Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (23- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Кеме құрастыру және кеме



бет2/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.66 Mb.
#124057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
:

1. аймақтық блоктар - бақылау, құрастыру, тексеру;

2. біліктер; тірек, аралық, ВРШ-сы бар еспелі; еспелі бұрандалар, дейдвудты құрылғылар, мортир төлкелері, конустық сақиналар, еспелі бұрандалардың айнала ағушылары, негізгі берік және тірек мойын тіректер, 100-ден жоғары дейінгі 500 мм білік диаметрі кезіндегі нығыздаулар- швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасы бойынша әрекетте жөндеу, монтаждау, ортаға дәл келтіру және тексеру сапасын бақылау;

3) бел сызықтар және тереңдеу маркалары- белгілеуді бақылау;

4) күрделі конфигурациялы шуды бәсеңдеткіштері- дайындауды, жөндеуді бақылау;

5) мемлекеттік техникалық қадағалау қабылдауына жататын қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстарға арналған дайындамалар және бөлшектер- даярлау және байқауды бақылау;

6) балласттық цистерналардың клигстондары, қашықтықтан басқаратын аспап, негізгі айналып жүретін трассаның соғулары - орнатуды, жөндеуді, жетектердің монтажын, байқауды, реттеуді және әрекеттегі жұмысты бақылау;

7) конденсаторлар, мұздатқыштар, негізгі машиналардың буландырғыштары – дайындау сапасын, құрастыруды, монтажды және байқауларды бақылау;

8) негізгі қазан агрегаттары -құрастыру, гидравликалық байқаулардың және булы сынаудың сапасын бақылау;

9) азықты бақылағыштың, дейдвудтың табақтары - орнатуды, жөндеуді бақылау;

10) негізгі кеме дизельдеріне арналған фрикциялық, гидравликалық және пневматикалық муфталар- жөндеу, монтаждау және реттеу сапасын бақылау;

11) релаксациялық резервуарлардың жабдығы – дайындауды, монтажды бақылау;

12) қоспаланған болаттардан күрделі конструкциялы құралдардың айнала ағушылары – жинау және түзетуді бақылау;

13) кеме корпусының қоршаулары – мөлшерледі бақылау;

14) көлбеу стапель – кеме салуға дайындауды, торды бөлуді және жарықтық сызықты бақылау;

15) жүзбелі бұрғы қондырғыларының тұрақтандырушы бағаналарының секциясы – орнатуды және тоғысуды бақылау;

16) құбырлар және жүйелер: гидравликалар, негізгі және қосалқы булар , жоғары қысым ауасы, көмір қышқылдар, фреонды, вакуумдау, діріл активті және т.б.- даярлау, монтаждау, жөндеу, байқау, тазарту сапасын бақылау;

17) үш және көбірек жазықтықтарда иілулермен ерекше күрделі конфигурациялы ауаны желдету және ауа тазарту құбырлары - даярлау, монтаждау, жөндеу сапасын бақылау;

18) құбырлар - күрделі схемалармен бас кемесінде трассаны бөлуді, жабдықты орналастыруды ескерумен макеттерді даярлаумен макеттеуді бақылау;

19) әртүрлі тоңазыту қондырғылары – жөндеу, монтаждау, жұмыста автоматикамен кешенді тексеруді бақылау;

20) тарту құрылғылары- столдарды үшкірлеу сапасын, мойын тіректердің монтажын, ортаға дәл келтірулерді, май саңылаулардың тексерулерді, швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасымен жұмыста тапсыруды бақылау;

21) қанатты күрделі құрылғылар - құрастыру, дәнекерлеу, түзету, жөндеуді бақылау;

22) электр қозғалтқыштар, 150 кВт артық қуаттылықпен генераторлар және түрлендіргіштер, құбыр компрессорлары, құбыр генераторлары - ортаға дәл келтіру сапасын, монтаждау мен әрекетте беруді бақылау.

Параграф 5. Кеме корпусы, кеме монтажы және құбырлы жұмыстарды бақылаушы, 6-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі қоршаулармен кемелердің ірі габаритті секцияларды, көлемдік секцияларын ашуды, орнатуды, түйістіруді, түзету мен жөндеуді бақылау;

оптикалық және оптико- лазерлік аспаптарды пайдаланумен стапельде, докта кеменің корпусын қалыптастырумен жөндеу кезінде күрделі тексеру жұмыстарын бақылау;

күрделі қоршаулармен, жоғары берік болаттар мен қорытпалардан, еспелі біліктерден, корпус аралық көлемдік бацланыстар мен өтулерден, зоналдық блоктардан қанатты құрылғылар үшін стапель-кондукторларды және жиектегіштерді дайындауды, орнатуды, жөндеу мен тексеруді бақылау;

300 мм артық цилиндр диаметрімен негізгі кеме дизельдерін, күштік қондырғылардың агрегеттарын, негізгі бу турбиналық және газ турбиналық қондырғыларды, турботісті агрегаттарды, бу өндіретін және бу турбиналық қондырғылардың блоктарын, негізгі бу қазандарын 500 мм артық білік диаметрімен кеме білік түтіктерін және оптикалық аспаптардың көмегімен тексерілетін әр түрлі конфегурациялардың көп бөлшек саны бар тәжірибелі арнайы бұйымдарды монтаждау, жинау, жөндеу және ортаға келтіру сапасын тексеру;

білік құбыр осін тесу, мортир мен кронштейндерді белгілеу және қашап өңдеу сапасын тексеру және операция бойынша бақылау;

30,0 МПа жоғары (300 кгс/см2 жоғары) гидравликалық сынау кезінде, 25,0 МПа жоғары (250 кгс/см2 жоғары) пневматикалық сынау кезінде қысыммен арматураларды, құбырлар мен жүйелерді дайындау, жөндеу, өңдеу, жинау және сынау сапасын бақылау;

негізгі қазандар мен күштік қондырғылардың автоматика жүйелерін жөндеу, машина бу қазан қондырғыларының механизмдерін автоматты басқару жүйелерін әрекетте реттеу сапасын тексеру;

швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасы бойынша автоматтандырылған негізгі күштік қондырғыларды әрекетте бақылау және қабылдау;

машина бу қазан қондырғылары швартты, қозғалғыш және кешенді сынауларда қосу мен қызмет көрсетуді бақылау;

күрделі және жауапты бақылау- өлшеу аспаптарын бақылау және жөндеу, негізгі туботісті агрегатты, газ турбиналық және бу турбиналық қондырғыларды, білік құбырларды, дизель кеме қазандарды сынау процесінде айқындалған ақауларды зерттеуге қатысу және оларды жою бойынша шаралар дайындау;

белгіленген құжаттаманы ресімдеумен механизмдердің, құрылғылардың ревизиясын өткізу сапасын тексеру;

пайдалану бағдарламалары мен сипаттамаларын алу, алынған нәтижелерді өңдеу, сынау хаттамасын рәсімдеу;

монтаж, құрастыру, жөндеу, қозғалғыш, швартты, жабдықтар мен жүйелерді кешенді байқаулардың және механизмдерді тексерудің нәтижелері бойынша паспорттарды, формулярларды, қабылдау актілерін, сынау хаттамаларын ресімдеу.

69. Білуге тиіс:

ерекше күрделі қоршаулармен дәнекерленген және шегеленген корпустық конструкцияларды құру, жөндеу және түзетуді бақылау әдістері;

ірі кемелердің корпустарын қалыптастыру конструкцияларды қабылдау ережесі;

ірі аймақтық блоктарды түйістіру әдістерін;

секциялар мен блоктарды қанықтыруды орнату бойынша жұмыстарды орындау реттілігін;

ерекше күрделі қоршаулармен коррозияға берік болаттар мен жоғары төзімді қорытпалардан конструкцияларды түзету ерекшеліктерін;

қолданылатын бақылау құралдардың конструкциялары, оларды жөндеу және реттеу тәсілдерін;

кеме корпусының математикалық үлгісінің негіздері және қанаттық құрылғылардың схемаларын;

ерекше күрделі қоршаулармен дәнекерленген конструкциялардың конструктивті және технологиялық түр өзгертулерінің азаю тәсілдерін, мөлшерлері мен себептерін;

КСРО Тізілімінің және Мемтехқадағалаудың талаптарының негізгі ережелерін;

автоматтандырылған негізгі қондырғыларды пайдалану бойынша нұсқаулықтарды, монтаждауға техникалық шарттарды, құрылымы мен жұмыс істеу қағидасын;

швартты және қозғалғыш сынаулардың бағдарламасын;

кеме, бу қазандарының, бу немесе газ турбиналарының дизельдерін реттеу ережесін;

негізгі кеме механизмдерінің автоматтандырылған жүйелерінің жұмыс істеу қағидасын және құрылысын, жылу техникалық сипаттамаларын алуды; арнайы мақсаттағы жылу айырбастау аппараттарының құрылысы мен әрекет ету қағидасын;

өндірістің технологиялық процестері мен режимдерін;

жылу техникасымен, механикамен және электротехникамен байланысты механизмдердің жұмысындағы ақауларды анықтау тәсілдерін;

негізгі еспелі электр қозғалтқыштардың, электр қозғалыс қалқандары және басқару аппаратурасы бар генераторлардың жұмыс істеу қағидасын; қолданылатын арнайы аспаптардың құрылымын және оларды жөндеу, реттеу ережесін;

бақылау- өлшеу аспаптарын;

ерекше күрделі бұйымдар мен қондырғыларды дайындау, жинау, өңдеу, монтаждау және сынау тәсілдерін;

сынау нәтижелері бойынша формулярларды және қабылдау – тапсыру құжаттамасын ресімдеуді.

70. арнайы орта білім қажет.

71. Жұмыс үлгілері:

1) 300 мм артық цилиндр диамтерімен кеме дизельдерінің, негізгі қазандардың автоматикасы - монтаж, реттеу, жөндеу мен швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасы бойынша әрекетте тапсыру сапасын бақылау;

2) ірі кемелердің ахтерштевеньдері – осьтік білік құбырлар бойынша орнатуды және ортаға дәл келтіруді бақылау;

3) ірі габаритті кемелердің шеттерінің блоктары - орнатуды бақылау;

4) бу шығаратын және бу турбиналық қондырғылардың блоктары- цехте және кемеде құрастыру мен монтаждауды операция бойынша бақылау;

5) біліктер; тірек, аралық, еспелі және еспелі бұрандалар, дейдвудты, мортир төлкелері, конусты сақиналар, еспелі бұрандалардың айнала ағушылары, негізгі тіреу мойын тіректер, 500 мм жоғары білік диаметрі кезінде нығыздаулар- швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасы бойынша әрекетте жөндеу, монтаждау, ортаға дәл келтіру және тексеру сапасын бақылау;

6) негізгі қозғалтқыштар: бу турбиналық, газ турбиналы және дизельді; ажыратылған түрде түсетін негізгі механизмдер; негізгі турботісті агрегаттар – жөндеу, құрастыру, монтаждау, ортаға дәл келтіру және швартты және қозғалғыш сынаулар бағдарламасы бойынша әрекетте беру сапасын бақылау;

7) механикаландырылған люкті жабулар- сынауларды тығыздыққа бақылау;

8) еспелі біліктердің кронштейндері және ірі кемелердің мортирлері- өңдеп қашауға белгілеуді бақылау;

9) еспелі біліктердің кронштейндері және ірі кемелердің мортирлері- оптикалық әдіспен орындалатын жарықтық сызықты тесу және қалыпты тексеруді бақылау;

10) азықты бақылағыштың, «бульбаның» табақтары еспелі біліктердің бұрамы ірі габаритті - дайындауды, орнатуды, түзетуді бақылау;

11) еспелі бұрандалардың саптамалары – орнатуды, тексеруді бақылау;

12) қоспаланған болаттардан күрделі конструкциялы құралдардың айнала ағушылары – жинау және түзетуді бақылау;

13) тұрақтандырушы бағаналардың секциялары, қиғаштар, балқымалы бұрғылау қондырғыларының байланыстары және кемелердің корпустары- орнату және тоғыстыруды бақылау;

14) операция столдары – дайындауды бақылау;

15) бортты траптар – дайындау мен орнатуды, тексеруді, жөндеуді бақылау;

16) жоғары берік болаттар мен қорытпалардан ерекше күрделі конструкциялы рульдеуші және қанатты құрылғылар – дайындау, орнату, тексеру, жөндеуді бақылау.

5. Кеменің қазаншысы
Параграф 1. Кеменің қазаншысы, 2-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы.

қазандардың қарапайым тораптарын, шаблон, үлгі және бөлшекті сызбалар бойынша тік жиекті бөлшектерді белгілеу, станоктарда бөлшектерде және тораптарда тетік бұрғылау, жауаптылықты талап етпейтін бөлшектерде және қазан тораптарында бұранда ою кезінде құрау және жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау;

қаңылтыр металдардан жасалған тік әзірлемелерді және бөлшектерді, тік бұрыштан профильді металды пресс - қайшыларда кесу;

қаңылтырдан жасалған және профидьді металдардан жасалған бөлшектердің жиектерін кесу;

құбыр кесетін станоктарда белгі бойынша кесу;

қайнататын құбырларды алғаннан кейін құбыр торларын тазарту;

төменгі жағдайда төмен легирленген және жеңіл легирленген, күкірттен жасалған бөлшектерді және жауапкершілікті талап етпейтін тораптарды құрау кезінде жылу кесу, электрлі іліп алу, пневматикалық кесу;

тойтару кезінде тойтармаларды жылыту;

құбыр, бөшке, кеме қазандарының коллекторларының беттерін тазарту,

біліктілігі жоғары кеме қазаншысының басшылығымен булы қазандардың күрделі бөлшектерін және тораптарын құрау және жөндеу, өңдеу бойынша жұмыстарды орындау.

73. Білуге тиіс:

кеменің булы қазандарының құрылысы және жұмыс принципі жайлы жалпы мәліметтерді;

булы қазандардың негізгі арматураларының белгіленуі және орналасуын;

қазан тұрғызуда қолданылатын материалдардың және құбырлардың негізгі маркаларын;

үлгі және сызба бойынша қарапайым бөлшектерді және тораптарды белгілеу ережесін;

көп таралған арнайы құрылғыларды және бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуін және қолданылу талаптарын;

қазан құбырларын, өңдеу бойынша орындалып жатқан жұмыстарға, құрауға, жөндеуге, түзетуге қойылатын техникалық талаптарды; электр дәнекерлеу негіздерін;

пресс қайшыларда, бұрғылайтын станоктарда жұмыс істеу ережесін; қазандардың және құбырлардың беттерін тазарту; қазандарды жөндеуде қолданылатын оқшаулы, төсемді және бекіту бұйымдарын;

қарапайым сызбаларды оқу ережелерін, өңдеудің кедір-бұдыр параметрлері, квалитеттері, қондыру және рұқсатнама жайлы жалпы мәліметтерді.

74. Жұмыс үлгілері:

1) кірпіш қалауларын бекіту болттары және қазандарды оқшаулау – гайкаларды бұрау, тесу;

2) түтін құбыры және қазандардың түтін құбырлары – тазарту, ауамен, бумен үрлеу;

3) тойтармалар – қалқаншаларын кесу, қағу;

4) түтін құбырлардағы газды (шибер) қалқалағыштар - бөлшектеу,ажырату;

5) каркастар, оқшаулауышты қаптайтын қалқандар, алынатын қалқандар және қазандарды оқшаулаушы қаптамалар – бөлшектеу;

6) кництер, жолақтар, планкалар, төсемдер – плитада қолмен түзету, үгіту, жиектерді қолдан тазарту;

7) қазандардың коллекторлары – ішкі тазалау және жуу;

8) кеме қазандары – оттықтан және фронттан оқшауларды түсіру;

9) кеменің қосалқы қазандарының дүрсілдететін камераларының футеровкалау;

10) табандықтар – бөлшектеу;

11) қаңылтырлы және профильлді болат – шаблон бойынша белгілеу, пресс-қайшылармен кесу;

12) қазан құбырлары – қазандардан бөлшектеуден кейін шығару, механикалық тәсілдермен тазарту;

13) қазан құбырлары – механикалық тәсілмен әзірлемені кесу, ауамен үрлеу, қатар бойынша жинақтау, таңбалау.

Параграф 2. Кеменің қазаншысы, 3-разряд


75. Жұмыс сипаттамасы.

үлгі және шаблон бойынша орташа күрделі қазандардың бөлшектерін және тораптарын белгілеу, қазандардың бөлшектеріндегі және тораптарындағы тетіктерді тесу, қашау және үңгіштеу;

гильтонды қайшылармен және пресс-пышақтармен қаңылтырларды кесу;

вальцтарда қаңылтырлар мен бөлшектерді түзету;

қисық жиектерді кесу және қаңылтыр және профильді металдардан жасалған бөлшектер фаскаға арналған жиектерді кесу;

жүйелі барлық қазандарда мұржаларды және су жылытатын құбырларды бөлшектеу;

кесік құбырларды өңдеу;

барлық жүйелі құбырлы торларындағы тетіктерді тазарту;

қазандардың және коллекторлардың гарнитурасын бөлшектеу;

түтіндік люктерінің қақпақтарының нығыздаушыларын ауыстыру;

сілтілеу, буландыру, қайта консервациялау және қазандарды консервациялау;

жылытып кесу, электрлі ілестіру, барлық кеңістік жағдайындағы көміртекті, аз легирленген және легирленген болаттан жасалған бөлшектерді және тораптарды құрау кезінде пневматикалы кесу;

қазандарды гидравликалы сынақтарға даярлау;

отқа төтеп беретін ерітінділерді даярлау;

құбырларды станокта майыстыру жұмыстарын орындау және диаметрі үштен астам майысу радиусын жылытумен, қалыңдығы 6 мм астам қаңылтыр металдан жасалған цилиндрлы ернеушелерді жаншығыштарда және престерде майыстыру;

1000 мм биіктіктегі профильді салқын және ыстық күйінде майыстыру;

біліктілігі жоғары кеме қазаншысының басшылығымен құбырлы жүйені дайындау бойынша, жалпы құрастыруды және кеме қазандарын сынау бойынша жұмыстарды орындау.

76. Білуге тиіс:

суқұбырлы қазандардың құрылымы және жұмыс принцпін;

қазандар гарнитураларының белгіленуін және орналасуын;

қазандарды даярлауда қолданылатын негізгі қаңылтырлы және профильді металл және құбырлардың сортын;

қазан тұрғызуда қолданылатын күкіртті болаттың механикалық құрамы мен химиялық құрамын;

орташа күрделі бөлшектер және тораптарды сызба, үлгі және шаблондар бойынша белгілеу ережелерін;

қарапайым қашауларды тұрғызу тәсілдері мен ережелерін;

орындалып жатқан жұмыстардың кедір-бұдыр параметрлері, рұқсатнамалары, қондырулар және дәлдік квалитеттерін;

қазандарды консервациялау және қайта консервациялау бойынша орындалып жатқан жұмыстардың техникалық талаптарын;

қазан құбырларын және қаңылтырдан жасалған цилиндрлы ернеушелерді майыстыру техникалық талаптарын;

цехтың барлық станоктарында және жабдықтарында жұмыс істеу ережесін;

отқа төтеп беретін ерітінділерді даярлау тәсілдерін;

нығайтылған қазан жүйелерін орнату тәсілдерін;

орташа күрделі сызбаларды оқу ережелерін;

КСРО тізімінің және Қазандықты қадағалау инспекциясының қысым астында жұмыс істейтін қазан мен ыдыстарды жөндеу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптарын;

қолданылатын арнайы құрылғылардың құрылымы мен белгіленуін; өлшеу құралдарын.

77. Жұмыс үлгілері:

1) кірпіш қалауларды бекіту болттары және қазандарды оқшаулау – белгілеу бойынша орнату;

2) пеш жағатын жердегі пеш көмейлер – кірпіш қалауларын қайта қалпына келтіру, пеш көмей орындықтарын даярлау және орнату;

3) жағатын қазандардың гарнитурасы (есіктер, көлденеңдіктер, оттық) – орындары бойынша қиыстырып орнату.

4) қосалқы қазандардың коллекторларының гарнитурасы – келесі құрастыруға сақтай отырып бөлшектеу;

5) қазандардың үрлемелі қиын құрылғыларының диффузорлары - бөлшектеу, жөндеу, орнату;

6) құбырлы тақтайлар – бөлшектеу;

7) мұржалар және компенсаторлармен түтін құбырлары – бөлшектеу;

8) газды қалқалағыштар (шиберлар) – даярлау, жөндеу, орнату;

9) лазды қалқалағыштар және лаздардың, коллекторлардың, мұржалардың қақпақтары – бөлшектеу;

10) түтін құбырларындағы мұржалардың компенсаторлары – бөлшектеу;

11) негізгі және қосалқы қазандар – тазарту, күкірттеу, булау;

12) жағылатын, секциялы қазандар – секцияларды ауыстыру, бөлек тораптарды және бөлшектерді жөндеу;

13) үстемелеушілер– тігу, орнату;

14) 10 мм дейін қалыңдықтағы жолақтар, диаметрі 20 мм дейін шыбықтар, бұрыштар – түзету, майыстыру;

15) экономайзерлердің секциялары – бөлшектеу;

16) кеменің суқұбырлы қазандарының оттығы – фронттарға асбестті орнату;

17) жағатын құбырлар – ыстық тәсілмен қайта консервациялау, құбырлардың шеттерін тазарту және фрезерлеу, консервациялау;

18) форсунды, күйені үрлейтін құрылғылар - бөлшектеу.

Параграф 3. Кеменің қазаншысы, 4-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы.

сызба, үлгі және шаблондар бойынша қазандардың күрделі бөлшектерін және тораптарын белгілеу;

қазандарды, 1,5 МПа (15 кгс/см² дейін) дейін қысым астында жұмыс істейтін гарнитураларды даярлау мен жылу алмастыру аппараттарын құрау, жөндеу және гидравликалық сынау;

түтін шығатын және іс жылытатын құбырларды орнатып және қайта жаншу;

коллектор торларынан жасалған құбырлар шеттерін қағымдау; бу жылытқыштардың иір түтіктерін белгілеу және орнату;

бөлшектерді, тораптарды тойтару мен біріктіріп кесу және сынақ кездерінде ақаулықтарды жою;

қысқа анкерлі байланыстарды ауыстыру;

дәнекерлеуге орнатылған байланыс құбырларын және бойлық байланыстарды ауыстыру;

бөлшектерді даярлау және қазандардың тұтату фронттарын құрастыру; қосалқы қазандар коллекторларының гарнитурасын даярлау және құрастыру;

орташа күрделі отқа төтеп беретін жұмыстарды орындау;

дәнекерлеу тігістерінің жауапты бөлшектерін және ақаулы орындарының жиектерін кесу;

майысу радиусы екіден үшке дейін диаметрлі, жылытылған құбырларды станокта майыстыру кезінде, қалыңдығы 6 дан 12 мм дейін цилиндрлы және коникалы дұрыс формалы жанышқыларда және престерде қаңылтырларды майыстырғанда, ыстық күйінде де майыстырғанда және қорапты дұрыс формалы қаңылтырларды жергілікті ысыту көмегімен, профильдерді ыстық және салқын күйінде майыстырғанда: 50х50 ден 100х100 мм дейін бұрыштарды, 100 дейін 160 мм биік профильдерді станоктарда және қолдан майыстыру жұмыстарын орындау;

құбырлы жүйені даярлау, жалпы құрастыру, 10 МПа (100 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін химиялық аппараттарды құрастыру және сынау.

79. Білуге тиіс:

әртүрлі қазандардың және жылу алмастыру аппараттарының құрылымы мен жұмыс принцпін;

10 МПа (100 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін қазандарға, жылу алмастыру аппараттарына және химиялық аппараттарға қойылатын талаптарды, сызба, үлгі және шаблондар бойынша күрделі бөлшектерді және тораптарға қойылатын талаптарды;

күрделі қашаулардың тәсілдері мен құрылым ережелерін;

қазандық құбырларын майыстыруға, жөндеуге, құрастыруға және қазандарды оқшаулауға қойылатын талаптарды;

өңделіп жатқан бөлшектерге және бұйымдарға рұқсатты және әдіптеу жүйелерін;

қазан құрауда қолданылатын болаттардың құрамын;

кесулердің барлық түрлерін және оларды пайдалану салаларын;

қазандарға арналған құбырларға қойылатын негізгі талаптарды және оларды сынаудың механикалық тәсілдерін;

өңдеудің дәлдік және кедір-бұдыр квалитеттерін;

дәнекерлеу ақауларының негізгі түрлері, олардың алдын алу және жою тәсілдерін;

қазандықтарды айналдыра қалау және футерлеу тәсілдерін;

дәлме-дәл бақылау-өлшеу құралдарын және қажетті құрылғылардың белгіленуі мен қолдану талаптарын;

күрделі сызбаларды оқуды;

1,5 МПа (15 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды және 10 МПа (100 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін химиялық аппараттарды құрастыруға, жөндеуге және сынауға қойылатын КСРО тізімінің және Қазандықты қадағалау инспекциясының негізгі талаптарын.

80. Жұмыс үлгілері:

1) қосалқы қазандардың коллекторларының гарнитурасы – даярлау, жөндеу,құрастыру;.

2) компенсаторлары бар мұржалар және түтін құбырлары, қосалқы қазандардың түтін мұржаларына шатырлар – даярлау, жөндеу, орнату;

3) қайнатпа коллекторлар бұқтырмалары – коллекторлардан қағып шығару;

4) қосалқы қазандар – куәландыруға даярлау;

5) коллекторлардағы жапсырмалар – тігу, тойтарма астына орнату, тойтару;

6) қосалық қазандарды футерлеу – жөндеу, кірпіш құрастыруларды қайта орнына келтіру;

7) табандықтар – даярлау, орнату;

8) қазан құбырлары – құбырлы торлардан жиектерді тесу;

9) байланыс құбырлары – дәнекерлеу үшін орнату;

10) сервоматормен және жетекпен сұйық май астына ауа жіберетін құрылғы - бөлшектеу;

11) күйе үрлейтін құрылғы - жөндеу, құрастыру, монтаж, реттеу, жұмысқа тапсыру;

12) жағатын қазандардың құрылысы – даярлау, жөндеу, орнату;

13) форсунды қазандардың құрылымы – жөндеу;

14) қазан фронты бойынша қалқандар және қақпақтар, коллекторларды, қаптарды, қақпақтар, қалқандарды қаптау – жөндеу, даярлау, орнату;

15. түтінді және жылу жәшіктері – даярлау, жөндеу, орнату;

Параграф 4. Кеменің қазаншысы, 5-разряд
81. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі әрі дәлме-дәл қазанның бөлшектерін және тораптарын белгілеу және қашау;

коллекторлардың корпустарын даярлау және жөндеу, құбыр торларында тетік тесу;

бу жылытқыштардың иір түтіктерін белгілеу және орнату, барлық құбырлы жұмыстарды орындау, гидравликалық сынақ, 1,5 –ден 3,0 МПа дейінгі (15 ден 30 кгс/см² дейінгі) жоғары қысым астында жұмыс істейтін қазандарды тойтару және соғу;

қиын алынатын орындардағы құбырларды және коникалы, шарнирлы және басқа да тапсырыстармен арнайы құралды пайдаланып кіші диаметрлі коллекторларды қайта жаныштау;

негізгі қазандардың коллекторларының гарнитураларын даярлау және құрастыру;

кескіндерді кесу және байланыс құбырлары мен бойлық байланыстарды орнату;

3,0 МПа (30 кгс/см² дейін) дейін қысым астында жұмыс істейтін қазандарды бумен сынау;

майысу радиусы екіден үшке дейін диаметрлі, жылытылған құбырларды станокта майыстырған кезде қалыңдығы 12 мм жоғары цилиндрлы және коникалы, қалыңдығы 12 мм дейін бұрыс формалы жанышқыштарда және престерде қаңылтырларды майыстырғанда, ыстық күйде майыстырғанда және қорапты дұрыс формалы қаңылтырларды жергілікті ысыту көмегімен профильдерді ыстық және салқын күйінде майыстырғанда: 100х100 мм астам бұрыштарды, 160 мм астам биік профильдерді станоктарда және қолмен майыстыру жұмыстарын орындау;

құбырлы жүйені даярлау, жалпы құрастыру, 10 нан 30 МПа дейін (100 ден 300 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін химиялық аппараттарды құрастыру және сынау;

оттың камераларын және ыстық құбырларды түзету;

1,5 МПа (15 кгс/см² дейін) жұмыс қысымымен суқұбырлы қазандарды, 10 м2 дейін жылу беттері бар от құбырлы қазандарды, жылытатын қазан агрегаттарды дефектациялау.

бригадаға басшылық ету.

82. Білуге тиіс:

1,5 дейін 3,0 МПа (15 жоғары 30 дейін кгс/см²) жоғары қысым астында жұмыс істейтін қазандардың және ыдыстардың конструкциясын, жұмыс принциптерін;

күрделі әрі дәлме-дәл бөлшектерді және тораптарды белгілеу және қашау тәсілдері мен ережелерін;

күрделі және жауапты бөлшектерді жанышқыларда және престерде майыстыру тәсілдерін;

1,5 дейін 3,0 МПа (15 жоғары 30 дейін кгс/см²) жұмыс қысымы астында қазандарды және ыдыстарды жөндеу және құрастыруға қойылатын техникалық талаптарды;

қазандарға құбырларды орнату тәсілдері мен ілеспелілігін;

кемінде екі диаметр майысу радиусымен қазан құбырларын майыстыруға қойылатын техникалық талаптарды;

1,5 дейін 3,0 МПа (15 жоғары 30 дейін кгс/см²) жұмыс қысымымен тораптар мен қазандарды сынаудың барлық түрлерін;

кеме қазандарына қолданылатын төсеу және оқшаулау материалдарының маркалары мен қасиеттерін, дәнекерлеген және тойтарған кезде ақаулардың пайда болу себептерін, күрделі тораптарды және конструкцияларды түзету тәсілдерін;

от камераларын және бу құбырларын түзету тәсілдерін;

күрделі тексеретін құралдарды және құрылғыларды пайдалану ережелерін;

1,5 тен 3,0 жоғары МПа (15 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін қазандар мен ыдыстарды және 10 нан 30 МПа (100 ден 300 кгс/см² дейін) қысым астында жұмыс істейтін химиялық аппараттарды құрастыруға, жөндеуге және сынауға қойылатын КСРО тізімінің және Қазандықты қадағалау инспекциясының негізгі талаптарын.

83. Жұмыс үлгілері:

1) негізгі қазандардың коллектураларының гарнитурасы – даярлау, жөндеу, құрастыру;

2) диаметрі 1000 мм дейін, қалыңдығы 12 мм астам сфералық түптер – даярлау, тігу;

3) компенсаторлары бар мұржалар және түтін құбырлары, қосалқы қазандардың түтін мұржаларына шатырлар – даярлау, жөндеу, орнату;

4) лазды қалқалағыштар және лаздардың қақпақтары – жөндеу, даярлау, құрастыру;

5) жылу алмасу аппараттарының иір түтіктері– көпқабатты қақпалау;

6) қаптамалардың және фронтты қазандардың қаптары - жөндеу, құрастыру;

7) 3,0 МПа (30 дейін кгс/см²) қысым астында жұмыс істейтін суқұбырлы қазандардың коллекторлары – жөндеу, даярлау, қозғалмалы және қозғалмайтын тіреуіштерді ауыстыру;

8) негізгі және қосалқы суқұбырлы қазандардың диаметрі 500 мм дейін және қалыңдығы 12 мм дейін коллекторлары – құрау, құбырлы тетіктерде жырашықтарын кесу;

9) 3,0 МПа (30 дейін кгс/см²) қысым астында жұмыс істейтін қазандардың қораптары – даярлау, құрастыру;

10) жоғары тегеурінді қазандар - компенсаторларды ауыстыру;

11) негізгі қазандар - куәландыруға дайындау;

12) ыстық қазандар – корпуспен роторды нығыздауды жөндеу;

13) 1,5 тен 3,0 МПа (15 тен 30 дейін кгс/см²) қысым астында жұмыс істейтін кеме қазандары және коллекторлар - мұржаларды орнату, қайта жаныштау, өлшемі бойынша кесу, құбырлы торларда тетіктерді қашау;

14) мультициклондар, жеңіл тазарту сүзгілері және майтұрғыштар - жөндеу (конустарды ауыстыру);

15) сервоматормен және жетекпен сұйық май астына ауа жіберетін құрылғы - даярлау, жөндеу, құрастыру;

16) форсунды қазандардың құрылымы – форсунды тағандармен форсундарды құрастыру, диффузор бойынша орталықтандыру;

17) жоғары тегеурінді қазандардың V- тәріздес қалқандары - даярлау (жаңғыртумен), құрастыру.

Параграф 4. Кеменің қазаншысы, 6-разряд


84. Жұмыс сипаттамасы:

12 мм астам қалыңдықтағы сфералық бұрыс формалы қаңылтырларды майыстырған кезде, өте күрделі кеме қазандары мен агрегаттарын жөндеген және құраған кезде, қазандардың суқұбырлы коллекторларын ауыстырғанда құбыр қою жұмыстарын орындау;

өте күрделі және жауапты тораптар мен бөлшектерді белгілеу және қашау, бу жылытқыштардың иір түтіктерін орнату және белгілеу, гидравликалық сынақтар, 3,0 МПа (30 кгс/см2 жоғары) астам қысым астында жұмыс істейтін қазандар тораптарын тойтару және соғу;

сынау кездерінде ақауларды табу және түзету;

1,5 МПа. (15 кгс/см2 ден) жоғары қысым астында жұмыс істейтін суқұбырлы қазандарды, от құбырлы 10 м2 жоғары қызу беттерді дефектациялау; отты камераларды және булы құбырларды ауыстыру;

күрделі конфигурациялы тәжрибелі қазандарды құрау және сынау;

құбырлы торлардың қалыптарын шешу;

техникалық талаптарға сәйкес 3,0 МПа (30 кгс/см2 жоғары) қысым астында жұмыс істейтін қазандарды және ыдыстарды булы сынау;

құбырлы жүйелерді даярлау, 30 МПа (300 кгс/см2 жоғары) қысым астында жұмыс істейтін химиялық аппараттарды жалпы жинау, құрастыру және сынау; бригадаға басшылық ету.

85. білуге тиіс:

3,0 МПа (30 кгс/см2) жоғары қысым астында жұмыс істейтін өте күрделі қазан құрылғыларын және аппараттардың құрылымын, жұмыс принцпін және пайдалану ережелерін;

3,0 МПа (30 кгс/см² жоғары) қысым астында жұмыс істейтін өте күрделі қазан құрылғыларын, аппараттарды құрау, жөндеу және сынауға қойылатын техникалық талаптар, отты камераларды, бу құбырларын, құбырлы торларды және коллекторларды ауыстыру тәсілдерін;

өте күрделі және жауапты тораптарды белгілеу және қашау тәсілдерін;

ақаулардың пайда болу жолдарын;

өте күрделі және жауапты тораптарды және қазан элементтерін түзету тәсілдерін;

кеме қазандарына қолданылатын болат және қорытпалардың механикалық қасиеттері мен өңдеу ережелерін, кез-келген жүйелі қазандарды құрау және сынауға арналған қажетті құрылғылар мен аспаптардың белгіленуі мен конструкциясын.

86. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 1000 мм жоғары сфералық түптер, қалыңдығы 12 мм жоғары – даярлау, тігу;

2) қорғаныс қақпақтары - бу астында реттеу;

3) 3,0 МПа (30 кгс/см2 жоғары) қысым астында жұмыс істейтін су құбырлы қазандардың коллекторлары - жөндеу, даярлау, қозғалмалы және қозғалмайтын тіреулерді ауыстыру;

4) диаметрі 500 мм жоғары және қалыңдығы 12 мм су құбырлары қазандарының негізгі және қосалқы коллекторлары – құрау, құбыр тетіктерінде ойықтар кесу;

5) 3,0 МПа (30 кгс/см2 жоғары) қысым астында жұмыс істейтін қазандардың қораптары - даярлау, құрастыру.

6) 3,0 МПа (30 кгс/см2 жоғары) жоғары қысым астында жұмыс істейтін кеме қазандары, коллекторлары – құбырларды орнату, қайта жаныштау, өлшемі бойынша кесу, құбыр торларында тетік бұрғылау;

7) күрделі конфигурациялы экспериментті қазандар және тәжрибелі қазан агрегаттары – құбырлы жүйені даярлау, жалпы құрау, сынақтарды құрастыру, тапсыру;

8) жоғары тегеурінді қазандар – корпусты құрау, қанықтыруды құрастыру, қаптаманы газ өткізбеушілікке сынау;

9) су мөлшерлейтін құралдарға келте құбырлар – су көрсеткіш деңгейін тексеріп оларды майыстыру.

10) Жоғары тегеурінді қазандардың келте құбырлары– құрау, орнату, орталықтандыру, сынау;

11) газтазалағыш құрылғылар – жөндеу, жинау,құрастыру.

6. Құрғақ докты қондырғылардың машинисті
Параграф 1. Құрғақ докты қондырғылардың машинисті, 2-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы.

көлденең және тік орталық сорғыларды және 3000 м3/сағ жалпы өндіріс құбырларын баптау;

насостарды және басқа механизмдерді қосу және тоқтату;

кемелер докта тұрған кезде док табандықтарының қабылдағыштарынан тазартылған суды шайқау;

арматураларды, құбырларды және біліктілігі жоғары машинисттің басшылығымен 3000 м3/сағ өнім беретін соғыларды жөндеу, бөлшектеу және консервациялау;

журналға жазу.

88. Білуге тиіс:

ботопорттардың және докты шахталардың орталықтандырылған және поршенді сорғыларының құрылғылары жайлы негізгі мәліметтерді; құбырлардың сызбасын;

клинкеттердің орналасуы және белгіленуі;

докты толтыру ережесі;

бақылау-өлшеу құрылғыларының белгіленуі;

ботопорттарды және жабдықтарды пайдалануда қолданылатын майлайтын материалдар.

Параграф 2. Құрғақ докты қондырғылардың машинисті, 3-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы.

көлденең және тік орталықтанған сорғы түрлерін және 3000 дейін 10000 м3/сағ жалпы өнім өндіретін құбырларды және бір докты шахтаның және ботопорттың жабдықтарын баптау;

докты жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және жою;

кемелер докта тұрған кезде доктың табандықтарының қабылдағыштарынан тазартылған суды шайқау;

құбырлардың арматурасын, докты шахталардың жабдықтарын, 3000 м3/сағ өнім өндіретін ботопорттарды және сорғыларды жөндеу, бөлшектеу және консервациялау;

доктарға су құю, ботопорт орнына көтеру және қою, бұру және шварттау, галерея жүйесіне қосу және біліктілігі жоғары машинисттің басшылығымен кептіру;

пайдалану құжатнамасын жүргізу;

док операциясы кезінде механизмдердің толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

90. Білуге тиіс:

докты шахталардың және ботопорттардың орталықтанған және поршенді сорғылардың жұмыс ережелерін;

құбырлардың құрылымын;

әртүрлі жүйенің клинкеттердің құрылымы мен жұмыс принцпін;

бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс принцпін;

ботопорттардың жүзу және орнығу ережелерін, оларды бұру және арқандап байлауды;

докты шахталардың және ботопорттардың механизмдерін баптау және пайдалану нұсқаулықтарын;

апатты нұсқаулықтары бойынша міндеттерді;

ботопорттарды және жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылатын майлы және басқа материалдарды шығындау нормасын; жабдықтардың жұмысындағы ақаулар және оларды жою тәсілдерін.

Параграф 3. Құрғақ докты қондырғылардың машинисті, 4-разряд


91. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі 10000 до 15000 м3/сағ көлдеенең және тік орталықтанған сорғыларды түрлерін және екі түрлі докты шахталы және ботопортты жабдықтарды баптау;

докты жабдықтың жұмысындағы ақауды табу және жою;

докты суға толтыру, оларды ботопорттың штатты орындарына көтеру және қою, оларды бұру және арқандап байлау;

галерея жүйесіне және докты кептіруге ауыстырып қосу;

біліктілігі жоғары машинисттің басшылығымен докты шахталардың жабдықтарына, ботопорттарға және сорғыларға орташа жөндеу жұмыстарын жасау;

док операциясы кезінде механизмдердің рационалды жұмыс істеу режимдерін қамтамасыз ету.

92. Білуге тиіс:

гидравлика және механика, өнімділігі 15000 м3/сағ дейінгі сорғылардың кинематикалық сызбасы, доктардың құрылымы жайлы қарапайым мәліметтерді; барлық жүйелі ботопорттардың және құрғақ доктардың өзі жүретін докты жапқыштарының белгіленуі, құрылымы және жұмыс принцпін;

қорғаныс құрылғыларын;

техникалық пайдалану құжатнамасын;

ботопорттардың бөліктеріндегі судың қажетті деңгейін;

тексеру өткізу, куәландыру және ботопорттарды доктау мерзімдерін;

жабдықтарды жөндеу уақытын.

Параграф 4. Құрғақ докты қондырғылардың машинисті, 5-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет