Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет10/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

массаның композициясы мен концентрациясы, бұйымды құю технологиялық процессі;

өңделетін бұйымның сапасына қойылатын талаптар.

106. Тұсқағаз суреттерін ауыстырып салушы
Параграф 1. Тұсқағаз суреттерін ауыстырып салушы, 4-разряд
485. Жұмыс сипаттамасы:

суретті түпнұсқадан калькаға оның контурын суреттің түсіне сәйкес келетін әрбір білігі бойынша дәлме-дәл сақтай отырып, болат инемен ауыстыру;

суреттің түпнұсқасының суретіне сәйкес келетін әрбір білікті бояумен боямалау.

486. Білуге тиіс:

суретті ауыстыру техникасы;

раппортты біліктің айналасына біріктіру тәсілдері;

білікті кескішпен теру кезінде суреттің фигурасын үлкейту және кішірейту.

107. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы


Параграф 1. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы, 1-разряд
487. Жұмыс сипаттамасы:

қағазды орау, сорты бойынша сұрыптау және қатарлап салу;

штангадағы тығынды немесе ораманы нығайту;

барабанды орнату және мөлшерін тарқатылатын қағаздың көлеміне сәйкес тексеру.

488. Білуге тиіс:

қағаздың сорты мен стандарты және оған сәйкес келетін барабан диаметрі.

Параграф 2. Қағаз бен қағаз жіпті ораушы, 2-разряд
489. Жұмыс сипаттамасы:

қажетті диаметрі тығырыққа машинада жіпті орау процессін басқару;

жіпті жұмыс орнына жеткізу және патрондарды жеткізу;

машинаға салу және оны іске қосу;

жіптің оралуын, оралған тығырықтың көлемін бақылау;

собығын ауыстыру, кесілген жерлерін ауыстыру және оралған өнімді тапсыру.

490. Білуге тиіс:

машинаны іске қосу және тоқтату ережесі;

жіптің сапалық көрсеткіштері.

108. Перфораторшы


Параграф 1. Перфораторшы, 2-разряд
491. Жұмыс сипаттамасы:

перфорациялау станогында перфорациялау процессін жүргізу;

тығырықты станокқа орнату және перфорациялау үшін қағаз салу;

перфорацияның дәлдігін және оның орауыштағы метражын бақылау;

станокты баптау және реттеу, қағаз лентаны жоғары дәлдікпен перфорациялауды қамтамасыз ету.

492. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы;

арнайы қағаздың техникалық шарттары.

109. Миллиметрлегішті басушы
Параграф 1. Миллиметрлегішті басушы, 4-разряд
493. Жұмыс сипаттамасы:

миллиметрлегішті басу процессін жүргізу;

басу үшін орама орнату;

басылған ораманы алу;

баспа білігін баптау;

астаудағы бояуды сүзгіден өткізгеннен кейін оның деңгейін сақтау;

қағазға жағылатын тордың сапасын бақылау;

раклиді қайрау және машинаға орнату, миллиметрлегіш торды жағу кезінде оны реттеу.

494. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

негіз қағаз бен қолданылатын бояудың қасиеттері.

110. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы


Параграф 1. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы, 1-разряд
495. Жұмыс сипаттамасы:

бұйым мен бөлшектердің бетін зімпара терімен жылтырату;

бұйымдарды айлабұйымға орнату және бетін парафин мен талькті пайдалана отырып немесе карборунд шеңберде жылтырату.

496. Білуге тиіс:

бұйымды жылтырату технологиясы;

зімпара тері мен карборунд шеңбердің нөмірлері;

жылтырату кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

Параграф 2. Қағаздан жасалған бұйымдарды жылтыратушы, 2-разряд


497. Жұмыс сипаттамасы:

қағаздан жасалған бұйымдар мен бөлшектердің бетін жылтырату станоктарында жылтырату;

біліктің берілу жылдамдығын және пневмосорғыны реттеу;

жабдықты күту және оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

498. Білуге тиіс:

жылтырату станоктарының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

бұйымды жылтырату технологиясы;

жылтырату кезінде ақаулықтардың пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

111. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі
Параграф 1. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі, 2-разряд
499. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 300 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м дейін және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. картон жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;

қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;

пресс шұғаны керу және түзету;

шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;

престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.

500. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;

жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.

Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі, 3-разряд


501. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 300 м/мин. - 700 м/мин дейінгі қағаз жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде, сондай-ақ конденсаторлық, кабельдік (жоғары және төменвольтті), филиграндық, офсеттік, шай орайтын, форзацтық, картографиялық, терең басуға арналған, жазуға арналған, N 1, 2 және 3, типографиялық, қағаз-қалтаға, дәптерге, көшірме жасауға арналған, су сорғыш, калькаға, пергаментке, борлауға арналған негіз, асбесттік қағаз жаймасы мен былғары картонға, эстамптық, перфокарта жасайтын, автоматтарда өнімдерді орауға арналған қағаздарды және қағаздың басқа да техникалық маңызды түрлерін жасайтын машинада және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. дөңгелек торлы картон жасайтын машинада қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;

қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;

пресс шұғаны керу және түзету;

шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;

престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.

502. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;

жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.

Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі, 4-разряд


503. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 700 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. астам картон жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;

қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;

пресс шұғаны керу және түзету;

шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;

престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.

504. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;

жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.

112. Картонаждық бұйымдарды престеуші


Параграф 1. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 1-разряд
505. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз және пергамент дайындамадан капсюльдік престе бүрме капсюль жасау;

қолмен түзету қалыптарында қағаз сақиналарды фасондау;

қалыпты қыздыру температурасын реттеу;

қалыпқа немесе пресс ұяшығына орналастырған кезде сақина суретінің дұрыс орналасуын бақылау;

револьвер дискінің ұяшығына дайындама бумасын салу;

жасалатын бұйымдардың сапасын бақылау.

506. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

капсюл материалдарының түржиыны;

қалыпты қыздыру температурасын реттеу тәсілдері.

Параграф 2. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 2-разряд


507. Жұмыс сипаттамасы:

құрастырмалы қалыпталған қораптарды түбінің құрсауынан және этикеткадан жартылай автомат карусель престерде жасау;

баспа суретіне сәйкес құрсауды түбімен қосу, құрсауды жапсырма түбіне сәйкес пресс-қалыптың ұяшықтарына толтыру;

өздігінен салу құндағына этикетка салу;

престің, өздігінен салудың жұмысын, сотанды қыздыру температурасын реттеу;

металл қақпақтарды құрастыру және жартылай автоматта қалыптау;

гуммирленген этикетканы дәлме-дәл орталықтай отырып, қораптың ішінара нығыздалған бөлшегіне престе салу (механикалық өздігінен салусыз және өздігінен түсірусіз) және қалыпталған қораптарды пресс-қалыптан түсіру;

қажет болған жағдайда – этикетканың үстіне сақтандыру қағаз төсемесін салу;

штамптың жай-күйін және штамптау сапасын бақылау.

508. Білуге тиіс:

пресс пен айлабұйымдардың құрылысы, реттеу тәсілдері;

сотанды қыздыру температурасы;

қорап, этикетканың түржиыны және престелген қорап жасау сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Картонаждық бұйымдарды престеуші, 3-разряд


509. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі бөлшектерді, жиналмалы сауытты тигельді, конгрев престерде, жинау және бүру қалыптарымен қалыптау әдісімен пішу процессін жүргізу;

дайындамалардың сфералық бетіндегі үйіндіні желімделген қалыпты декоративті өңдеу үшін престе ірі рельефті өрнектеу әдісімен қалыптау;

контуры бойынша кесу, рельефті сурет пен бүгу сызығын, тілік пен бұрыш ойығын салу;

алдын ала басылған материалдан пішім жасау кезінде – ойма мен бедерді баспа суреті бойынша дәлме-дәл қиыстырып келтіру;

преске қағаз, картон қабатын, баспа этикеткасын, жиналмалы буманың дайындамасын және тағы басқа салу;

қалыпты пресс тақташасына бекіту;

қалыптың бүктегіш және кесу пластиналарын қысым мен тілік тереңдігіне реттеу;

матрицаны қалыптың суретіне дәлме-дәл сәйкес келетіндей жасау және баптау;

қабаттарды өздігінен салу кезінде – жеткізуші механизмдерді реттеу;

қалыңдығы әртүрлі материалдармен жұмыс кезінде престі реттеу;

дайындаманы престеу сапасын бақылау.

510. Білуге тиіс:

әр түрлі материалдармен жұмыс жүргізу кезінде қағаздың берілу механизмін реттеу тәсілдері, пресс пен қалыптың құрылысы;

матрицаны желімдеу техникасы;

пішілетін материалдардың қасиеттері;

қалыпталған бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар.

113. Картон мен фибраны престеуші


Параграф 1. Картон мен фибраны престеуші, 2-разряд
511. Жұмыс сипаттамасы:

картонды гидравликалық немесе механикалық престе престеу процессін жүргізу;

картонды жіберу және оны преске салу;

фибраны жеткізу, салу және түсіру;

гидравликалық немесе механикалық престе престеу;

төсеменің жай-күйін бақылау, оларды тазалау және картон қабаттарын тазалау;

престеуден кейін буманы түсіру және салу;

сорғының жұмысын, қысым мен температураны бақылау.

512. Білуге тиіс:

престің құрылысы;

бақылау-өлшеу аппаратурасы;

престелген картонның сапалық көрсеткіштері (ылғалдық пайызы);

фибраны престеу мен сулаудың технологиялық режимі.

Параграф 2. Картон мен фибраны престеуші, 3-разряд


513. Жұмыс сипаттамасы:

фибраны престеу процессін жүргізу;

қысым мен температураны реттеу;

престің жұмысы мен жай-күйін бақылау;

фибраны престерге таратып бөлу;

престеу режимін фибраның маркасы мен ылғалдығына байланысты белгілеу;

фибраны жібіту процессін бақылау.

514. Білуге тиіс:

сорғы, аккумулятор және пресс құрылғысының құрылысы;

фибраны жібіту.

114. Желімдеу-кептіру машинасының престеушісі
Параграф 1. Желімдеу-кептіру машинасының престеушісі, 2-разряд
515. Жұмыс сипаттамасы:

престе қағаз желімдеу процессін жүргізу;

престердің жұмысы мен пресс шұғаны реттеу;

қағаз білігін жазғышқа салу және қағаз салу;

астаудағы желімнің деңгейі мен температурасын бақылау және астауға желім ерітіндісін салу;

ақаулығын түзету;

қағаз жасайтын білік пен рейкаларды тазалау;

желімдеу астамын жуу;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу.

516. Білуге тиіс:

қағазды желімдеу режимі.

115. Қабықты престеуші


Параграф 1. Қабықты престеуші, 2-разряд
517. Жұмыс сипаттамасы:

қабықты сығу процессін жүргізу;

шикі қабықты преске жіберу;

престе ұнтақтау және сығу үшін қабықты салу;

гидропрестің барлық тораптарының жұмысын, қабықтың преске берілуі біркелкілігін және престелген қабықтың шығуын бақылау;

престелген қабықты түсіру;

престің жұмысын реттеу және шағын ақаулықтарды жою.

518. Білуге тиіс:

престің құрылысы мен жұмыс қағидаты;

престелген қабықтың ылғалдығы.

116. Құйма қағаз бұйымдарын престеуші
Параграф 1. Құйма қағаз бұйымдарын престеуші, 2-разряд
519. Жұмыс сипаттамасы:

құйма қағаз бұйымдарды әр түрлі типті аппараттарда престеу процессін жүргізу;

жабдықты жұмысқа дайындау. құюдан кейін түсетін бұйымдардың сапасын тексеру;

бұйымдарды өлшеу және олардың сапасын техникалық шарттары бойынша анықтау.

520. Білуге тиіс:

престеу машиналарының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

ауа және вакуум жүйелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

престеу процессін реттеу тәсілдері;

өнімнің техникалық шарттары.

117. Сығу машинасының престеушісі


Параграф 1. Сығу машинасының престеушісі, 2-разряд
521. Жұмыс сипаттамасы:

ағаш массасының жаймасын престе құрғату;

жайманы преске және кесу торабына толтыру;

ағаш массасының жаймасының құрамындағы құрғақ заттарды және жайманың өн бойындағы біркелкі ылғалдылықты бақылау;

білікті престе нығыздауды реттеу;

престі іске қосу және тоқтату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу.

522. Білуге тиіс:

машинаның ылғал және құрғақ бөлігінің құрылысы;

ағаш массасының әр түрлі маркаларының сапалық көрсеткіштері.

118. Қалдықтарды престеуші
Параграф 1. Қалдықтарды престеуші, 2-разряд
523. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз және картон кесінділерді, ақауларды, ескі есептегі қағазды және Мембелгінің өнеркәсіптік қағаздарын, қағаз тозаңын бума етіп престеу;

топтар мен атаулар бойынша престеуді, нығыздалған тозаң мен ақаулықтарды бақылау;

буманы престен түсіру;

престеу режимін, электроконтактілі ауыстырып қосқыштарды, қалдықтардың берілу пневможүйесін бақылау;

престелген буманы тасымалдау және оларды қатарлап салу;

пресс жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.

524. Білуге тиіс:

престің, контактілі ауыстырып қосқыштардың электр жүйесінің, пневмосепараторлардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

тасымалдауышты іске қосу және тоқтату ережесі;

престеу режимі;

буманың салмағы;

ақаулықтар мен тозаңның түрлері;

ақаулықтарды топтарға жіктеу.

119. Пергаменттік машинаның престеушісі
Параграф 1. Пергаменттік машинаның престеушісі, 2-разряд
525. Жұмыс сипаттамасы:

пергаменттік машина пресінде пергаменттеу процессін жүргізу;

негіз қағазды қышқыл астаулар арқылы барлық престерге жүйелі түрде құю;

пергаменттеу процессін дұрыс жүргізуді бақылау;

әрбір проесте бүріккіш жұмысын бақылау.

526. Білуге тиіс:

пергаменттік машинаның пресс бөлігі мен бүріккішінің құрылысы;

пергаменттеудің технологиялық процессі.

120. Пресспат престеушісі
Параграф 1. Пресспат престеушісі, 2-разряд
527. Жұмыс сипаттамасы:

бір-екі престі және қыздырушы кептіргіш цилиндрлі пресспаттарға қызмет көрсету;

целлюлоза жаймасы мен басқа да жартылай дайын өнімдерді преске салу;

біркелкі сығуды реттеу;

тор мен шұғаны түзету;

құм сауыт пен сұрыптау барабанындағы массаның қозғалу барысын бақылау;

пресспат қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу;

пресспаттың ылғал бөлігінің бақылау-өлшеу аппаратурасын бақылау.

528. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы;

массаны торға жіберу тәсілдері;

тор мен престеу шұғасын реттеу ережесі мен тәсілдері.

Үш және одан да көп престі және кептіргіш цилиндрлерінің қыздырушы топтарының пресспаттарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.

121. Тегістеу машинасының престеушісі


Параграф 1. Тегістеу машинасының престеушісі, 1-разряд
529. Жұмыс сипаттамасы:

тегістеуішті престеу процессін жүргізу;

ылғал престерге, пресс қырнағышқа, қабылдау шұғасына және бөлгіш цилиндрге қызмет көрсету;

таспаны құюды және бүріккіштің жұмысын бақылау.

530. Білуге тиіс:

тегістеу машинасының құрылысы мен жұмыс қағидаты;

тегістеуішті құю технологиялық режим.

122. Эмульсия дайындаушы


Параграф 1. Эмульсия дайындаушы, 3-разряд
531. Жұмыс сипаттамасы:

массаны алдын ала фотожелатин ерітіндісі бар бөшкеде дайындап алып, бояу ұнтақтағышта титан ақ сырын дайындау;

химикаттарды рецептісі бойынша нақты өлшеу және эмульсия дайындау үшін оны араластырғышқа салу;

араластырғыштың жұмысын бақылау және эмульсияның даярлық дәрежесін анықтау;

жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

532. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

фототаспаны, электрохимиялық қағазды сіңдірудің технологиялық процессі;

қолданылатын химикаттардың, негіз қағаз бен дайын ротопленканың қасиеттері.

Параграф 2. Эмульсия дайындаушы, 4-разряд


533. Жұмыс сипаттамасы:

таза затты техникалық өнімдегі қажетті химикаттардың пайыздық құрамы бойынша алдын ала есептеу негізінде лаборатория деректері бойынша эмульсия дайындау;

химикаттарды рецептіге сәйкес өлшеу, оны араластырғышқа салу;

өлшеуіштерді толтыру;

араластырғыштың жұмысын басқару және ерітіндінің даярлық дәрежесін анықтау;

жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін және эмульсияны сүзу процессін бақылау.

534. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

қолданылатын химикаттардың, жарық қағаздардың, диазотипті қағаздардың, ақ түсті су өткізбейтін картонның қасиеті;

қаптама қабат жағудың технологиялық процессі және қағаздың әрбір түріне эмульсия дайындау технологиясы.

123. Талшықты материалдарды жуушы
Параграф 1. Талшықты материалдарды жуушы, 2-разряд
535. Жұмыс сипаттамасы:

пісірілген ескі-құсқы заттар мен басқа да талшықты материалдарды жуу және жартылай массаға өңдеу процессін жүргізу;

жартылай массалық ролды толтыруға дайындау;

жуушы және араластырушы ролды толтыру;

ескі-құсқы заттар мен басқа да талшықты материалдарды жуу және жартылай массаға өңдеу және жартылай массаны түсіру;

ролды тексеру және келесі салуға дайындау.

536. Білуге тиіс:

ролдың жабдықтары мен коммуникациясының құрылысы;

жартылай массаның сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Талшықты материалдарды жуушы, 4-разряд


537. Жұмыс сипаттамасы:

пісірілген талшықты жартылай дайын өнімдерді жуу және ақша мен құжат жасайтын қағазды жасауға арналған жартылай массаға ұнтақтау;

ролдан жартылай масса шығару. жартылай массаны жуу дәрежесі мен ұнтақтау сапасын белгіленген талаптарға сәйкес анықтау;

жабдықтың жұмысқа жарамдылығын бақылау.

538. Білуге тиіс:

бақылау-өлшеу аспаптарының мақсаты мен пайдалану ережесі;

өнім сапасын және талшық ұзындығын талдау әдістемесі;

жартылай массаның сапасының төмендеу себептері және оларды жою тәсілдері.

124. Целлюлозаны жуушы
Параграф 1. Целлюлозаны жуушы, 1-разряд
539. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары жуушының асшылығымен пісіру қазандығынан массаны алу және жуу;

резервуарға су жіберу, массаны сүзу және шаю;

массаны жуу және сілтіні түсіру;

сорғының жұмысын бақылау;

резервуарды, сүзгішті целлюлозаның кезекті партиясын қабылдауға дайындау.

540. Білуге тиіс:

коммуникация схемасы;

массаны жуудың технологиялық режимі.

Параграф 2. Целлюлозаны жуушы, 2-разряд


541. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 100 т целлюлоза өндіретін целлюлоза зауытында целлюлозаны сүзгіште, жуу резервуарларында жуу процессін жүргізу;

массаны сорғымен айдау, сілтіні сору және конденсатты жинау;

массаны сүзгіден бұта ұстағыштарға берілуін реттеу;

талшықтың толық жуылуын, ыстық судың, тор мен бүріккіштің тазалығын бақылау;

буландыру және пісіру цехын тығыздығы мен температурасы қажетті мөлшердегі сілтімен қамтамасыз ету;

сілтіні іріктеу және оны спирт цехына жіберу.

542. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты, құрылысы мен құрылымы;

массаны жуу мен сілтіні таңдаудың технологиялық режимі;

кейінгі өңдеу үшін берілетін целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.

Тәулігіне 100 т астам целлюлоза өндіретін немесе химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өндіретін целлюлоза зауытында целлюлозаны сүзгіште жуу кезінде - 3-разряд.

125. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші
Параграф 1. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 2-разряд
543. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз орамасына, қағаз стакандарға, құйма және басқа да бұйымдарға әр түрлі жүйелі сіңдіру машиналарында парафин, лак пен май сіңдіру технологиялық процессін;

картон орауыштар мен папье-машеден жасалған дайындамаларға батыру арқылы май сіңдіру;

қағаз орамасын, жібек қағазды салу және алу;

аспаның сыртқы қабатын реттеу;

стаканды климерге қолмен ілу немесе конвейер формасы;

тегіс бөлшектерді жаншыма арқылы өткізу және оларды сіңдіру;

жібек қағазға балауыз массаны біркелкі жағуды және балауыз қабатының конвейерде өтуін бақылау;

сіңдіру білігін, астау мен эмульсияны қажетті температураға дейін қыздыру үшін астау мен бакқа ыстық су құю және жұмыстан кейін оны ағызу;

аспалы қабатты рейкаларды стеллаждар бойынша жылжыту;

фибраны дайындау, ашу және вакуум-резервуарға салу;

фибраны сүрту және өлшеу;

сіңдіру ерітінділерін дайындау;

фибраны престе желімдеу;

бұйымға парафин мен май жағу сапасын, балқыту температурасын кептіру камерасындағы температураны бақылау;

арнайы бекітілген нұсқаулық бойынша ротопленканы кептіру процессін бақылау;

жібек қағазға балауыз масса қабатын тегіс жағылуын және балауыз қабатының конвейерге өтуін, кептірудің температуралық режимін бақылау;

сіңдіру машинасы мен машинаға белгіленген барлық айлабұйымдарды ыстық сумен жуу;

желімделген фибраны кесуге жеткізу.

544. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

ротопленканы, фибра мен бұйымды сіңдіру өндірістік процессінің технологиясы;

май, қағаз, парафиннің түрлері;

ұзын талшықты негіз қағаздың қасиеттері;

сілті қағаз бен балауыздың техникалық шарттар;

бұйымның сіңдірілуіне қойылатын талаптар;

эмульсияның құрамына кіретін химикаттар;

технологиялық желдеткіштің жұмыс схемасы.

Параграф 2. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 3-разряд
545. Жұмыс сипаттамасы:

құйма қағаз бұйымдарға машинада қысыммен және вакуумда сіңдіру процессін жүргізу;

арнайы техникалық қағазға эмульсия мен ұзын талшықты қағаз негізін сіңдіру;

сіңдіру ерітіндісін дайындау;

эмульсияны, астауды және сіңдіру білігін ыстық сумен қажетті температураға дейін қыздыру;

эмульсияны бөшкеге құю;

эмульсияның астаудағы белгілі бір деңгейін сақтау;

ерітіндіні сіңдіру және бұйымның сіңдірілу процессін реттеу;

эмульсияның температурасы мен бөлменің ылғалдығын бақылау;

негізге жағылған массаның салмағын үнемі анықтап отыру;

сіңдірудің аяқталғанын анықтау. өндірістік журнал жүргізу.

546. Білуге тиіс:

сіңдіру аппаратының құрылысы мен схемасы;

машинаның құрылысы;

сіңдіруге арналған ерітіндіні дайындаудың технологиялық процессі;

ротопленканы сіңдіру өндірістік процестің технологиясы;

ұзын талшықты негіз қағаздың қасиеттері;

эмульсияның құрамы;

сіңдірілген бұйымның техникалық шарттары.

Параграф 3. Қағаз бен қағаз бұйымдарын сіңдіруші, 4-разряд


547. Жұмыс сипаттамасы:

жарыққа сезімтал, диазотипті және көшірме қағазды сіңдіру процессін жүргізу;

фибраны вакуум астында және қысыммен сіңдіру;

сіңдіруге арналған таспа орамасын салу және сіңдірілген ораманы алу;

бояу білікшелерінің басын қысу механизмдерімен реттеу;

эмульсия немесе бояудың біркелкі жағылуын бақылау және жиектеу мөлшерін сақтау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет