Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен
бекiтiлген
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi осы «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ баламалы негiзде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тұрғылықты жерi бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрi – орталық) арқылы көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi, тiзбесi осы стандартқа 1 және 3-қосымшаларда көрсетiлген уәкiлеттi органдардың стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi тұтынушыға жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы анықтама беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген жағдайда:
1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi 11-тармақта анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 минуттан аспайды;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең көп уақыты (тiркеу, талон алу кезiнде, өтiнiш жасаған және электрондық сұрау берген сәттен бастап) 10 минут;
3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 15 минут.
Орталыққа барған кезде тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап: үш жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мен беру күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
1) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлетiн ең көп уақыты – 30 минут;
2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 30 минут;
3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты - 30 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
9. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мамандардың деректемелерi (Т.А.Ә, кабинет нөмiрлерi) уәкiлеттi органның ғимаратында көрнекi жерде орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi.
Орталықтың жұмыс кестесi: сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, және орталықтың филиалдары мен өкiлдiктерiнде күн сайын сағат 9.00-ден бастап 19.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен, демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда.
Қабылдау алдын ала жазылмай және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет:
тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның үй-жайында көрсетiледi. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ақпарат орналасқан ақпараттық стендiлер, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк құралдары бар. Мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн кiреберiсте пандус бар;
тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша орталықтың үй-жайында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған өтiнiш нысандарының үлгiлерi бар ақпарат стендiлерi болады, мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген, сондай-ақ өртке қарсы қауiпсiздiк құралдары бар.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
Қазақстан азаматтары – жеке куәлiк (паспорт);
шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгi;
оралмандар – оралман куәлiгi;
2) мемлекеттiк қызмет алу үшiн барған орталық беретiн толтырылған өтiнiш нысанын.
Орталықта өтiнiш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
12. Уәкiлеттi органға өтiнiш берген кезде барлық қажеттi құжаттардың тiркеудi жүргiзетiн уәкiлеттi органның қызметкерiне тапсырылады.
Орталықта толтырылған өтiнiш нысандары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орталықтың инспекторына тапсырылады.
Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлген кезде, құжаттардың қабылдануы «терезелердiң» арналуы және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылатын, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiлетiн «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
13. Өтiнiштi тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
1) уәкiлеттi органда – жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама;
2) орталықта:
өтiнiштiң нөмiрi және қабылдаған күнi;
сұралатын мемлекеттiк қызметтiң түрi;
сұралатын мемлекеттiк қызметтiң күнi (уақыты) және орны;
өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген өтiнiштi қабылдау туралы қолхат берiледi.
14. Анықтама беру тұтынушының жергiлiктi жерiндегi уәкiлеттi органға жеке өзiнiң баруы арқылы жүзеге асырылады.
Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға берудi орталықтың инспекторы «терезе» арқылы күн сайын, қолхаттың негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады.
15. Жұмыссыздарға анықтама беруден бас тарту тұтынушы уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген жағдайда жүргiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ.
Тұтынушы құжаттарды алу үшiн белгiленген мерзiмде келмеген жағдайда, орталық оларды бiр ай мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды уәкiлеттi органға тапсырады.
3. Жұмыс қағидаттары
16. Уәкiлеттi органның және орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелерi
17. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
18. Уәкiлеттi органның және орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
19. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға көмек көрсететiн мемлекеттiк органдардың атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтасының мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген.
20. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайлары, телефоны, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
Тұтынушы жергiлiктi атқарушы органдар әкiмдерiнiң аппаратына жүгiнуiне болады, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 5-қосымшадакөрсетiлген.
21. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган жұмыс кестесi осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестесiне сәйкес анықталады, электрондық почтасының мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.
22. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
23. Жеке тұлғаның шағымында тұтынушының тегi, аты, әкесiнiң аты, почта мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптар көрсетiледi.
24. Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
25. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz.
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама
беру» мемлекеттiк қызмет
стандартына 1-қосымша
Уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен байланыс деректерi
Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Р/с №
|
Уәкiлеттi органның атауы
|
Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru
|
8-71638 2-10-48
|
Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz
|
8-71644 2-13-76
|
3
|
Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz
|
8-71641 2-25-34
|
4
|
Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz
|
8-71643 2-45-69
|
5
|
Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru
|
8-71646 2-14-26
|
6
|
Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020600, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru
|
8-71642 2-15-44
|
7
|
Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020700, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64 oz_sp.enbek@bk.ru
|
8-71639 2-21-29
|
8
|
Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru
|
8-71633 2-37-44
|
9
|
Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020900, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz
|
8-71647 2-16-57
|
10
|
Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021000, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru
|
8-71635 2-13-00
|
11
|
Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021100, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz
|
8-71648 9-17-02
|
12
|
Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021200, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64 sobes_zer_08@mail.ru
|
8-71632 2-11-68
|
13
|
Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz
|
8-71637 2-11-83
|
14
|
Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz
|
8-71640 9-17-43
|
15
|
Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru
|
8-71651 3-11-10
|
16
|
Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021600, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru
|
8-71631 2-19-75
|
17
|
Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@kokshetau. online.kz
|
8-716-36 4-27-68
|
18
|
Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru
|
8-71645 6-26-33, 6-20-30
|
19
|
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz
|
8-7162 31-92-76, 31-92-78
|
|
Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Р/с №
|
Уәкiлеттi органның атауы
|
Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030100, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru
|
8-71339 2-12-18 2-14-69
|
Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030200, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 alga_zanytos@mail.ru
|
8-71337 3-11-52 3-14-07
|
3
|
Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030300, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 aset2306@mail.ru
|
8-71345 2-25-73 2-24-33
|
4
|
Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030400, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 irgizsobez@mail.ru
|
8-71343 2-14-81 2-16-50
|
5
|
Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030500, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11 «а» kargala_zzsp@mail.ru
|
8-71342 2-22-98 2-27-31
|
6
|
Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
031000, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 hobda6161@mail.ru, hobda_sobes@mail.ru
|
8-71341 2-13-24 2-10-06
|
7
|
Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030600, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 kazaevanatalja@mail.ru
|
8-71331 2-16-37 2-28-15
|
8
|
Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030700, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 zhamald@mail.ru
|
8-71333 3-62-02 3-68-62
|
9
|
Темiр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030800, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi, 13 temir-sobes@mail.ru
|
8-71346 2-30-93 2-22-95
|
10
|
Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
030900, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru
|
8-71332 2-19-42 2-19-45
|
11
|
Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
031100, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru
|
8-71336 2-16-57 2-18-63
|
12
|
Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
031200, Шалқар қаласы, Үргенiшбай көшесi, 13 shalkarsobes77@yandex.ru
|
8-71335 2-30-11 2-15-77
|
Алматы облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi
Р/с №
|
Уәкiлеттi органның атауы
|
Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)
|
Қала коды және телефон нөмiрi
|
Жұмыс кестесi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040100, Жансүгiров кентi, Желтоқсан көшесi, 5 korgan-53@mail.ru
|
8-72832 2-11-43
|
Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн
|
2
|
Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040200, Үшарал қаласы, Жеңiс көшесi, 148 alaksob@mail.ru
|
8-72833 2-15-36
|
3
|
Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040300, Бақанас ауылы, Қонаев көшесi, 66 balhash_sobez@bk.ru
|
8-72773 9-14-25
|
4
|
Еңбекшiқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040400, Есiк қаласы, Алматы көшесi, 112 sobesesik@mail.ru
|
8-72775 4-24-36
|
5
|
Ескелдi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040500, Қарабұлақ кентi, Сәтпаев көшесi, 65 eskeldy_sobes@mail.ru
|
8-72836 3-00-62
|
6
|
Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040600, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесi, 261 zhambyl.rotzszn@mail. online.kz,
|
8-72770 2-22-60
|
7
|
Iле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040700, Өтеген батыр кентi, Титов көшесi, 3 «а» Ili-sobes@mail.ru
|
8-72752 2-47-51
|
8
|
Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040900, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесi, 215 krozisp@mail.ru
|
8-72771 2-17-71
|
9
|
Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041000, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесi, 3 karatalsobes@mail.ru
|
8-72834 2-24-30
|
10
|
Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040600, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесi, 261
|
8-72770 2-22-60
|
11
|
Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041100, Сарыөзек кентi, Мәншүк Мәметова көшесi, 3
|
8-72840 3-16-04
|
12
|
Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041200, Балпық би кентi, Мырзабеков көшесi, 38
|
8-72838 2-03-71
|
13
|
Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041300, Жаркент қаласы, Масанчи көшесi, 23 panfil2005@mail.ru
|
8-72831 51048
|
14
|
Райымбек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041400, Кеген ауылы, Момышұлы көшесi, 7 Raimbek_sobes@mail.ru
|
8-72777 21134
|
15
|
Сарқант ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041500, Сарқант қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 117 sarkand_sobes@mail.ru
|
8-72839 21491
|
16
|
Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041600, Талғар қаласы, Гагарин көшесi, 76 talrot@yandex.ru
|
8-72774 21717
|
17
|
Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Нысанбаев көшесi, 10 ygyr_sobes@mail.ru
|
8-72778 21270
|
18
|
Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041100, Сарыөзек кентi, Мәншүк Мәметова көшесi, 3
|
8-72840 3-16-04
|
19
|
Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040800, Қапшағай қаласы, Қонаев көшесi, 2/3 KSobes@mail.ru
|
8-72772 41574
|
20
|
Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 35
|
8-7282 210491
|
21
|
Текелi қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi
|
041700, Текелi қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 24
|
8-72835 42395
|
Достарыңызбен бөлісу: |