Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Корпустар, қаңқалар, қаңқалардың қаптамасы, ауаны салқындату жүйесінің бұйымдарына арналған жиынтық күйіндегі тамшы айырғыш (пісіру және бекіту) - қорғаныш эматальдеу



бет15/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108

19. Корпустар, қаңқалар, қаңқалардың қаптамасы, ауаны салқындату жүйесінің бұйымдарына арналған жиынтық күйіндегі тамшы айырғыш (пісіру және бекіту) - қорғаныш эматальдеу.

20. Аспаптың айқастырмасы - калибрге арналған күміс.

21. Салалар, контактілер, штепсель көздер, контактілі қадалық – күміс жалату.

22. Орауыштар – қосымша анодпен қаптау.

23. Орауыштар, автомашиналардың торлары, желдеткіштердің бастары, мегафондардың рупорлары – іштен өңдей отырып никельдеу.

24. Нығыздауыш – қарапайым пішінді қалыптар – оқшаулай отырып және қарапайым қосымша анодпен хромдау.

25. Кинескоптарға арналған жарылғыштардан қорғау рамалары – никельдеу (қабат астарын), мырыштау және пассивтендіру.

26. Әртүрлі торлар (ұсақ құрылымдысынан басқасы) мен арнайы электронды сәулелі құбырларға арналған фиксаторлар - гальванопластикалық әдіспен жасау.

27. Күпшектер, тегершіктер мен олардың тұтқа саптары, металл кесуші станоктарды басқару пульттерінің панельдері – хромдау, жылтырату.

28. Диаметрі 200 мм дейінгі құбырлар – гальваникалық қаптау.

29. Құбырлар мен баллондар - никельдеу.

30. Фаралар мен прожекторлар – жарықтың шағылысын күшейту үшін гальваникалық күміспен жалату.

31. Сағаттың циферблаты - пассивтендіру.

32. Әртүрлі электр вакуум аспаптардың цокольдері, қадалықтары, өзектері, фланецтері - никельдеу.

33. Өзектердің зәкірлері мен реле локомотивтердің өзектері – гальваникалық қаптау.

§ 14. ГАЛЬВАНШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі және қималарының өткелдері көп күрделі бұйымдар мен бөлшектердің сыртқы және ішкі беттерін гальваникалық қаптау. Көп қабатты тозуға берік, қорғаныш-декоративті қабат, бағалы металдар мен және балқымалармен қаптау. Машина бөлшектерін, аспаптарды, матрицалар мен камераларды мөлшерлі хромдау және 6 - 8 квалитеттер бойынша никельдеу. Вакуумда катодты тозаңдандыру әдісі арқылы сирек металдардың электр вакуумдық аспаптарға арналған контактілі қабатын гальванопластикалық жасау. Гальванопластика және гальваностегия әдісімен күрделі алмас дәлме-дәл құралды жасау. Қысыммен қосымша жұмыс істеуді талап ететін қозғалтқыштардың бөлшектерін графиттеу. Аспаптарды іске қосудың электр схемаларын реттеу. Қатты тотықтандыру. Кейіннен форматтай отырып, кадмийлеу. Формалық резина техникалық бұйымдарға арналған металл арматураны жезбен біркелкі қаптау. Күрделі пішінді бөлшектер мен бұйымдарды қорғаныш және декоративті эматалильдеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті астаулардың, іске қосу және реттеуші аспаптардың құрылысы және оларға қызмет көрсету ережесі; әртүрлі гальваникалық қабаттардың түрлері, мақсаты және тәсілдері мен режимдері; гальваникалық қабаттардың әртүрлі түрлеріне арналған бастырмалардың, қалқандар мен қосымша электродтардың мақсаты және оларды монтаждау; электролиттер мен ерітінділерді түзету және жасау тәсілдері; астауды ток көзіне қосу схемасы; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу шарттары.

Жұмыс үлгілері

1. Біліктер – оқшаулай отырып мыспен қаптау және қапсырманың астын қаптау.

2. Цилиндр біліктер – бетін қалпына келтіру мақсатымен болатты өсіру.

3. Машиналардың ірі бөлшектері - түсті тотықтандыру.

4. Қол сағаттар механизмдерінің бөлшектері – алтын жалату, никельдеу, тотықтандыру, кадмийлеу.

5. Коррозиялы ортада және жоғары температурада жұмыс істейтін аспаптардың бөлшектері (пирометриялық аспаптар) – қара хромды өсіру.

6. Ұшақ және кеме бұйымдарының магний және алюминий балқымаларынан жасалған бөлшектері - әртүрлі түстерге декоративті тотықтандыру.

7. Шамшырақтардың болаттан жасалған бөлшектері – кейіннен әртүрлі түстерге тотықтандыра отырып мыстандыру.

8. Электр вакуум аспаптарының бөлшектері - декоративті хромдау, мөлшерлі қаптау.

9. Қашағыштар, бұранда фрезалар, нығыздауыштар – күрделі пішінді қалыптар – хромдау.

10. Нығыздауыш қалыптардың белгілері – дәлдеп хромдау.

11. Калибрлер, штихмасса, қапсырмалар, даяр үлгі – хромдау арқылы қалпына келтіру.

12. Қол сағаттардың корпусы – хромдау, алтын жалату.

13. Күрделі пішінді матрицалар мен сотандар - күрделі анодтарды қолдана отырып дәлдеп хромдау.

14. Авиақозғалтқыштардың поршеньдері – жұмыс бетін графиттеу.

15. Поршеньдер, реттығындар, аспап механизмдерінің штоктары – мөлшерлі хромдау.

16. Поршеньдер, тоңазытқыш компрессорларының бұлғақтары, штамптар, нығыздауын қалыптар - этамаль жағу - қалыңдығы 13 - 15 мк пленкалар.

17. Металл ыдыс – асыл металдармен және балқымалармен көп қабат етіп қаптау.

18. Аспаптық қалқандарға арналған фасонды тұтқасаптар, қабылдағыштарға арналған гравирленген шәкілдер – кейіннен түрлі түстерге адсорбциялық сырлау арқылы қорғаныш және декоративті эматальдеу.

19. Арнайы электронды-сәулелі құбырлардың нысаналарына арналған 100 мкм қадамдық шағын құрылымды торлар - гальванопластикалық әдіспен жасау.

20. Күрделі схемалар, эстамптар – техникалық және көркемдік сипаттағы екі түсті және көп түсті бейнелерді сала отырып, эмаль - пленкамен қорғаныш және декоративті қаптау.

21. Желдеткіштер мен ауабаптағыштарға арналған схемалар, кестелер - қорғаныш және декоративті қаптау.

22. Биметалл толқынжол құбырлар - гальваникалық қаптау.

23. Диаметрі 200 мм астам құбырлар – гальваникалық қаптау.

24. Терезенің белгілеуіштері, стакан тұғыры, қорғаныш торлардың негіздері, дәретхана сөрелері, тұтас металл вагондар мен лектросекция вагондарының жалюзилері – гальваникалық қаптау.

25. Сағаттың циферблаты – белгілерді алтын, күміс жалату, күңгірттендіру, никельдеу, тотықтандыру.

26. Аспаптарға арналған шәкілдер - гальванопластикалық әдіспен жасау(позитивтер мен негативтер).

§ 15. ГАЛЬВАНШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аралықтарының саны көп пішіні бойынша күрделі бөлшектер мен бұйымдарды гальваникалық қаптау. Реактивті және поршеньді ұшақтар мен олардың агрегаттарының бөлшектерін хроммен қаптаудың барлық түрі арқылы, оның ішінде кеуекті және дәлдік хроммен қалпына келтіру. Бөлшектерді 5 квалитет бойынша мөлшерлі хромдау және никельдеу. Қосымша анод орнатуды талап ететін бөлшектерді хромдау; хромдау барысында анодтар мен бөлшектердің кеңістікте орналасуының өзгеруі. Терең тотықтандыру. Гальванопластика және гальваностегия әдістері арқылы күрделі алмас дәлме-дәл құралдарды жасау. Түрлі-түсті кинескоптарға арналған биметалл пластиналар мен шағын құрылымды маскаларды жасау бойынша операциялар кешенін орындау. Гальваникалық балқымаларды өсіру бойынша жұмыстарды орындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау, реттеу және оны жөндеуге қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет