11. Орындаушылардың жұмыс уақытының, жабдықты пайдалану уақытының шығындарын зерттеу және бақылау нәтижелерін өңдеу
Жұмыс уақытының және жабдықты пайдалану уақытының шығындарын зерттеу еңбек процестерінің құрылысын және жұмыс уақытының шығындарын айқындау, еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру, нормаларды орындамау, жұмыс уақытын оңтайлы пайдаланбау себептерін анықтау, еңбек процессі элементтерін орындау, нормалар мен нормативтердің сапасын бағалау материалдарын әзірлеу үшін жұмсалатын уақытқа әсер ететін факторлар туралы деректерді алу, сондай-ақ бірқатар басқа міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.
Зерттеу мақсатына байланысты бақылаудың мынадай түрлері қолданылады: жұмыс уақытының фотографиясы, жабдықты пайдалану уақытының фотографиясы, хронометраж, фотохронометраж.
Бақылау екі әдіс арқылы жүргізіледі: уақыт шамасын тікелей өлшеу әдісі және сәттік бақылау әдісі.
Уақыт шамасын тікелей өлшеу әдісі жұмыстың әрбір элементінің немесе жұмыстағы үзілістің уақыт шығынының ұзақтығын өлшеуді, ал сәттік бақылау әдісі жұмыс және жұмыстағы үзілістерді уақытты өлшемей есепке алуды көздейді
Бақылаулардың түрлеріне байланыссыз олардың әрқайсысын жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады: бақылауға дайындау, бақылауды жүргізу, бақылау мәліметтерін өңдеу, нәтижелерді талдау және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру немесе нормалар мен нормативтерді белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бірінші кезеңде жұмыс орындарында еңбектің ұйымдастырылуы зерттеледі. Бұл ретте бақылаушы өндірістің қалыптасқан технологиясын, жабдықтың жұмыс өлшемдерін жұмыс орнының ұйымдастырылуын және оған қызмет көрсетілуін зерттеуі керек және жұмысына бақылау жүргізілетін орындаушыны немесе бақылаудың басқа нысандарын таңдауы керек.
Нормалар мен нормативтерді әзірлеу мақсатында бақылау жүргізу кезінде оларды бастағанға дейін анықталған кемшіліктерді жою керек.
Бақылауға дайындау кезеңінде зерттелетін еңбек процессін оның құрамдас бөліктеріне бөліп және соған сәйкес фиксаждық нүктелерді (сәттік бақылау жүргізген кезде тек фиксаждық пункттер ғана белгіленеді) айқындап алу қажет.
Бақылауға дайындау кезеңінде сондай-ақ бақылаулардың немесе сәттік (сәттік бақылау кезінде) қажетті саны айқындалады.
Дайындаудың маңызды элементі бақылау жүргізген кезде жұмысшыны таңдау болып табылады, осының негізінде нормалар мен нормативтер белгіленеді. Бұл ретте мыналарды ескеру қажет. Нормалар мен нормативтер тиімді еңбек әдістері мен тәсілдерін ескере отырып есептелуі қажет. Еңбектің қарқындылығы оларды қолданған кезде психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр жұмысшыда әр түрлі болады, ал норма еңбектің тиімді тәсілдері мен әдістерін игерген жұмысшы еңбегінің орташа қарқындылығын қарастыруы қажет. Осыған сәйкес жұмысшылардың біліктілігі осы жұмыс түрі бойынша нормаларды орындаудың шамамен нормаларды орындамайтын жұмысшыларды ескермей есептелген орташа пайызы бар жұмыс разрядына сәйкес келетін жұмысшыларға бақылау жүргізу ұсынылады.
Бақылдаудың қалған кезеңдерінің мазмұны бақылаудың түрлеріне байланысты және оларды сипаттаған кезде баяндалады.
11.1. Жұмыс уақытының фотографиясы
Жұмыс уақытының фотографиясы мынадай:
еңбекті және өндірісті ұйымдастыруда уақыттың тікелей жоғалуына және жұмыс уақытының тиімсіз шығынына, сондай-ақ жабдықтардың тоқтап тұруына әкеп соғатын кемшіліктерді анықтау және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу;
дайындау-қорытындылау уақытының, жұмыс уақытына қызмет көрсету уақытының, демалуға және жеке қажеттілік уақытының, бір немесе ұсақ сериялық өндірістегі әртүрлі жұмыстарға жұмсалатын уақыт нормативтерін, әзірлеу үшін бастапқы деректерді алу;
қызмет көрсету және жұмысшылар саны нормаларын белгілеу;
жекелеген жұмысшылардың жұмыс (уақыт) нормасын орындамауы немесе әжептәуір асыра орындау себептерін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Жұмысшылардың, зерттелетін уақыт шығындарының санына қарай жұмыс уақытының фотографиясы жеке, топтық және жаппай болып бөлінеді. Жұмыс орнының фотографиясы түрлерінің біреуі өзін өзі фотоға түсіру болып табылады.
-
Жұмыс уақытының жеке фотографиясы
Жұмыс уақытының жеке фотографиясы кезінде бір жұмысшының ауысым немесе жұмыс уақытының өзге кезеңі ішіндегі жұмыс уақытын пайдалануы зерттеледі.
Қадағалуды бастау алдында жұмысшыны қадағалаудың мақсатымен таныстыру қажет.
Еңбекті ұйымдастырудың жай-күйі қадағалау парағында тіркеледі, оған орындаушының барлық іс-әрекеті мен жұмыстағы үзілістер олардың болу тәртібімен жазылады. Қадағалаушы уақыт шығынының осы немесе өзге санатына жатқызу үшін, жұмысшының болмау себептері мен оның әрекетсіздігі себептерінің барлығын дәл белгілеуі қажет.
Уақыт нормалары мен нормативтерін әзірлеу үшін қадағалауды әртүрлі орындаушыларды кемінде 6, ал жұмысшылардың және қызмет көрсету саны нормативтерін әзірлеу кезінде - кемінде 3 қадағалау көлемінде өткізу қажет.
Егер қадағалаулар жұмысшылардың және қызмет көрсету саны нормативтерін әзірлеу үшін жүргізілген болса, онда алынған нәтижелер бойынша жұмыс уақытының жиынтық нақты балансы жасалады. Тиімсіз шығындар мен жұмыс уақытының тікелей жоғалуларын алып тастағаннан кейін жұмыс уақытының қалыпты (жобаланатын) шығыны балансы жасалады (2-қосымша, 2-кесте).
-
. Жұмыс уақытының топтық фотографиясы
Жұмыс уақытының топтық фотографиясы жұмысты бір топ қызметкерлер орындаған кезде жүргізіледі.
Егер жұмысшылар тобы 2-4 адамнан тұрса, онда олар қадағалаушының назарында болады да, қадағалау тікелей өлшеу әдісімен жүргізіледі. Қадағалауды жүргізудің тәртібі жеке қадағалаудағы сияқты, бірақ жұмыс уақытының шығынын жазу қадағаланатын әр жұмысшы бойынша кезекпен жүргізіледі.
Бір атаулы уақыт шығындарының кестесі, олардың себептері мен жұмыс уақытының балансы көрсетіле отырып, жұмыс уақыты фотографиясының картасында әр жұмысшы бойынша жасалады.
Төрт жұмысшыдан артық болған кезде, егер қадағалаушы әр жұмысшының орындайтын іс-әрекеттерін тіркеуге үлгере алмаса, онда жұмыс уақытының шығынын зерттеу теңдей уақыт аралығын (2-5 мин.) сақтай отырып, ағымдық уақыт ішіндегі әр жұмысшының іс-әрекетін тіркеу аралап өту жолымен жүргізіледі. Жұмысшылардың іс-әрекеттері қадағалау парағының тиісті бағанына индекстер түрінде жазылады, олардың үстіңгі жағында жұмысшыға берілген реттік нөмір көрсетіледі.
Қадағалау нәтижелерін өңдеу әр жұмысшы бойынша бір атаулы индексті жазбалардың санын сомалау және сомасын интервал шамасына көбейту жолымен басталады. Бұдан кейін жұмыс уақытының нақты жалпы балансы жасалады.
Егер топтық фотографияның мақсаты ауысым ішіндегі жұмысшылар тобының жұмыс уақытын зерттеу болып табылатын болса, онда ол сәттік қадағалау әдісімен жүргізіледі.
-
Сәттік қадағалау әдісі
Сәттік қадағалау әдісі еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ жұмысшылардың саны мен қызмет көрсету нормативтерін әзірлеу мақсатымен, жұмысшылардың үлкен тобының (топтың, бригаданың, құрылымдық бөлімшенің және т.б.) жұмыс уақытын пайдалануын зерттеу кезінде жүргізіледі.
Фотография кезінде жұмыс уақытының тікелей жоғалуы мен тиімсіз шығындары анықталады, сондай-ақ жұмысты тиімді ұйымдастыру кезіндегі ауысым ішінде жұмысшылардың қамтылу коэффициенті айқындалады. Мұндай коэффициент мәселен, сипаты мен қайталануы жағынан тұрақты емес, атап айтқанда көмекші жұмысты орындайтын жұмысшылар санының нормативтерін әзірлеу үшін қажет болады.
Әдістің мәні мынада, уақыт ұзақтығын үздіксіз және дәйекті тіркеу қадағаланатын жұмыс сәттерін, жұмысшының жұмыс уақытындағы үзілістері мен жабдықтардың тоқтап тұруын сандық есепке алумен алмастырылады. Бұл орайда, қадағалаулар жұмыс орындарын дәйекті аралау әдісімен жүргізіледі және жұмысшылардың іс-әрекеттерді орындау сәттері қадағалау парағында ағымдық уақытты немесе жұмыс уақытының ұзақтығын жазылмай тіркеледі. Қадағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен белгілі бір дәлдігі үшін қадағалау көлемін, яғни қадағалау кезінде тіркеу қажет сәттердің санын алдына ала белгілеу керек.
Қадағалаудың мақсатына қарай, жұмыс уақытын зерттеу жүргізілетін шығындар санаттарының тізбесі қадағалау парағына түсіріледі. Жұмыс орындарының орналасу жоспарына сәйкес қадағалаушы жұмыс орындарын аралаудың ең қысқа бағытын айқындайды және тіркеу пункттерін белгілейді. Жұмыс орындарын аралау ауысым ішінде кездейсоқ таңдап алынған уақыт аралығы арқылы жүргізіледі. Жұмыс орнына (тіркеу пунктіне) қатарласқан қадағалаушы сол сәтте жұмысшының немен айналысып жатқанын айқындайды және нәтижені қадағалау картасына түсіреді.
Жазба қадағалау картасына қадағаланатын уақыт шығынына қарсы нүктелер мен сызықтар қою әдісімен жүргізіледі. Алғашқы төрт белгі шаршы контурын құрайтындай етіп, нүктемен, кейінгі белгілер оның диагональдері мен шеттерін құрайтын сызықтармен қойылады. Диагоналі бар шаршы белгілердің саны онға жеткенде құрылады. Белгілеудің айтылған тәртібі қайталана береді.
Қадағалау нәтижелерін өңдеу жұмыс уақыты шығындарының әр түрі бойынша сәттердің санын есептеуден басталады. Кейін уақыт шығындарының барлық түрлері бойынша сәттердің сомасы есептеледі және олардың әр түрінің пайыздық мәні айқындалады.
11.5. Жұмыс уақытының өздік фотографиясы
Өздік фотографияны жұмысшының өзі жүргізеді. Бұл орайда, жұмыс уақытының жоғалуы мен өнімсіз жұмыс шамасы мен олардың туындау себебі ғана зерттеледі. Бұл жұмысқа кедергі келтірмей, қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Қадағалау картасына жұмысшы жұмыстағы үзілістердің себебін және өнімсіз уақыт шығынының туындау себептерін, оладың бастау және аяқталу уақытын жазады, өзінің ескертулері мен ұсыныстарын береді (4-қосымша, 4-нысан).
Алынған материалдардың сапасы өздік фотография міндеттерін түсіндіру жөніндегі даярлық жұмыстарының қаншалықты дұрыс жүргізілуіне және жұмысшылардың қадағалау картасын толтыру бойынша нұсқаулықтан өтуіне байланысты болады.
Қадағалау карталарын өңдеу барлық жұмыс уақытының жоғалуы мен өнімсіз жұмыс шамасын жүйелеу, олардың туындау себебі мен жұмысшы ұсынған ұсыныстарды жинақтаудан тұрады.
Өздік фотография нәтижелері жұмыс уақытының жоғалуын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге пайдаланылады, сондай-ақ қызметкерлердің саны мен қызмет көрсету нормативтерін әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
-
Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы
Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы оның барлық жұмыс істеу элементтерін және ондағы үзілістерді қадағалауды білдіреді. Жұмыс уақытының фотографиясы кезіндегідей жабдықтың пайдаланылуын зерттеу екі әдіспен: уақытты тікелей өлшеу және сәттік қадағалау әдісімен жүргізіле алады. Қадағалауларды жүргізу техникасы мен нәтижелерді өңдеудің жұмысшылардың жұмыс уақытын суретке түсіруден көп айырмашалығы жоқ. Айырмасы тек қана мынада, бұл жағдайда қадағалау бір жабдық бірлігінің жұмысын жеке суретке түсіру кезінде, ал топтық - бір топ жабдықтың жұмысын қадағалау арқылы жүргізіледі. Жабдықтың пайдаланылу уақытының фотографиясы кезінде де жұмыс уақытының фотографиясы кезіндегі бланкілер қолданылады.
11.7. Хронометраж
Хронометраж кезінде үзіліссіз және уақытты таңдау өлшеу жолымен еңбек процесінің элементін орындауға арналған уақыт шығынының ұзақтығын тікелей өлшеу жүзеге асырылады.
Үзіліссіз тәсіл кезінде өлшеу операцияның басталған сәтінен бастап оның аяқталған сәтіне дейінгі барлық элементтер ағымдағы уақыт бойынша жүзеге асырылады.
Таңдау өлшеу тәсілі кезінде олардың орындалу тәртібіне қарамастан, операцияның жекелеген элементтерін орындауға арналған уақыт шығыны өлшенеді.
Хронометраждық қадағалауларды ауысым ішінде екі рет: бірінші рет жұмыс басталғаннан бастап 45-60 минуттан кейін және екінші рет – жұмыс ауысымы аяқталғанға дейін 1,5 -2 сағат қалғанда жүргізу ұсынылады. Әрбір ауысымдық өлшеудің саны ауысымға түгел ұсынылатынның жартысына теңесуге тиіс. Бұл ретте, қадағалауды тек күндізгі ауысымда ғана емес, бұл жұмыстардың басқа ауысымдарда болмауы немесе зерттелетін операцияның сирек қайталануына байланысты басқа ауысымдарда жасау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, басқа да ауысымдарда жүргізу қажет.
Операцияны элементтерге бөлгеннен, фиксаж нүктелерін белгілегеннен және қадағалау нысанын айқындағаннан кейін хронометраждық картаның оң бетінде жұмысшы, жабдық, құрал, еңбек құралы, сондай-ақ, жұмыс орнының ұйымдастырылу және қызмет көрсетілу жай-күйі туралы негізгі деректер жазылады.
Бір қадағалау кезінде жүзеге асырылуға тиіс уақыт өлшеудің қажетті саны анықталады. Бір өлшеу операцияның уақыт нормативін белгілеу талап етілетін элементінің орындалу уақытының біржолғы тіркелуін білдіреді.
Тікелей хронометраж басталар алдында қадағалаушы қадағалаудың басталуын белгілейді және оны хронокартада тіркейді.
Операцияның бірінші элементін орындау аяқталғаннан кейін қадағалаушы ағымдық уақыттың тіркелген сәтін жазады. Бірінші өлшеуден кейін операцияның барлық элементтері үшін ағымдық уақыт жазылғаннан кейін екінші өлшеуді жазуға кіріседі және қадағалау парағының келесі бағандары толтырылады.
Хронометраж жүргізу кезінде, операция элементтерін орындау әдістерін, тәсілдерін зерттеумен қатар, қадағалаушы жабдық жұмысының, жұмысты ұйымдастырудың белгіленген параметрлерінен ауытқу жағдайларын да белгілеуге, сондай-ақ жүргізу кезінде кездейсоқ себептердің еңбек процесінің қалыпты өтуіне әсері тиген немесе қадағалаушының кінәсінен қателер жіберілген өлшеулерді де атап көрсетуге міндетті.
Егер ағымдық уақыт бойынша хронометраж кезінде жұмыс циклінде қысқа үзілістер болса, олар жеке тіркеледі. Олардың (аралық ұзақтығы) ұзақтығы олар орын алған жұмыс бөлігінің (өлшеудің) орындалу уақытына қосылмайды.
Әр операция бойынша жекелеген элементтердің орындалу ұзақтығын айқындап, ақаулы өлшеулерді – белгіленгеннен ерекше жағдайларда жүргізілген және жүргізу кезінде қадағалаушы қателер жіберген өлшеулерді алып тастау қажет. Өлшеулердің ақаулығы қадағалау жүргізу кезінде белгіленеді. Өңдеу кезінде олардың ақаулығы туралы белгі қадағалауды жүргізу кезінде жасалған өлшеулерден ғана алынып тасталады.
Ақаулы өлшеулерді операцияның жекелеген элементтерінің орындалу ұзақтығынан алып тастағаннан кейін хронометраждық қатар жасалады. Хронометраждық қатарды операция элементтерінің орындалу ұзақтығын олардың өсу тәртібімен орналасатындай етіп жасау керек.
Хронометраждық қадағалау кезінде алынған материалдардың сапасы хронометраждық қатар мәнінің ауытқу шамасымен айқындалады. Хронометраждық қатарды сипаттауға және бағалауға болатын көрсеткіш тұрақтылық коэффициенті, яғни хроноқатардың оның шамасына барынша жоғары мәнінің қатынасы болып табылады:
= ,
Мұнда - хроноқатардың тұрақтылық коэффициенті: t- хроноқатардың ең жоғары мәні; t - хроноқатардың ең төмен мәні.
Қадағалау нәтижелерінің сапасын және алынған хроноқатардың жарамдылығын анықтау тұрақтылық коэффициентін осы хроноқатардың нормативтік коэффициентімен салыстыру жолымен жүргізіледі (1-кесте).
2-кесте
Хроноқатар тұрақтылығының нормативтік коэффициенттері
Жұмыс орнындағы өндірістің сериялылығы
|
Хроноқатар тұрақтылығының нормативтік коэффициенті
|
Машиналық жұмысқа арналған
|
Машиналық-қол жұмысына арналған
|
Қол жұмысына арналған
|
Жаппай өндіріс
|
1,1
|
1,2
|
1,5
|
Ірі сериялық өндіріс
|
1,1
|
1,3
|
1,7
|
Сериялық өндіріс
|
1,1
|
1,6
|
2,3
|
Ұсақ сериялық өндіріс және бір-бірлеп өндіру
|
1,2
|
2,0
|
3,0
|
Егер хроноқатар тұрақтылығының нақты коэффициенті нормативтік мәннен кем немесе онымен тең болса, онда қатар тұрақты, өздік қадағалау сапалы деп есептеледі. Хроноқатар тұрақтылығының нақты коэффициенті нормативтік мәннен артық болған жағдайларда, қатардан бір немесе екі шеткі мәнді алып тастауға болады (ең жоғары және ең төмен). Егер шеткі мәндерді алып тастағаннан кейін де хроноқатар тұрақтылығының нақты коэффициенті нормативтік мәннен артық болса, онда хроноқатардан келесі шеткі мәндерді алып тастайды. Хроноқатардың ең шеткі мәндерін алып тастау хроноқатар жақсарғанға дейін жүргізіледі, яғни тұрақтылықтың нақты коэффициенті нормативтікке тең немесе одан кем болып шығады. Алайда, егер алынып тасталған өлшеулердің саны барлық өлшеулердің жалпы санының 15 % асатын болса, онда хроноқатар тұрақсыз деп танылады. Бұл жағдайда қайталап қадағалау жүргізіледі. Мұндай есептеулер хронокартаға енгізілген операцияның әр элементі бойынша жүргізіледі.
Қадағалау нәтижелерін одан әрі өңдеу операцияның әр элементін орындаудың орташа ұзақтығын айқындауда болады. Операция элементін орындаудың орташа ұзақтығы (t) хроноқатардың жарамды барлық өлшеулерінің орташа арифметикалық шамасы ретінде мына формула бойынша айқындалады:
t = ,
мұнда t , t, t ... t - операция элементін орындаудың жекелеген өлшеулер бойынша орташа ұзақтығы;
n – жақсартылған хроноқатардың жарамды өлшеулерінің саны.
Операция элементін орындаудың орташа ұзақтығы, сондай-ақ мына формула бойынша да айқындала алады:
t = ,
мұнда , , ... - хроноқатардың әр мәнінің қайталану саны.
Есептеулердің нәтижелері хронокартаның тиісті бағандарына жазылады.
Осы қадағалаулардың нәтижесін талдау негізінде операцияның рационалды мазмұны мен оның жекелеген элементтерін орындаудың жобаланатын ұзақтығы белгіленеді. Бұл орайда, жекелеген элементтерді орындаудың ұзақтығы ғана емес, операцияның тұтастай ұзақтығы белгіленеді, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастыру-техникалық жағдайлары мен оны орындаудың әдістері мен тәсілдері айқындалады.
Қадағалау нәтижелерін талдау мен операцияның анағұрлым тиімді орындалуын жобалаудың қорытындылаушы сәті оперативтік уақыт шығынын ықтимал қысқартуды айқындау болып табылады.
-
Фотохронометраж
Фотохронометраж жұмыс уақытының фотографиясы мен хронометраж сияқты мақсатта қолданылады. Фотохронометражды операция элементтері циклдік қайталанбайтын, осының салдарынан олардың орындалуын белгілі бір дәйектілікпен зерттеуге болмайтын жағдайларда қолдану тиімді. Фотохронометраж жеке және топтық болады.
Қадағалау басталғанға дейін операцияны құрайтын жұмыс уақыты шығындарының барлық элементтерінің, сондай-ақ шығындардың басқа да санаттарының тізбесі жасалады. Барлық элементтер мен санаттарға белгілі бір нөмір беріледі. Уақыт шығындары элементтерінің жазбасы хронометраждағы сияқты, қадағалау парағында жүргізіледі, бірақ әр шығынға қарсы тиісті бағанда өлшеу жүргізілген элементтің нөмірі жазылады. Жазбаның мұндай тәсілі сандық деп аталады.
Егер қадағалаулардың аса нақтылығы талап етілмесе, жазбаны графикалық тәсілмен жүргізуге болады. Мұндай жағдайда, қадағалау парағында сағаттар мен минутттарға бөлінген шкала келтіріледі, онда операция элементтерінің ұзақтығы сызықпен белгіленеді. Егер қадағалауды үш орындаушыдан артық адам жүргізбесе және звенодағы еңбек бөлінісі талданатын болса, онда шкалаға енгізілетін сызықтардың саны, орындаушылардың санына байланысты болады. Сызықтарды түсті қарындаштармен жасау ұсынылады.
Егер қадағалауды төрт немесе одан да көп орындаушы жүргізетін болса, онда белгілер бір сызықпен қойылады. Жұмыстың берілген элементінің орындалуына бір мезгілде қатысатын орындаушылардың саны сызықтың үстінде, жұмысшылар санының өзгеруі орын алған сәтке сәйкес келетін нүктеде белгіленеді. Мұндай тәсіл аралас деп аталады.
Фотохронометраж жұмысшылардың әрекетіне де жұмысшы басқаратын жабдықтың жұмысына да жүргізілуі мүмкін.
Егер қадағалау кезінде жұмысшы әртүрлі операцияларды орындаса, әрі бір операцияны құрайтын элементтер басқа бір операцияның элементтерімен кезектесетін болса, онда фотохрометраждың көмегімен жұмыс күні ішіндегі барлық операциялардың элементтерінің орындалу ұзақтығын белгілеуге болады. Мұндай жағдайларда операцияның элементтері қадағалау парағына алдын ала енгізілмейді, олардың орындалу тәртібімен жазылады (жұмыс уақытының фотографиясы кезіндегідей), бірақ бұл орайда, әрекеттердің мақсатты нысаны мен орындалған жұмыс көлемін сипаттайтын факторлардың сандық көрінісі беріледі.
Қадағалау нәтижелерін өңдеу:
Операция элементтерінің орындалу уақытын айқындау кезінде - хронометраж кезіндегідей;
басқа шығындарды айқындау кезінде - жұмыс күні фотографияларының деректерін өңдеу кезінде қолданылатын әдіспен жүргізіледі.
12. Нормативтік жинақтарды жетілдіру
Нормативтік жиынтықтарды жетілдіру қажетті еңбек шараларын дәл көрсету мақсатында нормалардың техникалық негізділігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмысты білдіреді.
«Нормативтік жиынтықты жетілдіру» ұғымына:
жекелеген нормаларды және қолданыстағы нормалар жиынтықтары мен жалпы нормаларды нақтылау және қайта қарау кіреді.
Жекелеген нормаларды қайта қарауға өндірістің өзгертілген ұйымдық-техникалық жағдайларына сәйкес нормалар немесе олардың коэффициенттерінің көлемін негізді өзгерту жатады.
Жекелеген нормаларды нақтылау оның құрылымын да, мазмұнын да нақтылау дегенді білдіреді. Бұл ретте, нормалардың құрамындағы жұмыс өнімділігі және картада көрсетілген нормаларды, сондай-ақ нормаларға ескертпелердің мәтінін қолдану жөніндегі кестелер мен нұсқаулардың жасалуын нақтылау, жұмыс құрамын нақтылау, нормаларды ірілендіру, нормаларға коэффициенттерді түзу нормалы жиі кездесетін нормаларға ауыстыру кіреді.
Жекелеген нормаларды толықтыру олардың құрамына нормаланатын жұмыстың жаңа түрлеріне нормаларды енгізуді, бар техникалық сипаттамаларды тиісті кеңейтуді, жұмыс өндірісі және нормаларды, сондай-ақ нормаларға ескертпелерді қолдану жөніндегі нұсқауларды енгізуді көздейді.
Нормалардың жиынтығын толықтыру олардың құрамына жұмыстың жаңа түрлеріне жекелеген нормаларды енгізуді, жиынтықты жаңа тараулар немесе бөлімдермен толықтыруды, қажетті техникалық бөліктер мен иллюстрациялық материалдарды (тәсімдер, сызбалар, суреттер және т.б.) енгізуді болжайды.
Нормативтік жиынтықтарды жетілдіру үшін негіз техникалық прогресс (техниканың, технологияның прогрессивті өзгеруі, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру) және қолданыстағы нормаларды қолдану тәжірибесі (нормалардың жеткіліксіз дәлелдігі, нормалар жиынтығының ыңғайсыз жасалуы, факторлардың дұрыс таңдалмауы және т.б.) болып табылады.
Нормаларды жетілдіру төменде келтірілген шарттар сақталғанда еңбекті нормалау негіздерімен толық сәйкестікте жүзеге асырылады.
Нормаларды жетілдіру үдерісінде мынадай әдістемелік негіздер қолданылады:
практикалық деректерді өлшемдік пайдалану;
ұйымдық-техникалық шарттар мен нормалардың бірлігі;
өзара байланысты пайдалану;
нормаларды өндірістік жағдайларда апробациялау.
Нормаларды жетілдіруге сәйкес практикалық деректерді өлшемдік пайдалану қолданыстағы нормалардың орындалу деңгейін сипаттайтын нормативтік, статистикалық және шұғыл деректерді таңдап алу, олардың дәлдігі, айқындылығы және оларды пайдалану ыңғайлылығы олардың дәлдігін талдау негізінде жүргізілетінін білдіреді.
бұл таңдап алу таңдап алынған материалдар толықтай нормаларды қайта қарау (нормаларды қатайту немесе жұмсарту, ірілендіру немесе қайта кішірейту және б.) қажеттігі, нормалардың көлемін қажетті өзгерту мөлшері, карталарды (параграфтарды) және нормалардың жиынтығын нақтылау немесе толықтыру қажеттігі туралы қорытындыларды дәлелдейтіндей етіп жүргізілуге тиіс.
Ұйымдық-техникалық жағдайлар мен нормалардың бірлігі бұл жағдайда кез келген ұйымдық-техникалық жағдайлардың өзгертілуі өзгертілген жағдайларға сәйкес белгіленген жаңа тиісті нормаларға ауыстыруды талап ететінін білдіреді. Егер бастапқы ұйымдық-техникалық жағдайлар қазіргі кездегі деңгейіне сай келсе, оларға тиісті норма картаның (параграфтың) немесе жиынтықтың құрамында сақталуға тиіс. Екінші жағынан, норманың көлемі жағдай өзгермегенде өзгертілуге болмайды. Норманың көлеміндегі қатені түзету жағдайы ерекше жағдай болып табылады.
Өзара байланысты пайдалану қайта қаралатын нормаларды олардың өзара байланысында логикалық тексеру жолымен жүзеге асырылады. Өзара байланыс орнатылғаннан кейін графикалық талдау деректері немесе қосымша алынған нормативтік-зерттеу материалдарының ең аз саны негізінде нормалардың көлемін түзету жүргізіледі. Сонымен бірге барлық өзара байланысты нормаларды өзгерту сол бір мөлшерде жүргізіледі.
Өндірістік жағдайларда апробациялау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін тартумен өндірістік жағдайлардағы жетілдірілетін нормаларды міндетті тексеруді көздейді.
Нормаларды жетілдірудің базасы болып табылатын нормативтік-зерттеу материалдарын талдау кезінде жоғарыда келтірілген әдістемелік негіздерді пайдаланудан басқа, олардағы зерттеу нысанын ұйымдасқан түрде таңдау, зерттеудің таңдамалы сипаты, қарапайым нормалау, зерттеу нәтижелерін өңдеуде орташа көлемді дұрыс таңдау сияқты әдістемелік негіздерді пайдалануды тексеру қажет.
Бұған қоса, нормаларды жетілдіру үдерісінде мынадай міндетті шарттар сақталуға тиіс:
нормалардың техникалық дәлелдігін анықтау;
нормалардың орындалу деңгейін айқындау;
карталар (параграфтар) мен нормалардың жиынтығын оңтайлы құрастыру;
ұқсас жұмыстардың арасындағы нормаларды байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |