Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Тоңазытқыш агрегаттары - сыртқы қабырғасы бойынша монтаждау



бет68/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108

3. Тоңазытқыш агрегаттары - сыртқы қабырғасы бойынша монтаждау.

4. АКМ-400 үлгісіндегі және оған ұқсас амортизаторлар - толықтай түпкілікті құрастыру.

5. Қол жетегі, тісті берілісі бар барлық мөлшердегі және үлгідегі кеме арматурасы – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру.

6. Механикалық ұстара барабандары - тісті кесік және радиалды соғысын құрастыру, тексеру.

7. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – дәлдіктің берілген сыныбының шегінде саңылауларға ойық жасау және соңғы құрастырудың алдында гидравликалық қысымда сығымдау.

8. Іштен жанатын қозғалтқыштардың иінді біліктері – бос саңылауларда ойықтарды қолмен кесу.

9. Біліктер – төлкелерді, маховиктерді, муфталарды сығымдау.

10. Барлық диаметрдегі вентильдер – клапандарды ысқылау және гидравликалық сынау.

11. Желдеткіштер, моторлар – құрастыру, реттеу.

12. Жапсырмалар, стакандар, орындықтар, дәнекерленген және басқа да бөлшектер – өтпелі және тесіп өтетін диаметрі 2 мм-ге дейін және 24-тен жоғары 42 мм-ге дейінгі ойық кесу.

13. Ауа ажыратқыштар – жалпы құрастыру.

14. Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жаппалар – құрастыру.

15. Карданның қалпағы мен сақиналары – кондукторда кейіннен шикіқұрамдай отырып құрастыру, бұрғылау.

16. Жылжымалы есіктер – жасау.

17. Құлыптардың бөлшектері – жасау.

18. Қуаты 73,6 кВТ (100 л.с.) іштен жанатын қозғалтқыштар – жалпы құрастыру.

19. Ротор, компрессор, турбиналардың дискілері – белгілеу, слесарлық өңдеу.

20. Ілінісу дискілері, тежегіш жапсырмалар – құрастыру, желімдеу.

21. Фальді құрамалы вагон құлыптары, жолаушы вагондарының тамбур есіктері – бөлшектерді қиыстыру және құрастыру.

22. Барлық үлгідегі және мөлшердегі қол жетекпен дроссельді қалқалағыштар – құрастыру және сынау.

23. Мотовоз бен дрезина қораптары тісті дөңгелектерінің тістері – аралау.

24. Диффузиялық пештердің қыздыру камералары, вакуумды құрылғыларды салқындату жүйелері – құрастыру.

25. Прицепті құрылғы картерлері – түтікшелерін қиыстырып орнату.

26. Жоғары қысымды және маневрлі құрылыс клапандары – ысқылау.

27. Ауа және су құбырларының клапандары мен крандары – ысқылау.

28. «Клинкер» аспабымен су өлшегіш колонкалар – құрастыру, сынау, тапсыру.

29. Күрделі құрылымдағы қорғау қаптары – құрастыру.

30. Қаптауға арналған қаптар – жасау.

31. Поршеньді сақиналар – құлыпты кесу және қырып тегістеу.

32. Бекіту сақиналары –белгілеу, бұрғылау, қиыстыру.

33. Компенсаторлар – құрастыру және сынау.

34. Май контроллерлер – құрастыру және реттеу.

35. Беріліс қораптары – құрастыру және сынау.

36. Тарату қораптары – толықтай жасау (монтажсыз).

37. Блокты жәшіктердің корпустары – жасау.

38. Мөлшері 500х500х700 мм түрлі материалдардан жасалған пісірілген корпустар мен каркастар – ұстап құрастыру, түзету.

39. Корпустар, кронштейндер – қырып тегістеу.

40. Компрессор корпустар – құрастыру.

41. Қақпақ корпустары – паздарды және олардың сыналарын қырып тегістеп қиыстыру.

42. Аспап корпустары –корпусқа бөлшектер орнату, құлып, ілмек, шектеулегіштерде қаптары мен қалпақтарын қиыстыру.

43. Газ крандар – коникалық беттерін ысқылау.

44. Механикалық жетекті көтергіш шығырлар – құрастыру және сынау.

45. Лифтілер – құрастыру.

46. Тарту механизмдері, манипуляторлар, кіру люктерінің қақпақтары, бекіткіш, зәкір арқан жетектері, ұсақ руль жетектері – құрастыру, сынау, тапсыру.

47. Сымды бекітуге арналған шыбық көпірлер – жасау, орнату.

48. Поршенді сорғылар – құрастыру және сынау.

49. Ернеушелер – фланецпен құрастыру.

50. Икемді тіректер – құрастыру, қырып тегістеу.

51. Механикалық нөмірленген аппараттардағы осьтер, артқы бұрамалар, серіппелер мен тізгіндер – ауыстыру.

52. Тұғырлар, панельдер, тақтайлар – түрлі жазықтықтағы саңылауларды аралау, белгілеу, бұрғылау, ойық кесу.

53. Шарик мойынтіректердің саңылаулары – жетілдіру.

54. Құйылған күректер дестесі – дәнекерлеуге құрастыру және қиыстыру.

55. Күрделі құрылымдағы панельдер – жасау.

56. Резина өткізгіштер – жасау.

57. Тексеру тақтайлары – қырып тегістеу.

58. Дара тарелкалардың астындағы тұғырлары – құрастыру, реттеу.

59. Диаметрі 300 мм-ге дейінгі сырғыма мойынтіректер – қырып тегістеу.

60. Тіреу және сүйеу кемелік мойынтіректер – 0,05 мм-ге дейінгі дәлдікте жанасатын бетін сипап тексеріп қосымша қиыстырмай корпус және қақпақ төсемдеріне жапсырмаларды қалау.

61. Сыртқы диаметрі 500 мм-ден асатын бір қатарлы шарик және радиалды, шарикті радиалды сферикалық, екіқатарлы мойынтіректер – жинақтау және құрастыру.

62. Поршендер – шатунмен құрастыру және поршенді сақинаны қиыстыру.

63. Редуктор, диірмен және шнек жетектері – құрастыру.

64. Мойынтіректердің жартылай муфталарын, сақиналарын шешуге арналған айлабұйымдар – құрастыру.

65. Гофрленген төсемдер – сызба бойынша жасау.

66. Асбестті толықтырғышты жез төсемдер – жасау.

67. Қар тазартқыш жоңғыларының рамалары мен қанаттары – дәнекерлеуге құрастыру.

68. Зәкір құрылғылардың редукторлары – құрастыру.

69. Турбиналардың роторлары мен статорлары – күректер дестесі және орнату.

70. Арматураға арналған герметикалық металл тармақтар – құрастыру.

71. Болат үлгілік тұтқалар – белгілері немесе шаблон бойынша контурды белгілеу және егеу.

72. Болат рычагтар – слесарлық өңдеу, төлкемен құрастыру.

73. Іріктеу стакандары, конус, желдеткіш, конус жапсырмасымен датчиктер және т.б. – жасау кезінде бөлшектерді қиыстыру, түпкілікті құрастыру, реттеу және сынау.

74. Металл кесетін станиналар – қырып тегістеу.

75. Блок сүйеулері – егеулеу.

76. Леерлі және тентті тұғырлар, контрфорстар – қиыстыру, құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет