Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет5/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Жұмыс мысалдары. Алкалоидтарды, барбитураттарды, гормондарды, спирттарды дегидраттау.
74. Дегидраттау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық етумен дегидраттаудың күрделі технологиялық процесін немесе азеотропты дегидраттау процесін жүргізу. Көмірсутегілерді буландыру; буларды қыздыру; каталистік дегидраттау; контактілік газды конденсациялау; тұндыру, конденсатты қабаттау; көмірсутегінің қабат іріктеу, кептіру; этиленді тазарту; конактілік аппараттарда катализаторды, кептіру бағаналарында сілтіні және хлорлы кальцийді, ванналарда селитраны, адсорберлерде көмірді әлсін- әлсін ауыстыру; сынапты буландырғыштың жұмысын қадағалау; пештерді сұйық немесе газ тәрізді отынмен жылыту; катализаторды активтендіру және регенерациялау. Контактілік аппараттарға, газбөлгіштерге, адсорберлерге, газгольдерлерге, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Технологиялық режим параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қажетті шикізаттың, реагенттердің, катализатордың және өнімнің шығымын есептеу.

Білуі тиіс: көмірсутегілерді дегидраттаудың технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын және пайдалану ережесін; коммуникациялардың және арматураның сызбасын; шикізаттың және қосалқы материалдардың физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық режимді; процестің физикалық- химиялық негіздерін, мәнісін және процесті реттеу ережесін; есептеулер әдістемесін; талдаулар жүргізу әдістемесін.

Жұмыс мысалдары. Этиленді, ди - үшметил - фенил - винилкарбинолдарды, диметилдиоксанды, А дәрумені өндірісінде диолды, ксилитті дегидраттау.
75. Дегидриттеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дегидриттеудің жекелеген операцияларын орындау. Шикізатты дайындау. Шикізат пен реагенттерді реакторға тиеу. Өнім мен катализаторды түсіру. Сынамалар алу. Аппараттарды тазарту. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын.


76. Дегидриттеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен дегидриттеу технологиялық процесін жүргізу. Катализатор мен шихтаны дайындауға қатысу. Бу газ қоспасын аппаратқа беру. Процесс параметрлерін реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерін жою. Реакциялық құрал- жабдыққа қызмет көрсету. Құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және одан қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын.


77. Дегидриттеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Дегидриттеу технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау, катализаторды, шихтаны дайындау, буландыру, буларды қыздыру, су буымен араластыру, бу газ қоспасымен реакторға (контактілік аппаратқа) беру; конденсатты салқындату, конденсациялау, бөлу; катализаторды регенерациялау және шамадан артық тиеу; өнімді тұрақтандыру. Регламентпен қарастырылған технологиялық режим параметрлерін бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу: температураны, қысымды, отын газының мөлшерін, жүйеде катализатордың циркуляциясын, ауаны және процестің басқа көрсеткіштерін. Талдаулар жүргізу. Қажетті шикізаттың мөлшерін, өнімнің шығымын есептеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың себептерінің алдын алу және жою. Барлық түрдегі реакторларға, буландырғыштарға, жылыту пештеріне, оттықтарға, тұндырғыштарға, конденсаторларға, кептіргіштерге, тоңазытқыштарға, газ - және ауа үрлегіштерге, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Құрал- жабдық пен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Шикізатты, дайын өнімді есепке алу. Неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін; қалыпты технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін.


78. Дегидриттеу аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті жүргізу, этил спиртін, этилбензолды, изопропилбензолды, бутиленді, бутанды және изобутанды, диэтилбензолды фракцияны дегидриттеу учаскесінде бүкіл құрал- жабдыққа және автоматика құралдарына қызмет көрсету. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйі мен жұмысыг қадағалау. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын, негізгі және қосалқы құрал- жабдықтың бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу қағидасын, қызмет көрсетілетін учаскеде арматура мен коммуникациялардың сызбасын; шикізаттың, катализаторлардың, жылу тасығыштардың, дайын өнімнің физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды; сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін, қалыпты технологиялық режимді; процесті реттеу ережесін.

Арнайы орта білім қажет.
79. Деполимерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты және реагенттерді қабылдау және дайындау. Оларды реакция аппараттарына түсіру. Дайын өнімді түсіру. Сынамалар алу. Аппараттарды тазарту. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: деполимерлеу технологиялық процесінің мәнісін; қолданылатын құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін; құрал-жабдыққа күтім жасау режимін; коммуникациялардың, арматураның белгіленуін және сызбасын; сынамалар алу ережесін.


80. Деполимерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу. Абсорбциялау бағаналарына қызмет көрсету. Қызып кеткен буды жіберу. Массаны қыздыру, араластыру, берілген температура кезінде реакциялық массаны ұстау. Деполимерлеуден кейін су ерітіндісін бейтараптандыру қондырғысына бұру, кубтық қалдықтарды түсіру. Бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша түсетін ерітіндінің мөлшері мен сапасын, қысымды, будың, судың температурасын, және оны конденсаторларға беруді, конденсаторларды салқындатушы ерітіндімен суаруды бақылау және реттеу. Жұмыс нұсқаулықпен қарастырылған талдаулар жүргізу. Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау. Құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау.

Білуі тиіс: деполимерлеу технологиялық процесін; қолданылатын құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, коммуникациялардың, арматураның сызбасын; шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; құрал- жабдыққа күтім жасау режимін; сынамалар алу ережесін.


81. Деполимерлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Диметилдихлорсилан гидролизатын сілтімен деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу немесе басқа өнімдерді деполимерлеу технологиялық процесін жүргізу кезінде неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмсын басқару және үйлестіру. Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті басқару және реттеу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың күйі мен жұмысын қадағалау. Талдау және қадағалау нәтижелері бойынша процесті өзгерту. Бақылау талдауларын орындау. Негізгі және қосалқы құрал- жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: деполимерлеу технологиялық процесін, қолданылатын құрал- жабдықтың құрылысын және пайдалану ережесін; коммуникациялардың, арматураның сызбасын; бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және құрылысын; шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін; технологиялық режим параметрлерін және процесті реттеу ережесін; құрал- жабдыққа күтім жасау режимін; талдауларды орындау әдістемесін.


82. Десорбциялау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Десорбцияның қарапайым технологиялық процесін немесе орташа күрделі десорбция процесін жоғарырақ мамандандырылған аппаратшысы қол астында жүргізу. Шикізат пен реагенттер қабылдау және дайындау. Оларды аппараттарға жүктеу. Дайын өнімді түсіру. Технологиялық құрал- жабдықтарға қызмет ету. Аппараттарды тазалау. Сынамаларды алу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау. Құрал- жабдықтар жұмысындағы қателерді жою,

Білуі тиіс: қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың құрылғысын, жұмыс істеу қағидасын; шикізаттың физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін; сынамаларды алудың қағидаларын.

Жұмыс үлгісі. Олеум–натрий персульфатының және натрий параминосалицилатының өндірісінде десорбция процесін жүргізу.
83. Десорбциялау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процестің орташа күрделі десорбциясын жүргізу. Газды қабылдау, мөлшерлеу, қаныққан ерітінділердің булары; өнімді жылытумен, вакуум ішінде десорбциялау; десорбцияланған өнімді конденсациялау, жууға жіберу; ыдыстарға дайын өнімді қайта қысымдау. Десорберлерге, жинақтарға, жылытқыштарға, қайнатқыштарға, вакуум-сорғыштарға, лубрикаторларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет ету. Құрал- жабдықтар мен коммуникациялар жұмысындағы қателерді табу және жою; бақылау- өлшеуіш құралдардың және талдау нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша технологиялық процестерді реттеу. Десорбцияланатын өнімді бақылау. Дайын өнімді есепке алып отыру. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және қабылдау.

Білуі тиіс: қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың құрылғысын; арматура, коммуникациялар сызбасын; десорбцияланатын заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық процестерді реттеудің маңыздылығы және қағидаларын; сынамаларды алудың қағидаларын; талдауларды жүргізудің әдістемесі.

Жұмыс мысалдары

1. Йод өндірісінің процесін ауа-десорбциялы әдіспен жүргізу.

2. Десорбцияны пайдалану арқылы заттарды шығару және тазалау процесін жүргізу.
84. Десорбциялау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Десорбцияның күрделі технологиялық процесін жүргізу. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу. Процестерді талдау және бақылау нәтижелері бойынша түзету. Бақылау талдауларын жүргізу. Шикізат шығындарын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау- өлшеуіш құралдардың көрсеткіштерін, құрал- жабдықтардың күйін және жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: қызмет етілетін учаскенің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтарды, бақылау- өлшеуіш құралдарды пайдалану қағидаларын; арматура, коммуникациялар сызбасын; десорбцияланатын заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық тәртіпті; технологиялық процесті реттеу қағидаларын; талдауларды орындау әдістемесін.

Жұмыс үлгісі. Изобутилен, фенолдар – десорбция процесін жүргізу.
85. Диазоттау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Диазоттаудың технологиядық процестерінің бөлек операцияларын орындау. Шикізаттар мен реагенттерді реакторға жүктеуге және дайындауға қызмет ету. Дайын өнімді жүктеп шығару. Технологиялық құрал- жабдықтарға қызмет ету. Сынамаларды алу. Аппараттарды тазалау. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: Құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын; шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды; сынамаларды алудың қағидаларын.


86. Диазоттау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Диазоттаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу, оларды реакторға жүктеп салу, мұқияттап араластыру, суыту, диазоттау, алынған диазоерітіндіні одан арғы өңдеуге жіберу. Технологиялық тәртіптің параметрлерін реттеу: температурасын, натрий нитритін беру жылдамдығын, бақылау- өлшеуіш құрал- жабдықтардың және талдау нәтижелерінің көрсеткіштері арқылы реакциялық массасының қышқылдығын.

Реакторға, дозерлерге, өлшеуіштерге, жинақтарға, флорентиндерге, контейнерлерге, ортадан тепкіш сорғыштарға, жұтқыш орнатуларға, коммуникацияларға, арматураларға, бақылау- өлшеу құралдарына және тағы басқа құрал- жабдықтарға қызмет ету. Шикізат шығындарын, жартылай фабрикаттарды есепке алу. Талдаулар жүргізу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және қабылдау.

Білуі тиіс: диазоттаудың өндірісінің технологиялық сызбасын және процесінің маңызын; құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын; қызмет етілетін учаскеде арматураның, коммуникациялардың және бақылау- өлшеу құралдардың сызбасын; шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды; сынамаларды алуды қабылдау және талдаулады жүргізу әдістемелерін; қызмет етілетін құрал- жабдықтардың құрылғыларын.
87. Диазоттау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта төмен мамандандырылған аппаратшылардың басқаруымен диазотаудың технологиялық процесін жүргізу.

Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді басқару және реттеу. Талдаулар мен бақылаулар нәтижелері бойынша процестерді түзету. Бақылау талдауларын жүргізу. Шикізат шығындарын және дайын өнімнің шығуын өлшеу, талдау нәтижелері бойынша олардың сапасын бағалау. Бақылау- өлшеуіш құралдардың көрсеткіштерін, қызмет етілетін құрал- жабдықтардың күйі мен жұмысын қадағалау. Құрал- жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық процесін; диазоттаудың технологиялық процесін, қызмет етілетін құрал- жабдықтарды пайдаланудың ержелерін және орнатуларын; қызмет етілетін учаскелердегі арматуралар, коммуникациялар және бақылау- өлшеуіш құралдар сызбасын; шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттерін және оларға көрсетілетін техникалық талаптарды; диазоттау процесін реттеу қағидаларын; бақылау талдауларын жүргізу әдістемесін.

Жұмыс үлгісі. Фенилметилпиразолон – диазоттау процесін жүргізу.


88. Мөлшерлеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алдын ала дайындамай шикізаттар мен материалдарды мөлшерлеу.

Шикізаттарды бункерлерге, қабылдау бактарына, мөлшерлегіштерге, өлшеуіштерге қолмен жеткізу, жақындату, беру. Дозерлерге, ондық өлшеуіштерге және басқа қызмет етілетін құрал- жабдықтарға өызмет ету. Құрал- жабдықтарға техникалық қызмет ету бойынша жұмыстар жүргізу. Жабдықтарды тазалау.

Білуі тиіс: мөлшерленетін материалдардың түрлері мен қасиеттерін; қызмет етілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жұмыс естеу принциптері мен орнатуларын.

Жұмыс үлгісі. Криолит қндірісінде резеңке қиқымдарды, талшықталған түтіктерді, қабыршақтарды, фторлы көшеттерді доттау.


89. Мөлшерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Берілген құрамдағы шикізаттар мен материалдардың әр түрлі қоспасын дайындау процесін жүргізу және оларды аппараттарға мөлшерлеу. Шикізаттарды құбырлар немесе көліктік механизмдердің көмегімен бункерлерге, қабылдау бактарына, дозаторларға, мерниктерге жіберу. Шикізаттарды дайындау, қажеттілігі бойынша – еріту, алғашқы қоспалар мен ерітінділерді құру. Қоспалардың саны мен сапасын компоненттеріне сәйкес жүйелік бақылау. Шикізаттарды қоректендіруші, дозаторлар, мерниктер көмегімен әр түрлі аппараттарға жіберу. Құрал- жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуі мен қалыпты пайдаланылуын қадағалау. Траспортерлерге, элеваторларға, шнектерге, әр түрлі конструкциялардың қоректендіргіштеріне және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет ету. Құрал- жабдықтардың жұмысындағы қателерді жою. Бекітілген құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына беруге, жөндеу жұмыстарынан қабылдап алуға дайындау.

Білуі тиіс: араластырылған материалдардың түрлері мен қасиеттерін; компоненттерді араластырудың мөлшерілері мен қағидаларын; компоненттердің физикалық-химиялық және технологиялық касиеттерін; қызмет етілетін учаскелердегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, көліктік механизмдердің жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; жұмыс орнындағы технологиялық процестің маңыздылығын; технологиялық тәртіпті және процесті реттеу қағидаларын.


90. Мөлшерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Берілген компоненттер қатынасына сәйкес қоспаларды дайындау және қатты, сұйық, газ тәрізді заттарды әр түрлі дозаторлар (өлшеуіш, аудандық, жылдам, дроссельденетін және т.б.) көмегімен аппараттарға мөлшерлеу процесін жүргізу. Сапасының (дымқылдығы, негізгі зат құрамы, ластанғандығы және т.с.с.) өзгерген жағдайында олардың құрамын түзету. Компоненттерді араластыру және бункерлердегі олардың ағымының қалпын қадағалау. Қоспалардың саны мен сапасын бақылау- өлшеуіш көрсеткіштері және талдаулар нәтижелері бойынша жүйелік қадағалау. Аппараттарға берілетін компоненттердің қажетті санын есепптеу. Сынамаларды бақылау және талдауларды жүргізу үшін алу. Бункерлерге, әр түрлі құрылымды автоматтық өлшеуіштерге және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Бақылау- өлшеуіш құралдары көрсеткіштері бойынша құрал- жабдықтар жұмысын бақылау.

Білуі тиіс: араластыратын материалдардың түрлері және қасиеттерін, араластыру мөлшерлері мен қағидаларын; қоспалардың тағайындалуын; шикізаттарды жүктеу қағидаларын; шикізаттардың техникалық шарттарын; қызмет етілетін учаскелердегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, көліктік механизмдердің жұмыс істеу қағидасын, құрылғысын; жұмыс орнындағы технологиялық процес маңыздылығын; технологиялық тәртіпті және процесті реттеу қағидаларын; сынамаларды алу қағидаларын; талдауларды жүргізу әдістемесін; шикізаттарды есептеу әдістемесін.


91. Мөлшерлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта төменірек мамандандырылған аппаратшылар басшылығымен қоспаларды құру және мөлшерлеу процесін жүргізу. Дайын өнімнен сұралатын техникалық талаптарға байланысты қоспалар құрамын түзету. Автоматтық дозаторларды басқару және оларды күйіне келтіру. Бақылау- өлшеуіш құралдардың көрсеткіштері бойынша құрал- жабдықтардың үздіксіз жұмысын бақылау. Растаркаларға, камералы қоректендіргіштерге, пневмоысырмаларға, шлюздік қоректендіргіштерге, фильтрлерге, ауаны тазалауға арналған дауылдар, желдеткіштерге және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет ету. Қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың жұмыстағы қателерді табу және жою. құрал- жабдықтармен және коммуникациялармен күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: технологиялық тәртіп және процестерді реттеу қағидаларын; араласатын материалдардың түрлері мен қасиеттерін; араластырудың мөлшерін және қағидаларын; шикізаттарға мемлекеттік стандарттар; қызмет көрсетілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтарды, көліктік механизмдерді пайдалану қағидаларын және құрылғысын; талдауларды жүргізу әдістемесін; шикізаттарды есептеу әдістемесін.

Жұмыс мысалы

1. Спирттан дивинилді алуға арналған катализаторларды өндірісте мөлшерлеу.

2. АБС-ПВХ пластикасын өндірісте мөлшерлеу.

3. Фенолформальдегидті шайырды (10 және одан көп компоненттерден тұратын қоспаларды дайындау кезінде) өндірісте мөлшерлеу.


92. Изомерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ мамандандырылған аппаратшының басшылығымен изомеризацияның технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттар мен реагенттерді қабылдау және аппаратқа жүктеу. Технологиялық нұсқаумен қарастырылған, ілеспелі процестерді орындауға қатысу. Дайын өнімді жүктеп алу. Технологиялық құрал- жабдықтарға қызмет ету. Сынамаларды алу. Құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: изомеризация процестерінің технологиялық тәртібін; қызмет көрсетілетін учаскедегі негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын; қолданылатын шикізаттар, жартылай фабрикаттар және дайын өнімнің қасиеттерін және олардан сұралатын талаптарын; сынамаларды алу қағидаларын.


93. Изомерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Изомеризацияның технологиялық процесін жүргізу. Шикізаттарды, жартылай фабрикаттар мен реагенттерді дайындау және мөлшерлеу, оларды реакциялық аппаратқа жүктеп салу. Бақылау- өлшеуіш құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процес (рН, температура, қысым және т.б.) параметрлерін реттеу және бақылау. Технологиялық нұсқаулармен қарастырылған ілеспелі процестерді (тұндырулар, центрифугалау, кристалдау, бөліп алу, тұндырулар, жуулар, фильтрлеу, айдау және т.б.) орындау. Аппараттан қосымша және мақсаттық өнімді жүктеп алу немесе өндірістің келесі учаскелеріне жіберу. Реакторларға, айыратын аппараттарға, экстракторларға, тоңазытқыштарға, флоретиндерге, бөлгіш шұңқырларға, кепкіштерге, мерниктерге, жинақтарға және басқа да құрал- жабдықтарға қызмет көрсету. Коммуникациялар мен құрал- жабдықтардың герметикалдығын тексеру. Талдаулардың алдын ала қарастырылған нұсқауларын орындау. Шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың және алынған өнімдердің шығындарын есептеу. құрал- жабдықтарды жөндеу жұмыстарына тапсыру және одан қабылдап алу. Құрал- жабдықтарға, коммуникацияларға, бақылау- өлшеуіш құралдарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: изомеризация процесінің технологиялық тәртібін және оны бақылау- өлшеуіш құралдар көрсеткіштері бойынша реттеу тәсілдерін; қызмет көрсетілетін учаскедегі арматура және коммуникациялар сызбасын; қолданылатын шикізаттар, жартылай фабрикаттар және дайын өнім қасиеттерін және олардан сұралатын талаптарын; сынамаларды алу қағидалары және талдауларды жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығуын есептеу әдістемесін.


94. Изомерлеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Изомеризацияның технологиялық процесін жүргізу және жоғарырақ мамандандырылған аппаратшылар басшылығы. Жұмыс нұсқауларына сәйкес технологиялық процестерді бақылау және реттеу. Талдау және қадағалаулар нәтижелері бойынша процесті реттеу. Бақылау талдауларын жүргізу. Шикізат шығындарын және дайын өнім шығысын өлшеу, олардың сапасын талдаулар нәтижелері бойынша бағалау. Бақылау- өлшеуіш құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерін, қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың күйін және жұмыстың қадағалау. Құрал- жабдықтардың және коммуникациялардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау.

Білуі тиіс: изомеризация процесінің технологиялық тәртібін және оны бақылау- өлшеуіш құралдар көрсеткіштері мен бақылау талдауларының нәтижелері бойынша реттеу тәсілдерін; негізгі және қосалқы құрал- жабдықтардың, бақылау- өлшеуіш құралдардың пайдалану қағидаларын және құрылғысын; қызмет көрсетілетін учаскедегі арматура және коммуникациялар сызбасын; қолданылатын шикізаттар, жартылай фабрикаттар және дайын өнім қасиеттерін және олардан сұралатын талаптарын; талдауларды жүргізу әдістемесін; шикізатты және өнімнің шығуын есептеу әдістемесі.

Жұмыс мысалы

Изомерлеудің технологиялық процесін жүргізу:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет