кептіру пешіндегі температураны және қағаздың кептірілу дәрежесін бақылау;
фибраны қалыңдығы мен бетінің сапасы бойынша іріктеу;
сіңдіру үшін фибраны көлемі бойынша дайындау;
сіңдіруге арналған негіз фибраның жасалуын бақылау;
сіңетін ерітіндіні дайындау;
фибраны глицерин ерітіндісімен ылғалдату;
фибраны кептіру және каландрлеу;
фибраны сортимент бойынша кесу;
талдауға сынама іріктеу.
548. Білуге тиіс:
машина мен престің құрылысы; таспа матаның қасиеттері;
жарыққа сезімтал, диазотипті және көшірме қағаз бен фибраның, сондай-ақ қолданылатын бояғыштар мен химикаттардың негізі;
сіңдіру операциясының жүйелілігі; желімдеу технологиялық процессі;
сіңдіру заттарының қасиеттері;
мемлекеттік стандарт бойынша дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері;
қағаз бен химикаттарды жұмсау нормасы.
126. Химикат жіберуші жұмысшы
Параграф 1. Химикат жіберуші жұмысшы, 2-разряд
549. Жұмыс сипаттамасы:
химикаттарды, сұйылтылған газ: хлор, аммиак, күкірт газы құйылған цистерналарды қабылдау;
химикатты қайта сору және оны өндіріске жіберу;
химиялық талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу.
550. Білуге тиіс:
цистернаның құрылысы, оларды іске қосу, сөндіру және қыздыру ережесі;
химиялық талдауға арналған сынамаларды іріктеу ережесі.
127. Диффузорды түсіруші
Параграф 1. Диффузорды түсіруші, 3-разряд
551. Жұмыс сипаттамасы:
диффузорларды тиеу және түсіру;
сілтілендіру процессінде фибраны өңдеу;
диффузорды хлорлы мырышты ерітіндіні сору және айдауға дайындауға қатысу.
552. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
диффузорларды тиеу және түсіру режимі;
ерітіндіні сору тәсілдері.
128. Ұнтақтаушы
Параграф 1. Ұнтақтаушы, 1-разряд
553. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен ұнтақтау процессін жүргізу;
шикізатты тасымал құралдарына арту;
шикізатты ролға жеткізу;
шикізатты ролға ролшының нұсқауы бойынша біркелкі арту;
шикізатты үздіксіз ұнтақтау кезінде – гидрожіберу тасымалдауышына шүберек толтыру;
ролл барабандарын реттеуге және жапсыруға қатысу.
554. Білуге тиіс:
ролдың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
шикізаттың түрлері мен сорттары.
Параграф 2. Ұнтақтаушы, 2-разряд
555. Жұмыс сипаттамасы:
қағаз бен картонның қарапайым түрлерін жасау кезінде талшықты ұнтақтау, пісірілген шүберекті және басқа да талшықты материалдарды жуу және жартылай массаға қайта өңдеу процессін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 300 т дейінгі үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;
жартылай дайын өнімдерді, толықтырғыш пен желімді ұнтақтау аппаратурасына: гидропульперге, конус диірменге, ролға, сырғымалар мен тағы басқа жіберу және тиеу;
конус диірмендерге өздігінен қызмет көрсету;
ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін әперуге қатысу және жартылай массаны түсіру;
жабдықты келесі тиеуге дайындау.
556. Білуге тиіс:
ұнтақтаушы аппаратурасының құрылыс;
талшықты материалдарды ұнтақтаудың технологиялық режимі;
жартылай массаның сапалық көрсеткіштері.
Параграф 3. Ұнтақтаушы, 3-разряд
557. Жұмыс сипаттамасы:
ақша жасайтын, бедерлі, құжатқа арналған, құрамында жоғары сортты мақта бар, конденсаторлық, филиграндық, картографиялық, фотоастарлық, литографиялық, шай орайтын, эстамптық, подпергаменттік, жазуға арналған, перфокарталық қағаз өндіруге арналған массаны дайындау процессін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;
жартылай дайын өнімдерді, толықтырғыш пен желімді ұнтақтау аппаратурасына жеткізу және тиеу;
ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін жіберу;
жабдықты жұмысқа дайындау;
картон өндірісіне арналған массаны дайындау процессін өздігінен жүргізу;
ролға пышақ салуды және үздіксіз жұмыс істеп тұрған аппаратураны реттеу;
ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;
целлюлоза мен жартылай целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау және жуу құрылғысының алдында сұрыптау процессін жүргізу;
процестің автоматты реттелуін, сигналдық құрылғыларды және рафинер тоқтатқышының автоматты құрылғысын бақылау;
дайын ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін жеткізу;
жабдық жұмысының технологиялық режимін және электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы мен жай-күйін бақылау.
558. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;
рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі;
массаның сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Ұнтақтаушы, 4-разряд
559. Жұмыс сипаттамасы:
типографиялық (N 1 басқа), газеттік, форзацдық, мундштуктық, кабельдік, фибраға, калькаға арналған және жарыққа сезімтал қағазды; электр оқшаулауыш, матрицалық, борлау, сүзілген, төсемелік, жабындық, қаптама, су өткізбейтін ашық өңді картон жасауға арналған массаны дайындау жөніндегі талшықты ұнтақтау процессін жүргізу, сондай-ақ жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т дейін үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;
электронды сигнал беруші аспаптармен және реттеуішпен жабдықталған автоматтандырылған дайындау бөлімін орталықтандырылған басқару пультінен қызмет көрсету;
ролға пышақ салуды және үздіксіз жұмыс істеп тұрған аппаратураны реттеу;
ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;
процестің автоматты реттелуін, сигналдық құрылғыларды және рафинер тоқтатқышының автоматты құрылғысын бақылау;
жабдық жұмысының технологиялық режимін және электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы мен жай-күйін бақылау;
біліктілігі анағұрлым төмен ұнтақтаушының жұмысына басшылық жасау.
560. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;
рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі; массаның сапалық көрсеткіштері.
Параграф 5. Ұнтақтаушы, 5-разряд
561. Жұмыс сипаттамасы:
ақша жасайтын, бедерлі, құжатқа арналған, құрамында мақта бар, конденсаторлық, филиграндық, картографиялық, подпергаменттік, пергаменттік, фотоастарлық, иллюстрациялық (литографиялық), шай орайтын, офсеттік, терең баспаға арналған, типографиялық N 1, жазуға арналған эстамптық және перфокарталық массаны дайындау процессін жүргізу;
жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинеріне қызмет көрсету;
ұнтақтау аппаратурасына пышақ салуды, ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;
ұнтақтау процессін аспаптар бойынша бақылау;
дайын ұнтақталған массаны кейін тағы өңдеу үшін жіберу;
шектес өндірістермен байланыс жасау;
біліктілігі анағұрлым төмен ұнтақтаушының жұмысына басшылық жасау.
562. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;
ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;
рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі; массаның сапалық көрсеткіштері.
129. Таспаның орауын жазушы
Параграф 1. Таспаның орауын жазушы, 3-разряд
563. Жұмыс сипаттамасы:
боялған орамаларды толтыру және таспа жазу жартылай автоматында белгіленген ұзындық бойынша орауышқа таспаның әр түрлі түрлерін орау;
орау ленталарын сұрыптай отырып, олардың сапасын бақылау.
564. Білуге тиіс:
станоктың құрылысы шығарылатын өнімнің техникалық шарттары.
130. Тұсқағазға сурет салушы
Параграф 1. Тұсқағазға сурет салушы, 4-разряд
565. Жұмыс сипаттамасы:
ерекше суреттер мен ұлттық тұтынудағы озық үлгілердің суреттерін қалпына келтіру;
баспа білігінің диаметріне сәйкес суретті кішірейту және үлкейту;
барлық шрифтілеу жұмыстарын орындау.
566. Білуге тиіс:
суретті біліктерді жасау және баспа және тұсқағаз машиналарында қолданылатын жоғары баспа тәсілінің техникасы.
131. Қағазды жазушы-сұрыптаушы
Параграф 1. Қағазды жазушы-сұрыптаушы, 1-разряд
567. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары жазушы-сұрыптаушының басшылығымен пергаменттік, жарыққа сезімтал, миллиметрлік, диазотипті, көшірме жасайтын және техникалық және боялған қағаздың басқа да түрлерін қажетті форматты жаймаға жазу;
жазу кезінде ақаулы жерлерін алып тастау.
568. Білуге тиіс:
станоктың құрылысы;
қағаздың ақаулықтары;
жекелеген бұйымдарға арналған жайманың көлемі.
Параграф 2. Қағазды жазушы-сұрыптаушы, 3-разряд
569. Жұмыс сипаттамасы:
азотты қосылыстар эмульсиясы, анилин бояғыштар мен хром тұз сіңдірілген пергаменттік, жарыққа сезімтал, миллиметрлік, диазотипті, көшірме жасайтын және техникалық және боялған қағаздың басқа да түрлерін орама мен қажетті форматты жаймаға жазу;
жазу кезінде ақаулы жерлерін анықтау және алып тастау;
бумадағы қабат санын есептеу.
570. Білуге тиіс:
станоктың құрылысы;
техникалық шарттар;
қағаздың ақаулықтары;
жекелеген бұйымдарға және бұйымның бөлшектеріне арналған жайманың көлемі.
132. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші
Параграф 1. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші, 2-разряд
571. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары қалпына келтірушінің басшылығымен күкірт қышқылын қалпына келтіру процессін жүргізу;
қышқылды құюды бақылау;
сульфит сілтісін таңдау және сору;
қышқыл құятын цистерналарды тексеру, цимол тұндырғышта цимол жинақтау;
жабдықты іске қосу және тоқтату;
жабдықтар мен коммуникацияны тазалаушы.
572. Білуге тиіс:
жабдықтар мен коммуникацияның мақсаты мен құрылысы;
қалпына келтірудің технологиялық процессі.
Параграф 2. Күкірт қышқылын қалпына келтіруші, 3-разряд
573. Жұмыс сипаттамасы:
қысым түсетін ыдыстан күкірт ангидридін сору арқылы ыстық күйде қалпына келтіру технологиялық процессін жүргізу;
күкірт ангидридін сұйылта отырып қалпына келтіру;
қалпына келтіру жүйесіне мұнара қышқылының түсуін және пісіру қышқылының жұмсалуын бақылау;
цимол тұндырғышта цимол жинақтау;
қышқыл цистерналарын тексеру;
жабдықты іске қосу және тоқтату;
жабдықтың, коммуникацияның, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау;
жабдық пен коммуникацияны тазалау.
574. Білуге тиіс:
қысыммен жұмыс істейтін қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникацияның, тығын арматурасы мен бақылау-өлшеу аппаратурасының мақсаты, құрылысы;
қышқылды қалпына келтіру технологиялық процессі;қышқылдың сапалық көрсеткіштері.
133. Массаның композициясы мен концентрациясын реттеуші
Параграф 1. Массаның композициясы мен концентрациясын
реттеуші, 2-разряд
575. Жұмыс сипаттамасы:
жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. дейін қағаз жасайтын және картон жасайтын машинада қағаз бен картонды жасауға арналған массаның композициясын жасау процессін жүргізу;
массаның композициясы мен концентрациясын автоматты реттеу аппаратының жұмысын реттеу және бақылау.
576. Білуге тиіс:
аппаратураның мақсаты мен жұмыс қағидаты;
өнімнің әр түрлі түрлерінің композициялар мен концентрациясына қойылатын талаптар.
Жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. астам қағаз жасайтын машиналарға қызмет көрсету - 3-разряд.
134. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші
Параграф 1. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 1-разряд
577. Жұмыс сипаттамасы:
қағаздың кесілетін жерін қолмен кесу;
біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 700 м/мин. дейінгі станокта қағаз бен картонды көлденең кесу;
тығырық пен телеграф таспасын кесуге арналған қағаз орамасын жеткізу, орнату;
ораманы сыналап жару;
қағаз (картон) жайманы машинаға салу;
дайын өнімді алу және салу;
қалдықтарды тазалау;
телеграф таспасын тесу.
578. Білуге тиіс:
қағаз бен картонды кесу кезінде қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.
Параграф 2. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 2-разряд
579. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 700-1800 м/мин. дейінгі станокта ротациялық кесу машинасында қағаз бен картонды көлденең кесу және ақша жасайтын, борлы, конденсаторлық, асбесттік, көшірме жасайтын, балауыз қағаз, ротопленка, филлиграндық, фольга, целлофан және басқа да жоғары сортты техникалық қағаз бен целлюлозаны қабаттарға кесу жылдамдығы 100 м/мин. дейін болған кезде кесу;
пышақтың форматын белгілеу, ауыстыру, қайрау және түзету;
қағаз кесілген кезде желімдеу;
дайын өнімді алу, әкету және салу;
кесу тазалығын бақылау және белгіленген параметрлердің дәлдігін сақтау;
картонды жолақтап кесу;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;
гильза диаметрі бойынша (0,15 - 0,3 мм) қатаң белгіленген өлшемді қағаз гильза дайындауға арналған патрон қағазды жазу және кесу;
кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;
машинаны баптау;
жайманың керілуін реттеу;
жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
580. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
стандарт форматтар және қағаз, картон мен целлюлозаны кесу ережесі;
пышақты қайрау және түзету, форматын ауыстыру ережесі.
Параграф 3. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 3-разряд
581. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 1800 м/мин. астам станокта әр жерінде су белгілері қағаз бен картонды көлденең кесу:
форматты орнату;
пышақты ауыстыру, қайрау және түзету;
қағаз кесілген жерде желімдеу;
құйма қағаз бұйымдарын кептіргеннен кейін және өндіріс технологиясына сәйкес кесу, бұйымды калибрлеуден кейін қайталап кесу;
дайын өнімді алу, әкету және салу;
кесу тазалығын бақылау және белгіленген өлшемдердің дәлдігін сақтау;
картонды жолаққа кесу;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;
жылдамдығы 700 м/мин. дейінгі станокта қағаз бен картонды кесу және кесу жылдамдығы 100 м/мин. болған кезде целлюлозаны қабаттап кесу процессін жүргізу;
кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;
машинаны баптау, пышақтарды ауыстыру;
жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.
582. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;
стандарт форматтар және қағазды (картонды) кесу ережесі;
пышақты қайрау және түзету және форматты ауыстыру ережесі.
Параграф 4. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 4-разряд
583. Жұмыс сипаттамасы:
жылдамдығы 700-1800 м/мин. дейінгі әр түрлі жүйелі станокта ротациялық кесу машинасында қағаз бен картонды кесу және ақша жасайтын, борлы, конденсаторлық, асбесттік, көшірме жасайтын, филлиграндық, балауыз қағаз, ротопленка, фольга, целлофан, бояу-бейнелеу өнімдеріне қажетті және басқа да жоғары сортты техникалық қағазды белгіленген форматты қабаттарға кесу және арнайы қағазды арнайы форматқа тілу;
кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;
кесу сапасын бақылау;
машинаны баптау, форматты орнату, пышақты ауыстыру;
жайманың тартылуын реттеу;
жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;
жабдық жұмысындағы аздаған ақаулықтарды түзету;
біліктілігі анағұрлым төмен кесушілердің жұмысына басшылық жасау.
584. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;
өнімнің сапасына, форматтың дәлдігіне, тілік тазалығына қойылатын талаптар;
ақаулықтардың түрлері және оның алдын алу және жою шаралары;
талшық бағыттарын ескере отырып, жазу ережесі.
Жылдамдығы 1800 м/мин. астам станокқа қызмет көрсету кезінде және әр жерінде су белгісі бар қағазды кесу кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.
135. Сығу машинасының кесушісі
Параграф 1. Сығу машинасының кесушісі, 2-разряд
585. Жұмыс сипаттамасы:
қағаз массаны белгіленген форматтағы қабатқа көлденең және тік кесу;
жайманы машинаға салу;
көлденең және тік кесу пышағының және қабаттау барабанының жұмысын бақылау;
пышақ жұмысын реттеу;
кесудің дәлдігін бақылау.
586. Білуге тиіс:
машинаның көлденең-тік кесу торабының құрылысы;
пышақ пен өздігінен салғыштың орналасуын реттеу ережесі;
жайманы кесудің ақаулықтарын жою тәсілдері.
136. Бұдырлаушы
Параграф 1. Бұдырлаушы, 2-разряд
587. Жұмыс сипаттамасы:
бұдырлау-таптау машинасында патрондар мен конустарды бұдырлау процессін жүргізу;
машинаның бункеріне патрондарды немесе конусты белгіленген бағытта салу;
бұдырлау және тапату механизмдерінің жұмысын реттеу;
өнімнің сапасын бақылау;
конустың сабын шпульдік-бақылау ұршығы немесе қапсырма шегесі бойынша тексеру;
машинаның жекелеген тораптарының ұсақ ақаулықтарын жою;
машинаны тазалау және майлау.
588. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
машинаны реттеу ережесі;
өндірілетін бұйымдардың техникалық шарттары;
ақаулықтардың түрлері мен пайда болу себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.
137. Қағаз бұйымдарды құрастырушы
Параграф 1. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 1-разряд
589. Жұмыс сипаттамасы:
бүрмеленген картоннан жасалған қораптар мен басқа да жұмсақ ыдыстарға арналған мұқаба мен төсемелерді белгіленген өлшемдер бойынша құрастыру;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілі бойынша таңдаусыз қағаз бұйымдарын жасау; дайындамаларды алу; қайшымен кесу, желімдеу, жабыстыру, қоса жапсыру, үлгіге сәйкес суретін салу;
аралық жапсырмаларды және басқа да жапсырма бөлшектерді дайындау, құрастыру, орай бұйымдарына салу;
картоннан жасалған қарапайым конфигурациялы орама бұйымдарды кешенді жасау.
590. Білуге тиіс:
шикізат, қораптар мен олардың бөлшектерінің түржиыны;
бұйымдардың түрлері;
аралық жапсырмалар мен төсемелерді құрастыру тәсілдері;
оларды жасау және құрастыру сапасына қойылатын талаптар;
қолданылатын материалдардың (қағаз, мата, жіп) қасиеттері.
Параграф 2. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 2-разряд
591. Жұмыс сипаттамасы:
құрамдалған қораптардың және қағаз, картон және металл бөлшектерден (түбі, қақпағы, қалпақша) жасалған басқа да бұйымдарды құрастыру;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілі бойынша таңдап қағаз-декоративтік бұйымдарды жасау; дайындамаларды алу, кесу, таңдау, желімдеу, жабыстыру, қоса жапсыру, үлгіге сәйкес суретін салу;
ішкі бетін үтіктеу үшін және қылауларын жою үшін қағаз корпусын машинада жиектеу;
үтіктеуші роликті реттеу;
фольгадан жасалған түбін, қақпағын, қалпақшасын қағаз цилиндрге қолмен жапсыру;
мойнын автоматта және жартылай автоматта жеткізу (бұйралау);
құрастыру жылжыту және жиектеу сапасын бақылау.
592. Білуге тиіс:
жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаты мен реттеу тәсілдері;
құрама қораптардың және қағаз-декоративтік дайындамалардың түржиыны, олардың бөлшектерінің мөлшері мен формасы;
дайындамаларды түсі мен баспа тәсілдері бойынша таңдау ережесі;
үтіктеу, жылжыту және құрастыру сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 3-разряд
593. Жұмыс сипаттамасы:
макеттер мен күрделі қағаз-декоративтік бұйымдарды жасау;
дайындамалар мен жартылай дайын өнімдерді макетке сәйкес түсі, басу тәсілі мен бұйымның сипаты бойынша таңдау;
жартылай дайын өнімдерді желімдеу, қолмен немесе станокта тігу, бұйымды ресімдеу бойынша жекелеген операцияларды макетке сәйкес орындау;
металл бөлшектерді құйма қағаз бұйымдардың жекелеген тораптарына мата мен резинасын жабыстыра отырып, монтаждау, бекіту және бейімдеу;
бөлшектердің герметикалығын тексеру;
қол бұранда прессін пайдалана отырып, металл түпті құрастыру;
металл мойын, түбі, сақиналар мен манжет кешенін дайын шараның көлемі бойынша таңдау;
бөлшектердің сапасын тексеру, жіктері мен қылауларын тазалау, тойтармасын бедерлеп соғу;
мойнын зиг-заг машинада жаныштау;
ілмектеу станогына манжетті ілмектеу;
чемодан корпусының жиегін станокта қолмен құндақтау;
бұрыштарын бекіту;
ағаш рамаларды қайрай отырып, жасау және орнату. ілмегін қақпаққа қағу, қақпағын ілу;
корпусы мен қақпағын ішінен желімдеу;
құлыптардың жұмысын тексеру.
594. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы және оны реттеу тәсілдері;
зиг-машинаның және ілмектеу станоктың құрылысы;
қағаз-декоративтік бұйымдардың технологиялық процессі;
қағаз-декоративтік бұйымдардың негізгі өлшемдері;
материалдарды пішудің ережесі;
чемоданды құрастыру ережесі; жасалатын шараның және дайын чемоданның техникалық шарттары, ақаулықтардың түрлері мен оларды жою тәсілдері.
Параграф 4. Қағаз бұйымдарды құрастырушы, 4-разряд
595. Жұмыс сипаттамасы:
ағаш бөлшектер мен резина төсемелерді құрастыру және құма қағаз бұйымдарға желімдеу;
бөлшектерді құрастыру үшін қиыстыру;
бұйымдарды қиыстыру, пішу, түзету және желімдеу бойынша барлық операцияларды өндіру.
596. Білуге тиіс:
жекелеген тораптарды техникалық шарттарға сәйкес желімдеу операцияларының бірізділігі;
желімдердің түрлері.
138. Қоюландырушы
Параграф 1. Қоюландырушы, 2-разряд
597. Жұмыс сипаттамасы:
қоюландырғышқа түсетін целлюлозаның, жартылай целлюлозаның және ағаш массасының концентрациясы дәрежесін технологиялық режимге сәйкес реттеу;
торды бумен үрлеу;
қоюландырғыштың жұмысын бақылау;
жабдықты іске қосу, тоқтату және тазалау;
жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды түзету.
598. Білуге тиіс:
қоюландырғыштың құрылысы және жұмыс қағидаты, целлюлозаның, жартылай целлюлозаның және ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.
Химиялық қайта өңделуге тиіс целлюлозаны қоюландыру жөніндегі құрылғыға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд.
139. Содашы
Параграф 1. Содашы, 2-разряд
599. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары содашының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 100-250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіру зауыттарының соданы қалпына келтіру агрегаттары мен сода пештерінде қара сілтішені күйдіру процессін жүргізу;
сульфат пен отынды пешке салу;
сілтішенің біркелкі түсуін және оның тұрақты деңгейін, газ құбырларында газдың сұйылтылуын бақылау;
сілтішені өткізуе арналған сорғыны және су сорғысын, ағынөзек пен пешті үнемі тексеру;
балқыманың еріткіштерінен жасыл сілтішені сору титрінің көлемін айқындау;
күл камераларын жеп қоюдан үнемі тазалау;
жабдықтың жай-күйі мен қалыпты жұмысын бақылау.
600. Білуге тиіс:
сілтіше мен су сорғыларды жіберуге арналған құрылғылардың, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;
жабдықты іске қосу және тазалау тәсілдері;
Достарыңызбен бөлісу: |