Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы



бет2/25
Дата12.06.2016
өлшемі2.25 Mb.
#131112
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
§ 1. Аккумуляторшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумуляторларды бөлшектеу және жинау, аккумулятор ыдастарын майсыздандыру, тазартылған суды сүзу, дайындау және анағұрлым жоғары білікті аккумуляторшының басшылығымен зарядтық станцияларға қызмет көрсету. Аккумуляторларды жөндеу мен зарядқа дайындау. Аккумулятор ыдастарын тазалау, шаю және сүрту. Қосатын жолақтары мен ұштарында пластиналарды дәнекерлегеннен кейін қабыршақтарды және қаспақтарды тазалау. Қышқылмен, элеткролитпен, тазартылған сумен бөтелкелерді, улы калиймен банкаларды жұмыс орнының шегінде орнын ауыстыру.

Білуге тиіс: аккумулятор батареялардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; аккумулятор өндірісінің негізгі материалдар мен реактивтердің атауы; қышқылдарды, сілтілерді және оларды ұстай білу ережесі, оларды сыртқы түрі мен басқа белгілері бойынша анықтау тәсілдері; едәуір таралған қарапайым құралдардың, құрылғылардчың атауы мен белгіленуі.
§ 2. Аккумуляторшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық түрлі аккумуляторларды бөлшектеу және жинау. Заряд станцияларының (агрегаттарының жабдығына қызмет көрсету. Барлық түрлі аккумуляторларды және аккумулятор батареяларын зарядтау. Тығындарда резеңке клапандарды ауыстыру, төсемдерді дайындау. Аккумулятор батареяларының жекелеген элементтерінің кернеуін өлшеу. Аккумулятор батареяларын дәнекерлеу. Аккумулятор элементтерінде электролиттің деңгейі мен тығыздығын анықтау. Кристалл каустиктен немесе концентрацияланған ерітіндіден белгіленген рецептура бойынша сілті ерітіндісін дайындау. Қақпақтар мен ыдыстар арасындағы саңылауларды жабу және оларды қыздырылған мастикамен құю. Банкаларды тазартылған сумен және электролитпен құю және толтырып құю. Жекелеген банкаларды ауыстыру және оларды мастикамен жағу. Заряд станцияларын (агрегатты) пайдалану бойынша жазу жүргізу.

Білуге тиіс: электротехникадан қарапайым мәліметтер; аккумулятор батареяларының құрылысы және белгіленуі; аккумулятор батареяларын зарядтау және разрядтау ережесі мен режимдері; қолданылатын қышқылдардың, сілтілердің қасиеттері және оларды ұстай білу ережесі; аккумулятор батареяларының элементтерінің кернеулерін өлшеуге арналған бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 3. Аккумуляторшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу бойынша қарапайым және орта күрделі жұмыстарды орындау. Батарея элементтерінің зақымдалған жерлерін анықтау және оларды жою. Заряд агрегаттарын ағымдағы жөндеу. Аккумулятор батареяларында электролитті және сепарацияны ауыстыру. Қалыптар мен аратөсемдерді дайындау. Қорғасын қосатын жолақтар мен ұштарын құйып алу. Ыдыстарға тіреу шынылар мен қорғасын аратөсемдерді орнату. Белгіленген рецептура бойынша электролит дайындау. Қосатын бөлшектерін түзетумен аккумулятор батареяларының элементтерін жинақтау және бөлшектеу. Жұмыс істейтін батареялардың элементтерінен қалдықты алып тастау. Аккумуляторларды қолданысқа енгізу бойынша нұсқаулықпен қарастырылған барлық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электротехниканың негіздері; біртиптік аккумулятор батареяларының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; зарядты агрегаттың негізгі сызбасы; пластиналарды қосу ережесі және олардың полярлығы; аккумулятор батареяларын жөндеу мен қызмет көрсету кезінде қолданылатын аппараттар мен аспаптардың құрылысы; аккумулятор батареяларының элементтерінің зақымдалу түрлері және оларды жою тәсілдері; аккумулятор батареяларының элементтерін бөлшектеу, құрау және жөндеу кезінде жұмыстардың тәсілдері және операциялардың технологиялық реттілігі; аккумуляторды жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері; аккумуляторлар мен батареялардың алуан түрлеріне арналған электролит дайындау ережесі; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 4. Аккумуляторшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу бойынша күрделі жұмыстарды орындау. Заряд агрегаттарын орта жөндеу. Заряд кезінде кернеу мен тоқ күшін реттеу. Аккумулятор батареяларының зақым жерлерін анықтау және жою.

Машина жетегіне, сынап түзеткішке, тоқ тарататын қалқанға қызмет көрсету. Аккумулятор батареяларын сынау. Аккумуляторлар мен батареялардың одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтау. Элементаралық қосылыстарды қалыптастыру. Электролиттің сапасын анықтау. Аккумуляторлар мен батареяларға жөндеу жүргізгенге дейін және одан кейін техникалық құжаттаманы дайындау және ресімдеу.



Білуге тиіс: әр түрлі және сыйымдылықты аккумулятор батареяларының конструкциялық құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; зарядты агрегаттардың жабдығының құрылысы; пластиналарды қосу ережесі және олардың полярлығы; аккумулятор батареяларын жөндеу мен қызмет көрсету кезінде қолданылатын аппараттар мен аспаптардың құрылысы; аккумулятор батареяларын жинақтау және орнату сызбасы; электрлік өлшеу құралдары мен қышқылдардың, сілтілер мен газдардың тығыздығын ауыстыруға арналған аспаптар; аккумуляторды, дистилляторларды және заряд агрегаттарын жөндеу ережесі; аккумулятор өндірісінде қолданылатын қышқылдардың, сілтілердің, қорғасынның бояулардың физикалық және химиялық қасиеттері; батареялардың элементтерінде қысқаша тұйықталуларды табу және жою әдістері; қалып дайындау үшін мөлшерлері мен сызулары бойынша қорғасынды түзету және пішу тәсілдері; жекелеген элементтерді жұмыс істейтін тізбектен шығау тәртібі; акумуляторларды зарядтау және разрядтау кезіндегі кернеу нормалары.
§ 5. Аккумуляторшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар мен аккумулятор батареяларын жөндеу, қалыптау бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Аккумулятор батареяларын қалыптау және зарядтау режимін таңдау. Жөндеу алдында барлық түрлі кемелік акумуляторлардың ақауын табу. Аккумулятордың сыйымдылығы мен кернеуі және заряд агрегатының қуатына байланысты заряд тізбегінде реттеу кедергісінің және аккумулятордың қосу сызбаларының есептемелерін құрастыру. Кемелік стационарлық және тасымалды акумуляторларды тексеру және сынау. Дистилляторларды жөндеу көлемін анықтау. Кемелердің барлық түрлерін зауыттық, қозғалғыш және мемлекеттік сынаулар кезеңінде аккумуляторларға қызмет көрсету және оларды тапсырысшыға тапсыру. Электролиттің химиялық құрамын түзету. Қалушы элементтерді қалыптау. Заряд агрегаттарын күрделі жөндеу. Сутегі аппараттарында дәнекерлеу жұмыстарын өндіру. Кернеудегі батареяларды жөндеуге арналған жекелеген элементтерді ағыту сызбасын құру. Жабдық пен заряд станцияларының аппаратурасына қызмет көрсету және жөндеу бойынша есепті және техникалық құжаттама жүргізу.

Білуге тиіс: физика және химия негіздері; барлық түрлі және сыйымдылықты аккумуляторлар батареяларынының құрылысы; аккумулятордың сыйымдылығы мен кернеуіне және заряд агрегатының қуатына байланысты заряд тізбегінде реттеу кедергісін және аккумулятордың қосу сызбаларын есептеу ережесі, қышқылдардың, сілтілер мен газдардың тығыздығын өлшеуге арналған электрлік өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылысы; кемелік акумуляторларды, дистилляторларды және заряд агрегаттарын жөндеу ережесі; аккумулятор батареяларының жұмысында, заряд станцияларының аппаратурасы мен жабдығында күрделі ақаулықтарды анықтау және жою әдістері; заряд агрегаттарының және аккумулятор батареяларының есебін жүргізу және қажетті техникалық құжаттама құру тәртібі мен ережесі.
§ 6. Ауа бөлу аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен оттегі және оттегі- аргондық қондырғыларға қызмет көрсету. Кептіру батареяларын, ауа компрессорлары мен декарбонизаторлардың ылғал бөлгіштерін үрлеу, стационарлық және көліктік танкаларға сұйық оттегіні құю. Қызмет көрсетілетін жабдықты майлау. Қондырғы жабдығы мен аппаратураны ағымдағы жөндеуге қатысу. Рампта қысымны күйін қадағалау және баллондарды толтыруға қатысу. Қоймада баллондарды тасып шығару және орналастырып қою. Толтыру газдарына байланысты баллондарды әр түрлі түстерге бояу. Аппаратура мен ыдыстарды сумен және ерітінділермен шаю. Баллондарды толтыру бойынша құжаттама жүргізу. Баллондарға паспорттарды тексеру және жүргізу.

Білуге тиіс: оттегі және оттегі- аргондық өндірістің технологиялық сызбасы туралы қарапайым мәліметтер; алынатын газдардың негізгі қасиеттері және олардың ағуын анықтау және жою тәсілдері; толтыру рампасының әрекет ету қағидасы және онда газ шұраларын орналастыру; стационарлық және тасымалдау танктерінің, сұйық оттегіні құюға арналған құрылғылардың жұмыс істеу қағидасы және оларды ұстай білу ережесі; баллондардың құрылысы және оларды толтыру, сынау және сақтау ережесі; толтыру газына байланысты баллондарды бяоу түсі және баллондардың көлемі; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 7. Ауа бөлу аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 100 куб. м/сағ. дейін оттегі өнімділігімен оттегі қондырғысында (агрегатта) оттегіні өндіру технологиялық процесін жүргізу. Бөлу аппаратын реттеу. Газды талдауды жүргізу. Газ есептеуіштері мен дифференциалдық манометрлердің жұмысын, сұйық және газ тәріздес оттегінің, азоттың, аргонның және буландрғышта сұйық ауаның көрсеткіштерінің өзгерістерін қадағалау. Баллондарды толтыру және сұйық оттегіні стационарлық және тасымалдау танктеріне құю мен толтыруды бақылау. Баллондардың сұйытылған және қысылған газбен толтыру бойынша автоматты құралдардың жұмысын реттеу. Қондырғы жабдығы мен және аспапты ағымдағы жөндеу. Қондырғының жұмысы туралы бақылау-есептік жазулар жүргізу. Толтыру рампасының және оның барлық құбырларының, шұралар мен бақылау - өлшеу аппаратураның күйін қадағалау. Толтырылған баллондарды тасымалдау мен сақтауды бақылау.

Білуге тиіс: оттегі өндірісінің технологиялық сызбасы; толтыру рампасының құрылысы; оттегі қондырғыларының құрылысы және жекелеген тораптардың белгіленуі; бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша аппараттарды реттеу ережесі; физика, химия және электртехника бойынша негізгі мәліметтер; инертті газдардың қасиеттері; қондырғының жұмысы туралы бақылау- есептік жазулар жүргізу ережесі; газдарға талдау жүргізу әдістері; сұйық оттегінің танктерге құю, толтырылған банктерді ұстай білу ережесі және оларды сақтау тәртібі; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы.
§ 8. Ауа бөлу аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ тәрізді оттегі мен азотты өндіру және 15 куб м/сағ дейін шикізат аргонды және 500 л/сағ дейін сұйық оттегі мен азотты, 100-ден 800 куб. м/сағ дейін оттегі мен азот өндірумен оттегі, азот- оттегі және оттегі- аргон қондырғыларында (агрегаттарда) шикізат аргонды іріктеумен технологиялық процесті жүргізу. Ауаны, ацетилен адсорберлерін бөлу блогын технологиялық қыздыру. Адсорбциялық кептіру құрылғыларын регенерациялау. Газдарға бірнеге талдау жүргізу. Газгольдердің, рампаның, сұйық оттегі сорғысының, детандердің, коммуникациялар мен аппаратураның герметикалығы мен ақаусыздығының күйін қадағалау. Қондырғы жабдығы мен аппаратураны орта және күрделі жөндеуге қатысу. Сақтандыру құрылғыларын, желдету қондырғыларын, телефон және жарықдыбыс сигнал беруді бақылау.

Білуге тиіс: физика, химия және электротехника негіздері; аргон өндірісінің технологиялық сызбасы; оттегі және аргон қондырғыларының жабдығының жекелеген агрегаттары мен тораптарының құрылысы және оттегі, аргон мен азот өндірісінің жалпы технологиялық сызбасында олардың белгіленуі; аппаратураны, жабдықты және ыдыстарды шаю мен сынау тәсілдері; қондырғылардың жұмысында ақауларды анықтау және жою; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының, сақтандыру құрылғылары мен сигнал беру құралдарының құрылысы және белгіленуі; шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; жабдықты, арматура мен аппаратураны жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу ережесі.
§ 9. Ауа бөлу аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Газ тәрізді оттегі мен азотты өндіру және 15 –тен жоғары 40 куб м/сағ дейін шикізат аргонды және 500-ден 1000 л/сағ дейін сұйық оттегі мен азотты, 800 –ден 1200 куб. м/сағ дейін оттегі мен азот өндірумен оттегі, азот- оттегі және оттегі- аргон қондырғыларында (агрегаттарда) шикізат аргонды іріктеумен технологиялық процесті жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен криптон-ксенондық қоспаны өндіру технологиялық процесін жүргізу. Оттегі қондырғыларының жабдығын герметикалыққа сынау. Кептіру, үрлеу, ылғалбөлу, ауа компрессоры мен скруббер блогы баллондарын ауыстырып қосу. Газгольдерлерді оттегімен, азотпен және аргонмен толтыру және оларды бұл газдармен толтыру деңгейін, сондай-ақ электрлік, газдық есептеуіштердің, манометрлердің, дифманометлер мен сақтандыру клапандарының жұмысын қадағалау. Сүзгілерді жинау және бөлшектеу.

Білуге тиіс: азот өндірісінің технологиялық сызбасы; оттегі және криптон қондырғыларының жекелеген агрегаттары мен тораптарының құрылысы; қондыпғы агрегаттарының жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері; оттегі қондырғыларының аппаратурасы мен жабдығын герметикалыққа сынау тәсілдері; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жұмыс ережесі; сұйық оттегі мен азотқа арналған стационарлық және тасымалдау танктерінің құрылысы; аргондық бағананың, аргонды шебер химиялық тазалау блогының құрылысы.
§ 10. Ауа бөлу аппаратшысы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 12000 куб. м/сағ жоғары оттегі мен азот, 140 куб. м/сағ жоғары шикізат аргон және 1000 л/сағ жоғаы сұйық оттегі азот өндірісімен оттегі және азот – оттегі және оттегі аргон қондырғыларында (агрегаттарда), сондай-ақ ауа бөлудің бес- жеті жоғары таза өнімдерін бір уақытта алумен екі режимде жұмыс істейтін қондырғыларда шикі аргонды іріктеумен және тазартумен газ тәрізді оттегі мен азот өндірісінің технологиялық процесін жүргізу. Криптон- ксенондық қоспаны өндіру технологиялық процесін жүргізу. Ацетилен адсорберлерін және сүзгілерді үрлеу және ауыстырып қосу, электрлік немесе су газдық есептеуіштердің, манометрлер мен дифманометрлердің жұмысын қадағалау. Детандерді, сүзгілерді шаюды, бөлшектеу мен жинауды қадағалау. Ыдыстар мен баллондарды сұйық оттегімен толтыруды бақылау.

Білуге тиіс: газ тәрізді және сұйық оттегі, аргон, азот пен криптон өндірісінің технологиялық сызбасы; оттегі қондырғыларының алуан түрлерінің құрылысы мен реконструкциясы; оттегі қондырғыларының жабдығы мен аппаратурасын жуу тәсілдері; пайдалану барысында оттегі жабдығының жарылмаушылығын қамтамасыз ету тәсілдері.
§ 11. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік ағынды суларды немесе радиоактивті суларды қоспалардан тазалау және тұндыру, сүзу, бейтараптандыру әдістерімен технологиялық процесте пайдалану үшін бағалы заттарды ұстау процестерін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен реагенттерді дайындау, түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты оларды аппараттарға немесе бассейндерге мөлшерлеу және жүктеу. Тазартылған суларды, радиоактивті қалдықтар мен тұнбаларды қотару және қайта іске қосу. Аппараттар мен коммуникацияларды қалдықтан тазалау. Өндірістік журналда жазулар жүргізу.

Білуге тиіс: сүзгілердің, жылытқыштардың, мөлшерлегіш пен сорғылардың жұмыс істеу қағидасы; өнеркәсіпті ағындық және радиоактивті суларды тазалау процестерінің технологиялық режимдері туралы қарапайым мәліметтер; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесі.
§ 12. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндыру, сүзу, бейтараптандыру әдістерімен технологиялық процесте пайдалану үшін бағалы заттарды ұстау және өнеркәсіптік ағынды суларды немесе радиоактивті суларды қоспалардан тазалау процестерін жүргізу. Реагенттерді дайындау: соданы, ізбесті сүтті, улы натрды, түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты оларды аппараттарға немесе бассейндерге мөлшерлеу және жүктеу. Иондық – айырбас сүзгілерді регенерациялау. Ағынды суларды тазалау толықтығына бақылау талдауларын өткізу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша тазалау процесін бақылау және реттеу. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ион- алмасу тазалау немесе биохимиялық тотықтыру процесін жүргізу.

Білуге тиіс: сүзгілердің, жылытқыштардың, мөлшерлегіш пен сорғылардың құрылысы; өнеркәсіптік ағынды және радиоактивті суларды тазалау- тұндыру, сүзу және бейтараптандыру процестерінің технологиялық режимдері; тазалау қондырғыларында қолданылатын химиялық реактивтер; қарапайым және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; талдаулар жүргізу әдістемесі; рН ортаның өзгеруі бойынша сорбциялық циклді анықтау; физика және химия негіздері.
§ 13. Ағынды суларды тазарту аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Иондық – айырбас тащалау немесе биохимиялық тотықтыру әдісімен өнеркәсіптік ағынды суларды қоспалардан тазалау процесін жүргізу. Буландыру қондырғыларында радиоактивті суларды буландыру. Реагенттерді дайындау: шайырды, магнезитті, аммиакты, қышқылды және басқ., түсетін ағынды сулардың мөлшері мен құрамына байланысты оларды аппараттарға мөлшерлеу және жүктеу. Аммиактық бағанада шайырүстілік судан аммиакты бөлу, ұшатын аммиакты үрлеу және байланысты аммиакты реакторда ыдырату процестерін жүргізу. Ионайырбас сүзгілерге немесе аэротенкілеге ағынды суды қабылдау. Аэрация қарқындылығы мен сүзу процесін қадағалау. радиоактивті суларды сорбциялау (тазалау) технологиялық процесін реттеу. Шайыр мен майларды регенерациялау. Шайырларды регенерациялау процесінде химикаттарды беру мөлшері мен жылдамдығын реттеу. Шайырларды регенерациялаушы ерітіндіден шаю және оларды кейінгі циклға дайындау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша аэротенктер бойынша оттегінің түсуін, ағынды сулардың мөлшерін, улы заттардың мөлшерін, ағынды суларды тазалау деңгейін, аэротенкетрге су бетінің көбігінің мөлшерін, сілті мен қышқыл ерітінділерінің концентрациясын бақылау және реттеу. Аэротенктердің ион- алмасу сүзгілеріне, орналасқан коммуникацияларымен және арматурамен басқару галереяларына, сондай-ақ бақылау- өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: ағынды суларды ион- алмасу тазалау, биохимиялық тотықтыру және аэрация, шайырларды регенерациялау процестерінің технологиялық режимдері; қызмет көрсетілетін учаскенің сызбасы; ионалмасу, биохимиялық, механикалық сүзгілердің, буландыру қондырғыларының, арматура мен коммуникациялардың құрылысы; күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; тазалау технологиялық режимінің параметрлері және процесті реттеу ережесі; жылу техника негіздері.
§ 14. Химсу тазарту аппаратшысы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жимсутазалау жекелеген агрегаттарына қызмет көрсету бойынша көмекші жұмыстарды орындау және мөлшерлеу құрылғыларының жұмысын реттеу, берілген рецептілер бойынша реагенттердің ерітінділерін құрастыруға, мөлшерлегіштерді зарядтауға, әкті езуге, каустик, фосфат пе хлор ерітіндісін дайындауға қатысу. Жұмыс орны шегінде химикаттар мен материалдарды әкелу және жақындату. Бактарды тазалау және механикалық сүзгілерді жуу. Мойынтіректерді, механизмдерді майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін аппараттар мен сүзгілердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер; су құбырларының, крандар мен шұралардың орналасуы; негізгі сүзетін материалдардың құрамы мен қасиеттері; суды механикалық және химиялық тазалаудың негізгі тәсілдері; буағыс инжекторының белгіленуі; сүзгілерді, ыдыстар мен аппаратураны тазалау және шаю ережесі.
§ 15. Химсу тазарту аппаратшысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 70 куб м/сағ дейін өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийсіздендіру, натрий - катиондау, әктеу және басқ. Судайындау агрегаттарына және конденсаттазалау аппараттарына қызмет көрсету және реттеу: жылытқыштарға, тұндырғыштарға, тұндырғыштарға, деаэраторларға, катионды және механикалық сүзгілерге. Реагенттерді регенерациялау, аппаратураны тазалау және жуу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Химиялық тазартылған судың қаттылығын, сілтілігін және басқа көрсеткіштерін анықтау. Реактивтер дайындау және сілтіні мөлшерлеу. Қызмет көрсетілетін жабдық пен аппаратураны қарау және ағымдағы жөндеу. Қондырғылардың жұмысы туралы журналда жазба жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты жұмыс қағидасы: су дайындау қондырғылардың, әр түрлі сүзгілердің, сорғылардың, мөлшерлегіштердің, деаэраторлардың, сатураторлардың, тұндырғыштардың және суды химиялық тазарту процесінде қолданылатын басқа аппараттардың; қуаттандыратын суды жұмсарту, пассивтеу және қышқылдау негізгі химиялық процестері, химсутазарту кезінде қолданылатын химиялық реагенттер, реактивтер; бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; бу- және су құбырларының, крандар мен шұралардың орналасу сызбасы; агрегаттарды қалыпты және авариялы жағдайларда қосу және тоқтату тәртібі мен ережесі; қондырғылардың жұмысындағы олқылықтарды анықтау және жою тәсілдері; қызмет көрсететін қозғалтқыштар мен механизмдерді майлау және суыту жүйесі.
§ 16. Химсу тазарту аппаратшысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 70-тен 300 куб м/сағ дейін өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру, кремнийсіздендіру, натрий - катиондау, әктеу және басқ. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен катиониттік және аниониттік сүзгілерде және иониттік адсорбциялық бағаналарда ионалмасу әдісімен суды терең тұзсыздандыру процесін жүргізу. Натрий- катиониттік сүзгілерді регенерациялау. Суды бір сатылы ионалмасу сүзгілерді тұздардан тазалау процесін жүргізу. Шикізатты дайындау: ионалмасу шайырларын ұсақтау, елеу, суды ақшыл және жылыту, берілген концентрациялық ерітінділерді дайындау. Басқару пультынан немесе қолмен өндірістің кейінгі технологиялық сатыларына суды беруді реттеу. Катиноиттік, аниониттік қондырғыларды қышқыл, тұз, сілті ерітінділерімен регенерациялау. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және химиялық талдау нәтижелері бойынша регламентпен қарастырылған технологиялық режим переметрлерін реттеу: температураны, қысымды, қалпына келтіретін ерітінділердің концентрацияларын. Конденсатты, буды, қуаттандыратын және отын суын химиялық талдау жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты іске қосу және тоқтату. Жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықты анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықты құрылысы; суды тазалау процесін жүргізудің технологиялық сызбасы; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; тұз, қышқылдар, сілтілердің ерітінділерінің физикалық- химиялық қасиеттері; тұзсыздандырылған суға техникалық шарттармен қойылатын талаптар; талдаулар жүргізу әдістемесі; талдаулар жүргізу әдістемесі; суды қазандыққа дейін және қазандықтың ішінде тазалау ережесі мен нормалары; агрегаттарды қалыпты және авариялы жағдайларда қосу және тоқтату тәртібі.
§ 17. Химсу тазарту аппаратшысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Суды химиялық тазалау процесін жүргізу: 300 куб м/сағ артық өнімділікпен басқа қондырғыда (агрегатта) хлорлау, тұзсыздандыру. Катиониттік және аниониттік сүзгілерде және иониттік адсорбциялық бағаналарда ионалмасу әдісімен суды терең тұзсыздандыру процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және химиялық талдау нәтижелері бойынша регламентпен қарастырылған технологиялық режим переметрлерін реттеу: температураны, қысымды, қалпына келтіретін ерітінділердің концентрацияларын. Тұзсыздандырылған судың электрөткізушілігін өлшеу. Шикізаттың қажетті мөлшері мен өнімнің шығымын есептеу. Судан коагуляциялық өлшенген бөлшектерін алып тастау, су әктік су жұмсарту. Түсетін судың сапасын өгерту кезінде химсутазалау бүкіл режимін өзгерту. Бүкіл судайындау жүйесінің мүлтіксіз жұмысын, аппараттарды дер кезінде тазалау мен шаюды қамтамасыз ету және механизмдердің барлық бөлшектерін майлау. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау. Химсутазарту процесінің көрсеткіштерін өндірістік журналда жазу.

Білуге тиіс: суды химиялық тазалау процесін реттеу ережесі; қызмет көрсететін жабдықты кинематикалық сызбалары; талдаулар мен есептеулер жүргізу әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет