Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


§ 31. БАЙЛАНЫСТЫ ( СЫҒЫМДАУ) ДӘНЕКЕРЛЕУ МАШИНАСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ



бет13/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
§ 31. БАЙЛАНЫСТЫ ( СЫҒЫМДАУ) ДӘНЕКЕРЛЕУ МАШИНАСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық және тез кесетін болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Бөлшектерді, валдарды, штоктарды понршеньдермен үйкеумен пісіру. Күрделі құймалардағы өскіндерді, қатпарлар мен құймашаларды ВЭКР қондырғыларында кесу.

Білуге тиіс: қолданылатын контакті машиналарының құрылымын; пісіру технологиясы негіздерін және пісірілетін бөлшектерге қойылатын технологиялық тараптарды; пісіру кезіндегі ақау себептерін; пісірме жік сапасын бақылау тәсілдерін; пісірілетін конструкция сызбасын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Платина-титан анодтар – пісіру.

2. Жолаушылар вагондарының бүйірлері, төбесі , едені және рамасы – пісіру.

3. Букс болттары мен вагон және тендер арбасы бөлшегі – пісіру.

4. Жолаушылар вагондарының қорғасынды ауа жолдары, қарапайым каркастары мен торлары – пісіру.

5. Жиынтықты бекіту бөлшектері – пісіру.

6. Автомобиль радиаторларының капоты, жалюздері мен қанатшалары – пісіру.

7. Ескі каркастары мен қаптамалары – пісіру.

8. Автомобиль қозғағышы маховиктерінің тіс сақиналары – пісіру.

9. Конденсаторлар, рейкалар, торшалар мен басқа да радиобөлшектері – пісіру.

10. Трансформатор мен автомобиль аккумуляторларының кронштейндері – пісіру.

11. Автосамосвал қораптары – пісіру.

12. Кеме жиһазы – пісіру.

13. Сұрыптық және профильді метал – пісіру.

14. Таза материалдардан жасалған панельдер – пісіру.

15. Автомобиль кабинасы алдыңғы шынысының рамасы – пісіру.

16. 30х30 кв. мм. жоғары кескілі тік бұрышты кескілер – пісіру.

17. Сумен жабдықтау және жылу сыртқы және ішкі желілері трубалары – пісіру.

18. Технологиялық трубақұбырлары (5-санаттағы) – пісіру.

19. Қол тежегіш тартпасы – пісіру.

20. Велосипед тораптары – пісіру.

21. Диаметрі 30 мм. жоғары дөңгелек материалдан жасалған шынжырлар - пісіру.

22. Дән мен сабақ шнектері – пісіру.
§ 32. БАЙЛАНЫСТЫ ( СЫҒЫМДАУ) ДӘНЕКЕРЛЕУ МАШИНАСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған әртүрлі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларын, құралдарды контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құрамдас кесу құралын үйкеумен пісіру.

Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын; пісірілетін материалдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін контакті машиналарының принципті және монтаждық электр сызбасын оқу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Майлар мен жанармай сұйықтарға арналған және отынның арнаулы нысандағы бактар – пісіру.

2. Дән бункерлері – пісіру.

3. Оталғш бастары, реттығын стойкалары, маятниктер, реттығын және тежегіш тартпалары – пісіру.

4. Каркастар мен арнаулы торлар – пісіру.

5. компрессор корпусы қатаңдық сақиналары – пісіру.

6. Автомобиль кронштейндері, аяқпен басқару педальдары және радиатор рамкасы – пісіру.

7. Муфталар-труба ұштарына пісірмелер – пісіру.

8. Кеаме корпусы бойлық байламалары – пісіру.

9. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) дейінгі бу қазандарының труба элементтері – пісіру.

10. Газбен қамтамасыз ету төмен қысымды сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – пісіру.

11. 3 және 4 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (3 және 4 санаттағы) – пісіру.

12. Ұшақ қанаттары мен шасси тораптары – пісіру.

13. Электромеханикалық сүзгілер – пісіру.

14. Аз магнитті болаттан жасалған зәкір шынжырлары – пісіру.

15. Автосамосвалдардың гидравликлық көтергіш цилиндрлері – пісіру.

16. Шпангоуттар – пісіру.

17. Метал кесетін станок электршкафтары – пісіру.


§ 33. БАЙЛАНЫСТЫ ( СЫҒЫМДАУ) ДӘНЕКЕРЛЕУ МАШИНАСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі болаттан, түсті металдардан, құймалардан, метал емес материалдардан жасалған күрделі конструкциядағы бұйымдарды, тораптарды, конструкциялар мен сыйымдылықтарды, контактілі және нүктелік машиналарда пісіру. Құлыптарды трубаларға үйкеумен пісіру.

Білуге тиіс: әртүрлі контакті машиналарының құрылымын, кинематикалық сызбаларын, пневматикалық құрылымы мен электрлі басқару сызбаларын; қосуды реттеу аппаратурасының құрылымын; пісіру режимін анықтау принципін; пісірмен жіктерді бақылау және сынау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Тұтас метал жолаушылар вагондарының қорап бүйірі мен қақпақтары – пісіру.

2. Шпангоут бұтақтары – пісіру.

3. Алюминий құймаларынан жасалған желім пісіру конструкциялары (корпус аралықтары, платформалар, шпанглуттер, панельдер, палубалар мен қондырмалар) – пісіру.

4. Ұшақ қанатының консольдері – пісіру.

5. Арнаулы нысандағы ірі габариттік панельдер – пісіру.

6. Пантондар – пісіру.

7. Ауа радиаторлары – пісіру.

8. Барлық үлгідегі рельстер – пісіру.

9. Рессиверлер – пісіру.

10. Ұшақтар: қанат және фюзеляж қаптамасы – пісіру.

11. Стабилизаторлар – пісіру.

12. Автомобиль шассилерінің траверстері – пісіру.

13. Газбен қамтамасыз ету орта және жоғары қысымды сыртқы желілерінің труба құбырлары – пісіру.

14. 1 және 2 санаттағы (топтағы) технологиялық труба құбырлары мен су және бу труба құбырлары (1 және 2 санаттағы) – пісіру.

15. Арматура фермалар – пісіру.

16. Напор трубаларына арналған цилиндрлер – пісіру.

17. Қысымы 4,0 МПа (38,7 атм) жоғары бу қазандарының труба элементтері – пісіру

Ескерту. Өзінің меншікті қоректендіру көздерінен дала жағдайында жұмыс істейтін өздігінен жүретін, жік пісіру машиналарында жұмыс істеу кезінде жұмыстар бір разрядқа жоғары тарифтеледі.
§ 34. ЭЛЕКТРОНДЫ СӘУЛЕЛІ ДӘНЕКЕРЛЕУ

ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құрамы бойынша біркелкі металдар мен балқытпалардан жасалған, сынауға тартылмайтын бөлшектерді пісіру. Пісіру қондырғылары мен машиналарын баптауға қатысу. Режимді іріктеу және жұмыс процесінде оларды реттеу. Вакуум жүйесіне, вакуум насостары мен агрегаттарына қызмет көрсету. Айдауды қадағалау және вакуум жұмысы жүйесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша бақылау. Пісіру қондырғыларының жоғары қысымын қоректендіруші құрылғыларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қондырғылардың жұмыс қағидатын; электронды-сәулелі қондырғылардың қосу және ажырату сызбаларының нысанын; электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде; бұйымидардың орнын ауыстыру механизмдерін, электромагнитті пушка мен электромагнитті линзаларды қоректендіруді басқару ережесін; айдау процесін және вакуумның қажетті дәрежесін; жоғары вольтті жабдықпен және оның қоректендіру көздермен жұмыс істеу ережесін; пісірілетін материалдардың негізгі қасиеттерін; пісірілген қосындылары мен жіктерінің түрлерін.
§ 35. ЭЛЕКТРОНДЫ СӘУЛЕЛІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Легирленген болаттан, түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделілігі әртүрлі, сынауға тартылатын тораптар мен бөлшектерді тік және жазық тегістіктерде пісіру. Тораптар мен бөлшектердің қиыспа жіктерін электронды сәулемен вакуумда пісіру, вакуум тығыздығы сыналатын тораптарды пісіру. Пісіру қондырғыларын баптау және пісірілетін материалдардың маркасы мен қалыңдығына, сондай-ақ қосындылардың типіне қарай пісіру режимін белгілеу. Айдау жабдығына қызмет көрсету және пісірілетін бұйымдарды камерадан түсіріп алу. Тік және жазық осьті ішкі барабанды ауыстыру немесе суппортты ауыстыру.

Білуге тиіс: пісіру қондырғыларының құрылымын, оларды баптау және реттеу ережесін; жоғары вакуумды техниканы пайдалану жөніндегі негізгі ережелерді; пісіру қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын; пісірме жіктерге қойылатын талаптарды; пісірме жіктерді бақылау тәсілдерін; пісіру режимін іріктеуді; пісірілетін бұйымдардағы ішкі кернеулер мен деформацияларды, олардың алдын алу шараларын; вакуум жүйелерінің құрылымын және оларға қызмет көрсету ережесін; негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және олардың қолдануды; айдау нысанын және режимдерін.


§ 36 ЭЛЕКТРОНДЫ СӘУЛЕЛІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Химиялық белсенді және түсті металдар мен балқытпалардан жасалған, күрделі тораптар мен бөлшектерді әртүрлі жағдайларда пісіру. Қысыммен жұмыс істетін бұйымдарды пісіру. Вакуумды-тығыз қосындыларды разрядтау деңгейі 26 мкПА (26х10-11 атм) және одан төмен кезінде пісіру. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. жоғары кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Баптаушысыз жұмыс істеу кезінде көп позициялық жабдықтарға қызмет көрсету. Дифференциалды айдау камералы және электрондық-сәулелі пушкалы қондырғыларға қызмет көрсету. Жабдықтың жекелеген тораптарының жұмысын, айдау режимін, салқындату жүйесі мен бақылау-өлшеу аппаратурасын үздіксіз бақылау.

Білуге тиіс: әртүрлі электронды-сәулелі пісіру қондырғыларының негізгі ерекшеліктері мен оларды басқару ережесін; метал тану және метал пісіру негіздерін; айдау, пісіру және т.б. бақылауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; режимдерді реттеу тәсілдерін; пісірме жіктерді сынау тәсілдерін; пісірме жік қосындыларына арналған мемлекеттік стандарттарды.


§ 37 ЭЛЕКТРОНДЫ СӘУЛЕЛІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнаулы құймалардан жасалған, қымбат тұратын тораптар мен бөлшектерді вакуумда электронды-сәулелі пісіру. Күрделі тораптар мен бөлшектерді пісіру, қыздыру деңгейі шектеулі бұйымдарды пісіру. Шағын габаритті және миниатюралық бұйымдарды пісіру. Соқпалы және вибрациялы жүктеме жағдайындағы жұмысқа арналған бұйымдарды пісіру. Автоматты басқарылатын немесе өндіріс циклі үздіксіз жоғары вакуумды жүйелерге қызмет көрсету. Металдың қалыңдығы 0,8 мм. дейінгі кезінде түрлі құрамдардағы металдар мен балқымаларды пісіру. Айдау процесін аспаптардың көрсеткіштері бойынша үздіксіз бақылау және пісіру процесін басқару. Электронды байламның оңтайлы параметрлерін алу және жіктерді оңтайлы кесу мақсатымен оларды өзгерту.

Білуге тиіс: электронды-сәулелі қондырғыларының электр және кинематикалық сызбаларын; қызмет көрсететін қондырғылардың құрылымын; электронды-сәулелі пушка геометриясының қондырғының электрлік параметрлеріне әсерін; пісірілетін металлдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін; пісірудің оңтайлы режимдерін; сызбасы күрделі айдау жүйелерінің құрылымы мен нысанын; күрделі жүйелерді айдау ережесін және режимін; айдау технологиялық процесінің әрбір кезеңінің нысанын және олардың кезектілігін; вакуумды техника, электроника және электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
§ 38. ТЕРМИТТІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі әртүрлі бөлшектерді термиттік пісіру. Престі орнату және тексеру, пісірілетін беттерді түзеу, қалыптарды орнату және майлау. Қалыптарды толтыру, үлгілерді шығару және қалыптарды кептіру. Тиглдерге арналған қоспаларды дайындау, оларды жасау және күйдіру. Пісірілетін беттерді бензоаппаратпен және оттабамен қыздыру. Термит компоненттерін қолмен немесе сеялкамен елеу, жармалаушы машинамен жармалау, оларды араластыру, буып-түю және үлестеп салу. Металды пісіруден кейін кесу. Желдеткіш жүйесінің жұмысын реттеу. Механизмдерді майлау. Кабель мен сымды пісіруге дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен басқа да механизмдердің жұмыс қағидатын; арнаулы айлабұйымдардың нысанын және қолдану шарттарын; қалыптаушы қоспаны дайындау және қабылдау ережесін, тиглдерді қалыптау және дайындау тәсілдерін; термиттік қоспаларға кілетін материалдарды, оларды дайындау (ұсақтау және елеу) тәсілдерін; термит компоненттерін буып-түю және салу ережесін.


§ 39. ТЕРМИТТІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді: теміржол және трамвай рельс жолдарын арнаулы қондырғыларда термиттік пісіру. Пісіруге арналған термит массасын, пісіру сапасын анықтау. Қоспаны пісіргеннен кейін жолды өңдеу және тексеру. Жекелеген компоненттерді өлшеу және рецепті бойынша термит қоспасын жасау. Термиттің сынама порцияларын сынау. Механизмдерді дәннің қажетті мөлшеріне баптау.

Білуге тиіс: термиттік пісіру кезінде машиналардың, аппараттардың, сеялкалар мен ұнтақтаушы, дозалаушы және араластырушы механизмдердің құрылымын және жұмыс қағидатын; термиттің нысанын және оны қолдану тәсілдерін; термитті, термиттік қоспаны және жекелеген компоненттерін қоймалау және сақтау ережесін; қолданылатын материалдарды маркалары мен сұрыптарын; термит қоспасының проценттік құрамын; елеуіштерді іріктеу (дәндердің немесе бөліктердің мөлшеріне қарай) ережесін; сертификат жасау ережесін.


§ 40. ТЕРМИТТІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылғылар мен бөлшектерді, теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарын, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерін, электр кабельдерін, электр өткізу сымдарын термиттік пісіру. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі жабдықтардың құрылымын; қызмет көрсететін жабдықтың электр сызбалары мен оларды баптау тәсілдерін; универсалды және арнаулы айлабұйымдардың құрылымын; жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималардың, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктердің жіктерін пісіру ережесін; теміржол және трамвай жолдарының жұмыс істеп тұрған тік және қисық сызықты қималарының, жұмыс істеп тұрған бұрма бөліктерінің құрылымын.


§ 41. ТЕРМИТТІ ДӘНЕКЕРЛЕУ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Электр сымдарын, электр өткізу желілерін жоғарыда және жоғары кернеу аймағында термиттік пісіру.

Білуге тиіс: жоғарыда және жоғары кернеу аймағында пісіру тәсілдері мен ережесін; түрлі үлгідегі жабдықтардың электр сызбаларын және олардың дәлдігін тексеру тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын.


§ 42. ЭЛЕКТР ДІРІЛМЕН ЕРІТІП ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектердің жұмысталған жерлерін флюспен вибродоғалы балқыма қаптау. Балқыма қаптау режимін белгілеу. Ток күші мен кернеуді реттеу.

Білуге тиіс: біртектес электр пісіру қондырғыларының, машиналары мен автоматтарының құрылымын және жұмыс қағидатын; балқыма қаптау жұмыстары кезінде электрмен пісіру жабдығын берілген режимге реттеу ережесін; бөлшектерді пісірумен қалпына келтіруге арналған техникалық жағдайларды.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 1400 мм дейінгі валдар – мойындарына балқыма қаптау.

2. Тірек доңғалақтары – жүгірме жолдарды балқыма қаптау.

3. Тірек доңғалақтары – таспаға балқыма қаптау.

4. Жұмыр муфталар - пазға балқыма қаптау.
§ 43. ЭЛЕКТР ДІРІЛМЕН ЕРІТІП ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектердің жұмысталған жерлерін автоматтарда және жартылай автоматтарда вибродоғалы, виброконтактілі балқыма қаптау, ұнтақты сыммен балқыма қаптау. Жабдықты және айлабұйымдарды сымды беруге реттеу және баптау.

Білуге тиіс: электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылымын; виброконтактілі балқыма қаптау және ұнтақты сыммен балқыма қаптау процесін; айлабұйымдарды сымды беруге реттеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Бұрма көтеру барабандары – тербеліс подшипниктері саңылауларын балқыма қаптау.

2. Бас лебедканың валдары - шлиц мойындарына балқыма қаптау.

3.Ұзындығы 1400 мм жоғары валдар – мойындарына балқыма қаптау.

4. Гильзалы дискілер – мойындарына балқыма қаптау.

5. Төрт қатарлы жұлдызшалар – тістерге балқыма қаптау.

§ 44. ЭЛЕКТР ДІРІЛМЕН ЕРІТІП ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі бөлшектерді вибрациялы қондырғыларда вибродоғалы балқыма қаптау. Бөлшек беттерін вибродыбыстық балқыма қаптауға дайындау. Бұйымның диаметріне және балқыма қаптау қабатының қалыңдығына қарай жұмыс режимін анықтау. Технологиялық картаға сәйкес флюстарды, электродтарды және электродты сымдарды дайындау. Вибрациялық қондырғы ақауларын жою.

Білуге тиіс: вибрациялы қондырғылардың нысанын, құрылымын және оны қолдану шарттарын; тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электрмен пісіру аппараттарының құрылымын; балқыма қаптау болатының механикалық және технологиялық қасиеттерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, құрылымын және қолдану шарттарын, оларды электр тізбегіне қосу тәсілдерін; электротехника негіздерін орындалатын жұмыс шегінде; вибродоғалы балқыма қаптау кезінде қолданылатын флюстардың, электродтардың және электродты сымдардың маркаларын; балқыма қапталған қабатты сынау тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері


  1. Прокат валдары – балқыма қаптау.

2. Дизель цилиндрлерінің гильзалары – орнату белдеушелеріне балқыма қаптау.
§ 45. ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл салмақты және ауыр болат сынығын қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Көміртекті болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу, сондай-ақ көміртекті болаттан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында кесу. Бөлшектерді, бұйымдарды, конструкцияларды барлық кеңістік жағдайларында қармап алу. Бұйымдарды, тораптар мен қосындыларды пісіруге дайындау. Пісіргеннен және кескеннен кейін жіктерді тазалау. Қорғану газдарымен пісіру кезінде пісірме жіктің арғы бетінің қорғалуын қамтамасыз ету. Қарапайым бөлшектерге балқыма қаптау. Қарапайым бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды жою. Бөлшектер мен конструкцияларды түзету кезінде қыздыру. Қарапайым сызбаларды оқу. Газ баллондарын жұмысқа дайындау. Жылжымалы газ генераторларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін тұрақты және ауыспалы токпен доғалы кесуге арналған электрмен пісіру машиналары мен аппараттарының, газбен кесу және пісіру аппаратурасының, газ генераторларының, электрмен пісіретін автоматтар мен жартылай автоматтардың, оттегі және ацетиленді баллондардың, аспаптар мен пісіру оттықтарының құрылымын және жұмыс қағидатын; қолданылатын оттықтарды, редукторларды, баллондарды пайдалану ережесін; қармаудың негізгі тәсілдері мен жолдарын; жіктерді пісіруге бөлу нысандарын; қорғану газдарымен пісіру кезінде қорғануды қамтамасыз ету ережесін; пісірме қосынды түрлерін және жік типтерін; бұйым жиектерін пісіруге дайындау ережесін; пісірме жіктерді сызбаларда белгілеуді; пісіру кезінде қолданылатын электродтардың, пісіру металы мен балқымалардың, газдар мен сұйықтардың негізгі қасиеттерін; баллондардағы газдың шекті қалдық қысымын; пісіру кезінде қолданылатын флюстердің нысаны мен маркаларын; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолданылу шарттарын; пісіру кезінде ақаулардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу тәсілдерін; газ алауының сипаттамасын; мемлекеттік стандарт бойынша сынық габариттерін.

Жұмыс үлгілері

1. Трансформатор балкалары - қабырғаларын автоматты пісіруге жақындату.

2. Люлька балкалары, тұтас метал вагондардың және вагон электр секцияларының рессор астындағы және рессор үстіндегі брустары – доңғалақтарды бағыттаушы және орталандырушы күшейткіш бұрыштарды қосып пісіру.

3. Прокат балкалары – жолақтарды белгі бойынша қармайтын нүктелерді қосып пісіру.

4. Леер стойкаларының башмактары – кемеде кесу.

5. Бу балғаларының бойкалары мен шаблондары – балқыма қаптау.

6. Букс, колонкалық және орталық болттар – жұмысталған жерлеріне балқыма қаптау.

7. Бортты тент каркасының бөлшектері – қармау және пісірмелеу.

8. Контейнерлердің метал бөлшектері – ыстық түзету.

9. Платфоррмаолар мен метал жартылай вагондар рамаларының диафрагмалары – қабырғаларды қосып пісіру.

10. Жеребейкалар – пісіру.

11. Заклепкалар - ұштарын кесу.

12. Жүк вагондары тежегіш алаңдарының каркастары мен бөлшектері және жолаушылар вагондарының терезе каркастары – пісіру.

13. Қаптаулар мен қоршаулар, ауылшаруашылығы машиналарының жүктемесі жеңіл тораптары – пісіру.

14. Май насостарының және автомобиль сүзгілерінің қаптаулары – құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау.

15. Кен-шахта жабдығын бекітуге арналған кронштейндер – пісіру.

16. Жатка конштейндері, тежегіш валиктері – пісіру.

17. Автомобиль рамасына бекіту кронштейндері – жарықтарды балқыма қаптау.

18. Автосамосвал подрамниктерінің кронштейндері – пісіру.

19. Вагонасты жарықтарының қақпақтары - пісіру.

20. Трамвай қаптамасының ішкі және сыртқы бұрыш парақтары – кесінділерді пісірмелеу.

21. Шихтаға арналған болат сынықтары – кесу.

22. Рессор салмалары мен төсемдері – пісіру.

23. Ұсақ опоктар – құлақшаларын қосып пісіру.

24. Шағын көлемді болат опоктар - құлақшаларын қосып пісіру.

25. Шойын және болат шағын құймалар - өңделмейтін жерлеріндегі раковиналарды балқымамен жою.

26. Станоктарға поддондар – пісіру.

27. Қалыңдығы 300 мм. дейінгі болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу.

28. Трансформатор бактарының рамалары – пісіру.

29. Кереуеттер матрацының рамалары, панцирлі және ромбылы торлар – пісіру.

30. Қабылдау трубалары – сақтандыру торларына балқыма қаптау.

31. Автомобиль қанаттарының күшейткіштері – пісіру.

32. Автосамосвал механизмдерінің гидравликалық фиксаторлары – пісіру.

33. Жауапсыз іргетастар, аз көміртекті және төмен легирленген болаттан жасалған ұсақ тораптар- стеллаждарда жартылай автоматтыт пісіру.


§ 46. ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым бөлшектерді, тораптарды және конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, төбедегіден басқа, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Көміртекті және легирленген болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы кесу машиналарында пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Машина тораптары мен бөліктерін сақтап отырып немесе кесе отырып, түсті метал қалдықтарын бөле отырып, берілген мөлшерлерге қолмен оттегімен кесу және бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектерді қолмен доғалы, ауамен түземелеу. Күрделілігі орташа бөлшектердегі, тораптар мен құймалардағы раковиналар мен жарықтарды балқымамен қаптау. Бөлшектерді пісіру кезінде берілген режимді сақтай отырып, алдын ала және ілеспе қыздыру. Күрделілігі әртүрлі бөлшектердің, тораптардың және конструкциялардың сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін электрмен пісіру және плазмамен пісіру машиналарының, газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтар мен плазмотронның құрылымын; пісірме жікке және ауамен түзеуден кейін қабатқа қойылатын талаптарды; болат маркасына қарай электрод маркасын іріктеу тәсілдерін; электрод жақпаларының қасиеттерімен мәндерін; пісірме жіктің құрылымын; оларды сынау тәсілдері мен бақылау түрлерін; бөлшектер мен тораптарды пісіруге дайындау ережесін; металдың маркасы мен оның қалыңдығына қарай қыздыру режимін таңдау ережесін; пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын; әртүрлі болаттан, шойыннан, түсті метал мен балқымалардан жасалған бөлшектерді пісіру мен балқыма қаптаудың негізгі технологиялық жолдарын; оттегі және газбен, электрмен кесу кезінде кесу режимін және газ шығынын.

Жұмыс үлгілері

1. Қалайы қоладан және кремнийлі латуннен 1,6 МПа (15,5 атм) сынама қысыммен жасалған арматура – ақауларын балқымамен қаптау.

2. Жылжымалы құрамның рессорлы ілме балансирлері – белгілер бойынша қолмен кесіп алу.

3. Битерлік және кесу барабандары, трактор тіркемесінің алдыңғы және артқы осьтері, комбайн рамалары, хедерлер, шнектер, граблина мен мотовилалары – пісіру.

4. Теміржол вагондарының бүйірлері, өтпе алаңдары, аяқ салғылары, каркастары мен қаптамалары – пісіру.

5. Буилар мен рейд бөшкелері, артщиттері мен понтондары – пісіру.

6. Қозғағыш валдары мен автомобильдердің жұмыр валдары – жартылай өңделген ақаулы соқпаларды арнаулы болатпен пісірмелеу.

7. Электр машиналарының валдары – мойындарын балқыма қаптау.

8. Глушительдер – пісіру.

9. Іштен жанатын қозғағыштар (отын және ауа жүйелері)- пісіру.

10. Автомобиль бөлшектері (майқыздырғыш мойыны, қорап картері, картер қақпағы) – ақауларын балқыма қаптау.

11. Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу.

12. Жүк вагондары қорабы каркасының бөлшектері – пісіру.

13. Кулистік механизм бөлшектері – саңылауларды балқыма қаптау. 14. Қола тежегіш дискілері – раковиналарды балқыма қаптау.

15. Қолмен немесе автоматты электр доғалы кесуге арналған дайындамалар – кесу.

16. Бас қару щиттері мен пульттеріне арналған каркастар – пісіру.

17. Тірек катоктары – пісіру.

18. Жинақтағы қаптаулар, жылыту қазандары – піс іру.

19. Эластикалық муфта қаптаулары – пісіру.

20. Жүк автомобильдері тежегішінің колодкалары, қаптаулар, артқы мост жартылай осьтері – пісірмелеу.

21. Артқондырғы контрукциялары, тораптары, бөлшектері – пісіру.

22. Жарылыс қауіпті электр аппаратура корпусы – пісіру.

23. Жүк көтеру крандары – скаттарды балқыма қаптау.

24. Автосамосвал қораптары - пісіру.

25. Автомобильдердің артқы мостылары – құймалардағы раковиналар балқыма қаптау.

26. Автомобиль радиаторының қаптамасы – жарықтарды пісірмелеу.

27. Деңгей реттеуіштің қалтқылары (арматура) – пісіру.

28. Қалыңдығы 300 мм. жоғары болат құймалардағы летниктер мен прибылдер – кесу.

29. Проекторлар – кеме корпусына қосып пісіру.

30. Паровоз рамкалары - балқыма қаптау.

31. Жүргізу кабинасы терезелерінің рамкасы – пісіру.

32. Пантограф рамалары – пісіру.

33. Тепловоз рамалары – пісіру.

34. Жанбайтын сұйықтарға арналған және жылжымалы құрам тежегіш жүйесінің резервуарлары – пісіру.

35. Фасонды кескілер мен қарапайым штампылар – пісіру.

36. Вал сальниктері – корпусы мен қыспа втулканы балқыма қаптау.

37. Шағын станок станиналары – пісіру.

38. Стойкалар, бункер торлары, өтпе алаңдар, баспалдақтар, қоршаулар, төсемдер, қазан қаптамалары – пісіру.

39. Артқы доңғалақ ступицалары, автомобильдің артқы мосты мен басқа да бөлшектері – соқпа шойынды дәнекерлеу.

40. Палуба секциялары мен аралықтарының жіктері мен паздары, стеллажда автоматты пісіру.

41. Суға арналған қысымсыз труба құбырлары (магистральдіктен басқа) – пісіру.

42. Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі трубалары – цех жағдайында пісіру.

43. Желдеткіш трубалары – пісіру.

44. Газ шығаратын мыс трубалар – пісіру.

45. Биіктігі 30см. дейінгі түтін мен көміртекті парақты болаттан жасалған желдеткіш трубалары – пісіру.

46. Жалпы нысандағы трубалар – жиектерін кесу.

47. Қазандардағы түтін трубалары мен бу жылытқыш трубалар – пісіру.

48. Тежегіш магистраль трубалары – пісіру.

49. Автомобиль цистерналары – автоматты пісіру.

50. Латунь газофикатор шарлары (ашық) - балқыма қаптау.

51. Шестернялар – тістеріне балқыма қаптау.

§ 47. ЭЛЕКТР ГАЗБЕН ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конструкциондық болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптар мен конструкцияларды және көміртекті болаттан жасалған күрделі бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен труба құбырларды жіктің, барлық жағдайларында қолмен доғалы, плазмалы, газбен, автоматты және жартылай автоматты пісіру. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді қойылған белгілер бойынша қолмен, жылжымалы стационарлық және плазмалы бензинмен кесетін және керосинмен кесетін аппараттармен пісірме жікті металмен төмен және тік жағдайда түзу сызықты және қисық сызықты оттегімен және плазмалы кесу. Жоғары хромды және жоғары никельді болат пен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу. Кеме нысандарын жүзу кезінде оттегімен кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделілігі орташа және күрделі аппараттарды, тораптар мен труба құбырлары конструкцияларын автоматты және механикалық пісіру. Күрделі жағдайларда жұмыс істетін жауапты күрделі құрылыс және технологиялық конструкцияларды автоматты кесу. Әртүрлі болаттан, түсті металдан және балқымалардан жасалған күрделі бөлшектерді әртүрлі жағдайларда қолмен электр доғалы ауамен түзеу. Шойыннан жасалған конструкцияларды пісіру. Машиналардың, механизмдердің, конструкциялар мен құймалардың күрделі бөлшек ақауларын механикалық өңдеумен пісіру және сынап қысымдау. Күрделі конструкцияларды ыстық түзеу. Әртүрлі күрделі пісірілген метал конструкциялардың сызбаларын оқу.

Білуге тиіс: түрлі электрмен пісіру және газбен пісіру аппаратурасының, автоматтардың, жартылай автоматтардың құрылымын, ауыспалы және тұрақты токпен пісіру ерекшеліктерін; электротехника негіздерін орындайтын жұмыс шегінде; пісірілетін бұйымдарда ішкі кернеулер мен деформациялардың пайда болу себептерін және олардың алдын алу шараларын; металды пісіру негіздерін; пісірілетін бұйымдардың механикалық қасиеттерін; аспаптар бойынша пісіру режимін таңдау принциптерін; электродтардың маркасы мен типтерін; газбен пісіру кезінде қолданылатын кең тараған газдарды: ацетиленді, сутегін, оттегін, пропан-бутанды алу және сақтау әдістерін; легирленген болатты ш\газбен кесу процесін.

Жұмыс үлгілері

1. Аппаратура мен химиялық және мұнайхимия өндірісіне арналған ыдыстар; резервуарлар, сепараторлар, ыдыстар мен т.б. – жиектерін кесе отырып саңылау кесу.

2. Қысымсыз жұмыс істейтін, көміртекті болаттан жасалған аппараттар, ыдыстар мен сыйымдылықтар – пісіру.

3. Сынақ қысымы 16-дан 5,0 МПа (15,5-тен 48,4 атм) түсті металдар мен құймалардан жасалған труба құбыр арматурасы – ақауларын балқыма қаптау.

4. Трансформатор бактары - патрубкаларды қосып пісіру, қораптарын түтін жолына, салқындатқыш қорапты, тоқ қондырғысын және бак қақпағын пісіру.

5. Руль баллері, есу валдарының кронштейндері - балқыма қаптау.

6. Автомобиль тежегіші цилиндрлерінің блоктары құймалардағы раковиналарды балқыма қаптау.

7. Иінбіліктер – мойындарына балқыма қаптау.

8. Қола және латунь салмалар - болат подшипниктерге балқыма қаптау.

9. Қазан оттығының гарнитурасы мен корпустары – пісіру.

10. Тат баспайтын шойын, алюминий немесе мыс балқыма парағынан жасалған бөлшектер - жиектерін кесе отырып, газбен электрмен кесу.

11. Қалыңдығы 60 мм. дейінгі болат парақтан жасалған бөлшектер - белгілер бойынша қолмен кесіп алу.

12. Шойыннан жасалған бөлшектер – пісіру, қыздырумен және қыздырусыз балқыма қаптау.

13. Түсті металдардан жасалған бөлшектер мен тораптар – кейіннен қысыммен сынай отырып пісіру.

14. Вагон баяулатқыштары – пайдалану жағдайында пісіру және балқыма қаптау.

15. Шестернялардың шойын тістері - балқыма қаптау.

16. Түсті балқымалардан жасалған қабырғасы жұқа бұйымдар (ауа суытқыш қақпақтары, подшипник щиттері, турбовентилятор желдеткіштері) – латуньмен немесе силуминмен балқыма қаптау.

17. Ірі шойын бұйымдар: рамалар, шкивтер, маховиктер, шестернялар – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау.

18. Гидравликалық турбиналардың жұмыс доңғалағы камералары - пісіру және балқыма қаптау.

19. Өнеркәсіптік пештер мен қазандардың каркастары – пісіру.

20. Ірі мотор картерлері мен тепловоздардың механикалық беру корпусы – пісіру.

21. Мотордың төменгі картерлері – пісіру.

22. Электр машиналарының мыстан жасалған полюс катушкалары - пісіру және аралықтарды қосып пісіру.

23. Газ шығару коллекторлары мен трубалары – пісіру.

24. Гидравликалық турбиналардың реттеуші сақиналары – пісіру және балқыма қаптау.

25. Домна пештерінің конструкциялары (қаптаулар, ауа жылытқыштар, газ құбырлары) - жиектерін кесе отырып саңылау кесу.

26. Жатка жетекші доңғалағының корпусы мен мостылары - пісіру.

27. Компрессорлардың, ауа компрессорларының төменгі және жоғарғы қысым корпустары – жарықтарды балқыма қаптау.

28. Диаметрі 3500 мм. дейінгі ротор корпустары - пісіру.

29. Қуаты 25000 кВт турбиналардың стопор клапандары корпусы – пісіру.

30. Щетка ұстауыш корпусы, реверс сегменттері, электр қозғағыш роторлары - балқыма қаптау.

31. Труба құбырларға арналған бекітпелер мен тіреулер – пісіру.

32. Тепловоз арбасының кронштейндері мен бекітпелері – пісіру.

33. Қалың парақтар (броня) – пісіру.

34. Мачталар, бұрғы және пайдалану мұнаралары – цех жағдайында пісіру.

35. Алюминийден жасалған жиһаз – пісіру.

36. Ірі электр машиналарының іргетас тақталары – пісіру.

37. Ұшақ шассиі стойкалары, подкостары – пісіру.

38. Жылытқыштар – обойманы, су жылыту трубасын обоймамен, конуспен, сақиналармен, фланецтермен пісіру.

39. Подшипниктер мен букс салмалары - рамкасы бойынша балқыма қаптау.

40. Пневматикалық балға поршеньдері – раковиналар мен жарықтарды балқыма қаптау.

41. Шаң, газ, ауа құбырлары, отын беру және электр сүзгі тораптары – пісіру.

42. Реттығын рамкалары, маятниктер - пісіру.

43. Аллюминий балқымасынан жасалған иллюминатор рамкалары - пісіру.

44. Транспортер рамалары - пісіру.

45. Троллейбустардың ауа резервуарлары - пісіру.

46. Рельстің қоспа жіктері - пісіру.

47. Мұнай өнімдеріне арналған сыйымдылығы кемінде 1000 кв. м. емес резервуарлар – пісіру.

48. Рельстер мен құрама крестовиналар - ұштарын балқыма қаптау.

49. Метал және целлюлоза-қағаз өндірісіне арналған бұрама торлар – ұштарын күміс дәнекермен дәнекерлеу.

50. Жармалауыш станиналары – пісіру.

51. Электр машиналарының пісірілген-құймалы станиналары мен корпустары - пісіру.

52. Ірі шойын станоктардың станиналары – пісіру.

53. Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары – пісіру.

54. Ауамен салқындататын турбогенератор статорлары - пісіру.

55. Радиоактивті изотопты датчик трубалары - балқыма қаптау.

56. Қазанның труба элементтері, бронепарақтар – ыстық түзеу.

57. Сумен қамтамасыз ету және жылу беру сыртқы және ішкі желі труба құбырлары – монтаждауда пісіру.

58. Төмен қысымды газбен қамтамасыз ету сыртқы және ішкі желілерінің труба құбырлары – цех жағдайында пісіру.

59. 5-санаттағы технологиялық труба құбырлары – пісіру.

60. Бұрғылау трубалары – муфталарды қосып пісіру.

61. Фахверктер, байламдар, фонарлар, прогондар, монорельстер – пісіру.

62. Фрездер мен күрделі штампылар – пісіру және тез кесу мен қатты балқыманы қаптау.

63. Латунь тоңазытқыштар – 2,5 МПа (24,2 атм) дейінгі қысым кезінде гидросынамаға жіктерді пісіру.

64. Автомашина блоктарының цилиндрлері – раковиналарға балқыма қаптау.

65. Автомобиль цистерналары – пісіру.

66. Шарлар, қалтқылар мен арнаулы алюминий балқымасынан жасалған цистерналар – пісіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет