Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (2-шығарылым)



бет19/70
Дата09.06.2016
өлшемі4.34 Mb.
#124728
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70

Жұмыс үлгілері

1) Диаметрі 25 мм-ге дейінгі болттар, гайкалар мен тойтарма шегелер – шығару;

2) Ашалар – түтікшелерді ию және мүйіздерінің ұштарын шлицтеу;

3) Буксты және айдауға қарсы қоюшы сыналар – қалыптау;

4) Жапсырма кілттер - нақыштау;

5) Автомашина шатундарының қақпақтары – түзету;

6) Тежегіш колодкалары башпақтары мен жылжымалы құрамның тежегіш жеңдерінің ілмелері – қалыптау;

7) Қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі қапсырмалар, бұрыштықтар, планкалар – қалыптау;

8) Баллдарға арналған фитингілер – қалыптау.

341. Штампылаушы ұста 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс)-ка дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау – шығару. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғамен және күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1-ден 3 МН-ге (100-ден 300 тс-ге дейінгі) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда және күші 2 МН-нан (200 тс) асатын гидравликалық сығымдағышта; күрделі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс)-ке дейінгі қисық тісті сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Жаймалық және кескінді металдан жасалған бөлшектер мен дайындамаларды көлденең иетін машинада ыстықтай және суықтай күйде ию. Бөлшектер мен бұйымдарды күші 2-ден 8 МН-ге (200-ден 800 тс-ке) дейінгі сығымдағыштарда нақыштау. Металды жоғарыда аталған балға және сығымдағышта отырғызу, шығару, созғылау, кесу. Терең емес және тік бұрышты саңылауларды тесу. 1,5 т-ға дейінгі массалы құлап тұратын балғамен және күші 8 МН (800 тс) –ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді суықтай және ыстықтай күйде түзету. Баспаушының басшылығымен қалыптарды орнату және баптау. Күші 2-ден 5 МН (200-ден 500 тс-ке) дейінгі металл бүршіктерін кесу. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау. Сығымдағыштарды, балғаларды және көтергіш көлік механизмдерін басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану. Ағымдағы жөндеуге қатысу. Көмекші ретінде жоғарылау білікті штампылаушы ұстамен бірге жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналардың құрылысы, қыздыру пештері мен горндарға қызмет көрсету ережесі, қалыптарды салқындату, майлау және жұмысқа дайындау ережесі, түрлі сұрыптағы көміртекті болаттың созылыңқы қасиеті мен қыздыру режимі, металл маркасы мен бұйымдардың бетінің талап етілетін тазалығына қарай қалыптау тәсілдері, соғатын бойктардың, қалыптардың және бекіткіш айлабұйымдардың құрылымы және орнату тәсілдері, арнайы айлабұйымдардың, қарапайым және орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы, өңдеу әдіптері мен ыстықтай қалыптау рұқсат шегінің мөлшерлері, пешке дайындама салудың және оларды қыздырудың тәсілдері мен жолдары, автоматты және жартылай автоматты желілердің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғалардағы, күші 8 МН (800 тс)-қа дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс)-қа дейінгі көлденең соғатын машиналарда қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау және шығару:

1) Диаметрі 25 мм-ден жоғары болттар, гайкалар мен тойтарма шегелер – шығару;

2) Тракторларды жіберу қораптарын қайта қосу біліктері – шығару;

3) Тракторды қайта қосу білікшелері – қалыптау;

4) Гайкалар – барашкалар – қалыптау;

5) Бу қораптарының есіктері мен паровоз резервуарларының түптері – қалыптау;

6) Платформа борттарының бөлшектері – қалыптау;

7) Хирургиялық қашаулар – қалыптау;

8) Подшипник сақиналары – шығару;

9) Муфталар – қалыптау;

10) Трак саусақтары – шығару;

11) Жылжымалы құрам арбалары рессорлық жинақтарының планкалары – қалыптау;

12) Жылжымалы құрам тежегіш рычагты жіберу арбаларының сақтандырғыш қапсырмалары – қалыптау;

13) Қалыңдығы 10 мм-ден жоғары қапсырмалар, бұрыштықтар, планкалар – ию;

14) Диаметрі 150 мм-ге дейінгі жаймалық фланецтер – қалыптау;

15) Тальға арналған тізбектер – звеноны қалыптау.

Күші 1-ден 3 МН (100-ден 300 тс-қа) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағышта және күші 2 МН (200 тс) дейінгі гидравликалық сығымдағышта қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау:

1) Кесік кілттер – тұтқа сапты ию;

2) Кронштейндер – ию;

3) Есік тұтқалары – қалыптау;

4) Тостағандар – қалыптау;

5) Терезе шпингалеттері – қалыптау.

Күші 1 МН (100 тс) дейінгі фрикциялы және қисық тісті сығымдағыштарда күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Дизельдің иінді біліктері;

2) Вагондардың жота арқалықтарының диафрагмасы;

3) Тығыздайтын дизельдердің күйентесі мен сақиналары;

4) Дизельдің тісті дөңгелектерінің осьтері;

5) Вагон фермаларының қиғаш тіректері.

Құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 м-ға дейінгі балғалармен және күші 8 МН (800 тс) – дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда бөлшектерді түзету:

1) Карданды біліктердің айқастырмалары;

2) Автомашина алдыңғы ілмелерінің тіректері.

342. Штампылаушы ұста 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғамен және күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс)-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау. Бөлшектер мен дайындамаларды күші 3 МН (300 тс) –қа дейінгі көлденең иетін сығымдағышта ию. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5-ден 3 МН-ге дейінгі балғаларда және күші 8 МН-нан (800 тс-дан 1500 тс) 15 МН-ға дейінгі механикалық соғатын сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс-дан 1200 тс)-ден 12 МН-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау және шығару. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1-ден 3 МН-ге (100-ден 300 тс-ге дейінгі) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда; күрделі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс)-ден 3 МН-ге дейінгі сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Терең және күделі саңылауларды тесу. 1,5 т-дан жоғары 8 т-ға дейінгі массалы құлап тұратын балғамен және күші 8 МН (800 тс) –нен 50 МН-ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді суықтай және ыстықтай күйде түзету. Бөлшектер мен бұйымдарды күші 8-ден (800 тс) асатын сығымдағыштарда нақыштау. Күші 5 МН (500 тс)-ден асатын сығымдағыштарда металл бүршіктерін кесу. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау. Көмекші ретінде жоғарылау білікті штампылаушы ұстамен бірге жұмыс істеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналар мен қыздыру пештерінің құрылысы, бойктардың, соғатын және кесетін қалыптардың, орнататын және бекітетін айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері, түрлі маркадағы болатты және түсті металлдар мен қорытпаларды қыздыру, салқындату және қалыптау режимдері, жабдықтардың принципиалды тәсімдері, құрылысы және автоматты және жартылай автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8 МН (800 тс) –дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс)- дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Кардан білігі – біліктің ұштарын шығару;

2) Тәжді гайкалар – шығару;

3) ЗИЛ-150 автомашинасының клапандары – шығару және қалыптау;

4; Автомобиль дифференциалдарының айқастырмалары – қалыптау;

5) Автомобиль шатундарының қақпақтары – қалыптау;

6) Жылжымалы құрамдағы аспалы ілмелері – шығару;

7) Автомобиль тіркемелері дискілерінің күпшектері – қалыптау;

8) Автомобиль кардан білігінің фланецтері – қалыптау;

9) Диаметрі 100 мм-ге дейінгі жұқа қабырғалы тісті дөңгелектер – қалыптау;

10) ГАЗ-51, ГАЗ-21 автомашиналарының жіберу қораптарының тісті дөңгелектері – шығару.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5 т-нен 3 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8 МН (800 тс) 15 МН–ға дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс-дан 1200 тс-қа дейінгі) 12 МН-ға дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Трактордың сатылы біліктері – қалыптау;

2)Трактор жіберу қораптарын қайта қосу, ЗИЛ-132 автомашинасының алғаш жіберу және артқы жүрісінің ашалары – қалыптау;

3) Болтқа арналған гайкалық кілттер – қалыптау;

4) Автомашина иінді біліктерінің қысатын жұдырықшалары – шығару;

5) Төрт осьті вагондар мен тендерлердің арба белдіктері – ию және қалыптау;

6) Автомашина бұру кулисаларының рычагтары – шығару;

7) Трактор жіберу қораптарының тіркеме рычагтары – қалыптау;

8) ЗИЛ-150 автомашинасының сателлиттері – қалыптау;

9) Фланецтер – фланец иетін машинада ию;

10) Тепловоз кардан біліктерінің фланецтері – шығару;

11) Диаметрі 150 мм-ден жоғары жаймалық фланецтер – қалыптау;

12) Автомобиль иінді біліктерінің храповиктері – шығару;

13) Диаметрі 150 мм-ге дейінгі цапфалар, төлкелер, сақиналар – шығару;

14) Трактор қайталама біліктерінің коникалық тісті дөңгелектері – шығару.

Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 3 МН-ге (300 тс) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда қалыптау:

1) Вагонның көлденең рычагтарының тартпалары – қалыптау және ию;

2) Вагон буферлік брустарының жаймалары – қалыптау және ию.

Күрделі бөлшектерді күші 1-ден жоғары 3 МН-ге (100-ден жоғары 300 тс-қа) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда қалыптау:

1) Дизель поршендары;

2) Жолаушы вагонның шкворнялары.

1,5 т-дан жоғары 8 т-ға дейінгі массадағы құлап тұратын балғамен және күші 8 –ден (800-ден жоғары 5000 тс-қа дейінгі) 50 МН-ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді түзету:

1) Автомобильдің жұдырықшалы біліктері;

2) Дифференциалды айқастырмалар;

3) Тракторлар мен ГАЗ-51, ЗИЛ-150 автомобильдерінің шатундары.

343. Штампылаушы ұста 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5-нан асатын 3 т-ға дейінгі балғамен және күші 8-ден жоғары 15 МН-ге (800-ден жоғары 1500 тс-қа дейінгі) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2-ден жоғары 12 МН (200-ден асатын 1200 тс)-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөліктерінің массасы 3 МН балғаларда және күші 15 МН-нан асатын (1500 тс) механикалық соғатын сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 12 МН-нан асатын күшпен ыстықтай қалыптау және шығару. Бөлшектер мен дайындамаларды күші 3 МН (300 тс) –дан асатын көлденең иетін сығымдағышта (бульдозерде) ию. Күрделі бөлшектерді күші 3 МН-ден (300 тс) асатын фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда ыстықтай қалыптау. 8 т-дан жоғары массалы құлап тұратын балғамен және күші 50 МН-дан асатын (5000 тс) соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді түзету. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналардың кинематикалық тәсімдері, түрлі маркадағы болаттың, түсті металлдар мен қорытпалардың созылыңқы қасиеттері, металл соғу басталғанда және аяқталғандағы температурасы, автоматты және жартылай автоматты желілердің құрылымдары.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5-нан 3 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8-ден 15 МН (800-ден жоғары 1500 тс) –дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2-ден жоғары 12 МН (200-ден 1200 тс-қа дейінгі)- дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Жылжымалы құрамдағы арбалардың аспалы арқалықтары – қалыптау;

2) Автомашиналардың жұдырықшалы білікшелері – қалыптау;

3) Тракторлардың иінді біліктері - қалыптау;

4) ЗИЛ-130 автомобильдерінің жіберу 2-5 қайта қосу ашалары – қалыптау;

5) Автомашиналардың шарнир жұдырықшаларының және буксирлік ілмектерінің қалпақтары – шығару;

6) Автомашиналардың буксирлік ілмектері – қалыптау;

7) Вагон арбаларының траверстері – қалыптау;

8) Автомашиналардың шатундары – қалыптау;

9) Дизель шатундары – қалыптау;

10) Трактор қақпақтарының шатундары – қалыптау;

11) Диаметрі 100 мм-ден асатын жұқа қабырғалы тістегершіктер– қалыптау.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 3 т-дан асатын балғаларда, күші 15 МН–нан асатын (1500 тс) механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 12 МН-дан асатын (1200 тс) көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Тепловоздардың бір иінді біліктері – қалыптау;

2) «Москвич» автомашинасының иінді біліктері – қалыптау;

3) Автомашиналардың иінді біліктерінің дайындамалары – қалыптау;

4) Вагондар мен тендерлердің буферлік брустарының жаймалары – қалыптау;

5) Вагондардың тиейтін люгінің жаймалары – қалыптау;

6) Трактордың артқы мостының диаметрі 160 мм фланецтері – шығару;

7) Автомашиналардың жартылай ось фланецтері – шығару;

8) Жоғары қуаттылықтағы қозғалтқыштағы тарату біліктерінің фланецтері – шығару;

9) Диаметрі 150 мм-ден асатын цапфалар, төлкелер, сақиналар – шығару;

10) Токарлық станоктардың шпиндельдері – шығару.

Күші 3 МН-дан асатын (300 тс) фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда күрделі бөлшектерді қалыптау:

1) Цистерналардың түптері;

2) Жартылай вагон люктарының қақпақтары.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 8 т-дан жоғары балғаларда және күші 50 МН-нан асатын (5000 тс) механикалық соғатын сығымдағыштарда ауыр бөлшектерді қалыптарда ыстықтай түзету және нақыштау:

1) Автомашинаның алдыңғы ось арқалықтары – түзету және нақыштау;

2) Автомашиналардың иінді біліктері – түзету;

3) Қозғалтқыштардың шатундары – түзету және нақыштау.

344. Штампылаушы ұста 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 3 т-дан жоғары балғамен және күші 15 МН-ден (1500 тс-тан жоғары) жоғары соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 12 МН-ден (1200 тс) жоғары күшпен ыстықтай қалыптау – шығару. Жоғары жылдамдықтағы балғаларда титан және ыстыққа төзімді болат пен қорытпадан жасалған жоғары дәлдіктегі күрделі бөлшектерді ыстықтай қалыптау. Техникалық өңдеуге ең төменгі әдіппен және әдіпсіз жоғары дәлдіктегі күрделі бөлшектерді изотермиялық қалыптау. Барлық агрегаттар мен механизмдерді жұмысқа дайындауды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналар мен қыздыру пештерінің құрылымы, қалыптарды орнату және баптау ережесі мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Тракторлардың иінді біліктері – қалыптау;

2) Көп иінді біліктер – қалыптау;

3) Қуатты қозғалтқыштардың тарату біліктері – қалыптау;

4) Автомашина гидравликалық тіректерінің жартылай осьтерінің қаптары мен сфералары – көлденең соғатын машиналарда шығару;

5) Титан және ыстыққа төзімді қорытпалардан жасалған авиақозғалтқыш компрессорларының жауырындары – жоғары жиіліктегі қалыптау;

6) Титан қорытпалардан жасалған авиақозғалтқыштардың пилондары, фланецтері – изотермиялық қалыптау;

7) Қуатты қозғалтқыштардың траверстері, шатундары – қалыптау.

Ротациялық машиналарды штампылаушы ұста
345. Ротациялық машиналарды штампылаушы ұста 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 11 мм-ге дейінгі вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу. «Этна» үлгісіндегі роторлық машинада ыстықтай және суықтай күйінде диаметрі 50 мм-де құбырларды және диаметрі 25 мм-ге дейінгі шыбықтардың ұштарын созу – сығымдау. Соғатын біліктерінде ыстықтай күйінде күрделі дайындамалары соғу немесе шыңдау, ротациялық соғу машиналарында түрлі маркалардағы, диаметрлер мен кескіндегі болат штангілерінің ұштарын үшкірлеу. Машиналарды салқындату жүйесінде қыздыру пештеріне отынды және су жіберуді реттеу. Өңделетін дайындамаларды қыздыру температурасын және мөлшерін бақылау. Қалыптарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің құрылымы, машиналардың жекелеген тораптарының қызметі мен олардың өзара әрекеттесуі, қыздыру пештері мен қызмет көрсетілетін машиналардың салқындату жүйелерінің құрылымы, вольфрамның, молибденнің және басқа да өңделетін металдарды қыздыру және соғу кезіндегі механикалық қасиеті, қолданылатын отын және газдарды қыздыру режимдері мен негізгі қасиеті, шыңдағыштардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, дайындаманы өңдеу әдіптерінің мөлшері және рұқсат шегі.

Жұмыс үлгілері

1) Диаметрі 25 мм-ге дейінгі серіппе дайындамалары – шыбықтың ұштарын созғылау;

2) Автомашиналардың артқы мостарының жартылай осьтері – соғу біліктерінде біліктеу және кескіндеу;

3) Автомашиналарды рульмен басқару жетектері – ұштарын сығымдау;

4) Штангілер – ұштарын үшкірлеу.

346. Ротациялық машиналарды штампылаушы ұста 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық түрде жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 11-ден 6 мм-ге дейінгі вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу, сондай-ақ диаметрі 7 мм-ден жоғары сол металдарды машиналарда шыбықтарды қолмен жібере отырып соғу. «Этна», «Эймуко» үлгісіндегі роторлық машинада ыстықтай және суықтай күйінде диаметрі 50 мм-ден асатын құбырларды және диаметрі 25 мм-ден жоғары шыбықтардың ұштарын созу – сығымдау. Белгіленген режимге сәйкес дайындамалар мен шыңдағыштарды қыздыруды реттеу. Қыздырылған металды, түзу, қиялай және серіппелі тістерді бапталған тісті айналдыру стандарында өзгерту арқылы дөңгелету. Қалыптарды баптау.

Білуге тиіс: ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің және қыздыру пештерінің кинематикалық тәсімдері, Бойколарды, соғу біліктері мен секторлық қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылымы, түрлі мөлшердегі өңделетін шыбықтардың, құбырлардың және басқа да түрлі бұйымдардың механикалық қасиеті, соғу басталғанда және аяқталғандағы температурасы, қыздыру процесінде металдың құрылымына отын мен газдың әсері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, қызметі және пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1) Диаметрі 25 мм-ден асатын серіппе дайындамалары – шыбық ұштарын созғылау;

2) Автомашинаның артқы мосты жартылай осьтерінің қаптары – сығымдау;

3) Автомашина шарнирлерінің жұдырықшалары – соғу біілктерінде біліктеу.


347. Ротациялық машиналарды штампылаушы ұста 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық түрде жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 6 мм-ден төмен вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу, сондай-ақ диаметрі 7 мм-ге дейінгі сол металдарды машиналарда шыбықтарды қолмен жібере отырып соғу. Баяу балқитын металдан жасалған штабиктерді және тік төртбұрышты және алтықырлы қималы олардың қорытпаларын дөңгелек қима дайындамаларына соғу. Балқытылған дайындамаларды және баяу балқитын дайындамалардың және олардың қорытпаларының монокристалдарын соғу. Аспаптардың көрсеткіштері бойынша электр қыздыру пештерінде және құрылғыларында бұйымдарды қыздыру режимін реттеу. Ротациялық соғу машиналары мен қалыптарының түрлі құрылымдарын баптау.

Білуге тиіс: ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің, барлық мүмкін болған жүйедегі қыздыру пештерінің құрылымы, вольфрамның, молибденнің, танталдың және басқа да баяу балқитын металдарды соғу кезіндегі физикалық және химиялық қасиеттері.


Балға, пресс және манипулятор машинисі


348. Балға, пресс және манипулятор машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөліктерінің күші 1,5 т-ға дейінгі бу, бу-ауа және пневматикалық соғу балғаларын, күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі бу-гидравликалық және гидравликалық сығымдағыштарды және қызмет көрсететін олардың манипуляторларын басқару. Қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау. Балға, сығымдағыш, манипулятор механизмдерін тазалау және майлау. Пешті толтыру, одан дайындаманы, құйманы шығару және оларды манипулятормен балға, сығымдағыштың жұмыс орнына жіберу. Дайындаманы және құйманы манипулятормен соғу уақытында жиектеу. Балғаны, сығымдағышты және манипуляторды олардың қуаттылығын оңтайлы пайдалана отырып реттеу. Балғаның, сығымдағыш пен манипулятордың ағымдағы жөндеуге қатысу және олардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштар мен манипуляторлардың жұмыс істеу қағидаты, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің қызметі және жұмыс істеу қағидаты, болат соғудың температуралық режимі, бөлшектерді соғу кезіндегі жұмыс тәсілдері, ұста беретін шартты белгілер.


349. Балға, пресс және манипулятор машинисі 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөліктерінің күші 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі бу-ауа және пневматикалық соғу балғаларын, күші 8-ден 20 МН-ге (800-ден 2000 тс-ге) дейінгі бу-гидравликалық және гидравликалық сығымдағыштарды және қызмет көрсететін олардың манипуляторларын басқару. Балғаны, сығымдағышты, манипулятор мен қосалқы айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Түрлі қоспаланған болат пен қорытпаларды соғу кезінде балғаны, сығымдағыш пен манипуляторды басқару. Балғаның, сығымдағыш пен манипулятордың орташа жөндеуіне қатысу. Сальниктерді толтыру. Бойколардың, біліктерді, болттарды ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштар мен манипуляторлардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің құрылымы және басқару тәсімі, түрлі маркадағы болат және түсті металдарды соғудың температуралық режимі, жаңадан бу беру және жұмсалған буды бұру тәсімі, қолданылатын майлардың сұрыптары, дайындамалар мен құймаларды пешке толтыру және оларды пештен алу ережесі.

350. Балға, пресс және манипулятор машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер салмағы 3-тен 8 т дейін бу-ауа және пневматикалық балғаларды, күші 20-дан 80 МН дейін (2000-нан 8000 тс дейін) бу-гидравликалық және гидравликалық престерді және оларға қызмет көрсететін манипуляторларды басқару. Әртүрлі жоғары қоспалы және қыздыруға берік болат пен қорытпалардан жасалған дайындамаларды шыңдау кезінде балғаларды, престер мен манипуляторды басқару. Балғаны, прессті және манипуляторды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін балғалардың, престердің, манипуляторлардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің кинематикалық тәсімін және баптау ережесін, балға мен пресс жұмысының тиімді режимін, шыңдау кезінде бу мен қысылған ауаны шығындау ережесін.


351. Балға, пресс және манипулятор машинисі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер массасы 8 т артық бу-ауа және пневматикалық балғаларды, күші 80 МН артық (8000 тс) бу-гидравликалық және гидравликалық престерді және оларға қызмет көрсететін манипуляторларды басқару. Түрін өзгертуге қиын жоғары қоспалы және қыздыруға берік болат пен қорытпалардан жасалған дайындамаларды шыңдау кезінде балғаларды, престер мен манипуляторды басқару. Балғаның, пресстің жұмысын өңделетін бөлшектердің өлшемі мен пішініне сәйкес реттеу. Жабдықтың жағдайын қадағалау. Жабдықты күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі пресстердің, балғалардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің құрылғысын және кинематикалық тәсімін, балға мен престердің көтергіш көлік механизмдерімен келісілген жұмыс әдістерін және тәсілдерін.

Металды қыздырушы (дәнекерлеуші)
352. Металды қыздырушы (дәнекерлеуші) 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті қыздырушының басшылығымен камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан жасалған салмағы 150 кг дейін және олардың қорытпалары мен құймаларынан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру. Пештерді қож бен қабыршақтардан тазалау. Бөлшектер мен дайындамаларды жиектеу. Қыздырылған дайындамаларды ұстаның жұмыс орнына беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет