сабақ құрылымының икемділігі;
оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
дидактикалық ойындар;
интенсивті өзіндік әрекет;
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.
Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясыСаралап (деңгейлеп) оқыту технологиясының психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің “оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы“актуальді даму” аймағынан “жақын арадағы даму” аймағына ауысу “ теориясы.
Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей-“міндетті, білім алушылық”, екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық және төртінші – шығармашылық деңгейлердегі қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |