Пререквизиттер: Жалпыға білім беретін орта мектептің химия пәндер.
Постреквизиттер: Молекулалық биология.
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері
«Жалпы химия» курсын оқу процесінде білу тиіс: маңызды бейорганикалық және органикалық заттардың классификациясын, құрылысын, кеңістік құрылысын, маңызды алу жолдарын, химиялық қасиеттерін, биологиялық рөлін, оларды анықтауды, өндірісте және медицинада қолдануды; жасай білу тиіс: химиялық қосылыстардың классификациясымен, олардың химиялық түрлендіруімен, физика-химиялық қасиеттерімен байланысты сұрақтар мен мәселелерді шешу, биологиялық белсенділік, қасиеттері мен қосылыстардың құрылысы арасындағы қатынасты түсіну, биологиялық белсенді заттарды алу, бөлу және идентификациялау әдістерін игеру.
1.6 Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері
Білім беру мекемелерінде биолог-педагог маман ретінде педагогикалық процесті ұйымдастырады, биология пәні бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра білуді меңгеруі қажет. Білім берудегі инновациялық технологияларды үйренуге және қолдануға қабілеттілік, педагогикалық қызметке жоғары қызығушылық, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Биологиялық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады және теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алу қабілеттілігі. Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.
2. Cабақтың түрі мен кредиті бойынша оқу жоспарынан көшірме
Достарыңызбен бөлісу: |