Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



жүктеу 11.55 Mb.
бет18/70
Дата09.06.2016
өлшемі11.55 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70

Жұмыс үлгілері

1) Сыйымдылығы 50 л-ге дейінгі баллондар – соғу;

2) Башпақтар – баллонға қондыру;

3) Болттар, гайкалар – соғу;

4) Рессорлық ілмектеу, жылжымалы құрамды арбаның және стрелкалы ауыстыру тартпаларының бөлшектері – соғу, түзету;

5) Картоп қазғыштардың тістері – соғу;

6) Керндер – соғу;

7) Ұсталық қол шымшуырлары– соғу;

8) Диаметрі 20 мм-ге дейінгі сынабекітпелер – соғу;

9) Кілттер – дайындамаларды қалыптап соғу;

10) Балғалар, тістеуіктер, дөкір балға, балталар – соғу;

11) Кескіштердің жиектері – соғу;

12) Дөңгелек жұптарының осьтері – созғылау;

13) Ілме басқыштар, тұтқалар, кронштейндер, бұрыштықтар - ию;

14) Салмағы 30 кг-ға дейінгі тік бұрышты шыңдағыштар – соғу;

15) Ірі және үлгілік кескіш ұстағыштардың кескіштері – соғу;

16) Күпшектер, осьтер, патрон жұдырықтары, тізгіндер – соғу;

17) Түзу рычагтар, қысқаштар, техникалық тістеуіктер – дайындамаларды қалыптап соғу;

18) Құбырлар – балғамен, сығымдағышпен және соғу машинасымен қыздырып құбырлардың ұштарын қағып кіргізу;

19) Құбырлар - балғамен, сығымдағышпен және соғу машинасымен қыздырмай құбырлардың ұштарын қағып кіргізу;

20) Түзу және бірнеше иінді жетектер – соғу;

21) Бұрыштықтар, үштіктер, фитингілер – соғу;

22) Фильерлер – балғамен және сығымдағышпен болат жиекке сығымдау;

23) Фланецтер, сақиналар және диаметрі 300 мм-ге дейінгі дискілер – саңылау тесіп соғу;

24) Диаметрі 300 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – соғу;

25) Шпонкалар, тақтайшалар, қапсырмалар - соғу;

26) Салмағы 200 кг-ға дейінгі шатундардың эксцентриктері – соғу.

333. Балға және пресс ұстасы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 15 МН-ге дейінгі (1500 тс) салмақтағы балғамен жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-ге дейінгі (800 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан 15 МН-ға дейінгі (800 тс-дан 1500 тс-ға дейінгі) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Дайындамаларды, бөлшектерді соғу, созғылау, кесу және құбырлардың ұштарын тарту үшін толтыру жөніндегі жұмыстарды орындау. Баяу балқитын металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған штабиктерді еркін түрде соғу. Қабырғалары қалың сақиналарды тұғырықты бойкалар мен арнайы кеңейтетін станоктарда дөңгелетіп кеңейту. Күрделі және орташа күрделіктегі бөлшектерді ұсталық пісіру және пісіру. Бөлшектерді соғудың өтпелерінің кезектілігін берілген шектерді және бетінің тазалығын сақтай отырып орнату. Ірі дайындамаларды балғамен құрастыру.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалар мен сығымдағыштардың құрылысы, күрделі шыңдағыштарды соғу жолдары, соғудың технологиялық процесінің негізгі операцияларын айқындау тәртібі, ұсталық қыздыру пештерінің құрылымдық ерекшеліктері, ұсталық аспаптар мен айлабұйымдардың барлық түрлерінің құрылысы, болаттың соғу қасиеттері, түрлі маркадағы болатты қыздыру режимі, пештердегі дайындамаларды толтыру, оларды қыздыру тәсілдері мен жолдары, дайындаманың ұзындығын және шыңдағыш көлемін есептеу.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-ге дейінгі (800 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1) Сыйымдылығы 50 л-ге дейінгі баллондар – соғу;

2) Сыйымдылығы 50 л-ден жоғары баллондар – соғу;

3) Қысымы 10 МПа және жоғары баллондар – башмақтарын отырғызу;

4) Ішкі диаметрі 500 мм-ге дейінгі бандаждар – дөңгелетіп соғу;

5) Буферлік және швеллерлі брустар, жылжымалы құрамдағы арбалардың белдіктері – түзету;

6) Диаметрі 40 мм-ге және ұзындығы 4000 мм-ге дейінгі бурлар – соғу және түзету;

7) Салмағы 500 кг-ға дейінгі бір, екі, үш иінді біліктер – соғу;

8) Салмағы 500 кг-ға дейінгі фланецті және фланецсіз біліктер – соғу;

9) Автоматты түрде тіркесу бөлшектері, жылжымалы құрамды рычагты тежегішті ауыстыру – соғу және түзету;

10) Түсті қорытпалардан жасалған бөлшектерді қалыптауға арналған дайындамалар – соғу;

11) Звенолар мен шынжырлар жиынтығы – соғу;

12) Ұста аспабы – соғу;

13) Арнайы кесетін және қосалқы аспап – соғу;

14) Сыртқы диаметрі 500 мм-ге дейінгі және биіктігі 250 мм-ге дейінгі сақиналар – дөңгелетіп кеңейту;

15) Диаметрі 20 мм-ден жоғары 48 мм-ге дейінгі коуштар –соғу;

16) Жартылай вагондардың шатырлары –соғу, түзету;

17) Жараны таратуға арналған хирургиялық ілмектер, медициналық гинекологиялық көтергіштер – дайындамаларды қалыптап соғу;

18) Брашпильге арналған диаметрі 550 мм-ге дейінгі тежегіш таспалар – соғу;

19) Фланецтің сыртқы диаметрі 300 мм-ге дейінгі саңылауларын тесіп және теспей біріктіру муфталары – соғу;

20) Вагон осьтері – соғу;

21) Күрделі конфигурациялы тұтқа саптар мен рычагтар – соғу;

22) Культиватор тірегі – соғу;

23) Жартылай буксты ішектер – соғу;

24) Жолаушы вагонының металл суфлесі – соғу, түзету;

25) Құбырлар – балғамен, сығымдағышпен және соғатын машинамен қыздырып құбырлардың ұштарын (ұрып) кіргізу;

26) Цапфалар – соғу;

27) Салмағы 100 кг-ға дейінгі шатундар – соғу;

28) Диаметрі 500 мм-ге дейінгі жұқа қабатты тісті дөңгелектер – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан 15 МН-ға дейінгі (800 тс-дан 1500 тс-ға дейінгі) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1) Салмағы 1000 кг-ға дейінгі фланецтермен сатылы біліктер – соғу;

2) Диаметрі 500 мм-ге, ұзындығы 250 мм-ге дейінгі жапсырмалардың төлкелері – соғу;

3) Түсті қорытпалардан жасалған дайындамалар – созғылау және кесу;

4) Ұста аспабы – соғу;

5) 10 т-ға дейін жүк көтеретін крандарға арналған екі тұмсықты ілмектер – дөңгелетіп соғу;

6) Түрлі конфигурациялы рычагтар – дайындамаларды қалыптап соғу;

7) Жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болат – дайындамаларды кесу;

8) Ұзындығы 2000 мм-ге дейінгі екі басты жетектер – соғу;

9) Диаметрі 300-ден жоғары 500 мм-ге дейінгі фланецтер, сақиналар мен дискілер – саңылауларды тесіп соғу;

10) Диаметрі 300-ден асатын 500 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – соғу.

334. Балға және пресс ұстасы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 15 МН-ге дейінгі (1500 тс) салмақтағы балғамен жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 8 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 30 МН-ге дейінгі (3000 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі бөлшектер мен мөлшердегі құймаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН (1500 тс) салмақтағы түсті металл қорытпаларынан, түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан жоғары 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан жоғары 15 Мн-ге дейінгі (800-ден 1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Белгіленген әдіптер мен рұқсат шегін сақтай отырып барынша аз қыздырып бөлшектерді соғу. Жоғарыда аталған балға және сығымдағышта күрделі бөлшектер мен дайындамаларды созғылау, дөңгелетіп кеңейту, кесу жөніндегі жұмыстарды орындау. Түрлі маркадағы болаттан жасалған түрлі сыйымдылықтағы баллондарды соғу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі гидравликалық, бугидравликалық сығымдағыштар мен бу-ауа балғасының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаты, ұсталық аспаптар мен айлабұйымдардың барлық түрлерінің құрылымы, құймалардың, илемдер мен ұсталық шыңдағыштардың құрылысы мен ақаулары.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН (1500 тс) салмақтағы түсті металл қорытпаларынан, түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі, сондай-ақ құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан жоғары 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан жоғары 15 Мн-ге дейінгі (800-ден 1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1) Сыйымдылығы 50 л-ден жоғары баллондар – соғу;

2) ішкі диаметрі 500-ден жоғары 200 мм-ге дейінгі бандаждар – дөңгелетіп соғу;

3) Диаметрі 400 мм-ге дейінгі еспе, тіректі біліктер – соғу;

4) Салмағы 500 кг-нан жоғары бір, екі және үш иінді біліктер – соғу;

5) Салмағы 500 кг-нан 10 т-ға дейінгі фланецті біліктер - соғу;

6) Ұзындығы 800 мм-ден асатын пішінді кілттер – соғу;

7) Сыртқы диаметрі 500 мм-ден жоғары және биіктігі 250 мм-ден асатын сақиналар – дөңгелетіп кеңейту;

8) Крандар мен көтергіштерге арналған бір тұмсықты ілмектер – соғу;

9) Диаметрі 550 мм-ден асатын 1300 мм-ге дейінгі брашпильге арналған тежегіш таспа – соғу;

10) Саңылауларын тесіп және теспей фланецтің сыртқы диаметрі 300 мм-ден асатын бірікпелі муфталар – соғу;

11) Болат құятын шөміштерге арналған стопорлар – түзету;

12) Шаблон бойынша кескінді жетектер – соғу;

13) Сығымдағыштардың қисық шатундары – соғу;

14) Диаметрі 500 мм-ден асатын жұқа қабырғалы тісті дөңгелектер – соғу;

15) Металл кесетін станоктардың шпинделі – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 8 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 30 МН-ге дейінгі (3000 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі бөлшектер мен мөлшердегі құймаларды соғу:

1) Бір жазықтықта орналасқан алты иінді біліктер – соғу;

2) Салмағы 1000 кг-нан асатын фланецті иінді біліктер – соғу;

3) 50 кг-нан жоғары эксцентрикті біліктер – соғу;

4) Диаметрі 500 мм-ден асатын, ұзындығы 250 мм-ден жоғары жапсырмалардың төлкелері – соғу;

5) 10-нан жоғары 200 т-ға дейін жүк көтеретін крандарға арналған екі басты ілмектер – соғу;

6) Тракторлардың иінді біліктерінің қарсы салмақтары – соғу;

7) Салмағы 500 кг-ден асатын рычагтар, кронштейндер – соғу;

8) Салмағы 20 т-ға дейінгі құймалар – дайындамаларды созғылау және бөлу, кесу;

9) Диаметрі 500 мм-ден асатын фланецтер, сақиналар мен дискілер – саңылауын тесіп соғу;

10) Қуатты қозғалтқыш шатундары – соғу;

11) Салмағы 100-ден жоғары 500 кг-ға дейінгі шатундар – соғу;

12) Диаметрі 500 мм-ден асатын тісті дөңгелектер – соғу.

335. Балға және пресс ұстасы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН-ден жоғары (1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 8 т-дан асатын және сығымдағышының күші 30 МН-дан асатын (300 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі мөлшердегі бөлшектерді соғу. Соғу өтпелерінің барынша оңтайлы кезектілігін орнату. Барлық агрегаттар мен механизмдерді жұмысқа дайындауды қамтамасыз ету, шыңдағыштың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: түрлі қуаттағы гидравликалық, бугидравликалық сығымдағыштардың және бу-ауа балғаларының құрылымдық ерекшеліктері, ұсталық өндірісінде қолданылатын ұсталық қыздырғыш пештердің және көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы, еркін соғуда пайдаланылатын ұсталық аспап пен айлабұйымдар жасау тәсілдері, сығымдағыштардың, балғалардың, қалыптардың, бойколардың істен шығуының негізгі себептері мен олардың алдын алу тәсілдері, болаттың механикалық қасиетіне соғудың зиянды әсерін жою тәсілдері, шыңдағыштардың салмағын және шыңдағыштарға арналған құймалардың мөлшерін айқындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН-ден жоғары (1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1) Ішкі диаметрі 2000 мм-ден жоғары бандаждар – дөңгелетіп соғу;

2) Диаметрі 400 мм-ден жоғары тарақты, тіректі біліктер – соғу;

3) Түрлі жазықтықта орналасқан алты иінді біліктер – соғу;

4) Салмағы 10 т-дан асатын фланецті біліктер – соғу;

5) Диаметрі 1300 мм-ден асатын брашпильге арналған тежегішті таспа – соғу;

6) Көтергіш және жетекті шығыр рычагтары – соғу;

7) Домна пештерінің үлкен конусын ілуге арналған сырғалар – соғу;

8) Домна пештердің кіші конустарының штанг құбырлары – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 8 т-дан асатын және сығымдағышының күші 30 МН-дан асатын (300 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі мөлшердегі бөлшектерді соғу:

1) Түрлі жазықтықта орналасқан салмағы 10 т-дан жоғары иінді көпиінді біліктер – соғу;

2) 20 т-дан асатын жүк көтеретін крандардың екітұмсықты ілмектер – соғу;

3) 20 т-дан жоғары құймалар – созғылау, дайындамаларды кесу;

4) Салмағы 500 кг-нан асатын шатундар – соғу;

5) Домна пештерінің үлкен конустарының штангілері – соғу.

Қолмен соғатын ұста
336. Қолмен соғатын ұста 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу мөлшерлері мен әдіптерін сақтай отырып шағын массалы қарапайым бөлшектерді қолмен соғу. Дөңгелек, төртбұрышты және жолақты металды созғылау және ию. Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған қарапайым бұйымдарды ию, созғылау және отырғызу. Шағын қималы жұмсақ болаттан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және металды тістеуікпен кесу. Қарапайым конфигурациялы түрлі шыңдағыштар мен қалыпталған бөлшектерді суықтай және ыстық күйінде сызба және шаблон бойынша тексере отырып қолмен плитада, төстерде, айлабұйымдарда түзету. Жоғарылау білікті ұстамен балға ұратын немесе көмекші ретінде бірлесіп жұмыс істеу.

Білуге тиіс: ұсталық горн және пештің құрылымы, металды ұсталық дәнекерлеу негіздері, бөлшектердің белгілі бір түрлерін соғу және түзету кезіндегі металдың қасиеті, ұсталық аспаптың қызметі мен пайдалану шарттары, шыңдауға әдіптер мен шегінің жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1) Стрелкамен ауыстыратын башмақтар мен сырғалар – соғу;

2) Қалпағының диаметрі 50 мм-ге дейінгі болттар мен гайкалар – соғу;

3) Ұсталық қақпалар - соғу;

4) Қимасы 40х60 кв. мм-ге дейінгі кескіштерге арналған тұтқыштар – соғу;

5) Дайындамалар – кесу;

6) Сыналар – соғу;

7) 45х45 мм-ге дейін мөлшердегі бұрышта және 45 мм-ге дейінгі жолақпен құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию;

8) Өткелдерге арналған контррельстері, саңылаулар мен рельсті жіктерді өлшеуге арналған айдауға қарсы қоюшы және шаблондар – соғу;

9) Май сауыттардың қақпақтары, паровоздардың терте және кулисалы механизмдерінің сырғыма тиектер – соғу;

10) Буксты табандар – соғу;

11) Балғалар, тістеуіктер, дөкір балғалар, балталар, тегістеуіштер – соғу;

12) Жетектер, педальдар – автомобиль рессорларының ұстағыштары, кронштейндері – түзету;

13) Бұрыштықтар – ию;

14) Қарапайым қамыттар – шаблон бойынша ию;

15) Калибрленбеген ұсақ шынжырлар – жасау;

16) Шпонкалар – соғу.

337. Қолмен соғатын ұста 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі бөлшектерді бетін тазартып өңдеп және мөлшерлерін дәл сақтай отырып эскиз, шаблон және үлгі бойынша қолмен соғу. Қалыңдығы 5 мм-ден 8 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған түрлі конфигурациядағы орташа күрделіктегі бұйымдарды ию, созғылау, жиектеу және отырғызу. Бұрыштық бойынша түзетіп және тексере отырып 10 жаймаға дейін жиынтығы бар рессорларға ыстық күйінде рессорлық қамыттарды кигізу. Мойны жоқ жайма металдан жасалған қалыпталған бөлшектерді суықтай және ыстық күйінде сызба және шаблон бойынша тексере отырып түзету. Ұсталық жұмыстарға қажетті аспап жасау. Жоғарылау білікті ұстамен балға ұратын немесе көмекші ретінде бетін тазартып өңдей отырып күрделі бөлшектерді соғуда, сондай-ақ рессорлық жаймаларды ию кезінде бірлесіп жұмыс істеу.

Білуге тиіс: ауа үрлейтін құрылғылардың құрылысы, негізгі металдардың созылымдылық қасиеті, түрлі маркадағы болаттан жасалған түрлі рессорлық жаймаларды июдің тәсілдері, ұсталық пісіру ережесі мен жолдары, өңделетін әдіптердің және шыңдағыштардың рұқсат шегі мөлшерлері, жай шыңдағыштарға қажетті материал массасын есептеудің қарапайым тәсілдері, түрлі маркадағы болатты қыздыру режимі және соғу температурасы, соғу өтпесінің жолдары мен кезектілігі, аттарды тағалау ережесі, тағалардың үлгілері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Диаметрі 50 мм-ден асатын қалпақты болттар мен гайкалар – соғу;

2) Қимасы 40х60 кв. мм-ден жоғары кескіштерге арналған ұстағыштар – соғу;

3) Электровоз жол тазартқыштарының ұстағыштары – соғу;

4) Вагондардың кузовтарын рессорлық ілмектеу бөлшектері, жылжымалы құрам арбаларының автоілінісуі – соғу;

5) Ұсталық қол шымшуырлары –соғу;

6) Үстеме және кесік кілттер – соғу;

7) Дөңгелектер, арбалар, шаналар – соғу;

8) Бұрышының мөлшері 45х45 мм және 45 мм-ден асатын жолақтарының мөлшері 100х100х100 мм-ге дейінгі құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию;

9) Диаметрі 200 мм-ге дейін сақиналар, фланецтер – соғу;

10) Оқшаулағыштарға арналған балдақтар, ілмектер, қамыттар – соғу;

11) Вагондардың өтпелі алаңшаларының кронштейндері мен осьтері – соғу;

12) Түрлі муфталар – соғу;

13) Сығымдағыштар – соғу;

14) Тепловоз букстары теңгерімдерінің тіректері соғу;

15) Тағалар – соғу;

16) Массасы 10 кг-ге дейінгі сығымдағыш үлгілер – ауысымдық жабдық бөлшектерді соғу;

17) Бұрыштық болаттан жасалған рамалар – ию;

18) Жаймалар – соғу;

19) Бір арқалық қол краны подшипник кронштейндерге арналған жолақты болат – ыстықтай ию;

20) Ұзындығы 1000 мм-ге дейінгі қамыттар – ию;

21) Диаметрі 25 мм-ге дейінгі шынжырлар – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопор және айналмалар жасау;

22) Диаметрі 40 мм-ге дейінгі шынжырлар – жөндеу;

23) Диаметрі 150 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – отырғызып соғу.


338. Қолмен соғатын ұста 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар және үлгілер бойынша күрделі бөлшектерді қолмен соғу. Түрлі жазықтықта бөлшектерді ию және пісіру. Түрлі маркадағы болаттан жасалған бөлшектерді пісіру. Белгіленген мөлшерлер мен әдіптерді сақтай отырып бөлшектерді түпкілікті өңдеу. Қалыңдығы 8 мм-ден 12 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған түрлі конфигурациядағы орташа күрделіктегі бұйымдарды ию, созғылау, жиектеу және отырғызу. Июге арналған металды қыздыру режимін таңдау. Рессорлық жаймаларды шаблон бойынша ию. Рессорларды жиынтыққа құрастыру және жайманы шаблон бойынша және алдыңғы жаймаға жеткізу. Жиынтықта 10 жаймалардан асатын рессорлардың пакетіне рессорлық қамыттарды жеткізу. Түрлі конфигурациялы қалыпталған бұйымдарды түзету.

Білуге тиіс: горндардың, пештер мен ауа үрлейтін құрылғылардың құрылымы, күрделі бөлшектерді соғу өтпесінің кезектілігін орнату тәртібі, рессор жиынтықтарын құрастырудың техникалық шарттары, шыңдағыш металының массасын есептеу тәсілдері, түрлі металлдардың созылымдылық қасиеттері мен оларды соғу процесіндегі міндеті.

Жұмыс үлгілері

1) Тепловоздың бас желдеткіштерінің жетекші және бастаушы редуктор біліктері – соғу;

2) Шағын мөлшердегі бір иінді біліктер – соғу;

3) Ашалар – тістерін ажырату және түзету;

4) Жылжымалы құрамның тежегіш рычагты жіберу бөлшектері – соғу және пісіру;

5) Жоғары көміртекті арнайы болаттан жасалған күрделі қалыптарды, фрездерді және басқа да кесетін аспаптан жасалған дайындамалар – соғу;

6) Мөлшері 100 мм-ден асатын жолақтардан тұратын сақиналар – ию;

7) Диаметрі 200 мм-ден асатын сақиналар, фланецтер – соғу;

8) Қазандықтар – артқы және алдыңғы қабырғаларын шаблон бойынша ию;

9) Жегу ілмектері – жасау;

10) Түзу, бүктелген және соғылған жаймалар – ласкаларын тарту;

11) Автомобильді рессорлардың жаймалары – жасау;

12) Сығымдағыштар мен қайшыларға арналған түрлі конфигурациялы және мөлшердегі пышақтар – соғу;

13) Жаймалық темірді кесуге арналған қылыш пышақтар – соғу;

14) Жылжымалы құрамдағы аспалардың ілмелері мен арбалардың шпинтондары – соғу;

15) Массасы 10 кг-нан асатын сығымдағыш қалыптар – ауысымдық жабдық бөлшектерін соғу;

16) Аяқ киімнің жоғары жағы бөлшектерін кесуге арналған кескілер – соғу;

17) Арнайы пісірілген кескіштер – пластиналарды соғу, толтыру және дәнекерлеу;

18) Ірі үлгілік кескіштер – соғу;

19) Семафорлардың кулисалары және қанат рычагтары – соғу;

20) Массасы 250 кг-ға дейінгі көтергіш үстелдерге арналған үлгілік рычагтар – соғу;

21) Үштіктер – соғу;

22) Рессорлық қамыттар мен кронштейндер – соғу;

23) Диаметрі 25-тен 40 мм-ге дейінгі тізбектер – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопорлар мен айналмалар жасау;

24) Диаметрі 40-тан 60 мм-ге дейінгі тізбектер – жөндеу;

25) Диаметрі 150-ден 300 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – отырғызып соғу.

339. Қолмен соғатын ұста 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бетін тазартып өңдеп сызба және үлгілер бойынша күрделі бөлшектерді қолмен соғу, ию, түзету және пісіру. Қалыңдығы 12 мм-ден асатын жайма металдан жасалған ірі бұйымдарды ию, түзету және жиектеу.

Білуге тиіс: күрделі ұсталық жұмыстарды орындау тәсілдері мен соғудың күрделі жолдары, өңделетін металды қыздыру және салқындату режимдері, қызу режиміне қарай металл құрылымының өзгеруі.

Жұмыс үлгілері

1) Жылдамдық қораптары механизмінің тісті дөңгелек блоктары – соғу;

2) Көпиінді біліктер – соғу;

3) Эксцентрикті біліктер - соғу;

4) Оталғыш, қисық тісті және кулисалық механизм сақиналары, кулисалық және эксцентрикті паровоздардың жетектері – соғу;

5) Бұрыштық мөлшері 100х100 мм-ден асатын және жолақтары 100 мм-ден асатын құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию;

6) Қазандықтар – шаблон бойынша алдыңғы және көсеу жаймаларды ию және түзету;

7) Үлгілік матрицалар – арнайы аспапты болаттан жасалған дайындамаларды соғу;

8) Диаметрі 40 мм-ден асатын тізбектер – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопорлар мен айналмалар жасау;

9) Диаметрі 60 мм-ден асатын тізбектер – жөндеу;

Штампылаушы ұста
340. Штампылаушы ұста 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс) фрикционды және қисық тісті және гидравликалық 2 МН (200 тс) – дейінгі сығымдағыштарда ыстықтай қалыптау және ию. Металл бүршіктерін суықтай кесу және бөлшектер мен бұйымдарды күші 2 МН (200 тс) – қа дейінгі сығымдағыштарда кесу. Қыздыру пештері мен горндарды тұтату. Пештерден металлды түсіру және толтыру. Дайындамаларды қыздыру температурасын айқындау. Жоғарырақ білікті штампылаушы ұстаның жұмысында көмекші штампылаушы ұстаның жұмысын орындау. Қалыптарды бекіту, бөлшектерді қалау және бекіту. Қалыптарды тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты, қалыптау кезіндегі операциялардың тәртібі, соғатын және кесетін қалыптардың қызметі мен орнату ережесі, қалыптарды жұмыс уақытында салқындату және майлау тәсілдері, арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану шарттары, болаттың қолданылатын маркаларын қыздыру режимдері, металды қыздыру температурасы, ыстық қалыптау әдіптері мен рұқсат шегінің жүйесі.

1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет