Білуге тиіс: педикюр жұмысын орындау ережесін; санитария мен гигиена ережесін; қолданылатын құралдардың атауы мен нысанын, оларды пайдалану жолдарын, сақтау ережесін; лактың әртүрлі түсі мен реңін жасау тәсілдерін; тұтынушыларға қызмет көрсету ережесін және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін.
47. Кірді үтіктеуге дайындаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үтіктеуге жататын кірді қолмен сілку. Сілкуге жататын кір партиясының жол талонының болуын тексеру. Әр бұйымды қатпарларын жазып мұқият сілку. Кірді кір үтіктеудің тік, фасонды түрлері бойынша сұрыптау. Сілкіген кірлерді жаймаға қою.
Білуге тиіс: кірді булы таптауыштарда, каландрларда, престерде және қолмен үтіктеу шарттарын; кептіру-үтіктеу машиналарында, престерде және қолмен үтіктеуге жататын бұйым ассортиментін.
48. Кірді үтіктеуге дайындаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үтіктеуге жататын кірді сілкігіш машиналарда сілку. Сілкігіш машиналарға қызмет көрсету. Сілкігіш машинасының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, оның жарамдылығын тексеру. Кірдің сілкігіш машиналарға дұрыс салынуы мен одан алынуын бақылау.
Білуге тиіс: кірді сілкігіш машиналарға салу техникасын; сілкігіш машиналардың нысаны мен құрылымын; жұмыс принципі мен басқару тәсілдерін; сілкігіш машина қызмет көрсету және күту ережесін; булы таптауыштарда, каландрларда, престерде және қолмен үтіктеу шарттарын; кептіру-үтіктеу машиналарында, престерде және қолмен үтіктеуге жататын бұйым ассортиментін.
49. Жуу ертінділерін дайындаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жуу және өңдеу ертінділерін дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізатты ертуге дайындау: қоспалау және дозалау. Шикізат шығысын есептеу.
Білуге тиіс: жуу және өңдеу ертінділерін дайындаудың технологиялық ережесін; жуу және өңдеу ертінділерін дайындаудың, ертінді дайындауға кететін материал дозалаудың тәсілдері мен рецептін; дайындалған жуу және өңдеу ерітінділерінің физикалық-химиялық қасиеттерін.
50. Тапсырыстарды қабылдаушы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Халықтан тұрмыстық қызметтерге тапсырыстар қабылдау. Қабылдаудың белгіленген ережесіне сәйкес жууға қабылданған кірлердің сапасын, бояудың төзімділігін, кірленудің дәрежесін, басқа да белгілердің және бұйымдардың жасақталуын, санын, кейбір ақау жерлерін, тозу процесін, жұмыс көлемін, бұйымдардың атауларын анықтау. Баға көрсеткішін анықтаумен қабылданған тапсырыстардың баға прейскурантын ресімдеу, жұмыстың орындалу мерзімін анықтау. Фабрикаларға қажетті ілеспелі құжаттарының ресімделуімен тапсырыстарды орындау үшін жолдау және бөлу, орындаған тапсырыстарды алу. Тапсырушыға көрсетілген түбіртек бойынша бұйымдарды беру, халықтан ақша алу және оларды белгіленген тәртіпке сәйкес тапсыру.
Білуі тиіс: қызметтердің прейскурантын (тарифын); атауларын, түрлерін, тозу дәрежесін, кірленуін және басқа да қабылданатын бұйымдардың сапалы сипаттамасын; технологиялық өндеудің түрлерін; тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында орындалған тапсырманы беру жөніндегі құжаттарды ресімдеу ережесін; ақша қаржыларын тапсыру және сақтау, қабылдау тәртібін.
51. Тапсырыстарды қабылдаушы
2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Халықтан тұрмыстық қызметтерге тапсырыстар қабылдау. Көлік құралдарын, радио-теледидар аппаратураларын, сағаттар, аспаптар, тұрмыстық машиналар, зергерлік бұйымдарды жөндеу жұмыстарының көлемін және ақауларын, бұйым атауларын анықтау. Қолданыстағы прейскуранттарға сәйкес жөндеу жұмыстарының құнын анықтаумен қабылданған тапсырыстардың түбіртектерін ресімдеу; жұмыстардың орындалу мерзімін анықтау және сақталуын бақылау. Қабылданған тапсырыстарды ілеспелі құжаттармен ресімдеп зауыттарға, цехтарға, шеберханаларға жіберу және орындалған жұмыстардың сапалығын тексеріп алу. Бұйым жөндеудің кепілдемелік картотекасын жүргізу. Тұрмыс қызметтерін орындауға арналған халықтың тапсырыстарын абонентті телефондар бойынша қабылдау және орындалуын бақылау. Тапсырыстар қабылдау және газет – журнал ақпараттарын, хабарлама, жарнама алуға мекемелермен, ұйымдармен келісімшарт жасау.
Білуі тиіс: қызметтерге арналған прейскуранттарды (тарифтерді); түрлерін, маркаларын, атауларын, бұйым, аспап жұмыстарының қағадаларын және құрылғысын; қымбат метал сынықтарын қабылдау әдістемесін және тастардың түрлерін; тапсырыстарды беру және қабылдау жөніндегі құжаттарды ресімдеу ережесін; тапсырыстардың қозғалыс есеп кітапшасын жүргізу; мемлекеттік стандарт және техникалық жағдайларды.
52. Жалға беру пунктінің қабылдаушысы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жалға беру ательесінде, салондарда, пункттерде азаматтардың уақытша пайдалануына (жалға) шаруашылық және мәдени – тұрмыстық заттарын, спорттық керек – жарақтар мен басқа да жабдықтарды береді. Түбіртекті немесе келісім шартты ресімдеу. Азаматтарды жалға берілген заттарды пайдалану ережесімен, баға прейскуранттарымен, жалға беру ережелерімен таныстыру. Азаматтардан жалға берілген заттарды қайтаруды қабылдау, жалға берілгені үшін ақша алу. Жалға берілген заттардың және басқа да құжаттардың қозғалыс журналын жүргізу. Кассалық тізімдемесін ресімдеу; белгіленген тәртіппен маусымдық сипатта жалға берілген заттардың ақшалай түсімін тапсыру.
Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; баға прейскуранттарын; есеп беру мен есептеменің белгіленген тәртібін жүргізу.
53. Жалға беру пунктінің қабылдаушысы
2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Азаматтардың уақытша пайдалануына (жалға) шаруашылық және мәдени – тұрмыстық заттарын, спорттық керек – жарақтар мен басқа да жабдықтарды беру және олардың жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру. Жалға берілетін ақау заттарды жөндеуге беру, тозығы жеткен керек – жарақтарды есептен шығуға актілер ресімдеу. Керек – жарақтар және құралдармен жалға беру қорын толтыруға арналған өтініштерді құрастыру. Азаматтардан жалға берілген заттарды алған жинақтылығын және дұрыстылығын тексеру, азаматтардың кінәсінен пайдалануға жарамсыз заттарға актілер ресімдеу.
Білуі тиіс: Жалға беру ережесін; жалға беру қорында бар керек – жарақтар мен құралдарды пайдалану ережесін және құрылғысын; жалға беру қорын пайдалану және ережесін; пайдалануға жарамсыз, жалға беру заттарына актілер ресімдеу.
54. Дақты кетіруші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымды органикалық ертіндімен өңдеу алдында арнаулы ертіндімен қолмен тазалау. Арнаулы сіңірмелеу ертіндісін белгіленген рецептура бойынша жасау. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Анағұрлым лас жерлерін анықтау үшін бұйымды қарау. Бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортиментін; тазалауға арналған заттардың түрлері мен қасиеттерін және олардың бұйымға әсерін; тазалауға арналған заттарды жасаудың рецептурасын, оларды пайдалану және сақтау ережесін; қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын.
55. Дақты кетіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүннен, жартылай жүннен, мақта-мата талшығынан жасалған қоңырқай бұйымдардағы дақтарды дақ кетіру станогымен немесе қолмен кетіру. Лас жерлерді киім тазалайтын машинамен тазалау. Бұйымды сулы жуу ерітіндісімен жуу машиналарында немесе қолмен өңдеу. Бұйымды центрифугаларда сығу. Қажетті дақ кетіруші заттарды іріктеу, химиялық қоспалар мен жуушы заттарды белгіленген рецептура бойынша жасау. Материалдың ассортиментіне, талшық құрамына және түріне, ластану деңгейіне қарай технологиялық өңдеу режимі мен тәсілін анықтау. Өңдеу тәсілі бойынша жұмыс партияларын жиынтықтау.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бұйымды өңдеудің технологиялық кезектілігі мен режимін; дақ сипаттарын және жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; дақ кетіруші заттарды іріктеу, химиялық қоспалар мен жуушы заттардың түрлері мен қасиеттерін. Олардың бұйымға әсерін; химиялық ерітінділерді жасаудың рецептурасы мен ережесін; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
56. Дақты кетіруші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүннен, жартылай жүннен, мақта-мата талшығынан жасалған ашық түсті, табиғи жібектен, синтетикалық және аралас талшықтардан жасалған әр түсті бұйымдардағы, жасанды күдері мен жасанды күдері араластырылған құрама бұйымдардағы дақтарды дақ кетіру станогымен немесе қолмен кетіру. Лас жерлерді киім тазалайтын машинамен тазалау. Бұйымды сулы жуу ерітіндісімен жуу машиналарында немесе қолмен өңдеу. Бұйымды центрифугаларда сығу. Химиялық қоспалар мен жуушы заттарды белгіленген рецептура бойынша жасау. Материалдың ассортиментіне, талшық құрамына және түріне, ластану деңгейіне қарай технологиялық өңдеу режимі мен тәсілін анықтау.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бұйымды өңдеудің технологиялық кезектілігі мен режимін; дақ сипаттарын және жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; дақ кетіруші заттарды іріктеу, химиялық қоспалар мен жуушы заттардың түрлері мен қасиеттерін. Олардың бұйымға әсерін; химиялық ерітінділерді жасаудың рецептурасы мен ережесін; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
57. Дақты кетіруші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Матадан жасалған, поролонмен, кеуекті резинамен, терімен, жүнмен, және пленкалы жабынды матамен қосарланған бұйымдардан; жасанды терімен құрамаланған жасанды теріден, үлбірден жасалған бұйымдарды; табиғи теріден, күдеріден, үлбірден және табиғи терімен, күдерімен, үлбірмен құрамаланған бұйымдардан; металдандырылған люрекс жіпті бұйымдарды; синтетикадан және аралас талшықтан жасалған, желімді және латексті негізде поролонмен қосарланған кілем бұйымдардан дақтарды дақ кетіру станогымен немесе қолмен кетіру. Бұйымды сулы жуу ерітіндісімен жуу машиналарында немесе қолмен өңдеу. Бұйымды центрифугаларда сығу. Бұйымдарды арнаулы препараттармен сіңірмелеу. Кілем бұйымдарды, жұмсақ жиһазды және көлік құралдары салондарын барып қызмет көрсету кезінде универсалды тасымалданатын қондырғымен тазалау. Химиялық қоспалар мен жуушы және сіңірмелеу заттарды белгіленген рецептура бойынша жасау. Материалдың ассортиментіне, талшық құрамына және түріне, ластану деңгейіне қарай технологиялық өңдеу режимі мен тәсілін анықтау. Наряд-тапсырысты, қажетті материалдарды алу, прейскурантқа сәйкес өңдеу ақысын алу, құжаттаманы ресімдеу және ақшаны белгіленген тәртіппен тапсыру.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бұйымды өңдеудің технологиялық кезектілігі мен режимін; дақ сипаттарын және жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; дақ кетіруші заттарды іріктеу, химиялық қоспалар мен жуушы заттардың түрлері мен қасиеттерін. Олардың бұйымға әсерін; химиялық ерітінділерді жасаудың рецептурасы мен ережесін; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
58. Моншада қызмет көрсету жөніндегі жұмысшысы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Келушілерге қызмет көрсету. Келушілердің кіру билеттері бойынша рұқсаттама, оларға бос орындарды ұсыну, сеанстың (сеанс бойынша қызмет көрсету кезінде) аяқталуы туралы ескерту. Келушілерге моншаның керек – жарақтарын беру, тиісті тауарларды іске асыру, іш киімдер мен көйлектерді шұғыл жууға алу, шағын жөндеу, үтіктеу және басқа ақылы қызмет көрсету. Келушілердің бағалы және басқа да киімдерді сақтауға қабылдау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, мүгедектер мен қарт адамдарға көмек көрсету. Киім ілгіш орындарының, крандардың, вентилдің, душ қондырғыларының, құбыр жолдарының, электр каминдерінің және басқа да жабдықтардың жағдайын бақылау және бұзылып тұрғандарды туралы әкімшілікке уақытында хабарлау. Жуу керек – жарақтарын тиісті тәртіпте ұстау, сабынды, булы және шешінетін бөлмешелеріндегі тазалықты қамтамасыз ету. Бу бөлмесіне бу беруді, желдеткіш жұмысының кестесін қамтамасыз ету. Пайдаланған монша қажеттіліктерін жууға тапсыру. Санитарлық және гигиеналық ережені сақтау.
Білуге тиіс: моншадағы санитарлық нормалары мен қызмет көрсету ережесін; техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс ережесін; көрсетілетін қызметтерге баға прейскурантын және моншаның ішкі тәртіп ережесін.
59. Ретушер
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Деректі және көркем суреттердің пленкасы мен фотоқағаздарындағы ақ-қара негативтер мен позитивтердің техникалық ретуштерін орындау. ноқаттарды, сызаттарды және түсіру және зертханалық өңдеу кезінде жіберілген басқа да ақауларды туштың, баяу мен қарындаштың көмегімен бітеу.
Білуге тиіс: ақ-қара негативтер мен позитивтердің техникалық ретуштерін орындау техникасы; фотографиялық суреттерді алу негіздері; негатив пен позитив сапасына қойылатын техникалық талаптар; негативті және позитивті фотоматериалдардың түрлері мен қасиеті; лактардың қасиеті және оның рецептурасы; ақ-қара фотоматериалдардың құрылымы.
60. Ретушер
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ақ-қара негативтер мен позитивтердің көркемдік ретуштерін орындау. адамның келбетін, реңді және киімдердің бөлшектерін салу, реңді және киімнің бөлшектерін күшейту және азайту. Көшіру кезінде өңдердің күрт градациялық ауысумен негативтерді ретуштеу. Портреттерді белгілеу. 13х18 см өлшемді баспаларды позитивті ретуштеу.
Білуге тиіс: ақ-қара негативтер мен позитивтердің көркемдік ретушін орындаудың техникасы; композицияның негізгі элементтері; анатомия және бет пластикасы; реңді күшейту және азайту тәсілдері, портреттерді белгілеу; шағын форматты және орташа форматты ретуштелмеген негативтерден проекциялық тәсілмен баспалар жасау; ақ-қара фото материалдарды химиялық-физикалық өңдеу.
61. Ретушер
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түсті негативтер мен позитивтердің көркемдік ретушін орындау. Негативтерді кармирлеу. Бөлшектерді аса мұқият жетілдіруді қажет ететін композициялық мәні бар эскиздердің жағындыларын жағу. Адамның келбеті шағын ауқымды топтың виньеткалардың негативтері мен позитивтерін ретуштеу, суреттердің жекелеген элементтерінің өңін түзету. Көшіру кезінде өңдердің жұмсақ градациялық ауысумен негативтерді ретуштеу. Портреттерді жекелеген кескіндер мен бөлшектерді салып және жойып ретуштеу, киімді, бас киімді, шашты өзгерту және т.б. Кіші ретушті түпнұсқаларды орындау. 13х18 см артық фотобаспаларды позитивті ретуштеу. Портретті майлы бояуы бар түрлі түсті пастельмен ретуштеу.
Білуге тиіс: түс танудың негізгі элементтері; эскиздер мен жағындыларды жағу тәсілдері; түсті негативтер мен позитивтерді пастельмен және түсті майлы бояулармен ретуштеу тәсілдері; түсті фото материалдардың құрылымы.
62. Ретушер
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ақ-қара және түсті негативтер мен позитивтерде келбеттің жартысы өшірілген зақымданған түпнұсқалардан жасалған портреттердің ретушін орындау. Әр түрлі өңді ә түрлі ауқымды бірнеше түпнұсқаларды пайдалана отырып, топтық портреттер жасау.
Білуге тиіс: келбеттің жартысы өшірілген портреттерді ретуштеу техникасы; фототүсірілімдердің технологиясы; түсті фотоматериалдарды өңдеу технологиясы; бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалана отырып, фотографиялық суреттердің сапасын айқындау әдістері.
63. Бұйымдарды кептіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды, тоқымаларды, мата кесінділерін кулисті кептіргіштерде, камераларда немесе барабандарда кептіру процесін жүргізу. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Бұйымды сілкілеу және барабанға салу немесе кулисті кептіргіштер мен камералардың кронштейндеріне технологиялық нұсқамаға сәйкес ілу. Материалдың ассортиментіне, талшық құрамына және түріне қарай технологиялық кептіру режимі мен тәсілін анықтау. Кептіргеннен кейін бұйымды түсіріп алу. Келесі технологиялық операцияға жіберу.
Білуге тиіс: кептіруге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; кептіру қондырғысының құрылымын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; кептірудің технологиялық режимін; бұйымды ілу, салу және түсіріп алу ережесін; кептіру сапасына қойылатын талаптарды.
64. Фотозертханашы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі тәсілдермен түрлі шәкілді жөнделген аппараттарда ақ-қара техникалық фото баспаларды, шыныда, металда, қағазда жазбалар мен басқа да суреттеді орындау. Жуғыш құрылғыларды жұмысқа дайындау. Толық жуылуын тексеру. Рентген пленкасын фото өңдеу. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді өңдеу үшін дайын рецепттер бойынша ерітінділер жасау. Жуу және өңделетін пластиналардың бетіне эмульсия қабатын жағу. Айқындау, белгілеу және бояу ванналарының белгіленген режимдерін сақтау. Сыртқы түрі бойынша басу сапасын айқындау. Фото қағаз немесе баспа ақаулары бар баспаларды өңдеу. Рентген пленкасын өңдеу үшін ерітінділер дайындау. Рентгенге түсіруге арналған кассеталарды дайындау және зарядтау. Баспаларды кептіру, орау, кесу, сәтендеу және жабыстыру. Жартылай автоматта және қолмен фото қағаздардың орамаларын кесу.
Білуге тиіс: баспаларды жуу технологиясы; фото баспаларды жууға, кептіруге және сәтендеуге арналған жабдықтар; фото химия негіздері; фото қағаздың ассортименті мен сипаттамасы; проекциялық аппаратура мен байланыс станоктарының түрлері мен міндеті, оларды пайдалану ережесі; оптикалық аспаптардың мақсаты, құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; фото баспаларды ұстау, айқындау және белгілеу режимі; фото материалдар мен рентген пленкасын сақтау шарттары және пайдалану ережесі; кассеталарды зарядтау тәсілдері; фото химикаттармен жұмыс істеу ережесі; ақ-қара фото материалдардың құрылымы.
65. Фотозертханашы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Стационарлық қондырғыларда әр түрлі тәсілдермен ақ-қара техникалық фото баспаларды, құжаттарға, схемалар мен суреттерге арналған түсірілімдерді орындау. Басу, айқындау және эмульсия қабатын бояулармен бояу режимдерін белгілеу. Нитробоялар мен басқа да бояғыштардың түрлі түстерін жасау. Белгіленген эталон бойынша бірнеше фото баспалардың негативінен проекциялық басу. Рентген пленкасының қалыңдығына қарай оны айқындау және белгілеу уақытын айқындау. Микрофотометрдің көмегімен негативтің қараю тығыздығын айқындау. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді өңдеу үшін ерітінділер жасау. Фото баспаларды жалтырату.
Білуге тиіс: ақ-қара фото материалдарды өңдеу тхнологиясыбасуға және үлгілерді, репродукцияларды, схемаларды, суреттерді фото химиялық процеспен айқындау, қағаздағы, шыны мен металдағы көрсеткіштердің құрылғысы мен міндеті; қолданылатын жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті; суретке түсіру және рұқсат етілген мүмкіндіктерді айқындау; түсті фотографияның негізі, сорты; фотопластинкалар мен рентген пленкаларының қасиеті; жарықтың қызметі, рентген пленкасына түсетін рентгендік және гамма сәулелер; күшейткіш вольфрам экрандарының міндеті мен қасиеті; ауыр металл фольгасынан экрандар; сапасыз экрандар мен фольгадан негативтерде ақаулардың пайда болу себептері; суреттік қараю тығыздығын айқындау; суреттердің сапасына әсер ететін факторлар; арнайы бояғыштармен бояу процесі; фотооптика, айқындайтын және белгілейтін ерітінділердің рецептурасы және олардың қасиеті; фото аппараттардың, экспонометрлердің, жалтыратқыш машиналардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі.
66. Фотозертханашы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі әдістермен ақ-қара көркем және түсті техникалық фотобаспаларды орындау. Рецепттер бойынша өңдеуші ерітінділерді жасау. Ақ-қара негативтер мен позитивтерге өң беру, бояу, күшейту және азайту. Ақ-қара негативтер мен позитивтерді техникалық ретушьтеу. Түсті негативтер мен диапозитивтерді айқындау. Арнайы жабдықтарда аса үлкейткіштерді (фото рең беру) жасау. Проекциялық аппаратуралар мен байланыс станоктарын реттеу. Негативтен ақ-қара контратип жасау.
Білуге тиіс: түсті негатив пен диапозитивті өңде технологиясы; өң беруге, өңді азайтуға арналған әр түрлі ерітінділер дайындаудың рецептурасы; ақ-қара фотографияларды өңдеуге арналған жарық сезгіш эмульсиялар мен ерітінділер; негативті және позитивті фото материалдарды өңдеуге арналған химиялық реактивтердің қасиеті.
67. Фотозертханашы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі тәсілдермен түсті көркем фотобаспаларды орындау. Түсті негативтер мен позитивтерді айқындау. Проекциялық басу кезінде түсті негативтерді өңдеуде кеткен ақауларды түзету. Негативтен түсті репродукциялық контратип жасау. көшірме жұмыстарды орындау. Ауқымды, қосарлы баспа, басқа сюжеттерді біріктіру және қоса басу, аса үлкейту. Фотобаспа кезінде түсті түзеу. Түсті негативті және позитивті фото материалдарды өңдеуге арналған ерітінділер жасау. Рецепттер бойынша өңдеуші ерітінділер жасау. Түсті негатив пен позитивті күшейту және азайту.
Білуге тиіс: рецептура дайындау және түсті фотобаспаларды азайтуға әрі өңдеуге арналған әр түріл өңдеуші ерітінділерді дайындау технологиясы; түсті негативті мен позитивті фото материалдарды өңдеуге арналған жабдықтардың құрылғысы; түсті негативтерді түзету тәсілі; түсті фото материалдардың сипаттамасын айқындауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасы.
68. Фотограф
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Павильонда құжаттарға фото түсіру. Штрихты жазық түпнұсқалардан репродукциялау. Әр түрлі жүйелердің кассеталары мен фотоаппараттарын негативті материалдармен зарядтау. Ақ-қара негативті фото материалдарды айқындау, белгілеу, жуу және кептіру. Айқындайтын және белгілейтін ерітінділер жасау. құжаттарға арналған суреттерді ретушьтеу және фотоға басу. Тапсырыстар бойынша негативтерді бөлшектеу.
Білуге тиіс: құжаттарға фотоға түсіру және жарық берудің негізгі схемалары; ақ-қара негативті фото материалдарды өңдеу үшін қолданылатын айқындайтын және белгілейтін ерітінділердің рецептурасы; түсіру кезінде қолданылатын жабдықтар; ақ-қара фото материалдардың құрылымы.
69. Фотограф
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір портретті, үлкен емес топты, балаларды павильонда және тұрақты түсіру алаңында ақ-қара фото материалдарға фотоға түсіру. Көшпелі жағдайларда жылжымайтын объектілерді технологиялық түсіру. Жазық және көлемді түпнұсқаларды ақ-қара бейнеде суретке түсіру. Стационарлық жағдайларда макро түсіру. Негативті ретушь және фотоға басу. Аппаратура мен оптиканы тексеру.
Білуге тиіс: портреттерді түсіру техникасы, композиция негіздері; жарық беруді ұйымдастыру ережесі, қолданылатын фото камералардың сипаттамасы, олардың оптикасы, арнайы репродуктивті тіреуіштер, ұзартқыш сақиналар және саптамалы линзалар; қолданылатын жарық сезгіш фото материалдардың сипаттамасы; павильонның негізгі өлшемі, оның алаңын тиімді пайдалану; ақ-қара негативті және позитивті фото материалдарды өңдеудің технологиясы; негативті ретушьтің техникасы, ақ-қара фото материалдардың сипаттмасын айқындау үшін бақылау-өлшеу аппаратурасымен жұмыс істеу; ақ-қара фото материалдарды механикалық және автоматтандырылған түрде өңдеуге арналған жабдықтар; түсті фото материалдардың құрылымы.
70. Фотограф
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Павильонда және басқа жерде бір және топтық портреттерді түсті фото материалдарда көркемдік фотоға түсіру. Сәулеттерді, интерьерлерді, жылжымалы объектілерді, өндірістік процестерді фотоға түсіру. Микротүсірім. Түрлі түсті бейнеде стационарлық және көшпелі жағдайларда көп түсті жазық және көлемді түпнұсқаларды фотоға түсіру. Фототүсірімдер мен негативтерді өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |