Білуі тиіс: құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидаларын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; тасымалдаушылардың, катализатордың, ұнтақтардың, метанды-сутектік фракциялардың физикалық-химиялық қасиеттерін; өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процесті реттеудің мәнісі мен ережесін; технологиялық режим параметрлерін.
234. Қыздыру аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Катализаторды, синтетикалық каучук, ферритті ұнтақ, көркем бояулар мен қызыл темір тотықтырғышқа қажет пигметтер өндірісіндегі металл тотығын (үздіксіз жұмыс істейтін айналмалы пештерде) қыздырудың технологиялық процесін жүргізу немесе дикетен, карборунд, никельді катализатор, амидопирин мен плазмоцид өндірісіндегі қыздыру процесін, немесе титанның қостотығы өндірісіндегі метатитан қышқылын қыздыру, сонымен қатара катализаторды, селикагельдік тасымалдаушы мен электропештердегі және шахталы типтегі пештердегі басқа да өнімдерді қыздыру процесін жүргізу, химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданылатын муфельдегі немесе ретортадағы тұздар мен көмірді қыздыру процесін бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен жүргізу. Шикізатты, жартылай өнімдерді активаторларға салу. Оттық температурасын реттеу, ауа жіберу, бақылау-өлшеу құралдардың көмегімен және химиялық анализдер нәтижелері негізінде белсенді катализаторды, металл тотығы мен басқа да өнімдерді іріктеу. Активаторларға, оттықтарға, элеваторларға, жылу алмастырғыш аппараттарға, бункерлерге, әртүрлі жүйедегі пештерге қызмет көрсету. Сынамаларды алу.
Білуі тиіс: негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың құрылысын; арматура мен коммуникация сызбасын; катализатордың, металл тотығы мен басқалардың физикалық-химиялық қасиеттерін; өнімге қойылатын талаптар; технологиялық процестің мәні мен реттеу ережесін; технологиялық режимді; сынамалар алу ережесін.
235. Қыздыру аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Дивинил өндірісіндегі қыздыру арқылы катализатор белсенділігінің технологиялық процесін жүргізу немесе фаза бойынша бақылаудың ренген-құрылымдық әдісін қолдану арқылы үшхлорлы фосфор өндірісіндегі және титанның қостотығы өндірісіндегі метатитан қышқылын (үздіксіз жұмыс істейтін айналмалы пештерде) қыздыру процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу, автоматика құралдары арқылы және химиялық анализдер нәтижелері бойынша іріктеу жылдамдығын, оттықтағы жану процесін бақылау.
Білуі тиіс: қыздырудың технологиялық процесін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың құрылысы мен оларға қызмет көрсету ережелерін; арматура мен коммуникация сызбасын; катализатордың физикалық-химиялық қасиеттерін; металл тотығы мен басқа жартылай дайын өнімдерді; өнімге қойылатын талаптарды; технологиялық процестердің мәні мен реттеу ережелерін; технологиялық режимді; талдаулар жүргізу әдістемесін.
236. Шаю аппаратшысы
1-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бірден глицерин ерітіндісімен сүрте отырып тігісі жоқ бұйымдарға арналған пішіндердің шаю процесін жүргізу.
Шаю үшін ерітінділерді дайындау. Пішіндерді шаю. Шайынды ерітінділерін ағызу. Пішіндерді глицеринмен сүрту.
Білуі тиіс: шаюдың технологиялық процесін; қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін; құрал-жабдық құрылысын; шаю режимін; өнім сапасының техникалық талаптарын.
237. Шаю аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымды сумен немесе бейтарап ерітіндімен шаю процесін немесе анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшысының басқаруымен химиялық заттар мен бұйымдарды шаюдың технологиялық процесін жүргізу. Ерітінділерді дайындау (каустиканы, кальций содасы мен басқа сілтілерді). Ванналар мен барабандарға тельфердің көмегімен немесе қолымен бұйым салу. Бұйымды сумен немесе сілтілі ерітіндімен шаю. Технологиялық процестің жүруін бақылау және су температурасы мен деңгейін, шаятын ваннадағы ерітіндіні реттеу; ваннадағы ерітінді мен суды ағызу; бұйымды сығу мен кептіру. Күдері мен тоқыма винитті шаю кезінде – жартылай дайын өнімдердің біркелкі тартылуын реттеу; материалдың оралуын байқау, мата қозғалысының бағытын өзгерту, ванналардан орамаларды алу мен оған салу және оларды сөрелерге орнату.
Білуі тиіс: шаюдың технологиялық процесін; қолданатын бейтарап материалдардың түрлері мен қасиеттерін; құрал-жабдық құрылысын; шаю режимін; шаю сапасын анықтау тәсілдерін; шаю сапасының техникалық талаптарын; тарту амалдарын.
Жұмыс үлгісі. Күдеріні, тоқыма винитті, резина қолғаптарын, емізіктерді, рәзеңке емізіктерді, ысқыш бұйымдарды және басқаларды сумен және бейтарап ерітінділермен шаю.
238. Шаю аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Химиялық заттар мен бұйымдарды сумен, жанармаймен, жуғыш ерітінділермен шаюдың технологиялық процесін жүргізу немесе анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен линттен жасалған фильтрлі материалдың пульпасын шаю. Шикізат пен материалдарды қабылдау. Белгілі концентрациялы ерітніділерді дайындау. Қажет кезде қыздырып, реакциялық аппараттарға, камераларға, жуу машиналарға, шикізатты салу, суды немесе химиялық ерітінділерді құю. Алған суспензияны тұндыру, шайынды сулар мен ерітінділерін ағызу; шайылған өнімді фильтрлерге, ыдысқа немесеөндірістің басқа да технологиялық учаскелерге тапсыру. Технологиялық регламенттің сақталуын бақылау; температуралық режимді, қысым мен вакуумды реттеу, аппараттардағы масса деңгеійн, ерітінді концентрациясын, бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша және анализ нәтижелері негізінде шайынды судың айналымын реттеу. Компоненттерді есептеу. Нұсқамада көзделген анализдерді орындау мен бақылау үшін сынамаларды алу. Шаятын аппараттарға, колонналарға, камераларға, жуу машиналарға, нейтрализаторлаға, центрифугаларға, фильтрлерге, тоңазытқыштарға, өлшеуіштерге, ыдыстарға, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу құралдар мен құрал-жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал-жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы қателіктерді анықтау мен жою. Шикізат пен дайын өнімді есепке алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтар мен бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидаларын; қызмет көрсеткен учаскесіндегі арматура мен коммуникация сызбасын; шикізаттың, ерітінділер мен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; технологиялық режимді; процесті реттеу ережелерін; шаю үшін ерітінділер мен жұмсақ су дайындау амалдарын.
Жұмыс үлгісі. Шыны маталарын, шыны лентасын, талшық қалдықтарын, латекстен, синерезистен, қабықшадан ионды бөліну әдісімен жасалған ысқыш бұйымдарды, және басқа да химиялық заттар мен бұйымдарды сумен, жанармаймен, жуғыш ерітінділермен шаю.
239. Шаю аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Бір мезгілде шаю, ректификация мен регенерация немесе шаю, тұрақтандыру мен центрифугалау процесін жүргізу, сонымен қатар бір мезгілде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшысының басқаруымен химиялық заттар мен бұйымдарды сумен, жанармаймен, әлсіз сірке суымен, жуғыш ерітінділермен шаю процесін жүргізу. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу мен бақылау. Шикізат шығыны мен дайын өнімнің шығуын есептеу, анализ нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Құрал-жабдықтың күйі мен жұмысын байқау. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын, құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидаларын; қызмет көрсеткен учаскедегі арматура мен коммуникация сызбасын; шикізаттың, ерітінділер мен дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу ережелерін; технологиялық режимді; процесті реттеудің ережесін; шаю үшін ерітінділер мен жұмсақ су дайындау амалдарын.
Жұмыс үлгісі. Майлы қышқылдар өндірісінде оксиданттың шаю процесін жүргізу; антибиотиктер мен биосинтездің басқа да дәрі-дәрмектер үшін ион алмастырғыш смоланы өңдеу; таскөмір майларын шаю; анағұрлым таза нафталинды алу немесе бензол фракциясын, кумарондық және герметикалық смолаларды шаю.
240. Сіңіру аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. "Дента" мақтасын әзірлеу кезінде сіңіру процесін жүргізу немесе матаның, қағаздың, қалыптың, талшықтың, пергамин кенепінің, корд және вискоз бауларын, шыны кенептің, химсорғыштарды, сіңіру материалдардың электродтары мен медициналық тағаындаудағы материалдарды технолгиялық нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау және емдеу заттармен сіңірудің технологиялық процестің бөлек операцияларын жасау. Ванналарға, автоклавтарға және реакторларға сіңіру және сіңдіру материалдарын дайындау мен салу. Дайын өнімді түсіру. Сынамаларды алу. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Құрал-жабдыққа қызмет көрсету.
Білуі тиіс: сіңірудің технологиялық режимін; құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың жұмыс істеу қағидаларын; дайын өнімге, шикізат пен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды; сынамалар алу ережесін.
241. Сіңіру аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Матаның, қағаздың, қалыптың, талшықтың, пергамин кенепінің, корд және вискоз бауларын, шыны кенептің, химсорғыштарды, сіңіру материалдардың электродтары мен медициналық тағайындаудағы материалдарды технолгиялық нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау және емдеу заттармен сіңірудің технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықты дайындау, реттеу, қызмет көрсету: вертикальды және горизонтальды сіңіру машиналарға, автоклавтарға, реакторларға, ванналарға, кептіргіштерге учаскенің көмекші құрал-жабдықтарына. Бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша сіңіру процесін реттеу: температураны, сіңіру дәрежесін, жабысқақтық, сіңіру материалдардың шегін, қысымды. Бақылау талдауларын жүргізу. Шикізатты, материалдар мен жартылай дайын өнімдердің шығынын есепке алу. Құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: сіңірудің технологиялық режимін; құрылғыларды, бақылау-өлшеу құралдардың көрсеткіштері бойынша және анализдер нәтижесі негізінде процесті реттеу тәсілдерін; құрылғыларды, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаларын; дайын өнімге, шикізат пен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды; сынамаларды алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін.
242. Сіңіру аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Фрикция сақиналарын, ленталарды, тығындар мен басқа да асбесті техникалық бұйымдарды сіңіру процесін жүргізу, кейін кептіру мен каландалау немесе матаның, қағаздың, қалыптың, талшықтың, пергамин кенепінің, корд және вискоз бауларын, шыны кенептің, химсорғыштарды, сіңіру материалдардың электродтары мен медициналық тағайындаудағы материалдарды технолгиялық нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау және емдеу заттармен сіңірудің технологиялық процесін бір мезгілде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың басқаруымен жүргізу немесе анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әртүрлі материалдардың автоматикалық сіңіру желідегі қашықтықта басқару пультімен сіңіру процесін жүргізу.
Білуі тиіс: сіңірудің технологиялық режимін; құрал-жабдықтардың, сіңіру құралдардың,бақылау аппаратуралардың құрылысын; құрал-жабдықтың олқылығын жою ережесін; дайын өнімге, шикізат пен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды; сынамалар алу ережесін, талдаулар жүргізу әдістемесін, автоматика мен электротехника негіздерін.
243. Сіңіру аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі материалдардың автоматикалық сіңіру желісінде қашықтықта басқару пультімен сіңіру процесін жүргізу.
Сіңіру желінің барлық тораптарындағы төменгі дәреже аппаратшылар жұмысын бақылау мен үйлестіру; тарқату, сіңіру, кептіру, суыту, орау және басқалар. Сіңіру желісін қарау және оны жұмысқа даярлау. Ваннаға смоланың құюлуын реттеу, температурасын, құрамын бақылау, кептіру камерасының температура аймақтарын, сіңіру процесінің жылдамдығын реттеу және т.б. Граммаж шкафы мен секциялық басқару пультін қамтамасыз ету. Радиоактивті изотоптардың сәулеленуіне негізделген гамма-сүзгінің көрсеткіштері бойыншасіңіру қабаттарының қалыңдығын реттеу мен бақылау. Құрал-жабдықтың ұсақ ақаулықтарын жоюға қатысу.
Білуі тиіс: сіңірудің технологиялық режимін; процесті реттеу тәсілдерін; машиналардың, сіңіру құралдардың, бақылау аппаратуралардың құрылысы мен оларға қызмет көрсету ережелерін; құрал-жабдықтың ақаулықтарын жою ережесін; сіңіру желілерінің электрлік блоктау сызбасын; автоматика мен электротехника негіздерін, дайын өнімнің, шикізат пен жартылай өңделген өнімнің техникалық шарттарын.
244. Ыдырату аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен әртүрлі әдістермен химиялық заттарды ыдырату немесе моносепті, бета-пикалинды, сульфурацин әдісімен фенолды өндіру кезінде ажыратудың технологиялық процесін жүргізу. Жіңішке ұсақталған фосфат шикізаты; ажыратудың күкрт-қышқылдық әдістемесі; жартылай өнім- экстракцион пульпасы; күкірт (IY) оксиді. Шикізатты дайындау мен салу. Аппараттарға реагенттерді мөлшерлеу. Дайын өнімді түсіру. Технологиялық процестің барысын байқау. Сынама алу. Технологиялық құрал-жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.
Білуі тиіс: ажырату процесінің мәнісін; құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидаларын; арматура мен коммуникациялар сызбасын; шикізат пен жартылай дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.
245. Ыдырату аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. әртүрлі әдістермен химиялық заттарды ажыратудың технологиялық процесін жүргізу: реагенттермен (қышқыл, спирт,су), термиялық әдіспен, жарық әсерінен, автолиз жолымен, сонымен қатар металлдық-органикалық қосылыстарды ыдырату, су ортасында немесе катализатордың не оның қатысуынсыз ерітінділерінде металл хлоридтерін немесе сульфомассаларды ыдырату. Жіңішке ұсақталған фосфат шикізаты; ажыратудың күкрт-қышқылдық әдістемесі; жартылай өнім- экстракцион пульпасы; күкірт (IY) оксиді. Шикізатты, жартылай дайын өнімді қабылдау мен дайындау, оларды реакциялық аппараттарға ыдыратуға салу; технологиялық регламенттерге сәйкес реагенттердің нақты мөлшерін, өнімді түсіру немесе өндірістің келесі технологиялық сатысына жіберу. Ілеспе процестерді жүргізу: шаю, фильтрация, айдау, бейтараптандыру, абсорбция, араластыру, желге толтырып қампайту, центрифугалау, айырып алу, бөлу және т.б. Технологиялық процесс барысын байқау мен режим параметрлерін реттеу: температура, қысым, вакуум, концентрация, беру жылдамдығы мен реагенттер қатынасы, бақылау-өлшеу құралдары мен анализдер нәтижесі бойынша рН немесе жартылай дайын өнім немесе өнімнің дайындығын көзбен анықтау. Шикізат пен жартылай дайын өнімнің қажеттілік санын есептеу. Камераларға, пештерге, реакторларға, генераторларға, экстракторларға, центрифугаларға, абсорбцион мен үрлегіш колонналарға, айдайтын аппараттарға, скрубберлерге, жылу алмастырғыш аппараттарға, қоспалауыштарға, тұндыру аппараттарға, фильтрлерге, абгаздарды ұстап алу жүйелеріне, булау аппараттар мен басқа да құрал-жабдықтарға, бақылау-өлшеу құралдарға, арматуралар мен коммуникацияларға қызмет көрсету. Құрал-жабдық пен коммуникацияның герметикасын тексеру. Құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау. Шикізаттың, материалдар мен жартылай дайын өнімнің шығынын есепке алу. Болған жағдайда, неғұрлым біліктілігі төмен аппаратшыларды басқару.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскедегі өндірістің технологиялық сызбасы мен ажырату процесінің мәнін; құрылғыны, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарды; арматура мен коммуникация сызбасын; шикізат пен жартылай дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режим; процесті реттеу ережелерін; есептеу әдістемесін; сынамаларды алу ережелерін; талдаудар жүргізу әдістемесін.
246. Ыдырату аппаратшысы
5-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Гидрототықтың, изопропилбензол мен диметилдиоксанның сілтілік және катализаторлық ыдырауының технологиялық процесін жүргізу, алмастыру әдісімен ыдырату арқылы металл калиясын алу; өндірісте ыдырату процесін жүргізу: хром қосылыстарын, кальций содасын, нитроаммофостерін, полиэтиленаминдерін, полиэтиленполиамин хлоргидраттарын, қышқыл факторын түзету арқылы титан қосқышқылын, қос суперфосфатты (органикалық өндірісте алынған апатиті мен кремнефтор натридың аналық ерітіндісін ыдырату үшін пайдаланғанда жай суперфосфат өндірісіндегі ыдырау процесін жүргізу); немесе металл карбонилдерін, фосфор мен бор қышқылын, ацетилен, ағаш-сірке ұнтағы мен синтетикалық камфарадан жасалған сірке қышқылын, шениттен жасалған калия сульфатын өндіргенде анағұрлым біліктілігі төмен аппаратшыларды басқару, немесе техникалық хлорофосты өндіргенде хлормайын күкірт қышқылымен немесе изопропилбензол өндірісінде хлордың алюминий-катализатордың айдаудың технологиялық процесін жүргізу. Көмірсуларды, булау, қыздыру, сілтілі немесе катализаторлық ажырату, реакциялық массалар мен түйісу газдарын, катализаторлардың үнемі регенерациясын қабылдау, химиялық ерітінділерді дайындау. Компоненттер қатынасын реттеу, реакциялық массалар мен түйісу газдарын беру мен іріктеу, бақылау-өлшеу мен автоматика құралдары арқылы және химиялық анализдер нәтижелері бойынша реакторлар мен түйісу аппараттарындағы температураны, қысымды, деңгейді реттеу. Құрал-жабдық пен коммуникацияларды технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін анықтау мен жою және олардың жұмысындағы қателіктерді түзету. Реакторларға, түйісу аппараттарға, терлеткіштерге, жылытпаларға, конденсаттарға қызмет көрсету. Алған өнімді есепке алу. Анағұрлым біліктілігі төмен аппаратшыларды басқару.
Білуі тиіс: ыдырау бөлімінің технологиялық схемасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдардың құрылысы мен қолдану ережелерін, автоматика құралдары мен коммуникация сызбасын; шикізаттың, алған өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; технологиялық процесті реттеу ережелерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
247. Ыдырату аппаратшысы
6-шы дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті жүргізу, көмірсулардың, кальций содасының ыдырау учаскесінің жұмысын бақылау мен үйлестіру; нитроаммофосты, бір мезгілде анағұрлым төмен біліктілікті аппаратшының басқаруымен ажыратудың алмастыру әдісімен металл калиін алу, сонымен қатар ыдырау бөлімінің аппаратшыларын басқару, абсорбциялау, фтор сутегін өндіруде шикізатты мөлшерлеу мен дайындау немесе қышқыл факторын түзету арқылы титан қостотығын өндіруде аппаратшыларды басқару. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, автоматика құралдарын және қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысы мен күйін қадағалау. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау талдауларын жүргізу. Негізгі және көмекші құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: ыдырату бөлімінің және басқа да қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, автоматика құралын; коммуникациялардың сызбасын; шикізат пен дайын өнімге МемСТ-рды және техникалық шарттарды; технологиялық процесті реттеу ережелерін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
Арнайы орта білім қажет.
248. Елеу аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Жіңішке майдаланған және қиын еленетін сусымалы өнімдерді үш және одан да көп фракцияларға механикалық бөлу процесін жүргізу. Таселектерді дайындау, електерді таңдау мен орнату, елек көлбеуі мен еленетін өнімді беру жылдамдығын, таселектерге біркелкі тиеуін реттеу. Електерді қақтан тазалау, оларды ауыстыру, тауарлы емес фракцияларын бөлшектеу, өнімді орау мен тасымалдау, шаң арасынан газды ұстау, тиелген өнімді есепке алу және өндірістік журналда жазу жүргізу. Бақылау-өлшеу көрсеткіштері, талдаулар нәтижелері мен өнімнің сыртқы түрі бойынша технологиялық режим (елек құрамы, ауа ылғалдығы және т.б.) параметрлердің сақталуын бақылау. Технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін алдын-алу мен жою. Таселектерге (барабанды, жанасатын, вибрациялық және т.б.), сепараторларға, уатқыштарға, элеваторларға, таразыларға, көлік құрылымдарға, вентиляцияларға қызмет көрсету. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау, құрал-жабдықты тазалау.
Білуі тиіс: технологиялық процесс негіздерін; өндірістің технологиялық сызбасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; МемСТ-р мен техникалық шарттарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылысы мен қағидасын; талдаулар жүргізу әдістемесін.
249. Елеу аппаратшысы
4-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Гидравликалық елеу процесін немесе регенеративтік заттарды елеу процесін немесе бір мезгілде анағұрлым біліктілігі төмен аппаратшының басқаруымен жіңішке майдаланған және қиын еленетін сусымалы өнімдерді үш және одан да көп фракцияларға механикалық бөлу процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау. Құрал-жабдықты дайындау, орнату мен тәртіпке салу. Шикізатты мөлшерлеу. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, құрал- жабдықтың жұмысы мен күйін қадағалау Құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін; МемСТ-р мен техникалық шарттарды; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың құрылысы мен қолдану ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.
250. Еріту аппаратшысы
2-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым біліктілігі жоғары аппаратшының басқаруымен қатты және сұйық заттарды ерітудің технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты дайындау және оны реакциялық аппаратқа тиеу. Өнімджі түсіру. Сынамалар алу. Құрал-жабдықты тазалау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау. Технологиялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету .
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; технологиялық процестің мәнісін және ерітудің физикалық- химиялық негіздерін; шикізаттың, ерітінділердің, активаторлардың, дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін.
251. Еріту аппаратшысы
3-ші дәреже
Жұмыс сипаттамасы. Қатты және сұйық заттардың ерітудің технологиялық процесін жүргізу; металдардың еру процесінің бөлек технологиялық операцияларын орындау; цинк купоросының ерітіндісін алу үшін уландыру аппаратындағы күкірт қышқылымен концентратталған құрамында цинкі бар әртүрлі шикізатты уландырудың технологиялық процесін жүргізу. Күкірт қышқылын сұйылту. Реагенттерді дайындау, реакциялық аппаратқа мөлшерлеп салу, еріту, бейтараптандыру, өнімді келесі операцияға жіберу. Цинк купоросының әлсіз ерітіндісін, күкірт қышқылы мен суды аппаратқа құбырлар арқылы құю. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша температура режимін, қысымды, вакуумды, мөлшерлі компоненттер көлемін, деңгейін, ерітінді концентратын реттеу. Мөлшерлі компоненттерді есептеу. Нұсқаулықпен қарастырылған талдауларды орындау. Реакциялық аппараттарға, тоңазытқыштарға, өлшеуіштерге, сорғыларға, бақылау-өлшеу құралдарға, арматураларға, коммуникациялар мен басқа да құрал-жабдыққа қызмет көрсету. Шикізатты және алынған өнімнің мөлшерін есепке алу. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау. Болған жағдайда неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; технологиялық процестің мәнісін және еріудің физикалық- химиялық негіздерін; шикізаттың, ерітінділердің, активаторлардың, дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар; сынамалар алу ережесін; талдауларды орындау әдістемесін; технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін.
Достарыңызбен бөлісу: |