Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет23/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 20. БАЛҒА ЖӘНЕ ПРЕСС ҰСТАСЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 15 МН-ге дейінгі (1500 тс) салмақтағы балғамен жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 8 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 30 МН-ге дейінгі (3000 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі бөлшектер мен мөлшердегі құймаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН (1500 тс) салмақтағы түсті металл қорытпаларынан, түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан жоғары 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан жоғары 15 Мн-ге дейінгі (800-ден 1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Белгіленген әдіптер мен рұқсат шегін сақтай отырып барынша аз қыздырып бөлшектерді соғу. Жоғарыда аталған балға және сығымдағышта күрделі бөлшектер мен дайындамаларды созғылау, дөңгелетіп кеңейту, кесу жөніндегі жұмыстарды орындау. Түрлі маркадағы болаттан жасалған түрлі сыйымдылықтағы баллондарды соғу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі гидравликалық, бугидравликалық сығымдағыштар мен бу-ауа балғасының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаты; ұсталық аспаптар мен айлабұйымдардың барлық түрлерінің құрылымы; құймалардың, илемдер мен ұсталық шыңдағыштардың құрылысы мен ақаулары.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН (1500 тс) салмақтағы түсті металл қорытпаларынан, түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі, сондай-ақ құлап тұратын бөлшектері 1,5 т-дан жоғары 3 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 8 МН-дан жоғары 15 Мн-ге дейінгі (800-ден 1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы болаттан (жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімділерден басқа) және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1. Сыйымдылығы 50 л-ден жоғары баллондар – соғу.

2. ішкі диаметрі 500-ден жоғары 200 мм-ге дейінгі бандаждар – дөңгелетіп соғу.

3. Диаметрі 400 мм-ге дейінгі еспе, тіректі біліктер – соғу.

4. Салмағы 500 кг-нан жоғары бір, екі және үш иінді біліктер – соғу.

5. Салмағы 500 кг-нан 10 т-ға дейінгі фланецті біліктер - соғу.

6. Ұзындығы 800 мм-ден асатын пішінді кілттер – соғу.

7. Сыртқы диаметрі 500 мм-ден жоғары және биіктігі 250 мм-ден асатын сақиналар – дөңгелетіп кеңейту.

8. Крандар мен көтергіштерге арналған бір тұмсықты ілмектер – соғу.

9. Диаметрі 550 мм-ден асатын 1300 мм-ге дейінгі брашпильге арналған тежегіш таспа – соғу.

10. Саңылауларын тесіп және теспей фланецтің сыртқы диаметрі 300 мм-ден асатын бірікпелі муфталар – соғу.

11. Болат құятын шөміштерге арналған стопорлар – түзету.

12. Шаблон бойынша кескінді жетектер – соғу.

13. Сығымдағыштардың қисық шатундары – соғу.

14. Диаметрі 500 мм-ден асатын жұқа қабырғалы тісті дөңгелектер – соғу.

15. Металл кесетін станоктардың шпинделі – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 8 т-ға дейінгі және сығымдағышының күші 30 МН-ге дейінгі (3000 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі бөлшектер мен мөлшердегі құймаларды соғу:

1. Бір жазықтықта орналасқан алты иінді біліктер – соғу.

2. Салмағы 1000 кг-нан асатын фланецті иінді біліктер – соғу.

3. 50 кг-нан жоғары эксцентрикті біліктер – соғу.

4. Диаметрі 500 мм-ден асатын, ұзындығы 250 мм-ден жоғары жапсырмалардың төлкелері – соғу.

5. 10-нан жоғары 200 т-ға дейін жүк көтеретін крандарға арналған екі басты ілмектер – соғу.

6. Тракторлардың иінді біліктерінің қарсы салмақтары – соғу.

7. Салмағы 500 кг-ден асатын рычагтар, кронштейндер – соғу.

8. Салмағы 20 т-ға дейінгі құймалар – дайындамаларды созғылау және бөлу, кесу.

9. Диаметрі 500 мм-ден асатын фланецтер, сақиналар мен дискілер – саңылауын тесіп соғу.

10. Қуатты қозғалтқыш шатундары – соғу.

11. Салмағы 100-ден жоғары 500 кг-ға дейінгі шатундар – соғу.

12. Диаметрі 500 мм-ден асатын тісті дөңгелектер – соғу.

§ 21. БАЛҒА ЖӘНЕ ПРЕСС ҰСТАСЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН-ден жоғары (1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Құлап тұратын бөлшектері 8 т-дан асатын және сығымдағышының күші 30 МН-дан асатын (300 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі мөлшердегі бөлшектерді соғу. Соғу өтпелерінің барынша оңтайлы кезектілігін орнату. Барлық агрегаттар мен механизмдерді жұмысқа дайындауды қамтамасыз ету, шыңдағыштың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: түрлі қуаттағы гидравликалық, бугидравликалық сығымдағыштардың және бу-ауа балғаларының құрылымдық ерекшеліктері; ұсталық өндірісінде қолданылатын ұсталық қыздырғыш пештердің және көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы; еркін соғуда пайдаланылатын ұсталық аспап пен айлабұйымдар жасау тәсілдері; сығымдағыштардың, балғалардың, қалыптардың, бойколардың істен шығуының негізгі себептері мен олардың алдын алу тәсілдері; болаттың механикалық қасиетіне соғудың зиянды әсерін жою тәсілдері; шыңдағыштардың салмағын және шыңдағыштарға арналған құймалардың мөлшерін айқындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектері 3 т-дан жоғары және сығымдағышының күші 15 МН-ден жоғары (1500 тс) салмақтағы балғамен түрлі маркадағы, оның ішінде жоғары қоспаланған және ыстыққа төзімді болаттан және түсті металл қорытпаларынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу:

1. Ішкі диаметрі 2000 мм-ден жоғары бандаждар – дөңгелетіп соғу.

2. Диаметрі 400 мм-ден жоғары тарақты, тіректі біліктер – соғу.

3. Түрлі жазықтықта орналасқан алты иінді біліктер – соғу.

4. Салмағы 10 т-дан асатын фланецті біліктер – соғу.

5. Диаметрі 1300 мм-ден асатын брашпильге арналған тежегішті таспа – соғу.

6. Көтергіш және жетекті шығыр рычагтары – соғу.

7. Домна пештерінің үлкен конусын ілуге арналған сырғалар – соғу.

8. Домна пештердің кіші конустарының штанг құбырлары – соғу.

Құлап тұратын бөлшектері 8 т-дан асатын және сығымдағышының күші 30 МН-дан асатын (300 тс) салмақтағы балғамен түрлі кескіндегі мөлшердегі бөлшектерді соғу:

1. Түрлі жазықтықта орналасқан салмағы 10 т-дан жоғары иінді көпиінді біліктер – соғу.

2. 20 т-дан асатын жүк көтеретін крандардың екітұмсықты ілмектер – соғу.

3. 20 т-дан жоғары құймалар – созғылау, дайындамаларды кесу.

4. Салмағы 500 кг-нан асатын шатундар – соғу.

5. Домна пештерінің үлкен конустарының штангілері – соғу.


§ 22. ҚОЛМЕН СОҒАТЫН ҰСТА

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу мөлшерлері мен әдіптерін сақтай отырып шағын массалы қарапайым бөлшектерді қолмен соғу. Дөңгелек, төртбұрышты және жолақты металды созғылау және ию. Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған қарапайым бұйымдарды ию, созғылау және отырғызу. Шағын қималы жұмсақ болаттан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және металды тістеуікпен кесу. Қарапайым конфигурациялы түрлі шыңдағыштар мен қалыпталған бөлшектерді суықтай және ыстық күйінде сызба және шаблон бойынша тексере отырып қолмен плитада, төстерде, айлабұйымдарда түзету. Жоғарылау білікті ұстамен балға ұратын немесе көмекші ретінде бірлесіп жұмыс істеу.

Білуге тиіс: ұсталық горн және пештің құрылымы; металды ұсталық дәнекерлеу негіздері; бөлшектердің белгілі бір түрлерін соғу және түзету кезіндегі металдың қасиеті; ұсталық аспаптың қызметі мен пайдалану шарттары; шыңдауға әдіптер мен шегінің жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Стрелкамен ауыстыратын башмақтар мен сырғалар – соғу.

2. Қалпағының диаметрі 50 мм-ге дейінгі болттар мен гайкалар – соғу.

3. Ұсталық қақпалар - соғу.

4. Қимасы 40х60 кв. мм-ге дейінгі кескіштерге арналған тұтқыштар – соғу.

5. Дайындамалар – кесу.

6. Сыналар – соғу.

7. 45х45 мм-ге дейін мөлшердегі бұрышта және 45 мм-ге дейінгі жолақпен құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию.

8. Өткелдерге арналған контррельстері, саңылаулар мен рельсті жіктерді өлшеуге арналған айдауға қарсы қоюшы және шаблондар – соғу.

9. Май сауыттардың қақпақтары, паровоздардың терте және кулисалы механизмдерінің сырғыма тиектер – соғу.

10. Буксты табандар – соғу.

11. Балғалар, тістеуіктер, дөкір балғалар, балталар, тегістеуіштер – соғу.

12. Жетектер, педальдар – автомобиль рессорларының ұстағыштары, кронштейндері – түзету.

13. бұрыштықтар – ию.

14. Қарапайым қамыттар – шаблон бойынша ию.

15. Калибрленбеген ұсақ шынжырлар – жасау.

16. Шпонкалар – соғу.

§ 23. ҚОЛМЕН СОҒАТЫН ҰСТА

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі бөлшектерді бетін тазартып өңдеп және мөлшерлерін дәл сақтай отырып эскиз, шаблон және үлгі бойынша қолмен соғу. Қалыңдығы 5 мм-ден 8 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған түрлі конфигурациядағы орташа күрделіктегі бұйымдарды ию, созғылау, жиектеу және отырғызу. Бұрыштық бойынша түзетіп және тексере отырып 10 жаймаға дейін жиынтығы бар рессорларға ыстық күйінде рессорлық қамыттарды кигізу. Мойны жоқ жайма металдан жасалған қалыпталған бөлшектерді суықтай және ыстық күйінде сызба және шаблон бойынша тексере отырып түзету. Ұсталық жұмыстарға қажетті аспап жасау. Жоғарылау білікті ұстамен балға ұратын немесе көмекші ретінде бетін тазартып өңдей отырып күрделі бөлшектерді соғуда, сондай-ақ рессорлық жаймаларды ию кезінде бірлесіп жұмыс істеу.

Білуге тиіс: ауа үрлейтін құрылғылардың құрылысы; негізгі металдардың созылымдылық қасиеті; түрлі маркадағы болаттан жасалған түрлі рессорлық жаймаларды июдің тәсілдері; ұсталық пісіру ережесі мен жолдары; өңделетін әдіптердің және шыңдағыштардың рұқсат шегі мөлшерлері; жай шыңдағыштарға қажетті материал массасын есептеудің қарапайым тәсілдері; түрлі маркадағы болатты қыздыру режимі және соғу температурасы; соғу өтпесінің жолдары мен кезектілігі; аттарды тағалау ережесі; тағалардың үлгілері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 50 мм-ден асатын қалпақты болттар мен гайкалар – соғу.

2. Қимасы 40х60 кв. мм-ден жоғары кескіштерге арналған ұстағыштар – соғу.

3. Электровоз жол тазартқыштарының ұстағыштары – соғу.

4. Вагондардың кузовтарын рессорлық ілмектеу бөлшектері, жылжымалы құрам арбаларының автоілінісуі – соғу.

5. Ұсталық қол шымшуырлары –соғу.

6. Үстеме және кесік кілттер – соғу.

7. Дөңгелектер, арбалар, шаналар – соғу.

8. Бұрышының мөлшері 45х45 мм және 45 мм-ден асатын жолақтарының мөлшері 100х100х100 мм-ге дейінгі құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию.

9. Диаметрі 200 мм-ге дейін сақиналар, фланецтер – соғу.

10. Оқшаулағыштарға арналған балдақтар, ілмектер, қамыттар – соғу.

11. Вагондардың өтпелі алаңшаларының кронштейндері мен осьтері – соғу.

12. Түрлі муфталар – соғу.

13. Сығымдағыштар – соғу.

14. Тепловоз букстары теңгерімдерінің тіректері соғу.

15. Тағалар – соғу.

16. Массасы 10 кг-ге дейінгі сығымдағыш үлгілер – ауысымдық жабдық бөлшектерді соғу.

17. Бұрыштық болаттан жасалған рамалар – ию.

18. Жаймалар – соғу.

19. Бір арқалық қол краны подшипник кронштейндерге арналған жолақты болат – ыстықтай ию.

20. Ұзындығы 1000 мм-ге дейінгі қамыттар – ию.

21. Диаметрі 25 мм-ге дейінгі шынжырлар – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопор және айналмалар жасау.

22. Диаметрі 40 мм-ге дейінгі шынжырлар – жөндеу.

23. Диаметрі 150 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – отырғызып соғу.

§ 24. ҚОЛМЕН СОҒАТЫН ҰСТА

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар және үлгілер бойынша күрделі бөлшектерді қолмен соғу. Түрлі жазықтықта бөлшектерді ию және пісіру. Түрлі маркадағы болаттан жасалған бөлшектерді пісіру. Белгіленген мөлшерлер мен әдіптерді сақтай отырып бөлшектерді түпкілікті өңдеу. Қалыңдығы 8 мм-ден 12 мм-ге дейінгі шаблон және эскиз бойынша жаймалық металдан жасалған түрлі конфигурациядағы орташа күрделіктегі бұйымдарды ию, созғылау, жиектеу және отырғызу. Июге арналған металды қыздыру режимін таңдау. Рессорлық жаймаларды шаблон бойынша ию. Рессорларды жиынтыққа құрастыру және жайманы шаблон бойынша және алдыңғы жаймаға жеткізу. Жиынтықта 10 жаймалардан асатын рессорлардың пакетіне рессорлық қамыттарды жеткізу. Түрлі конфигурациялы қалыпталған бұйымдарды түзету.

Білуге тиіс: горндардың, пештер мен ауа үрлейтін құрылғылардың құрылымы; күрделі бөлшектерді соғу өтпесінің кезектілігін орнату тәртібі; рессор жиынтықтарын құрастырудың техникалық шарттары; шыңдағыш металының массасын есептеу тәсілдері, түрлі металлдардың созылымдылық қасиеттері мен оларды соғу процесіндегі міндеті.

Жұмыс үлгілері

1. Тепловоздың бас желдеткіштерінің жетекші және бастаушы редуктор біліктері – соғу.

2. Шағын мөлшердегі бір иінді біліктер – соғу.

3. Ашалар – тістерін ажырату және түзету.

4. Жылжымалы құрамның тежегіш рычагты жіберу бөлшектері – соғу және пісіру.

5. Жоғары көміртекті арнайы болаттан жасалған күрделі қалыптарды, фрездерді және басқа да кесетін аспаптан жасалған дайындамалар – соғу.

6. Мөлшері 100 мм-ден асатын жолақтардан тұратын сақиналар – ию.

7. Диаметрі 200 мм-ден асатын сақиналар, фланецтер – соғу.

8. Қазандықтар – артқы және алдыңғы қабырғаларын шаблон бойынша ию.

9. Жегу ілмектері – жасау.

10. Түзу, бүктелген және соғылған жаймалар – ласкаларын тарту.

11. Автомобильді рессорлардың жаймалары – жасау.

12. Сығымдағыштар мен қайшыларға арналған түрлі конфигурациялы және мөлшердегі пышақтар – соғу.

13. Жаймалық темірді кесуге арналған қылыш пышақтар – соғу.

14. Жылжымалы құрамдағы аспалардың ілмелері мен арбалардың шпинтондары – соғу.

15. Массасы 10 кг-нан асатын сығымдағыш қалыптар – ауысымдық жабдық бөлшектерін соғу.

16. Аяқ киімнің жоғары жағы бөлшектерін кесуге арналған кескілер – соғу.

17. Арнайы пісірілген кескіштер – пластиналарды соғу, толтыру және дәнекерлеу.

18. Ірі үлгілік кескіштер – соғу.

19. Семафорлардың кулисалары және қанат рычагтары – соғу.

20. Массасы 250 кг-ға дейінгі көтергіш үстелдерге арналған үлгілік рычагтар – соғу.

21. Үштіктер – соғу.

22. Рессорлық қамыттар мен кронштейндер – соғу.

23. Диаметрі 25-тен 40 мм-ге дейінгі тізбектер – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопорлар мен айналмалар жасау.

24. Диаметрі 40-тан 60 мм-ге дейінгі тізбектер – жөндеу.

25. Диаметрі 150-ден 300 мм-ге дейінгі тісті дөңгелектер – отырғызып соғу.
§ 25. ҚОЛМЕН СОҒАТЫН ҰСТА

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бетін тазартып өңдеп сызба және үлгілер бойынша күрделі бөлшектерді қолмен соғу, ию, түзету және пісіру. Қалыңдығы 12 мм-ден асатын жайма металдан жасалған ірі бұйымдарды ию, түзету және жиектеу.

Білуге тиіс: күрделі ұсталық жұмыстарды орындау тәсілдері мен соғудың күрделі жолдары; өңделетін металды қыздыру және салқындату режимдері; қызу режиміне қарай металл құрылымының өзгеруі.

Жұмыс үлгілері

1. Жылдамдық қораптары механизмінің тісті дөңгелек блоктары – соғу.

2. Көпиінді біліктер – соғу.

3. Эксцентрикті біліктер - соғу.

4. Оталғыш, қисық тісті және кулисалық механизм сақиналары, кулисалық және эксцентрикті паровоздардың жетектері – соғу.

5. Бұрыштық мөлшері 100х100 мм-ден асатын және жолақтары 100 мм-ден асатын құрылымдық болаттан жасалған сақиналар – ию.

6. Қазандықтар – шаблон бойынша алдыңғы және көсеу жаймаларды ию және түзету.

7. Үлгілік матрицалар – арнайы аспапты болаттан жасалған дайындамаларды соғу.

8. Диаметрі 40 мм-ден асатын тізбектер – звенолар жасау және пісіру, гактар, стопорлар мен айналмалар жасау.

9. Диаметрі 60 мм-ден асатын тізбектер – жөндеу.


§ 26. ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс) фрикционды және қисық тісті және гидравликалық 2 МН (200 тс) – дейінгі сығымдағыштарда ыстықтай қалыптау және ию. Металл бүршіктерін суықтай кесу және бөлшектер мен бұйымдарды күші 2 МН (200 тс) – қа дейінгі сығымдағыштарда кесу. Қыздыру пештері мен горндарды тұтату. Пештерден металлды түсіру және толтыру. Дайындамаларды қыздыру температурасын айқындау. Жоғарырақ білікті штампылаушы ұстаның жұмысында көмекші штампылаушы ұстаның жұмысын орындау. Қалыптарды бекіту, бөлшектерді қалау және бекіту. Қалыптарды тазалау және майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты; қалыптау кезіндегі операциялардың тәртібі; соғатын және кесетін қалыптардың қызметі мен орнату ережесі; қалыптарды жұмыс уақытында салқындату және майлау тәсілдері; арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану шарттары; болаттың қолданылатын маркаларын қыздыру режимдері; металды қыздыру температурасы; ыстық қалыптау әдіптері мен рұқсат шегінің жүйесі.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 25 мм-ге дейінгі болттар, гайкалар мен тойтарма шегелер – шығару.

2. Ашалар – түтікшелерді ию және мүйіздерінің ұштарын шлицтеу.

3. Буксты және айдауға қарсы қоюшы сыналар – қалыптау.

4. Жапсырма кілттер - нақыштау.

5. Автомашина шатундарының қақпақтары – түзету.

6. Тежегіш колодкалары башпақтары мен жылжымалы құрамның тежегіш жеңдерінің ілмелері – қалыптау.

7. Қалыңдығы 10 мм-ге дейінгі қапсырмалар, бұрыштықтар, планкалар – қалыптау.

8. Баллдарға арналған фитингілер – қалыптау.

§ 27. ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс)-ка дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау – шығару. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғамен және күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1-ден 3 МН-ге (100-ден 300 тс-ге дейінгі) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда және күші 2 МН-нан (200 тс) асатын гидравликалық сығымдағышта; күрделі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс)-ке дейінгі қисық тісті сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Жаймалық және кескінді металдан жасалған бөлшектер мен дайындамаларды көлденең иетін машинада ыстықтай және суықтай күйде ию. Бөлшектер мен бұйымдарды күші 2-ден 8 МН-ге (200-ден 800 тс-ке) дейінгі сығымдағыштарда нақыштау. Металды жоғарыда аталған балға және сығымдағышта отырғызу, шығару, созғылау, кесу. Терең емес және тік бұрышты саңылауларды тесу. 1,5 т-ға дейінгі массалы құлап тұратын балғамен және күші 8 МН (800 тс) –ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді суықтай және ыстықтай күйде түзету. Баспаушының басшылығымен қалыптарды орнату және баптау. Күші 2-ден 5 МН (200-ден 500 тс-ке) дейінгі металл бүршіктерін кесу. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау. Сығымдағыштарды, балғаларды және көтергіш көлік механизмдерін басқару. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану. Ағымдағы жөндеуге қатысу. Көмекші ретінде жоғарылау білікті штампылаушы ұстамен бірге жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналардың құрылысы; қыздыру пештері мен горндарға қызмет көрсету ережесі; қалыптарды салқындату, майлау және жұмысқа дайындау ережесі; түрлі сұрыптағы көміртекті болаттың созылыңқы қасиеті мен қыздыру режимі; металл маркасы мен бұйымдардың бетінің талап етілетін тазалығына қарай қалыптау тәсілдері; соғатын бойктардың, қалыптардың және бекіткіш айлабұйымдардың құрылымы және орнату тәсілдері; арнайы айлабұйымдардың, қарапайым және орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; өңдеу әдіптері мен ыстықтай қалыптау рұқсат шегінің мөлшерлері; пешке дайындама салудың және оларды қыздырудың тәсілдері мен жолдары; автоматты және жартылай автоматты желілердің құрылысы.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғалардағы, күші 8 МН (800 тс)-қа дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс)-қа дейінгі көлденең соғатын машиналарда қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау және шығару:

1. Диаметрі 25 мм-ден жоғары болттар, гайкалар мен тойтарма шегелер – шығару.

2. Тракторларды жіберу қораптарын қайта қосу біліктері – шығару.

3. Тракторды қайта қосу білікшелері – қалыптау.

4. Гайкалар – барашкалар – қалыптау.

5. Бу қораптарының есіктері мен паровоз резервуарларының түптері – қалыптау.

6. Платформа борттарының бөлшектері – қалыптау.

7. Хирургиялық қашаулар – қалыптау.

8. Подшипник сақиналары – шығару.

9. Муфталар – қалыптау.

10. Трак саусақтары – шығару.

11. Жылжымалы құрам арбалары рессорлық жинақтарының планкалары – қалыптау.

12. Жылжымалы құрам тежегіш рычагты жіберу арбаларының сақтандырғыш қапсырмалары – қалыптау.

13. Қалыңдығы 10 мм-ден жоғары қапсырмалар, бұрыштықтар, планкалар – ию.

14. Диаметрі 150 мм-ге дейінгі жаймалық фланецтер – қалыптау.

15. Тальға арналған тізбектер – звеноны қалыптау.

Күші 1-ден 3 МН (100-ден 300 тс-қа) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағышта және күші 2 МН (200 тс) дейінгі гидравликалық сығымдағышта қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді қалыптау:

1. Кесік кілттер – тұтқа сапты ию.

2. Кронштейндер – ию.

3. Есік тұтқалары – қалыптау.

4. Тостағандар – қалыптау.

5. Терезе шпингалеттері – қалыптау.

Күші 1 МН (100 тс) дейінгі фрикциялы және қисық тісті сығымдағыштарда күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Дизельдің иінді біліктері.

2. Вагондардың жота арқалықтарының диафрагмасы.

3. Тығыздайтын дизельдердің күйентесі мен сақиналары.

4. Дизельдің тісті дөңгелектерінің осьтері.

5. Вагон фермаларының қиғаш тіректері.

Құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 м-ға дейінгі балғалармен және күші 8 МН (800 тс) – дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда бөлшектерді түзету:

1. Карданды біліктердің айқастырмалары.

2. Автомашина алдыңғы ілмелерінің тіректері.
§ 28. ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғамен және күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс)-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау. Бөлшектер мен дайындамаларды күші 3 МН (300 тс) –қа дейінгі көлденең иетін сығымдағышта ию. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5-ден 3 МН-ге дейінгі балғаларда және күші 8 МН-нан (800 тс-дан 1500 тс) 15 МН-ға дейінгі механикалық соғатын сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2 МН (200 тс-дан 1200 тс)-ден 12 МН-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау және шығару. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 1-ден 3 МН-ге (100-ден 300 тс-ге дейінгі) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда; күрделі бөлшектерді күші 1 МН (100 тс)-ден 3 МН-ге дейінгі сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Терең және күделі саңылауларды тесу. 1,5 т-дан жоғары 8 т-ға дейінгі массалы құлап тұратын балғамен және күші 8 МН (800 тс) –нен 50 МН-ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді суықтай және ыстықтай күйде түзету. Бөлшектер мен бұйымдарды күші 8-ден (800 тс) асатын сығымдағыштарда нақыштау. Күші 5 МН (500 тс)-ден асатын сығымдағыштарда металл бүршіктерін кесу. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау. Көмекші ретінде жоғарылау білікті штампылаушы ұстамен бірге жұмыс істеу.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналар мен қыздыру пештерінің құрылысы; бойктардың, соғатын және кесетін қалыптардың, орнататын және бекітетін айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері; түрлі маркадағы болатты және түсті металлдар мен қорытпаларды қыздыру, салқындату және қалыптау режимдері; жабдықтардың принципиалды тәсімдері, құрылысы және автоматты және жартылай автоматты желі механизмдерінің өзара іс-әрекеті.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8 МН (800 тс) –дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс)- дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Кардан білігі – біліктің ұштарын шығару.

2. Тәжді гайкалар – шығару.

3. ЗИЛ-150 автомашинасының клапандары – шығару және қалыптау.

4. Автомобиль дифференциалдарының айқастырмалары – қалыптау.

5. Автомобиль шатундарының қақпақтары – қалыптау.

6. Жылжымалы құрамдағы аспалы ілмелері – шығару.

7. Автомобиль тіркемелері дискілерінің күпшектері – қалыптау.

8. Автомобиль кардан білігінің фланецтері – қалыптау.

9. Диаметрі 100 мм-ге дейінгі жұқа қабырғалы тісті дөңгелектер – қалыптау.

10. ГАЗ-51, ГАЗ-21 автомашиналарының жіберу қораптарының тісті дөңгелектері – шығару.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5 т-нен 3 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8 МН (800 тс) 15 МН–ға дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2 МН (200 тс-дан 1200 тс-қа дейінгі) 12 МН-ға дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Трактордың сатылы біліктері – қалыптау.

2.Трактор жіберу қораптарын қайта қосу, ЗИЛ-132 автомашинасының алғаш жіберу және артқы жүрісінің ашалары – қалыптау.

3. Болтқа арналған гайкалық кілттер – қалыптау.

4. Автомашина иінді біліктерінің қысатын жұдырықшалары – шығару.

5. Төрт осьті вагондар мен тендерлердің арба белдіктері – ию және қалыптау.

6. Автомашина бұру кулисаларының рычагтары – шығару.

7. трактор жіберу қораптарының тіркеме рычагтары – қалыптау.

8. ЗИЛ-150 автомашинасының сателлиттері – қалыптау.

9. Фланецтер – фланец иетін машинада ию.

10. Тепловоз кардан біліктерінің фланецтері – шығару.

11. Диаметрі 150 мм-ден жоғары жаймалық фланецтер – қалыптау.

12. Автомобиль иінді біліктерінің храповиктері – шығару.

13. Диаметрі 150 мм-ге дейінгі цапфалар, төлкелер, сақиналар – шығару.

14. Трактор қайталама біліктерінің коникалық тісті дөңгелектері – шығару.

Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді күші 3 МН-ге (300 тс) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда қалыптау:

1. Вагонның көлденең рычагтарының тартпалары – қалыптау және ию.

2. Вагон буферлік брустарының жаймалары – қалыптау және ию.

Күрделі бөлшектерді күші 1-ден жоғары 3 МН-ге (100-ден жоғары 300 тс-қа) дейінгі фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда қалыптау:

1. Дизель поршендары.

2. Жолаушы вагонның шкворнялары.

1,5 т-дан жоғары 8 т-ға дейінгі массадағы құлап тұратын балғамен және күші 8 –ден (800-ден жоғары 5000 тс-қа дейінгі) 50 МН-ге дейінгі соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді түзету:

1. Автомобильдің жұдырықшалы біліктері.

2. Дифференциалды айқастырмалар.

3. Тракторлар мен ГАЗ-51, ЗИЛ-150 автомобильдерінің шатундары.

§ 29. ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 1,5-нан асатын 3 т-ға дейінгі балғамен және күші 8-ден жоғары 15 МН-ге (800-ден жоғары 1500 тс-қа дейінгі) дейінгі соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 2-ден жоғары 12 МН (200-ден асатын 1200 тс)-қа дейінгі күшпен ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді құлап тұратын бөліктерінің массасы 3 МН балғаларда және күші 15 МН-нан асатын (1500 тс) механикалық соғатын сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 12 МН-нан асатын күшпен ыстықтай қалыптау және шығару. Бөлшектер мен дайындамаларды күші 3 МН (300 тс) –дан асатын көлденең иетін сығымдағышта (бульдозерде) ию. Күрделі бөлшектерді күші 3 МН-ден (300 тс) асатын фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда ыстықтай қалыптау. 8 т-дан жоғары массалы құлап тұратын балғамен және күші 50 МН-дан асатын (5000 тс) соғатын механикалық сығымдағышпен бөлшектерді түзету. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жартылай автоматты және автоматты желілерде ыстықтай қалыптау.

Білуге тиіс: түрлі жүйедегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналардың кинематикалық тәсімдері; түрлі маркадағы болаттың, түсті металлдар мен қорытпалардың созылыңқы қасиеттері; металл соғу басталғанда және аяқталғандағы температурасы; автоматты және жартылай автоматты желілердің құрылымдары.

Жұмыс үлгілері

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 1,5-нан 3 т-ға дейінгі балғаларда, күші 8-ден 15 МН (800-ден жоғары 1500 тс) –дейінгі механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 2-ден жоғары 12 МН (200-ден 1200 тс-қа дейінгі)- дейінгі көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Жылжымалы құрамдағы арбалардың аспалы арқалықтары – қалыптау.

2. Автомашиналардың жұдырықшалы білікшелері – қалыптау.

3. Тракторлардың иінді біліктері - қалыптау.

4. ЗИЛ-130 автомобильдерінің жіберу 2-5 қайта қосу ашалары – қалыптау.

5. Автомашиналардың шарнир жұдырықшаларының және буксирлік ілмектерінің қалпақтары – шығару.

6. Автомашиналардың буксирлік ілмектері – қалыптау.

7. Вагон арбаларының траверстері – қалыптау.

8. Автомашиналардың шатундары – қалыптау.

9. Дизель шатундары – қалыптау.

10. Трактор қақпақтарының шатундары – қалыптау.

11. Диаметрі 100 мм-ден асатын жұқа қабырғалы тістегершіктер– қалыптау.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 3 т-дан асатын балғаларда, күші 15 МН–нан асатын (1500 тс) механикалық соғатын сығымдағыштарда және күші 12 МН-дан асатын (1200 тс) көлденең соғатын машинада күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Тепловоздардың бір иінді біліктері – қалыптау.

2. «Москвич» автомашинасының иінді біліктері – қалыптау.

3. Автомашиналардың иінді біліктерінің дайындамалары – қалыптау.

4. Вагондар мен тендерлердің буферлік брустарының жаймалары – қалыптау.

5. Вагондардың тиейтін люгінің жаймалары – қалыптау.

6. Трактордың артқы мостының диаметрі 160 мм фланецтері – шығару.

7. Автомашиналардың жартылай ось фланецтері – шығару.

8. Жоғары қуаттылықтағы қозғалтқыштағы тарату біліктерінің фланецтері – шығару.

9. Диаметрі 150 мм-ден асатын цапфалар, төлкелер, сақиналар – шығару.

10. Токарлық станоктардың шпиндельдері – шығару.

Күші 3 МН-дан асатын (300 тс) фрикциялық және қисық тісті сығымдағыштарда күрделі бөлшектерді қалыптау:

1. Цистерналардың түптері.

2. Жартылай вагон люктарының қақпақтары.

Құлап тұратын бөліктерінің массасы 8 т-дан жоғары балғаларда және күші 50 МН-нан асатын (5000 тс) механикалық соғатын сығымдағыштарда ауыр бөлшектерді қалыптарда ыстықтай түзету және нақыштау:

1. Автомашинаның алдыңғы ось арқалықтары – түзету және нақыштау.

2. Автомашиналардың иінді біліктері – түзету.

3. Қозғалтқыштардың шатундары – түзету және нақыштау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет