Жұмыс істейтін жастар үшін жұ­мыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету маңызды мәселе. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек


ҰБТ – ке дайындауда интерактивтік тақтаның көмегі



бет8/22
Дата03.01.2022
өлшемі219 Kb.
#450846
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Елбасы Н

ҰБТ – ке дайындауда интерактивтік тақтаның көмегі:

-                          электрондық түрде сақталған ақпаратты оқушылардың білімдерін саралап қорытындылауға пайдалануға болады;

-                          бір мезгілдесыныпоқушыларының алдыңғы тапсырған тест жұмыстарының сараптамасын ала отырып, олардың білімдерінің диаграммалық салыстыруларын көре аламыз;

-                          ҰБТ-ке байланысты интернет желісіндегі жаңалықтардың қажеттісін жеке папкаға жинақтап қолданамыз;

Интерактивті тақтаны пайдалану сабақты жаңаша әдіспен түсіндірумен оқушылардың назарын аударады, жалпы физикаға қызығушылығын арттырады. Оқушылар сабаққа дайындалуға белсенді түрде кіріседі, бұл олардың оқу – зерттеу жұмыстарын да шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыларын дамытады, тек физика пәнін оқытуда ғана емес, информатика және мультимедиялық білім алуда жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

         Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану, үйлесімді тәжірибе ғана мұғалімді табысқа жетелеп, теориялық білімін шыңдай түседі. Ең қиыны оқытудың бүкіл әдіс-тәсілдерін белгілі ізге салып, сабақтың құрылысын қазіргі заман талабына сай қайта құру. Адамгершілігі жетерлік сауатты, білімді мұғалім өзінің әрбір сөзіне, сөйлеміне, сырт көрінісіне талғаммен қарап, шәкірттерге де талап қойып, үйретуден жалықпай, түсінбей қалса, оларды кінәламай, сабырлықпен сөйлеп, оқумен бірге тәрбие беріп отыру негізінде мақсатқа жете алады.

         Оқытудың әдістерінің, сабақ түрлерінің молдығы, оқушылардың оқу процесінің элементтеріне ретімен, жүйелі араласып отыруы, оларды шебер пайдалану - әрбір пәнді оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. Сабақтың алдында мынандай міндеттер тұрады:

-                          оқушыларға терең білім беру, іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, қалыптастыру;

-                          өз бетінше оқуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімді практикада қолдана білуге баулу, ойын дамыту, оқуға, білімге деген көзқарасын қалыптастыру, жүйелі оқытудың қажеттілігін ұғындыру.

         Қазіргі өткізіліп жүрген сабақ жүйесінің негізгі алға қояр мақсаты: оқушылардың қабілетін дамыту, білімдерін шығармашылықпен толықтырып, практикада қолдана білуге үйрету, икемділігін қалыптастыру, ойын реттеуге, білімді ептілікпен игеруге қабілеті жеткендігіне оқушылардың сенімін арттырып, оқуға ынталандыру.

         Шығармашылық есептерді шығару оқушылардан шығармашылық іс-әрекеттерді керек етеді. Шығармашылық іс-әрекеттердің анықталған нақты бір операциялар жүйесінің болмауы физиканы оқыту процесінде педагогикалық маңызды қиыншылықтарды туындатады. Біз шығармашылық есептерге оқушының есептің шарты қоятын мақсаттарды шешу жолында есептің идеясын, ондағы жаңа нәрсені, белгісіз амалдар тәсілін табуға, есепті шығаруға төмендегідей іс-әрекеттерді пайдалануға болатын есептерді жатқызамыз. Олар келесі іс-әрекеттер:

-                          физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білуі, көріп бақылаған   құбылыс  пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білуі;

-                          бір физикалық объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай білуі;

-                          қарастырып отырған физикалық құбылыстың және объектінің сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі;

-                          фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдау;

-                          қойылған сұрақтар бойынша проблеманы, есепті тұжырымдай білуі;

-                          қажет болған жағдайда проблеманың эксперименттік қойылуы.

Қоғамда туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен мазмұны, міндеттері әлемдік деңгейге сәйкес келетін біліммен қаруланған оқушылар дайындауды қажет етеді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты, өресі биік, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеудегі басты тұлға – ұстаз. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана реалды жаңару жолына шыға аламыз. Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ болып қалыптасқан. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсат – мұғалімнің алға қойған жоспарын көрсетеді. Қазіргі жаңа интерактивті әдістердің алға қойған мақсаты бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамыту болып табылады.

Физика пәніне оқушының қызығушылығын арттырып, түрлендіре жүргізсе, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ол мұғалімнің пәнге сүйіспеншілігі мен қажырлы еңбегі арқасында жүзеге асатыны хақ.

Қорытынды жасай отырып, жаңа интерактивті әдістерді  әр сабақта шеберлікпен қолдана білу пәнді оқытудың сапасын арттыратынына сенімім мол.

Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор.

Технология ұғымына әр түрлі анықтама беріледі. Соның біреуін келтіретін болсақ:

Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін ғана емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.

Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» – бірлесіп, өзара, «act» – әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.

Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру.         Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.

Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы,  негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болап табылады. Және интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі.

Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады. Қазіргі нарықтық қоғамда интерактивті тақталардың ондаған түрлері бар (ActivBoard, White Board т.б). Және олардың әрқайсысының өз бағдарламалық қамсыздандыруы, соған байланысты әр тақтаның ұсынатын өз құралдары болады. Мен Activ Inspire бағдарламасының мүмкіндіктеріне тоқталсам ба деп едім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет