Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет11/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70

Жұмыс үлгілері.

1) Қалайы қоладан және кремнийлі латуннен 1,6 МПа (15,5 атм) сынама қысыммен жасалған арматура – ақауларын балқымамен қаптау;

2) Жылжымалы құрамның рессорлы ілме балансирлері – белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

3) Битерлік және кесу барабандары, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайн рамалары, хедерлер, шнектер, граблина мен мотовилалары – пісіру;

4) Теміржол вагондарының бүйірлері, өтпе алаңдары, аяқ салғылары, каркастары мен қаптамалары – пісіру;

5) Буилар мен рейд бөшкелері, артщиттері мен понтондары – пісіру;

6) Қозғағыш валдары мен автомобильдердің жұмыр валдары – жартылай өңделген ақаулы соқпаларды арнаулы болатпен пісірмелеу;

7) Электр машиналарының валдары – мойындарын балқыма қаптау;

8) Глушительдер – пісіру;

9) Іштен жанатын қозғағыштар (отын және ауа жүйелері)- пісіру;

10) Автомобиль бөлшектері (майқыздырғыш мойыны, қорап картері, картер қақпағы) – ақауларын балқыма қаптау;

11) Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

12) Жүк вагондары қорабы каркасының бөлшектері – пісіру;

13) Кулистік механизм бөлшектері – саңылауларды балқыма қаптау;

14) Қола тежегіш дискілері – раковиналарды балқыма қаптау;

15) Қолмен немесе автоматты электр доғалы кесуге арналған дайындамалар – кесу;

16) Бас қару щиттері мен пульттеріне арналған каркастар – пісіру;

17) Тірек катоктары – пісіру;

18) Жинақтағы қаптаулар, жылыту қазандары – піс іру;

19) Эластикалық муфта қаптаулары – пісіру;

20) Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, артқы мост жартылай осьтері – пісірмелеу;

21) Артқондырғы контрукциялары, тораптары, бөлшектері – пісіру;

22) Жарылыс қауіпті электр аппаратура корпусы – пісіру;

23) Жүк көтеру крандары – скаттарды балқыма қаптау;

24) Автосамосвал қораптары - пісіру;

25) Автомобильдердің артқы мостылары – құймалардағы раковиналар балқыма қаптау;

26) Автомобиль радиаторының қаптамасы – жарықтарды пісірмелеу;

27) Деңгей реттеуіштің қалтқылары (арматура) – пісіру;

28) Қалыңдығы 300 мм. жоғары болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу;

29) Проекторлар – кеме корпусына қосып пісіру;

30) Паровоз рамкалары - балқыма қаптау;

31) Жүргізу кабинасы терезелерінің рамкасы – пісіру;

32) Пантограф рамалары – пісіру;

33) Тепловоз рамалары – пісіру;

34) Жанбайтын сұйықтарға арналған және жылжымалы құрам тежегіш жүйесінің резервуарлары – пісіру;

35) Фасонды кескілер мен қарапайым штампылар – пісіру;

36) Вал сальниктері – корпусы мен қыспа втулканы балқыма қаптау;

37) Шағын станок станиналары – пісіру;

38) Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршаулар, төсемдер, қазан қаптамалары – пісіру;

39) Артқы доңғалақ ступицалары, автомобильдің артқы мосты мен басқа да бөлшектері – соқпа шойынды дәнекерлеу;

40) Палуба секциялары мен аралықтарының жіктері мен паздары, стеллажда автоматты пісіру;

41) Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа) – пісіру;

42) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі трубалары – цех жағдайында пісіру;

43) Желдеткіш трубалары – пісіру;

44) Газ шығаратын мыс трубалар – пісіру;

45) Биіктігі 30см. дейінгі түтін мен көміртекті парақты болаттан жасалған желдеткіш трубалары – пісіру;

46) Жалпы нысандағы трубалар – жиектерін кесу;

47) Қазандардағы түтін трубалары мен бу жылытқыш трубалар – пісіру;

48) Тежегіш магистраль трубалары – пісіру;

49) Автомобиль цистерналары – автоматты пісіру;

50) Латунь газофикатор шарлары (ашық) - балқыма қаптау;

51) Шестернялар – тістеріне балқыма қаптау.


211. Электр газбен дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Жоғары хромды және жоғары никельді болат пен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу. Кеме нысандарын жүзу кезінде оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа және күрделі аппараттарды, тораптар мен труба құбырлары конструкцияларын автоматты және механикалық пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетін жауапты күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда қолмен электр доғалы ауамен түзеу. Шойыннан жасалған конструкцияларды пісіру. Машиналардың, механизмдердің, конструкциялар мен құймалардың күрделі бөлшек ақауларын механикалық өңдеумен пісіру және сынап қысымдау. Күрделі конструкцияларды ыстық түзеу. Әртүрлі күрделі пісірілген метал конструкциялардың сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: түрлі электрмен пісіру және газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтардың құрылымын, ауыспалы және тұрақты токпен пісіру ерекшеліктерін, электротехника негіздерін орындайтын жұмыс шегінде, пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын, металды пісіру негіздерін, пісірілетін бұйымдардың механикалық қасиеттерін, аспаптар бойынша пісіру режимін таңдау принциптерін, электродтардың маркасы мен типтерін, газбен пісіру кезінде қолданылатын кең тараған газдарды: ацетиленді, сутегін, оттегін, пропан-бутанды алу және сақтау әдістерін, легирленген болатты ш\газбен кесу процесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Аппаратура мен химиялық және мұнайхимия өндірісіне арналған ыдыстар; резервуарлар, сепараторлар, ыдыстар мен тағы басқа – жиектерін кесе отырып саңылау кесу;

2) Қысымсыз жұмыс істейтін, көміртекті болаттан жасалған аппараттар, ыдыстар мен сыйымдылықтар – пісіру;

3) Сынақ қысымы 16-дан 5,0 МПа (15,5-тен 48,4 атм) түсті металдар мен құймалардан жасалған труба құбыр арматурасы – ақауларын балқыма қаптау;

4) Трансформатор бактары - патрубкаларды қосып пісіру, қораптарын түтін жолына, салқындатқыш қорапты, тоқ қондырғысын және бак қақпағын пісіру;

5) Руль баллері, есу валдарының кронштейндері - балқыма қаптау;

6) Автомобиль тежегіші цилиндрлерінің блоктары құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау;

7) Иінбіліктер – мойындарына балқыма қаптау;

8) Қола және латунь салмалар - болат подшипниктерге балқыма қаптау;

9) Қазан оттығының гарнитурасы мен корпустары – пісіру;

10) Тат баспайтын шойын, алюминий немесе мыс балқыма парағынан жасалған бөлшектер - жиектерін кесе отырып, газбен электрмен кесу;

11) Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу;

12) Шойыннан жасалған бөлшектер - пісіру, қыздырумен және қыздырусыз балқыма қаптау;

13) Түсті металдардан жасалған бөлшектер мен тораптар – кейіннен қысыммен сынай отырып пісіру;

14) Вагон баяулатқыштары – пайдалану жағдайында пісіру және балқыма қаптау;

15) Шестернялардың шойын тістері - балқыма қаптау;

16) Түсті балқымалардан жасалған қабырғасы жұқа бұйымдар (ауа суытқыш қақпақтары, подшипник щиттері, турбовентилятор желдеткіштері) – латуньмен немесе силуминмен балқыма қаптау;

17) Ірі шойын бұйымдар: рамалар, шкивтер, маховиктер, шестернялар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

18) Гидравликалық турбиналардың жұмыс доңғалағы камералары - пісіру және балқыма қаптау;

19) Өнеркәсіптік пештер мен қазандардың каркастары – пісіру;

20) Ірі мотор картерлері мен тепловоздардың механикалық беру корпусы – пісіру;

21) Мотордың төменгі картерлері – пісіру;

22) Электр машиналарының мыстан жасалған полюс катушкалары - пісіру және аралықтарды қосып пісіру;

23) Газ шығару коллекторлары мен трубалары – пісіру;

24) Гидравликалық турбиналардың реттеуші сақиналары – пісіру және балқыма қаптау;

25) Домна пештерінің конструкциялары (қаптаулар, ауа жылытқыштар, газ құбырлары) - жиектерін кесе отырып саңылау кесу;

26) Жатка жетекші доңғалағының корпусы мен мостылары - пісіру;

27) Компрессорлардың, ауа компрессорларының төменгі және жоғарғы қысым корпустары – жарықтарды балқыма қаптау;

28) Диаметрі 3500 мм. дейінгі ротор корпустары - пісіру;

29) Қуаты 25000 кВт турбиналардың стопор клапандары корпусы – пісіру;

30) Щетка ұстауыш корпусы, реверс сегменттері, электр қозғағыш роторлары - балқыма қаптау;

31) Труба құбырларға арналған бекітпелер мен тіреулер – пісіру;

32) Тепловоз арбасының кронштейндері мен бекітпелері – пісіру;

33) Қалың парақтар (броня) – пісіру;

34) Мачталар, бұрғы және пайдалану мұнаралары – цех жағдайында пісіру;

35) Алюминийден жасалған жиһаз – пісіру;

36) Ірі электр машиналарының іргетас тақталары – пісіру;

37) Ұшақ шассиі стойкалары, подкостары – пісіру;

38) Жылытқыштар – обойманы, су жылыту трубасын обоймамен, конуспен, сақиналармен, фланецтермен пісіру;

39) Подшипниктер мен букс салмалары - рамкасы бойынша балқыма қаптау;

40) Пневматикалық балға поршеньдері – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

41) Шаң, газ, ауа құбырлары, отын беру және электр сүзгі тораптары – пісіру;

42) Реттығын рамкалары, маятниктер - пісіру;

43) Аллюминий балқымасынан жасалған иллюминатор рамкалары - пісіру)

44) Транспортер рамалары - пісіру;

45) Троллейбустардың ауа резервуарлары - пісіру;

46) Рельстің қоспа жіктері - пісіру;

47) Мұнай өнімдеріне арналған сыйымдылығы кемінде 1000 кв) м) емес резервуарлар – пісіру;

48) Рельстер мен құрама крестовиналар - ұштарын балқыма қаптау;

49) Метал және целлюлоза-қағаз өндірісіне арналған бұрама торлар – ұштарын күміс дәнекермен дәнекерлеу;

50) Жармалауыш станиналары – пісіру;

51) Электр машиналарының пісірілген-құймалы станиналары мен корпустары - пісіру;

52) Ірі шойын станоктардың станиналары – пісіру;

53) Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары – пісіру;

54) Ауамен салқындататын турбогенератор статорлары - пісіру;

55) Радиоактивті изотопты датчик трубалары - балқыма қаптау;

56) Қазанның труба элементтері, бронепарақтар – ыстық түзеу;

57) Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі труба құбырлары – монтаждауда пісіру;

58) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – цех жағдайында пісіру;

59) 5-санаттағы технологиялық труба құбырлары – пісіру;

60) Бұрғылау трубалары – муфталарды қосып пісіру;

61) Фахверктер, байламдар, фонарлар, прогондар, монорельстер – пісіру;

62) Фрездер мен күрделі штампылар – пісіру және тез кесу мен қатты балқыманы қаптау;

63) Латунь тоңазытқыштар – 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру;

64) Автомашина блоктарының цилиндрлері – раковиналарға балқыма қаптау;

65) Автомобиль цистерналары – пісіру;

66) Шарлар, қалтқылар мен арнаулы алюминий балқымасынан жасалған цистерналар – пісіру.

212. Электр газбен дәнекерлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, күрделілігі әртүрлі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды қолмен доғалы және плазмалы пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді жиегін пісіруге дайындай отырып, оның ішінде әртүрлі болат пен балқымалардан жасалған арнаулы флюстерді пайдалана отырып, түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Металдарды су астында оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын автоматты және механикалық пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты пісіру. Ауыр жағдайларда жұмыс істейтін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды механикаландырылған пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда түзеу. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру. Қабырғасы жұқа бұйымдардағы және пісіруге қол жетімділігі қиын жерлердегі раковиналарды пісіру және балқыма қаптау. Пісіргеннен кейін пісірме жіктерді газ оттығымен термоөңдеу. Күрделілігі әртүрлі кеңістікті пісірме метал конструкцияларының сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: әртүрлі пісіру машиналарының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен қоректендіру көздерінің электр сызбалары мен құрылымын, жоғары легирленген болатты, сондай-ақ балқытылған метал мен түзеуге тартылатын металды қоса, пісірілетін металдардың технологиялық қасиеттерін, пісірме жіктерді түсірудің технологиялық кезектілігін таңдауды, термиялық өңдеудің пісірме жік қасиетіне әсерін, металды су астында кесу ережесін.

Жұмыс үлгілері.

1) Домна пештерінің амбразуралары – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

2) Қысыммен жұмыс істейтін, және қысымсыз жұмыс істейтін легирленген болаттан жасалған аппаратура мен ыдыстар – пісіру;

3) Мартен пештерінің арматуралары – жұмыс істеп тұрған жабдықты жөндеу кезінде пісіру;

4) Көтергіш темірбетон конструкцияларының арматурасы (іргетастар, колонналар, жабындар және т.б.) – пісіру;

5) Қалайы қоладан және кремнийлі латуннан жасалған труба құбырдың арматурасы – 5 МПа (48,4 атм) сынама қысымда балқымамен қаптау;

6) Бірегей қуатты трансформаторлардың бактары – динамикалық жүктеме астында жұмыс істейтін көтеру ілмелерін, домкрат жақшаларды, таттанбайтын тақталарды қосып пісіруді қоса, пісіру;

7) Кран арбаларының балкалары мен траверстері, балансирлер – пісіру;

8) Жүк көтергіштігі 30 т. кем көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру;

9) Буферлі, шкворнялық балкалар, локомотивтер мен вагон арбаларының рамалары – пісіру;

10) Баллондар, колпактар, вакуумде жұмыс істейтін сфералар – пісіру;

11) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – пісіру;

12) Парақ металдан жасалған құрылыс және технологиялық конструкциялардың блоктары (ауа жылытқыштар, скрубберлер, домна пештерінің қаптаулары, сепараторлар, реакторлар, домна пештерінің газ жолдары және т.б.) – пісіру;

13) Бұйымдардың цилиндр блоктары мен су коллекторлары – пісіру;

14) Ірі иінбіліктер – пісіру;

15) Қорғасын ванналар – пісіру;

16) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. дейінгі газгольдерлер мен резервуарлар – цех жағдайында пісіру;

17) Газ, мұнай өнімдері құбырлары – стеллажда пісіру;

18) Газбен пісіру аппараттарының бөлшектері – күміс дәнекермен дәнекерлеу;

19) Күрделі конфигурациялы конструкциялардың бөлшектері – қосымша механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру;

20) Соқпалы, штампыланған және құйма машиналардың, механизмдер мен конструкциялардың бөлшектері (есу винттері, турбина қалақтары, қозғағыш цилиндрлерінің блоктары және т.б.) – ақаулары балқыма қаптау;

21) Аса күрделі машиналар мен механизмдердің бөлшектері (домна пештерінің толтырма аппараттары, есу винттері, турбина қалақтары, прокат станоктарының валкалары және т.б.) ақауларын балқыма қаптау;

22) Шарлы және сфериялық түптер – кейіннен механикалық өңдеусіз жиектерін кесе отырып пісіру;

23) Қызыл мыстан жасалған иректемелер – пісіру;

24) Жоғары температурада жұмыс істейтін мартен пештерінің кессондары – пісіру;

25) Мартен пештерінің кессондары (ыстық жөндеу) – ішкі балқыма қаптау;

26) Таттанбайтын және ыстыққа төзімді болаттан макроқұрылымы мен ренгенографиясы тексеріле отырып жасалған 20 және одан да көп бөлшектерде тұратын күрделі конфигурациялы коллекторлар – пісіру;

27) Ұстындар, бункерлер, ілмектер мен ілмек асты фермалары, балкалар, эстакадалар және т.б. – пісіру;

28) Таттанбайтын сильфон типті болаттани жасалған компенсаторлар – дәнекерлеу;

29) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тірек конструкциялары - стационарлық жағдайда пісіру;

30) Кескі, тиеу машиналарының, көмір комбайндары мен шахта электровоздарының корпустары – пісіру;

31) Престер мен балғалардың корпустары, траверстері, и негіздемелері және басқа да күрделі тораптары – пісіру;

32) Шойын корпустар, қақпақтар, үштіктер, иіндер, цилиндрлер - ақауларын балқыма қаптау;

33) Диаметрі 3500 мм. жоғары ротор корпустары – пісіру;

34) Қуаты 25000 кВт турабина клапандарының стопор корпустары – пісіру;

35) Гидравликалық турбиналардың қақпақтары, статорлары мен қалақ қаптамалары – пісіру;

36) Мачталар, бұрғылау және пайдалану мұнаралары – монтаж кезінде пісіру;

37) Жоғары легирленген бұрғылау трубаларынан бұрғы мұнараларына жасалған негіздемелер мен үш дизельді жетектер – пісіру;

38) Күрделі және ірі алюминий және қола құймалар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау;

39) Адымдаушы экскаваторлардың тірек тақталары – пісіру;

40) Күрделі прес-қалыптар қол жетімділігі қиын жерлерді пісірмелеу;

41) Автомобильдер мен дизельдердің рамалары мен тораптары – пісіру;

42) Локомотивтердің шкворня және дизель асты рамалары – пісіру;

43) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 1000-нан 5000 куб.м. дейінгі резервуарлар – монтажда пісіру;

44) Электр машиналарының роторлары – қысқа тұйықталған сақиналарды, стерженьдерді пісіру, балқыма қаптау;

45) Күрделі станиналар, ірі токарь станоктарының фартуктері - пісіру, балқыма қаптау;

46) Көтерме құрастырмалы темірбетон конструкциялары элементтері арматурасының жіктері – пісіру;

47) КИП жүйесінің және автоматика импульстік трубкалары – пісіру;

48) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

49) Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтажда пісіру;

50) Орта және төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде және цех жағдайларында пісіру;

51) ІІІ және ІҮ санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары, сондай-ақ ІІІ және ІҮ санаттағы бу және су құбырлары – пісіру;

52) Қорғасын трубалар – пісіру;

53) Мотор асты рамалары тораптары мен ұшақтардың шасси амортизаторларының цилиндрлері – пісіру;

54) Латунь тоңазытқыштар - 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру;

55) Қозғағыш цилиндрлері – ішкі және сыртқы қабаттарына балқыма қаптау;

56) Шиналар, ленталар, олардың түсті металдан жасалған компенсаторлары – пісіру.

213. Электр газбен дәнекерлеуші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған, динамикалық және вибрациялы жүктемемен және қысыммен жұмыс істеуге арналған, ерекше күрделі аппараттарды, бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды, труба құбырларын қолмен доғалы, плазмалы, газбен пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетйін күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды және күрделі конфигурациялы конструкцияларды қолмен доғалы және газбен, электрмен пісіру. Легирленген арнаулы болаттан, титан және басқа да балқымалардан әртүрлі конструкцияларды арнаулы құрылымды автоматтарда, көпдоғалы және көпэлектродты автоматтарда және теледидарлық, фотоэлектронды және басқа да арнаулы құрылғылармен жарақталған автоматтарда, автоматты манипуляторларда (роботтарда) автоматты пісіру. Динамикалық және вибрациялы жүктемемен жұмыс істейтін аппараттарды, тораптарды, труба құбырлары конструкцияларын, құрылыс және технологиялық конструкцияларды пісірме жіктерді төбедегі жағдайда және тік жазықтықта орындау кезінде механикаландырылған пісіру. Пісірімділігі шектеулі металдар мен балқымалардан, сондай-ақ титаннан және титан балқымасынан жасалған тәжірибелік конструкцияларды пісіру. Блоктап жасалған конструкцияларды пісірме жіктің әртүрлі кеңістік жағдайларында пісіру.

Білуге тиіс: титан балқымаларының түрлерін, олардың пісіру және механикалық қасиеттерін, автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық сызбаларын және электрондық басқару сызбаларының принципті құрылымын, роботтарды үйрету ережесін және роботтехникасы кешендерімен жұмыс істеу ережесін, Коррозия түрлерін және оларды туындататын факторларды, пісірілетін бұйымдарды арнаулы сынамалау әдістерін және олардың әрқайсысының нысанын, пісірме жіктерді термиялық өңдеудің негізгі түрлерін, пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негіздерді.

Жұмыс үлгілері.

1) Жүк көтергіштігі 30 т. және одан жоғары көпірлі крандардың аралық балкалары – пісіру;

2) Мартен цехтары жұмыс алаңдарының балкалары, металлургия кәсіпорындары бункерлік және жүк түсіру эстакадаларының конструкциялары, жұмыс режимі ауыр крандардың кран асты балкалары, адымдаушы экскаватор бұрмалары – пісіру;

3) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қазандардың барабандары – пісіру;

4) Оттегі цехтарының ауа бөлу блоктары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың барабандары – түсті металдардан жасалған бөлшектерді пісіру;

5) Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 5000 куб.м. және одан жоғары газгольдерлер мен резервуарлар – монтаж кезінде пісіру;

6) Газ, мұнай өнімдері магистарльдік құбырлары – монтажда пісіру;

7) Түсті металдардан жасалған, 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары қысыммен жұмыс істейтін бөлшектер мен тораптар – пісіру;

8) Сфериялық және тамшы пішіндес сыйымдылықтар мен жабындар – пісіру;

9) Колпактар, сыйымдылықтар, сфералар мен вакуумды труба құбырлары – пісіру;

10) Бұрғы трубалары мен муфталарының құлыптары – қос жікпен пісіру;

11) Газ турбо компрессорлардың, бу турбиналарының, қуатты ауа үрлеуіштердің жұмыс доңғалақтары – қалақтар мен күректерді қосып пісіру;

12) Аммиак синтезі ұстындары – пісіру;

13) Жеңіл алюминий-магний балқымаларынан жасалған конструкциялар – пісіру;

14) Аз магнитті болаттан жасалған конструкциялар – пісіру;

15) Радиомачта, телемұнара және ЛЭП тіректерінің конструкциялары – монтаж кезінде пісіру;

16) Бу турбиналарының қораптары конструкциялар – пісіру және раковиналарды балқыма қаптау;

17) Сутекті және сутегі-сумен салқындатылатын ірі турбогенераторлардың статор корпусы – пісіру;

18) Ауыр лазер қозғағыштары мен престердің корпустары – пісіру;

19) Бу қазандары – түптерін түзеу, жауапты тораптарын бір жақты жікпен пісіру;

20) Бұрғы долоттарының табандары мен шорошкалары, бұрғы бу жеткізгіштері – пісіру;

21) Ротор күректері мен турбина статорлары – дәнекерлеу;

22) Мұнай-газ құбырлары жыртылған жерлерін жою кезінде пісіру;

23) Мұнай және газ ұңғымалары мен контур сыртын толтыру ұңғымаларын труба құбырлармен қаптамалау – пісіру;

24) Импульсті турбиналар мен қазандардың проводкалары – пісіру;

25) Қос қабатты болаттан және басқа да биметалдан жасалған резервуарлар мен конструкциялар – пісіру;

26) Ашпалы нысандағы темірбетон конструкциялары арматурасының стерженьдері – пісіру;

27) Метал және темірбетон көпірлердің аралық құрылыстары – пісіру;

28) Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

29) Қысымды труба құбырлары, спиральді камералар, гидроэлектр стансалары турбиналарының жұмыс доңғалағының камералары Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі қазандардың трубалық элементтері – пісіру;

30) Орта және жоғары қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – монтаж кезінде пісіру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет