Білуге тиіс: күрделі машиналардың, станоктардың, агрегаттар мен аппараттардың конструкциясы, жұмыс принципі; статикалық және динамикалық сынау тәсілдері; жасалатын машиналарды, аспаптар мен басқа да жабдықтарды баптау және реттеу тәсілдері; эксцентриктер мен өзге де қиғаш және тісті іліністерді есептеу принципі мен тексеру тәсілдері; күрделі фигураларды есептеу және түзу әдістері; жасалатын машинаға паспорттарды толтыру ережесі. Жұмыс үлгілері 1. Механикалық орталықтандыру аппараттары, автошлагбаумдардың механизмдері, жол қалағыштардың осьтік редукторлары – құрастыру және реттеу. 2. Бірегей (арнайы тапсырыс бойынша) нөмірленген аппараттар – құрастыру және реттеу. 3. Іштен жанатын қозғалтқыш цилиндрлерінің блоктары – осьтік желісін тексере отырып, поршеньді, мысқал және тарату біліктерін орнату. 4. Іштен жанатын машиналар мен қозғалтқыштардың иінді біліктері – қалау, ортасын дәлдеу және реттей отырып тексеру. 5. Ірі кемелерге арналған түрлі үлгідегі бу машиналардың иінді біліктері – шпонды жырашықты қиыстыру, 0,03 мм-ге дейінгі дәлдікпен мотыльді мойындарды калибрлеу. 6. Рольгангтердің трансмиссиялық біліктері – құрастыру. 7. Газтурбиналық құрылғылар – реттеу. 8. 147 кВт (2000 л.с.)–дан жоғары қуаттағы іштен жанатын қозғалтқыштар – құрастыру, реттеу, баптау. 9. ІІ және ІІІ қысымдық деңгейдегі екіжақты тұтас сыналы ысырмалар – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 10. Тәрелкелік серіппелі сильфонды қашықтықтан басқару клапандары – құрастыру, реттеу, сынау, тапсыру. 11. Домалақ емес тісті дөңгелектер – слесарлық өңдеу, төлкемен құрастыру, шыңдағаннан кейін түпкілікті өңдеу, орнату. 12. Бу машиналары параллельді бағаналар және іштен жанатын қозғалтқыштар – орнату, ортасын дәлдеу, тексеру және реттеу. 13. 400 кгс/см қысымда газ беретін компрессорлық автоматты станциялар – сынау стендіне орнату, (жылу, май аппаратурасын, іске қосу, клапандар, датчиктер мен т.б. жүйесі) монтаждау, жүйедегі ақауларды анықтау және оларды жою, барлық сипаттамасын есептеу, тапсырыс берушіге тапсыру. 14. Сегіз қырлы компрессорлар – жасау және құрастыру. 15. Коноидтер – айлабұйымға орнату, компараторда кесте бойынша әдіптің көлемін есептей отырып түпкілікті өңдеу. 16. Рульді сервомотордың кронштейндері – құрастыру. 18. 600 мм-ден жоғары пісірілетін білік диаметрімен ірі кеме біліктерінің желілері –стендіге орнату, тексеру, саңылауларды өрістету, болттарды қиыстыру, құрастыру, тапсыру. 19. Жұмыс, бағыттайтын, соплолық күректер – техникалық шарттар немесе сызбалар бойынша өтпелерін сақтай отырып, бекітетін жерлерін тығыздықпен қиыстыру. 20. 20 МН асатын күштегі көлденең соғатын машиналар – жалпы құрастыру. 21. Бу машиналары – түпкілікті құрастыру, сынау және тапсыру. 22. Рульді гидравликалық машиналар мен ауыспалы өнімділік сорғылары – құрастыру, монтаждау, сынау, тапсыру. 23. Бас кемелік механизмдер – пайдалануға тапсыру. 24. Ажырату муфталары – жанамалы бөлшектерді есептеу және реттеу. 25. Турбиналардың біріктіретін муфталары (ТВД, ТСД; ТНД) – іліністерін қиыстыру. 26. Турбина ернеушелері, бу қалқандар, диафрагмалар – турбина корпусына қиыстыру. 27. Бағдарламалық басқарылатын электровакуумды жабдықтар (құрылғылар) – құрастыру, реттеу, сынау. 28. Автоматты, сильфонды, қорғағыш кеме арматураларының тәжірибелік және экспериментальды басты үлгілері – тәжірибелік құрастыру, комиссияның қатысуымен сынау, конструкцияларды түпкілікті кейпіне жеткізу. 29. Диаметрі 200 мм-ден асатын төсемсіз жалғамалы кеме арматурасының тығыздағыш корпустары мен қақпақтарының беті – тығыздағыш бетін ысқылау және жетілдіру. 30. Бансирлі қосарланған жүйелі тірек кеме мойынтіректері – түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру. 31. 100 МН жоғары гидравликалық сығымдағыштар – құрастыру. 32. Дифференциальды іліністермен, тісті іліністерін есептейтін күрделі аспаптар – құрастыру, механикалық және электрлік реттеу, сынау және тапсыру. 33. Екі дәрежеден асатын планетарлы және глобоидті редукторлар – құрастыру. 34. Металл өңдеу прецизионды станоктар – құрастыру, дәлдігін түпкілікті тексеру, сынау және тапсыру. 35. Гидрокопирлейтін құрылғылы бірегей металл өңдейтін станоктар – құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. 36. Температуралы реттегіштердің есептегіштері, пісіру құрылғыларының үстелдері, пісіру құрылғыларының қалпақтары, вакуумды датчиктер, координатографтардың үстелдері, қатты тәсім өндірісіне арналған құрылғылардың тораптары – құрастыру және баптау. 37. Мартен цехтардың құятын және төгетін крандарының бас көтергіш траверстері – құрастыру. 38. Жанасатын ауа құбыржолдары, эллиптикалық келте құбырлар, жанасатын жетектер – бақылау және ірілендіріп құрастыру. 39. Бу турбиналары – білікке дискілерді отырғызу, роторларды (статикалық, динамикалық) орнату және теңдеу, түпкілікті құрастыру, сынау, тапсыру. 40. Бу турбиналары – күрек, корпус және ротор араларындағы саңылауларды, диафрагмалардың тығыздығын, тірек және сүйеу і мойынтіректеріндегі сальникті тығыздықтарды тексеру. 41. Редукторлы және басты тірек мойынтіректі турбиналар – стендіге және кемеге орнату кезінде ортасының дәлдігін тексеру. § 92. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Жай, магнитоэлектрлік, электромагниттік, оптикомеханикалық және жылуөлшеу аспаптары мен механизмдерін жөндеу, реттеу, сынау және тапсыру. Бөлшектерді 12-14 квалитеттер бойынша слесарлық өңдеу. Жай аспаптардағы ақаулықтардың себептерін анықтау және жою. Жалғамалардың жай тәсімдерін монтаждау. Сымнан жасалған серіппелерді суықтай күйде бұрау, бөлшектерге қорғау қабатын жағу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен орташа күрделіктегі аспаптарды жөндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |