Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет8/23
Дата16.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#140931
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Жұмыс сипаттамасы. Органикалық қоспаларды нитраттаудың технологиялық процесін жүргізу. Ережеге сәйкес өнімді нитраттау. Кертартпашыл аппараттарды, тоңазытқыштарды, жылытқыштарды, сепараторларды, сорғыштарды, коммуникацияларды, бақылау- өлшеу құралдарды және автоматика құралдарын т.б. жабдықтау. Құрал-жабдықтардың жұмыс барысында пайда болған ақаулықтарын анықтау, оларды жою.Бақылау- өлшеу құралдардың, автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу. Нұсқаулықта қарастырылған талдауды орындау. Алынған өнімнің мөлшерін және шикізатты есептеу. Жөндеу жұмысынан құрал-жабдықтарды қабылдау.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; бақылау- өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың және автоматика құралдарының жұмыс қағидасын; қызмет көрстететін учаскедегі коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; нитратталатын агенттердің, активаторлардың, дайын өнімнің технологиялық және физикалық-химялық қасиеттерін; дайын өнім және шикізатқа қойылатын талаптарды;процесті реттеу ережелері мен мәнін және физикалық-химиялық негізін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


135. Нитраттау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Тринитрлі өнім өндірістерінде немесе басқа өндірістерде бір мезгілдегі неғұрлым біліктілігі төмен нитраттау аппаратшысының басшылығымен нитраттаудың үздіксіз технологиялық процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Дайын өнімнің шығуын және шикізат шығынын есептеу, талдау нәтижесі бойынша олардың сапасын бағалау.Құрал-жабдықтардың жайын бақылап отыру. Құрал-жабдықтардың жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; автоматика құралдарының, бақылау- өлшеу құралдырының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың құрылымы мен жұмыс қағидасын;қызмет көрсететін учаскедегі коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; дайын өнім, активаторлар, нитраттау агенттердің, шикізаттың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім мен шикізатқа қойылатын талаптарды; процесті реттеудің ережелері мен мәнін, физикалық-химиялық негізін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

Арнайы орта білім қажет

Мысал. Нитроттау процесін жүргізу: нитробензолды, нитротолуолды, нитроциклогександы, жартылай өнімді (ванилинді бояғыш өндірістерде).


136. Нитроздау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар аппаратшының басшылығымен нитраттаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау, натрий нитриты ертіндісін жасау, шикізат пен жартылай фабрикаттарды тиеу. Өнімді түсіру және кезекті сатыларға жіберу. Сынамаларды алу. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Құрал-жабдықтардың күй-жайын бақылау.

Білуі тиіс: Технологиялық процестің мәнін, өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс қағидасын; технологиялық режимді; өнім мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ; талдау жүргізу әдістемесін.


137. Нитроздау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Нитроздау дің технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды мөлшерлеу. Қатаң түрде белгіленген температурада (+-1°С) Нитроздау процесін реттеу және бақылау. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері, талдау нәтижелері және көзбен көру арқылы суықты, нитрит ерітіндісінің және азот қышқылының берілуін реттеу. Реакторлар, кеспек, еріткіш, қазандар, өлшеуіштер, сүзгілер, мөлшерлегіштер, сорғыштар және басқа да қондырғыларды жабдықтау. Нұсқаулықта қарастырылған талдауды орындау. Шикізат пен жартылай фабрикаттың есебін жүргізу. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау, жөндеуден қабылдау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірістің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; процесті реттеудің ережелерін және технологиялық режимін; шикізат пен өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


138. Суды тұзсыздандыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ионалмастырушы қара майды дайындамай, суды тұзсыздандыру процесін жүргізу немесе бірсатылы ионоалмастырғыш сүзгілерде суды тұздан тазартудың технологиялық процесін, сондай-ақ неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен ионитті адсорбционды бағаналарда немесе ионитті сүзгілерде ион алмастыру әдісін қолдана отырып, суды ерітілген тұздан тазартудың технологиялық процесін енгізу. Шикізатты дайындау. Сүзгілер немесе бағаналарға судың берілуін реттеу, тазартылған (тұзсыздандырылған) суды өндірудің келесі технологиялық сатыларына жіберу. Сынамаларды алу. Технологиялық құралдарды жабдықтау. Құрал-жабдықтың жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: суды тұзсыздандыру процесінің мәні мен технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; сілтілердің, қышқылдардың, тұз ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерін, техникалық шарттармен тұзсыздандырылған суға қойылатын талаптарды; сынамаларды алу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.


139. Суды тұзсыздандыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ионитті сүзгілерде немесе ионитті адсорбционды колонналарда ионды алмастыру әдісімен ерітілген тұздардан суды тазартудың технологиялық процесін жүргізу. Суды тазарту, жылыту, берілген қоюлықта ерітіндіні дайындау. Сүзгілерғе немесе бағаналарға басқару тетігінен автоматты түрде немесе қолмен судың берілуін реттеу, тазартылған (тұзсыздандырылған) суды өндірудің келесі технологиялық сатыларына жіберу. Қышқылдар, тұздар және сілтілер ерітіндісімен иониттерді қалпына келтіру. Ережеде қарастырылған технологиялық режимнің параметрлерін бақылау: температура, қысым, су беру жылдамдығын, бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша қалпына келтірілген ерітінділердің қоюлануын. Талдау жүргізу. Колонналардан шығатын тұзсыздандырылған судың электр өткізгіштігін өлшеу. Өнімнің шығуы мен қажет ететін шикізат көлемін есептеу. Ионды алмастырғаш және адсорбционды колонналардың, сүзгілер, сорғыштар, өлшеуіштер және басқа да құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарды, арматуралар мен коммуникацияларды жабдықтау. Құрал-жабдықты жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: ионоалмастыру әдісімен суды тұзсыздандыру процесінің мәнін және технологиялық сызбасын; процесті реттеу ережелерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; автоматика құрылғылары мен бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен құрылымын және оларды пайдаланудың ережелерін; сынамаларды алу ережелерін; есеп пен талдау жүргізу әдістемесін; қышқылдар, тұздар, сілтілер ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерін; техникалық жағдайлардағы тұзсыздандырылған суға қойылатын талаптарды; коммуникациялар сызбасын.

140. Күйдіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен химиялық құрамын өзгерту, жеке компоненттерді жою немесе қалпына келтіру мақсатымен шикізатты пештерде күйдірудің технологиялық процесін жүргізу. Берілген құрамдағы шихтаны құру, шикізатты пешке салу, жұмыс беті бойынша түзету, пештің механизмдерін қосу. Газдың түсуін қадағалау, пештің қабырғасын, күмбезін және оттығын күйіктен тазалау. Өнімді шығару, келесі операцияларға немесе қоймаға беру, пештің жылытатын құрылғыларын жабдықтау. Сынамаларды алу. Технологиялық процес барысын қадағалау, кемшіліктерді жою. Әр-түрлі пештерді, тасымалдағыш механизмдерді, тиейтін және түсіретін құрылғыларды, сорғыштар мен бүріккілерді жабдықтау. Құрал-жабдықты жөндеуге дайындау.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; технологиялық отын, шикізаттың және көмекші материалдардың қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтар жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; технологиялық режимнің параметрлерін; сынамаларды алу ережелерін.


141. Күйдіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Химиялық құрамын өзгерту, қалпына келтіру, тотықтандыру немесе жеке компоненттерін алып тастау мақсатымен пештерде шикізатты күйдірудің технологиялық процесін жүргізу. Шихтаны қыздыру, реакция қалыпты жүру үшін ауаны немесе газды мөлшерлеу, араластыру. Процес барысында қажетті компоненттерді қосу, процестің сатылары бойынша температураны реттеу, талдау нәтижесі немесе сыртқы белгілері бойынша реакцияның аяқталу кезін анықтау. Газды реттеуіш пунктін жабдықтау. Технологиялық ереженің сақталуын және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, сондай-ақ талдау нәтижелері мен көзбен шолу арқылы өнім сапасын бақылау. Шихта құрамын, процес жүргізу режимі мен уақытын есептеу. Технологиялық режимнің қалыптан ауытқуының себептерін жою, олардың алдын-алу. Айналмалы, шахталы, бүріккіш пештерді, қайнаған қабатты пештерді, әкті-күйдіргіш пештерді, жалпақ қол пештерін, элеваторларлы, бақылау-өлшеу құралдарын, реттеу құралдарын және басқа да коммуникацияларды жабдықтау. Құрал-жабдықтарды жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; технологиялық процестің мәнін; дайын өнім мен көмекші материалдардың, технологиялық отынның, жартылай фабрикат пен шикізаттың қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; термиялық процес барысындағы қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді; технологиялық режимді ; процесті реттеу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

142. Күйдіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Командалық-электр құрылғыларының көмегімен, автоматты режимде радиоизотопты деңгей өлшеуішпен жабдықталған газды отында жұмыс істейтін әкті-күйдіргіш пештердің саны үш не одан да көп болғанда немесе өнімділігі тәуілігіне 300т/т астам әкті-күйдіргіш пештерімен күйдірудің технологиялық процесін жүргізу. Көк бояу өндірудегі күйдіру пештерінің қызмет көрсетуі; пеш бөлімінің біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларының жұмысын бақылау және үйлестіру.

Білуі тиіс: өнім өндірудің технологиялық сызбасын; дайын өнімнің, шикізаттың, технологиялық отынның және қосалқы метариалдардың қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; термиялық процес жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;процесті реттеу ережелерін; талдау жүргізудің әдістемесін.


143. Күйдіру аппаратшысы

6-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көк бояу өндіретін бөлімшенің біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыларының жұмысын бақылау және үйлестіру. Автоматтантандырылған режимдегі дистанционды басқару тетігімен шикізатты күйдірудің технологиялық процесін жүргізу. Автоматика және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен түсірілетін және шығындалатын шикізат пен материалдардың сапасы мен көлемін, дайын өнімнің шығуын және процестің басқа да көрсеткіштерін бақылау. Дабыл құрылғылары бойынша технологиялық процестің бұзылуы мен құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қажет болған жағдайда процесті дистанционды (қашықтықтағы) басқару тетігінен қол жұмысына ауыстыру. Тетікте орнатылған автоматты құрылғылардың, тіркеу құрылғыларының, бақылау-өлшеу құралдарының қызмет көрсетуі; Құралдардың көрсеткіштерін өндірістік журналдарға тіркеу. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшылардың бір мезгілдегі басшылығымен учаскелерді үйлестіру: шихталы, аспалы арқан жолындағы, пешті, өшіргіш және газ тазартқыш.

Білуі тиіс: өнімді өндірудің технологиялық сызбасын; күйдірудің технологиялық процесін; дайын өнім, көмекші материалдар, технологиялық отын, жартылай фабрикаттар мен шикізаттардың физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды пайдаланудың ережелерін, олардың құрылымын; термиялық процес барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; технологиялық режимді; процесті реттеу ережелерін; талдау жүргізу әдістемесін.

144. Тотықтандыру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен тотықтандырудың қарапайым және орташа күрделі технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты қабылдау және дайындау. Химиялық ерітінділерді дайындау. Шикізатты тиеу және мөлшерлеу. Қышқылданған ерітіндіні түсіру, езу не сақтау ыдыстарына құю немесе өндірудің келесі технологиялық кезеңдеріне жіберу. Сынамаларды алу. Технологиялық режимнің нормадан (қалыптан) ауытқуының себептерін анықтау, оларды жоюдың шараларын қолдану. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; тотықтандыру процесінің мәнін және оның реттеудің әдістерін;бақылау- өлшеу құралдарының, құрал-жабдықтардың жұмыс қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматура сызбасын; қазан қадағалаушы құралды қызме ету ережелерін; есептеу әдістемесін; сынамаларды алу ережелерін және химиялық талдаулар жүргізуді; қышқылдандырғыштардың химиялық қоспалары мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.

Жұмыс мысалдары. Сутек тотығымен хлорлы бензоилды, битумды оттекпен, калий парааминосалицилатын күкірт қышқылымен, крахмалды суспензияны гипохлоритпен, бояғыштарды ауамен қыздыру немесе тоңазытусыз атмосфералық қысым кезіндегі тотықтандыру процесін жүргізу.
145. Тотықтандыру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен қышқылдаудың орташа күрделі немесе күрделі технологиялық процестерін жүргізу.

Еріту, ұсату, тұндыру, буландыру. Қышқылдандырғыш шихталарды дайындау. Айналмалы пештерге, қышқылдатқыш колонналарға, реаткорларға шикізаттың сұйық немесе қатты компоненттерін тиеу және мөлшерлеу. Талдау нәтижелері және автоматика құралдары мен бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы берілген температурадағы реакциялық массаның ұстамдылығы. Өнімдердің, температураның, қысымның, қышқылдықтың, концетрацияның, аппараттардағы деңгейлердің мөлшерін немесе қатынасын реттеу. Химиялық талдаулар жасау. Дайын өнімнің есебі және қышқылдандырғыш пен шикізат көлемін есептеу. Автоклавтардың, сүзгілердің, буландырғыштардың, қыздырғыштардың, тоңазытқыштардың, скрубберлердің, конденсаторлардың, ресиверлердің, ректификационды, инверсионды колонналардың, адсорберлердің, десорберлердің, айырғыштардың, орталықтан тепкіш және вакуум сорғылардың, сондай-ақ басқа да коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Құрал-жабдықтарды жөндеуден қабылдап алу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; қышқылдау процесін, оны реттеудің әдістерін; бақылау-өлшеу құралдары, құрал-жабдықтардың құрылымын; коммуникациялар және арматураның сызбасын; правила обслуживания котлонадзорного оборудования; есептеу әдістемесін; сынамаларды алу ережелері мен химиялық талдаулар жүргізуді; қышқылдандырғыштардың химиялық қоспалары мен шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.
146. Тотықтандыру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басқарумен қатар қышқылдаудың орташа күрделі технологиялық процесін жүргізумен қатар қышқылдаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу.

Құрал-жабдықтардың жұмысын тексеру. Контактілік аппараттарды дайындау, оларға катализаторларды салу. Буларды қыздыру, буландыру. Газды буды су буымен араластыру. Контактілік аппараттарға спиртті буландырғыштардан булы газды қоспаларын беру. Алынған өнімді конденсациялау, суыту, тұрақтандыру және стандарттау. Өңделген ерітіндіні залалсыздандыру. Реагенттердің ректификациясы. Ережеде қарастырылған төмендегі параметрлерді талдау нәтижелері және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы реттеу: температураны, қысымды, катализатор көлемін, катализатор, ауа, булы-газды қоспалардың және т.б. сапасын. Газ үрлеуіш, сорғылар, тұндырмалардың қызмет көрсетуі. Дайын өнімді сақтау ыдыстарына ауыстыру. Құрал-жабдықтарды, автоматика жүйелерін және коммуникацияларды жұмысқа дайындау. Контактілік аппараттарды жұмыс режиміне шығару.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын, бақылау-өлшеу құралдары мен құрал-жабдықтардың құрылымы мен пайдалану ережелерін; коммуникациялар мен арматураның сызбасын; қазандарды қадағалағыш құралдардың қызмет көрсету ережелерін; есептеу әдістемесін; тотықтандырудың химиялық қоспаларының және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.

Арнайы орта білім қажет.

Жұмыс мысалдары. Метилэтилпиридинді, эфир майларын және өнімдерді олардың істеп шығарылғанын хром қоспасымен, майлы қышқылдарды, парафинді, нафталинді, хлорды тионилді, адипин қышқылын, циклогексанонды, изопропилді, изоамилді және метилді спиртті, әлсіз азот қышқылын тотықтандыру процесін жүргізу немесе калий тотығын, уксус қышқылы және уксус ангидридін өндіруде тотықтандыру процесін жүргізу; изоникотинді қышқылды өндіруде пикалинді меланжбен тотықтандыру.
147. Тотықтандыру аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басқарумен қатар тотықтандырудың күрделі технологиялық процесін жүргізу. Изовалерианды қышқылдар мен альдегидті өндіруде ажырату аппаратшыларына басшылық ету.

Бақылау-өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының және орталық басқару тетігінің дистанционды басқару көмегімен, сондай-ақ химиялық талдаулар нәтижелері арқылы тотықтандыру учаскесінің барлық құрал-жабдықтарының жұмысын, тотықтандырудың технологиялық ережесінің сақталуын, реакциялық массаның, жартылай өнімдер мен өнімдердің сапасы мен шығуын бақылау. Қызмет көрсететін учаскедегі түрлі тотықтандыру аппараттардың, контактілік аппараттардың қосылуы мен тоқтатылуын басқару. Компоненттердің ара салмағын есептеу. Қорытынды талдаулар жүргізу. Алынған өнім мен шығындалған шикізаттың есебін жүргізу.

Білуі тиіс: жартылай өнімді алу және тотықтандыру учаскесінің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарының, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың құрылымын, сындарлы ерекшеліктерін; арматура және коммуникациялар, автоматика құралдарының сызбасын; алынған өнімнің, реакциялық массының қышқылдатқыштарын, катализаторлардың, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; технологиялық режим және оны реттеудің ережелері; дайын өнім және шикізатқа деген мемлекеттік стандарттарды.

Арнайы орта білім қажет.


148. Сабындау аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен заттарды сілтімен сабындаудың технологиялық процесінің жеке операцияларын орындау.

Шикізатты аппараттарға тиеу және дайындау, қыздыру, араластыру, сабындау, сабындалған массаны тұндыру және суыту. Сабындау аппаратарының, жылу алмастырғыштардың, сорғылардың және басқа да құрал-жабдықтардың қызмет көрсетуі. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін учаскедегі негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; дайын өнім және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін.
149. Сабындау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сілтілер және қышқылдармен заттарды сабындаудың қарапайым технологиялық процесін жүргізу.

Сілтілер мен қышқылдан тазалап, шаю. Өнімді ары қарай беру. Сынамаларды алу. Талдау нәтижелері бойынша және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері арқылы технологиялық режимнің параметрлерін реттеу: температурасын, қысымын, концентрациясын, қышқылдығын. Сабындалған өнімдегі сілтінің артығын анықтау және түзету. Сабындау саны және қышқылдау саны бойынша сода мен сілтінің қажетті көлемін есептеу. Алынған өнім мен шикізаттың шығындалуын есептеу. Құрал-жабдықты жөндеуден қабылдау.

Должен знать: өндірудің технологиялық сызбасын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдары жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; дайын өнім, жартылай өнім және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелері; технологиялық режимнің параметрлері.

Жұмыс мысалдары: поливинилбутиралды, винифлексты, кальцийді, глицерофосфатты, азық бояғыштарды өндіруде сабындау процесін жүргізу.


150. Сабындау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым төмен аппаратшыны басшылығымен сабындаудың күрделі технологиялық процесін немесе заттарды сілтімен сабындаудың қарапайым процесін жүргізу.

Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін қадағалау. Дайын өнімнің шығуы мен шикізат шығынын өлшеу, олардың сапасын талдау нәтижесі бойынша бағалау. Сабындау процесінің барысы туралы өндірістік журналға жазба жүргізу. Құрал-жабдықтардың күй-жайын қадағалау. Автоматика құралдарын, бақылау-өлшеу құралдарын және технологиялық құралдарды жабдықтау. Коммуникациялар мен құрал-жабдықтардың күрделі емес жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдары жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын, сындарлы ерекшеліктерін; дайын өнім, жартылай өнім және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; сынамаларды алу ережелерін; технологиялық режимнің параметрлерін.

Орта арнайы білім қажет.

Жұмыс мысалдары. ди-нитрохлорбензолды и 4- және нитро-2-амино-фенолды өнідірістерінде жоғарымоллекулярлы оксиқышқылдарын, синтетикалық майлы қышқылдарды және майлы спирттерді, ақ стрептоцидті сабындаудың процесін жүргізу.
151. Сабындау аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сабындаудың күрделі технологиялық процесін жүргізу, сабындау бөлімшесінің жұмысын үйлестіру және бақылау.

Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес технологиялық процесті реттеу және басқару. Қадағалау мен талдаулар нәтижесінде процеске түзетулер енгізу, реттеу құрылғыларын қолдана білу. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; бақылау-өлшеу құралдарын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарды пайдалану ережелерін, олардың құрылымын; дайын өнім, жартылай өнім және шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттерін; тексеру талдауларын жүргізу әдістемесін; технологиялық режимнің параметрлерін және оны реттеудің ережелерін;

Арнайы орта білім қажет.


152. Шөктіру аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен тұндыру процесінің жеке операцияларын орындау. Шикізатты қабылдау және дайындау. Кертартпашыл аппараттарға шикізатты тиеу. Ерітінділерді мөлшерлеу. Технологиялық құралдарды жабдықтау. Құрал-жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау.

Білуі тиіс: өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтың жұмыс істеу қағидасын, оның құрылымын; өнімдер мен шикізаттардың технологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін.


153. Шөктіру аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қатты фазаның бөлінуі мен ерітінді реагенттерінің көмегімен ерітілмейтін түрге айналдыра отырып, өнімді бөлудің технологиялық процесін жүргізу немесе оңай ыдырайтын, жарылғыш, улы және күшті әсерлі заттарды қолдана отырып, тұндыру бойынша жеке операцияларды орындау.

Жұмыс ерітінділерін дайындау оларды қоспалардан тазарту, ерітінділер мен қоспаларды ректорларға өткізу. Араластыру кезінде қоспаны қыздыру. Аналық қоспаны тұндыру, декантациялау және қойыртпадан ағызу, сүзгіден өткізу. Дайын өнімді алу. Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процес барысын және температуралық режимді реттеу және бақылау. Өндіруді бақылау үшін сынамаларды алу. Реакторлар, тұндырғыштарды, сорғыштарды және басқа да құралдарды жабдықтау. Шикізат шығынын есептеу. Құрал-жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтардың алдын-алу және болдырмау. Құрал-жабдықтарды жөндеу жұмысынан қабылдап алу.

Білуі тиіс :өндірудің технологиялық сызбасын; негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қағидасын, олардың құрылымын; коммуникациялар мен арматуралардың сызбасын; өнімдер, жартылай фабрикаттар, шикізат және көмекші материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнім және шикізатқа техникалық шарттарды; қызмет көрсететін учаскедегі технологиялық процестің мәнін; технологиялық режимнің параметрлерін және процесті реттеу ережелерін; сынамаларды алу ережелерін.
154. Шөктіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Фазаны бөліп немесе бөлмей қымбат тұратын, тез ыдырағыш, жарылғыш, улы немесе күшті әсерлі заттарды қолдана отырып, тұндырудың технологиялық процесін енгізу, сондай-ақ тұндыру әдісімен литопонды алу.

Жұмыс ерітінділерін қоспалардан алдын-ала тазарту. Реакторларға шикізат пен ерітінділерді мөлшерлеу. Суспензияны тұндырғышқа жіберу, аналық ерітінділерді шайқау және тұндыру. Өнімді кристаллдау, өнімді шығару, цетрифугадан өткізу, сүзгіден өткізу, шаю. Аса дәлдікпен шикізатты, температураны, тұндыру уақытын, қоспаның берілген пайызын, стандартты өнімнің шығуын және басқа көрсеткіштерді мөлшерлеуді қамтамасыз ету. Талдаулар жүргізу. Тұндырудың процесін аса дәлдікпен жүргізу шарттарын сақтау үшін қажетті арнайы құрылғыларды, сондай-ақ цетрифугалар мен кристаллизаторларды жабдықтау. Өнімнің шығуы мен шикізат шығынын есептеу. Дайын өнімді қоймаларға тасымалдау. Қажет болған жағдайда неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардыңжұмысын бақылау және үйлестіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет