Білуге тиіс: бөлу машиналары мен әртүрлі үлгілі автоматтардың құрылысы; кинематикалық және электр схемалары; қызмет көрсетілетін машиналар мен автоматтарды баптау және дәлдігін тексеру ережесі; әртүрлі градуирлеу аспаптарының құрылысы, оларды реттеу және фотоградуирлеу әдістері мен тәсілдері; оптикалық бұрышты баптау ережесі; кедергіні есептеудің негізгі ережесі; штрих пен шәкіл салудың сапасын тексеру әдістері; әртүрлі тоқ өткізгіш және оқшаулау материалдарының қасиеттері.
2. Эталондық аспаптар – жөндеуден кейін шәкілдерді градуирлеу.
3. Электронды реттеуіштер - градуирлеу.
4. Бұрыш өлшеуіштерге лимбаларды басуға арналған эталондық шыны – штрих салу.
5. Майдың тұрақтылығын анықтауға арналған аспаптардың шәкілдері - белгілерді салу.
6. Арнайы және масштабты сызғыштарға арналған эталондар - штрих салу.
§ 19. ГРАДУИРЛЕУШІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және эксперименталдық аспаптарды реттеу және градуирлеу; олардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Эталон жиілігіне барлық диапазондар бойынша сәйкес келетін нүктелердің нөлдік соғысы бойынша анықтау. Штрихтерді балауыз бен күміс жалатылған қабатқа, дәлме-дәл сызғыштар мен бұрыштық торларға, бөліністерінің саны 360, штрих қалыңдығы кемінде 0,005 мм және өлшемдерінің шектеуі 0,003 - 0,001 мм, бұрыш шәкілдерін бөлу бағасының дәлдігі 10 дейін кедір-бұдырлық өлшемі Ra 80- 0,16 шәкілдер мен лимбаларға әртүрлі күрделі бөлу машиналарында салу. Әртүрлі бұрышта түйісетін шәкілдерді 5 дейінгі дәлдікпен салу. Кедір-бұдырлық өлшемі Ra 80 жоғары жиілікті лимбаларға 2 дейінгі дәлдікпен бөліністерді салу. Күрделі автоматтар мен дәлме-дәл бөлу машиналарын, баптау. Кесетін қырының ені 0,003 мм кесу құралын қайрау және салу.
Білуге тиіс: кинематикалық және электр схемалары, әртүрлі үлгілі бөлу машиналары мен автоматтарының дәлдігін тексеру тәсілдері, ара қашықтықты есептеу үшін кесте құру, қол бөлу машиналарында жұмыс істеген кезде эталонды шәкілге қарап түзетуді есептеу; өлшеу нәтижесі бойынша шәкіл қателіктеріне кесте құру; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылымдық құрылысы; аса күрделі және эксперименталдық аспаптарды олардың сипаттамасын ала отырып, градуирлеуді реттеу тәсілдері
Жұмыс үлгілері
1. Өлшемі Ra 80 бөлу саны 360 45 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, қысым бағасының дәлдігі 10, штрихтарының ені 0,0035 +/- 0,0005 мм, айнала штрихтерінің орталықтан ығысуға қойылатын шектеуі +/- 0,05 мм, алдын ала балайыз жағылған және кейіннен өңделетін лимбалар.
2. Өлшемі Ra 80 бөлу саны 360, 75 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, қысым бағасының дәлдігі 5, штрихтарының ені 0,003 және сандарының желісі 0,0005 мм, өлшемдерінің шектеуі +/- 0,003 мм, алдын ала балауыз жағылған және кейіннен өңделетін лимбалар.
3. Күрделі, сынақ аспаптар – шәкілдерді градуирлеу.
4. Өлшемі Ra 80 шәкілдер - штрихтарының ені 0,002 мм және өлшемдерінің шектеуі 0,001 мм, алдын ала балауыз жағу және кейіннен өңдеу.
5. Өлшемі Ra 80, ұзындығы 200, 60 есе үлкейтілген бұрышпен градуирленген, штрихтарының ені 0,005 мм және сандарының желісі 0,0005 мм, өлшемдерінің шектеуі +/- 0,001 мм шәкілдер.
§ 20. ҚАҢЫЛТЫРШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды қаңылтыр металдардан және нығыздалған бейіндерді сызбалар, шаблондар мен үлгілер бойынша жасау. Қаңылтыр металды тік сызықты қолмен кесу және барлық өлшемді фасонды дайындамаларды шаблондар мен белгілер бойынша кесу. Жабын және жұқа қаңылтыр болаттан жасалған қарапайым бөлшектерді жетекті станоктарда қисық сызықты кесу. Тік сызықты фалецтерді икемдеу. Шағын көлемді бөлшектер мен бұйымдарды және ірі бөлшектер мен бұйымдарды түзету. Қаңылтыр материалдар мен дайындамаларды күйдіру. Саңылауларды кондукторы мен белгілері бойынша бұрғылау. Бөлшектерді шабу, егеулеу және тазалау. Қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеу. Күрделі емес қаптамалар мен қорғаныш қоршауларды орнату және жабдықтау. Біліктілігі анағұрлым жоғары қаңылтыршының басшылығымен күрделі және аса күрделі қаңылтырлау жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жетекті станоктар мен қайшылардың жұмыс қағидаты; әмбебап және арнайы құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты және қолданылу ережесі; металл мен балқымаларды қисық сызықты және түзу сызықты кесу тәсілдері; қарапайым бөлшектер мен тораптарды жұмсақ және қатты дәнекермен дәнекерлеу тәсілдері; өңделетін металдар мен балқымалардың атауы, таңбалануы, қарапайым қаңылтырлау жұмыстарын орындау тәсілдері; таңбалаушы белгілер.
Жұмыс үлгілері
1. Ауызсуға арналған бактар – жасау.
2. Бұйымдарды орап салуға арналған банкалар – қаңылтырдан жасау.
3. Воронкалар, жәшіктер, легендер, моторлардың қоршауы – екі саусақ қаңылтыр болаттан дәнекерлеп және қалайылап жасау.
4. Қаңылтыр болаттан жасалған бөлшектер – бір және екі жазықтықта әртүрлі бұрыштарда белгілеу, бұрғылау, бекіту және ию машинасымен және қолмен ию; ролик қайшымен кесу.
5. Құю цехтарына арналған тіреушіктер – кесу, ию, бекіту, қалайылау.
6. Қаңылтыр материалдардан жасалған қарапайым дайындамалар – қол қайшымен кесу.