Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет11/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

2. Лак бояғыш өндірістерде және түрлі-түсті кино үшін жартылай өнімді өндіруде үлкен ассортиментті өніммен жұмыс жасау (30 атаудан көп).


195. Шикізатты дайындау және дайын өнім мен

жартылай фабрикаттарды шығару аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларды басқарумен қатар улы, күшті әсер ететін заттарды өндіруде дайын өнімді, жартылай фабрикаттарды және шикізатты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдаулар мен қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Автоматика жүйесінің жұмысын бақылау. Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың сындарлы ерекшеліктерін; Өнімді дайындаудың және шикізатты шығындаудың әдістемесін; дайын өнім мен жартылай фабрикаттарды сақтаудың ережелерін; өнімді шығару бойынша құжаттарды ресімдеу ережелерін; есепке алу және есеп беру бойынша нұсқаулықтарды; улы және күшті әсері бар заттармен жұмыс істеу барысында қорғанудың жеке құралдарын пайдалану ережелерін.
196. Поликонденсациялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Поликонденсациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, реакциялық аппараттарға өткізу, жылыту, араластыру, катализаторды үздіксіз беріп отыру; полимерді алу басқа технолгиялық бөлімшелерге өткізу. Талдау нәтижесі мен бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша поликонденсациялау процесін реттеу және бақылау: температураны, аппараттардағы кеңістікті, балқытпаны құйған кездегі қысымды, аппараттардың сыртындағы динил деңгейін, редукторлардағы майдың деңгейін, балқытпаның тұтқырлығы және процестің басқа да параметрлерін. Талдау нұсқаулығында қарастырылғандай талдау мен орындау үшін сынамаларды алу. Реакциялық, аппараттарды, мөлшерлегіш құралдарды, құрастырғыштарды, сорғыштарды, коммуникацияларды, бақылау-өлшеу аспаптарды және басқа құралдарды жабдықтау. Өнім, жартылай өнім және шикізатты есепке алу. Өнімнің шығуы мен шикізаттың жұмсалуын есептеу. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасы мен құрылымын; қызмет көрсететін учаскедегі арматура мен коммуникацияның сызбасын; шикізаттың, дайын өнімнің және катализаторлардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім және шикізатқа қойылатын талаптарды; жұмыс орнындағы технологиялық процестің мәні мен химиялық негіздері; технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін, талдау жүргізу әдістемесін.


197. Поликонденсациялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмендеу аппаратшының басқаруымен поликонденсациялаудың технологиялық процесін жүргізу. Поликонденсациялау учаскесіндегі автоматика құралдары мен құралдарды жабдықтау. Өнімнің шығуы мен сапасын, технологиялық режимді қадағалау.

Автоматика мен бақылау- өлшеу құралдардың көрсеткіштерін қадағалау. Шығатын дайын өнімнің және шикізаттың шығынын өлшеу. Талдаулар нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу, басқару. Бақылау және талдаулар нәтижесі бойынша процеске түзетулер енгізу. Реттеу құрылғыларын қолдана білу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Құрал-жабдықты тоқтату, қосу, күй-жайын қадағалау. Құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелерін, олардың құрылымын; қызмет көрсететін учаскедегі коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; дайын өнім, катализаторлар және шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; жұмыс орнындағы технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздерін; технологиялық режимді және процесті реттеу ережелерін; талдау және есеп жүргізу ережелерін.
198. Полимерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен полимерлеудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау, реагент ерітіндісін жасау, шикізатты аппараттарға тиеу. Технологиялық құралдарды жабдықтау. Аппаратураны шлактан, полимерден, тұнбадан тазарту. Өнімдерді өндірістің келесі сатыларына тасымалдап, беру. Мөлшерлегішті тазарту, сүзгілерді қайта қуаттау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудегі технологиялық процестің негізі; көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын.


199. Полимерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Мономерлерден жоғарымолекулярлы қоспаларды алу үшін ерітіндіде, массада, газды немесе су эмульсиясы ортасында полимерлеудің технологиялық процесін жүргізу.

Шикізатты қабылдау және дайындау, химиялық ерітінділерді, катализаторларды дайындау. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Компоненттердің қатынасын аса нақты дәлдікпен сақтау арқылы шикізатты реакторларға және басқа құрылғыларға мөлшерлеу, қыздыру, массаны араластыру, берілген температурада реакциялық массаның сақталуы, өнімді түсіру, алынған полимердің тұрақтылығы, артық еріткіштерді айыру оны өндірістің келесі технологиялық кезеңдеріне жіберу. Технологиялық режимнің ережеде қарастырылған параметрлерін реттеу және бақылау: температураны, қысымды, вакуумды, шикізат компоненттерінің ара қатынасын, полимердің концентрациясы мен тұтқырлығын, араластыру қарқындылығын. Өнімнің шығуы мен шикізат көлемін, салыстырмалы салмағын, полимерлеудің концентрациясы мен тереңділігін есептеу. Сынамаларды алу. Талдауларды жүргізу. Құрал-жабдықтарды үрлеп тазарту, оларды жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдап алу. Реакторлардың, полимерлеу колонналарының, автоклавтардың, сүзгілердің, баспақтардың, жылуалмастырғыштардың, электр пештердің, кептіргіштердің, диірменнің, технологиялық коммуникациялардың және басқа да бақылау-өлшеу құралдары мен арматуралардың қызмет көрсетуі. Алынған өнімнің және шикізаттың шығынын есепке алу.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; полимерлеу процесінің мәнін және оны реттеудің ережелерін; Реттеудің автоматикалық жүйелері, бақылау-өлшеу құралдары, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, құрылымын; есептеу әдістемесін; сынамаларды алу ережелерін.

Мысал жұмыстар.

1. Түрлі конструкциядағы пештерде термиялық өндіру жолымен полихлорвинилдан алмалы қақпақтарды полимерлеу.

2. Полимерлеудің кенүңгірлеріндегі бұйымдарды және ірі габаридті бөлшектерді полимерлеу.


200. Полимерлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының бір мезгілдегі басшылығымен полимерлеудің технологиялық процесін жүргізу немесе полимерлеудің технологиялық процесін орталық басқару тетігі арқылы жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Технологиялық процестердің автоматтандыру құралдарын, бақылау-өлшеу құралдарын және технологиялық құралдарын жабдықтау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың кішігірім жөндеу жұмыстарын орындау. Өндірістік журналда жазба жүргізу.

Білуі тиіс: полимерлеу процесі және оны реттеудің ережелерін; шикізат тиеу рецептурасын; дайын өнім, жартылау фабрикат және шикізатқа қойылатын талаптарды; процесті қалыпты жүргізу шарттарын; реттеудің автоматты жүйелерінің, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың құрылымын; есептеу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. Полимерлеу процесін жүргізу: жеңіл майды, капролактамды, тетрагидрофуранды, сұйық және газ тәріздес көмірсутектерді (ерітінді немесе майшыт түрінде), мономер қоспаларын (роданисті натрий ерітіндісінде), метакрилды қышқыл эфирлерін, полиэтилентерефталат, майшытты полистиролды, стирол сополимерлері мен винилацетатты, блокты полистиролды форполимерлеу өндірісінде.
201. Полимерлеу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Орталық басқару тетігі арқылы, біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының бір мезгілдегі басшылығымен полимерлеудің технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу, реттеу құрылғыларын пайдалана білу. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: полимерлеудің технологиялық процесін оны реттеудің ережелерін; шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; процесті дұрыс жүргізуді, режимнің үйреншікті ауытқуын, оның себептері мен алдын-алу әдістерін; реттеудің автоматты жүйелерінің, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал жабдықтардың қызмет ету ережелерін, олардың сындарлы ерекшеліктерін; есептеу әдістемесін; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізатқа қойылатын Мемлекеттік стандарттарды.

Арнайы орта білім қажет

Жұмыс мысалдары. Полимерлеу процесін жүргізу, жеңіл майды, полиэтиленді, капролактамды, блокты полистиролды, сополимерді, стиролды, поливинилхлоридті, поливинилацетатты, полипропиленді, полихлорвинилді қара майды полимерлеу бөлімшелерінің жұмысын бақылау және үйлестіру.


202. Инертті газ алу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы өнімділігі 3000 м3/сағ дейінгі дайын өнімді пештерде метанды сутекті фракциялар және ауа қоспасын күйдіру әдісімен инертті газды алудың технологиялық процесін жүргізу.

Түйреу аппараттарында инертті газды суыту; скрубберлерде ары қарай суыту арқылы компримирлеу. Сапталған кептіргіштердегі газды кептіру және тазарту. Кептіргіштерді қалпына келтіру, суыту және кептіруге ауыстырып қосу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша аппараттардың жұмыстарын реттеу. Инертті газ құрамында оттек, сутек, көміртек тотығының барлығына талдау жүргізу. Пештердің, кептіргіштердің, тоңазытқыштардың, сүзгілердің, компрессорлар және басқа да құралдар мен коммуникациялардың жұмысын қадағалау. Құрал-жабдықтар мен коммуникациялар жұмысының істен шығуын жою және алдын алу. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: инертті газды алудың технологиялық процесін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, оның құрылымын; коммуникациялар сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы мен мақсатын; технологиялық сызбаны; технологиялық режимді; алынатын дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; талдау жүргізу әдістемесін.
203. Инертті газды алудың аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жалпы өнімділігі 3000 м3/сағ дейінгі дайын өнімді пештерде күйдіру әдісімен инертті газды алудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Талдау мен қадағалау нәтижесінде процеске түзетулер енгізу. Қорытынды талдау жүргізу. Құрал-жабдықтардың күй-жайы мен жұмысын қадағалау. Құрал-жабдықтар мен коммуникациялардың кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Білуі тиіс: технологиялық сызбаны; бақылау-өлшеу құралдардың құрылымын, қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың сындарлы ерекшеліктері мен құрылымын; коммуникациялар сызбасын; технологиялық режимді; алынатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды; талдау жүргізу әдістемесін.


204. Көмірқышқылын алу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен газ тәріздес, сұйық және қатты көмірқышқылын алудың жеке жұмыстарын орындау. Түсетін газдар мен ерітінділерді қабылдау және дайындау. Шикізатты аппараттарға тиеу және мөлшерлеу. Сынамаларды алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: газды тазарту сызбасын; абсорбенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін учаскедегі негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар сызбасын; сынамаларды алу ережелерін.


205. Көмірқышқылын алу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі өзіндік түрде ауысымына 3т дейінгі құрылғыларда немесе біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басқаруымен өнімділігі ауысымына 3 т- дан артық құрылғыларында сұйық немесе қатты көмірқышқылын алу процесін жүргізу. Сонымен қатар әр-түрлі өндірістік құрылғыларда газтәріздес көмірқышқылын алу. Газдың түсіп тұруын, десорберлер бойынша жүктемені үлестіруді, абсорбционды колонналардың суландырылуын, олардың қысымын бақылау. Аппараттарға моноэтаноламин немесе сақар ерітінділерін құю. Аппараттарға түсіп тұратын ерітінді ішіндегі газдың санын реттеу. Булы-газды қоспаларын органикалық және күкіртті қоспалардан, инертті газдардан, механикалық қоспалардан тазарту және суыту процесін жүргізу. Вакуумды құрылғыдағы жүйеге таза немесе қалпына келтірілген ерітінділерді қоса отырып, моноэтаноламинді қалпына келтіру. Көмірқышқылын тазарту және құрғату. Аралық ыдыстардан буды сорып алу. Талап етілетін далдауларды жүргізу. Компрессорлардың, артезианды ұңғымалардың және градирняның жұмысын бақылу, баллондарды дайын өніммен толтыру және сынау жұмыстарын орындау. Қатты көмірқышқылын (құрғақ мұз) алуда – гидравликалық баспақтар мен сорғыларды қосуға дайындау, баспақ жүйесінде майдың бар болуын, автоматты қосу және тоқтату құрылғыларының, бақылау-өлшеу құралдарының, дабылды құрылғылардың жұмыс істеуін, сондай-ақ клапанды ауыстырып қосқышты тексеру, баспақ камерасын сұйық көмірқышқылмен толтыру, сұйық көмірқышқылдың қатты күйіне ауысу процесін жүргізу, баспақтау, құрғақ мұз блоктарын камерадан тасымалдағышқа итеріп шығару. Құрал-жабдықтарды жөндеуден қабылдап алу. Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

Білуі тиіс: көмірқышқылды өндірудің технологиялық процесін; газды тазарту сызбасын; абсорбенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың, автоматиканың құрылымын, жұмыс істеу қағидасын; коммуникация сызбасын; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарын; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу бойынша негізгі жұмыстарын.


206. Көмірқышқылын алу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басқарумен қатар ауысымына 6 тоннадан немесе 3тен 6ға дейінгі өнімділігі бар құрылғыларында табиғи газдан алынған газтәріздес, сұйық және қатты көмірқышқылын, спиртті, аммиакты және басқа газ қалдықтарын алудың технологиялық процесін жүргізу.

Абсорбционды-десорбционды аппаратураның, газ тоңазытқыштарының және жүйедегі балансты ұстап тұру үшін қайталама конденсаттың қайтарым режимін реттеу. Процестің оңтайлы режимдерінің күй-жайын қадағалау (температураны, қысымды, сақар немесе моноэтаноламин ерітінділерінің деңгейін, сорғылар, жылу алмастырғыштар жұмысының үйлесімділігін, конденсат қайтарымының біркелкілігін, бу-газды қоспаның жылуын пайдалануды, аралық қысым ыдыстарын сұйық көмірқышқылымен толтыруды). Технологиялық құралдарды жабдықтау. Қорытынды (бақылау) талдауларды жүргізу.

Білуі тиіс: көмірқышқылды өндірудің технологиялық процесін және оны реттеудің ережелерін; газды тазарту сызбасын; абсорбенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың, автоматиканың құрылымын; коммуникациялар сызбасын; дайын өнім мен шикізатқа деген мемлекеттік стандарттарды; бақылау сынамаларын алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін; құрал-жабдықтарды жөндеу бойынша негізгі жұмыстар.

207. Көмірқышқылын алу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басқарумен қатар табиғи газдан, спиртті газ қалдықтарынан, аммиакты және басқа да жалпы өнімділігі ауысымына 6 тоннадан астам өнімдерден сұйық және қатты көмірқышқылын алу процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалап, байқау. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеп, басқару. Қадағалау мен талдау нәтижелері бойынша процеске түзетулер енгізу. Құрал-жабдықтардың күй-жайы мен жұмысын қадағалау. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: Көмірқышқылды өндірудің технологиялық процесін және оны реттеудің ережелері; абсорбенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін; автоматика құралдарының, бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың қызмет ету ережелерін, олардың сындарлы ерекшеліктерін; коммуникациялар сызбасын; дайын өнім және шикізатқа қойылатын мемлекеттік стандарттарды; талдау жүргізу әдістемесін.
208. Катализаторды дайындау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Катализаторды алу үшін қослыған массаны дайындаудың технологиялық процесін жүргізу.

Шикізатты дайындау. Берілген рецептлер бойынша ерітінділер жасау. Аппараттарға шикізатты тиеу. Дайын өнімді түсіру. Сынамаларды алу. Құрал-жабдықтарды тазалау.

Білуі тиіс: контактілік массаларды дайындаудың технологиялық процесін; қызмет көрсету учаскесіндегі негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін.
209. Катализаторды дайындау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен катализаторларды дайындау процесін жүргізу, белсендірілген көмірді алмастың тұзды-қышқылды ерітіндісімен сіңіру әдісімен катализаторларды дайындау немесе келесідей катализаторларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу: титанды, қалайы-никельдіні, никельдіні және оларды қалпына келтіру, өндірісте қолданылатын органикалық шыныны, хлорды винилді, фенаколды, алкилоламидтерді (амидирлеу процесі үшін). Шикізатты қабылдау және дайындау. Берілген концентрациядағы ерітіндіні дайындау. Шикізатты аппараттарға тиеу, мөлшерлеу; араластыру, сығу, жуу, сіңіру, қалыптастыру, тұндыру, нейтраттау, деканттау, сүзгіден өткізу, кептіру, қатты қыздыру, ұнтақтау, елеу. Дайын катализаторларды өлшеу. Орау, таңбалау. Дайын өнім мен шикізаттың шығынын есептеуді жүргізу. Технологиялық құралдарды жабдықтау.

Білуі тиіс: катализаторды дайындау учаскесінің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың қасиеттері; процесті реттеу ережелері; сынамаларды алу ережелерін; дайын өнімнің шығуы мен шикізатты шығындау есебінің ережелері.


210. Катализаторды дайындау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен катализатор тасымалдағышын буландыру процесін, жезді кобальтты катализаторларды дайындау немесе әр түрлі өндіріс үшін катализаторларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын қадағалау. Су, бу және ерітіндіні мөлшерлеуді реттеу. Процестің температуралық режимін реттеу және бақылау. Катализаторды қалпына келтіру және жандандыру. Құрамындағы негізгі заттарды және талап етілетін концентрацияны есепке ала отырып, дайын өнімнің шығуы мен шикізаттың шығындалуын есептеу. Жарылғыш пештердің, активаторлардың, еріткіштердің, сіңіріп алу барабандарының, қоспалаушытардың, кептіргілердің, тоңазытқыштардың, конденсаторлардың және тағы да басқа құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Бар болған жағдайда біліктілігі неғұрлым төменірек аппаратшылардың басшылығы.

Білуі тиіс: катализаторлар дайындайтын учаскенің технологиялық сызбасын; тасымалдағышты буландырудың технологиялық процесінің сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың қасиеттерін; процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін; дайын өнімнің шығуы мен шикізатты шығындауды есептеудің ережелері;


211. Катализаторды дайындау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Катализаторларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу: құрамында палладий, кобальт бар, тиогликолды қышқылды (дифенилолпропанды синтездеу үшін) немесе изопропилбензол, алкилоламидтер (күйдіру учаскесінде), сутек тотығын (жанама органикалық әдіспен) және этилацетатты өндіруде қолданылатын катализаторларды немесе біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының бір мезгілдегі басышылығымен катализаторлар (әсіресе ванадийлі) дайындаудың технологиялық процесін жүргізу, сондай-ақ ақ майда тотықты инициаторлар ерітіндісін дайындаудың технологиялық процесін жүргізу, біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшының басшылығымен трегенрлі катализатор (құрамында күмісі бар) өндіруде активті масса қосу процесін, катализатор тасымалдағышын буландыру процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Дайын өнімнің шығуы мен шикізатты шығындауды өлшеу. Олардың сапасын бағалау. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Коммуникациялар мен құрал жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, олардың алдын алу немесе жою.Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: катализаторды дайындаудың технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың ережелері мен сындарлы ерекшеліктерін; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; дайын өнім, жартылай фабрикат және шикізаттың технологиялық қасиеттерін; процесті реттеудің ережелерін; дайын өнімнің шығуы мен шикізатты шығындауды есептеу ережелерін;талдау жүргізу әдістемесін.


212. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен жеке жұмыстарды орындау. Шикізат және материалдармен ыдыстың тығынын алу. Материалдарды түрлері бойынша іріктеу. Аппараттарға шикізатты жеткізу. Аппараттарға шикізатты тиеу. Аппаратураны тазалау.

Білуі тиіс: қолданылатын материалдардың, рецептураның негізгі қасиеттері мен құрылымын; техникалық кірмен өлшеу ережелерін; негізгі және көмекші құралдарды жабдықтау ережелерін.


213. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен реакторларда байластырушыларды дайындаудың технологиялық процесін жүргізу немесе байланыстырғыштарды, компаундтарды, бөлетін және декоративтік қоспаларды, жапсырғыш шайырларды, биологиялық қолғаптар үшін ерітінділерді, бояу байланыстырғыштарын қысымды араластырғыштарда, жұмырлы диірмендерде және осы тәрізді басқа да құрылғыларда дайындау. Рецептуралы карталарға сәйкес материалдарды өлшеп, мөлшерлеу. Уатқыш, тартқыш, қыздырғыш және басқа да аппаратураларды қолдана отырып материалдарды дайындау. Толтырғыштар мен компоненттердің ылғалдығын анықтау. Дайын өнімді қабылдағыш бактарға немесе ыдыстарға түсіру. Қажет болған жағдайда- дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың есебін жүргізу. Аппараттарды тазалау, құбырды үрлеп тазарту.

Білуі тиіс: қолданылатын материалдардың, рецептураның қасиеттері мен құрылымын; жұмыс қоспаларын алу режимі және технологиялық процесін; техникалық кірмен өлшеу ережелерін; негізгі және көмекші құралдарды жабдықтау ережелерін.


214. Байластырушыларды дайындау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен әр-түрлі реакторларда байластырғышты дайындаудың технологиялық процесін немесе синтетикалық қара майдың негізінде байластырғышты дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау: берілген фракцияларға жеткенше уатып, тарту, електен өткізу. Компоненттерді қыздыру, араластыру. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы процесті бақылау және температуралық режимді реттеу. Сыртқы белгілері мен талдау нәтижелері арқылы процестің аяқталу кезін анықтау. Дайын өнімді қабылдағыш бактарға түсіру, таралау, өлшеу, таңбалау және өнімді ыдыстарға ауыстыру. Сынамаларды алу. Дайын өнім, жартылай фабрикаттар және шикізаттың есебін жүргізу. Реакторларды, бақылау-өлшеу құрылғыларын, бу мен су және сіңіргіш коммуникацияларды, уатқыш, тартқыш және көлік құрылғыларын жұмысқа дайындау.

Білуі тиіс: қызмет көрсететін құрылғыларда байластырушыларды дайындаудың технологиялық сызбасын; арматура мен коммуникациялардың, бақылау-өлшеу құрылғыларының және құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; технологиялық режимді реттеу ережелерін; шикізатқа, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, олардың физикалық-химиялық шарттарын; сынамаларды алу ережелерін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет