Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет59/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   108

§ 64. ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ыстыққа төзімді балқымалар мен тоттанбайтын болатты баяу балқитын және беріктігі жоғары дәнекерлермен жіктері 20 кг/кв. мм астам керілген кезде,қалпына келтіруші атмосфералы электр пештерінде қыздырған кезде және нақты реттелетін температурамен берік болатындай дәнекерлеу. Алмас сегменттерді және қайрақтарды ТВЧ құрылғысында дөңгелектер мен штрипстердің корпусына дәнекерлеу. Бөлшектерді жоғары жиілікті тоқпен, электр доғамен және газ шілтерде қыздыру кезінде пеште дәнекерлеу. Тұзды астауда дәнекерлеу. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін аппараттардың күрделі жіктерін дәнекерлеу. Құбырлардың қолжетімділігі қиын жерлерін дәнекерлеу. Феррит бұйымдары ультрадыбыстық құрылғыларда дәнекерлеу. Кварц шамды, электронды-сәулелік және лазерлік құрылғыларда энергияның байытылған көздерімен дәнекерлеу. Балқытылған дәнекерге батыру арқылы және дәнекер толқынымен дәнекерлеу.

Білуге тиіс: әртүрлі әдістермен қатты дәнекерлермен электр пештерде және тұзды астауларда дәнекерлеу процессі; дәнекерлеу кезінде қолданылатын әртүрлі жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың құрылысы; дәнекерлерді дайындау тәртібі және қолдану ережесі; дәнекердің керу мен кесуге беріктігін анықтау ережесі; пленканың тотығын алып тастау тәсілдері; бөлшектер мен бұйымдарды дәнекерлеудің техникалық шарттары және жиектерінің қосылыстары арасындағы саңылаудың көлемі.

Жұмыс үлгілері

1. Сутегімен салқындатылатын ірі машиналар мен турбо- және гидрогенераторлардың ауа және газ салқындатқыштары – құбырларды салқындатумен дәнекерлеу.

2. Алтын сағат корпустарының бөлшектері – дәнекерлеуге дайындау.

3. Алюминийден жасалған радиоаппаратураның корпустық бөлшектері – тұзды астауларда дәнекерлеу.

4. Көп кіретін иректемелер - дәнекерлеу.

5. Буындар, құбырдың, альттің, тенор мен баритонның және т.б. келтеқұбырлары – баяу балқитын дәнекермен дәнекерлеу.

6. Кеспелі сегментті алмас дөңгелектер – сегменттерді дәнекерлеу.

7а Автомобильдердің кузовтары - әртүрлі дәнекерлермен және синтетикалық ұнтақпен балқыту.

8. Ротор турбиналардағы және турбиналардың жұмыс дөңгелектеріндегі күректер - дәнекерлеу.

9. Схемасы күрделі өлшеу аспаптары – қолжетімділігі қиын жерлерін дәнекерлеу.

10. Сумен салқындатылатын радиаторлар - дәнекерлеу.

11. Құбырлар – пеште дәнекерлеу.

12. Алмас штрипстер - қайрақтарды дәнекерлеу.

§ 65. ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алтын сағаттың корпусының бөлшектерін құндақ пештерде, сутегінің қорғаныш атмосферасында дәнекерлеу және қалпына келтіру. Құлақшаларды сутегі шілтермен сағат корпусының алмас кесіктердің өңдеуінен өткен жиектері мен сақиналарына дәнекерлеу. Қышқылмен және сілтімен өңдеу, флюстерді, ағарту және сілтілік ерітінділерді, мөлшерленген дәнекерді дайындау. Дәнекерлеу құрылғыларын түзету және жасау. дәнекерлеу шеберханасы мен сутегі станциясының жабдықтарын бақылау.

Білуге тиіс: термореттеу аспаптары мен қыздыру пештерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты; алтын балқымалар мен палладийді, дәнекерлер мен флюстерді балқыту температурасы; бағалы металдар мен паладий балқымасының, сутегі, флюстер, дәнекерлер, ағартқыш, сілті ерітінділер мен жарықтандырғыш газдың қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

Дәнекерлеу:

1. Алтын сағаттың корпусы.

2. Ордендер.

§ 66. ВИНИПЛАСТ БОЙЫНША ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Винипласт қаңылтырларын таңбалау бойынша жазу. Бетті қышқылға төзімді қабатты қаптау үшін дайындау. Полимерлеу камераларына қызмет көрсету және біліктілігі анағұрлым жоғары винипласт бойынша дәнекерлеушінің басшылығымен бөлшектерді құрастыру.

Білуге тиіс: ию станогының құрылысы және онда жұмыс істеудің қағидаттары; қызмет көрсетілетін учаскедегі полимерлеу камерасының құрылысы; бетті қышқылға төзімді қабатты қаптау үшін дайындау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Винипласт бөлшектер – белгіленуі бойынша кесу.

2. Кружкалар - жасау.

§ 67. ВИНИПЛАСТ БОЙЫНША ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Винипласттан қарапайым бөлшектер мен бұйымдарды жасау. Беті конус тәрізді және қисық сызықты бөлшектер мен бұйымдарға арналған сызбалар бойынша винипласт қаңылтырларды ашу. Винипласт қаңылтырларды ашу үшін белгілеу. Ию станогында шаблон бойынша ию. Қарапайым бұйымдарды фаолиттен (құбырлардан, пластиналардан) жасау. Нығыздауыш ұнтақты мөлшерлеу, нығыздауыш қалыптарды толтыру және полимерлеу. Винипласт қаңылтырлар мен бұйымдарды пісіру. Антикоррозиялық жақпаларды белгіленген рецептура бойынша дайындау.

Білуге тиіс: пісіру шілтерлері, термостаттар, нығыздауыштар, полимерлеу камераларының құрылысы; полимерлеу процессі; пісіру және нығыздау ережесі; геометриялық фигуралар құрылымының негізгі ережелері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Бидондар - жасау.

2. Астаулар, қаптамалар - жасау.

3. Беті тікбұрышты бөлшектер мен бұйымдар – жұмыс үстелінде пісіру.

4. Жиектері – бөлшектеу, қиыстыру және пісіру үшін дайындау.

5. Қаптауға арналған қаңылтырлар – ішкі тік бұрышты беті бойынша қиыстырып келтіру.

6. Тік қаңылтырлар - алдын ала қыздыра отырып, гильотинада кесу.

§ 68. ВИНИПЛАСТ БОЙЫНША ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Винипласттан күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды жасау, жөндеу, дәнекерлеу және пісіру. Винипласт қаңылтырларды ашуға арналған шаблон жасау. Нығыздау. Кесте бойынша полимерлеудің ұзақтығын айқындау. Винипласттың бетін фольгамен және пластикпен қаптау. Винипластты қолмен пластикатпен және станокта пісіру. Винипласт құбырларды пісіру және оларды қысыммен сынау.

Білуге тиіс: төмендетуші трансформатордың, ауаны қыздыруға арналған шілтердің және винипластты өңдеуге және пісіруге арналған басқа да аспаптар мен станоктардың құрылысы; пісіру режимі мен тәсілдері; винипластан жасалатын бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар; поливинилхлоридтер мен фенопласттардың физикалық және химиялық қасиеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет