Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Матрицалар мен сотандар - орны бойынша қиыстыра отырып, бұрыштары мен дөңгелек бетін ою



бет44/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   108

4. Матрицалар мен сотандар - орны бойынша қиыстыра отырып, бұрыштары мен дөңгелек бетін ою.

5. Елтаңбасы бар мөрлер – толық ою.

6. Түсті металдар мен балқымалардағы бақылау-елтаңбалық мөрлер – жасау.

7. Елтаңбасы бар резина мөртабандар – белгілеу және толық жасау.

8. Қысыммен құюға арналған нығыздауыш қалыптар, матрицалар мен пуансондар – жоңғылау үшін қолжетімділігі қиын жерлерін, сондай-ақ сандар мен белгілерді ою.

9. Сағаттың циферблаты - ою.

10. Күнтізбелік мөртабандар – теру сақинасын ою.

11. Белгілерінің саны көп және күрделі көркем композициялы мөртабандар – белгілерді ою.

12. сағалары күрделі пішінді шыңдау мөртабандары – сағаларының қолжетімділігі қиын жерлерін ою.

§ 15. ОЮШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Симметриялылықты сақтай отырып, бөлшектердің ішкі және сыртқы беттерінде ұсақ белгілері мен штрихтері көп стильді жазулары бар күрделі, жоғары дәлдікті және көркемділігі жоғары ою жұмыстарын станокта сызбалар мен көркем суреттер, өзінің композициялары бойынша орындау. Жан-жануарлардың адамдардың бейнелері мен портреттерді ойып бейнелеу. Биіктігі 0,3-1 мм, ені 02 – 0,6 мм және белгі профилінің қалыңдығы 0,03 – 0,05 мм, бұрышы 45 град. Сызғыштық өлшемі бойынша шақтамасы 0,03 – 0,05 мм қоспалаған болаттан жасалған таңбалау сотанында белгілерді микроскопты қолдана отырып ою. Күрделі рельефті бедерлеу. Шыны бұйымдарға портреттер мен аса күрделі тақырыптық суреттерді металл диск, абразив дөңгелек және абразив ұнтақтардың көмегімен салу.

Білуге тиіс: сурет, бейнелеу, мүсін композициясы; өңделетін шынылардың, бағалы, түсті және қара металдардың, сондай-ақ металдарға бедер салу кезінде қолданылатын қышқылдардың негізгі физикалық және химиялық негіздері; барлық типті станоктардың құрылысы мен жұмыс қағидаты; шыны бұйымдарын ою кезінде қолданылатын дискілердің негізгі түрлері; шыны бұйымдарын ою арқылы өңдеу тәсілдері; абразив материалдарының қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Әйнек сияқты бейнелейтін ішпектер – атауларды, бөліктерді және тауарлық белгілерді ою.

2. Елтаңбалар - ою.

3. Бөлшектер мен бұйымдар - көркем, қиыстырылған және жапырақты суреттер мен оюларды штрихтау, алтын мен күмісті себу, бедерлеу және өңдеу арқылы жартылай рельефті және рельефті ою.

4. Шәкілдерді салуға арналған көшірме – ою.

5. Медальдар, төсбелгілер мен күміс ақшалар - ою.

§ 16. ГРАДУИРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес аспаптарды градуирлеу. Алынған көрсеткіштерді кестеге енгізе отырып, белгілерді шәкілдерге салу. Белгілерді салу үшін кескіндерді орнату. Шәкілдерді градуирлеу және тегіс, цилиндр және конус беттерге әртүрлі штрихтерді 0,01 мм дәлдікпен жолға қойылған көлденең және айналма машиналарда салу. Градуирленетін бұйымдарда ықтимал ақаулықтарды анықтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көлденең және айналма бөлгіш машиналардың және оптикалық бөлгіш бастардың жұмыс қағидаты; қарапайым аспаптардың, аппараттар мен құрылғылардың (вольтметр, гетеродинді толқын өлшеуіш және т.б.) мақсаты мен градуирлеу ережесі; қызмет көрсетілетін бөлгіш станоктың, автомат пен жартылай автоматтың құрылысы; градуирлеу кезінде гипс бөлшектерге басылатын шартты белгілер; шәкілдерді белгілеу және салу тәсілдері; өңделетін металдар мен қосалқы материалдардың негізгі механикалық қасиеттері; бақылау электр және радио өлшеуіш аспаптарының мақсаты мен қолданылу ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Есептік барабандар - градуирлеу және рычагты бөлу құрылғыларының көмегімен шәкіл салу.

2. Барометрлер мен басқа да күрделі емес өлшеу аспаптар - градуирлеу және штрихтер (шәкілдер) салу.

3. Бөлшектер - штрихтер мен шәкілдер салу.

4. Диоптрий сақиналар, нониустар, қарапайым шәкілдер - штрихтер мен шәкілдер салу.

5. Тегершіктер мен станоктардың лимбалары – айналасына штрих салу.

6. Тор және арнайы секторлар - штрих салу.

7. Медициналық термометрлер – көлемі бойынша белгілеу, шәкілді кесу, репер белгісін салу.

8. Шприц цилиндрлер – бөлгіштерінің саны 20 дейінгі шәкілдерді салу.

§ 17. ГРАДУИРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа сағат, есептеу-санау және бақылау-өлшеу, электромагнит, магнитоэлектр, электродинамикалық және басқа да аспаптарды механикалық және электрлік реттеу. Тексерілетін нысан шәкілінің шақтама кестесінен ауытқуын тексеру. бөлу машинасының көмегімен штрихтер мен шәкілдерді 0,01 – 0,05 мм дәлдікпен және суреттерді күрделі бұйымдарға емес сызбалар мен эскиздер бойынша салу. Қызмет көрсетілетін бөлу машинасын баптау. Фигуралардың графикалық құрылуына арналған есептерді орындау немесе шәкілдерді градуирлеу және штрих салу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін көлденең және айналма бөлгіш машиналардың құрылысы мен баптау тәсілдері; әртүрлі электромагниттік немесе магнитоэлектрлік есептеу жүйесінің, сағаттың және басқа да механизмдердің жұмыс қағидаты; көп шәкілді аспаптарды және бір шәкілді күрделі жүйелерді жеке градуирлеу тәртібі; градуирленетін аппаратура мен аспаптарды күрделі монтаждау және қағидаттық схемалары; тригонометрия негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Талдау жұмыстарына арналған бюреткалар – мәндерін белгілеу.

2. Тегіс, цилиндр, конус және сфералық беті бар бөлшектер мен бұйымдар – жазық бетіне және айналасына штрих, шәкіл, сандық және әріптік белгілерді белгілеу, салу.

3. Индикатор аспаптарға арналған матрицалар - штрих салу.

4. Өздігінен жазатын аспаптар - градуирлеу.

5. Шприц цилиндрлер – бөліністерінің саны 20 астам шәкіл салу.

6.Жазба машиналарға арналған металл эталондар - штрих салу.

§ 18. ГРАДУИРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі аспаптарды арнайы құрылғыларда (стенділерде) градуилеу. Сынақ аспаптарының сипаттамасын ала отырып механикалық және электрлік реттеу. Түзетулердің кестесін жасау. барлық типті бөлу машиналарының көмегімен күрделі бұйымдарға 0,005 - 0,003 мм дәлдікпен штрих пен шәкіл салу. Штрихтерді эталондық сызғыштарға ауыспалы қадаммен салу. Қызмет көрсетілетін бөлу машиналары мен автоматтарын баптау. Фотоградуирлеу құрылғыларының ақаулықтарының себептерін анықтау, оларды ағымдағы жөндеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет