Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Токарлық-револьвер автомат жұдырықшалары – жасау



бет65/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108

13. Токарлық-револьвер автомат жұдырықшалары – жасау.

14. Даяр үлгілі пышақ тәрізді тексеретін сызғыштар – тегістеуден кейін жетілдіріп толықтай слесарлық өңдеу.

15. Кесу құны 0,01 мм микрометрлер – микробұраманы, өкше, гайка жазықтықтарын шешу, жетілдіру, сондай-ақ жазық параллельді шыны, соңғы өлшемдер және интерференциялы шынылар бойынша құрастыру және тексеру.

16. Құрастырмалы күрделі жиектер – құрастыру.

17. Әмбебап және цагналы патрондар – жөндеу, құрастыру және реттеу.

18. Тексеру мөлшері 1000х1500 мм белгілеу, бақылау плиталары – қырып тегістеу және тексеру.

19. Цилиндр серіппелер – слесарлық өңдеу.

20. Барлық мөлшердегі жылжымалы ұңғымалар, рейсмустар – слесарлық өңдеу.

21. Жай шыңдалған кескіштер – шаблон бойынша жетілдіру.

22. Сейфтер мен жанбайтын шкафтар – ұсақ жөндеу, болт жасау.

23. Станоктық параллельді қысқыштар – жасау.

24. Периметрі 500 мм-ге дейін бақылау бұрыштықтар – бұрыштарды қатаң сақтай отырып дайындау.

25. Паздарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, радиустарды, сатылы бөлшектерді бір уақытта өлшеуге арналған шаблондар – шыңдағаннан кейін дайындау және жетілдіру.

26. Тіс кескінін тексеруге арналған шаблондар – контршаблондардың көмегімен аралау және жетілдіру.

27. Ию штампылары, орташа күрделіктегі сығымдағыш қалыптар мен айлабұйымдар – слесарлық өңдеу, сығымдағышты құрастыру және орнату.

28. Штрихмассалар мен тегіс калибрлер – жетілдіру.

§ 82. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Дәл және күрделі аспаптар мен айлабұйымдар (копирлер, кесетін және созатын штампылар, пуансондар, кондукторлар) жасау және жөндеу. Арнайы технологиялық жарақтарды пайдалана отырып күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдар жасау. әшекейлі кескінді бөлшектерді бетін айналы етіп 7-10 квалитеттер бойынша жетілдіру, ысқылау және жасау.

Білуге тиіс: негізгі геометриялық және тригонометриялық тәуелділіктер; түрлі үлгідегі жетілдіретін және аралайтын станоктардың құрылымы; жетілдіретін материалдардың құрамы, қызметі мен қасиеті, өңделетін бөлшектерді шыңдау және түзету сапасын айқындау тәсілдері; күрделі фигураларды белгілеу және сызу жолдары; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; металлдың термоөңдеу кезіндегі ішкі кернеулігі мен құрылымының өзгеруі; оларды болдырмау және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Нөмірлі аппараттар - литерлерді дәнекерлеуге арналған қысқыштар, рычагтар, серіппелер, қалыптар және дөңбекшелер жасау.

2. Өзі ашылатын ойықты қалпақтар – құрастыру.

3. Калибрлер – қапсырмалар, биіктік өлшегіштер және т.б. – ысқылау, жетілдіру.

4. Бақылау сыналары – қырып тегістеу.

5. Түрлі жазықтықтарда бөлшектерді бұрғылауға арналған кондукторлар – жасау және құрастыру.

6. Күрделі қалыптағы копирлер – шаблон бойынша өңдеу, құрастыру, реттеу, жөндеу, жетілдіру.

7. Құрастырмалы даяр үлгілер – жасау.

8. Ұзындықтары 6 м-ге дейінгі бақылау және жұмыс сызғыштары, барлық мөлшердегі тексеретін даяр үлгідегі рамкалар – тараптардың параллельдігін сақтай отырып тексеру және қырып тегістеу.

9. Бөлу құны 0,002 мм рычагты микрометрлер – микро-бу және сағат механизмін жөндеу, дәлдігін тексеру.

10. Сығу арқылы волноводтарды ұзарту қондырғыштары – құрастыру.

11. Мөлшері 1000х1500 мм-ден жоғары таңбалаушы, бақылау, тексеруші тақтайшалар – қырып тегістеу.

12. Күрделі сығымдағыш қалыптар – слесарлық өңдеу, құрастыру, жасау.

13. Бақылау призмалары – кесу және қырып тегістеу.

14. Бос бөлшектердің эксцентриктілігін өлшеу, қабырғаларының қалыңдығын және тереңдігін өлшеу аспаптары – жасау және пісіру.

15. Құрастырмалы әмбебап айлабұйымдар – құрастыру.

16. Күрделі конфигурациялы барлық мүмкін фасондардың кескіштері және оларға шаблондар – жасау және жетілдіру.

17. Сейфтер, жанбайтын шкафтар – кілтке арналған бір және екі бородкалы болванкаларды жасау және дәнекерлеу, отандық өндіріс құлыптарына ерекше күрделі кескінді цугольдалар жасау.

18. Периметрі 500 мм-ден асатын бақылау бұрыштықтар – бұрыштарын қатаң сақтай отырып жасау.

19. Иілетін, кесілетін, үзілетін қалыптар – шыңдағаннан кейін жетілдіру.

20. Штангенциркульдер, штангенрейсмустар – күрделі жөндеу.

21. Радиусының саны үшке дейін кескінді шаблондар – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.

§ 83. СЛЕСАРЬ-АСПАПШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өңдеуді талап ететін мөлшерлері өз арасында көп санмен байланысты шаблондарды, ірі күрделі және дәлме-дәл аспаптар мен айлабұйымдарды (арнайы және бөлетін қақпақтар, сығымдағыш қалыптар, штампылар, кондукторлар, пісіру құрылғылары, өлшеу айлабұйымдары және т.б.) 6-7 квалитеттер бойынша жасау, реттеу, жөндеу. 5 квалитет бойынша фигуралы келбетті және кедір-бұдырлық параметрі Rа 0,16-0,02 бөлшектерді жетілдіру, ысқылау және жасау. Айлабұйымдар мен штампыларды іске қосу жағдайында тексеру.

Білуге тиіс: күрделі арнайы және әмбебап аспаптар мен айлабұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері; күрделі аспаптар, бөлшектер мен тораптар жасау кезінде қажетті есептеулер мен геометриялық тізбектің барлық түрлері; дәлме-дәл бақылау аспабы мен қолданылатын материалдарды термоөңдеу тәсілдері; аспапты өлшеу көрсеткіштеріне температураның әсері.

Жұмыс үлгілері

1. Нөмірлік (ротациялық емес үлгідегі) аппараттар – ішкі және сыртқы корпустар жасау.

2. Кесетін, жылтырататын және қашайтын қалпақтар – ақауларды белгілеу, шыңдағанға дейін және кейін қиыстыру, құрастыру, сынау және жою.

3. Бұрандалы ойықты қалпақтар – баптау және құрастыру.

4. Тарақшалар мен храповиктер – жасау.

5. Оптикалық тіс өлшегіштер – жөндеу және сынау.

6. Нөмірленген дөңгелектер – слесарлық өңдеу.

7. Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі сыртқы және ішкі конустарды өлшеуге арналған конусты калибрлер – шыңдағаннан кейін толықтай жасау және жетілдіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет