Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет25/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 52. дәнекерлеуші

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыздыратын пештер мен вакуумдық қондырғыларда қатты қорытпалар пластиналарын күрделі бейінді фасонды кескіштерге және жылдам кескіш болатты спираль бойынша кескіштерге дәнекерлеу. Вакуумдық қондырғыны баптау. Вакуумдық сорғыларға, салқындату жүйелерге, бақылау-өлшеу аппаратураларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтар мен аспаптардың кинематикалық тәсімін; металл тану негіздерін және материалдардың пісіруге икемділігін; ерітіп дәнекерленген жіктердің сапасын тексеру тәсілдерін; вакуумдық техниканың негіздерін; орындалатын жұмыс шегінде электротехника негіздерін; жабдыққа қызмет көрсету және баптау ережесін.

§ 53. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҰСТА-ОПЕРАТОР

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау пультінен бөлігін шөгетін, кесетін престерде, бұранда бүрлеу, табақ штампылау, сым-шеге істейтін, серіппе орамдау, тізбек тоқитын және басқа да ұсталы-штампылау автоматтарында металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды штампылау, бөлігін шөгу, соғу. Үлгі, қалып және өлшеу құралдары бойынша бөлшектер мен бұйымдар жасауды тексеру. Ұста-штампылау автоматтарын баптау. Бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды қыздыруды реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін автоматтардың құрылғысын; штампыларды орнату және түсіру тәсілдерін; металды қыздыру температурасын; шектеулер мен орнықтыруларды, кедір-бұдырлық квалитетін және параметрлерін; майлайтын және салқындататын сұйықтықтардың міндеті мен қасиетін.

§ 54. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҰСТА-ОПЕРАТОР

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бақылау пультінен жартылай автоматты желілерде металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдарды және дайындамаларды ыстықтай штампылау, бөлігін шөгу, соғу процестерін жүргізу. Жартылай автоматтарды, престерді, жартылай автоматты желілердің соғатын көп позициялы штампыларын баптау, орнату және жұмысын реттеу. Бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының көмегімен металды тиеу және қыздыру алдында дайындамаларды бақылау. Жабдықтар мен жартылай автоматты желілерді жұмысқа дайындау. Майлау жүйесін реттеу.

Білуге тиіс: жабдықтардың құрылғысын, принципті тәсімдерін және автоматты желілер механизмдерінің өзара әрекеттесуін; металдар мен қорытпаларды қыздыру, салқындату және штампылау режимдерін; шектеу және орнықтыру жүйесін.

§ 55. АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ҰСТА-ОПЕРАТОР

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен автоматтық желілерде металдар мен қорытпалардан жасалған әртүрлі бөлшектерді, бұйымдар мен дайындамаларды ыстықтай штампылау, бөлігін шөгу, соғу процесін жүргізу. Автоматтарды, автоматты ауыстырғыштарды және автоматты желілердің агрегаттарды баптау. Автоматтық желілердің жабдықтары мен агрегаттарды жұмысқа дайындау. Желілер жұмысындағы ақаулықтарды жою. Шыңдау жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: автоматтық желілер құрылғысын, кинематикалық тәсімін және механизмдерінің өзара әрекеттесуін; штампылайтын материалдардың механикалық қасиетін; дайындалатын бөлшектерге, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптарды.

§ 56. АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ТЕРМИСТ-ОПЕРАТОРЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен жартылай автоматты және бір қатарлы автоматты желілерде бұйымдарды, бөлшектер мен құралдарды шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау және басқа да термиялық өңдеу процесін жүргізу. Бұйымдарды, бөлшектер мен құралдарды термиялық өңдеудің берілген технологиялық процесіне термиялық пештердің технологиялық белгілері, міндеті, қыздыру тәсілдері, конструкциясы, жұмыс режимі және механикаландыру бойынша жұмыстарды реттеу. Жұмыс процесінде жабдықтарды және механизм желілерін баптау. Желінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бақылау өлшеу аспаптар жұмысының диаграммаларын ресімдеу. Термиялық өңдеу журналын жүргізу. Жартылай автоматты немесе автоматты желілерге кіретін термиялық пештерді ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: термиялық өңдейтін жартылай автоматты және бір қатарлы автоматты желілердің құрылғысын; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың міндетін және құрылғысын, әртүрлі термиялық өңдеудің режимдерін; қызмет көрсететін желілердің тәсілдерін және баптау ережесін; орындалатын жұмыс шегінде электротехника негіздерін.


§ 57. АВТОМАТТЫ ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ТЕРМИСТ-ОПЕРАТОРЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Басқару пультінен көп қатарлы автоматты желілерде бұйымдарды, бөлшектер мен құралды шыңдау, жұмсарту, күйдіру, нормалау және басқа да термиялық өңдеу процесін жүргізу. Жұмыс барысында жабдықтарды және желілер механизмдерін баптау. Жабдықтау жұмысында ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: көп қатарлы автоматты желілердің кинематикалық және электрлік тәсімдерін; қоректену көздерінің және басқару пульттерінің құрылғысы мен электрлік тәсімдерін; өңделетін бөлшектердің, бұйымдардың, құралдың химиялық құрамын, механикалық және физикалық қасиетін; бақылау-өлшеу аспаптарын және құралды баптау, реттеу ережесі мен тәсілдерін; өңделетін бұйымдар мен бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар.


§ 58. Машиналарды түзетуші

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті түзетушімен бірлесіп түзетілетін дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды аударуға және ауыстыруға, күші 75 кН (75 тс) дейін престерде түзету операцияларын орындау кезінде бірінші көмекші ретінде және күші 750-ден 2500 кН дейін (75-ден 250 тс дейін) престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзету кезінде екінші көмекші ретінде қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін престерді, жанышпабіліктерді және басқа да тұзеткіш машиналардың құрылғысын; едәуір кең таралған қарапайым аспаптардың міндеті мен шарттарын; дайындамаларды, бөлшектер мен бұйымдарды престеуге немесе жаныштауға беру ережесін; оларды түсіру және орналастыру ережесін; жұмыс орнында қолданылатын шартты белгі беруді.

§ 59. Машиналарды түзетуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабілектерде, шығыршық түзеткіш және басқа машиналар мен күші 750 кН (75 тс) дейінгі престерде табақты, шыбықты және сортты металдан жасалған қарапайым және орташа күрделі бөлшектерді сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен суықтай және ыстықтай түзету. Калибрлік металды түзету-кесу автоматында және құбырларды құбыр түзейтін станокта түзету. Әртүрлі түзету жабдықтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған табақ пішіндерін, жолақтарды, құбырларды, шыбықтарды түзетуге қатысу. Жоғары білікті түзетушінің басшылығымен престерді баптау және аспаптарды орнату. Күші 750 до 2500 кН престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзетуге қатысу. Түзеткіш машиналарды басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престердің, жанышпабілектер мен түзеткіш машиналардың жұмыс қағидатын; арнайы құрылғыларды, көтергіш механизмдер мен бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; түзету кезінде табақты және сортты металдың қасиетін, өзгеруін және құрылымының өзгеруін; болатты таңбалау; бөлшектерді түзетудің техникалық шарттарын.

Жұмыс үлгілері

1. Барлық ұзындықтағы қимасы 75 x 75 кв.мм дейінгі бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету.

2. Қимасы 75 x 75 кв. мм артық және ұзындығы 6 м дейін бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету.

3. Швеллерлі және қоставрлы илектелген № 20 дейінгі және ұзындығы 6 м дейінгі пішіннен жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету.

4. Дискілер, фланцтер мен штампыланған бөлшектер – түзету.

5. Автомобильдерге арналған шарикті мойынтіректі қақпақтар – түзету.

6. Барлық пішіндегі және өлшемдегі егеулер – түзету.

7. Диаметрі 1000 мм дейінгі, қалыңдығы 12 мм дейінгі цилиндрлік конструкцияларға арналған ернеушелер – түзету.

8. Музыкалық аспаптарға арналған сым – түзету.

9. Серіппелі, сатылы сым – түзету және бүрмелеу.

10. Шыбықтар – түзету.

11. Бұрғылар, бұрандаойғыштар, қашаулар – түзету.

12. Диаметрі немесе квадрат жағынан 60 мм дейін және ұзындығы 2 м дейін квадратты және дөңгелек болат – түзету.

13. Көлемі 5 кв м дейін және қалыңдығы 18 мм дейінгі табақты болат – түзету.


§ 60. Машиналарды түзетуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабілектерде, түзеткіш станоктарда және күші 750-ден 2500 кН дейінгі (75-тен 250 тс дейін) престерде табақты, термиялық өңделгенге дейінгі және кейінгі табақты әрі пішінді престерден жасалған күрделі бөлшектерді сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен суықтай және ыстықтай түзету. Күші 750 кН (75 тс) дейінгі престерде термоөңделгеннен кейін созылымды шойыннан жасалған құймалардың қылауларын кесу және түзету. 1 мм ұзындықта 0,2-ден 2 мм дейін қисықтығы бойынша дәлдікті қамтамасыз ете отырып, түзеткіш-кескіш машиналарда бунттан жасалған бөлшектердің дайындамаларын шабу және түзету. Әртүрлі түзеткіш жабдықтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған пішіндерді, табақтарды, жолақтарды, құбырларды, шыбықтарды және басқа да бұйымдарды түзету. Күші 250 тс артық престерде ірі дайындамалар мен бөлшектерді түзетуге көмекші ретінде қатысу. Бөлшектерді түзету үшін жабдықтарды баптау және құрылғыларды орнату. Бөлшектерді түзетудің оңтайлы тәсілдерін белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін престердің, жанышпабіліктердің және басқа да түзеткіш машиналардың құрылғысын және баптау ережесін; арнайы құрылғылардың, көтергіш механизмдердің және бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 4 м дейін қабырғалы арқалық – түзету.

2. Диаметрі 300 мм дейін, ұзындығы 7 м дейінгі біліктер – түзету.

3. Карданды біліктер – индикатор бойынша 0,1 мм дәлдікпен түзету.

4. Іштен жану қозғалтқыштардың иінді біліктері – 0,08 мм дейінгі дәлдікпен түзету.

5. Қимасы 75 x 75 кв. мм артық және ұзындығы 6 м артық бұрышты болаттан жасалған бөлшектер мен дайындамалар – түзету .

6. Швеллерлі және қоставрлы илектелген № 20 артық және ұзындығы 6 м артық пішіннен жасалған бөлшектер мен дайындамалар – дәл түзету

7. Бағыттамалы бұрмаға арналған рельстік бөлшектер – бір қалыпты иілу.

8. Диаметрі 1000 мм артық, қалыңдығы 12 мм артық цилиндрлік конструкцияларға арналған ернеушелер - жаншу, түзету.

9. Бағыттамалы бұрмалардың үшкірлері мен рельстері – түзету.

10. Ауыл шаруашылығы машиналарының кесетін аппараттарының саусақтары – түзету және қылауларын кесу.

11. Кесекшелерді жентектеуге арналған табандықтар – түзету.

12. Рельстер – түзету.

13. Диаметрі 50 мм дейінші калибрленген болат – түзету.

14. Диаметрі немесе квадрат жағынан 60 мм артық және ұзындығы 2 м квадратты және дөңгелек болат – түзету.

15. Көлемі 5 кв м дейін және қалыңдығы 18-ден 30 мм артық, көлемі 8 кв м артық және қалыңдығы 10-нан 18 мм дейін табақты болат – түзету.

16. Ұзындығы 12 м дейінгі швеллерлі және зето тәрізді болат - сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен тексеріп, түзеткіш престе түзету.

§ 61. Машиналарды түзетуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термоөңдеуге дейін және кейін жанышпабіліктерде, түзету станоктарында және күші 2,5 МН (250 тс) артық престерде күрделі өлшемде дайындалған бұйымдарды индикаторы мен құрылғылары бойынша суықтай және ыстықтай дәл түзету. Термоөңдеуге дейін және кейін күші 750 кН (75 тс) артық престерде созылымды шойыннан жасалған құймалардың қылауларын түзету және кесу. Жабдықтар мен құрылғыларды баптау. 1 мм ұзындықта 0,2 мм дейін қисықтығы бойынша дәлдікті қамтамасыз ете отырып, түзеткіш-кескіш машиналарда бунттан жасалған бөлшектердің дайындамаларын шабу және түзету.

Білуге тиіс: түзеткіш станоктардың, машиналар мен әртүрлі типті механизмдердің құрылғысын; арнайы құрылғылардың конструкциясын; түзету кезінде металл құрылымының өзгеруін; металдардың механикалық қасиетін.

Жұмыс үлгілері.

1. Ұзындығы 4 м артық қабырғалы арқалық – түзету.

2. Диаметрі 300 мм артық және ұзындығы 7 мм артық біліктер – индикатор бойынша түзету.

3. ЗИЛ-130 автомобильдерінің тістегершік біліктері, жартылай осьтері, айқастырмалары – индикатор бойынша түзету.

4. Іштен жану қозғалтқыштардың иінді біліктері – индикатор бойынша түзету.

5. ЗИЛ-1-130 автомобилінің берілістер қорабы біліктері – индикатор бойынша түзету.

6. Сфералық түптер – түзету.

7. Диаметрі 1000 мм артық арнайы шығыршықтар, тәждері, тістегершіктері – индикатор бойынша түзету.

8. Лонжерондар – түзету.

9. Диаметрі 50 мм артық калибрленген болат – түзету.

10. Табақ қалыңдығы 300 мм артық көлемі 5 кв м дейін және табақ қалыңдығы 18 мм артық көлемі 5 кв м табақты болат – түзету.

11. Ұзындығы 12 м артық швеллерлі және зето тәрізді болат - сызғышпен және үшбұрышты сызғышпен тексеріп, түзеткіш престе түзету.

§ 62. Машиналарды түзетуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жанышпабіліктерде, түзеткіш станоктар мен престерде қыздыруға берік болаттан, титан және магний қорытпаларынан жасалған ірі габаритті әрі эксперименталды бөлшектерді индикатор және құрылғылар бойынша суықтай және ыстықтай түзету. Ірі габаритті тұтас панельдерді шаблондар және шаблон себеттер бойынша иілту.

Білуге тиіс: түзеткіш жабдықтарда ірі габаритті бөлшектерді түзету технологиясының ерекшеліктерін, металл технологиясының негіздерін, шақтамалар мен қондырмаларды; дайындалатын бұйымдардың міндетін және жұмысының шартын; арнайы жарақтандыру, құрылғылар мен жабдықтардың конструкциясының ерекшеліктерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ірі габаритті және тұтас панельдердің қанаты – теоретикалы контурға сәйкес түзету.

2. Титан қорытпаларынан жасалған фюзеляж шпангоуттары – термоөңдеуден кейін түзету.

§ 63. Шпальт електеріне арналған дайындамаларды престеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пресс-автоматтарды сымды оттықтарды дайындау. Орау станогында сымдарды кассеталарға орау. Пресс-автоматтың ілмек жасағышына сым оралған кассетаны орнату. Қадам және саңылау өлшемі бойынша пресс-автоматты баптау. Оттық қимасының қажетті өлшемін алу үшін таза өлшемде пуансон мен матрица қырларын және бүйір қырларын ажарлау. Оттықтарды кесу. Қызмет көрсететін жабдықтарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, дәлдікке тексеру ережесін және баптау тәсілін; шпальт електерін дайындаудың техникалық шарттарын; дайындалатын електердің сорттарын; ілмек жасаушылардың, оттықтарды штампылаудың және кесудің ақауларын.

§ 64. ыстықтАЙ штампылаудағы престеушi

                   3-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ыстықтай түсіру пресс-автоматтарында және ыстықтай және жартылай ыстықтай түсіру престерде диаметрі 16 мм дейін болаттарды, гайкаларды, сондай-ақ тойтарма шегелерді және басқа да қарапайым қалыпты бекіту бұйымдарын, автомобиль қозғалтқыштарына итеретін штанга бастарын ыстықтай штампылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды ағымдағы жөндеуге қатысу. Ыстықтай бүрлеу машиналарында барлық өлшемдегі болттардың бұрандаларын бүрлеу. Жұмыс процесінде бұрандаларды техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін тексеру. Берілген режимге сәйкес пуансондарды, матрицаларды, қарапайым штампыларды баптау және дайындамаларды қыздыруды реттеу. Болат оправаларға талшықтарды ыстықтай престеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін персс-автоматтар, пресс-жартылай автоматтары мен бүрмелеу машиналары механизмдерінің құрылғысын және міндетін, штампылау қасиетіне қарай дайындамаларды қыздыру режимін; қолданылатын технологиялық отынның түрлерін; қарапайым штампылардың конструкциясы мен оларды орнату тәсілдерін; салқындату және штампыларды жұмысқа дайындау ережесін; бұрандаға арналған стандарттарды.

§ 65. ыстықТАЙ штампылаудағы престеушi

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру құрылғылары мен термиялық агрегаттары бар ыстықтай түсіретін болтты, гайкалы, балдақты және айдауға қарсы арнайы престерде, әртүрлі конструкциялы пресс-автоматтарда және жартылай пресс-автоматтарды диаметрі 16 мм артық болттарды, гайкаларды, сондай-ақ теміржол балдақтарын, қарсы айдауларды және күрделі пішінді басқа да бекіту бұйымдарын ыстықтай штампылау. Автоматтандырылған тоғын тізбектерде диаметрі 16 мм дейін гайкалар мен болттарды дайындау. Перстерте, жартылай престерде және автоматтарда сағаттарға арналған корпустардың дайындамаларын ыстықтай штампылау. Дайындалатын бөлшектерді үлгі, шаблондар немесе өлшеу құралдары бойынша тексеру. Металды газбен және басқа да отын түрімен қыздыруда бақылау-өлшеу және реттеу аспаптарының көрсеткішін бақылау. Жартылай автоматтарды, престерді, штампыларды және автоматтандырылған тоғын тізбекті агрегаттарды баптау және қайта баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, штампылардың, автоматтандырылған тоғын тізбектері агрегаттарының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын; дайындалатын бөлшектер мен бұйымдардың барлық түріне дайындамалардың өлшемін есептеу ережесін; дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптарды; металды қыздырудың және термоөңдеудің температуралық режимін.

§ 66. ыстықТАЙ штампылаудағы престеушi

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматтандырылған тоғын тізбектерде диаметрі 16 мм артық гайкалар мен болттарды, сондай-ақ пішіндердің теміржол балдақтарын, қарсы айдау және басқа да бекіткіш бұйымдарын дайындау. Автоматтандырылған тоғын тізбектерінің агрегаттары мен автоматтарын баптай және қайта баптау.

Білуге тиіс: автоматтандырылған тоғын тізбектерінің агрегаттары мен автоматтарының және бақылау-өлшеу аспаптарының конструкциясын; дайындалатын бөлшектерге қойылатын техникалық талаптар.


§ 67. ШАРЛАРДЫ ПРОКАТТАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген техникалық процесс бойынша арнайы илектеу станоктары мен машиналарында шыбықты металдан жасалған тескіштер, кескіштер және бұрғылар үшін дайындамаларды ыстықтай ұзыннан илектеу. Орнақтарды реттеу және баптау.

Білуге тиіс: ұзыннан илектейтін орнақтардың құрылғысын; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану шарттарын.

§ 68. ШАРЛАРДЫ ПРОКАТТАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген технологиялық процесс бойынша арнайы илектеу орнақтарында әртүрлі маркалы болаттан жасалған шарлар мен тескіштерді ыстықтай көлденең илектеу. Қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдерді басқару. Берілген өлшемде орнақтарды баптау және теңшеу.

Білуге тиіс: көлденең илектеу орнақтарының құрылғысын; илектелетін болаттың илемділік қасиетін; бақылау-өлшеу құралдардың құрылғысын.

§ 69. СЕРІППЕШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес алдын ала кассета ұяларына керумен тарту серіппелерін қолмен теру. Жинақталған кассеталарды қолмен немесе көтергіш-көлік құрылғыларын пайдалана отырып келесі операцияға көшіру. Серіппе орайтын басшаларда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді суық күйінде орамалау. Серіппелерді қадам бойынша ажырату және құлақшаларды иілту.

Білуге тиіс: серіппелерді кассеталарға теру ережесі мен тәсілдерін; пружинаның әр түріне арналған кассеталардың конструкциясын; орамдау басшалардың құрылғысын және жұмыс қағидатын; серіппелерді дайындауға қолданылатын әртүрлі маркалы болаттың қасиетін; құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен шарттарын.

§ 70. СЕРІППЕШІ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық диаметрі 15 мм дейін болған кезде әртүрлі конструкциялы станоктарда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді ыстық және суық күйінде орамалау. Шыбық диаметрі 10 мм дейін болған кезде серіппелерді орамалау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптау. Серіппелерді қадам бойынша ажырату және құлақшаларды иілту. Серіппелерді бұрыштап және жазып түзету және қиыстырып келтіру. Техникалық шарттарға сәйкес барлық өлшемдегі күрделі серіппелерді сынау. Тескіштерге арналған дайындамаларды ыстық күйінде бұрмалау. Серіппелерді калибрлеу, тіктеу.

Білуге тиіс: серіппелерді дайындау және термоөңдеу бойынша әртүрлі типті серіппе орайтын станоктардың және басқа жабдықтардың құрылғысын; әртүрлі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының міндетін және қолдану шарттарын; әртүрлі қалыпты серіппелерді орамалау үшін әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылғысын, міндетін және қолдану шарттарын; серіппелерді термоөңдеу режимін.

§ 71. СЕРІППЕШІ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Шыбық диаметрі 15мм артық болған кезде әртүрлі конструкциялы станоктарда әртүрлі маркалы болаттан жасалған серіппелерді ыстық күйінде орамалау және шыбық диаметрі 10 мм болған кезде серіппелерді орамалау. Тәжірибелі өндірісте ыстық күйінде асрнайы серіппелерді дайындау. Қызмет көрсетілетін станоктарды баптау. Азоттандырғаннан кейін серіппелерді калибрлеу. Жолақтардан жасалған ұлу тәрізді спиральді серіппелерді дайындау. Серіппелерді орамалауға арналған оправалардың өлшемін айқындау.

Білуге тиіс: әртүрлі типті серіппе орамалаудың кинематикалық тәсімін; күрделі серіппелерді дайындау тәсілдерін; серіппелерді термоөңдеу ережесін; әртүрлі қалыпты серіппелерді орамалауға арналған әмбебап және арнайы құрылғылардың конструкциясын; қыздыру және термиялық өңдеу кезінде қолданылатын әртүрлі ванналар мен пештердің құрылғысын.

§ 72. Жаюшы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген мөлшерді сақтай отырып, жаю машиналарында диаметрі 250 мм мойынтіректер үшін сақиналардың дайындамаларын ыстықтай жаю. Өлшемдерін өлшеу құралдарымен тексеру. Машиналарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жаю машиналардың және электрмен қыздыру құрылғыларының құрылғысын және баптау тәсілдерін; шарикті мойынтіректердің сақиналары үшін қолданылатын болаттың маркаларын; бақылау-өлшеу құралдарының міндеті мен қолдану шарттарын.


§ 73. Жаюшы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 250-ден 350 мм дейін мойынтіректер үшін сақиналар дайындамаларын және дискі жаятын орнақтарда автомобиль дөңгелектері үшін конустық дискіге арналған дайындамаларды ыстықтай жаю. Орнақты баптау. Жоғары білікті жаюшымен бірлесіп жаю машиналарында диаметрі 350 мм артық подшипниктер үшін сақиналардың дайындамаларын ыстықтай жаю.

Білуге тиіс: дискі жаятын орнақтардың құрылғысын және қызмет көрсетілетін жаю машиналарының кинематикалық тәсімін; машиналар дөңгелегі дискілерінің дайындамаларын жаю үшін қолданылатын болаттың маркаларын; дайындамалардың температурасын және қыздыру режимін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын.


§ 74. Жаюшы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 350 мм артық мойынтірек сақиналарының дайындамаларын, пішінді сақиналарды және диаметрі 1500 мм дейін авиациялық қозғалтқыштардың қыздыруға берік және титан қорытпаларынан жасалған сфералық қабықшаларын ыстықтай жаю. Жаю машиналарын сақиналарға саптау.

Білуге тиіс: сақиналар мен сфералық қабықшалары үшін қолданылатын әртүрлі жаю машиналарының, дискі жаю орнақтарын және қыздыру құрылғыларының кинематикалық тәсімдерін; дайындамаларды қыздырудың оңтайлы режимдерін; тарамдалған қаусырудың дәрежесін әртүрлі нүктелердегі дайындамалардың қалыңдығына тәуелсіздігін; жаю машиналарын баптау тәсілдерін.

§ 75. Жаюшы

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жаю машиналарында диаметрі 1500 мм артық авиациялық қозғалтқыштардың қыздыруға берік және титан қорытпаларынан жасалған пішінді сақиналар мен сфералық қабықшаларды ыстықтай жаю, түзету, калибрлеу. Коррозиялық болаттан және молибденді қорытпалардан жасалған жұқа қабырғалы бөлшектерді жаю.

Білуге тиіс: ірі габаритті және жұқа қабырғалы бөлшектерді жоюдың технологиялық процесін; кинематикалық, гидравликалық және қыздыру құрылғыларының конструкциясын және оларды баптау тәсілдерін; өңдеудің белгіленген дәлдігіне жету тәсілдерін; әртүрлі жұмыстарды орындауға байланысты параболалық қабықшаларды есептеу ережесін.


§ 76. ЫСТЫҚ МЕТАЛДЫ ӨҢДЕУДЕГІ РЕССОРШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 6 мм дейін рессорлы табақтарды қыздыру пештеріне тиеу. Қыздырудың белгіленген режиміне сәйкес қыздыру пештерін қыздыру, отын беруді реттеу және температураны ұстау. Қыздыру пештеріне рессорлы табақтарды тиеу, қыздыру, пештен түсіру және дайындамаларды иілту немесе соғу машиналарына беру. Табақ кешендерін стеллаждарға салу және майлау. Рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту. Жоғары білікті рессоршымен көмекші ретінде жұмыс істеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештері мен қызмет көрсетілетін машиналардың құрылғысын; рессорлы табақтардың санын және оларды пешке тиеу жүйелілігін; дайындамаларды қыздыру режимін; табақтарды пешке тиеу және пештен түсіру тәсілдерін; рессорды құрастыру процесін; рессорлы табақтарға арналған майлайтын майлардың түрлерін, дайындауды және міндетін; бақылау-өлшеу құралмады мен аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын.

§ 77. ЫСТЫҚ МЕТАЛДЫ ӨҢДЕУДЕГІ РЕССОРШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру пештеріне қалыңдығы 6 мм артық рессорлы табақтарды тиеу. Әртүрлі конструкциялы престерде берілген пішін бойынша рессорлы табақтарды ыстықтай штампылау. Рессорлық табақтардың ұштарын 8-9 квалитеті бойынша түзету, жаншылау, әртүрлі конструкциялы соғу машиналарында ыстық күйінде рессор құлақшаларын, бортты ілмектерді орамалау. Рессорлы табақтарды термиялық өңдеу. Рессорларға қамытты қыздыру және айдау. Престерді, соғу машиналар мен штампыларды баптау. Жүк вагондары мен тендерлердің табақты рессорларының қамыттарын ауыстыру. Жөндеу, бөлшектеу, бұрамасұқпаларға құрастыру, 13 дейінгі рессордағы табақтар санымен вагондар мен тендерлердің табақты рессорларды қалыптастыру, баптау және оларға қамтытарды айдау. Өлшеу құралдарының көмегімен саңылауларды тексеру. Рессорлы табақтарды тарқату. Қамыттарды центрлеу және оларды қыздыру температурасын реттеу.

Білуге тиіс: престердің, соғу және иілту машиналарының, штампылардың құрылғысын; өңделетін металдың соғу қасиетін, өңдеуге арналған шақтамалар мен қондырмалар; рессорлы табақтарды штампылаудың, иілтудің және термиялық өңдеудің техникалық шарттарын; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын..

§ 78. ЫСТЫҚ МЕТАЛДЫ ӨҢДЕУДЕГІ РЕССОРШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Иілту-шыңдау машиналары мен престерде рессорлы табақтарды ыстықтай иілту. Рессорлы табақтарды шаблон бойынша қолмен иілту. Рессорлар үшін әртүрлі өлшемдегі және пішіндегі рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту. Рессорлы табақтардың ұштарын 6-7 квалитет бойынша түзету және жаншылау. Әртүрлі машиналарда немесе қолмен түпкі табақтарда және сырға аспасының кронштейндерінде құлақшаларды ормалау. Қажетті штампыларды іріктеу және жұмыс процесінде оларды баптау. Престе ыстық күйінде рессорлы қамыттарды қысу. Престе табақты рессорларды сынау. Табақтар мен қамыттар арасындағы табақтар мен саңылаулардың симметриялық орналасуын тексеру. Рессорларда 13-тен артық табақтар санымен табақты рессорларды жөндеу, бөлшектеу, құрастыру, қалыптастыру және баптау әрі оларға қамыт айдау. Табақты рессорлардың қамыттарын ауыстыру.

Білуге тиіс: құлақшаларды орамалау және кронштейндерді штампылау бойынша иілту-шыңдау машиналары мен престердің құрылғысын және кинематикалық тәсімін; рессорлы табақтарды шыңдау және жұмсарту үшін қыздыру режимін; металдың шөгуіне арналған шақтамалар мен қондырмаларды; қамыттарды қысу және рессорлы табақтарды қиыстырып келтіру процесін; термоөңдеуден кейін рессорлы табақтардың ақауларын анықтау тәсілдерін; металдың кеңею және шөгу шамасын; рессорлы табақтарды шаблондар бойынша қолмен иілту тәсілдерін.

§ 79. ЫСТЫҚ МЕТАЛДЫ ӨҢДЕУДЕГІ РЕССОРШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жолаушы вагондарының эллиптикалық рессорларын бөлшектеу. Табақтарды камераларда қыздыру, шыңдау ванналарында шыңдау және оларды қаттылығына тексеру. Табақтарды секцияларға құрастыру және оларды түзету. Қамыттарды рессорлы пеште қыздыру және оларды түзету. Рессорлы қамыттарды ыстық күйінде престерде қысу. Табақтар мен қамыттар арасындағы табақтар мен саңылаулардың симметриялық орналасуын тексеру. Эллиптикалық рессорларды құрастыру және сынау. Рессорлы табақтардың ұшын 5 квалитет бойынша түзету және жаншылау.

Білуге тиіс: жолаушы вагондарының эллиптикалық рессорларын жөндеудің технологиясын; өлшемдерді тексеру тәсілдерін, рессорларды құрастыру сапасын; эллиптикалық рессорларды сынау ережесін.

§ 80. КӨГЕРТУШІ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі кескінді және өлшемді бөлшектер мен бұйымдарды көгерту. Жұмыс процесінде пеш температурасын реттеу. Механизмдер мен аспаптардың көмегімен муфель пештеріне бөлшектер мен бұйымдарды тиеу және түсіру. Бөлшектер мен бұйымдарды майда салқындату.

Білуге тиіс: муфель пештерінің құрылғысын; пештерге тиеу және түсіру ережесін; бөлшектер мен бұйымдарды пеште ұстау уақыты; бөлшектер мен бұйымдарды майда салқындату ережесін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет