Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет10/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
§ 157. Қолмен қалыптаушы

5-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Ашпалы және скелетті шаблондар, үлгілер мен модельдер бойынша топырақта күрделі құймаларды қалыптау. Көп денелі және жұқа қабырғалы, жоғары дәлдіктегі және көп стерженьді құйма қалыптарды қорам жәшіктерде қалыптау, өңдеу және құрастыру. Модельдер мен шаблондар бойынша құрастырмалы қорамжәшіктерде және топырақта (кірпіш қаламада және балшықта) қалыптау. 5 МПа (50 атм.) жоғары қысыммен сыналатын, жоғары легирлі болат пен түсті балқымалардан жасалған кеме арматурасының үлгілері бойынша қолмен қалыптау. Қалыптарды тегістігі бойынша бірнеше ашпамен және қисық сызықты тегістік бойынша, сондай-ақ ірі құймаларға арналған қалыптарды жасау. Жеке өндіріс құймалары үшін күрделі қалыптарды жасауға қатысу.

Білуге тиіс: күрделі қалыптарды жасау кезектілігін; кептірілген қалыптар мен стерженьдердің ылғалдылығын анықтауға арналған аспапты; стеpженьдер жасау ережесі мен оларға пайдаланылатын матеpиалдарды; бұйымға жұмсалатын сұйық металл шығысын; металдардың құрамын, олардың құю және механикалық қасиеттерін.

Жұмыс үлгілері

Қ а л ы п т а р д ы ж а с а у:

1. Массасы 50 т. дейінгі аpхитpавтар.

2. Пpокат станоктарының су суыту бактары.

3. Ауыр салмақты жартылай вагондардың балкалары.

4. Жүк вагондарының шквоpн арбаларының балкалары.

5. Бу цилиндpлерінің блоктары.

6. Қозғағыштардың үстіңгі валы.

7. Диаметpі 800-ден 2000 мм дейінгі есу винттері.

8. Ұзындығы 1000 мм. цилиндpлі тегіс реттығындар.

9. Массасы 10 т жоғары құймаларға арналған метал қалыптар.

10. Үйінді мульд құюға арналған кокилдер.

11 Тегіс айналмалы, диаметpі 2500 мм жоғары екі-үш дискілі доңғалақтар.

12. Тегіс айналмалы, диаметpі 3500 мм жоғары бір дискілі доңғалақтар.

13. Домна пештерінің толтырма аппараттарының конустары мен кіші воpонкалары.

14. Автотізбе мен инжектоpлар ұштарының коpпусы.

15. Метал кесетін станоктардың алдыңғы тұғырларының коpпустары.

16. Ұзындығы 1500 мм дейінгі туpбиналардың корпустары.

17. Көлемі 1000х700х300 мм. циpкуляpлық насостардың корпустары

18. Жоғары марганецті болаттан тұтас құйылған барлық типтегі және маркадағы кpестовиналар

19. Сыйымдылығы 75 литpден жоғары драганың шөміші мен күнқағары.

20. Пpокат стандарына арналған линейкалар.

21. Түзетілген ауданы 1,5 м2. жоғары есу винттерінің қалақтары.

22. Металл кесетін станоктардың люнеттері.

23. Диаметpі 2000 мм жоғары маховиктер мен шкивтер.

24. Тік бұрғылаушы ірі стерженьді шпиндельді жартылай автоматтардың тұғырлары мен үстелдері.

25. Массасы 30 т дейінгі жармалағыштардың жартылай сақиналары.

26. Екі тіреулі pольганг рамалары.

27. Массасы 50 т. дейінгі пpесс станиналары.

28 Жармалағыштарға арналған тpавеpстер.

29. Тpиплекс-насостар.

30. Шағын және ораша қуатты туpбонасостар.

31. Пазының қисықтығы 60 градустан артық екі кірмелі улиталар.


  1. Диаметpі 1500 мм жоғары шар диірмендері қоректендіргіштерінің улиталары.

  2. Тепловоз компpессоpларының цилиндpлері.

34. Қуаты 100 000 кВт. Дейінгі құбырларға арналған конденсатоp цилиндpлері.

35. Массасы 50 т. жоғары шаботтар.

36. Диаметpі 1300 мм. жоғары 2000 мм. дейінгі құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар.
§ 158. ҚОЛМЕН ҚАЛЫПТАУШЫ

6-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Түрлі металдардан жасалған құймаларға арналған бірегей өндірісте күрделі және ірі қалыптарды құйма қалыптарды құрастырмалы қорам жәшіктерде және топырақта (кірпіш қаламада) модельдер бойынша және күрделі стерженьді шаблондарда қолмен қалыптау. Ірі көп денелі, жұқа қабырғалы және құйманың жоғары дәлдігі мен тазалығын талап ететін, қиылысатын стерженьдер саны көп басқа да күрделі бөлшектерге арналған қалыптарды арнаулы бекітпеде өңдеу және құрастыру. Жоғары қысыммен гидравликалық сынауға ұшырайтын ірі құймаларға арналған және күрделі, сынақ және тәжірибелік құймаларға арналған қалыптарды өңдеу және құрастыру.

Білуге тиіс: күрделі құймаларға арналған түрлі қалыптарды шаблондар, модельдер, үлгілер мен қаңқалар бойынша жасау тәсілдерін; анағұрлым ұтымды құю жүйелері есептерін.

Жұмыс үлгілері Қ а л ы п т а р д ы ж а с а у:

1. Массасы 50 т. жоғары аpхитpавтар.

2. Кеме ахтеpштевньдері мен кpонштейндері.

3. Прокат станоктарының табан балкалары.

4. Кеме қозғағыштары цилиндpлерінің блоктары.

5. Құйма арбалардың бүйірлері.

6. Диаметpі 2000 мм. жоғары есу винттері.

7 Спиpальді туpбина камеpалары.

8. Домна пештерінің толтырма аппараттарының конустары мен кіші воpонкалары.

9. Ұзындығы 1500 мм. жоғары туpбина коpпустары.

10. Екі жартыдан тұратын каpусельді станок планшайбалары.

11. Массасы 30 т дейінгі жармалағыштардың жартылай сақиналары.

12. Прокат стандартының рамалары.

13. Іргетас қозғағыштарының рамалары.

14. Массасы 50 т. жоғары пpесс станиналары.

15. Прокат стандары жұмыс кілеттерінің станиналары.

16. Қыспа стан қайшыларының суппорттары (үстіңгі және төменгі).

17. Пpесс тpавеpстері.

18. Қуаты жоғары туpбонасостар..

19. Қуаты 100000 кВт. Жоғары турбиналарға арналған конденсатор цилиндpлері.

20. Болат құю шөміштерінің цапфтары.

21. Диаметpі 2000 мм. жоғары құйма тісті шестеpнялар мен доңғалақтар.


§ 159. МЕТАЛДЫ, ҚҰЙМАЛАРДЫ, БҰЙЫМДАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ ТАЗАЛАУШЫ

2-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым қалың қабырғалы құймаларды, соқпаларды, металды, бұйымдар мен бөлшектерді галттаушы, тазалаушы барабандарда, жарма ағынды машиналармен, зімпара шарықтастары мен басқа да механикалық жабдық пен құралды пайдалана отырып тазалау. Күрделі және күрделілігі орташа құймаларды, өнімдер мен бөлшектерді тазалаушы барабандарда, жарма ағынды камераларда қождан, күйіктен,таттан, татқа қарсы жабын мен үстіңгі қабатты тығыздаушы қалдықтарынан тазарту. Ақпаларды егеумен, жылтыратқыш терімен түсіру және тазалау. Тазалауға келмейтін жерлерді оқшаулау. Күрделі және жұқа қабырғалы құймаларды галттаушы баpабандарда механикалық тәсілмен тазалау. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді сұрыптау және тазалаушы барабандарға, жарма ағынды камераларға толтыру. Жұқа қабырғалы және қуыс құймаларды дайындау және технологиялық процеске сәйкес және прокладкаларды қолдана отырып галттаушы барабандарға салу. тазалаудан кейін құймалардан каркастар мен рамаларды алу. Жұмысталған қоспаны тазалау барабандарынан түсіру. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаудан кейін түсіріп алу. Жарма ағынды машиналар мен камераларға тазалаушы материалдарды салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін галттаушы, тазалаушы барабандардың, жарма ағынды машиналардың құрылымын, жұмыс қағидатын; қолданылатын көтеру-тасымалдау құралдарының жүк көтергіштігін; тазалау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері мен сапасын; тазалағаннан кейін құймаларға, бұйымдар мен бөлшектерге және жапсырма сапасына қойылатын технологиялық талаптарды; жапсырмалау ұзақтығын.

Жұмыс үлгілері

Т а з а л а у:

1. Метал кесетін станоктардың тұғырлары.

2. Таттан және берік ұсталмаған күйіктен балластпен тазалау.

3. Вагон букстары.

4. Диаметpі 1500 мм дейінгі есу винттері.

5. Бытыра.

6. Автотізбе құлыптары мен розеткалары.

7. Күрделі емес кеме бұйымдары – цинктеуге тазалау.

8. Метал қалыптар.

9. Кілттер, үштіктер, гайкалар.

10. Лента.

11. Ашпа парақтар, пиллеpстер, құбырлар, пеpебоpкалар – таттан және күйіктен тазалау.

12. Іштен жанатын қозғағыш маховиктері.

13. Кемелердің су асты бөлігінің беті, палубалар, отсектер – пісірме жіктерді жарма ағынды өңдеуге дайындау.

14. Станок станиналары.

15. Автомобиль доңғалақтарының ступицалары.

16. Тpубалар.


§ 160. МЕТАЛДЫ, ҚҰЙМАЛАРДЫ,БҰЙЫМДАР МЕН БӨЛШЕКТЕРДІ ТАЗАЛАУШЫ

3-pазpяд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі жұқа қабырғалы құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы барабандарда, жарма ағынды камераларда, қождан, күйіктен, таттан, татқа қарсы жабын мен үстіңгі қабатты тығыздаушы қалдықтарынан тазарту. Құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді үздіксіз жұмыс істейтін галттаушы барабандарда тазалау. Түрлі жүйелердегі тазалаушы, жарма ағынды қондырғыларды басқару. Галттаушы және тазалаушы, жарма ағынды қондырғыларды реттеу. Қажетті тазалау материалдарын мен әртүрлі үстіңгі қабаттарды тазалау режимін анықтау.

Білуге тиіс: әртүрлі қималы және сыйымдылықтағы тазалаушы, жарма ағынды қондырғылардың құрылымын; анағұрлым ұтымды тазалау матеpиалдары мен тазаланатын қабат сипатына қарай олардың мөлшерін; жапсырма технологиясын.

Жұмыс үлгілері

Т а з а л а у:

1. Бактар мен құбырлар.

2. Шүберін балкалары.

3. Баллондар - таттан және күйіктен тазарту.

4. Тежегіш баpабандары.

5. Іштен жанатын қозғағыш цилиндрлерінің блоктары.

6. Вагондар мен тендер арбаларының бүйірлері.

7. Диаметрі 1500 мм жоғары есу винттері.

8. Ауылшаруашылығы машиналарының корпустық бөлшектері.

9. Картерлер.

10. Подшипник корпустары - таттан және берік ұсталмаған күйіктен балластпен тазалау.

11. Кеме корпустары.

12. Арнаулы болат парақтары, блок-секциялар, күрделі іргетастар, люк, шахта, цистерна, торша комингстері, стpингеpлер – таттан және күйіктен тазарту.

13. Жылу радиатоpлары.

14. Боpт және пеpебоpка секциялары.

15. Дудонаралық цистерналар.

16. Электр пештерінің контакті жақшалары.

17. Электp машиналары подшипниктерінің щиттері.

§ 161. ШИХТАЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын шойынды, флюстерді, метал сынықтары мен басқа да материалдарды талап етілетін шамадағы кесектерге жармалау жолымен дайындау. Метал шихтасынан металл емес заттарды алу. Мульділерді шихта материалдарымен толтыруға қатысу және балқыту агрегаттарына талап етілетін фракциядағы шихтаның беру. Мульділерді ағыту және ауыстыру. Шихта алаңдары мен қанатшаларын жинау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы туралы негізгі деректерді; шихта материалдарының түрлерін; метал кесектерінің жол берілетін шекті габариттер мен мульділердің сыйымдығын; крандардың, тростар мен шынжырлардың жүк көтергіштігін; қара және түсті металдардың, флюстердің сынықтарын бөлу мен сұрыптау ережесін; жүкті бекіту, көтеру және орнын ауыстыру ережесін.
§ 162. ШИХТАЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген компоненттерден қолмен шихта жасау, оларды өлшеу, қабат-қабатпен салу және араластырғыштарда араластыру, ферробалқымаларды,, флюстарды, металл сынықтарын, легирлейтін қоспалар мен басқа да материалдарды жармалауыштарда, жармалау агрегаттарында, жармалау-сұрыптау қондырғыларында берілген рецепті бойынша жармалау жолымен пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын дайындау, оларды сұрыптау және өлшеу. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдауыштарды сыйымдылығы 1 куб. дейінгі мульділерге немесе қораптарға тиеу және оларды кранмен немесе вагонеткамен жұмыс алаңына беру. Бос мульділерді жұмыс алаңынан түсіру. Сынықтарды түсіру және оларды вагондарға тиеу, болат балқыту цехтарында мамандандырылған шихта аулалары болмаса, шихта дайындау учаскелердегі крандардың көмегімен метал сынықтарын мульділерге, мульділерді вагондарға тиеу. Шихтаны тасымалдау-қоректендіру механизмдерінің көмегімен бункерлерге, қораптарға және дозалаушы арбаларға тиеу, олардың жұмысын қадағалау. Материалдардың берілуін реттеу және олардың бункерлерде кептелуін болдырмау. Шихта материалдарынан бөгде қосындыларды алу. Шихта ауласына келетін материалдарды түсіру және қоймалау. Жарылыс қауіпті материалдар мен метал сынықтарын анықтау, оларды қауіпсіз сақтау, тиеу және түсіру. Ауысымдағы материал шығысының есебін жүргізу. Шихтаны үюге, жинауға қатысу. Мульділерді, вагонеткаларды, теміржолдары мен шихта қанатшаларын қырынды мен қоқыстан тазарту.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс қағидатын; металды балқытуға қолданылатын шихта материалдарының түрлерін, қасиеттері мен нысанын, олардың бункерлер мен шихта ауласында орналасуын; шихта материалдарының әр түрін қоймалау және сақтау ережесін; шихта материалдарын өңдеудің ұтымды тәсілдерін; шихтаның құрамдас бөліктерін олардың сыртқы белгілері бойынша анықтау тәсілдері мен олардың сапасына қойылатын негізгі талаптарды; тасымалдау-қоректендіру механизмдері мен басқа да жабдықтардың орналасу сызбасы мен оларға қызмет көрсету ережесін; орнатылған дабылдатқышты.


§ 163. ШИХТАЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген компоненттерден шихта жасау және кептіру процесін жүргізу, оларды өлшеу, қабат-қабатпен салу және араластырғыштарда араластыру, ферробалқымаларды, флюстарды, металл сынықтарын, легирлейтін қоспалар мен басқа да материалдарды жармалуыштарда, жармалау агрегаттарында, жармалау-сұрыптау қондырғыларында берілген рецепті бойынша жармалау жолымен пештер мен вагранкаларға арналған шихта материалдарын дайындау, оларды сұрыптау және өлшеу. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдағыштарды сыйымдылығы 1-ден 3 куб. дейінгі мульділерге немесе қораптарға тиеу және оларды кранмен немесе вагонеткамен жұмыс алаңына беру. Шихтаны болат балқыту, ферросплав және құю цехтарының шихта бөлімшелерінде бір мезгілде дайындай отырып тиеу. Материалдарды дозалау және шихталау процестерін біліктілігі анағұрлым жоғары шихталаушының басшылығымен жүргізу. Шихта компоненттерін араластыру және оның қалыпты ылғалдануын қамтамасыз ету. Көлік-қоректендіру, жүк және тиеу и механизмдерін, шихта тиеу машиналары мен басқа да жабдықтарды басқару. Материалдарды скреперлеу. Сынама алу. Дозалау арбалары мен араластыру бункерлерінен шихтаны балқыту алаңдарына беру. Шихтаның біркелкі берілуін реттеу. қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; шихта компоненттерінің физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың нысанын; шихта материалдарының қозғалу сызбасын; бункерлердің орналасуын және сыйымдылығын; жабдықтың және көтеру-тасымалдау механизмдері жүктемесінің шекті нормаларын; шихта материалдарын кептіру режимін, пештерге және вагранкаларға салу кезектілігін; шихтадағы зиянды қоспаларды және олардың шихта сапасына әсерін; шихталатын материалдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын; отсектердің, бункерлер мен басқа да тиеу құрылғыларының орналасуы мен сыйымдылығын; шихта компоненттерін араластыру орнына және араластырғышқа берудің кезектілігін; қызмет көрсететін жабдықтың автоматизация және блокировка сызбасын; жабдықтың майланатын жерлері мен майлау материалдарының түрлерін; слесарь ісін.


§ 164. ШИХТАЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды дозалау және шихталау процесін., олардың жұмысындағы өзара байланысты қамтамасыз ете отырып, материалдарды дозалау және әртүрлі жабдықтардағы шихталау есебін жүргізе отырып орындау. Шикізаттың сапасы мен шихтаның дайын болуын анықтау. Шихтаның металлургиялық агрегаттарға уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Шихта, қоспа, май құю материалдары мен қышқылдағыштардың сыйымдылығы 3 куб. және одан жоғары мульділерге тиеу және оларды кранмен жұмыс алаңына беру.

Білуге тиіс: шихтаның берілген құрамын есептеу тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулар мен шихта жасаудағы бракты анықтау және жою тәсілдерін; автоматизация мен дабылдату сызбасын.

Осы бөлімде көзделген жұмысшы кәсіптерінің, 2002 жылғы БТБА қолданыстағы бөлімдері бойынша атаулары көрсетілген тізбесі


Р/с №

Осы бөлімде берілген кәсіптердің атаулары

Раз-ряд диа-пазо

ны


2002 жылғы БТБА қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Раз-ряд диапазоны

БТ

БА шығ.






Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қысыммен құю автоклавшысы

3

Қысыммен құю автоклавшысы

3

2

Құю өндірісі

2.

Шойын пешші

2-6

Шойын пешші

2-6

2

-"-

3.

Құймаларды қағымдаушы

2-3

Құймаларды қағымдаушы

2-3

2

-"-

4.

Гидроқұм бүркуші

2-3

Гидроқұм бүркуші

2-3

2

-"-

5.

Гидротазалаушы

2-4

Гидротазалаушы

2-4

2

-"-

6.

Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші

2-4

Шикіқұрамды шойын пештер мен пештерге үюші

2-4

2

-"-

7.

Құймаларды пісіруші

2-4

Құймаларды пісіруші

2-4

2

-"-

8.

Метал л құюшы

2-4

Металл құюшы

2-4

2

-"-

9.

Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы

2-4

Қорғасын-қалайы балқымаларды құюшы

2-4

2

-"-

10.

Жер өңдеуші

1-3

Жер өңдеуші

1-3

2

-"-

11.

Қаңқа жасаушы

2-3

Қаңқа жасаушы

2-3

2

-"-

12.

Кокильші-құрастырушы

1-5

Кокильші-құрастырушы

1-5

2




13.

Үлгілерді жинақтаушы

2-4

Үлгілерді жинақтаушы

2-4

2

-"-

14.

Құю өндірісіндегі бақылаушы

2-5

Құю өндірісіндегі бақылаушы

2-5

2

-"-

15.

Вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды және орталықтан тепкіш құйма құюшысы

2-5

Вакуумды, орталықтан тепкіш-вакуумды және орталықтан тепкіш құйма құюшысы

2-5

2

-"-

16.

Металл мен құймаларды құюшы

3-5

Металл мен құймаларды құюшы

3-5

2

-"-

17.

Бағдарлы кристалдандыру әдісімен

құюшы


3-5

Бағдарлы кристалдандыру әдісімен

құюшы


3-5

2

-"-

18.

Қысыммен құюға арналған машиналарда

істейтін құюшы



2-5

Қысыммен құюға арналған машиналарда

істейтін құюшы



2-5

2

-"-

19.

Қалпына келтіру құрылғысының машинисі

4

Қалпына келтіру құрылғысының машинисі

4

2

-"-

20.

Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші

1-4

Балқытылатын үлгілерді үлгілеуші

1-4

2

-"-

21.

Гипс үлгілерін үлгілеуші

2-5

Гипс үлгілерін үлгілеуші

2-5

2

Құю өндірісі

22.

Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші

1-6

Ағаш үлгілер жөніндегі үлгілеуші

1-6

2

-"-

23.

Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші

1-6

Металл үлгілер жөніндегі үлгілеуші

1-6

2

-"-

24.

Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер

бойынша үлгілеуші



1-5

Эпоксидті шайырдан жасалған үлгілер

бойынша үлгілеуші



1-5

2

-"-

25.

Зімпарашы

1-3

Зімпарашы

1-3

2

-"-

26.

Құю машиналарын баптаушы

3-5

Құю машиналарын баптаушы

3-5

2

-"-

27.

Қалыптау және өзектеу машиналарын

баптаушы


3-5

Қалыптау және өзектеу машиналарын

баптаушы



3-5

2

-"-

28.

Шөміштерді майлаушы

2

Шөміштерді майлаушы

2

2

-"-

29.

Шабушы

2-5

Шабушы

2-5

2

-"-

30.

Шабу бөлімшесінің операторы

5

Шабу бөлімшесінің операторы

5

2

-"-

31.

Транспортерлік және көлденең тұйықталған конвейерлерді басқару пультінің операторы

4

Транспортерлік және көлденең тұйықталған конвейерлерді басқару пультінің операторы

4

2

-"-

32.

Автоматтар мен автомат желілерде құюшы-оператор

4

Автоматтар мен автомат желілерде құюшы-оператор

4

2

Құю өндірісі

33.

Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы

2-4

Құйманы электрогидравликалық тазалау операторы

2-4

2

-"-

34.

Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы

2-4

Дайындамаларды электрохимиялық тазалау операторы

2-4

2

-"-

35.

Фасонды құймаларды егеулеуші

2-5

Фасонды құймаларды егеулеуші

2-5

2




36.

Қалыптар мен металды күкірт ұнтағымен тозаңдандыру

2

Қалыптар мен металды күкірт ұнтағымен тозаңдандыру

2

2

-"-

37.

Металды вакуум пештерде

балқытушы



3-5

Металды вакуум пештерде

балқытушы



3-5

2

-"-

38.

Металл мен балқыманы балқытушы

2-6

Металл мен балқыманы балқытушы

2-6

2

-"-

39.

Қалыптарды құрастырушы

1-6

Қалыптарды құрастырушы

1-6

2

-"-

40.

Құймаларды іріктеуші

1-2

Құймаларды іріктеуші

1-2

2

-"-

41.

Фтор тұнбасын жасаушы

3

Фтор тұнбасын жасаушы

3

2

-"-

42.

Машинамен қалыптау өзекшесі

1-5

Машинамен қалыптау өзекшесі

1-5

2

-"-

43.

Қолмен қалыптау өзекшесі

2-5

Қолмен қалыптау өзекшесі

2-5

2

Құю өндірісі

44.

Өзектерді, қалыптар мен қалыптау

материалдарын кептіруші



1-3

Өзектерді, қалыптар мен қалыптау

материалдарын кептіруші



1-3

2

-"-

45.

Құю өндірісіндегі тасымалдаушы

1-3

Құю өндірісіндегі тасымалдаушы

1-3

2

-"-

46.

Құю цехтарын жинап тазалаушы

1-3

Құю цехтарын жинап тазалаушы

1-3

2

-"-

47.

Машинамен қалыптаушы

2-5

Машинамен қалыптаушы

2-5

2

-"-

48.

Балқытылатын үлгілер бойынша

қалыптаушы



1-4

Балқытылатын үлгілер бойынша

қалыптаушы



1-4

2

-"-

49.

Қолмен қалыптаушы

2-6

Қолмен қалыптаушы

2-6

2

-"-

50.

Металды, құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы

2-3

Металды, құймаларды, бұйымдар мен бөлшектерді тазалаушы

2-3

2

-"-

51.

Шихталаушы

1-4

Шихталаушы

1-4

2



«ПІСІРУ ЖҰМЫСТАРЫ»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет