Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек



бет10/22
Дата03.01.2022
өлшемі219 Kb.
#450846
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Елбасы Н

Технологияның кезеңдері:
• Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою .
Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері,іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады.

Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар.


Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т.б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л,В. Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады.Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім - оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс- әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп , оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет