Білуі тиіс: синтездің технологиялық процесінің және оған жалғаспалы процестердің мәнін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар сызбасын; қызмет көрсетілетін учаскедегі бақылау-өлшеу құралдарының мақсатын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін және қорытынды талдау жүргізу әдістемесін.
Жұмыс мысалы. Блокты әдіспен майлы-канифолды, битумды, копалды, янтарлы лакты, амидты лакты және алкидті өсімдік майын өндіруде формалий мен лакты негіздерді (бір құрал-жабдықта 5 атауға дейін); полимерлі құрылыс материалдары мен жасанды тері өндіруде алкидті қара майды; екінші рет жетілу және фотоэмульсияны құюға дайындау, жуу сатысындағы фотоэмульсияны синтездеудің процесін жүргізу.
273. Синтездеу аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жарылғыш, улы және әсері күшті заттарды алумен және қолданумен байланысты ерекше шарттарды сақтай отырып, дайын өнім және жартылай фабрикат алғанға дейін синтездеудің (қалпына келтіру, тотықтандыру, диазоттау, хлорлау, арсенаттау, метилирлеу, нитраттау, конденсаттау, гидраттау және т.б.) технологиялық процесінің үш не одан да көп химиялық сатысын, сондай-ақ оған жалғаспалы процестерді (сүзу, залалсыздандыру, центифугадан өткізу, кристаллдау) жүргізу. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен автоматты реттеу аппаратурасында процестің барлық сатыларын жүргізу. Реакторларға компоненттерді уақыт, салмағы және температурасы бойынша қатаң тәртіппен белгіленген жүйеде мөлшерлеу және есептеу. Араластырғыштың айналым жылдамдығын, вакуумның жасалуын реттеу. Бастапқы ерітінділерді берілген концентрацияға жеткенге дейін дайындау. Этирификаттау, конденсаттау, полимерлеу, бутанилизаттау, модификаттау, азеотропты әдіспен кептіру, ваккум-кептіру, терең ажырату, термо-өңдеу, сүзу, ректификаттау процестерін жүргізу. Талдаулар жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының және арматураның көрсеткіштері бойынша процесті реттеу және бақылау. Технологиялық режімнің қалыптан ауытқуының себептерін анықтау және алдын-алу. Синтез бөлімшесінің құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету, учаскедегі жұмысты үйлестіру.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын, технологиялық режім мен процесті реттеу ережелерін; автоматика құралдары және бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың қызмет көрсету ережелерін, олардың құрылымын; коммуникациялар сызбасын; шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; жылу тасымалдағыш, дайын өнім және катализаторлардың қасиеттерін; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және бастапқы шикізатқа қойылатын талаптарды; шығарылатын өнімнің әр-түрлілігін; талдаулар жүргізу әдістемесін және рецептураларды есептеу; зиянды және жарылғыш заттарды қолданудың ережелерін; автоматикалық реттеу мен бақылау құралдарын пайдалану ережелерін; эмульсияның әр сұрыбы үшін жарықты- техникалық режімді.
Жұмыстар мысалдары
1. Фенолды, эпоксидті, меломинді және несепнәрлі-формальдегидті және басқа да лакты қара майды синтездеу.
2. Акрил қышқылды нитрилді, цианурхлоридті, тетраэтилқорғасынды, этаноламинді, фосфорорганикалық улы химикаттарды, карбонилдерді, металлдарды, ацетонциангидринді, бромэтилды, трибутилфосфатты, метакрилді және акрилды қышқылдарды, акроналды, метакрилды қышқылдың эфирлерін, синилды қышқылды, акрилды эмульсияны, полинакты, полиэфирлерді, этиленциангидридті және ұқсас өнімдерді синтездеу.
3. Күкіртті қышқылды және тұзды қышқылды әдіспен дифенилолпропанды синтездеу; лакты қара майды; алкидты лактар, электр оқшауланған және қоюланған полиэфирді лактар мен алкидті өсімдік майын өндіруде лакты негіздерді синтездеу; жетілудің бірінші және екінші сатыларындағы фотоэмульсияны синтездеу және фотоэмульсияны құюға дайындау; магнитті ленталарды өндіруде темір тұзы, кобальт және басқа компоненттер ерітіндісінен алынған ферромагнитті ұнтақты синтездеу; гидразингидрат алу үшін несепнәр ерітіндісі мен натий гипохлоритін синтездеу; Аминдер мен метанолды өндіруде порофор алу үшін азодинитрилдиизомайды қышқылды синтездеу.
274. Синтездеу аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Ауыр органикалық синтезді, хош иісті заттарды, синтетикалық дәрумендерді, эпихролгидринді, этилендиаминді, дихлоэтанды өндіруде процестің режімдері мен параметрлерін автоматты түрде реттейтін аппаратураларда синтездеудің технологиялық процесін жүргізу немесе аса жауапкершілікті, ерекше сақтықты талап ететін әсері күшті, улы және жарылғыш заттарды қолдану арқылы жаңа технологияны меңгерумен байланысқан синтездеудің күрделі химиялық процестерін жүргізу, сондай-ақ радиактивті және қалыпты изотоптарды синтездеу кезіндегі дайын өнім, жартылай фабрикаттар және радиоизотопты шикізатты бақылау және дайындаудың процесін жүргізу. Жаңа технологиялық процестің ерекшеліктерін зерделеу мен белгілеу, неғұрлым сапалы және көлемді өнімдерді алудың оңтайлы жағдайларын анықтау. Органды лептикалық түрде және талдау нәтижелері мен бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша әр сатыдағы синтездеу процесінің қарқындылық деңгейін, реакцияның басталу және аяқталу уақытын, өнімді шығару және басқа да параметрлерді анықтау. Процестерді оңтайлы жағдайларға реттеу және келтіру және процесті автоматикалық реттеуге ауыстыру. Үздіксіз қызмет ететін көп секциялы тура-нақты колонналар, 100 атм-нан көп қысыммен істейтін автоклавтар, күрделі құрылғылар, синтез реакторлар, хромотаграфикалық колонналар, ультрадыбысты құрылғылар, экстрактор-сепараторлар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың шығынын есептеу. Қызмет көрсететін өндірістік учаскеде, бөлімшеде немес цехта барлық мамандық бойынша жұмысшылардың жұмысын реттеу және үйлестіру.
Білуі тиіс: учаскедегі технологиялық процесті; қолданатын компоненттер мен шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнім мен жартылай фабрикаттарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар; бақылау-өлшеу және реттеу құрылғылары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың сындарлы ерекшеліктерін, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; процесті реттеудің ережелері мен режімін; мөлшерлегіш компоненттерді есептеу әдістемесін, органикалық химия негіздерін.
Орта кәсіби білім қажет.
Жұмыстар мысалы
1. Гептал, фреондар, акрилды қышқылдың нитрилін ацетиленді каталитикалық циангидриттау әдісімен, ацетонциангидринді, метакрилды және акрилды қышқылдарды, метакрилды қышқылдың эфирлерін, полиэфирлер, этиленциангидрин, трибутилфосфат, полинак, Гриньяр реакциясы бойынша кремнийорганикалық мономерлер мен сұйықтарды, меламинді синтездеу.
2. Фенолды, эпоксидті, меламинді- және несепнәрлі-формальдегидті және басқа да лакты қара майларды синтездеу.
3. Хош иісті заттар, синтетикалық дәрумендер, эпихлоргидрин, этилендиамин, дихлорэтанды процесті автоматтық реттеу аппаратуларында синтездеу.
4. Техникалық хлорофос өндірудегі синтез, циклопропан (гидробромирдауды қосып алғанда), изопропилбензол, изопропилбензол гидрототығы, фенола-ацетон, этилен тотығы, моноэтиленгликол, жоғары гликольдер, этаноламиндер, проксанол-проксаминдер, бутил- және этилцеллозольв, диэтиленгликоль, органикалық және диацилды тотықтарды өндірудегі технологиялық процестің барлық циклын жүргізу.
5. Алкидты лактар мен алкидті өсімдік майларын өндірудегі лакты негіздерді синтездеу; түрлі құрылымды реакторларда блокты және азеотропты әдістермен электр-оқшауланған және қоюланған полиэфирлі лактарды синтездеу; күкіртті-қышқылды және тұзды қышқылды әдіспен дифенилолпропанның лакты қара майларын синтездеу; формалинді; кинофотопленкалар, арнайы пленкалар, фотопластинкалар, фотоқағаздың барлық сұрыптары үшін фотоэмульсияларды синтездеу; гексаметилендиизоцианат, метанол және изобутилды май, аммиак, меламин, формаль мен триизобутилалюминийді өндіруде катализатордың қатысуымен синтездеу.
275. Араластыру аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен материалдарды араластыру немесе өрт сөндіргіштер қуатының қышқылды бөлігі үшін қоспалар дайындау. Шикізатты қабылдау, дайындау және аппаратқа тиеу. Дайын өнімді түсіру. Құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; өнімдер, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды.
276. Араластыру аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен түрлі құрылымды қоспалауыштарда материалдарды араластырудың технологиялық процесін жүргізу немесе түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу. Шнектер, элеваторлар, тасымалдағыштар, сорғылар, вагонеткалардың көмегімен шикізатты қабылдағыш бункерлер мен бактарға тасымалдау. Бөтен қоспалардан тазарту. Шикізатты мөлшерлеу, компоненттердің берілген қатынастары бойынша қоспаларды құру, аппаратқа тиеу, дайын өнім немесе жартылай өнімді түсіру және қоймаға немесе ары қарай өңдеуге жіберу. Шикізаттың біркелкі түсуін және қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жайын қадағалау. Сынамалар алу. Түрлы құрылымды қоспалауыштар (шнекті барабанды және т.б.), таразылы және ленталы мөлшерлегіштер, қуаттауыштар, коммуникациялар және басқа да құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары және негізгі, көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; технологиялық режім мен процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін.
277. Араластыру аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу. Қажет болған жағдайда шикізатты елеу және уату, түйірлеу және таблеттеу. Шикізатты нақты мөлшерлеу және беру мен тиеу процесін реттеу, араластыру. Компоненттердің қатынасы бойынша қоспаның сапасы мен көлемін, газдың қысымын реттеу және бақылау. Стабилизаторларды дайындау және оларды қосу. Қоспаны араластырудың берілген уақыттың технологиялық режіміне сәйкес пульпа мен қоспаның біркелкілігін, шикізатты аппараттарға беру және компоненттерді араластыру кезіндегі берілген температураның сақталуын қамтамасыз ету. Талдаулар жүргізу. Дайын өнім мен шикізаттың есебі. Жұмырлы, вибрациялы, колоидты диірмендердің, компрессорлар, газгольдерлер, мөлшерлегіштер, коммуникациялар, тасымалдағыштар және басқа да құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары және негізгі, көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; арматура мен коммуникациялардың сызбасын; өнімдер, стабилизаторлар, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім, газ құрамы және шикізатқа қойылатын талаптарды; жұмыс орнындағы технологиялық процестің мәнін және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
278. Араластыру аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқарумен қатар немесе программалық басқарумен қиыстырылған қоспалауыштардағы жұмыс кезінде түрлі құрылымды қоспалауыштарда немесе ары қарай қоспалауыштарға берумен реакторларда компоненттердің нақты мөлшерлемесімен химиялық материалдар мен қатты параметрлердегі қоспаларды араластырудың технологиялық процесін жүргізу. Басқарудың электрондық сызбасын пайдалана отырып, автоматтық құрал-жабдықтың көмегімен қорыту сапасын реттеу және бақылау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін және қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмысы мен күй-жайын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтарды күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары және негізгі, көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; арматура мен коммуникациялардың сызбасын; өнімдер, стабилизаторлар, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім, газ құрамы және шикізатқа қойылатын талаптарды; жұмыс орнындағы технологиялық процестің мәнін және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
Жұмыс мысалы. Этилды сұйықты, поливинилхлоридты, қоюланған азот қышқылы, азот қышқылы компоненттерінен нитратталатын қоспаны, қоюланған күкірт қышқылын, меланж пен олеумды өндіруде немесе улы химикаттар, жарылғыш өнімді өндіруде натрийдивинилді каучукты өңдеу үшін араластырудың процесін жүргізу.
279. Қорыту аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен қуаттылығы 40 000 кВ х А-ға дейінгі электр пештерде кальций карбидін өндіруде қорытудың технологиялық процесін жүргізу. Жанар май құю және төгу алаңдарында пештің шатыры астындағы құрал-жабдықтардың күй-жайы мен жұмысын қадағалау. Электр пешінен кальций карбидін құйып алу, ағын өзекті тазалау, күйдіру аппаратымен күйдіру арқылы немесе темір шыбықтың көмегімен құю тесігін тесіп шығу. Құю кезінде ағын өзекті көсеп тастау, құюды аяқтағаннан кейін ағын өзектің құю тесігін бітеу, вагонеткаларға металл қалыпты орнату және алып тастау.
Білуі тиіс: кальций карбидін өндірудің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдары, арматуралар, коммуникациялар мен негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын және құрылымын; кальций карбидін құюдың процесін режімдерін; қолданылатын дайын өнім мен шикізаттың сипаттамасын; күйдіру үшін электродқа тоқты қосу.
280. Қорыту аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 40 000 кВ х А-ға дейінгі электр пештерде кальций карбидін өндіруде қорытудың технологиялық процесін жүргізу. Жанар май құю және құйып алу алаңдарында бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың күй-жайын бақылау. Пештің колошнигіне шихтаны себу, қыздыру үшін оны тегістеу. Электрод астында шихтаны құю, майысу кезінде шихтаны тұндыру. Шихта деңгейін реттеу. Электрлі пеш ішінен кальций карбидін колошникке ағызу. Ағын өзекті өңдеу және кальций карбидін ағызу үшін күйдіру аппаратымен тесікті күйдіріп тесу. Көсеуіш машинкасымен ағызу кезінде ағын өзекті көсеу. Бекіту машинасымен ағызу аяқталғаннан кейін тесікті бекіту. Кальций карбидін ағызғаннан кейін тартпаны өңдеу. Газ жәшіктерін тазалау, күйдіру аппаратында графитті электродты ауыстыру. Ағын өзекті көсеуіш машинасында технологиялық темір шыбықты өсіру.
Білуі тиіс: кальций карбидін өндірудің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдары, арматуралар, коммуникациялар мен негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын және құрылымын; қолданатын дайын өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімнің нормаларын; технологиялық процесті реттеу ережелерін, сондай-ақ құрал-жабдықтарды тоқтатуды; қорытынды сынамаларды алу ережесін.
281. Қорыту аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық ереже нормаларына сәйкес қуаттылығы 40 000 кВ х А жоғары электр пештерінде антрацит немесе кокспен күйдірілген әкті қорытудың технологиялық процесін жүргізу. Кальций карбидін алудың учаскесіндегі құрал-жабдықтардың күй-жайын және жұмысын қадағалау. Химиялық талдаулар нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштерінің көмегімен карбидтің пайда болу процесін және кальций карбидінің сапасы мен деңгейін реттеу. Электродты массаның деңгейінің және электродтың жұмыс бөлігін өлшеу, ағызудың жүргізілуін қадағалау. Технологиялық режімнің қалыптан ауытқуының себептерін анықтап, олардың алдын-алу. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Учаскенің бағынышты жұмысшыларына басшылық ету. Кальций карбиді мен шихтаның сапасын көзбен шолу арқылы анықтау.
Білуі тиіс: кальций карбидін өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдары, арматуралар, коммуникациялар мен негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін және құрылымын; дайын өнім және шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарды; технологиялық режімнің нормаларын; технологиялық процесті реттеу ережелерін; құрал-жабдықты қосу және тоқтату ережелерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
282. Сульфиттеу аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен температуралық режімді қатаң талап етпйтін өндірістерде сульфиттеудің технологиялық процесін жүргізу немесе шағын температуралық шекте күкіртті ангидридпен, олеуммен, күкіртті қышқылмен қатты және сұйық өнімдерді сульфиттеудің технологиялық процесін жүргізу.
Реакторларға шикізат пен материалдарды тиеу және дайындау. Дайын өнімді түсіру. Сынамалар алу. Өнеркәсіптік суларды жою. Реакторларды тазалау. Құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын және қызмет көрсететін процестің мәнін; құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; дайын өнім, көмекші материлдар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; сынамалар алу ережесін.
283. Сульфиттеу аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қатаң түрдегі санаулы температуралық шекте сұйық және қатты заттарды күкірт қышқылымен сульфиттеудің технологиялық процесін жүргізу.
Күкірт қышқылы мен шикізатты дайындау. Оларды рекаторларға тиеу, сульфомассаны араластыру, температураны реттеу. Өнімді түсіру және оны келесі операцияларға немесе қоймаға өткізу. Ағын су және өңделген қышқылдарды жою. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу және бақылау. Реакторлар (сульфуратор), мөлшерлегіш құралдар, сорғылар, коммуникациялар және басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Өнім, материалдар және шикізаттың шығынын есептеу. Егер олар бар болса, неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету при их наличии.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын және қызмет көрсететін процестің мәнін; құрал-жабдықтардың құрылымын; дайын өнім, қосалқы материалдар және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
284. Сульфиттеу аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті жүргізу. Қатты және сұйық өнімдерді күкіртті ангидрид, олеум, күкіртті қышқылмен сульфиттеу бойынша аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру немесе стрептоцид өндіруде хлосульфонды қышқылмен сульфиттеу процесін жүргізу. Өнімнің сыртқы түрі бойынша және талдау нәтижелері арқылы реакцияның аяқталу уақытын анықтау, тұндыру немесе оны шаю (қажет болған жағдайда залалсыздандыру, ағарту немесе компоненттер қосу). Өңделген газды тұту. Шикізат пен қышқылдың шығынын есептеу. Құрал-жабдықтың істен шығуын болдырмау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; құрал жабдықтың пайдалану ережелерін, олардың құрлымын; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; талдаулар жүргізу әдістемесін.
285. Сульфиттеу аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық майлы қышқылдарды өндіруде сульфиттеу бөлімшесінің жұмысын басқару және үйлестіру, синтетикалық майлы қышқылдардың негізінде сульфаөнімдер алуды немесе сульфиттедің технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Қадағалау мен талдау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Қорытынды талдаулар жүргізу. Дайын өнімнің шығуы мен шикізаттың шығынын есептеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жұмысы мен күй-жайын, автоматика құралдары және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын және қызмет көрсететін процестің мәнін; бақылау-өлшеу құралдары және құрал-жабдықтың құрылымын; дайын өнім, көмекші материалдары және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық режімді және процесті реттеу ережелерін; өнім мен шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттар.
Орта кәсіби білім қажет.
286. Кептіру аппаратшысы
1-й дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Құрғату пештерінде никельді купорос пен жезді, шыны талшықтары материалдарын кептірудің процесін жүргізу. Дымқыл өнімдерді қабылдау және дайындау. Кептіру пешіне өнімді тиеу. Өнімді түсіру. Құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникация сызбасын; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптар.
287. Кептіру аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы камералар мен конвекционды құрғатқыштарда резеңке өнімдерін құрғатудың технологиялық процесін жүргізу; камералы және каналды құрғатқыштарда жасанды каракульді, вискозды талшықты, центролитті құрғату немесе жезді-аммиакты және хлорланған талшықты құрғатудың технологиялық процесін жүргізу; цинк стеаратын алу үшін неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен қарапайым калориферді, вакуумды, инфрақызыл, құбырлы аппараттарда шашылатын заттар мен өнімдерді құрғатудың процесін жүргізу. Материалдар мен шикізатты дайындау. Өнімді аппаратқа тиеу. Дайын өнімді түсіру, қоймалау. Технологиялық құрал-жабдықтың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндуге тапсыру.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; арматура мен коммуникация сызбасын; дайын өнім, көмекші материалдар және шикізаттың физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойлатын талаптар; сынамалар алу ережесін.
Жұмыс мысалы
1. Сепаратордың резеңке қабығын, каңқа дайындамасын, спортты велошинді, қалпына келетін қақпақтарды және басқа да резеңке өнімдерін құрғату.
2.Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқарумен қарапайым кептіру аппараттарында немесе күрделі құрылымды аппараттарда көмірқышқыл стронций, көмірқышқылды барий, барий қышқылының гидратын құрғату.
288. Кептіру аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен күрделі құрылымды аппараттарда немесе қарапайым калориферлі, вакуумды, инфроқызыл, құбырлы құрғату аппараттарында қатты шашылғыш заттар мен өнімдерді құрғатудың технологиялық процесін жүргізу немесе жұмыс нұсқаулығына сәйкес туннелді және таспалы түрдегі құрғатқыштарда қылдар мен түрлі химиялық талшықтарды құрғатудың технолгиялық процесін жүргізу. Өнімдерді елеу, себу, орау, тасымалдау және дайын өнімді қаттап салу. Пеш оттығының қызмет көрсетуі: отынды тиеу, көсеу, құрғатқыштың жылы температурасын ұстау. Өндірістің үздіксіз процесі кезінде құрғатқыш аппараттарға ылғалды өнімдердің біркелкі түсіп тұруын бақылау, таспалы құрғатқыштардағы транспортты таспалардың жылдамдығын реттеу және бақылау. Бақылау-өлшеу құралдары бойынша температуралық режімді, будың, ауаның берілуін реттеу. Сынамалар алу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша құрал-жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін бақылау. Құрғатқыш құралдары және басқа қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды қосу және тоқтату. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |