Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет10/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70

Жұмыс үлгілері.

1) Автосамосвалдардың көтеру механизмдері майына арналған бактар - пісіру;

2) Дыбыс басқыштар, руль доңғалағының каркасы, автомобиль жылыту патрубкасының краншалары - пісіру;

3) Қаптаулар - пісіру;

4) Бекітпе изоляция бөлшектері - пісіру;

5) Муфталар - труба ұштарымен пісіруге дайындау;

6) Поддондар - пісіру;

7) Бензин және май бактарына арналған белдіктер - пісіру - п ісіру;

8) 30х30 кв. мм. дейін кескілі тік бұрышты кескілер - пісіру;

9) Арматура торша-сатылар - пісіру;

10) Диаметрі 30 мм. дейінгі дөңгелек материалдан жасалған шынжырлар - пісіру;

11) Әртүрлі сағат үлгілеріне арналған циферблаттар – аяқтарына қосып пісіру.

195. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші

3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық және тез кесетін болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Бөлшектерді, валдарды, штоктарды понршеньдермен үйкеумен пісіру. Күрделі құймалардағы өскіндерді, қатпарлар мен құймашаларды ВЭКР қондырғыларында кесу.

Білуге тиіс: қолданылатын контакті машиналарының құрылымын, пісіру технологиясы негіздерін және пісірілетін бөлшектерге қойылатын технологиялық тараптарды, пісіру кезіндегі ақау себептерін, пісірме жік сапасын бақылау тәсілдерін, пісірілетін конструкция сызбасын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Платина-титан анодтар – пісіру;

2) Жолаушылар вагондарының бүйірлері, төбесі , едені және рамасы – пісіру;

3) Букс болттары мен вагон және тендер арбасы бөлшегі – пісіру;

4) Жолаушылар вагондарының қорғасынды ауа жолдары, қарапайым каркастары мен торлары – пісіру;

5) Жиынтықты бекіту бөлшектері – пісіру;

6) Автомобиль радиаторларының капоты, жалюздері мен қанатшалары – пісіру;

7) Ескі каркастары мен қаптамалары – пісіру;

8) Автомобиль қозғағышы маховиктерінің тіс сақиналары – пісіру;

9) Конденсаторлар, рейкалар, торшалар мен басқа да радиобөлшектері – пісіру;

10) Трансформатор мен автомобиль аккумуляторларының кронштейндері – пісіру;

11) Автосамосвал қораптары – пісіру;

12) Кеме жиһазы – пісіру;

13) Сұрыптық және профильді метал – пісіру;

14) Таза материалдардан жасалған панельдер – пісіру;

15) Автомобиль кабинасы алдыңғы шынысының рамасы – пісіру;

16) 30х30 кв. мм. жоғары кескілі тік бұрышты кескілер – пісіру;

17) Сумен жабдықтау және жылу сыртқы және ішкі желілері трубалары – пісіру;

18) Технологиялық трубақұбырлары (5-санаттағы) – пісіру;

19) Қол тежегіш тартпасы – пісіру;

20) Велосипед тораптары – пісіру;

21) Диаметрі 30 мм. жоғары дөңгелек материалдан жасалған шынжырлар - пісіру;

22) Дән мен сабақ шнектері – пісіру.

196. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен дәнекерлеуші

4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған әртүрлі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құрамдас кесу құралын үйкеумен пісіру.

Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын, пісірілетін материалдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, қызмет көрсететін контакті машиналарының принципті және монтаждық электр сызбасын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Майлар мен жанармай сұйықтарға арналған және отынның арнаулы нысандағы бактар – пісіру;

2) Дән бункерлері – пісіру;

3) Оталғш бастары, реттығын стойкалары, маятниктер, реттығын және тежегіш тартпалары – пісіру;

4) Каркастар мен арнаулы торлар – пісіру;

5) компрессор корпусы қатаңдық сақиналары – пісіру;

6) Автомобиль кронштейндері, аяқпен басқару педальдары және радиатор рамкасы – пісіру;

7) Муфталар-труба ұштарына пісірмелер – пісіру;

8) Кеаме корпусы бойлық байламалары – пісіру;

9) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі бу қазандарының труба элементтері – пісіру;

10) Газбен қамтамасыз ету төмен қысымды сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – пісіру;

11) 3 және 4 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (3 және 4 санаттағы) – пісіру;

12) Ұшақ қанаттары мен шасси тораптары – пісіру;

13) Электромеханикалық сүзгілер – пісіру;

14) Аз магнитті болаттан жасалған зәкір шынжырлары – пісіру;

15) Автосамосвалдардың гидравликлық көтергіш цилиндрлері – пісіру;

16) Шпангоуттар – пісіру;

17) Метал кесетін станок электршкафтары – пісіру.

197. Байланысты (сығымдау) дәнекерлеу машинасымен

Дәнекерлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған күрделі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен сыйымдылықтарды, контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құлыптарды трубаларға үйкеумен пісіру.

Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын, кинематикалық сызбаларын, пневматикалық құрылымы мен электрлі басқару сызбаларын, қосуды реттеу аппаратурасының құрылымын, пісіру режимін анықтау принципін, пісірмен жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Тұтас метал жолаушылар вагондарының қорап бүйірі мен қақпақтары – пісіру;

2) Шпангоут бұтақтары – пісіру;

3) Алюминий құймаларынан жасалған желім пісіру конструкциялары (корпус аралықтары, платформалар, шпанглуттер, панельдер, палубалар мен қондырмалар) – пісіру;

4) Ұшақ қанатының консольдері – пісіру;

5) Арнаулы нысандағы ірі габариттік панельдер – пісіру;

6) Пантондар – пісіру;

7) Ауа радиаторлары – пісіру;

8) Барлық үлгідегі рельстер – пісіру;

9) Рессиверлер – пісіру;

10) Ұшақтар: қанат және фюзеляж қаптамасы – пісіру;

11) Стабилизаторлар – пісіру;

12) Автомобиль шассилерінің траверстері – пісіру;

13) Газбен қамтамасыз ету орта және жоғары қысымды сыртқы желілерінің труба құбырлары – пісіру;

14) 1 және 2 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (1 және 2 санаттағы) – пісіру;

15) Арматура фермалар – пісіру;

16) Напор трубаларына арналған цилиндрлер – пісіру;

17) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандарының труба элементтері – пісіру.

Ескерту. Өзінің меншікті қоректендіру көздерінен дала жағдайында жұмыс істейтін өздігінен жүретін, жік пісіру машиналарында жұмыс істеу кезінде жұмыстар бір разрядқа жоғары тарифтеледі.

Электронды сәулелі дәнекерлеу құрылғысымен дәнекерлеуші


198. Электронды сәулелі дәнекерлеу

құрылғысымен дәнекерлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құрамы бойынша біркелкі металдар мен балқытпалардан жасалған, сынауға тартылмайтын бөлшектерді пісіру. Пісіру қондырғылары мен машиналарын баптауға қатысу. Режимді іріктеу және жұмыс процесінде оларды реттеу. Вакуум жүйесіне, вакуум насостары мен агрегаттарына қызмет көрсету. Айдауды қадағалау және вакуум жұмысы жүйесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау. Пісіру қондырғыларының жоғары қысымын қоректендіруші құрылғыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қондырғылардың жұмыс қағидатын, электронды-сәулелі қондырғылардың қосу және ажырату сызбаларының нысанын, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, бұйымидардың орнын ауыстыру механизмдерін, электромагнитті пушка мен электромагнитті линзаларды қоректендіруді басқару ережесін, айдау процесін және вакуумның қажетті дәрежесін, жоғары вольтті жабдықпен және оның қоректендіру көздермен жұмыс істеу ережесін, пісірілетін материалдардың негізгі қасиеттерін, пісірілген қосындылары мен жіктерінің түрлерін.

199. Электронды сәулелі дәнекерлеу

құрылғысымен дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Легирленген болаттан, түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделілігі әртүрлі, сынауға тартылатын тораптар мен бөлшектерді тік және жазық тегістіктерде пісіру. Тораптар мен бөлшектердің қиыспа жіктерін электронды сәулемен вакуумда пісіру, вакуум тығыздығы сыналатын тораптарды пісіру. Пісіру қондырғыларын баптау және пісірілетін материалдардың маркасы мен қалыңдығына, сондай-ақ қосындылардың типіне қарай пісіру режимін белгілеу. Айдау жабдығына қызмет көрсету және пісірілетін бұйымдарды камерадан түсіріп алу. Тік және жазық осьті ішкі барабанды ауыстыру немесе суппортты ауыстыру.

Білуге тиіс: пісіру қондырғыларының құрылымын, оларды баптау және реттеу ережесін, жоғары вакуумды техниканы пайдалану жөніндегі негізгі ережелерді, пісіру қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын, пісірме жіктерге қойылатын талаптарды, пісірме жіктерді бақылау тәсілдерін, пісіру режимін іріктеуді, пісірілетін бұйымдардағы ішкі кернеулер мен деформацияларды, олардың алдын алу шараларын, вакуум жүйелерінің құрылымын және оларға қызмет көрсету ережесін, негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және олардың қолдануды, айдау нысанын және режимдерін.

200. Электронды сәулелі дәнекерлеу

құрылғысымен дәнекерлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Химиялық белсенді және түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделі тораптар мен бөлшектерді әртүрлі жағдайларда пісіру. Қысыммен жұмыс істетін бұйымдарды пісіру. Вакуумды-тығыз қосындыларды разрядтау деңгейі 26 мкПА (26х10-11 атм) және одан төмен кезінде пісіру. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. жоғары кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Баптаушысыз жұмыс істеу кезінде көп позициялық жабдықтарға қызмет көрсету. Дифференциалды айдау камералы және электрондық-сәулелі пушкалы қондырғыларға қызмет көрсету. Жабдықтың жекелеген тораптарының жұмысын, айдау режимін, салқындату жүйесі мен бақылау-өлшеу аппаратурасын үздіксіз бақылау.

Білуге тиіс: әртүрлі электронды-сәулелі пісіру қондырғыларының негізгі ерекшеліктері мен оларды басқару ережесін, метал тану және метал пісіру негіздерін, айдау, пісіру және т.б. бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, режимдерді реттеу тәсілдерін, пісірме жіктерді сынау тәсілдерін, пісірме жік қосындыларына арналған мемлекеттік стандарттарды.

201. Электронды сәулелі дәнекерлеу

құрылғысымен дәнекерлеуші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы құймалардан жасалған, қымбат тұратын тораптар мен бөлшектерді вакуумда электронды-сәулелі пісіру. Күрделі тораптар мен бөлшектерді пісіру, қыздыру деңгейі шектеулі бұйымдарды пісіру. Шағын габаритті және миниатюралық бұйымдарды пісіру. Соқпалы және вибрациялы жүктеме жағдайындағы жұмысқа арналған бұйымдарды пісіру. Автоматты басқарылатын немесе өндіріс циклі үздіксіз жоғары вакуумды жүйелерге қызмет көрсету. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. дейінгі кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Айдау процесін аспаптардың көрсеткіштері бойынша үздіксіз бақылау және пісіру процесін басқару. Электронды байламның оңтайлы параметрлерін алу және жіктерді оңтайлы кесу мақсатымен оларды өзгерту.

Білуге тиіс: электронды-сәулелі қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын, қызмет көрсететін қондырғылардың құрылымын, электронды-сәулелі пушка геометриясының қондырғының электрлік параметрлеріне әсерін, пісірілетін металлдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, пісірудің оңтайлы режимдерін, сызбасы күрделі айдау жүйелерінің құрылымы мен нысанын, күрделі жүйелерді айдау ережесін және режимін, айдау технологиялық процесінің әрбір кезеңінің нысанын және олардың кезектілігін, вакуумды техника, электроника және электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі


202. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әртүрлі бөлшектерді термиттік пісіру. Престі орнату және тексеру, пісірілетін беттерді түзеу, қалыптарды орнату және майлау. Қалыптарды толтыру, үлгілерді шығару және қалыптарды кептіру. Тиглдерге арналған қоспаларды дайындау, оларды жасау және күйдіру. Пісірілетін беттерді бензоаппаратпен және оттабамен қыздыру. Термит компоненттерін қолмен немесе сеялкамен елеу, жармалаушы машинамен жармалау, оларды араластыру, буып-түю және үлестеп салу. Металды пісіруден кейін кесу. Желдеткіш жүйесінің жұмысын реттеу. Механизмдерді майлау. Кабель мен сымды пісіруге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидатын, арнаулы айлабұйымдардың нысанын және қолдану шарттарын, қалыптаушы қоспаны дайындау және қабылдау ережесін, тиглдерді қалыптау және дайындау тәсілдерін, термиттік қоспаларға кілетін материалдарды, оларды дайындау (ұсақтау және елеу) тәсілдерін, термит компоненттерін буып-түю және салу ережесін.

203. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді: теміржол және трамвай рельс жолдарын арнаулы қондырғыларда термиттік пісіру. Пісіруге арналған термит массасын, пісіру сапасын анықтау. Қоспаны пісіргеннен кейін жолды өңдеу және тексеру. Жекелеген компоненттерді өлшеу және рецепті бойынша термит қоспасын жасау. Термиттің сынама порцияларын сынау. Механизмдерді дәннің қажетті мөлшеріне баптау.

Білуге тиіс: термиттік пісіру кезінде машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен ұнтақтаушы, дозалаушы және араластырушы механизмдердің құрылымын және жұмыс қағидатын, термиттің нысанын және оны қолдану тәсілдерін, термитті, термиттік қоспаны және жекелеген компоненттерін қоймалау және сақтау ережесін, қолданылатын материалдарды маркалары мен сұрыптарын, термит қоспасының проценттік құрамын, елеуіштерді іріктеу (дәндердің немесе бөліктердің мөлшеріне қарай) ережесін, сертификат жасау ережесін.

204. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді, теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарын, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерін, электр кабельдерін, электр өткізу сымдарын термиттік пісіру. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі жабдықтардың құрылымын, қызмет көрсететін жабдықтың электр сызбалары мен оларды баптау тәсілдерін, универсалды және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималардың, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктердің жіктерін пісіру ережесін, теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарының, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерінің құрылымын.

205. Термитті дәнекерлеу дәнекерлеушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр сымдарын, электр өткізу желілерін жоғарыда және жоғары кернеу аймағында термиттік пісіру.

Білуге тиіс: жоғарыда және жоғары кернеу аймағында пісіру тәсілдері мен ережесін, түрлі үлгідегі жабдықтардың электр сызбаларын және олардың дәлдігін тексеру тәсілдерін, қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.

Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші
206. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектердің жұмысталған жерлерін флюспен вибродоғалы балқыма қаптау. Балқыма қаптау режимін белгілеу. Ток күші мен кернеуді реттеу.

Білуге тиіс: біртектес электр пісіру қондырғыларының, машиналары мен автоматтарының құрылымын және жұмыс қағидатын, балқыма қаптау жұмыстары кезінде электрмен пісіру жабдығын берілген режимге реттеу ережесін, бөлшектерді пісірумен қалпына келтіруге арналған техникалық жағдайларды.

Жұмыс үлгілері

1) Ұзындығы 1400 мм дейінгі валдар – мойындарына балқыма қаптау;

2) Тірек доңғалақтары – жүгірме жолдарды балқыма қаптау;

3) Тірек доңғалақтары – таспаға балқыма қаптау;

4) Жұмыр муфталар - пазға балқыма қаптау.

207. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектердің жұмысталған жерлерін автоматтарда және жартылай автоматтарда вибродоғалы, виброконтактілі балқыма қаптау, ұнтақты сыммен балқыма қаптау. Жабдықты және айлабұйымдарды сымды беруге реттеу және баптау.

Білуге тиіс: электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын, виброконтактілі балқыма қаптау және ұнтақты сыммен балқыма қаптау процесін, айлабұйымдарды сымды беруге реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1) Бұрма көтеру барабандары – тербеліс подшипниктері саңылауларын балқыма қаптау;

2) Бас лебедканың валдары - шлиц мойындарына балқыма қаптау;

3)Ұзындығы 1400 мм жоғары валдар – мойындарына балқыма қаптау;

4) Гильзалы дискілер – мойындарына балқыма қаптау;

5) Төрт қатарлы жұлдызшалар – тістерге балқыма қаптау.


208. Электрдірілмен ерітіп дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі бөлшектерді вибрациялы қондырғыларда вибродоғалы балқыма қаптау. Бөлшек беттерін вибродыбыстық балқыма қаптауға дайындау. Бұйымның диаметріне және балқыма қаптау қабатының қалыңдығына қарай жұмыс режимін анықтау. Технологиялық картаға сәйкес флюстарды, электродтарды және электродты сымдарды дайындау. Вибрациялық қондырғы ақауларын жою.

Білуге тиіс: вибрациялы қондырғылардың нысанын, құрылымын және оны қолдану шарттарын, тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электрмен пісіру аппараттарының құрылымын, балқыма қаптау болатының механикалық және технологиялық қасиеттерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, құрылымын және қолдану шарттарын, оларды электр тізбегіне қосу тәсілдерін, электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, вибродоғалы балқыма қаптау кезінде қолданылатын флюстардың, электродтардың және электродты сымдардың маркаларын, балқыма қапталған қабатты сынау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Прокат валдары – балқыма қаптау;

2) Дизель цилиндрлерінің гильзалары – орнату белдеушелеріне балқыма қаптау.

Электр газбен дәнекерлеуші


209. Электр газбен дәнекерлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл салмақты және ауыр болат сынығын қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Көміртекті болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу, сондай-ақ көміртекті болаттан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында кесу. Бөлшектерді, бұйымдарды, конструкцияларды барлық кеңістік жағдайларында қармап алу. Бұйымдарды, тораптар мен қосындыларды пісіруге дайындау. Пісіргеннен және кескеннен кейін жіктерді тазалау. Қорғану газдарымен пісіру кезінде пісірме жіктің арғы бетінің қорғалуын қамтамасыз ету. Қарапайым бөлшектерге балқыма қаптау. Қарапайым бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды жою. Бөлшектер мен конструкцияларды түзету кезінде қыздыру. Қарапайым сызбаларды оқу. Газ баллондарын жұмысқа дайындау. Жылжымалы газ генераторларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін тұрақты және ауыспалы токпен доғалы кесуге арналған электрмен пісіру машиналары мен аппараттарының, газбен кесу және пісіру аппаратурасының, газ генераторларының, электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың, оттегі және ацетиленді баллондардың, аспаптар мен пісіру оттықтарының құрылымын және жұмыс қағидатын, қолданылатын оттықтарды, редукторларды, баллондарды пайдалану ережесін, қармаудың негізгі тәсілдері мен жолдарын, жіктерді пісіруге бөлу нысандарын, қорғану газдарымен пісіру кезінде қорғануды қамтамасыз ету ережесін, пісірме қосынды түрлерін және жік типтерін, бұйым жиектерін пісіруге дайындау ережесін, пісірме жіктерді сызбаларда белгілеуді, пісіру кезінде қолданылатын электродтардың, пісіру металы мен балқымалардың, газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін, баллондардағы газдың шекті қалдық қысымын, пісіру кезінде қолданылатын флюстердің нысаны мен маркаларын, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолданылу шарттарын, пісіру кезінде ақаулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу тәсілдерін, газ алауының сипаттамасын, мемлекеттік стандарт бойынша сынық габариттерін.

Жұмыс үлгілері.

1) Трансформатор балкалары - қабырғаларын автоматты пісіруге жақындату;

2) Люлька балкалары, тұтас метал вагондардың және вагон электр секцияларының рессор астындағы және рессор үстіндегі брустары – доңғалақтарды бағыттаушы және орталандырушы күшейткіш бұрыштарды қосып пісіру;

3) Прокат балкалары – жолақтарды белгі бойынша қармайтын нүктелерді қосып пісіру;

4) Леер стойкаларының башмактары – кемеде кесу;

5) Бу балғаларының бойкалары мен шаблондары – балқыма қаптау;

6) Букс, колонкалық және орталық болттар – жұмысталған жерлеріне балқыма қаптау;

7) Бортты тент каркасының бөлшектері – қармау және пісірмелеу;

8) Контейнерлердің метал бөлшектері – ыстық түзету;

9) Платфоррмаолар мен метал жартылай вагондар рамаларының диафрагмалары – қабырғаларды қосып пісіру;

10) Жеребейкалар – пісіру;

11) Заклепкалар - ұштарын кесу;

12) Жүк вагондары тежегіш алаңдарының каркастары мен бөлшектері және жолаушылар вагондарының терезе каркастары – пісіру;

13) Қаптаулар мен қоршаулар, ауылшаруашылығы машиналарының жүктемесі жеңіл тораптары – пісіру;

14) Май насостарының және автомобиль сүзгілерінің қаптаулары – құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау;

15) Кен-шахта жабдығын бекітуге арналған кронштейндер – пісіру;

16) Жатка конштейндері, тежегіш валиктері – пісіру;

17) Автомобиль рамасына бекіту кронштейндері – жарықтарды балқыма қаптау;

18) Автосамосвал подрамниктерінің кронштейндері – пісіру;

19) Вагонасты жарықтарының қақпақтары - пісіру;

20) Трамвай қаптамасының ішкі және сыртқы бұрыш парақтары – кесінділерді пісірмелеу;

21) Шихтаға арналған болат сынықтары – кесу;

22) Рессор салмалары мен төсемдері – пісіру;

23) Ұсақ опоктар – құлақшаларын қосып пісіру;

24) Шағын көлемді болат опоктар - құлақшаларын қосып пісіру;

25) Шойын және болат шағын құймалар - өңделмейтін жерлеріндегі раковиналарды балқымамен жою;

26) Станоктарға поддондар – пісіру;

27) Қалыңдығы 300 мм. дейінгі болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу;

28) Трансформатор бактарының рамалары – пісіру;

29) Кереуеттер матрацының рамалары, панцирлі және ромбылы торлар – пісіру;

30) Қабылдау трубалары – сақтандыру торларына балқыма қаптау;

31) Автомобиль қанаттарының күшейткіштері – пісіру;

32) Автосамосвал механизмдерінің гидравликалық фиксаторлары – пісіру;

33) Жауапсыз іргетастар, аз көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған ұсақ тораптар- стеллаждарда жартылай автоматтыт пісіру.

210. Электр газбен дәнекерлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, төбедегіден басқа, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Көміртекті және легирленген болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Машина тораптары мен бөліктерін сақтап отырып немесе кесе отырып, түсті метал қалдықтарын бөле отырып, берілген мөлшерлерге қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қолмен доғалы, ауамен түземелеу. Күрделілігі орташа бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды балқымамен қаптау. Бөлшектерді пісіру кезінде берілген режимді сақтай отырып, алдын ала және ілеспе қыздыру. Күрделілігі әртүрлі бөлшектердің, тораптардың және конструкциялардың сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін электрмен пісіру және плазмамен пісіру машиналарының, газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен плазмотронның құрылымын, пісірме жікке және ауамен түзеуден кейін қабатқа қойылатын талаптарды, болат маркасына қарай электрод маркасын іріктеу тәсілдерін, электрод жақпаларының қасиеттерімен мәндерін, пісірме жіктің құрылымын, оларды сынау тәсілдері мен бақылау түрлерін, бөлшектер мен тораптарды пісіруге дайындау ережесін, металдың маркасы мен оның қалыңдығына қарай қыздыру режимін таңдау ережесін, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті метал мен балқымалардан жасалған бөлшектерді пісіру мен балқыма қаптаудың негізгі технологиялық жолдарын, оттегі және газбен, электрмен кесу кезінде кесу режимін және газ шығынын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет