16. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы
Параграф 1. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
1-2 нысанды коллекцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру.
-
Білуге тиіс:
құрастырылатын нысанның атауын, жұмысқа қажетті құралдар мен айлабұйымдарды және оларды пайдалану ережесін.
Параграф 2. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
1-2 нысанды коллекциялар мен препараттарды құрастыру. Тақырыпқа және техникалық шарттарға жауап беретін биологиялық нысандарды іріктеу. Гербарлық жапырақтарды өсімдіктермен іріктеу және олардан берілген тақарыпқа гербарийлер құрастыру. Биологиялық коллекцияларды құрастыру.
-
Білуге тиіс:
1-2 нысанды препараттарды құрастырудың және жинақтаудың жолдары мен тәсілдерін, жасалатын коллекциялардың, препараттар мен гербарийлердің мазмұны мен нысанын, нысандарды орналастыруға қойылатын талаптарды, нысандардың құрымы мен даму ерекшеліктерін, жұмысқа қажетті материалдарды.
Параграф 3. Құрғақ биологиялық нысандарды құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
2-ден артық нысанды коллекциялар мен препараттарды немесе гербарийлерді құрастыру. Нысандарды, өсімдіктердің немесе жануарлардың өмір сүру ортасын жасай отырып құрастыру. Өмір сүру ортасын жасуға қажетті материалдарды іріктеу.біліктілігі анағұрлым төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету.
-
Білуге тиіс:
жасалатын коллекциялар мен препараттардың немесе гербарийлердің мазмұны мен нысанын, құрастырылатын нысандардың ауаларын, олардың құрылым ерекшеліктерін, жұмысқа қажетті материалдарды, оларды пайдалануды.
17. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы
Параграф 1. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа коллекцияларды біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен құрастыру. Коллекцияға кіретін сусыма материалдарды пробиркаларға, қораптарға және пакеттерге бөліп салу. Үлгілерге нөмірлі этикеткаларды жапсыру немесе ілу, оларды нөмір тәртібімен қораптарға салу.
-
Білуге тиіс:
коллекциялар ассортиментін, үлгі сапасына қойылатын талаптартарды, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды, оларды пайдалануды, жұмыстың тәсілдерін.
Параграф 2. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым және күрделілігі орташа коллекцияларды берілген тақырыпқа құрастыру. Шикізат пен материалды іріктеу және олардан коллекцияға үлгілер жасау.
-
Білуге тиіс:
қарапайым және күрделілігі орташа коллекцияларды құрастырудың жолдары мен техникасын, пайдаланылатын материалдар мен оларға қойылатын сапалық талаптарды.
-
Жұмыс үлгілері:
Коллекцияларды құрастыру:
-
металдар мен балқымалар;
-
тыңайтқыштар;
-
мақта және оның қайта өңделген өнімдері.
Параграф 3. Технологиялық коллекцияларды құрастырушы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі коллекцияларды берілген тақырыпқа құрастыру. Оларды тақырыбына және технологиялық кезектілігіне қарай қораптарға салу немесе паспартуға орнату.Блокшаларды коллекцияларды ілуге премтемелеу. Паспартуды жиектеу.
-
Білуге тиіс:
күрделі коллекцияларды құрастырудың жолдары мен техникасын, жасалатын күрделі коллекциялардың мазмұны мен атауын, коллекцияға кіретін минералдардың, кен жыныстарының, тыңайтқыштар мен басқа да материалдардың атаулары мен сыртқы белгілерін және оларға қойылатын сапалық талаптарды, коллоекцияларға арналған итехникалық шарттарды, блокшаларды престемелеу пресінің құрылымын, оны пацйдалану мен күтуді, жұмыс тәсілдерін.
-
Жұмыс үлгілері:
Коллекцияларды құрастыру:
-
мұнай және олардың қайта өңделген өнімдері;
-
минералдар мен кен жыныстары;
-
шыны.
18. Муляжшы
Параграф 1. Муляжшы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
балауыз, парафин, церезин және басқа да пластикалық материалдан эталон-үлгіге сәйкес қарапайым муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, бояу. Бір түсті құю массасын жасау.
-
Білуге тиіс:
қарапайым муляждарды құюға арналған қалыптарды дайындау, қалыптардың жұмыс бетін құю массасы қалдықтарынан тазарту, құюға масса дайындау, муляж құю жолдарын, қарапайым рельефтерді өңдеу мен муляж беттерін мүсіндеп әрлеу технологиясын, түрлі түсті көркем бояуларды түсіру кезектілігін, қолданылатын түс колерлерін жасау тәсілдерін, муляждарды бояу мен апарфинді қорғаныс түсіру жолдарын.
-
Жұмыс үлгілері:
-
апельсиндер – бояу;
-
алмалар – құю, мүсіндеп өңдеу.
Параграф 2. Муляжшы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
түрлі материалдан эталон-үлгіге сәйкес күрделілігі орташа муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, көркемдеп бояу. Лессирлеу. Жеміс муляждарына қабық асты дақтарын салу. Чашкалар мен жеміс сабақтарын жасау және бекіту. Тегіс муляждарды бөз матамен 2-3 кескке дейін жиектеу. Картон каркастарды муляж құймаларына жапсыру. Муляждарды пластиналарға, тұғырларға, қадаларға құрастыру. Муляждарды тақырыбы мен ассортименті бойынша іріктеу. Картон каркассты жасау және оны нысаны бойынша медициналық муляжуға жапсыру. Метал пластиналарды жасау. Муляждарды, брошюраларды немесе суреттемелерді қорапқа салу. Қорапты штапагатпен байлап қағазға буып-түю.
-
Білуге тиіс:
балауыз, парафиннен күрделілігі орташа муляждарды құю, тазалау, мүсіндеп өңдеу, көркемдеп бояу технологиясын, түс массасын жасау және оны рельеф бойынша түсіруді, құйылған муляждардың бөліктері қосындыларын бітеу, муляж бетін үлгі бойынша мүсіндеп өңдеуді, тұғырға бекітілген медициналық муляждарды фигуралы және көркем жиектеуді, муляждарды көркем бояу жолдарын, қолданылатын бояулар мен олардың қасиеттерін, қажетті бояу тондарын іріктеу және үйлестіру, жаққыш нөмірлері мен ассортиментін, оларды қолдану ережесін, дайын өнімді құрастыруды және тараға салуды.
-
Жұмыс үлгілері:
-
шие муляжы – құю, өңдеу;
-
тамақ өнімдерінің табиғи сақталған муляждары - өңдеу, бояу;
-
түрлі өсімдіктер мен инфекциялық ауру бөртпелері бар муляждар-құю.
Параграф 3. Муляжшы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі материалдардан жасалған күрделі муляждарды құю, тазалау, мүсіндік өңдеу, көркем бояу. Түсті колерлі муляждарды құюға арналған массаны дайындау. Құйылған муляждардың кесек бөліктерін дайындау және желімдеп жапсыру. Муляждарды 4 немесе одан да көп бөз матамен мүсіндеп жиектеу. Бірегей музей муляждарын жиектеу.Жиектелген муляждарды бастапқы үлгімен салыстыру.
-
Білуге тиіс:
түсті колерлі муляждарды құю технологиясын, рельефті нақтылау жолдарын, муляждардың құйылған бөліктерін құрастыру және қосу техникасын, муляждарды мүсіндеп өңдеу технологиясын, муляждарға түрлі рельефтерді дайындауды және салуды, тұғырға бекітілген муляждарды мүсіндеп және көркемдеп жиектеу жолдары мен техникасын, жиектелген муляждардың атауы мен сыртқы белгілерін, қолданылатын құралдар мен айлабұйымдарды және оларды қолдануды.
-
Жұмыс үлгілері:
-
картофель, қызылша муляжы – сурет салу;
-
суреттік диагностикалық белгісі бар рельефті муляждар- құю,тазарту,өңдеу, жиектеу;
-
трубалы қарағай, қайың саңырауқұлағының муляждары – құю.
Параграф 4. Муляжшы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі материалдардан рельефтері нақтыланып, анатомиялық түр, сұрыптық ең ұсақ белгілері сақталып жасалған ерекше күрделі муляждарды бірнеше қабат лессирлеп және штрихтай отырып құю, тазалау, мүсіндік өңдеу, көркем бояу.
-
Білуге тиіс:
күрделі рельефті ерекше күрделі муляждарды құюға арналған түсті және түссіз құю массасын дайындау рецептурасын, муляждардың құйылған бөліктерін құрастыру және қосу техникасын, муляждарды көп қабатты мүсіндеп өңдеу технологиясын, бояулар мен еріткіштердің қасиеттерін, сапасы мен сұрыптарын, сұрып бояуының түрлі тондарын жасау ережесін, дайындалатын барлық муляждардың түрлері мен оларға тән бояуларды.
-
Жұмыс үлгілері:
-
баялды, қияр және тағыда басқа муляждары – сурет салу;
-
тамақ өнімдерінің санитарлық-гигиеналық жарамсыздығы белгілерін суреттеу жөніндегі муляждар – құю;
-
пластиналы саңырауқұлақ муляждары - құю;
-
сот медицинасы жөніндегі муляждар – сурет салу.
Параграф 5. Муляжшы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
тірі және өлі натурадан үлгі алу, солар бойынша қалыптар мен құймалар дайындау. Екі жақты лессирлеумен және штрихтаумен, көкөністер мен жемістердің және тамақ өнімдерінің сипаттық рельефтері мен сұрыптық, түрлік ерекшеліктерін сақтай отырып көркемдеп сурет салу.
-
Білуге тиіс:
натурадан үлгі алу, солар бойынша қалыптар мен құймалар дайындау үшін масса дайындаудың тәсілдері мен техникасын, муляждарды құю, тазарту және жиектеу техникасын, муляждар мен үлгілерде ерекшелік белгілері мен патологиялық құбылыстарды қайта беру техникасын, муляждарды үлгі бойынша, атлас бойынша және натурадан көркемдеп сурет салу жолдарын.
Параграф 6. Муляжшы, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
тірі және өлі натурадан үлгі алу, солар бойынша адамның органы мен тіндерінің сипаттаы құбылыстары мен патологиялық өзгерістерін - жараларды, жарақаттар мен басқа да диагностикалық танымдық белгілерін бірнеше қабат лессирлеп және штрихтай отырып, муляж жасау.
-
Білуге тиіс:
муляж үлгілерін құю және натураның сипаттық рельефтерін беру технологиясын, қолданылатын материалдардың қасиеттерін, натурадан үлгі алу және түпнұсқаның сипаттық белгілерін көркемдеп салу техникасын.
16. Анатомиялық материалды кесуші
Параграф 1. Анатомиялық материалды кесуші, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ірі құстардың өлексесін бұлшық ет қабаттарының табиғи байламдары мен сіңірлерін бұзбай кесіп ала отырып кескілеу. Ішін жару, скелеттің тұтастығына нұқсан келтірмей ішкі органдарын алу. Буындарды станокта тесу және жілік майларын кетіру үшін қысымды сумен шаю.
-
Білуге тиіс:
ірі құстардың анатомиясын, орындаланатын жұмыс шегінде, ірі құстардың өлексесін кесу және ішін жару техникасын, жұмыста қолданылатын құрал мен жабдықтардың нысанын, өлексе материалдарымен жұмыс істеу ережесін және өлексе уымен уланудан сақтанудың алдын алу шараларын.
-
Жұмыс үлгілері:
тауықтар, қаздар, үйректер - өлекселерді кесу.
Параграф 2. Анатомиялық материалды кесуші, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
ұсақ құстардың өлексесін бұлшық ет қабаттарының табиғи байламдары мен сіңірлерін бұзбай кесіп ала отырып кескілеу. Жануарларды хлороформмен жансыздандыру. Терісін саусақ буындары мен құйрық омыртқаларын, өскіндерін үлдірмей, одан әрі пайдалану үшін сыпырып алу.
-
Білуге тиіс:
өңделетін жануарлардың анатомиясын (зоотомиясын), омыртқалылыардың түрлі сыныптарын жару техникасын, хлороформмен жұмыс істеу ережесін және жануарлар өлексесінен жұқпа ауру жұғуына қарсы алдын алу шараларын.
-
Жұмыс үлгілері:
-
көгершіндер- өлексені кесу;
-
мысықтар, егеуқұйрықтар, қояндар, теңіз шошқалары – терісін алу, өлексені кесу;
-
терілер – түзеткілерде жазып түзеу.
Параграф 3. Анатомиялық материалды кесуші, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның мәйіті мен ірі жануарлардың өлекселерін кесу және мүшелеу: басын, үстіңгі және төменгі буындарын алу, ішін жару және ішкі органдарын алу. Сүйектерден бұлшық еттерді бөлу, бас сүйегінен ішкі қабатты бүлдірмей миын алу, бас сүйекті жуу, ірі және ұсақ сүйектерді байламдарынан ажырату, скелеттің барлық сүйектерін сақтап және төс сүйек шеміршегін бүлдірмей, оларды қалдық тіндерінен бөлшектеп препараттау.7-8 айлық эмбриондар мен жаңа туған нәрестенің барлық байламдарын сақтай отырып және жұмсақ сүйектерін бүлдірмей кесу. Жануарларды жансыздандыру, олардың терісін бүлдірмей алу, түзеу және өңдеу. Кесу барысында мәйір сүйектерінің патологиялық өзгерістері мен физикалық бұзылуын анықтау. Мәйіт қалдықтарын кремациялау.
-
Білуге тиіс:
адамның, эмбриондар мен ірі жануарлар скелетінің құрылысын, мәйітті бұзу, мүшелеу, кесу және препараттау ережесін, сүйектердің патологиялық өзгерістерін, кесу және препараттауға арналған жабдық пен құралдардың нысанын, мәйіт материалымен жұмыс істеу ережесін, мәйіттерге консервілеу ерітіндісін құю техникасын, зарарсыздандырушы материалдар мен қолданылатын улы химикаттарды, зоомұражайлар мен институттардың арнаулы тапсырыстары бойынша жануарларды кесу және препараттауды.
-
Жұмыс үлгілері:
Өлекселерді кесу және препараттау:
-
сиырлар;
-
жылқылар;
-
иттер.
18. Глобустарды желімдеуші
Параграф 1. Глобустарды желімдеуші, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
бір типтес глобустарды біліктілігі анағұрлым жоғары желімдеушінің басшылығымен желімдеу. Желім дайындау. Шарлар мен сегменттреді желімдеуге дайындау. Сегменттердің қолмен кесу.
-
Білуге тиіс:
желімді дайындау рецептурасын, қолданылатын айлабұйымдар мен құралдарды және олармен жұмыс істеу ережесін.
Параграф 2. Глобустарды желімдеуші, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
бір типтес глобустарды біліктілігі желімдеу. Карталарды жапсыру.
-
Білуге тиіс:
түйісетін сегменттер мен полюстердегі сызықтар мен атауларды қосуды ескере отырып, карта сегменттерін сфериялық бетке жапсыру мен жазып тарту жолдарын.
Параграф 3. Глобустарды желімдеуші, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
бір типтес глобустарды, сондай-ақ аспаптармен бір жиынтықта қолданылатын көрмелік және импорттық глобустарды желімдеу. Біліктілігі анағұрлым төмен желімдеушінің жұмысына басшылык жасау.
-
Білуге тиіс:
бір типтес глобустарды желімдеу жолдарын, глобустардың барлық түрлерін желімдеу сапасына қойылатын талаптарды, глобустарды жасауға арналған техникалық шарттарды.
19. Микроқималарды бояушы
Параграф 1. Микроқималарды бояушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның, жануарлар мен өсімдіктердің органдары мен тіндерінің негізгі гистологиялық құрылымын анықтау үшін қималарды бір бояғышпен бояу. Целлоидинді және парафинді микроқималарды, пленкалық препараттар мен жақпаларды дайындау және бояу. Жекелеген гистологиялық құрылымдардың боялу және саралану дәрежесін микроскоппен немесе препаровальдік лупамен бақылау. Қималарды сусыздандыру және ағарту. Боялған, слюда пластинкаларға, жекелеген препараттарға жапсырылған парафиндік қималарды қолмен кесу.
-
Білуге тиіс:
органикалық және органикалық емес химия жөніндегі негізгі ұғымдарды, адамның, жануарлар мен өсімдіктердің боялатын органдары мен тіндерінің микроскопиялық құрылымын, түрлі бояғыштармен қарапайым бояу әдістемесін, қолданылатын бояғыштар мен реактивтердің номенклатурасын және қолданылатын бояулардың қасиеттерін, микроскопирлеу техникасын, микроскоптың, препарональдік лупаның, термостаттың, кептіру шкафының құрылымын, қолданылатын зиянды реактивтермен жұмыс істеу және оларды сақтау ережесін, улы заттармен жұмыс істеу нұсқаулығын.
-
Жұмыс үлгілері:
Микроқималарды бояу:
-
еспе қанат талшықтары;
-
адамның шашы бар терісі.
Параграф 2. Микроқималарды бояушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
адамның, жануарлар мен өсімдіктердің органдары мен тіндерінің негізгі гистологиялық құрылымын анықтау үшін қималарды, нәзік гистологиялық және цитологиялық құрылымдарын анықтау үшін кейіннен оларды саралай отырып, бірнеше бояғышпен бояу. Бояу әдісін өңдеу және нысанның, бояулар мен жалпы бояу айрықшалығы сипатын ескере отырып оларды экспериментальдық түзеу. Бояу дәрежесінің иммерсиондың жүйесі мен жекелеген жасуша құрылымдарын саралау көмегімен үлкейте отырып микроскоппен бақылау. Рецепт бойынша күрделі бояуларды жасау.
-
Білуге тиіс:
күрделі құрама бояу әдістемесін, көбірек үлкейте отырып микроскопирлеу техникасын, микроскоп құрылымын.
-
Жұмыс үлгілері:
Микроқималарды бояу:
-
аскарида жұмыртқасын ұсақтау;
-
күнбағыс сабағы;
-
бауыр жасушаларындағы хондриссомалар.
20. Анатомиялық материалды іріктеп алушы
Параграф 1. Анатомиялық материалды іріктеп алушы, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
талап етілетін қалыпты және патологиялық адам органдарын моргтар мен ауруханаларда іріктеп алу және препараттау. Моргтар мен ауруханалар дәрігерлерінен препаратталған адам органдарын қабылдап алу. Тіркеу, жеткізу және нысаналы орынға тапсыру. Мединституттар мен ауруханалардан мәйіт қалдықтарын қабылдап алу және кремациялау. Бойняларда ірі жануарлардың өлекселері мен жекелеген сүйектерін алу және өндіріске тапсыру.
-
Білуге тиіс:
мәйіттерді жару және қалыпты және патологиялық адам органдарын препараттау техникасын, орындалатын жұмыс көлемінде, мәйітті құюдың және жекелеген органдары тіркеу техникасын, тіркеуші ерітінділерді жасауды, моргтар мен ауруханалардан мәйіттер мен органдарды алудың ережесі мен нұсқаулығын.
Параграф 2. Анатомиялық материалды іріктеп алушы, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қалыпты және патологиялық адам мәйіттерін моргтар мен ауруханаларда іріктеп алу және препараттау. Мәйітті жоғары және төмен буындарға, басын, кеуде және бел бөліктеріне мүшелеу. Мәйіттер мен ішкі органдарды тіркеу. Мәйіттер мен мүшеленген бөліктерді нысаны бойынша жеткізу.
-
Білуге тиіс:
мәйітті жару және мүшелеу техникасын, адам анатомиясын орындалатын жұмыс көлемінде, фиксациялауға арналған ерітінді концентрациясын, жұқпалы және ерекше жұқпалы органдармен жұмыс істеу ережесін, мәйітті мүшелеуге қолданылатын материалдарды, құралдарды, мәйіт уынан және мәйіт органдарынан жұқпалы аурулардан қорғанудың қауіпсіздік техникасын.
21. Коллекцияларды ресімдеуші
Параграф 1. Коллекцияларды ресімдеуші, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
шағын коллекцияларды іріктеу, жинақтау және қораптарға салу. тиісті препараттарға этикеткалар мен экспликацияларды жапсыру. Препарттарға жылытпай бальзам құю. Жабын шынының астынан шыққан бальзам мен глицерин-желатинді кетур. Майсыздандыратын ерітінділерді жасау және микроскопия талаптарына сәйкес құрал және заттық шыныларды онда жуып сүрту. Бракқа шығарылған препараттардан жабын шыныны алу және кейін оларды ерітіндіде жуу.
-
Білуге тиіс:
шағын коллекцияларды ресімдеу техникасын, коллекцияларды күтіп ұстауды, сыртқы түрі бойынша препараттардың атауларын, препараттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, препараттарды жуу және тазалау техникасын, шыныларды майсыздандыру, жуу және сақтау техникасын, майсыздандыратын ерітінді құрамын, жабын шынысын заттық шыныдан бүлдірмей алу жолдарын, бальзам мен глицерин-желатинді еріту ережесін, улы заттармен жұмыс істеу ережесін.
Параграф 2. Коллекцияларды ресімдеуші, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
жоғары оқу орындарының тапсырыстары бойынша және экспортқа тапсырыс бойынша үлкен коллекцияларды іріктеу, жинақтау және қораптарға салу. Жинақтың болуын тексеру. Абайлап тасымалдауды қажет ететін бағалы және нәзік препараттарды жинақтау және буып түю. Тотальді препараттарға жылытып бальзам құю.
-
Білуге тиіс:
үлкен коллекцияларды ресімдеу техникасын, жалпы және жеке цитология, эмбриология, сондай-ақ өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы, микрозоология жөніндегі коллекцияларды күтіп ұстауды, санамаланған коллекцияларға кіретін барлық препараттардың ғылыми атауын, іріктелетін препараттардың сапасына қойылатын талаптарды, препараттарды житнақтау, буып-түю және тасымалдау ережесін.
22. Биологиялық нысандар препараторы
Параграф 1. Биологиялық нысандар препараторы, 1-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым биологиялық нысандары біліктілігі анағұрлым жоғары препаратордың басшылығымен препараттау.
-
Білуге тиіс:
жәндіктерді шаншу мен жапсыру ережесін, жұмыс жолдары мен қажетті құралды.
Параграф 2. Биологиялық нысандар препараторы, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым биологиялық нысандары препараттау. Күйіс қайтаратын жануардың финозды еті мен қарнын үлгілерге кесу және препараттау. Ерітінді жасау және нысандарды фиксациялау. Жәндіктерді ылғалдандыру және энтомологиялық түйреуіштерге шаншу.
-
Білуге тиіс:
қарапайым биологиялық нысандарды препараттару және фиксациялау жолдары мен тәсілдерін, препаратталатын қарапайым нысандардың атауы мен құрылым ерекшеліктерін, жұмысқа қажетті материалдардың, айлабұйымдар мен құралдардың нысанын, фиксациялау ерітінділерін жасау ережесін, құрғақ биологиялық коллекцияларды жасау технологисын.
-
Жұмыс үлгілері:
-
бронзовкалар – шаншу;
-
теңіз жұлдызшалары – препараттау;
-
ұлулар - препараттау;
-
гүлдер мен өсімдік тамырлары - препараттау.
Параграф 3. Биологиялық нысандар препараторы, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа биологиялық нысандарды препараттау. Органдарды жазып түзеу, оларды тақтаға қағу және талап тетілетін жағдайға келтіру. Жәндіктерді түзеп жазу. Жұмыртқаларды жару және олардың соңғы даму сатысындағы ұрықтарды алу. Преапаратталған нысандарды фиксациялау.
-
Білуге тиіс:
күрделілігі орташа нысандарды препараттау мен фиксациялаудың жолдары мен тәсілдерін, препаратталатын күрделілігі орташа нысандардың атаулары мен ерекшеліктерін, препаратталатын нысандарға қойылатын талаптарды, жұмысқа арналған материалдарды, құралдарды, айлабұйымдарды, өткір, кескіш құралдармен және наркотиктермен жұмыс істеу ережесін, оларды сақтау тәсілдері мен жұмыс істеу тәсілдерін.
Достарыңызбен бөлісу: |