Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет24/26
Дата14.06.2016
өлшемі1.98 Mb.
#134833
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
§ 30. ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі бөлшектерді құлап тұратын бөлшектерінің массасы 3 т-дан жоғары балғамен және күші 15 МН-ден (1500 тс-тан жоғары) жоғары соғатын механикалық сығымдағышта ыстықтай қалыптау. Күрделі бөлшектерді көлденең соғатын машинамен 12 МН-ден (1200 тс) жоғары күшпен ыстықтай қалыптау – шығару. Жоғары жылдамдықтағы балғаларда титан және ыстыққа төзімді болат пен қорытпадан жасалған жоғары дәлдіктегі күрделі бөлшектерді ыстықтай қалыптау. Техникалық өңдеуге ең төменгі әдіппен және әдіпсіз жоғары дәлдіктегі күрделі бөлшектерді изотермиялық қалыптау. Барлық агрегаттар мен механизмдерді жұмысқа дайындауды қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: түрлі үлгідегі балғалардың, сығымдағыштардың, көлденең соғатын машиналар мен қыздыру пештерінің құрылымы; қалыптарды орнату және баптау ережесі мен тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Тракторлардың иінді біліктері – қалыптау.

2. Көп иінді біліктер – қалыптау.

3. Қуатты қозғалтқыштардың тарату біліктері – қалыптау.

4. Автомашина гидравликалық тіректерінің жартылай осьтерінің қаптары мен сфералары – көлденең соғатын машиналарда шығару.

5. Титан және ыстыққа төзімді қорытпалардан жасалған авиақозғалтқыш компрессорларының жауырындары – жоғары жиіліктегі қалыптау.

6. Титан қорытпалардан жасалған авиақозғалтқыштардың пилондары, фланецтері – изотермиялық қалыптау.

7. Қуатты қозғалтқыштардың траверстері, шатундары – қалыптау.


§ 31. РОТАЦИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДА ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 11 мм-ге дейінгі вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу. «Этна» үлгісіндегі роторлық машинада ыстықтай және суықтай күйінде диаметрі 50 мм-де құбырларды және диаметрі 25 мм-ге дейінгі шыбықтардың ұштарын созу – сығымдау. Соғатын біліктерінде ыстықтай күйінде күрделі дайындамалары соғу немесе шыңдау, ротациялық соғу машиналарында түрлі маркалардағы, диаметрлер мен кескіндегі болат штангілерінің ұштарын үшкірлеу. Машиналарды салқындату жүйесінде қыздыру пештеріне отынды және су жіберуді реттеу. Өңделетін дайындамаларды қыздыру температурасын және мөлшерін бақылау. Қалыптарды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің құрылымы; машиналардың жекелеген тораптарының қызметі мен олардың өзара әрекеттесуі; қыздыру пештері мен қызмет көрсетілетін машиналардың салқындату жүйелерінің құрылымы; вольфрамның, молибденнің және басқа да өңделетін металдарды қыздыру және соғу кезіндегі механикалық қасиеті; қолданылатын отын және газдарды қыздыру режимдері мен негізгі қасиеті; шыңдағыштардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы; дайындаманы өңдеу әдіптерінің мөлшері және рұқсат шегі.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 25 мм-ге дейінгі серіппе дайындамалары – шыбықтың ұштарын созғылау.

2. Автомашиналардың артқы мостарының жартылай осьтері – соғу біліктерінде біліктеу және кескіндеу.

3. Автомашиналарды рульмен басқару жетектері – ұштарын сығымдау.

4. Штангілер – ұштарын үшкірлеу.

§ 32. РОТАЦИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДА ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық түрде жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 11-ден 6 мм-ге дейінгі вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу, сондай-ақ диаметрі 7 мм-ден жоғары сол металдарды машиналарда шыбықтарды қолмен жібере отырып соғу. «Этна», «Эймуко» үлгісіндегі роторлық машинада ыстықтай және суықтай күйінде диаметрі 50 мм-ден асатын құбырларды және диаметрі 25 мм-ден жоғары шыбықтардың ұштарын созу – сығымдау. Белгіленген режимге сәйкес дайындамалар мен шыңдағыштарды қыздыруды реттеу. Қыздырылған металды, түзу, қиялай және серіппелі тістерді бапталған тісті айналдыру стандарында өзгерту арқылы дөңгелету. Қалыптарды баптау.

Білуге тиіс: ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің және қыздыру пештерінің кинематикалық тәсімдері; Бойколарды, соғу біліктері мен секторлық қалыптардың құрылымдық ерекшеліктері мен құрылымы; түрлі мөлшердегі өңделетін шыбықтардың, құбырлардың және басқа да түрлі бұйымдардың механикалық қасиеті; соғу басталғанда және аяқталғандағы температурасы; қыздыру процесінде металдың құрылымына отын мен газдың әсері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы, қызметі және пайдалану шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 25 мм-ден асатын серіппе дайындамалары – шыбық ұштарын созғылау.

2. Автомашинаның артқы мосты жартылай осьтерінің қаптары – сығымдау.

3. Автомашина шарнирлерінің жұдырықшалары – соғу біілктерінде біліктеу.

§ 33. РОТАЦИЯЛЫҚ МАШИНАЛАРДА ШТАМПЫЛАУШЫ ҰСТА

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Соғатын машинаға шыбықтар мен дайындамаларды механикалық түрде жіберетін ротациялық соғу машиналарда диаметрі 6 мм-ден төмен вольфрамды, молибденді және басқа да баяу балқитын металдарды ыстықтай соғу, сондай-ақ диаметрі 7 мм-ге дейінгі сол металдарды машиналарда шыбықтарды қолмен жібере отырып соғу. Баяу балқитын металдан жасалған штабиктерді және тік төртбұрышты және алтықырлы қималы олардың қорытпаларын дөңгелек қима дайындамаларына соғу. Балқытылған дайындамаларды және баяу балқитын дайындамалардың және олардың қорытпаларының монокристалдарын соғу. Аспаптардың көрсеткіштері бойынша электр қыздыру пештерінде және құрылғыларында бұйымдарды қыздыру режимін реттеу. Ротациялық соғу машиналары мен қалыптарының түрлі құрылымдарын баптау.

Білуге тиіс: ротациялық соғу машиналарының, соғу біліктерінің, барлық мүмкін болған жүйедегі қыздыру пештерінің құрылымы; вольфрамның, молибденнің, танталдың және басқа да баяу балқитын металдарды соғу кезіндегі физикалық және химиялық қасиеттері.

§ 34. БАЛҒА, ПРЕСС ЖӘНЕ МАНИПУЛЯТОР МАШИНИСІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөліктерінің күші 1,5 т-ға дейінгі бу, бу-ауа және пневматикалық соғу балғаларын, күші 8 МН-ге (800 тс) дейінгі бу-гидравликалық және гидравликалық сығымдағыштарды және қызмет көрсететін олардың манипуляторларын басқару. Қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау. Балға, сығымдағыш, манипулятор механизмдерін тазалау және майлау. Пешті толтыру, одан дайындаманы, құйманы шығару және оларды манипулятормен балға, сығымдағыштың жұмыс орнына жіберу. Дайындаманы және құйманы манипулятормен соғу уақытында жиектеу. Балғаны, сығымдағышты және манипуляторды олардың қуаттылығын оңтайлы пайдалана отырып реттеу. Балғаның, сығымдағыш пен манипулятордың ағымдағы жөндеуге қатысу және олардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштар мен манипуляторлардың жұмыс істеу қағидаты; қосалқы агрегаттар мен механизмдердің қызметі және жұмыс істеу қағидаты; болат соғудың температуралық режимі; бөлшектерді соғу кезіндегі жұмыс тәсілдері; ұста беретін шартты белгілер.

§ 35. БАЛҒА, ПРЕСС ЖӘНЕ МАНИПУЛЯТОР МАШИНИСІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құлап тұратын бөліктерінің күші 1,5 т-дан 3 т-ға дейінгі бу-ауа және пневматикалық соғу балғаларын, күші 8-ден 20 МН-ге (800-ден 2000 тс-ге) дейінгі бу-гидравликалық және гидравликалық сығымдағыштарды және қызмет көрсететін олардың манипуляторларын басқару. Балғаны, сығымдағышты, манипулятор мен қосалқы айлабұйымдарды жұмысқа дайындау. Түрлі қоспаланған болат пен қорытпаларды соғу кезінде балғаны, сығымдағыш пен манипуляторды басқару. Балғаның, сығымдағыш пен манипулятордың орташа жөндеуіне қатысу. Сальниктерді толтыру. Бойколардың, біліктерді, болттарды ауыстыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың, сығымдағыштар мен манипуляторлардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің құрылымы және басқару тәсімі; түрлі маркадағы болат және түсті металдарды соғудың температуралық режимі; жаңадан бу беру және жұмсалған буды бұру тәсімі; қолданылатын майлардың сұрыптары; дайындамалар мен құймаларды пешке толтыру және оларды пештен алу ережесі.
§ 36. балға, пресс және манипулятор машинисi 

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер салмағы 3-тен 8 т дейін бу-ауа және пневматикалық балғаларды, күші 20-дан 80 МН дейін (2000-нан 8000 тс дейін) бу-гидравликалық және гидравликалық престерді және оларға қызмет көрсететін манипуляторларды басқару. Әртүрлі жоғары қоспалы және қыздыруға берік болат пен қорытпалардан жасалған дайындамаларды шыңдау кезінде балғаларды, престер мен манипуляторды басқару. Балғаны, прессті және манипуляторды баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін балғалардың, престердің, манипуляторлардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің кинематикалық тәсімін және баптау ережесін; балға мен пресс жұмысының тиімді режимін; шыңдау кезінде бу мен қысылған ауаны шығындау ережесін.

§ 37. балға, пресс және манипулятор машинисi 

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер массасы 8 т артық бу-ауа және пневматикалық балғаларды, күші 80 МН артық (8000 тс) бу-гидравликалық және гидравликалық престерді және оларға қызмет көрсететін манипуляторларды басқару. Түрін өзгертуге қиын жоғары қоспалы және қыздыруға берік болат пен қорытпалардан жасалған дайындамаларды шыңдау кезінде балғаларды, престер мен манипуляторды басқару. Балғаның, пресстің жұмысын өңделетін бөлшектердің өлшемі мен пішініне сәйкес реттеу. Жабдықтың жағдайын қадағалау. Жабдықты күрделі жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: күрделі пресстердің, балғалардың, қосалқы агрегаттар мен механизмдердің құрылғысын және кинематикалық тәсімін; балға мен престердің көтергіш көлік механизмдерімен келісілген жұмыс әдістерін және тәсілдерін.

§ 38. Металды қыздырушы (ДӘНЕКЕРЛЕУШІ)

1-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті қыздырушының басшылығымен камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан жасалған салмағы 150 кг дейін және олардың қорытпалары мен құймаларынан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру. Пештерді қож бен қабыршақтардан тазалау. Бөлшектер мен дайындамаларды жиектеу. Қыздырылған дайындамаларды ұстаның жұмыс орнына беру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қыздыру пештерінің құрылғысын; көміртекті және шағын қоспалы болаттан жасалған дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру ережесін; едәуір кең таралған қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шартын.


§ 39. Металды қыздырушы (ДӘНЕКЕРЛЕУШІ)

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан жасалған салмағы 150 кг дейін және олардың қорытпалары мен құймаларынан жасалған салмағы 5 т дейін дайындамалар мен бөлшектерді қыздыру. Пештерді жағу және тиеу. Аспаптардың көмегімен қыздыру температурасын айқындау. Пештердің жұмысын реттеу. Құймаларды жиектеу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды еден алаңы 0,5 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде қыздыру. Ашаларды шлицтеу үшін қыздыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін бір типтік қыздыру пештерінің жұмысы қағидатын; түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындамаларды қыздыру ережесін; едәуір кең таралған арнаулы құрылғылардың және бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шартын; қолданылатын отынның түрлерін, қасиетін және калориялығын.

§ 40. Металды қыздырушы (ДӘНЕКЕРЛЕУШІ)

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Камералық, әдістемелік және жартылай әдістемелік пештерде әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған 150-ден 1500 кг дейін, белгілі сортты жоғары қоспалы болат пен құймалардан жасалған салмағы 5-ден 50 т дейін бөлшектер мен дайындамаларды қыздыру. Әртүрлі маркалы қара, түсті металдан және олардың қорытпаларынан жасалған дайындаманың, бөлшектің әрбір түрі үшін белгіленген технологиялық процестерге сәйкес дайындамалардың, бөлшектер мен құймалардың қыздыру температурасын ұстау. Қызмет көрсететін учаскенің жұмыс кестесін сақтау. Күрделі жөндеуден кейін пештерді кептіру. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 0,5-тен 4 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін типтік қыздыру пештерінің құрылғысын; дайындамалардың қимасы мен салмағына қарай әртүрлі маркалы болаттың; түсті металдар мен олардың қорытпаларының; көміртекті және қоспалы болаттың қызу режимін; әртүрлі бөлшектерді пешке орналастыру тәсімін; құбылма түсін және оған қатысты қыздыру температурасын; жылу режимін және жөндеуден кейін пештерді кептіру ережесін; арнайы қондырғылардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын.

§ 41. Металды қыздырушы (ДӘНЕКЕРЛЕУШІ)

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі маркалы болаттан, түсті металдар мен оның қорытпаларынан, түрлі сортты жоғары қоспалы болаттан жасалған салмағы 1500 кг артық және құймалардан жасалған салмағы 50-ден 100 т дейін бөлшектер мен дайындамаларды камералық, әдістемелік, жартылай әдістемелік пештерде, сондай-ақ айналмалы және қозғалмалы табандығы бар кезеңді істейтін пештерде қыздыру. Жоғары қоспалы болаттың, түсті металдар мен оның қорытпаларының белгіленген температуралық режиміне сәйкес қыздыру процесін жүргізу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 4-тен 8 шаршы метрге дейінгі барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру. Металл жолағын қыздыру процесін жүргізу.

Білуге тиіс: кезеңді және үздіксіз істейтін әртүрлі қыздыру пештерінің құрылғысын; жоғары қоспалы, қыздыруға берік болатты, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыру ерекшеліктерін; белгіленген қыздыру режимдерін сақтамау әсерінен туындаған металл ақауларын, оларды алдын алу және жою әдістерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шартын.

§ 42. Металды қыздырушы (ДӘНЕКЕРЛЕУШІ)

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 100 т артық құймаларды камералық, әдістемелік, жартылай әдістемелік пештерде, сондай-ақ айналмалы және қозғалмалы табандығы бар пештерде қыздыру. Бағалы бөлшектерді жасау үшін жоғары қоспалы қыздыруға берік болаттан жасалған дайындамалар мен құймаларды қыздыру. Әртүрлі маркалы болатты, түсті металдар мен оның қорытпаларын қыздырудың белгіленген температуралық режиміне сәйкес қыздыру процесін жүргізу. Жалпы өндірістегі ұста-пресс цехтарында оттық алаңы 8 шаршы метрден артық барлық жүйедегі қыздыру пештерінде болаттың барлық маркасынан жасалған дайындамаларды қыздыру.

Білуге тиіс: кезеңді және үздіксіз істейтін әртүрлі қыздыру пештерінің кинематикалық тәсімін және конструкциясын; әртүрлі маркалы болатты, түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыру ерекшелігін; бақылау-өлшеу аспаптарын баптау және реттеу ережесін.


§ 43. ҰстаЛЫқ-пресс жабдығын баптаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құламалы бөліктер салмағы 1,5 т дейін ұста және штампылау балғаларын, күші 8 МН (800 тс) дейін механикалық және гидравликалық шыңдау престерін, күші 3 МН (300 тс) дейін фрикциялық және қисық тікенді престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 2 МН (200 тс) дейін көлденең соғатын машиналарда штампыларды баптау, орнату және реттеу. Күрделілігі әртүрлі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қармауыштарын баптау. Ұста-штампылау автоматтарды баптау. Штампыларды, соққыштарды, матрицаларды қажетті температураға дейін қыздыру. Штампыларды баптау және қайта баптау бойынша даярлау ауысымы жұмыстарына, сондай-ақ балғаларды, престер мен штампыларды ағымдағы жөндеуге қатысу. Баптау жұмыстары кезінде ілмектеу операцияларды орындау.

Білуге тиіс: балғалардың, престердің, штампылардың, көлденең соғатын машиналардың және бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын; манипуляторлардың жұмысқа қабілеттілігін және бағыттау дәлдігін тексеру ережесін; өңделетін металдың негізгі қасиеттерін және оларды қыздырудың қажетті температурасын; қолданылатын штамптардың конструкциясын, оларды орнатудың тәсілдерін; әзірленетін бөлшектерді соғуға және штампылауға қойылатын шақтамалар мен қондырмаларды; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, міндетін және қолдану шартын; автоматты және жартылай автоматты желілер механизмдерінің өзара әрекеттесуін; жүктерді ілмекке арқандау ережесін және тәсілдерін.

§ 44. ҰстаЛЫҚ-пресс жабдығын баптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделі шыңдау үшін соғатын көп тұтқалы штампыларды баптау, орнату және реттеу. Құламалы бөліктер салмағы 1,5-тен 8 т дейін ұста және штампылау балғаларын, күші 8-ден 500 МН дейін (800-ден 5000 тс дейін) механикалық және гидравликалық соғу престерін, күші 3 МН (300 тс) көлденең-иілгіш престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 2-ден 12 МН дейін (200-ден 1200 тс дейін) көлденең соғатын машиналарда штампыларды баптау, орнату және жұмысын реттеу. Бұрғыларды көлденең илектеу орнақтарын баптау. Ыстықтай және суықтай штампылаудың күрделі штампыларын құрастыру, бөлшектеу және баптау әрі қалыптарды престеу. Қыздырылған дайындамаларға тістерді ыстықтай бүрлеу үшін типтік тістерді бүрлеу орнақтарын баптау. Баллондарды домалату жөніндегі тегістеу машиналарын баптау. Қарапайым, орташа күрделі және күрделі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Ыстықтай бүрлеу машиналарында құралдарды баптау және орнату. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Өндірістік баптауларды сынау. Штампылардың жарамдылығын және жұмыс сапасын айқындау. Ұсталар мен штампылаушыларға нұсқама жүргізу. Балғаларды, престерді, штампыларды, көлденең соғатын машиналарға ағымдағы жөндеу жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: балғалардың, престердің, көлденең соғатын және тегістейтін машиналардың кинематикалық тәсімін; әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын; соғу және штампылау операцияларын орындау ережесін және негізгі шарттарын; металдардың қасиетін; күрделі штампылардың конструкциясын, оларды орнату және баптау тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың принциптік электр тәсімдерін, автоматты бақылау құралдары жұмысы қағидатын және желіге қосу тәсімін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

§ 45. ҰстаЛЫҚ-пресс жабдығын баптаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі шыңдау үшін соғатын көп тұтқалы штампыларды баптау, орнату және жұмысын реттеу. Құламалы бөліктер салмағы 8 т артық ұста және штампы балғаларын, күші 50 МН (5000 тс) артық механикалық және гидравликалық соғатын престерді, күші 3 МН (300 тс) артық көлденең-иілгіш престерді баптау және жұмысын реттеу. Күші 12 МН (1200 тс) артық штампылар мен көлденең соғатын машиналарды баптау, орнату және реттеу. Электрмен қыздыратын көлденең илектеу шарлары орнақтарын, шарикті мойынтіректер үшін шығыршықтарды жаю үшін жаю машиналарын баптау Қыздырылған дайындамаларға тістерді ыстықтай бүрлеу үшін әртүрлі типті тістерді бүрлеу орнақтарын баптау. Күрделі бөлшектер мен бұйымдарды ыстықтай штампылау үшін автоматты және жартылай автоматты желілерді баптау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды (роботтарды) баптау және реттеу. Болт соғатын және гайка тесетін престерде құралды баптау және орнату. Күрделі штампыларды жинақтау, бөлшектеу, орнату және баптау. Жүргізілген баптаулардың дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: күрделі балғалардың, престердің, құрылғылардың құрылғысы мен кинематикалық тәсімін; күрделі шыңдауларды соғу, күрделі бөлшектерді штампылау бойынша операцияларды орындау ережесін және негізгі шарттарын; автоматты және жартылай автоматты желілердің конструкциясын, кинематикалық тәсімін; жабдықтарды баптау, жөндеу және монтаждау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.


§ 46. ТЕРМОӨҢДЕУДЕГІ ЖАБДЫҚТАР МЕН АГРЕГАТТАРДЫ БАПТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процеспен белгіленген режимге сәйкес қыздыру пештерін, екі блоктан артқы емес термиялық пештердің агрегаттарын, әртүрлі типті және жүйелі ТВЧ қондырғыларын баптау және реттеу. Циклдық және үздіксіз жұмыс істейтін электрмен құятын қондырғыларды, цианидті және тұзды ванналар мен термо өңдеу кезінде қолданылатын басқа да жабдықтарды баптау, түзету және технологиялық процеске сәйкес ванналарды химикаттармен (ерітінділермен) толтыру. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) қармауыштарын баптау. Бақылау-өлшеу аспаптардың дұрыстығын тексеру. Құрылғыларды орнату және ауыстыру.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің, ТВЧ қондырғыларының, электрмен құятын қондырғылардың, цианидты және тұзды ванналардың, бір типті өнеркәсіптік манипуляторлардың құрылғысын және жұмыс режимін; манипуляторлардың жұмыс қабілеттілігін және бағыттау дәлдігін тексеру ережесін; химикаттарды сақтау және пайдалану ережесін; бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеудің режимдерін; шыңдау сұйықтықтарының (ерітінділерінің) қасиеттерін.

§ 47. ТЕРМОӨҢДЕУДЕГІ ЖАБДЫҚТАР МЕН АГРЕГАТТАРДЫ БАПТАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қыздыру пештерінің желілері топтарын, әртүрлі конструкциялы екі блоктан артық термиялық пештердің агрегаттарын, әртүрлі типті және қуатты, автоматты және жартылай автоматты құрылғылармен жарақтандырылған ТВЧ қондырғыларын баптау және реттеу. Бөлшектер мен бұйымдарды әртүрлі термиялық өңдеу үшін көп орынды, механикаландырылған және электрлендірілген электрмен құятын қондырғыларды реттеу және жұмысқа дайындау. Термиялық өңдеудің бір қатарлы автоматтық желілерін баптау және реттеу. Бағдарламалық басқарылатын өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) жекелеген тораптарын баптау. Ірі және күрделі бөлшектерді шыңдау бойынша шыңдау престерін, құралдарды және салқындатын қондырғыларды баптау, реттеу және жұмысқа дайындау. Технологиялық процеспен көзделген режимдерді алу үшін қондырғыларды реттеу.

Білуге тиіс: бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеуге арналған күрделі қондырғылардың, бір қатарлы автоматты желілердің құрылғыларын, олардың кинематикалық және электрлік жүйесін; ТВЧ қондырғылары түрлендіргіштерінің құрылғысын; әртүрлі өнеркәсіптік манипуляторлардың (роботтардың) құрылғысын; ТВЧ қондырғылары мен басқа да қондырғыларды жұмысқа дайындау ережесін; болаттың әртүрлі маркасынан жасалған бөлшектер мен бұйымдарды термоөңдеу режимдерін; бақылау аппараттары мен аспаптарды; өзі жазатын аппараттарды, термобуларды, оптикалық пирометрлерді және т.б.; бөлшектер мен бұйымдарды термиялық өңдеудің сапасын айқындау тәсілдерін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

§ 48. ТЕРМОӨҢДЕУДЕГІ ЖАБДЫҚТАР МЕН АГРЕГАТТАРДЫ БАПТАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термиялық өңдеудің көп қатарлы автоматты желілерін баптау және реттеу. Термиялық агрегаттардың қыздыру элементтерін тиімді режимге баптау. Автоматты және жартылай автоматты шыңдайтын әрі түзету престерді баптау, реттеу және жұмысқа дайындау. Бағдарламалық басқарылатын манипуляторларды (роботтарды) баптау және реттеу.

Білуге тиіс: термиялық өңдеудің көп қатарлы автоматты желілерінің, автоматты және жартылай автоматты шыңдау әрі түзету престердің кинематикалық және электрлік тәсімін; термиялық агрегаттардың қыздыру элементтерінің құрылғысын.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.


§ 49. дәнекерлеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды арнайы пештерде, ұста көріктері мен аппараттарында 20 х 30 шаршы метрге дейін кескіш ұстағыштарының қимасымен қалыпты, арнайы және қалақша кескіштерге, әртүрлі типті қыздыру пештерінде және ТВЧ бапталған қондырғыларында фрезаға, бұрғыларға, үңгуіштерге дәнекерлеу. Барлық түрдегі кескіш ұстағыштарынан пластиналарды дәнекерлеу. Жоғары білікті дәнекерлеушімен бірге үлкен пластиналарды дәнекерлеу жұмыстарына қатысу.

Білуге тиіс: қыздыру пештері, көріктер мен аппараттар жұмысының қағидатын; пісіру ұнтақтарын балқыту температурасын және пластиналар мен ұстағыштарды қыздыру температурасын; жылдам кесілетін болаттың және оның маркаларының негізгі қасиеттерін; бақылау-өлшеу аспаптарының міндетін және қолдану шарттарын.

§ 50. дәнекерлеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды арнайы пештерде, ұста көріктері мен аппараттарында 20 х 30 шаршы метрден артық кескіш ұстағыштарының қимасымен қалыпты, арнайы және қалақша кескіштерге, фрезаға, бұрғыларға, үңгуіштерге дәнекерлеу. Әртүрлі типті қыздыру пештерінде және бапталған ТВЧ қондырғыларда процесті жүргізу. Дәнекерлеу процесінде қыздыру режимін реттеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің, көріктер мен аппараттардың құрылғысын; қатты қорытпалардың, жылдам кесілетін болаттың және олардың маркаларының қасиеттерін; дәнекерлеу үшін қажетті материалдардың міндетін және қасиетін; жылдам кесілетін болаттан және қатты қорытпалардан жасалған пластиналарды дәнекерлеу ережесі мен тәсілдерін; термиялық өңдеу ережесін және дәнекерленген құралды сынауды; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысын.

§ 51. дәнекерлеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. әртүрлі пештерде және ТВЧ қондырғыларында қыздырып, кесетін құралдарды, пуансондарды, матрицаларды қатты және жылдам кескіш болат түріндегі арнайы қорытпалармен дәнекерлеу. Сызбалар мен эскиздер бойынша шақтау және шаблон бойынша тексеріп керамикалық пластиналарды фасонды және кесетін құралдармен бекіту. Күрделі бейінді фасонды кескіштерге қатты қорытпалар пластиналарын дәнекерлеу. Қыздыру, баптау режимін таңдау және қыздыру пештерін және ТВЧ қондырғыларының жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: қыздыру пештерінің конструкциясын ТВЧ қондырғыларының құрылғысын; жоғары жиілікті генераторлардың негізгі типтерін және оның жұмысы қағидатын; жоғары жиілікті токтардың ерекшеліктерін; қатты қорытпалардың жылдам кескіш болат маркаларын, кесетін бетін балқыту үшін қолданылатын пластиналарды; дәнекерлеу үшін қажетті материалдардың қасиетін және қолдану шартын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет