Жұмыс бағдарламасы (syllabus)


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет4/6
Дата27.05.2022
өлшемі80.25 Kb.
#458697
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Жалпы химия

4 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
4.1 Негізгі әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Түгелбаева Л.М. Жалпы химия: Оқу құралы / Л.М. Түгелбаева; Рыскалиева Р.Г, Ашкеева Р.К.- Алматы: Қазақ университеті, 2018.- 152б.
2. Қабылбаева А.А. Жалпы химия: Оқу-әдістемелік құралы / А.А. Қабылбаева, А.А. Шыналиев А.Е. Сабырова.- Шымкент, 2017. - 172 б
3. Жалпы химия есептері мен жаттығулары: Оқу құралы / Н.Л. Глинка; қаз.тіліне ауд. Бекишева Қ., Рысқалиева Р.Г.- Алматы: Қазақ университеті, 2017.- 302б.
4. Кудайбергенова Б.М. Органикалық химияның негізгі теориялары мен тапсырмалары: Оқу құралы / Б.М. Кудайбергенова, Ш.Н. Жумагалиева.- Алматы: Қазақ университеті, 2019.- 255б.
5. Элементтер химиясы курсы бойынша есептер мен жаттығулар: Оқу құралы / Л.М.Тугелбаева, Р.Г.Рыскалиева, Р.К Ашкеева.- Алматы: Қазақ университеті, 2016.- 136б.
4.2 Қосымша әдебиеттер:
6. Жаналиева Р.Н. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері Зертханалық практикум: Оқу құралы / Р.Н. Жаналиева, А.С. Унгарбаева.- Шымкент, 2019.- 98 б.
7. Жаналиева, Р.Н. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері Шымкент 2019
8. Далабаева, Н.С. Бейорганикалық заттарды синтездеу практикумы: Оқу құралы / Н.С. Далабаева.- Алматы: Қазақ университеті, 2018.- 142б.
4.3 Мультимедиялық қамтамасыз ету және электрондық ресурстар
МООК:
https://kk.wikipedia.org
http://www.webirbis.ksu.kz/
http://talapker.kazntu.kz/
http://repo.kstu.kz/
5 Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама


5.1 Оқыту әдістері
Лекциялар: интерактивті әдіс, ақпараттық, шолу, презентация. Практикалық: презентация, сұрақ-жауап. Практикалық: зерттеу, практикалық жұмысы-эксперимент, суретін салу. ОББӨЖ, БӨЖ: әңгімелесу, пікір-талас, кластер, салыстырмалы талдау жасау.


5.2 Оқу нәтижелерін бақылау
Оқу нәтижелерін бақылаудың түрлері: үлгерімді ағымдық бақылау (оның ішінде межелік бақылау) мен аралық аттестаттау (емтихан сессиясы). Бағалау академиялық адалдық қағидаларына негізделеді.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау әрбір оқу пәні бойынша жүргізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтарда білімді бақылауды қамтиды: дәрістердегі ауызша немесе жазбаша сұрау, практикалық/семинар сабақтардағы сұрақтарға жауаптар, үй тапсырмаларын орындау, есептеу-графикалық, практикалық немесе практикалық жұмыстарды бағалау, өз бетінше орындалатын тапсырмаларды бағалау және т. б. Үлгерімді ағымдағы бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырма үшін 100 балдық (%) шкала бойынша бағаланады, кейіннен «Платонус» ААЖ-ға баға қойылады.
Білім алушылардың үлгерімін межелік бақылау 7-ші және 15-ші апталарда тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, жеке немесе топтық жобаларды қорғау және т. б. түрінде жүргізіледі.
Әрбір оқыту пәні бойынша емтиханды өткізу түрі мен тәртібі академиялық кезеңнің басында бір ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет