Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі


Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтерді апробациялау (тексеру)



бет5/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#169777
1   2   3   4   5

13. Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтерді апробациялау (тексеру)
Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтер жиынтығының әзірленген жобаларын (алғашқы редакцияларын) апробациялауды олардың әзірленуін немесе апробациялауды басқаратын жетекші ұйым ұйымдастырады.

Апробациялау мақсаты – ұйымдарда нақты нормативтік жиынтықты практикалық түрде пайдалануды зерттеу.

Бұл үшін:

жиынтықта қабылданған ұйымдық-техникалық шарттардың ұйымдағы бар немесе қамтылуы мүмкін техникалық жабдықтау, технологиялар, еңбек және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне сәйкестігін; нормалар мен нормативтерді есептеу үшін қабылданған әсер етуші факторларды таңдау дұрыстығын;

жұмыстың кең таратылған және сипаттамалық түрлерінің, функцияларының, жұмыстың ұйымдық-техникалық шарттарының, технологиялық процесстердің, жұмысшылардың техникалық жабдықталуы мен еңбекті механизациялау деңгейінің нормалары мен нормативтерінің толық қамтуын;

еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын есептеуде өндірістік жағдайларда нормативтерді пайдаланудың оңайлық және ыңғайлылық дәрежесін;

жұмысшылардың нормативтер, нақты еңбек шығындары бойынша есептелген нормаларының сәйкестігін;

нормативтерде көзделген еңбек процесін оңтайлы жобалау және еңбектің прогрессивті тәсілдері мен әдістерін енгізу нәтижесінде көп еңбек сіңіруді төмендету көлемін қалыптастыру қажет.

Нормалар мен нормативтердің әзірленген жиынтық жобасын апробациялау үш кезеңде орындалады:

бірінші кезең - өндірістік жағдайларда нормативтік жиынтықты апробациялаудан өткізуге дайындық;

екінші кезең – ұйымдарда нормативтік жиынтықты апробациялаудан өткізу;

үшінші кезең – нормативтік жиынтықты апробациялауды тексеру нәтижелерін жиынтықтау және оның соңғы нұсқасын даярлау.

Өндірістік жағдайларда нормалар мен нормативтер жиынтығының жобасын тексеруден алдыңғы кезеңде нормативтерді апробациялау жөніндегі жетекші ұйым басқарудың тиісті салалық органдарының жәрдемдесуімен мынадай жұмыстарды орындайды:

нормативтік жиынтықты апробациялау жүргізілетін нақты ұйымдардың санын айқындайды және ұйымдарды белгілейді;

тексерілетін нормативтік жиынтық данасының қажетті санын көбейтуді ұйымдастырады;

тексерілетін жиынтық жөніндегі барлық жұмыстардың жүргізілу тәртібі мен әдістемесі туралы нұсқаулары бар нақты нұсқаулық материалдарын дайындайды;

жинақты, материалдардың жинақтарын апробациялауға қатысатын ұйымдарға - өндірістік жағдайларда оны апробациялаудан өткізу жөніндегі тексерілетін нормативтік жинақтарды, нұсқаулық материалдарды жіберуді жүзеге асырады.

Жинақтарды апробациялау жүргізілетін ұйымдардың саны және нормативтік жинақтарды апробациялауды жүргізуге арналған нақты ұйымдарды осы немесе өзге де ұйымдардың сапалы де уақытылы жұмысты жүргізу нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, осы жинақтарды апробациялауды басқаратын басқарудың салалық органдары немесе жетекші ұйымдар белгілейді. Олардың қатарына базасында жинақтарды әзірлеу жүргізілген ұйымдардың кіргені дұрыс.

Кейбір жағдайларда әр ұйым үшін жеке оларды апробациялаудан қай бөлімдер немесе жұмыстың қай түрі бойынша өткізу керектігі көрсетілген тапсырма дайындалады.

Жинақтарды апробациялау бойынша жұмыс тәртібі және әдістемесі туралы ұйымдарға тапсырмалар:

жинақты апробациялаудан өткізу кезінде ұйымда орындалуға тиіс жұмыстың түрлерін;

жұмыстың орындалу кезектілігін,

жұмыстың әр түрін орындауға жауапты орындаушыларды белгілеу тәртібін;

жұмысты жүргізу нәтижесінде толтыру үшін кестелердің нысаны және үлгілері немесе басқа да жетекші ұйымға ұсынуға тиіс материалдардың мазмұнын суреттеуді айқындауға тиіс.

Жиынтық жинағы жобасын апробациялауды жүргізудің бірінші кезеңінде оны өткізу және жетекші ұйымның жұмыс нәтижелерін ұсыну мерзімі айқындалуға тиіс.

Ұйым жинақты апробациялауды жүргізуге арналған материалдарды алғаннан кейін нормативтік жинақ және нұсқаулық материалдардың оларды апробациялау жөніндегі жобасымен жалпы танысу мақсатында құрылымдық бөлімшелердің басшылары және жетекші мамандарымен кеңес өткізу ұсынылады. Бұл кеңесте:

жұмыс тобының құрамын айқындау;

жұмыс тобының басшысын және жұмысты орындауға жауаптыларды тағайындау;

жұмыс тобы мүшелері арасындағы міндеттемелерді бөлу;

жинақ жобасын апробациялау нәтижелері бойынша материалдарды дайындау жұмысының жалпы тәртібі мен мерзімін белгілеу қажет.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда нормативтер жинағы жобасын тексеруді жүзеге асыру кезінде мынадай жұмыстарды орындау қажет:

нормативтік жинақ мазмұнын талдауды өткізу және нормативтік карталарда (параграфтарда) жұмыстың жобаланған құрамын нақтылау;

тексеруден кейінгі бір ай ішінде, не егер бұл жұмыстың барынша көп түрін қамту қажеттілігіне байланысты болса, өнімді дайындау ұзақтығымен немесе тексерілген нормативтер бойынша нормалануы мүмкін орындалатын жұмыспен мәжбүр болса, ұйымда орындалған жаппай жұмыстарды әзірленген нормалар мен нормативтер бойынша нормалау. Бұл ретте нормативтік жинақта жобаланған жұмыстың орындалудың нақты ұйымдық-техникалық шарттары салыстырылады, ұзақтық факторларын толық қамту және жұмыстың орындалу нұсқалары талданады;

жұмыстың түрлері бойынша уақыттың жұмсалуына әсер ететін факторлардың диапазон деңгейін нақтылау;

нормативтік жинақ жобасында көзделген және осы ұйымда қолданылатын шарттар арасындағы сәйкестік табылған жұмыстардың түрлері, сондай-ақ салыстырмалы талдау кезінде елеулі айырмашылықтар анықталған жұмыстар бойынша жұмыс орындарында зерттеулер жүргізу;

жұмыс разрядының жобасында көрсетілген нормативтік жинақтың дұрыстығын талдау, өлшеудің қабылданған бірліктерінің сәйкестігі, сондай-ақ нормативтік материалдарды ірілендіру, дәлдеу және оларға қойылатын талаптардың басқа да сипаттамаларының дәрежесі;

нормативтер жинағы жобасын еңбек жөніндегі мамандармен техникалық және экономикалық бөлімшелердің мамандары мен ұйымдардың нормативтік-зерттеу қызметі қызметкерлерін тарта отырып талқылау;

нормативтік жинақты апробациялау нәтижелері туралы қорытынды дайындау.

Жұмыстың екінші кезеңі жетекші ұйымның мекенжайына өндірістік жағдайларда нормативтік жинақ жобасын апробациялау нәтижелері бар материалдарды әзірлеу немесе апробациялау жөніндегі нормативтік жинағын жіберумен аяқталады. Бұл ретте мынадай материалдар дайындалуға және жіберілуге тиіс:

нормалар мен нормативтердің жалпы жинағы және оны ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері туралы қысқаша пікір;

жинақ жобасы (1-редакциясы) жөнінде жалпы ескертулер мен ұсыныстар. Жалпы ескертулер мен ұсыныстар қажетті нормативтік материалдардың жинағын толықтыру жөніндегі, сондай-ақ ұйымдарда орындалатын, бірақ жинақта жоқ жұмысқа арналған нормативтік карталарды (параграфтар) әзірлеу жөніндегі ұсыныстар жазылуы мүмкін.
1-нысан

Жинақтың жобасы (1-редакциясы) жөніндегі жалпы ескертулер мен ұсыныстар

__________________________________________

(жинақ атауы)

__________________________________________

( ұйым атауы)






р/с

Нормативтер жинағы бөлімінің атауы

Ескертудің (кемшіліктің), ұсыныстың мазмұны

Жою жөніндегі ұсыныстар

Ұсыныстың пайдалылығы негіздемесі, оны іске асыру үшін негізделген және нақты деректерге сілтеме

1

2

3

4

5

жинақ (1-редакциясы) жобасының нормативтік карталар (параграфтар) жөніндегі ескертулер мен ұсыныстары және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар (2-нысан). Нысанға тек ескертулер мен ұсыныстары бар карталардың (параграфтар) нөмірлері, сондай-ақ ұйымдарда жұмыстары орындалмайтын карталардың нөмірлері «Жұмыс орындалмайды» деген белгімен енгізіледі. Әр картаны (параграфты) тексеру кезінде ұзақтығына әсер ететін барлық факторлардың ескерілгендігіне, және еңбек шығынының көлеміне әсер ететін жұмыстың орындалу шарттарына, сондай-ақ берілген жұмыстың орындалу нұсқаларын қамту толықтығына баса назар аудару керек.

2-нысан

Жинақ жобасының (1-редакциясы) нормативтік карталары (кестелері ) бойынша

ескертулер мен ұсыныстар
__________________________________________

(жинақ атауы)

__________________________________________

(ұйым атауы)




р/с

Картаның (кестенің) №

Ескертудің (кемшіліктің), ұсыныстың мазмұны

Ескертулерді жою жөніндегі ұсыныстар

Ұсыныстың пайдалылығы негіздемесі, оны іске асыру үшін негізделген және нақты деректерге сілтеме

1

2

3

4

5

Жұмыстың жеке элементтерін орындауға арналған нормативтік және нақты уақыт шығынының салыстырмалы кестесі (3-нысан) және әзірленген нормативтерді тексерудің келесі (үшінші) кезеңін орындау үшін қажет жабдықтар жұмысының тәртібін зерттеп-тексеру нәтижелері мен бірқатар басқа да мәліметтерді жүйелеу карталары;

қызмет көрсетудің нормативтік және нақты нормаларының салыстырмалы кестесі (4-нысан);

жоспарлы нормативтік санмен нақты санды нормативтердің салыстырмалы кестесі (5-нысан);

нормативтік жинақ жобасын апробациялау материалдарына қысқаша түсіндірме жазбада:

ұйымда нормативтік жинақ жобасын қолданудың жалпы жағдайы мен сипаттамалық ерекшеліктері;

техниканың, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың нақты деңгейін орындаудың ұйымдық және техникалық жағдайларының қабылданған нормалары мен нормативтерінің сәйкессіздігі;

нормалар мен нормативтерді орындау деңгейіне әсер ететін факторларды қате таңдау;

нормативтерді ірілендірудің қабылданған дәрежесінің нақты шарттарға сәйкессіздігі;

жекелеген нормативтер бойынша жұмыстың жобаланған құрамының толық еместігі;

жұмыстың жекелеген түрлеріне арналып әзірленген нормалар мен нормативтерді ұйымдастыруда қолдану мүмкін еместігінің нақты себептері көрсетілуге тиіс.

Нормативтік жинақ жобасын апробациялау нәтижелерін қорытындылауды нормативтік жинақты әзірлеуді басқаратын ұйым толтырады.

Нормативтік жинақты апробациялау материалдарын қорытындылауда:

еңбек процесінің элементтері бойынша жұмыстың түрлері мен жобаланған құрамын толық қамтуды;

еңбек шығынының көлеміне әсер ететін факторларды таңдау және есепке алу дұрыстығын;

қызметкерлердің нормативтік жинақ жобасында көрсетілген жұмыстары мен кәсіптерінің разрядтары түрлерінің дұрыстығын;

нормативтік материалдардың қабылданған өлшеу бірліктерінің, сондай-ақ ірілендіру, дәлдік дәрежесі және басқа да сипаттамаларының оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін;

әзірленген жинақ құрылымының оңтайлылығы және оны жұмыста қолдану ыңғайлығын айқындау қажет.

нормативтік жина жобасын ұйымдардың өндірістік жағдайларда апробациялау нәтижелері жазбада жүйеленеді және мынадай кезектілікте құрастырылады:

нормативтік жинақ жобасы жіберілген ұйымдардың саны;

апробацияны жүргізу нәтижелері бойынша материалдар, оның ішінде толық, толық емес ұсынған ұйымдардың саны (не алынғаны көрсетілуі керек);

алынған ескертулер мен ұсыныстардың саны;



3-нысан

Жұмыстың жекелеген элементтерін орындауға кететін нормативтік және нақты уақыттың жұмсалуының салыстырмалы кестесі

__________________________________________

(жинақтың атауы)

__________________________________________

(ұйымның атауы)




р/с

Жинақ жобасы бойынша нормативтің шифрі

Жұмыс элементтерінің атауы және олардың қысқаша мазмұны

Уақыттың жұмсалу көлеміне әсер ететін факторлар

Жұмыс элементін орындауға арналған уақыт

Жоба бойынша уақыт %

Ескертпелер

нақты

қолданыстағы жинақ бойынша

жинақ жобасы бойынша

нақты шығындарға

қолданыстағы нормативтерге


4-нысан

Қызмет көрсетудің нормативтік және нақты нормаларының салыстырмалы кестесі

__________________________________________

( жинақ атауы)

__________________________________________

( ұйым атауы)






р/с

Жинақ жобасы бойынша нормативтің шифрі

Жұмыс құрамының атауы

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Ауысым бойынша жұмыстың орташа көлемі

Қызмет көрсету нормасы

Ауысым бойынша жұмыс көлеміне қызметкерлердің орташа саны

Тексерілетін нормалар бойынша санның % -ғы санына ара-қатынасы

кәсіпорында қолданыстағы

тексерілетін жинақ бойынша

нақты

қызмет көрсету нормалары бойынша

кәсіпорындағы қолданыстағы нормалар бойынша және 10-топ, 9100-топ

нақты 10-топ/8100-топ

кәсіпорында қолданыстағы

тексерілетін жинақтың

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ескертпелер:

1. Нысан тексеруден алдыңғы айдағы деректер бойынша толтырылады.

2. 5-баған – «ауысым бойынша жұмыстың орташа көлемі» - қызмет көрсетілетін жабдықтың, жұмыс орындары бірліктерінің саны және т.б.


5-нысан

Тексерілетін сандық, нақты санмен жоспарлы нормативтердің салыстырмалы кестесі

__________________________________________

(жинақ атауы)

__________________________________________

( ұйым атауы)




р/с

Кәсіп, мамандық

Жұмыс түрі

Параграфтың, кестенің



Өлшеу бірлігі

Факторлардың сандық мазмұны

Шықпаған күндердің коэффициенті (К)

Тізім бойынша саны



%-ғы сандық нормативтерден ауытқу










штаттық

нақты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жинақтың соңғы, оның ішінде толық, ішінара нұсқасын әзірлеу кезінде пайдалануға қабылданған ескертулер, ұсыныстар саны;

ауытқыған ескертулер саны;

нормативтік жинақ бойынша есептелген нормаларды орындаудың күтілетін орташа пайызы, және штаттық және нақты санынан нормативтік санының ауытқу пайызы.

Өндірістік жағдайларда жинақтың апробациялаудың қабылданған ескертулері, ұсыныстары және басқа да деректері бойынша жетекші ұйым жобаға қажетті өзгертулер мен толықтырулар енгізеді және жинақ жобасын соңғы нұсқада дайындайды.

14. Еңбек нормалауға арналған салааралық, салалық нормативтік материалдарды жоспарлау, әзірлеу және бекіту тәртібі
Еңбек нормаларын әзірлеу тәртібі мен мерзімі, енгізу, сондай-ақ ауыстыру және қайта қарау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

Жаңа нормативтік материалдарды әзірлеу және қолданыстағы материалдарды жетілдіру жоспарлары мен бағдарламаларын тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісіп бекітеді.

Жаңа салааралық және салалық нормативтік материалдарды әзірлеуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қаржыландыру тиісті экономикалық қызмет саласының мемлекеттік органы айқындайтын көздерден жүзеге асырылады.

Ұйымдардағы еңбекті нормалау ахуалын, жалдаушы қолданатын нормалар мен нормативтік материалдардың негізділігін, олардың сақталуын бақылауды салалық мемлекеттік орган жүзеге асырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет