Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет11/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   108
§ 140. ШЕВИНГОЛАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бір типті тісқыру станоктарда 5-7 дәлдік дәреже бойынша және 5-тен жоғары модульмен 8 дәлдік дәрежесі бойынша әртүрлі диаметрлі тісстегершіктердің тік тістерін тісқыру. Жоғары білікті тісқырушының басшылығымен өңдеу режимдерін белгілеу. Әмбебап құрылғыларда өңделетін тістегершіктерді орнату және салыстыру. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқырғыш станоктарда 7 дәлдік дәреже бойынша тік және бұранда тістері бар күрделі тісті доңғалақтарды тісқыру.

Білуге тиіс: бір типті тісқыру станоктардың құрылғысын және баптау ережесін; тісқырғыштардың түрлерін, олардың міндетін және орнату ережесін; едәуір кең таралған құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының міндетін және қолдану ережесін; өңдеу сапасын және өңделген тістегершіктердің даярлығын айқындау тәсілін; тісқырумен өңдеуге арналған әдіптер; тістегершіктердің қадамы мен модулі туралы түсінік; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

§ 141. ШЕВИНГОЛАУШЫ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тісқыру станоктарында 5-7 дәлдік дәрежесі бойынша тістегершік тістері мен тісті доңғалақтарды тісқыру. Станокты баптау және өңдеу режимдерін белгілеу. Белгілі тістегершіктерді өңдеу үшін бапталған тісқыру станоктарында 6 дәлдік дәреже бойынша тік және бұранда тістері бар аса күрделі тісті доңғалақтарды тісқыру.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тісқыру станоктарының құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру дәрежесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының және аспаптарының құрылғысын; өңдеудің тиімді режимдерін айқындау ережесін; тісқырғыштардың қайрау бұрыштарын және қайраудың өңдеу сапасына әсерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


§ 142. ШЕВИНГОЛАУШЫ

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі әр түрлі және әр түрлі модульді тістегершік тістері мен тісті доңғалақтарды 6 дәлдік дәреже бойынша тісқыру. Құрылғылар мен жұмыс құралын өлшегіш аспаптар бойынша дәл салыстырумен орнату. Станокты баптау, тістердің модуліне, санына және ілініс бұрышына қарай станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеудің жүйелілігі мен тиімді режимін айқындау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті тісқыру станоктары мен әмбебап әрі арнайы құрылғыладың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; станок анықтамалығы мен паспорты бойынша өңдеу режимін айқындау ережесін; тісқырғыштардың геометриясын, қайрау ережесін және қайраудың өңдеу сапасына әсерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; тісті іліністердің түрлерін.

§ 143. АЖАРЛАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ажарлағыш шарықтастарды түзете отырып, технологиялық карта бойынша өңдеу және кесу режимінің жүйелілігін сақтай отырып, жазық ажарлағыш, дөңгелеп ажарлағыш және центрсіз ажарлағыш станоктарда 11 квалитет және Ra 5 - 1,25 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша дөңгелек пішінді жоғары сапалы маркалы болаттан жасалған қарапайым берік бөлшектердің сыртқы бетін ажарлау. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты және автоматты станоктарда 8-10 квалитет және Ra 1,25 - 0,63 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша бөлшектер мен дөңгелек пішінді жоғары сапалы болатты және жазықтықты ажарлау және жетілдіру. Станокта және құрылғыларда бөлшектерді орнату және салыстыру.

Білуге тиіс: бір типті ажарлағыш станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; ажарлағыш шарықтастардың түрлерін; ажарлағыш шарықтастарды түзеу тәсілдерін және өңделетін материалдар мен өңдеу тазалығына қарай оларды қолдану шарттарын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; салқындатқыш және майлағыш сұйықтықтың міндеті мен қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Бекіткіш автонормалдары – центрсіз ажарлау.

2. Диаметрі 40 мм дейін болттар – ажарлау.

3. Білікшелер, төлкелер – центрсіз ажарлау.

4. Ашалар – жұмыс бөлігін ажарлау.

5. Инелер – ажарлау.

6. Мойынтіректердің барлық түрінің сыртқы және ішкі сақиналары – шетжақтарды алдын ала ажарлау.

7. Барлық өлшемді поршенді сақиналар – алдын ала ажарлау.

8. Фрезерлі түзеткіштерге арналған бағыттаушы сақиналар – жазы ажарлау.

9. Патефон ленталары – жиектерді ажарлау.

10. Үстелде тұратын сағаттардың ангренажды, барабанды көпірлері – ажарлау.

11. Осьтер, түзеткіштер – центрсіз ажарлау.

12. Барлық түрлі және өлшемді мойынтіректердің роликтері – шетжақтарды алдын ала ажарлау.

13. Бағыттаушы бұрыштықтар – ажарлау.

14. Цилиндрлік штифттер – центрсіз ажарлау.

§ 144. АЖАРЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті ажарлағыш станоктарда 8-10 квалитет және Ra 1,25 0,63 кедір-бұдырлық параметрі бойынша дөңгелек пішінді жоғары сапалы болаттардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді ажарлау және жетілдіру. Станокты баптау. Қажетті жағдайда күрделі емес шаблондарды қолдана отырып, ажарлағыш шарықтастарды орнату және түзету. Белгілі бөлшектерді өңдеу үшін бапталған арнайыландырылған жартылай автоматты әрі автоматты станоктарда 7-8 квалитет және Ra 0,63 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша дөңгелек әрі жазық пішінді жоғары сапалы болаттан жасалған бөлшектерді ажарлау және жетілдіру. Екі жазықтықта индикатор бойынша салыстыра отырып, станоктарда бөлшектерді орнату.

Білуге тиіс: әр түрлі типті ажарлағыш станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; формасы мен қаттылығына қарай ажарлағыш шарықтастардың сипаттамасын; ажарлағыш шарықтастардың байламдығы мен түйіршіктілігін және оларды өңделетін материалдарға, өңдеу тәсіліне және талап ететін өңдеу тазалығына қарай қолдану шарттарын; ажарлағыш шарықтастардың қолданылатын айналу жылдамдығын; температураның бөлшек өлшеміне әсерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін.

Жұмыс үлгілері

1. Диаметрі 40 мм жоғары болттар – ажарлау.

2. Тістегершік білікшелері – центрсіз сыртқы ажарлау.

3. Автомобиль жетектері сорғыларының біліктері – ажарлау.

4. Ұзындығы 1500 мм дейін сатылы біліктер – мойнақтарды ажарлау.

5. Ашалар – толықтай ажарлау.

6. Ішпектер – түзеткіште сыртқы ажарлау.

7. Конустық төлкелер – конусты сыртқы ажарлау.

8. Автосамосвал гидромеханизмдерінің гильзалары – центрсіз ажарлау.

9. Асбест бөлшектері мен бұйымдары, техникалық – ажарлау.

10. Конустық үңгілеу – конус пен кесетін бөлікті ажарлау.

11. Жазық калибрлер – жетілдіру бойынша әдіппен ажарлау.

12. Мойынтіректердің ішкі роликті сақиналары – ролик жолын алдын ала ажарлау.

13. Мойынтіректердің барлық түрінің сыртқы және ішкі сақиналары – шетжақтарды толықтай ажарлау.

14. Сыртқы және ішкі сақиналардың барлық типі – сыртқы центрсіз ажарлау.

15. Радиальды және таяныш мойынтіректерінің сақиналары - Н и П дәлдік класы бойынша тесіктердің шетжақтарын, науалар мен сфераларды ажарлау.

16. Автомобиль сорғыларының корпустары – жазық ажарлау.

17. Құрылғылардың корпустары – кілтек бунақтарын ажарлау.

18. Айналмасоқпалардың корпустары, роликтері, конустары – ажарлау.

19. Сағатты және серіппелі ленталар – жиектерді ажарлау.

20. Бағыттағыш сызғыштар, сағалар, құбырпішінді престердің инелері, илем жабдықтарының түзеткіштері – ажарлау.

21. Табақтар (3-5 табақ бойынша дестелер) – жиектерді ажарлау.

22. Үлкен емес өлшемді матрицалар мен пуансондар – жазық және пішінді ажарлау.

23. Машиналы және қолды бұрандаойғыштар – мойнақтар мен жұмыс бөлігін ажарлау.

24. Ниппельдер, шинкалар – жазықтықты ажарлау, шинкаларды түзету.

25. Гильотинді қайшылардың пышақтары – жазық ажарлау.

26. Жинақталған кескіш құралдардың пышақтары (фрезалар, үңгілер, ұңғылар) – жазық қарама-қарсы кескіш жазықтықты ажарлау.

27. Жолақбульбалы және таврлы пішіннен жасалған шыңдау үлгілері – ажарлау.

28. Теңгеру аспаларының осьтері – ажарлау.

29. Ұзындығы 1500 мм дейін осьтер, түзеткіштер – сыртқы ажарлау.

30. Шатун саусақтары, роликтер – центрсіз ажарлау.

31. Қол және қалта сағаттардың платиналар мен көпірлері – жазық ажарлау.

32. Дөңгелек плашкалар – сыртқы және жазық ажарлау.

33. Бұрама домалату плашкалары - кескіш бетті ажарлау.

34. Қозғалтқыштың диаметрі 250 мм дейін поршеньдері – сыртқы ажарлау.

35. Барлық өлшемді цилиндрлік және конустық серіппелер - өздігінен баптай отырып, магнит плитасында кассеталарда екі шпиндельді және дөңгелек ажарлағыш станоктарда шетшақтарды ажарлау.

36. Цилиндрлік және конустық ұңғылар – соңғы бөлігін ажарлау.

37. Барлық типтегі және өлшемді мойынтіректердің роликтері – шетжақтарды толықтай ажарлау.

38. Жасанды былғарының орамалары – абразивтік (пемзамен) өңдеу және тазалау.

39. Диаметрі 3 мм жоғары бұрғылар – соңғы және жұмыс бөлігін ажарлау.

40. Жетекті конустық тістегершіктердің фланецтері – ажарлау.

41. Сүңгілер – ажарлау.

§ 145. АЖАРЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі үлкен әрі күрделі ажарлау станоктарында 7-8 квалитет бойынша күрделі бөлшектер мен құралдың, 7 дәлдік дәреже және Ra 0,63 - 0,16 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша тісті кескіш құралдың жазықтығын, цилиндрлік және конустық сыртқы әрі ішкі бетін ажарлау және жетілдіру. Ажарлағыш-бұдырлағыш станоктарда пішімбілік бөшкелерінің бетіндегі бұдырларды ажарлау және кесу.

Білуге тиіс: әр түрлі ажарлағыш станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; бөлшектерді өңдеу кезіндегі болуы мүмкін деформациялар; өңделетін бөлшекті өңдеу тазалығына қойылатын талаптар; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; теңгеру ажарлағыш шарықтастардың беріктігін тексеру тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Құбыр илемдеу станоктарының біліктері – аспалы қайрақтардың көмегімен және станокта шаблон бойынша ажарлау.

2. Таратқыш біліктер – жұдырықшаларды пішінді ажарлау.

3. Ұзындығы 1500 мм жоғары сатылы біліктер – мойнақтарды ажарлау.

4. Таяныш біліктері – мойнақтар мен таяныш тарақтарын ажарлау.

5. Айналмасоқпалар – конус пен мойнақты ажарлау.

6. Бұрандалар – ажарлау.

7. Ауыспалы төлкелер – конусты ішкі ажарлау.

8. Төлкелер – ажарлау.

9. Тіс сүргілеу тарақтары – пішінді ажарлау.

10. Ыстықтай және суықтай қалыптасқан асбесті техникалық бөлшектер мен бұйымдар – тоғын тізбектері мен агрегат станоктарында ажарлау.

11. Оптикалық шыны талшықтан жасалған бұйымдар – ажарлау.

12. Қатты қорытпамен жарақталған құралдар – жетілдіру.

13. Тегіс калибрлер – жетілдіруге арналған әдіппен ажарлау.

14. Суықтай илемделген орнақтардың, құбырлардың калибрлері, түзеткіштері – ажарлау.

15. Конустық тістегершіктерге арналған калибрлер – эталондар – жетілдіруге арналған әдіппен жұмсақ ысқыштарды ажарлау.

16. Станоктардың кареткалары, станиналары, кіші көпірлері, суппорттары – алдын ала ажарлау.

17. Роликті мойынтіректердің ішкі сақиналары – роликті жолды толықтай ажарлау.

18. Радиалды және таяныш мойынтіректердің сақиналары - В және А дәлдік класы бойынша тесіктердің шетжақтарын, науалар мен сфералардыажарлау және Н, А, П и В дәлдік класы бойынша сыртқы ажарлау.

19. Күрделі көп орынды құрылғылардың корпустары – толықтай ажарлау.

20. Арнайы жұдырықшалар мен тістегершіктер – жұқа қабырғалы шетжақтарды ажарлау.

21. Токарлық патрондардың жұдырықшалары – толық ажарлау.

22. Пресс-қалыптарға арналған матрицалар (бірнеше жұмыс тесіктері бар) – ажарлау.

23. Қысатын түзеткіштер – кесетін цангалардың конусын сыртқы ажарлау.

24. Құбыр илемдеу орнақтарының түзеткіштері – ажарлау.

25. Ұзындығы 1500 мм дейін осьтер, түзеткіштер – сыртқы ажарлау.

26. Жетектегі муфталардың саусақтары – ажарлау және жетілдіру.

27. "Лендис" плашкалары – жазықтықты, "айырқұйрықты" және тоған бөлігін ажарлау.

28. Бұрама домалатқыш плашкалар – құрылғыдағы бүйір жазықтықты ажарлау.

29. Акустикалық плиталар – ажарлау.

30. Іштен жану қозғалтқыштарының поршеньдері – сыртқы ажарлау.

31. Қозғалтқыштың диаметрі 250-ден 500 мм поршеньдері – сыртқы ажарлау.

32. Тексеру призмалары – ажарлау.

33. Тістегершіктерді теңгеруге арналған құрылғылар – ажарлау.

34. Цилиндрлік және конустық ұңғылар – жұмыс бөлігін ажарлау.

35. Тіс сүргілеу кескіштері – толық ажарлау.

36. Призматикалық фасонды кескіштер – шаблон бойынша кескіш бөлігін және "айырқұйрықты" ажарлау.

37. Күрделі пішінді тангенциалды кескіштер – ажарлау.

38. Диаметрі 3 мм дейін бұрғылар – жұмыс бөлігін ажарлау.

39. Вариатордың орташа дискісінің күпшектері – бетін ішкі ажарлау.

40. Қуыс фрезалар – тесікті ажарлау, желкелікөңдеу және дөңгелек ажарлау.

41. Бұрамалы, үшжақты жиналмалы бұрамдықтардың фрезалары және шетжақты үңгілер – ажарлау.

42. Шетжақты фрезалар, қатты қорытпа пластинкалары бар бұрғылар мен үңгілер – ажарлау.

43. Цилиндрлер, штоктар, пуансондардың күрделі беті – ажарлау.

44. Моторлардың шатундары – үлкен қалпақшадағы тесіктерді ажарлау.

45. Тістегершіктер – тіс пен шетжақ бойынша салыстыра отырып, тесікті ажарлау.

46. Кескіштерді орнатуға арналған эталондар - өлшем бойынша сыртқы және шетжақты ажарлау.

§ 146. АЖАРЛАУШЫ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы ажарлағыш станоктарда бірнеше жазықтықта құрамды бекітуді және дәл салыстыруды қажет ететін 6 дәлдік дәреже бойынша көп аралық пен қондырмалары бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды және 6 дәлдік дәреже бойынша тіс кескіш құралды ажарлау және жетілдіру. Сыртқы әрі ішкі фасонды бетті және өңдеуге әрі өлшеуге қиын жерлері бар қисық сызықпен қабысқан цилиндрлік бетті ажарлау және жетілдіру. Бірнеше люнеттерді қолдана отырып, ұзын біліктер мен бұрандаларды ажарлау. Сирек кездесетін жабдықтарда күрделі ірі габаритті бөлшектер мен тораптарды ажарлау. Электр корундты ажарлау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті ажарлағыш станоктар мен әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және дәлдікке тексеру ережесін; станоктарды баптаумен байланысты есептеулер; материалға,бұйым қалпына және ажарлағыш станоктардың маркасына қарай ажарлаудың тиімді режимін айқындау ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесу режимін айқындау ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Барабандар – бұраманы ажарлау және жетілдіру.

2. Кілет біліктері – ажарлау және жетілдіру.

3. Илем орнақтарының біліктері – сирек кездесетін жаншып ажарлағыш станоктарда жылтырату, ажарлау және жетілдіру.

4. Көп конусты біліктер мен тесіктер – ажарлау және жетілдіру.

5. Қуатты дизельдердің көп иінді біліктері – түпкі және шатун мойнақтарын, жанасқан бурттар, галтельдер, фланецтер.

6. Қуаттылығы күшті бу және су турбиналардың біліктері – жетілдіре отырып, ажарлау.

7. Тірек тәждер – тірек тәждерінің торабына кіретін барлық бөлшектерді, тіректерді, бұрылатын бөлшектерді, тіреулер мен фиксатор цапфтарын толықтай ажарлау.

8. Нақты аспаптарға арналған микрометриялық бұрандалар – бұрама ажарлаудан кейін жетілдіру.

9. Гидро бұйымдардың реттығындары – корпустар мен гильзаларды ажарлау мен жетілдіру.

10. Көп кіретін трапецеидалды бұрамасы бар калибрлер мен тығындар – жетілдіре отырып ажарлау.

11. Станоктардың кареткалары, станиналары, кіші көпірлері, суппорттары – пішінді ажарлау.

12. Машиналардың крейцкопфтары – ажарлау.

13. Бу турбиналардың қалақтары – шаблондары бар қалыптар бойынша пішінді ажарлау және сыртқы әрі ішкі жылтырату.

14. Радиус бойынша орналасқан ойыстары, конустары мен лекалолары бар күрделі матрицалар – ажарлау.

15. Сырғақтар – ажарлау.

16. Айналмалы ірі габаритты станоктың көлденеңдіктері – планкалар бойынша алдыңғы бағыттағыштардың жазықтығын ажарлау.

17. Қозғалтқыштың диаметрі 500 мм жоғары поршеньдері – жетілдіре отырып ажарлау.

18. Көп орынды пресс-қалыптар – ажарлау.

19. Диаметрі 125 мм дейін, ұзындығы 1200 мм дейін тартқыштар – толықтай ажарлау.

20. Металл өңдейтін станоктардың 3000 мм дейін станиналары – бағыттағыш жазықтықты ажарлау.

21. Айналмалы ірі габаритті станоктың стопкалары – бағыттағыш жазықтықты ажарлау.

22. Қисық сызықты пішінді оймакілтекті бұрамдық фрезалар – тістерді пішінді ажарлау.

23. Соғушы және штампылаушы бу балғаларының цилиндрлері мен компрессорлардың цилиндрі – жетілдіре отырып ажарлау.

24. Бу турбиналары қалақтары шетінің эталоны – соңғы бөлігін және көлбеулерді ажарлау.
§ 147. АЖАРЛАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конфигурациялы көп ажарлайтын сыртқы және ішкі қабысқан беті, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар, оптикалық аспаптарды қолдана отырып, бірнеше ауыстыруды және дәл салыстыруды қажет ететін күрделі эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралдарды 1 - 5 квалитет бойынша және тіс кескіш құралды 4-5 дәлдік дәреже бойынша көшіргішсіз және көшіргіш бойынша ажарлау және жетілдіру. Қажетті есептеулерді орындай отырып, станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті және конструкциялы ажарлағыш станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; бекіткіштерді орнату және күрделі бөлшектер мен құралдарды салыстыру тәсілдерін және өңдеудің жүйелілігін айқындау тәсілін; күрделі пішіндерді өңдеу үшін ажарлағыш шарықтастарды түзету ережесін және тәсілдерін; өңделетін материалдардың физикалық-химиялық қасиетін; бөлшектерді орнату және өңдеу кезінде деформациялану себептерін; кедір-бұдырлықтың қажетті квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Ф класты тіс кескіш қашағыштар, А және Б класты тісқырғыштар – тісті пішінді ажарлау.

2. Тістегершіктерге арналған өлшегіш тісті доңғалақтар – тісті пішінді ажарлау.

3. Пішінді ажарлауға арналған домалатқыштар – пішінді ажарлау.

4. Диаметрі 125 мм жоғары, ұзындығы 1200 мм жоғары тартқыштар – конустың сыртқы алдыңғы бетін және калибрлеуші тістерді толықтай ажарлау.

5. Бұрандалы тісі бар фасонды, қисық сызықты, көп қырлы, радиусты тартқыштар – пішінді ажарлау.

6. Эвольвентті, өткір оймакілтекті және тура оймакілтекті тартқыштар – пішінді ажарлау.

7. Күрделі көп ауыспалы пішінді және күрделі қабысқан қатты қорытпалардан жасалған пластиналары бар жазық немесе дөңгелек кескіш – алмас шайбасымен ажарлау.

8. Пішінді, күрделі қиықпен сызылған фасонды кескіштер – дайындау.

9. Күрделі қисық лекалолы матрицалардың, пуансондардың, эксцентриктердің сегменттері – оптикалы-ажарлағыш станоктарда ажарлау.

10. Метал өңдейтін станоктардың ұзындығы 3000 мм жоғары станиналары - бағыттағыштарды жазық ажарлау.

11. Қисық сызықты пішінді прецизиялы және оймакілтекті бұрамдық фрезалар – пішінді ажарлау.

12. Көп кіретін бұрамдықтар – ажарлау.

13. Ірі және күрделі станоктардың шпиндельдері – мойнақтар мен тесіктерді сыртқы ажарлау.


§ 148. ЭЛЕКТРМЕН ҚАЙРАУШЫ

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кескіш құралды электрмен қайраушы станокта қайрау және жетілдіру. Жұмыс режимін таңдай және ұстану ережесі. Технологиялық жағдайларға сәйкес жұмыс сұйықтығын құрастыру. Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану. Станокты баптау.

Білуге тиіс: бір типті электрмен қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін; электрмен қайраудың берілген режимін ұстау және кескіш құралды жетілдіру тәсілдерін; қайралатын құралды орнату және салыстыру тәсілдерін; жұмыс сұйықтығының құрамын және міндетін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін; шақтамалар мен қондырмалар жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

Қайрау және жетілдіру:

1. Қатты қорытпалардан жасалған пластинкалары бар сүргілеу кескіштері

2. Қатты қорытпалардан жасалған пластикалары бар токарлық кескіштер.

§ 149. ЭЛЕКТРМЕН ҚАЙРАУШЫ

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы кескіш құралды электрмен қайрау станоктарында қайрау және жетілдіру. Станокты берілген электр режимге теңшеу. Пайдалану процесінде жұмыс сұйықтығының жарамдығын (жұмыс істеген) дәрежесін айқындау. Күрделі құралды орнату және салыстыру.бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптар мен құрылғыларды пайдалану. Ақаулықтардың сипаты мен туындау себептерін айқындау. Станоктарды баптау.

Білуге тиіс: әр түрлі типті электрмен қайрау станоктарының құрылғысын және баптау ережесін; жұмыстардың қажетті режимін таңдау принциптерін және ұстау тәсілдерін; жұмыс режимінің және әр түрлі материалдарды өңдеу дәрежесінің қайралатын құралдардың сапасына әсерін; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін; қайралатын құралды орнату және салыстыру тәсілдерін; электрмен қайраудың дәлдігі мен тазалығына қойылатын техникалық талаптарды; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; қайралатын құралды орнату және салыстыру үшін қажетті аспаптардың құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

Жұмыс үлгілері

Қайрау және жетілдіру:

1. Саптаманың үңгілері.

2. Қатты қорытпалардан жасалған пластинкалары бар бұрғылар.

3. Салынбалы пышақтары бар фрезалар.

§ 150. ЭЛЕКТРМЕН ҚАЙРАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құралды электрмен қайрау станоктарында қайрау және жетілдіру. Берілген электр режимге станоктарды теңшеу. Қайралатын құралдың типіне қарай станоктың жұмыс режимін айқындау. Арнайы бақылау-өлшеу құралдарын және қайраудың дұрыстығын айқындау және процесс барысын қадағалау үшін станокқа орнатылған аспаптарды пайдалану. Пайда болған ақаулықтардың себептерін белгілеу және күрделі емес бұзылуларды жкесу.

Білуге тиіс: электрмен қайрау станоктарының кинематикалық және электрлік тәсімін; құралды электрмен қайрау және жетілдіру тәсілдерін; жұмыстың қажетті режимін таңдау ережесі мен принциптерін; өңделетін материалдардың қасиеттерін; арнайы құрылғылардың конструктивтік құрылғысын және күрделі әрі фасонды құралды салыстыру мен қайрау үшін оларды пайдалану ережесін; электрмен қайраудың дәлдігі мен тазалығына қойылатын талаптарды; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен пармаметрлерін.

Жұмыс үлгілері

Қайрау және жетілдіру:

1. Жылдам фрезерлеуге арналған қалпақшалар.

2. Ауыспалы кесу бұрыштары бар кескіштер.

3. Арнайы бұрамалы кескіштер.

4. Фасонды кескіштер.

5. Бұрамдық және саусақты фрезалар.

§ 151. Электр химиялық өңдеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бапталған электр химиялық станоктарда Ra 20- 5 кедір-бұдырлық параметрі бойынша тесіктер мен фасонды бетті электр химиялық өңдеу. Бапталған дискілі және ленталы анодты-механикалық станоктарда дайындамаларды кесу. Дайын рецептура бойынша электролитті дайындау. Центрифугаларды тазалау.

Білуге тиіс: бір типті электр химиялық станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін; едәуір кең таралған әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін; қолданылатын электродтардың материалдарының маркасын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

§ 152. Электр химиялық өңдеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес әмбебап әрі арнайы жарақтарды қолдана отырып, технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқауы бойынша өткелдер мен өңдеу режимдердің жүйелілігін белгілей отырып, электр химиялық станоктарда Ra 5- 2,5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша бетті, жазықтық пен тесіктерді электр химиялық өңдеу. Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, бөлшектер мен бұйымдарды бір өлшемде өңдеу. Шебердің қадағалауымен станоктың механикалық және электрлік бөлігінде ұсақ ақаулықтарды жкесу. Өңдеу режимін өздігінен таңдай отырып, дайындамаларды дискілі және ленталы анодты-механикалық араларда кесу.

Білуге тиіс: бір типті электр химиялық станоктардың құрылғысын; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндеті мен қолдану ережесін; электр химиялық өңдеудің процесін; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.


§ 153. Электр химиялық өңдеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бөлшектерді орната және салыстыра отырып, бір типті электр химиялық станоктарда Ra 2,5 - 1,25 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бетті, жазықтықты және тесіктерді электр химиялық өңдеу. Фасонды жазықтардың, тесіктердің формасын жасау операцияларын орындау. Электродтарды электр химиялық әдіспен пішіндеу. Технологиялық немесе нұсқаулық карта және станоктың паспорты бойынша бір типті электр химиялық станоктарды өздігінен баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; электр химиялық станоктардыңәр түрлі электр жүйесінің қызмет принциптерін; оқшаулау жамылғыларды; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; өңделетін бөлшектерді орнату және салыстыру ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

§ 154. Электр химиялық өңдеуші

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті электр химиялық станоктарда Ra 1,25 0,63 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша күрделі бөлшектердің беті мен тесіктерін электр химиялық өңдеу. Техникалық шарттарға сәйкес бөлшектерді жетілдіру. Электр химиялық станоктарда ажарлау және жылтырату. Өңделетін бөлшектерді оптикалық аспаптардың көмегімен тексеру. Механикалық және электрлік бөлігіндегі ақаулықтарды жоя отырып, әр түрлі типті және қуатты электр химиялық станоктарды баптау. Күрделі бөлшектердіөңдеу және станоктардың жұмыс режимінің жүйелілігін белгілеу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру тәсілін: режимдерді таңдау және орнату принциптерін; режимдердің параметрлері, өнімділік, дәлдік және өңдеу тазалығы арасындағы байланысты; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; қатты және ыстыққа төзімді қорытпаларды, жартылай өткізгіш материалдарды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін; электр тәсімін тексеру әдістерін; қоректену көздерінің қызмет принциптерін; өңделетін материалдың өңдеу түрі мен маркасына қарай сұйықтықтарды таңдау ережесін.

§ 155. Электр химиялық өңдеуші

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы электр химиялық станоктарда Ra 0,63 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша күрделі бөлшектерді электр химиялық өңдеу. Станоктың тиімді жұмыс режимін белгілей отырып, күрделі бөлшектерді өңдеудің технологиялық процесін әзірлеуге қатысу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; станоктардың тиімді режимдерін таңдау және белгілеу принциптерін; режимнің параметрлері, өнімділік, дәлдік және таза өңдеу арасындағы байланысты.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

§ 156. ЭЛЕКТРОЭРОЗИОНИСТ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бапталған станоктарда әр түрлі конфигурациялы тесіктерді электр ұшқынды және электр импульсті өңдеу, 12 - 14 квалитеттер немесе Ra 20 - 5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша қарапайым таңдамаларды, ойымалар мен бунақтарды алу. Фланецтерді ойып кесу, пісіруден фаскалар пайда болған құбырларды кесу, артықтарды кесіп тастау. Бапталған станоктарда – автоматтар мен жартылай автоматтарда сыртқы және ішкі цилиндрлік бетті ажарлау. Бөлшектерден сынған құралдарды алып тастау. Электр ұшқынды бекіндіргіштерге арналған қондырғылардағы және дірілдердегі кескіш құралды бекіндіру.

Білуге тиіс: бір типті электр ұшқынды және электр импульсті станоктар мен дірілдердің құрылғысын және жұмыс істеу принципін; едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын; бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын; орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканың негіздерін; қолданылатын электродтардың материалдарының маркаларын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалиететтері мен параметрлерін.

§ 157. ЭЛЕКТРОЭРОЗИОНИСТ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бұйымдарды орнату және салыстыру үшін күрделі емес әмбебап әрі арнайы жарақтарды қолдана отырып, электр эрозионды және электр импульсті станоктарда 8 - 11 квалитет немесе Ra 5 - 2,5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша фасонды бетті, жазықтықты, тесіктер мен ойықтарды электр ұшқынды және электр импульсті өңдеу. Технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқауы бойынша өңдеу жүйелілігі мен режимін белгілеу. Тесіктер арасында 0,1 мм жоғары тұйықтағыш бар тұтастай металды електер мен торлар жасау. 8-10 квалитет бойынша бөлшектерді қажетті салыстырумен көшіргіш бойынша бұйымдарды ойып кесу. Күрделі конфигурациялы бөлшектердің фасонды және қисық сызықты жазықтықтарын алдын ала өңдеу. 8-11 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді, сондай-ақ өтулердің қарапайым формасы бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау.

Білуге тиіс: бір типті электр ұшқынды және электр импульсті станоктар мен қондырғылардың құрылғысын; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін; орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканың негіздерін және электр ұшқынды өңдеудің теориясын; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
§ 158. ЭЛЕКТРОЭРОЗИОНИСТ

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бөлшектер мен электрод-құралды салыстыра және орната отырып, 7 - 10 квалитет немесе Ra 2,5 - 1,25 кедір-бұдырлық параметрі бойынша дәл және күрделі фасонды құралдың, күрделі штампылардың, турбина қалақтарының бетін, жазықтығын, тесіктері мен ойықтарын электр ұшқынды, электр импульсті әуелі-плазамалы өңдеу. Қатты немесе шыңдалған қорытпалардан жасалған бөлшектерде электр ұшқынды ойма жұмыстарын орындау. Берілген координат бойынша үздіксіз қозғалып отыратын электродпен күрделі фасонды бөлшектерді ойып кесу. Тесіктер арасында 0,1 мм жоғары тұйықтағыш бар тұтастай металды електер мен торлар жасау, тар саңылаулар кесу, арнайы қорытпалар мен болаттарда терең тұйық тесіктерді өңдеу. 7-10 квалитет бойынша бөлшектерді электр эрозионды ажарлау. Технологиялық немесе нұсқаулық карта және станоктың паспорты бойынша бір типті станоктарды әр түрлі өңдеу режиміне өздігінен баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; электр ұшқынды өңдеу кезінде әр түрлі электр жүйелерінің қызмет принципін; өңдеу түріне қарай әр түріл жұмыс ортасын қолдану ережесін; күрделі фасонды құралды орнату және салыстыру үшін әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын; әмбебап және арнайы жарақтарды пайдалана отырып, бөлшектер мен құралдарды орнату және салыстыру ережесін; электрод-құралдың өлшемін есептеу әдісін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

§ 159. ЭЛЕКТРОЭРОЗИОНИСТ

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 6 - 7 квалитет немесе Ra 1,25 - 0,63 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бірнеше жазықтықта салыстыра отырып, ауыстыруды және құрамды бекітуді қажет ететін сирек кездесетін пресс-қалыптардың, штампылар мен кокильдердің әр түрлі конфигурациялы әдеттен тыс орналасқан және сатылы тесіктері мен ойықтарын, сыртқы әрі ішкі қисық сызықты бетті электр ұшқынды, электр импульсті өңдеу. Қатты қорытпалардан және сынғақ материалдардан жасалған бөлшектерде тесіктерді, сондай-ақ 0,05 мм жоғары дәлдікпен әр түрлі өту формалары бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін әр түрлі станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін баптау және дәлдікке тексеру тәсілін; күрделі және сирек кездесетін бөлшектерді орнату, бекіту және салыстыру тәсілін; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін; электр тәсімдерін тексеру әдістерін; қоректену көздерінің қызмет принципін; өңдеу түріне және өңделетін материалдардың маркаларына қарай әр түрлі жұмыс ортасын таңдау ережесін.


§ 160. ЭЛЕКТРОЭРОЗИОНИСТ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 1- 5 квалитет немесе Ra 0,63 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бірнеше жазықтықта салыстыра отырып, ауыстыруды және құрамды бекітуді қажет ететін сирек кездесетін пресс-қалыптардың, штампылар мен кокильдердің әр түрлі конфигурациялы әдеттен тыс орналасқан және сатылы тесіктері мен ойықтарын, сыртқы әрі ішкі қисық сызықты бетті электр ұшқынды, электр импульсті өңдеу. 0,05 мм дейін дәлдікпен әр түрлі өту формалары бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау. Ыстыққа төзімді және қатты қорытпалы материалдардан жасалған бұйымдарды өңдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың, аппараттар мен қондырғылардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру тәсілдерін; режимдерді таңдау және белгілеу принциптерін, олардың маңызын, режим параметрлері, өнімділік, дәлдік және таза өңдеу арасындағы байланысты; қатты және ыстыққа төзімді қорытпаларды, жартылай өткізгіш материалдарды өңдеудің ерекшелігін, оларды өңдеудің тиімді режимін айқындау; диэлектрлік сұйықтықты ауыстыру мүмкіндігін.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

2002 ж. шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдер бойынша атаулары көрсетілген, осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауының тізбесі




Р/с



Осы бөлімге орналастырылған жұмысшылар кәсіптерінің атауы

Раз-ряд-тар диа-пазоны

2002 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған шығарылымдары мен бөлімдері бойынша атаулар

Раз-рядтар диа-пазо-ны

БТ

БА шы-ғарылым-






Бөлімнің қысқартылған атауы

1.

Жетілдіруші-ысқылаушы

2-6

Жетілдіруші-ысқылаушы

2-6

2

Механикалық өңдеу

2.

Қашаушы

2-4

Қашаушы

2-4

2

-"-

3.

Қайраушы

2-5

Қайраушы

2-5

2

-"-

4.

Тіс кесуші

2-6

Тіс кесуші

2-6

2

-"-

5.

Тіс ажарлаушы

2-6

Тіс ажарлаушы

2-6

2

-"-

6.

Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

2-7

Станок және слесарлық жұмыстарды бақылаушы

2-7

2

-"-

7.

Ысқылау дөңгелектерін айналдырушы

2-3

Ысқылау дөңгелектерін айналдырушы

2-3

2

-"-

8.

Автоматты желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы

4-8

Автоматты желілер мен агрегаттық станоктарды баптаушы

4-8

2

-"-

9.

Автоматтар мен жартылау автоматтарды баптаушы

4-6

Автоматтар мен жартылау автоматтарды баптаушы

4-6

2

-"-

10.

Тіс кескіш және тіс жонғылағыш станоктарды баптаушы

4-6

Тіс кескіш және тіс жонғылағыш станоктарды баптаушы

4-6

2

-"-

11.

Сұрыптау автоматтарын баптаушы

4-5

Сұрыптау автоматтарын баптаушы

4-5

2

-"-

12.

Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы

4-8

Бағдарламалық басқарылатын станоктар мен манипуляторларды баптаушы

4-8

2

-"-

13.

Ажарлау станоктарын баптаушы

4-6

Ажарлау станоктарын баптаушы

4-6

2

-"-

14.

Егеулерді, түрпілерді және араларды кертуші

1-4

Егеулерді, түрпілерді және араларды кертуші

1-4

2

-"-

15.

Мойынтіректерді домалатушы

2-3

Мойынтіректерді домалатушы

2-3

2

-"-

16.

Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы

2-4

Станоктар мен қондырғылардың автоматты және жартылай автоматты желілерінің операторы

2-4

2

-"-

17.

Металл кесетін автомат-станоктардың операторы

2-4

Автоматшы

2-4

2

-"-

18.

Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы

2-5

Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы

2-5

2

-"-

19.

Ультрадыбысты қондырғылардың операторы

2-6

Ультрадыбысты қондырғылардың операторы

2-6

2

-"-

20.

Жылтыратушы

2-5

Жылтыратушы

2-5

2

-"-

21.

Тартушы

2-4

Тартушы

2-4

2

-"-

22.

Арнайы станоктардағы бұрама кесуші

2-4

Арнайы станоктардағы бұрама кесуші

2-4

2

-"-

23.

Бұрама фрезерлеуші

2-4

Бұрама фрезерлеуші

2-4

2

-"-

24.

Бұрама ажарлаушы

2-6

Бұрама ажарлаушы

2-6

2

-"-

25.

Бұрғылаушы

2-5

Бұрғылаушы

2-5

2

-"-

26.

Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы

2-4

Мойынтірек бөлшектерін сұрыптаушы

2-4

2

-"-

27.

Кең бейінді станокшы

2-6

Кең бейінді станокшы

2-6

2

-"-

28.

Сүргілеуші

2-6

Сүргілеуші

2-6

2

-"-

29.

Токарь

2-6

Токарь

2-6

2

-"-

30.

Желкелікөңдеуші токарь

2-5

Желкелікөңдеуші токарь

2-5

2

-"-

31.

Айналдырушы токарь

2-6

Айналдырушы токарь

2-6

2

-"-

32.

Жартылай автоматшы токарь

2-5

Жартылай автоматшы токарь

2-5

2

-"-

33.

Жонушы токарь

2-6

Жонушы токарь

2-6

2

-"-

34.

Токарь-револьверші

2-4

Токарь-револьверші

2-4

2

-"-

35.

Фрезерлеуші

2-6

Фрезерлеуші

2-6

2

-"-

36.

Шевинговальші

2-5

Шевинговальші

2-5

2

-"-

37.

Ажарлаушы

2-6

Ажарлаушы

2-6

2

-"-

38.

Электрмен қайраушы

2-4

Электрмен қайраушы

2-4

2

-"-

39.

Электр химиялық өңдеуші

2-6

Электр химиялық өңдеуші

2-6

2

-"-

40.

Электроэрозионист

2-6

Электроэрозионист

2-6

2

-"-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет