4. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
27. Жұмыс уақыты – қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.
Жұмыс уақытына қорытынды дайындық жұмыстары (наряд-тапсырма, материалдар, аспаптар алу, техникамен, құжаттамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, жаңа өнімді өткізу және басқалары), технологиямен, еңбекті ұйымдастыруға байланысты, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерімен көзделген үзілістер, қызметкердің бос уақыты болмайтын жұмыс орнында жұмысты орындауға қатысқан уақыт, мерекелік және демалыс күндеріндегі кезекшілік, үйдегі кезекшілік және еңбек, ұжымдық шарттармен, Жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталатын басқа кезеңдер жатады.
Компания қызметкерлерінің еңбек режимі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Еңбек тәртібі ережесіне сәйкес анықталады.
Жұмыс уақытын реттеу кезінде еңбеккерлерге екі демалыс күнімен бірге бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.
28.Үздіксіз өндіріс режиміндегі еңбеккерлер үшін және өндіріс (жұмыс) талаптары күн сайынғы немесе апта сайынғы жұмыс уақыты сақталмайтын жекелеген жұмыс түрлеріне жұмыс уақытының жиынтықталған есебі енгізіледі, есепті кезеңнің ұзақтығы - бір күнтізбелік жыл.
1) Жұмыс уақытының жиынтықталған есебі кезінде күн сайынғы жұмыстың нақты ұзақтығы белгіленген нормадан көп немесе аз болуы мүмкін және бұл ауытқулар есепке алу кезеңі шеңберінде теңгерімделген. Мерзімнен тыс сағаттар күнтізбелік жылға бекітілген жұмыс уақытының теңгеріміне сүйене отырып, кесте бойынша ауысымнан жоғары емес (белгіленген барынша жоғары шекте), есептік кезеңдегі жұмыс уақытының қалыпты сағатынан жоғары сағаттар танылады.
2) Жұмыс уақытының жиынтықталған есебін белгілеу кезінде жұмыс аяқталғаннан оның келесі жұмыс күні (жұмыс ауысымы) басталуы арасындағы еңбеккердің демалысының ұзақтығын сақтау міндетті болып табылады.
3) Жұмыс уақытының жиынтықталған есебі кезінде күн сайынғы жұмыстың нақты ұзақтығы кестеде көзделгендегіден артық немесе кем болуы және бұл ауытқулар есепті кезең шеңберінде теңгерімделуі (өзара өшірілген) болуы тиіс.
4) осы Шарттың талаптарына сәйкес Жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмысы істелінген жұмыс уақытын есепке алу арқылы жүзеге асыруы тиіс. Жұмыс беруші Құрбан айттың бірінші күніне немесе 7 қаңтарға түсетін жұмысы істелген нақты сағатты тіркей отырып, бекітілген ауысым кестесіне сәйкес бұдан былай қызметкердің күндізгі ставкасына сүйене отырып, екі есе мөлшерден төмен емес ақы төлеуге міндеттенеді.
5) Мерекелік және демалыс күндерге, соның ішінде мұсылман күнтізбелігі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың бірінші күніне, 7 қаңтар – православиелік Рождество күні қызметкерлерді жұмысқа тарту кезінде жазбаша келісім талап етілмейді, егер осы күндер ауысым кестесіне сай жұмыс күндеріне келсе.
6) Жұмыс уақытының жиынтықталған есебін он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерге, жүкті әйелдер мен мүгедек қызметкерлерге қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс уақытының жиынтықталған есебі белгіленетін қызметкерлер санаттары Шарттың №1-қосымшасымен анықталады.
29. Ауысымдық жұмыс кезінде күнделікті жұмыс ұзақтығы (ауысым) Еңбек тәртібі ережелерімен және ауысым кестелерімен анықталады.
Қызметкердің жұмыстың аяқталуы мен келесі күні оның басталуы арасындағы күн сайынғы ауысым аралық демалысының ұзақтығы кемінде 12 (он екі) сағатты құрайды.
30. Атқарушы дирекция еңбеккерлері үшін жұмыс уақытының режимі Компанияның Еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес Компания Президентінің бұйрығымен, филиалдар (Өкілдік) еңбеккерлері үшін – филиалдардың директорларының (Өкілдік басшысының) бұйрықтарымен белгіленеді. Көрсетілген актілерде мыналар белгіленуі тиіс:
1) жұмыс уақытының ұзақтығы (жекелеген еңбеккерлер санаты үшін қысқартылған есебімен);
2) жұмыс аптасының ұзақтығы (бес күндік, алты күндік);
3) күн сайынғы жұмыстың (ауысым) ұзақтығы;
4) еңбеккердің жұмыс аяқталғаннан оның келесі күні басталуы (ауысым) арасындағы күн сайынғы демалысының ұзақтығы;
5) ауысым кестесі;
6) күн сайынғы жұмыстың басталуы мен аяқталуы;
7) түскі үзілістің басталуы мен аяқталуы және ұзақтығы;
8) өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыстардың тізбесі, еңбеккерлердің тамақтанатын және демалатын орнын Жұмыс беруші анықтайды;
9) суық уақытта ашық ауада, жылытылмайтын жабық пана-жайларда, тиеу-түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін жекелеген еңбеккерлерге жұмыс уақытына енгізілетін арнайы үзілістер беру тәртібі;
10) жұмыс уақытын есептеу тәртібі, жұмыс уақытының жиынтықталған есебін қолдану тәртібі;
11) еңбеккерлердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытына байланысты басқа да мәселелер;
12) мерзімнен тыс уақытты есептеу тәртібі.
31. Үздіксіз өндірістерде немесе демалыс күндері өндірістік-техникалық талаптар бойынша немесе халыққа тұрақты үздіксіз қызмет көрсетілетін болғандықтан жұмысын тоқтату мүмкін емес өндірістерде еңбек ететін қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) демалыс күндері аптаның басқа күндеріне қызметкерлер Өкілдерінің келісімі бойынша қабылданған Жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестелеріне сай кезекпен беріледі.
Демалыс және мереке күндері кәсіпорындарда туындайтын ағымдағы кезек күттірмес мәселелерді үздіксіз шешу үшін кезекшілік қойылуы мүмкін. Жұмыс беруші кезекшілік үшін демалыс күнін қызметкерге басқа күнге оның жалақысын сақтай отырып беруге міндеттенеді.
Іссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерін сол жіберілген жерде Жұмыс берушінің еңбек тәртібі ережесіне сәйкес пайдаланады.
Ашық ауадағы тікелей жұмыс орындарында немесе жылытылмайтын жабық орындарда -25°С төмен температура кезіндегі суық уақыттағы жұмыстары кезінде жылыну және демалу үшін арнайы үзіліс беріледі, ол жұмыс уақытына қосылады. Осы үзілістердің мерзімділігі әрбір 2 (екі) сағат сайын 10 (он) минутты құрайды.
Ашық ауадағы тікелей жұмыс орындарында немесе желдетілмейтін жабық орындарда -40°С жоғары температура кезіндегі ыстық уақыттағы жұмыстары кезінде демалу үшін арнайы үзіліс беріледі, ол жұмыс уақытына қосылады. Осы үзілістердің мерзімділігі әрбір 2 (екі) сағат сайын 10 (он) минутты құрайды.
32. Жұмыс уақытын есепке алу қызметкерлердің жалақысын есептеу үшін Жұмыс берушінің актісі болып табылатын жұмыс уақытын есепке алу табелінде жүргізіледі. Қызметкерлердің нақты жұмысы істелінген сағаттар саны туралы ақпарат жұмыс уақытын есепке алу табелінде дұрыс көрсетілмеген жағдайда Жұмыс беруші жауапты қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы. Жұмыс уақытын есепке алу табелінде Жұмыс беруші қызметкерлердің жұмысы істелген және жұмысы істелінбеген уақытын көрсетеді. Есепке алу кезінде жұмысы істелінген уақытқа жұмысы істелінген нақты жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жатқызылған уақыттың басқа кезеңдері жатады. Бұл ретте мерзімнен тыс атқарылған жұмыстар, түнгі уақыттағы, демалыстағы, мерекелік күндердегі жұмыстар, іссапарда болған кезең ескеріледі.
5. ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ
33. Демалыс, мереке және жұмыс күндері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шартпен және Жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.
Демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.
Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
-
негізгі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
-
қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
-
әлеуметтік демалыстар.
Қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) еңбектің қауіпті жағдайларымен айналысатын қызметкерлерге кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Осындай жұмыстардың тізбесі мен лауазымдар Шарттың №2-қосымшасымен айқындалады.
Әлеуметтік демалыстар деп ана болу, балалар күтімі, өндірістен қол үзбей білім алу және өзге әлеуметтік мақсаттар үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату.
Кодекспен көзделген демалыстарды Жұмыс беруші еңбек шартының мерзімі шеңберінде беруге міндетті.
34. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру талаптары мен тәртібі Компанияның еңбекерлеріне демалыс беру ережесіне және еңбек шартына сәйкес кемінде ұзақтығы 24 күнтізбелік күннен кем болмайтын мерзімге белгіленеді.
35. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезегі еңбек ұжымының өкілдерінің пікірін ескере отырып, Жұмыс беруші бекіткен демалыстар кестесінде анықталады. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын берудің бекітілген еңбек демалысын беру кезегі қызметкерлер, сол сияқты Жұмыс беруші үшін де міндетті болып табылады.
Өндірістік қажеттілікке байланысты демалыстар кестесі өзгерген жағдайда, Жұмыс беруші еңбеккерді бұл туралы кем дегенде еңбек демалысы басталғанға дейін екі апта бұрын хабарлауға міндетті.
36. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мынадай жағдайларда ауыстырылуы немесе толықтай немесе оның бөліктері ұзартылуы мүмкін:
1) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болғанда;
2) жүктілік және босану бойынша;
3) егер ол үшін жұмыстан босату заңнамада көзделген жағдайда, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында еңбеккердің мемлекеттік міндеттерін атқаруы.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы егер жоғарыда көрсетілген жағдайлар жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының басталуына немесе бірінші күнге дейін, яғни қызметкер еңбек демаоысының бірде бір күнін пайдалана алмаса, толығымен беріледі.
Егер қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақытында қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болуы, жүктілігі мен босануы бойынша демалысын алуы, мемлекеттік міндеттерді орындау сияқты оқиғалар болса, онда оның еңбек демалысының пайдаланылмаған бір бөлігін кейінге ауыстыруға құқығы бар.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын немесе оның бір бөлігін кейінге ауыстыру туралы шешімді қызметкер қабылдайды, ол Жұмыс беруші белгілеген жазбаша түрде немесе өзге нысанда жазылуы тиіс. Қызметкер өзінің жазбаша өтінішінде еңбек демалысының пайдаланылмаған бір бөлігін өз қалауы бойынша кейінге ауыстыру туралы көрсетіп ғана қоймай, егер ол ауыстырылған жағдайда демалысты немесе оның бір бөлігін кейін пайдалану нұсқасын ұсынады. Тараптардың келісімі бойынша кейінге ауыстырылған еңбек демалысы келесі жылдың еңбек демалысына қосылуы немесе басқа уақытқа жеке берілуі мүмкін.
Егер қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кезінде сырқаттанып қалса, онда қызметкер Жұмыс берушімен бірге демалысты кейінге қалдыру туралы мәселені демалыстан шығуына емес, еңбек демалысын кейінге ауыстыруға құқық беретін еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған сәттен шешуі тиіс. Басқалай айтқанда, еңбек демалысын кейінге қалдыру қызметкер аталған демалыста болған кезеңге ғана ауыстырылуы мүмкін және тараптар еңбекке уақытша қабілетінің болмауына айланысты немесе Кодекстің 108-бабының 1-тармағымен белгіленген өзге жағдайлар бойынша ауыстыру мәселесін шешуі тиіс.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің сырқаттанып қалған кезеңі үшін еңбекке уақытша қабілетінің болмауына байланысты уақтылы ауыстырылған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыз парағы бойынша ақы төленеді. Бұл ретте егер қызметкер Жұмыс берушіге еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін кейінге ауыстыруды ұсынса, онда ол жазбаша өтініш нысанында еңбек демалысын кейінге ауыстыруына байланысты пайдаланылмаған күндері үшін есептелген ақыны жалақысынан ұстап қалуға келісімін беруі тиіс. Бұдан кейін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерін беру кезінде қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.
37. Қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын оның жазбаша келісімі бойынша Жұмыс беруші үзуі мүмкін. Қызметкердің Жұмыс берушінің ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртібінің бұзылуы болып табылмайды.
Демалыстан кері шақыру қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі, сондықтан қызметкерді еңбек демалысынан кері шақыру кезінде Жұмыс беруші мен қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөлігінен кері шақырырлуына байланысты пайдаланылмаған күндерді беру тәртібін келесі нұсқаларды таңдай отырып шешкен жөн:
1) демалыстың пайдаланылмаған бөлігі ағымдағы жұмыс жылының ішінде беріледі;
2) демалыстың пайдаланылмаған бөлігі келесі жұмыс жылы кез келген уақытта беріледі;
3) демалыстың пайдаланылмаған бөлігі келесі жұмыс жылында еңбек демалысына қосылып беріледі.
Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген нұсқаларды таңдап әрі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыруға келісе отырып, қызметкер еңбек демалысы күндерінен кері шақырылуына байланысты пайдаланбаған күндері үшін есептелген соманы жалақысынан ұстап қалуға (қайтаруға) келісімін беруі тиіс. Осы талап демалысқа екі есе ақы төлеуді болдырмау үшін орындалады, өйткені еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерін берген кезде Жұмыс беруші берілетін ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының күндеріне ақы төлеуге міндетті.
Демалыстың басталуына үш күн қалғанға дейін демалыс ақысын алған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақыруға келіскен, кейіннен Жұмыс беруші пайдаланбаған еңбек демалысын басқа уақытқа берілетін қызмекер пайдаланбаған демалыс күндері үшін алған ақысын қайтаруы тиіс. Осылайша, қызметкер еңбек демалысынан кері шақыруға келісе отырып, пайдаланбаған еңбек демалысы басқа уақытқа берілген жағдайда жалақысынан ұстап қалуға бір мезгілде келісуі тиіс.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақыру кезінде пайдаланбаған еңбек демалысын басқа уақытқа берудің орнына қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленуі мүмкін.
Жасы он сегіз жасқа толмаған қызметкерді, жүкті әйелдер мен ауыр жұмыстарды, зиянды (өте зиянды), еңбектің қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан, сондай-ақ «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арал өңірідегі экологиялық апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жоғары радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін кері шақыруға жол берілмейді.
38. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын беру үшін филиалдардың қызметкерлермен жұмыс жөніндегі бөліміне/тобына, егер қызметкер Атқарушы дирекцияның қызметкері болып табылатын болса – АРБД-ға мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектік мәртебесін растайтын құжаттарды мүгедектік белгіленген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсыруы қажет. Осы Шартпен белгіленген растаушы құжаттарды ұсынбаған жағдайда Жұмыс беруші Жұмыс берушіні хабарландырған күннен бастап ғана қосымша демалыс беруге құқылы.
Қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалыс жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бірге бір мезгілде немесе мүгедек қызметкердің қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытына беріледі. Қосымша ақылы еңбек демалысын кестеден тыс жұмыс жылының басқа уақытында пайдаланғысы келген мүгедек қызметкер Жұмыс берушіге уақытында жазбаша түрде оны тиісінше ресімдеу жолымен хабарлауға міндетті.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары негізгі жыл сайынғы еңбек демалысымен бірге жиынтықталады, егер олар еңбек шартымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен (негізгі, экологиялық, мүгедектігі бойынша, зиянды немесе еңбектің қауіпті жағдайлары үшін) көзделсе.
39. Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге оқу демалысы емтиханға дайындалу және зачеттар мен емтихандарды тапсыру, зертханалық жұмыстарды жүргізу, диплом жұмысын (жоба) дайындау және қорғау үшін, сондай-ақ әскери-оқыту резервінің дайындық бағдарламасынан өту үшін беріледі. Оқу демалысына ақы төлеу оқу кезеңінен өткен әрбір жұмыс күні үшін 1 (бір) ЕЖМ мөлшерінде жүзеге асырылады, егер оқу «KEGOC» АҚ қызметінің саласындағы мамандықтар бойынша және атқаратын лауазымы мен атқаратын жұмысына сәйкес келмесе жүзеге асырылады.
40. «KEGOC» АҚ-ның тиісті саласындағы мамандықтар бойынша, сондай-ақ тиісті атқаратын лауазымы мен орындалатын жұмысына сәйкес келетін мамандық бойынша өндірістен қол үзбей жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын қызметкерлерге орташа жалақысы есебінен ақылы оқу демалысы беріледі.
41. Төменгі сынып жасындағы мектеп оқушыларын (4 сыныпты қоса алғанда) тәрбиелейтін ата-аналарға, асырап алушыларға және қамқоршы тәрбиешілерге Жұмыс беруші олардың өтініштері бойынша «Білім күнінде» жалақысы сақталмайтын демалыс береді. Егер, қос ата-ана «KEGOC» АҚ қызметкерлері болып табылса, олардың біреуіне олардың таңдауы бойынша беріледі.
42. Қызметкер мына жағдайларда 5 күнтізбелік күнге дейін жалақысы сақталмайтын қысқа мерзімді демалыс алуға құқығы бар:
1) неке тіркелу;
2) баланың тууылуы/асыр алуы;
3) жақын туысқандарының (жұбайының) (және) ата-аналарының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің қайтыс болуы.
Жалақысы сақталмайтын демалыс беру жазбаша өтініш негізінде растаушы құжаттарды ұсына отырып ресімделеді.
Басқа жағдайларда жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкер мен Жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша қызметкердің өтініші негізінде беріледі.
43. Қосымша ақылы демалыс «Семей ядролық сынау полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арал өңіріндегі экологиялық апаттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының қолданысы қолданылатын қызметкерлерге аталған заңдармен белгіленген ұзақтықпен беріледі.
44. Ана болу және жүкті әйелдің денсаулығын сақтау және жүктілігі мен босануы бойынша жүкті әйелге құқық беретін уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап медициналық қорытындыны Жұмыс берушінің орындауы мақсатында демалыс берілетін он күннен кешіктірмей жүкті әйел тиісті демалысты ресімдеуі тиіс. Жүктілігі мен босануы бойынша демалыс еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, осы демалыс түріне құқықты растайтын ДКК анықтаманы және өтінішті қызметкерлермен жұмыс бөліміне/тобына, АРБД ұсыну жолымен ресімделеді. Жүкті әйел осы Шартпен көзделген мерзімде қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда нақты беру күні көрсетілетін акті жасалады, ол осы Шарттың орындалмауын растайды және Жұмыс берушінің есебінен төлемдер алу құқығынан айырады.
Қызметкер егер жаңа туылған баланы асырап алған жағдайда Жұмыс беруші баланы асырап алған кезең үшін ата-аналардың біреуіне Кодекстің 194-бабына сай бала туылған күннен бастап елу алты күн аяқталғанға дейін демалыс береді.
45. Шартпен көзделген тәртіппен жүктілігі мен босануы бойынша демалыс уақтылы ресімделген жағдайда Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жүктілігі мен босануына байланысты табысын жоғалтуы жағдайына әлеуметтік төлемдер сомасын шегеріп, орташа жалақысының мөлшеріне сүйене отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа ақы төлейді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы асырап алуына байланысты табысын жоғалтуы жағдайына әлеуметтік төлемдер сомасын шегеріп, орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілігі мен босануы бойынша, жаңа туылған баланы асырап алған қызметкерлер демалысына ақы төлейді.
Жұмыс берушінің қаржы қызметтері жүкті әйел жүктілігі мен босануына байланысты Қордан төленген табысын жоғалтуы жағдайына әлеуметтік төлемдер мөлшері көрсетілген банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен (немесе) ұйымдарда ашқан банк шотының көшірмесін ұсынғаннан кейін ғана жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа ақы төлейді. Компания жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа Қордан жүктілігі мен босануына байланысты табысын жоғалтуы жағдайына әлеуметтік төлемдерді шегеріп, жүкті әйелдің орташа жалақысы мөлшерінде ақы төлейді, оның мөлшері банк шотының көшірмесімен ресімделеді.
Әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) беріледі. Жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы отыз апталық жүктіліктен бастап бір жүз жиырма алты күнтізбелік күндік (босануға дейін жетпіс күнтізбелік күнге және босанғаннан кейін елу алты күнтізбелік күнге) мерзімге беріледі.
Босану қиын болған, екі немесе одан көп бала туылған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша он төрт күнтізбелік күнге ұзартылады. Мұндай жағдайларда босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы бір жүз қырық күнтізбелік күнді құрайды.
Жүктілігі мен босануына байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздігі ұзартылған жағдайда қосымша он төрт күнтізбелік күнге Компания осы Шартпен көзделген тәртіппен және мөлшерде ұзартылған демалысқа ақы төлейді.
Жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа Жұмыс берушінің есебінен мына жағдайларда ақы төленбейді:
1) еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде нақты еңбек қатынастарын жалғастырып, осы Шарттың ережелерімен көзделген демалысты ресімдеу тәртібі бұзылған кезде Жұмыс берушіде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс уақтылы ресімделмегенде;
2) егер жүкті әйел 12 ай ішінде жалақысы болмаса жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа құқығы туындағанда.
46. Кодекстің 195-бабына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша бала күтімі бойынша баласы 3 (үш) жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі.
Бала күтімі бойынша баласы 3 (үш) жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс Жұмыс берушінің актісін шығару үшін аталған демалыс түріне құқықты растайтын баланың тууы туралы куәлігін немесе өзге құжатты ұсыну арқылы қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып, толығымен немесе оның бір бөлігі пайдаланылуы мүмкін. Қызметкер бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалысты тиісті негізде ресімдемесе, бұл еңбек тәртібінің бұзылуы ретінде қаралады. Жүктілігі мен босануы бойынша демалысы аяқталғаннан кейін жұмыс орнында қызметкер нақты болмаған жағдайда Жұмыс беруші қызметкерді Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы бойынша жұмыс орнында болмағаны үшін еңбек шартын бұзу түрінде қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Қызметкердің өтінішінде көрсетілген бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысынан бұрын шығуға жұмысты бастағанға дейінгі бір ай ішінде өзінің жұмысқа шығатын ниеті туралы Жұмыс берушіні жазбаша ескерткеннен кейін ғана жол беріледі. Егер мерзімінен бұрын шығуы туралы Жұмыс берушіні хабарландырған бір айлық мерзімде қызметкер мерзімінен шығатыны туралы пікірін өзгерткен жағдайда, онда ол Жұмыс берушіні жұмысқа шыққанға дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей екінші жазбаша өтінішін ұсыну жолымен хабардар етеді.
Бала күтімі бойынша баласы үш жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Қызметкер бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстан шыққаннан кейін демалысқа шыққанға дейінгі белгіленген лауазымдық айлық ақы/тарифтік ставка (индексация жүргізілмеген) сақталады.
Бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі.
47. Осы бөлімде көрсетілгендердің барлығы Жұмыс берушінің нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
6. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
48. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, қызметкерлерге еңбекақы және сыйақы төлеу мәселелері жөніндегі ІНҚ-ға сәйкес жүргізіледі.
49. Еңбекақы төлеу жүйесіне: лауазымдық айлықақы (тарифтік ставка), лауазымдық айлықақыға (тарифтік ставкаға) үстеме және қосымша ақылар, есепті кезеңдегі (тоқсан, жарты жыл, жыл) жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы, басшы және басқарушы еңбеккерлерге жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы енеді.
50. Қызметкерлерге айлық жалақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін айына кеміне бір рет, келесі айдың 10-нан кешіктірілмей жүргізіледі.
51. Барлық төлемақы қызметкердің банктік карточкасына аударылады немесе Компаня кассасынан қолма-қол ақшамен беріледі. Қызметкердің карточкаларға қызмет көрсету бойынша Компания шарт жасасқан банк шығарған банктік карточкасына ақша аудару кезінде банктің жалақы сомасын қызметкердің карт-шотына аударғаны үшін ұстайтын сыйақысын Компания төлейді.
52. Компания қызметкеріне лауазымдық айлықақы (тарифтік ставка) лауазымдық айлықақылар схемасына (тарифтік ставкаларға) сәйкес қызметкер біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен шарттарына орай еңбек шарты арқылы белгіленеді.
53. «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жалақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
54. Жұмыс беруші көрсетілген қызмет көлемдерінің жоспарлы ұлғаюы не еңбек өнімділігінің өсуі кезінде тиісті мезгілге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалған инфляция деңгейі тұрғысынан жалақы қорын индекстеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
55. Өндірістік және қызмет көрсетуші персоналға мынадай үстемеақы және қосымша ақы түрлері белгіленеді;
1) жоғары біліктілігі үшін;
2) қалқандағы жұмыс үшін (оперативті қызмет) – аға диспетчерге, диспетчерге, қосалқы станцияның кезекші инженеріне және қосалқы станцияны қызмет көрсету жөніндегі электрмонтеріне;
3) уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай атқарғаны үшін;
4) қызметтерді қоса атқарғаны үшін;
5) қызмет көрсету аймағының кеңейтілгені үшін;
6) біліктілігі үшін (үш және одан асқан санаттардың болуы) – жүргізушілерге (ЖО ҰДО жүргізушілерінен басқа), автомұнаралар мен автогидрокөтергіштердің, автомомобиль крандарының машинистеріне;
7) саны 5 адамнан кем емес бригаданы басқарғаны үшін – жұмысшылар ішінен бригадирлерге;
8) зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайлары үшін;
9) түнгі уақыттағы жұмыс үшін;
10) демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін;
11) мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін;
12) вахталық жұмыс әдісі үшін;
13) Семей ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрғаны үшін;
14) Арал маңындағы экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін;
15) тәлімгерлік үшін;
16) заңнамамен көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақы түрлері.
55.1 Қызметтерді қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені үшін үстемеақылар еңбекақының жоспарлы қоры шегінде өндірістік және қызмет көрсетуші қызметкердің негізгі лауазымы (кәсібі) бойынша лауазымдық айлықақысының (тарифтік ставкасының) 50%-нан аспауы тиіс.
55.2 Жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін атқарған жағдайда осы міндеттер жүктелген қызметкерге оның лауазымдық айлықақысы мен болмаған қызметкердің айлықаақысы арасындағы айырма (қосымша және үстемеақысыз) егер де қызметкер штат бойынша орынбасар болмаған жағдайда төленеді.
55.3 Жоғары біліктілігі үшін үстемеақы «KEGOC» АҚ филиалы директорының шешімі бойынша белгіленеді және алынып тасталады (бас инженер, бас инженердің орынбасары–ӨДО бастығы, ЖО ҰДО бас диспетчері, филиал директорының орынбасарына – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының шешімі бойынша).
55.4 Қалқандағы жұмыс үшін (оперативті қызмет) үстемақы жоғары психологиялық жүктеме үшін мына мөлшерде белгіленеді: ЖЭТ филиалында – лауазымдық айлықақының 20%-нан аспайды, ЖО ҰДО филиалында – лауазымдық айлықақының 10%-нан аспайды.
55.5 ЖЭТ филиалдарының өндірістік және қызмет көрсетуші персоналдарына зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайлары үшін үстемеақы жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша белгіленеді (аттестация жүргізілгенге дейін – осындай кәсіптердің филиал директоры бекіткен уақытша тізбесі бойынша) және жұмысшының нақты жұмыс уақыты үшін мұндай жұмыс орындарында мына мөлшерде есептелінеді: лауазымдық айлықтан (тарифтік ставкадан) 12%-ға дейін – зиянды жұмыс жағдайындағы жұмыс үшін, лауазымдық айлықақыдан (тарифтік ставкадан) 24%-ға дейін – ерекше зиянды жұмыс жағдайындағы жұмыс үшін. Шеберлерге, учаскелер мен цех бастықтарына, басқа мамандарға олардың учаскелердегі, цехтар мен өндірістердегі ұдайы жұмысбастылығы кезінде жұмысшылардың жартысынан астамы зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайлары үшін қосымша ақы алатын жерлерде ( жұмыс уақытының кемінде 50%) осыған ұқсас қосымша ақылар белгіленеді.
55.6 Үздіксіз өндіріс режиміндегі қызметкерлерге түнгі уақыттағы (сағат 22.00-ден таңғы сағат 6.00-ға дейін) жұмысы үшін қызметкердің күндізгі (сағат бойғы) ставкасынан 60% мөлшерде қосымша ақы белгіленеді.
Үздіксіз өндіріс режимінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге түнгі уақыттағы (сағат 22.00-ден таңғы сағат 6.00-ға дейін) жұмысы үшін қызметкердің күндізгі (сағат бойғы) ставкасынан 50% мөлшерде қосымша ақы белгіленеді.
55.7 Түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы түнгі уақыттағы нақты жұмыстың әрбір сағаты үшін кесте бойынша нақты жұмысқа сәйкес жасалған жұмыс уақытын есепке алу табелі негізінде жүргізіледі.
55.8 Мерзімінен тыс жұмысқа ақы төлеу қызметкерге белгіленген айлық тарифтік ставка (қызметақы) тұрғысынан бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.
55.9 Мерзімінен тыс жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстардағы, зиянды жұмыстардағы (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайындағыларға – бір сағаттан аспауы тиіс. Мерзімінен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауы тиіс.
55.10 Жұмыс қызметкердің күнделікті міндеттеріне жататынына немесе қызметкер Жұмыс беруші тапсырмасын орындағанына қарамастан мерзімінен тыс деп танылады.
55.11 Мерзімінен тыс жұмыстарға тартуға заңнамада көзделген жағдайлардан басқа ретте, тек қана еңбеккердің келісімімен жол беріледі.
55.12 Ауыр жұмыстармен, зиянды жұмыстармен (аса зиянды), қауіпті еңбек жағдайларымен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен салалық келісіммен белгіленген еңбекақы төлеудің ең төменгі стандартынан кем жүргізілмейді.
55.13 Жинақталған есеп кезінде есепті мезгіл ішіндегі жұмыс сағаттарының нормасынан тыс сағаттар мерзімінен тыс деп танылады. Бұл ретте есепті мезгілдің жұмыс уақыты сағаттарының нормасынан тыс артық істеу (мерзімінен тыс жұмыс) күнделікті жұмыс уақытын қысқартумен не осы мезгіл шеңберінен тыс қосымша демалыс күндерімен (демалыс алу) өтеле алады.
55.14 Егер ай ішіндегі нақты жұмыс уақыты жұмыс уақыты нормасынан артық не кем кездегі жұмыс уақытын жинақтап есептеу қолданылса, ауытқулар есептік мезгіл шеңберінде теңгерілуі (өзара өтелуі) тиіс.
55.15 Жұмыс уақытын жинақтап есептеу кезіндегі еңбекақы төлеу ауысымдық кесте бойынша нақты істелінген жұмыс уақыты үшін жүргізіледі. Бұл ретте жалақыны есептеу тарифтік ставка (лауазымдық айлықақы) тұрғысынан есептелген сағат сайынғы тарифтік ставка және тиісті жылға арналған жұмыс уақытының теңгеріміне сәйкес жұмыс уақытының айлық нормасы бойынша жүргізіледі.
55.16 Мереке және демалыс күндердегі жұмыстарға ақы төлеу сағаттық (күндік) ставканың екі есе мөлшерінде жүргізіледі.
55.17 Мереке және демалыс күндердегі жұмыстарды өтеу қызметкердің қалауы бойынша «KEGOC» АҚ филиалдарындағы жұмыс уақытын жинақтап есептеу белгіленетін үздіксіз өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерден басқаларға қосымша демалыс күнімен алмастырылуы мүмкін.
55.16 Жинақтап есептеу кезінде барлық еңбеккерлерге мереке күні нақты жұмыс істелген сағаттар үшін екі есе мөлшерде төлемақы жүргізіледі. Мереке күніне жұмыс ауысымының бөлігі тап келсе, онда мереке күндері нақты жұмыс істелген сағаттарға екі есе мөлшерде төленеді.
55.17 Филиалдардағы жұмыс уақытын жинақтап есепке алу белгіленетін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістердегі қызметкерлерге мереке және демалыс күндердегі жұмыс жұмыс уақытының айлық нормасына кіргізіледі. Бұл ретте есепті мезгіл ішіндегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі белгілеген нормадан аспауы тиіс.
Ауысымдық жұмыс кезіндегі демалыс күндері кәсіподақ органдарымен (еңбеккер өкілдерімен) келісім бойынша қабылданған Жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысымдық кестеге сай аптаның әртүрлі күндері беріледі.
55.18 Біліктілігі үшін үстемеақылар жүргізушілерге, автомұнаралар, автогидрокөтергіштер, автомобиль крандары мен экскаваторлар машинистеріне мынадай мөлшерлерде белгіленеді: үш санаты барларға – айлық лауазымдық айлықақының 15%-на дейін, санаты үшеуден асқандарға – 20%-ға дейін («А» санатын ескермегенде).
55.19 Жұмысшылар арасынан бригадирлерге бригадаға басшылық жасағаны үшін лауазымдық айлықақының 10% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
55.20 Жұмысты ұйымдастырудың вахталық әдісі кезінде есепті кезең барлық жұмыс уақытын, филиалдың орналасқан жерінен не жиналған орнынан жұмыс орнына және кері жолындағы уақыты, сондай-ақ осы күнтізбелік уақыт бөлігіне келетін демалыс уақытын қамтиды. Бұл ретте есепті кезең ішіндегі жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі белгілеген нормадан аспауы тиіс;
Вахталық әдіспен жұмыс атқаратын қызметкерлерге (вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұжымдарды қызметтеу жүктелген еңбеккерлерді қоса отырып) вахта мезгілінде жұмыс жүргізілетін орындарында болған әрбір күнтізбелік күн, сондай-ақ филиалдың орналасқан жерінен (жиналу орнынан) жұмыс орнына және кері жолындағы нақты болған күндері үшін вахталық жұмыс әдісі үшін үстемеақы Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті қаржылық жылға арнап жыл сайын бекітетін айлық есептік көрсеткіштің 55% мөлшерінде төленеді.
55.21 Арал маңындағы экологиялық апат аймақтарында, Семей ядролық сынақ алаңында ядролық сынақтар әсеріне душар болған аумақтарда тұрғаны үшін қосымша еңбекақы мөлшері, төлемақы жүргізу тәртібі мен шарттары «Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», «Семей ядролық сынақ алаңында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
55.22 Тәлімгерлік үшін сыйақы мөлшерін аттестациялық комиссия тыңдау және әңгімелесу нәтижелері бойынша анықтайды және тәлімгерлік жасалған әрбір ай үшін сынақтан өтушінің даярлық деңгейі ескеріле отырып 10 айлық есептік көрсеткіштерге (АЕК) дейінгі мөлшерде белгіленеді.
56. Әкімшілік қызметкерлерге мынадай қосымша ақы түрлері белгіленеді:
- қызметтерді қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының ұлғаюы) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарған кезде өзінің негізгі жұмысынан босатылмай негізгі жұмысы бойынша лауазымдық айлық ақысының 30% аспайтын қосымша ақы белгіленеді;
- Семей ядролық сынақ алаңында ядролық сынақтар әсеріне душар болған аумақтарда тұрғаны үшін;
- Арал маңындағы экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін.
57. «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне сауықтыру үшін кемінде екі лауазымдық айлықақы/тарифтік ставка мөлшерінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына материалдық көмек көрсетіледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына материалдық көмек мөлшері «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жылға арналған бюджетінде белгіленеді. Сауықтыру үшін материалдық көмек қызметкерлерге күнтізбелік жылда бір рет оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (немесе демалыс бөлігі) берілген кезде толық көлемде есептелген демалыс ақысы сомасымен бірге төленеді.
58. Жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру, басшыларды (Атқарушы дирекция номенклатурасына енбейтін) және мамандарды аттестациялауды филиал дербес жүргізеді.
59. Қызметкерлерге барлық төлемақы түрлері «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
60. Қызметкерлер еңбекке жарамсыздық парағын Жұмыс берушіге уақытша еңбекке жарамсыздығы аяқталған бойда жұмысқа шыққан күні көрсетуге міндеттенеді, сондай-ақ ол егер де еңбекке жарамсыздығы жалғаса берген жағдайда да төлеуге көрсете алады. Жәрдемақы жалақыны төлеу үшін белгіленген мерзімде төленеді.
61. Жұмыс берушінің кінәсынан жалақы төлеу мен басқа да еңбек шартын бұзуға байланысты төлемақылар кешіктірілген кезде Жұмыс беруші еңбеккерге борыш пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша жалақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне белгіленеді, төлемақылар жүргізілетін күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін есептелінеді және төлеу күнімен аяқталады.
62. «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде төленуі мүмкін.
63. Есепті тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы «KEGOC» АҚ бюджетінде қызметкердің тоқсандағы бір лауазымдық айлықақысынан (тарифтік ставка) аспайтын мөлшерде жоспарланады.
64. Жыл басынан бастап өсіп келе жатқан үйлестірілген таза табыстың (жиынтық табыс) болуы қызметкерлерге есепті тоқсан ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге негізгі көрсеткіш болып табылады.
65. «KEGOC» АҚ тізімдік құрамындағы қызметкерлерге ынталандыруды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай біржолғы сыйлықақы төлеу жүргізілуі мүмкін. Сыйлықақы мөлшері осы мақсаттарға жоспарланған қаражат шегінде белгіленеді.
66. «KEGOC» АҚ қызметкерлеріне инновацияларды ынталандыру және қызмет тиімділігін арттыру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін шығарылатын өнімнің/көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, шығындарды қысқартуға, ысыраптарды жоюға бағытталған өнертапқыштық қызмет, сондай-ақ еңбек, шикізат, отын-энергетикалық және басқа материалдық, қаржылық ресурстардың үнемдеуін немесе өзге де оң тиімділік беретін басқарушылық шешім үшін сыйақы төлеу жүргізіледі.
67. Қызметкерлерді қосымша материалдық көтермелеу мақсатында бірінші жарты жылдық ішіндегі жұмыс пен еңбекақы қаражатын үнемдеу есебінен жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы төленеді.
68. Бірінші жарты жылдық ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы өндірістік жұмыстағы жекелеген қызметкерлерге есепті кезең ішіндегі ерекше маңызды жобаларды (тапсырмаларды, жұмыстарды) атқарғаны үшін төленеді. Бұл ретте сыйлықақы төлеуге есепті кезеңнің бірінші жартыжылдығы ішіндегі еңбекақы қорының елу пайызынан аспайтын үнемделген қоры (ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде сауықтыру үшін материалдық көмекке және сыйлықақы төлеуге арналған қаражаттың үнемделуін ескермегенде) пайдаланылуы мүмкін.
69. Жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы жекелеген еңбеккерлерге жоғары жұмыс нәтижелері, есепті кезең ішіндегі ерекше маңызды жобаларды (тапсырмаларды, жұмыстарды) атқарғаны үшін төленеді.
70. Еңбекақыға арналған қаражатты үнемдеу есебінен сыйлықақы беру кезінде кезінде шекті сыйлықақы мөлшері еңбеккердің екі лауазымдық айлықақысынан (тарифтік ставка) аспауы тиіс.
71. Жартыжыл/жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы төлеуге ұсынылатын «KEGOC» АҚ еңбеккерлерінің тізімі мен әрбір қызметкерге сыйлықақы беру коэффициенті алқалы атқарушы органның – «KEGOC» АҚ Басқармасының шешімімен бекітіледі.
72. «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің ең төменгі тарифтік ставка (айлықақы) мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы аясындағы салалық келісімге сай салалық коэффициент бойынша есептелген ең төменгі еңбекақы стандартынан кем болмауы тиіс.
7. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ
73. Қызметкерлердің кәсіби шеберлігін дамыту және олардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру мақсатында Жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:
1) 3 жылда кемінде бір рет басшылар мен мамандарға кезектен тыс аттестациядан басқа аттестаттауды жүргізу. Филиал басшылары өндірістік жағдайларды ескере отырып, жоспарлы аттестаттауды жүргізу мерзімін аттестация комиссиясының шешімі бойынша жетекші басшының негіздемесін ескере отырып, бірақ та 3 айдан аспайтын мерзімге ауыстыра алады. Бір жыл істеген қызметкер жұмысын бағалау кезінде оларды аттестаттау «KEGOC» АҚ-та атқарған лауазымындағы жұмыс өтілі бір жыл өткен бойда жүргізілуі тиіс;
- кадрлардың резервін қалыптастыру;
- мамандар мен жұмысшы кадрлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру (үш жылда кемінде бір рет және бір жылда екі реттен аспайтын, бұл ретте шетелде жылына кемінде бір рет (оқытудың міндетті түрлері мен АҚ, ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыс саласындағы білімін тексеруді, Мемкентехқадағалау және т.б. бақылауындағы оқыту мен кәсіптерді аттестаттауды қоспағанда);
- жұмыс орындарында техникалық оқуды өткізу;
2) қызметкерлердің біліктілігіне, құзыреттілігі мен деңгейлеріне қойылатын ағымдағы және келешектегі (болжанатын) талаптарды анықтау;
74. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерді оқытуға және жұмыс берушінің мүддесіне сай кадрларды әзірлеу үшін оқытуға жіберуге құқылы.
Жұмыс беруші қызметкерлерді даярлау және біліктілігін артттыру үшін еңбекақы қорының кемінде 1,5 пайызын бөлуге міндеттенеді.
Қызметкерді біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға немесе өндірістен қол үзіп оқытуға жіберген кезде оның жұмыс орны (лауазымы) және оқыту мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері ішіндегі орташа жалақысы сақталады.
75. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқыған, біліктілігін арттырған немесе қайта даярлықтан өткен қызметкер аталған Жұмыс берушіде еңбек шарты мен оқыту шартында тараптармен келісілген мерзімде жұмыс істеуге міндетті.
76. Қызметкердің бастамасы бойынша оқыту шарты белгілеген мерзімге дейін немесе Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбеккердің кінәсінен еңбек шарты бұзылған жағдайда (Кодекстің 54-бабы 1-тармағы, 6)-13), 16) тармақшалары бойынша) қызметкер жұмыс берушіге оның оқуына байланысты, өтелмеген жұмыс уақытына теңдей етіп еңбек шарттары мен оқыту шартына сәйкес шығындарды қайтарады.
8. ЖҰМЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ, ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Еңбек қорғау – қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісіндегі қауіпсіз өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жүйесі, бұған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдар енеді;
Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік жәйттердің әсерін болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген еңбеккерлердің қорғаныштық жай-күйі;
Қауіпсіз еңбек жағдайлары – Жұмыс беруші жасайтын еңбек жағдайлары, бұл ретте қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік жәйттердің әсері болмайды немесе олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормасынан аспайды;
Еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – қызметкердің қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын өкілі.
77. Жұмыс беруші қолданыстағы еңбекті қорғау жөніндегі заңнама мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес:
1) бюджетте бекітілген қаражатқа орай жоспарланған еңбекті қорғау іс-шараларын орындауға;
2) ұйымдастыру және техникалық іс-шаралардың жоспарланған кешенін белгіленген мерзімде орындауға;
3) басшы, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен еңбекті қорғау жөніндегі комитеттердің мүшелерін нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімде оқытуға және білімдерін тексеруге;
4) қызметкерлерді медициналық тексерулерден уақытында және сапалы өткізілуін ұйымдастыруға;
5) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаунамалардың барлық түрін уақытында және сапалы өткізуге, әрбір қызметкерді оның жұмыс орнында жұмыстың жағдайларына қойылатын нормативтік талаптар туралы, сондай-ақ осы жағдайлардың нақты жай-күйі туралы (ақпаратта өндірістік ортаның нақты жай-күйі, еңбек режимі және демалыс, өтемақылар, қорғану құралдары туралы деректер қамтылуы тиіс) харбардар етуге. Еңбек жағдайларының сипаттамалары, ауыр жұмыстар мен зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстар үшін өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкермен жасасқан еңбек шарттарында көрсетілуі тиіс;
6) ауру мен жарақат алуды азайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға. Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары мен оларға шығыстар сметасын филиалдың директоры «KEGOC» АҚ-ның ағымдағы жылдағы бюджетінде көзделген қаражатының шегінде бекітеді;
7) барлық еңбеккерлерді белгіленген тәртіппен жеке қорғану құралдарымен және қауіпсіз жұмыс үшін айлабұйымдармен, арнайы киіммен және қолданыстағы нормалардан кем емес арнайы аяқ киіммен қамтамасыз ету;
8) қызметкердің кінәсінен емес өзінің қорғану қасиетін жоғалтқан арнайы киімді, арнайы аяқ киім мен басқа жеке қорғану құралдарын ауыстыру мен беруді уақытында жүргізу. Егер қызметкердің кінәсінен бүлінген болса, онда ол Жұмыс берушіге келтірілген залалды өтейді;
9) қызметкерлерге белгіленген тәртіппен еңбектің зиянды жағдайларындағы зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге жұмыс орындарын аттестаттау кезінде жасалған еңбек жағдайларының карталарына сәйкес тегін сүт беруді қамтамасыз етуге;
10) «Еңбеккерлерге Жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт, емделу-алдын алу тамақ, арнайы киім-кешек, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке-дара қорғаныш құралдарын беру, еңбеккерлерді ұйымдық қорғаныш құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық пана-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын; еңбеккерлерге Жұмыс берушінің қаражаты есебінен сүт беру нормаларын; еңбеккерлерге Жұмыс берушінің қаражаты есебінен емделу-алдын алу тамақ беру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.12. 2011 жылғы №1458 қаулысына сәйкес ай сайын санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары бойынша арнайы киім-кешекпен, арнаулы аяқ киіммен, ЖҚҚ-мен тегін қамтамасыз етілуге жататын еңбеккерлерге жуатын құралдар (250 г дәретхналық және шаруашылық сабыны) беруге;
11) қызметкерлердің білімдерінің техникалық және арнайы деңгейін арттыру, осы үшін еңбеккерлермен жұмыс істеу ережелерінде көзделген оқытудың барлық түрлері мен нысандарын пайдалана отырып, еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуға міндеттенеді.
78. Өндірістегі әрбір жазатайым оқиға бойынша Жұмыс беруші еңбек ұжымының уәкілетті өкілінің қатысуымен (ауыр, өлімге алып келген және топтық жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясы өкілінің қатысуымен) жарақаттардың себептерін тексеру жөніндегі арнайы комиссияны құрады және еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша актіні және басқа материалдарды ресімдейді.
79. Жұмыс беруші мен еңбек ұжымының өкілі еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды сайлайды, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлардың еңбекті қорғау жөніндегі комитеттің (комиссияның) құрамын (сайлауын) жаңалап отырады, еңбектің жағдайларына және оны қорғаудың жай-күйіне әкімшілік-қоғамдық бақылауды ұйымдастырады.
9. ҚЫЗМЕТКЕРГЕ ЕҢБЕК ҚАБІЛЕТІН НЕМЕСЕ ӨМІР ТІРШІЛІГІН ЖОҒАЛТҚАН ЖАҒДАЙДА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ
Жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:
80. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті сақтандыруын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыруға.
81. Өндірісте жазатайым оқиғаның салдарынан еңбекке деген қабілетін толығымен немесе ішінара жоғалтқан қызметкерге немесе қызметкер қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарына (жұбайы, балалары, ата-аналары) мынадай мөлшерде біржолғы көмек төлеуге:
еңбеккердің үш еселік жылдық жалақысы – ол қайтыс болған жағдайда;
еңбеккердің бір жарым есе жылдық жалақысы – еңбеккерге бірінші топтық мүгедектік берілген кезде;
жылдық жалақысы – еңбеккерге екінші топтық мүгедектік берілген кезде;
жарты жылдық жалақы – еңбеккерге үшінші топтық мүгедектік берілген кезде.
Біржолғы көмек жұмыс орнында маскүнем күйінде немесе есірткі пайдаланған кездегі жағдайларын қоспағанда, еңбеккердің кінәлі болу дәрежесіне қарай төленеді.
82. Өндіріспен байланысты жазатайым оқиға нәтижесінде қаза болған қызметкердің баласына (балаларына) ай сайын олардың кәмелеттік жасқа (18 жаса) жетуіне дейін 1 айлық жалақы мөлшерінде (АЖМ) материалдық көмек төленеді.
83. Қызметкер аурудан не тұрмыста жазатайым оқиғадан қайтыс болған жағдайда қайтыс болуы туралы куәлік тапсырушы өлген адамның отбасына материалдық көмек Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақының он еселік мөлшері сомасында төленеді.
10. КЕПІЛДЕМЕЛЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
84. Еңбеккерлерге мына жағдайларда жұмыс орны (лауазымы) мен орташа айлық жалақысы сақталады:
1) Жұмыс беруші еңбеккерді мерзімдік медициналық тексерілуге жібергенде, сондай-ақ тексерілген және қан тапсырған күндерде;
2) Жұмыс берушінің еңбеккерді жарыстарға, спартакиадалар мен басқа да іс-шараларға қатысу үшін жіберген кезінде;
-
Еңбеккерді қызметтік іссапарларға жібергенде;
-
әскерге шақырылушының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы бойынша медкомиссия өту уақытына.
85. Қызметтік іссапарға жіберілетін еңбеккерлерге және біліктілігін арттыру курсына іссапарға жіберілген кезде ІНҚ-ға сәйкес іссапарлық шығыстар төленеді.
86. Еңбеккерлерге Жұмыс берушінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалпы аурумен ауыруына байланысты еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде төленеді.
87. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетіледі және Жұмыс беруші актілерімен бекітілген ІНҚ-ға сәйкес біржолғы төлемдер төленеді.
88. Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, ұзақ және мінсіз жұмысы және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін қызметкерлерді көтермелеудің мынадай түрлері қолданылады:
-
алғыс жариялау;
-
Құрмет грамотасымен марапаттау;
-
мемлекеттік наградаға, құрметті атақтарға және басқаларға ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |