмір қышқыл газы, температура.

Химиялық реакциялардың өтуі температураның жоғарылануынан жылдамдайтыны белгілі. Сондықтан химиялық үгітілу ауаның жылдық орташа температуралары жоғары және көп мөлшерде ылғал түсетін аймақтарда айқын байқалады. Температураның әрбір 100С жоғарылануынан химиялық реакциялардың өтуі 2 – 2,5 есе үдейді. Бөлшектердің көлемі азайған сайын олардың реакциялық қабілеті жоғарылай береді. Осыған орай химиялық реакциялар кесектің ең ұсақ бөліктерінде (<0,01 мм) жақсы жүреді.

Мысал ретінде граниттің құрамындағы минералдардың және үгітілу қабығындағы шөгінді жыныстардың химиялық үгітілуін қарастырайық.

Граниттің құрамына кварц, далалық шпаттар, слюда, авгит және басқа минералдар енеді. Кварц (SiO2) жердің бетінде химиялық тұрғыдан алғанда өте тұрақты. Оған тек қана зертханалық жағдайда сілтілер жіне фторлы сутегі қышқылы ғана әсер ете алады. Кремний қышқылы өте аз мөлшерде, ешбір химиялық өзгерістерсіз-ақ табиғи суда ериді. Кесекте кварц, химиялық өзгерістерге ұшырамай, белгілі бір шекке дейін уатылады. Оның осы ерекшелігі Жер планетасының бетіне өте үлкен көлемде шоғырланып жиналуына мүмкіндік береді. Химиялық әсерге, кварцқа қарағанда, далалық шпаттар әлдеқайда төзімсіз. Мысал ретінде ортоклаздың сумен және ауа құрамындағы көмір қышқыл газбен әрекеттесуін келтірейік. Ортоклаз (К2Аl2Si6O16) алюмокремний қышқылының калий тұзы. Оған су әсер еткенде гидролизденеді:

К2Аl2Si6O16 + 2HOH = H2Аl2Si6O16 + 2KOH.

Еркін алюмокремний қышқылы және екі молекула ащы калий бөлініп шығып, судың сілтіленуі байқалады. Пайда болған алюмокремний қышқылының молекуласы тұрақты емес, ол әрі қарай каолин және аморфты кремний қышқылына ыдырайды:

H2Al2Si6O16 H2Al2 Si6O16 + 4 Si2
H2Al2Si2O8 + H2O = H2Al2Si2O8 H2O (каолин)
4SiO2 + 4n H2O = 4SiO2 . nH2O ( аморфты кремний қышқылы).
Үгітілу кезінде түзілген ащы калий ауадағы көмір қышқылы газының молекуласын қосып алып, нәтижесінде поташ пайда болады:
2КОН + CO2 = K2CCO3 + H2O.
Егер үгітілуге альбит ұшыраса, гидролиз кезінде поташ емес, сода (Na2CO3) түзіледі. Ал қалған заттар өзгермейді. Анортит гидролизденсе, көмір қышқыл кальций (СаСО3) және каолин пайда болады.

Қарапайым силикаттардың үгітілуі де гидролизден басталады, кейін түзілген негіздерге көмір қышқылы қосылады. Мысалы, энстатит минералына (MgSi3) су және көмір қышқылы әсер еткенде, көмір қышқыл магний және аморфтық кремний қышқылы түзіледі. Соңынан ол өз бойындағы суды жоғалтып, кварцқа айналады.

Оливин судың және көмір қышқылының әсерінен көмір қышқыл магнийге, көмір қышқылды темірге және ортокремнийлі қышқылға aйналады, ал тұрақсыз минерал сидерит (FeCO3) судың гидролиздеушілік әсерінен темір гидрототығын, көмір қышқылын және суды түзеді.

Апатиттің үгітілуінен қарапайым фосфат, хлоридтер және кальций фторидтері түзіледі.

Химиялық үгітілу процесіне қарап: сиалиттік және аллиттік екі негізді ажыратады. Бірінші тип қоңыржай климатты, жауын-шашын орташа мөлшерде түсетін территорияларға тән. Осындай жағдайларда өтетін үгітілуде негізінен алюмосиликаттар және феррисиликаттар түзіледі. Үгітілудің екінші типі ылғалды жылы климаты бар территорияларға тән. Мұндай жерлердің жыныстарында гидролиздің интенсивті өтуіне байланысты алюминийдің, темірдің, кремнийдің гидроксидтері түзіледі.
Биологиялық үгітілу

Жоғарыда минералдың ыдырауы тірі оганизмдердің қатысуынсыз өтетін процестерді қарастырдық. Жер қабығының өсімдіктер және жануарлар мекендейтін жоғарғы бетінде үгітілу процестері күрделенеді. Физикалық, химиялық үгітілудің нәтижесінде түзілген минералдар биологиялық процестердің әсерінен тұрақтылығын жоғалтып, бөлшектенуін жалғастыра беруі мүмкін.

Биологиялық үгітілу топырақ түзілумен тығыз байланысты. Минералдарға өсімдіктердің тамырлары, сонымен қатар микробтардың, өсімдіктердің және жан-жануарлардың тіршілігінен туындайтын қалдықтар, тіршілігін тоқтатқан организмдердің ыдырау қалдықтары әсер етуі мүмкін.

Организмдердің физикалық және химиялық түрде үгітілуге ұшырамайтын жыныс бөліктеріне әсері үлкен. Үгітілу процесіндегі организмдердің атқаратын үлкен рөлін көрсете отырып, академик В. И. Вернадский әрі қарай физикалық және химиялық үгітілуге ұшырамайтын каолин минералының тірі организмдердің әсерінен өзінің тұрақтылығын жоғалтатынын, соңынан биологиялық үгітілуге ұшырайтынын айтқан. Кейбір су жалбыздарының түрлері каолинді коллидты кремний қышқылдарын және сусызданған алюминийдің коллидты гидраттарын бөле отырып, ыдырауға ұшырайды. Осы ыдырау су жалбыздары бөліп шығаратын, негізінен пектин заттарынан тұратын, шырыштың әрекетінен болады.

Майлы қышқылдық және нитрификациялаушы микрорганизмдер өздері бөліп шығаратын заттармен апатитты және силикатты жақсы ыдыратады. Көк-жасыл су жалбыздарының жыныстардың бетіне тигізетін әсері бұрыннан белгілі. Осы аталған жалбыздардың және нитрификациялаушы бактериялардың гранитке тигізетін әсері анықталған. Келтірілген мысалдар мүжілу процесіндегі тірі организмдердің маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.

Сонымен физикалық, химиялық және биологиялық үгітілу процестері бір мезгілде өтіп жатады. Үгітілу дәрежесіне, олардың әрқайсысының қосар үлесі, сыртқы ортаның жағдайына байланысты болады.

ШӨГІНДІ ЖЫНЫСТАРДЫҢ ҮГІТІЛУІ
Шөгінді жыныстар жердің беткі қабатында ең көп таралған, сондықтан олар топырақ түзілу процестеріне кеңінен қатысады.

Шөгінді жыныстар туынды (екінші) жыныстар болып саналады. Олардың құрамында бастапқы жыныстар мен кристалдардың бөліктері ғана емес, массивті кристалдық, метаморфтық жыныстардың үгітілуінен пайда болған тұрақты минералдар да бар. Шөгінді жыныстардың үгітілу ерекшеліктері, ең алдымен, олардың құрылымына және химиялық құрамына тәуелді болады. Мысалы, конгломераттар және брекчилер негізінен бастапқы минералдардың қалдықтарынан құралады, туынды минералдар тек үгітілу кезінде пайда болған цементтеуші заттардың құрамында кездеседі. Осындай жағдайда шөгінді және бастапқы жыныстардың үгітілу процестерінде үлкен айырмашылықтар болмайды.

Бастапқы жыныстардың үгітілуінен пайда болған әк тастардың, сазды сланецтердің және саздардың үгітілуі процесінде физикалық түрде ұсақтанады және жыныс құрамына енетін кейбір минералдардың өзгеруіне байланысты химиялық құрамын да өзгертеді.

Үгітілуге ұшыраған әк тастың өзгеру процесін қарастырайық. Оның құрамында көмір қышқыл кальций, каолин, кремний қышқылы, кварц, темір, алюминий және марганец гидраттары және аз мөлшерде фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер тағы басқа қосылыстар бар. Минералдардың үлкен бөлігі химиялық өзгерістерге ұшырамайды. Мысалы, хлоридтердің, сульфаттардың, фосфаттардың бір бөлігі суда ериді және өзгеріссіз алып кетіледі. Гидратталған металл тотықтары және кремний қышқылы суда іс жүзінде ерімейді, жыныс олармен басқа минералдардың еруі нәтижесінде қанығады. Каолин – тұрақты минерал. Ол микроорганизмдермен жартылай ғана бұзылады. Сондықтан жыныс бұл минералмен де қанығады. Оның бойындағы көмір қышқыл кальций-кальциттің мөлшері күрт өзгереді. Бұл тұз ауадағы көмір қышқылымен және сумен реакцияға оңай түседі.


CaCO3 + H2O + CO2 = Ca(HCO3)2
Нәтижесінде суда еритін тұз – екі көмір қышқыл кальций түзіледі. Әк тас осы реакцияның нәтижесінде кальциттен айырылады, сонымен қатар ол салыстырмалы түрде алғанда саз, кремний қышқылы, темір тотығы, алюминий тотығы сияқты ерімейтін тұрақты минералдармен қанығады. Әк тастың түсі ақшылдан сұрлауға, қызылдауға және бозғылтқа дейін өзгеріп отырады. Оның үгітілген түйіршіктері жұқа бөлшектерден тұрады. Міне, осы себепті әк тастық жыныстарда, үгітілу процесінде, сазды топырақтар түзіледі (6 кесте).
6-кесте

Әк тастардың және үгітілуі заттарының құрамы

Әк тастардың құрамындағы минералдар

Реагенттер

Сілтісіздену заттары

Үгітілген жыныстардың құрамындағы минералдар

1

2

3

4

CaCO3 және жартылай MgCO3

H2O7CO2

Ca (HCO3)2

Mg (HCO3)2

MgCO3


CaCO3 және өте аз мөлшерде MgCO3

H2Al2Si2O3H2O және басқа саздық минералдар

H2O, СО2

-

H2Al2Si2O3. H2O және басқа саз минералдардың жиналуы

SiO2.n H2O

нашар ериді

-

SiO2 H2O

SiO2

нашар ериді

-

SiO2 жиналуы

Fe2O3.nH2O

нашар ериді

-

Fe2O3.H2O жиналуы

Al2O3 .n H2O

нашар ериді

-

Al2O3 .n H2O жиналуы

Mn2O3 nH2O

нашар ериді

-

Mn2O3nH2O жиналуы

Ca3 (PO4)2

нашар ериді

-

Ca3 (PO4)2

CaSO4

ериді

-

-

Na2SO4

ериді

-

-

NaCl

ериді

-

-

Үгітілудің нәтижесінде әк тастың орнына – мергель (карбонатты саз) және таза карбонатсыз саздар түзіледі. Әрі қарай олардан сазды топырақтар пайда болады.

Басқа да көптеген жыныстар осындай жолмен үгітіледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топырақтың минералогиялық құрамының қалыптасуы.

2. Алғашқы минералдар және олардың маңызы.

3. Алғашқы және екіншілік минералдардың топырақ түзілуі.

4. Топырақ құнарлығын қалыптастырудың маңызы.

5. Екінші минералдардың тұрақтылығы деген не?

6. Жер қыртысының минералдары және тау жыныстарын атаңыз.

7. Жіктелуіне байланысты неше кластарға бөлінеді?

8. Тау жыныстыры деген не?

9. Топырақтың минералогиялық құрамы қандай?

10. Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі.

11. Шөгінді жыныстардың үгітілуі.

12. Шөгінді жыныстар деген не?

13. Шөгінді жыныстарының құралуы неше кезеңнен тұрады?

14. Туфтар деген не?

15. Метаморфтық тау жыныстары деген не?

16. Тау жыныстарының үгітілуі деген не?

17. Физикалық үгітілу

18. Химиялық үгітілу

19. Биологиялық үгітілу



Дәріс 6.

Топырақтың химиялық құрамы.

1.Топырақтың химиялық құрамының қалыптасуы.

2.Химиялық элементтердің топырақ қабатында таралуы.

3.Топырақтың түзілуінің материалдық негіздері

4 Тау жыныстары және топырақтағы химиялық элементтердің мөлшері
Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақ түзу факторларымен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзу материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекендейтін бүкіл жоғарғы және төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады. Табиғаттың ауа райы мен жер бедерлерінің өзгешелігі нәтижесінде әртүрлі топырақтар түзіледі.

Әдетте, бір затты түзуге қатысатын материалдар негіздерінде үлесін зерттеу олардың химиялық құрамын анықтаудан басталады. Биосферадағы әр түрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы әр түрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы элементтердің орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан американдық ғалым Ф. У. Кларк еді. Сондықтан мұны Кларк көрсеткіші деп атайды. Кейінірек жаңа қосылған мәліметерге байланысты бұл Кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А. Е. Ферсман, 1934 – 1939, А. П. Виноградов, 1962).

Сонымен қатар, ауа құрамындағы, судағы және тірі заттардағы элементтер кларкы да есепке алынатын болды.

Тау жыныстарының орташа химиялық кұрамы. Тау жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне байланысты олар:

- мол элементтер, Кларк көрсеткіштері – п 10-п-102;

- аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 10-п -103 ;

- өте аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 103-п- 105 болып үш топқа қосылады.



Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі мөлшері өте алшақ.

Келтірілген мәліметтерден азот жер қыртысында аз элемент қатарында болса, ауа құрамында ол негізгі құраушы элемент. Ауадағы азот – топыраққа берілетін азоттың негізгі көзі. Ол биологиялык тірі организмдерге қажетті белок түзетін элемент. Топырақа ол ауадан түсетін ылғалдар және ауадан азотты сіңіретін микроорганизмдер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы екінші негізгі элемент – оттегі. Онымен тотықтандыру реакциялары, соған байланысты тау жыныстарының үгілуі мен топырақ түзу құбылыстары тікелей байланысты. Озон – ауа кұрамындағы өте аз элемент, өте белсенді тотықтырғыш.

Жасыл өсімдіктер үшін және топырақ түзуде ауадағы көмір қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы арқылы фотосинтез жүреді. Осының нәтижесінде көмір қышқыл газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін түзеді, олар кейін топыраққа беріледі. Органикалық заттардың шіріп-ыдырау кұбылыстарынан пайда болған топырақтың қара шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі - 58%, ол негізінен ауадағы көмірқышқыл газынан түседі.

Жер бетіндегі және топырақ кеуектеріндегі көмірқышқыл газы (СО +Н2О Н2С03) ылғалмен қосылып, көмір қышқылын түзеді.



Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының химиялық құрамы. Ауадан түсетін ылғал топырақтағы барлық тіршілік атаулыны және ондағы жүретін бүкіл химиялық реакцияларды қамтамасыз етеді, ерітеді, жуып-шайып тез ерігіш тұздарды топырақ қабатынан әкетеді.

Ауадан түсетін ылғал, әдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газдарын, шаң-тозандарды, тұздарды, қышқылдарды ілестіре келеді. Кей кездерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан тұздар ылғалмен еріп, топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.



Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерін биологиялық қажеттілігіне байланысты тандап сіңіреді. Сондықтан күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы элементтерге қарағанда, тіпті, өзгеше. Тау жынысынан немесе топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі Б. П. Полынов пен А. И. Перельман енгізген сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады. Бұл коэффициент өсімдік күлінде элементтің топырақтағы немесе тау жынысындағы элементке қатынасынан алынады.
Топырақтағы химиялық құрамның қалыптасуы

Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда небары 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік. Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.

Топырақтағы азоттың көп бөлігі органикалық ғана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, келеді соның ішінде мәдени өсімдіктер үшін сіңірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болатын аммоний және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.

Фосфордың органикалық қоспалары және фосфор құрамы – минералдардың көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы калий негізгі массасы екінші дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

Өсімдіктер сіңірілген калийді және калийдің суда еритін қоспаларын бойына тартады, бұлардың топырақтағы мөлшері мардымсыз. Кальций мен магний де сіңірілген және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы. Өсімдіктерге сіңімді түрдегі химиялық элементтер құрамы олардың жалпы құрамына қарағанда өте аз. Сондықтан мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы өнім алу үшін) кейбір қоректік элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.

Оның тағы бір себебі жыл сайын жиналған өніммен бірге химиялық элементтер де топырақтан алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің қалыпты өсуіне керек элеметтер мөлшері де азаяды, бұл егін өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ-тың орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20%-ға кеміген, келесі 20 жылда 10% ке, келесі 20 жылда 7% ға кеміген.

Сондықтан агрохимия ережесіне сәйкес тыңайтқыш қолдану ауыл шаруашылығы дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады.

Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық айналымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді. Органикалық минерал тыңайтқыштарды қосумен қатар соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін және бытырап орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.

Олардың болмауы немесе аз болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.

Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп кездеседі ("өңдеу сырқаты" деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық өнімі көбейген.

Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік саңырауқұлақтарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, марганец, молибден және сирек кездесетін элементтер топыраққа қосқанның әсері болатыны анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет